Бектибаева шахризат

Саламатсыздар ма, құрметті диссертациялық кеңес төрағасы,

кеңес мүшелері!

(Слайд 1) -Назарларыңызға «ЕМХАНА ДЕҢГЕЙІНДЕ ЭНДОКРИНОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРЫ БАР НАУҚАСТАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУДЕГІ МЕЙІРБИКЕНІҢ РӨЛІ» атты тақырыбына дайындалған дипломдық жұмыс нәтижелерін баяндауға рұқсат етіңіздер!

(Слайд 2) Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Әрбiр адамның денсаулығы оның толыққанды тiршiлiк етуiн ғана емес, сонымен қатар оның мүмкiндiктерiнiң әлеуетiн анықтайтын факторға айналып отыр. Халық денсаулығы жағдайының деңгейi өз кезегiнде, елдiң әлеуметтiк-экономикалық, мәдени және индустриялық даму шамасын айқындайды. Медициналық көмек көрсетудiң қолжетiмдiлiгiн, уақтылылығын, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге қызмет ететiн бiрыңғай дамыған, әлеуметтiк бағдарланған жүйенi бiлдiретiн денсаулық сақтау саласы халық әл-ауқатының орнықты және тұрақты өсуi тұрғысынан алғанда республикадағы негiзгi басымдықтардың бiрi болып табылады [«Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы].

Әлемде көптеген ғалымдар эндокринологиялық аурушаңдығының мәселесін шешудің жаңа диагностикалық әдістері мен емдеу тәсілдерін ойластыруда, алайда бұл мәселеге қоғамдық денсаулық сақтау көзқарасы бойынша жаңадан дәлелденген емдік әдістердің мемлекеттік стандарттық бағдарламаларға енуі,сол сияқты әдісті таңдау кезіндегі емдеу алгоритмі мен науқастарға жүргізілетін тактикасы аса назар аударылмаған.

Жоғарыда келтірілген мәліметтерден, эндокринологиялық аурушылдықтың таралуына қатысты зерттеулердің жеткіліксіз екендігін және де медициналық көмекті эндокринологиялық науқастарға емхана деңгейінде көрсету кезінде мейірбикенің рөліне қатысты мәселелер қарастырылмаған.

(Слайд 3) Зерттеудің мақсаты - Эндокринологиялық ауруы бар науқастарға көрсетілетін медициналық көмек жағдайын зерттеу, мейірбикенің аталмыш науқастарға емхана деңгейінде көмек көрсетудегі рөлін анықтау және көмекті жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.

(Слайд 4) Зерттеудің міндеттері:

• Эндокринологиялық ауруларға қатысты отандық және шетелдік әдебиет көздеріне шолу жасау;

• 2009-2013 жж. Алматы қаласы тұрғындарының эндокринологиялық аурушаңдығын зерттеу;

• Эндокринологиялық аурулары бар науқастардың көрсетілетін медициналық қызмет сапасына қанағаттанушылығына қатысты ой-пікірін бағалау және көмек көрсетудегі мейірбикенің рөлін зерттеу;

• Эндокринологиялық аурулары бар науқастарға көрсетілетін медициналық көмекті оңтайландыруға бағытталған ұсыныстар жасау.

(Слайд 5) Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы.

• Эндокринологиялық көмек сапасы мен тиімділігін және мейірбике жұмысын жақсарту бойынша жасалған әлеуметтік бағалау нәтижелері емдеу-профилактикалық ұйым басшыларының тәжірибесінде қолдануына септігін тигізеді.

(Слайд 6) Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мәліметтерінің негізінде, Алматы қаласы тұрғындары арасында зат алмасу мен тағам бұзылыстарының есесінен эндокриндік аурулар жүйесі 1000 адамға шаққанда 2009 жылы 1655 тен 2013 жылы 1903,4 дейін кең таралған.

(Слайд 7) Эндокриндік аурулар жүйесінің әйелдер арасындағы көрсеткіші зат алмасу мен тағам бұзылыстарының аналогиялық тепе-теңдіктің өсу негізінде жалпы көрсеткіщтен жоғары болды

(Слайд 8) Ересек тұрғындар мен 15 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында зат алмасу мен тағам бұзылысы есесінен болатын эндокриндік аурулар жүйесінің кең таралуы зерттеліп отырған кезеңде топтар арасында жасөспірімдер орта шамамен 5 рет жиі кездесетіні анықталды. Ағзамыз оның ішінде эндокриндік жүйе жалпы жүктемені көтере алмайды, оның себебін жасөспірімдердің физиологиялық қабілеттілігімен байланыстырады.

(Слайд 9) Ересек тұрғындар арасындағы зат алмасу мен тағам бұзылыстары есесінен болатын эндокриндік аурулар жүйесінің жалпы аурушаңдығы мен біріншілік анықталуында әр түрлі аудандардағы қалалның динамикасы мүмкін болмады,тек аудандардың бір-бірімен байланысты емес толқын тәрізді динамикасы ғана болады.

(Слайд 10) Алматы қаласы бойынша 4 емхана таңдалынды.Олар: №1, №3, №20, №21 емханалар. Сауалнама емханадағы эндокринологиялық профилдегі медициналық көмек алатын науқастар арасында жүргізілді. Барлық науқастар 28 сұрақтан тұратын анкетаны толтырды.

Сұралған науқастардың саны-110 респонденттерден құралды. Олардың ішінде ерлер 35% құраса, ал әйелдер 65% құрады. Респонденттерді жас ерекшеліктеріне қарай былай бөлдік: топтық жас құрамы бойынша 60 жастан асқандар саны - 126 адамды (31,5%), 51 жастан 60 жас аралығындағы жас мөлшері-108 адамды (27,0%), 41 жастан 50 жасқа дейінгі мөлшер 77 адамды (19,3%), 31жастан 40 жасқа дейінгі топтағы адамдар – 41(10,3%) құраса, 20 жасқа дейінгілер 25 адамды (яғни 6,3%) және 21 жастан 30 жасқа дейінгілер 23 адамды (5,8%) құрайды.Негізгі топтық жасты 31,5% 60 жастан асқандар құрап тұр.

(Слайд 11) Дәрігер эндокринологтың қабылдауына сол күні түскен респонденттер - 50,8%, қабылдауына келесі күні түскендер - 29,2 %, ал 20% 2 күннің ішінде қабылданған науқастар.

Сауалнама нәтижелерінің қорытындысы бойынша дәрігер қаралуында ай сайын болатын науқастар - 46,8% құраса, ал жылына 1 рет келетіндер – 30,2% және 23% жарты жылда 1 рет келетіндер құрайды

(Слайд 12) Эндокринолог дәрігердің қабылдау уақытын күткен респонденттер 15 минуттан 30 минутқа дейін– 37,7%, 15 минутқа дейін- 28%, 30 минуттан 1сағатқа дейін -27,3%, ал 1 сағаттан 2 сағатқа дейін ұзақ күткендер 7% құрады. Сұралған респонденттердің 85% өздері емдейтін дәрігер эндокринологқа сенетінін көрсетсе, ал қалған респонденттердің 15% сенімсіздік білдіретінін көрсеткен.

(Слайд 13) Сауалнама жүргізгендердің ішінен қажетті медициналық ақпараттың 60% медицина қызметкерлерінен алса, 19 % емханадағы ақпараттық хабарландырудан алады.Медициналық ақпараттың 11% интернет желілері мен теледидардан және 10 % туысқандар мен таныстардан алады.

Респонденттердің 25,1% денсаулық жағдайларының нашарлауына әкелетін еңбек жағдайы десе, 23% респонденттер зиянды әдеттер деп түсіндірген. Денсаулықтың жағдайына 20,1% өз денсаулығына жөнді қарамау мен 15,5% жасқа байланысты деген. Сұралғандардың 13,3% физикалық жүктемеге байланысты болса, ал қалған 3% медициналық қызметтің нашарлығы себеп болған

(Слайд 14) Эндокринолог дәрігердің бақылауында 1 жылдан кем емес уақытта бақыланған респонденттер - 29,8%, 3 жылдан 5 жылға дейінгі респонденттер – 22,8%, 5 жылдан 10 жылға дейінгі науқастар – 20,6%, 10 жылдан асқан респонденттер - 15,8%, ал қалған 11% респонденттер 1 жылдан 3 жылға дейін бақылауда болған.

«Дәрігер қажетті диагностикалық және емдік процедураларды өткізе ме?» деген сауалымызға респонденттердің 58,9% оң жауап берсе, 32,8% респондент жоқ, өткізбейді деген, ал 8,3% жауап бере алмаған

(Слайд 15) Респонденттердің эндокринолог маманының дәрігерінен консультация қолжетімділігі 73,5%, кеңес алуға мүмкіндіктің болмауы 16,5%, ал респонденттердің 10% жауап бере алмайды. Сұхбат берушілердің ішінен медицина қызметкерерінің қызметіне оң жауап берген респонденттер – 80%, қызметкерлердің қызметіне көңілі толмағандар-14%, жауап бермеген респонденттер- 6 % құрайды.

(Слайд 16) Эндокринология кабинетінің жұмыс сапасын жалпы респонденттердің 39,3% жақсы десе, 34,4% өте жақсы деп бағалаған, ал 20,5% респонденттер қанағаттанарлық деп белгілеп, 5,8% жұмыс сапасын қанағатсыз деп баға берген. Сұралған науқастардың ішінен 32,1% респонденттер диагностиканың деңгейін көтеру десе, ал 31% респонденттер ұйымның жұмыс сапасын жақсарту жөнінде ұсыныс берген. Респонденттердің 13,1% қызмет сапасын жақсарту деп келсе, ал 12% емдеу базасын жақсарту деген және 11,8% науқастар дәрігерлердің біліктілігін 3 жылдан 5 жылға дейін көтеру деп ұсыныс жасаған.

(Слайд 17) Емханадағы эндокринология кабинетінің мейірбикесінің негізгі міндеттеріне: дәрігердің емдеу-диагностикалық тағайындамаларын орындау және емханаға бекітілген халыққа мамандандырылған медициналық көмекті ұйымдастыру болып табылады.

Мейірбикемен көрсетілген көмекке қанағатанасыз ба? деген сауалымызға респонденттердің басым көпшілігі, яғни 85% қанағаттанамын деп жауап берсе, қалған 15% қанағаттанбайтындықтарын айтқан

(Слайд 18) Мейірбикеден эндокринолог дәрігердің қабылдауына қатысты, тегін дәрі-дәрмектер алуға қатысты, ақпаратты толық ала аласыз ба деген сауалымызға науқастардың 45% иә деп жауап берсе, 35% жоқ деп жауап берді. Ал, қалғандары жауап беруге қиналды.

(Слайд 20) Мейірбикенің Сізге деген қарым-қатынасы қандай деген сауалымызға, респонденттердің басым көпшілігі 70% жақсы деп, 10% жаман, 20% маған бәрі бір деп жауап берген.

Үлестірме материалдарында болғандықтан шешімдер мен ұсыныстарға тоқталмауға рұқсат етіңіздер!

Назарларыңызға рахмет!

(Слайд 21) ШЕШІМДЕР

1. 2009-2013 жж. Алматы қаласы зерттелген аудандарында қалқанша без аурушаңдығының оның ішінде тиреотоксикоз бен гипотиреоздың таралуы ерекшелігі анықталмады. Аурушаңдықтың динамика тербелістері кездейсоқ факторлармен анықталмаған және де бұл қаланың бөлінген аймағының принциптеріне де байланысты емес. Зерттелген уақыт аралығында Алматы қаласы ересек тұрғындар арасындағы гипотиреоз бен тиреотоксикоздың аурушаңдық деңгейі жалпы әлемдік кезеңнен асқан, заңдық негізде Алматы қаласы жалпылай йоджетіспеушілік бойынша эндемиялық фактор ретінде есерілген. Тұрғындар арасында қант диабеті белең алғандығы анықталынды.

2.Науқастарға көрсетілетін медициналық көмек бойынша ой-пікірін бағалауда: дәрігер сол күні 50,8% науқастарды қабылдағандықтан, 15 минутта 30 минутқа дейінгі кезекте 37,7% науқас ұзақ күткен.Дәрігер эндокринологтың кәсіби жұмыс сапасына 24,2% қанағаттанбаған. 17 % науқастарға медициналық көмек қолжетімсіз болған, ал 16,5% респонденттерге дәрігерден кеңес алу мүмкін болмаған. Дәрігерлерге 32,1% диагностика деңгейін көтеру туралы ұсыныс жасаған.

3.Науқастардың көпшілігі эндокринология кабинетіндегі мейірбике жұмысына және мейірбикенің қарым-қатынасына толықтай қанағаттанатындықтары анықталынды. Дәрігерлер тарапынан да мейірбикенің өз міндетін қызметтік нұсқаға сәйкес орындайтындылықтары нақтыланды.

(Слайд 22) ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР:

•. Алматы қаласы бойынша емханаларда эндокринолог дәрігер маманының жетіспеушілігін азайту үшін штаттық бірлік қосу;

• Емхана деңгейінде эндокринологиялық науқастарға қол жетімді әрі сапалы көмек көрсету мақсатында эндокринологиялық кабинет мейірбикесінің біліктілігін жоғарлату курстарынан өтіп отыруына жағдайлар жасау қажет


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: