Кіріспе

Өндірістік іс – тәжірибе бағдарламасы студенттер екінші курстан кейін өтетін 070501 «Биотехнология» мамандығының студенттеріне арналған. Іс – тәжірибеден өту мақсаты биотехнологиялық процесстер көмегімен алынған биотехнологиялық өнімнің және азықтық өнімдедің технологиясын білу болып табылады. Іс – тәжірибеден өту кезінде студенттер жеке тапсырмалар және арнайы пәндердегі зерттеу жұмыстары үшін материал жинауы қажет.

Іс – тәжірибеден өту барысында студенттер «Биотехнология» мамандығы бойынша жоғары оқу орында теория және іс – тәжірибе жүзінде алған білімдерінтолықтырып, алған білімдерін іс – тәжірибе жүзінде өндірістік жағдайларда қолдана білу керек.

Берілген бағдарламада іс – тәжірибе ұйымына талаптар, іс – тәжірибеден өтуге студенттерге және олардың оқытушыларына ұсыныстар көрсетілген.

1. Іс – тәжірибенің мақсаты мен міндеттері

Еңбек базарының қазіргі күйі және үнемі артып отыратын инженер – технологқа қойылатын талаптар, маманды дайындаудың әрбір кезеңіне, соның ішінде жауапты болып табылатын өндірістік іс – тәжірибеге де көп көңіл бөлуді талап етеді. Көпшілік өнеркәсiптiк кәсiпорындардың қиын экономикалық күйі, олардың басшыларының бұрынырақ дамыған «ЖОО - өнеркәсiптiк кәсiпорын» жүйесінен бас тартқызғандығы құпия жағдай емес. Осы жағдай студенттердің өндiрiстiк іс - тәжiрибесін ұйымдастырудың дәстүрлі формаларын қайта қарауды талап етеді. Осы бағдарлама студенттің өнеркәсiптiк кәсiпорында іс – тәжірибеден өтуін ұтымды ұйымдастыруға негізделген.

Университеттегі студенттердің өндірістік іс – тәжірибесі жоғарғы кәсiби бiлiм бағдарламасы бойынша маманды дайындаудың маңызды бөлімі болып табылады.

Оқудың барлық кезеңдерінде іс – тәжірибелерді ұйымдастырудың түпкі мақсаты кәсiби қызмет түріне байланысты студенттерді кешенді біліммен қамтамасыз ету.

Іс – тәжірибені өткізу мерзімі оқу жоспарына сәйкес университеттің оқу - әдістемелік басқаруымен бекітіледі.

Оқу іс-тәжірибесінің мақсаты болып студенттердің кәсіпорынның жұмысымен, шығарылатын өнімнің номенклатурасымен және 070501 «Биотехнология» бағытындағы өндірістік кәсіпорынның өндірістік процесстердің ұйымдастырылу принциптерімен және де негізгі технологиялық қондырғылардың құрылысы мен мінездемесімен танысу.

Іс-тәжірибенің міндеттері - өндірістің негізгі және қосымша бағыттарымен танысу, теориялық материалды бекіту. Студенттердің кәсіпорынмен жалпы танысуынан кейін олар энергетикалық және қосымша цехтардың жұмысымен танысады. Одан соң техника қауіпсіздігінен білімін тексерген соң, негізгі өндірісті үйренеді.

2 курс студентері жазғы емтихандық сессия (4 семестр) аяқталған соң, төрт апта іс-тәжірибе өтеді.

Іс-тәжірибелердің базасы болып тағам және қайта өңдеу бағытындағы заманауи технологиялық қондырғылар және зертханалық құрылғылары бар, прогрессивтік технологияларды енгізетін өндірісітік кәсіпорындар және ҚазИГЗУ-дың кафедрасы бола алады.

2 курс студенттері жазғы емтихан сессиясыннан (4 семестр) өткеннен кейін ГОСО 5.03.005-2009 оқу жоспары негізінде жасалған 070501 «Биотехнология» бағыты бойынша (кестеден қараңыздар) іс – тәжірибеден бес апта мөлшерінде өтеді.

Іс –тәжірибенің базасы қазіргі заманғы технологиялық құрылғылар мен сынау құарлдарымен жабдықталған фармокологиялық, азықтық және жасап шығару (ашытқы немесе спирт зауыты, ет, сүт, балық өндірісінің өнеркәсібі, нан зауыты, алькогользсіз сыра және ликер – арақ зауыты, шарап жасау өнеркісібі) өндірістік өнеркісібі, сонымен қатар диплом алдындағы іс – тәжірибенің базасы кафедраның зерттеу лабораторялары және басқа ғылыми –зерттеу лабораториялары болуы мүмкін.

2.ОҚУ ІС-ТӘЖІРИБЕСІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МАЗМҰНЫ

2.1 Іс – тәжірибе барысында нақты жұмыс түрелерінің тізімі

Студенттер өндірістік кәсіпорындарда даму тарихымен, шығарылатын өнімнің номенклатурасымен, зауыттың және оның бөлімшелерінің құрылымымен және де өндірісті басқару жүйесінің құрылымымен танысады.

Студенттер оқу іс-тәжирибесін жобалау-конструкторлық мекемелерде өткен кезде олардың жұмыс аясымен және құрылымымен, бөлімшелердің негізгі міндеттерімен және материалды-техникалық базасымен танысады.

Университеттегі оқу іс-тәжірибесі студенттерді университет кафедрасының зертханаларының материалдытехникалық жабдықтануымен, бағдарламалық қамсыздануымен және компьютерлік сыныптардың жабдықталуымен танысуына бағытталған.

Студенттер іс-тәжірибені қай жерде өтсе де, ең алдымен тіршілік қауіпсіздігіне, еңбекті қорғауға және өндірістік санитарияға ерекше көңіл бөлулері тиіс. Ол үшін еңбек туралы заңның мемлекеттік және қоғамдық реттеу принциптері, тіршілік қауіпсіздігін ұйымдастыратын мекемелер және олардың мақсаттары.

Іс-тәжірибе басталмай тұрып университетте іс-тәжірибе жетекшісі студенттерге индивидуальды тапсырмалар береді. Ол белгілі бір өнім алу технологиясына байланысты болуы тиіс.

Жеке тапсырманың негізгі мақсаты – студенттерде теориялық білім мен тәжірибесін арттыру, олардың техникалық білімін кеңейту.

- Жеке тапсырманы орындау барысында студент әдебиет көздерінен белгілі бір тағам өнімін өндіру технологиясыментанысады және ол технологияны тәжірибе есебінде сипаттау

.

2.2 Студент-практиканттың міндеттері

Іс – тәжірибе орнына келмей тұрып студент:

- кафедрадағы ұйымдасқан жиналысқа қатысуы керек;

- керек жағдайда медициналық тексеруден өту керек (кәсіпорынға медициналық кітапшаны көрсету);

- кәсіпорынға жөнеме хат алу және университеттен жіберілген жетекшіден жеке тапсырмалау;

- кафедрада техника қауіпсіздігіне байланысты нұсқаудан өту;

Іс - тәжірибеден өту кезінде студент міндетті:

- кафедрада берілген іс – тәжірибе бағдарламасы бойынша берілген тапсырманы толығымен орындау;

- кәсіпорындағы ережелерге бағыну;

- еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария және жеке гигиена ережелерін сақтау;

- кәсіпорынның еңбек және қоғамдық өміріне белсене қатысу, өндірістік мәжілістерге қатысу, тәртіптіліктің үлгісін және іс – тәжірибеден өтудегі ұйымшылдықты, жауапкершілікті көрсету;

- іс-тәжірибе уақытын сақтап және іс-тәжірибе базасынан дәлелді себепсіз кетуге болмайды;

- күнделікті жиналған материалдар мен жаңалықтарды іс-тәжірибелік күнделікке жазып отыру керек;

- кәсіпорынның жетекшісі атынан қол қойылған іс-тәжірибеге есептеме құрап, қажет болса - әр бөлімнің кеңесшісінің қолы мен мөрін қойып, сонымен қатар керек болған жағдайда орындалған жұмысқа сипаттама мен бағасын алу керек.

Іс-тәжірибе аяқталған күннен бастап үш күндік мерзімде студент кафедра меңгерушісіне кәсіпорыннан құралған есептемелер мен сипаттаманы әкеліп көрсету керек.

Егер студент қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда немесе қарсылық түскен жағдайда ол студент оқу процессіне жіберілмейді.

3. Есеп-қисап нысаны

Іс-тәжірибеден дағдыланып, студент күнделік бастайды, оған күнделікті істелген жұмыстарын жазып отырады, және есептеме мен жеке тапсырмаларға материалдар жинайды. Жеке тапсырмалардың материалдарын ары қарай курстық және дипломдық жұмыстарда қолдануға болады.Іс-тәжірибелік күнделікті студент өзі жеке толтырады. Жұмыстың орындалуын күнделікті жазып кәсіпорынның іс-тәжірибе жетекшісінің қолын қойғызу керек (ұйым, фирма).

Іс-тәжірибе аяқталғаннан соң күнделік есептемемен бірге кәсіпорынның іс-тәжірибе жетекшісімен тексеріледі. Есептемеде кәсіпорынның іс-тәжірибе жетекшісінің қолы мен бағасы, және мөр басылған болу керек. Студенттің іс-тәжірибені өту кезіндегі қызметі жайында кәсіпорынның іс-тәжірибе жетекшісі сипаттама береді;

Кез келген іс-тәжрибеден өтер алдында студент университеттің іс-тәжірибе жетекшісінен жеке тапсырмалар алады, онық мазмұны мен көлемі берілген тапсырмаға сай болады. Жеке тапсырмалардың материалдарын ары қарай курстық және дипломдық проектілерде қолдануға болады.

Іс-тәжірибеден өту кезінде студент есептемені жасайды, онда іс-тәжірибенің бағдарламасының сұрақтары мен кәсіпорынның жұмысы жайлы жеке пікірі жазылады. Есептеме МемСтандрт талаптарына және кәсіпорын стандарттарына сай болады.

Кәсіпорынның аумағының сипаттамасы, жеке қндірістік линиялары, жабдықтары мен құрылғылары схема түрінде, сызба, фотосуреттер, таблица, графиктермен стуреттеулі керек, соңында олардың қолданылуы мен тиімділігі жайында болады.

Есептемені әрбір студент өзі жеке құрастыру керек ол машықтанушының өздігінен жасалған жұмысының қорытындысы, ол материалдарды іс-тәжірибеден жинаған материалдарын қолданады. Онда машықтанушының ойынша, құрылғыны пайдалану көрсеткішін арттыруға, өнімнің сапасын, шикізатты және энергияны пайдалану. Есептемеде өндірістік ұжым және технологияның күйі жайында болу керек.

Іс-тәжірибелік есептемеге енеді, жұмыстың индексі, университеттің коды, іс-тәжірибенің түрі, кафедраның коды, іс-тәжірибені өту жылының соңғы екі сандарынан. Мысалы: ӨЕ - 041 – О – 5В070100 - 11; ӨЕ- іс-тәжірибе есебіі; 041- университеттің коды; О-оқу; 5В070100 - «Биотехнология» бағыты; 11-іс-тәжірибені өту жылы.

Іс-тәжірибелік есептеме қамтылуы тиіс:

Ø титул беті;

Ø мазмұны

Ø кіріспе

Ø іс-тәжірибеге тапсырма;

Ø басты бөлім

Ø күнделік

Ø мінездеме

Ø қорытынды;

Ø пайдаланған әдебиеттер тізімі;

Ø қосымша

Есеп беру компьютер мен принтер көменгімен басылып, А4 форматты бетінің бір жағында, бір жарымдық интервалда жазылуы керек. Компьютерді пайдалануда Times New Roman шрифты және 14 өлшемі қолданылады.

Азат жол басындағы бос жер мәтін бойы бірдей және бес белгіге сәйкес келуі керек. Беттің торт жақ бұрышынан да бос орын калдырылуы керек. Оң жағынан 10мм, жоғарғы және төменгі жағынан 20мм, сол жағынан 30 мм бос орын қалу керек.

Негізгі бөлігі тарауларга, тармақ пен тармақшаларға бөлінуі керек.

Таралар мен тармақтардың басын азат жолдан бастап және бас әрыптен бастап, асты сызбай жазылу керек. Әріптердің кескіні жартылай майлы болу керек. Сөзді тасымалдауға болмайды.

Егер негізі екі сөйлемнен құралса, олар нүктемен ажыратылады.

Әрбәр құрылымдық элемент жаңа парақтан басталуы қажет. Негізгі бөлімнің әрбір тармағын жаңа беттен бастауға болады. Әрбір тармақтың алдыңғы тармақ пен кейінгі тармақ аралықтары екі кіші интервал, қолмен жазу жұмысында 15 ммболуы керек.

Беттерді араб цифрларымен белгілеген жөн. Беттің нөмірін төменгі жақта, беттің дәл ортасына нүктесіз жазады.

Титулдік бет жалпылама беттерді нөмірлеуге қосады. Титудік бетте парақ нөмірі көрсетілмейді.

Бөлек бетте орналастырылған суреттемелер мен кестелерді де жалпылама нөмірлеуге қосады.

Тараулар мен тармақтарды араь цифрларымен белгілеп, азат жолдан бастап жазу керек.

Есеп беруді дайындау кезінде практика күнделігін, кәсіпорынның (мекеме, фирма) құжаттамасын, нормативті, анықтамалық, оқу кітаптарын пайдаланған жөн. Студенттер өз есептемелерін университеттегі практика жетекшісі алдында немесе кафедра жиналысында қорғауы керек.

Оқу тәжiрибе бойынша есептеу нәтижесiнiң шамалы құрылымы

1. Кәсiпорын туралы ортақ мәлiметтер және оның дамыуының мүмкін болатын перспективалары.

2. Кәсіпорын және оның жеке бөлімшелерінің (цехтар мен арнайы лабораториялардың сипаттамасымен) құрылымы.

3. Шығарылатын өнiмнiң номенклатурасы және оның мiнездемесi.Шығарылатын өнiмге арналған нормативтiк құжаттар.

4. Жеке тапсырма. Өнiмдердiң белгілі бiр түрін (шикізатқа және дайын өнімге қойылатын талаптар, рецептура, технохимиялық бақылау әдістері, өндірістің негізгі технологиялық стадияларының және қалдықтарды утилизациялау әдістерінің сипаттамасы) өндiрудегі технологиялық регламент.

5. Қорытынды.

6. Қосымшалар (технологиялық схеманың сызбасы, нормативтiк құжаттаманың көшiрмелерi, экономикалық ақпарат).

Іс-тәжірибе жетекшісінің келісімі бойынша университетке және іс-тәжірибе өтілетін жерге байланысты есеп немесе оның жекелеген бөлімдері өзгеруі мүмкін.

Практика аяқталып,ережеге сай есепті рәсімдегеннен кейін студент өз есебін университет жетекшісіне қорғайды. Нәтижесіне қарай бағаланады (өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық).

Сыртқы парақты толтыру үлгісі Қосымша1

«ҚАЗАҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ – ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ»

Ақпараттық технологиялар және экономика факультеті

Дене шынықтыру және биология кафедрасы

ЕСЕП

Іс-тәжірибе ____________________________
____________________________________________

(іс-тәжірибенің өту орны)

_______________________________________

(іс-тәжірибенің өту мерзімі)

Студент_______________

(Студенттің Аты-жөні)

Топ ________________

Университеттің іс- тәжірибе жетекшісі ________________________

(жетекшінің қолы,Аты-жөні)

Мекеменің іс-тәжірибе жетекшісі ____________________________

(жетекшінің қолы,Аты-жөні)

Комиссия мүшесі_______________

_______________

_______________

(Ф.И.О),(подпись)

Есептің қорғау бағасының қортындысы ___________________________ (балл,пайыз,жазба түрінде)

Есептің мазмұнын дайындау үлгісі Қосымша 2

Мазмүны

Кіріспе..............................................................................................................................4

1. Жасалатын жұмыстың басты жоспары..................................................................6

2. Өндірістік – дайындау желісі..................................................................................9

3. Өндірістің биотехнологиялық процестері және өндіріс процесінің технологиялық схемалары................................................................................................................13

4. Негізгі технологиялық жабдықтың кұрылысы мен жұмысы................................20

5. Өнімді дайындау барысындағы өндірістік-санитарлық бақылау, шикізат пен материалға қойылатын талаптар...........................................................................25

6. Тоңазытқыш жабдық және компрессорлық цех...................................................28

7. Жылуы кушті шаруашылық және сумен жабдықтау жүйелері.............................31

8. Электроэнергиялық жабдықтау және кәсіпорындағы электрожарықтандыру...34

9. Техникалық жөндеу шеберханалары.......................................................................35

10. Сумен жабдықтау, су бұрғыш, су құбырлары жүйелері.........................................37

11. Ағынды сулар, газды қалдықтар, өндірістің берік қалдықтары............................38

12. Қоршаған ортаны қорғау...........................................................................................40

13. Ауаны алмастыру жүйесі...........................................................................................42

14. Кәсіпорын мен цехты басқару схемасы....................................................................43

Іс-тәжірибе бойынша күнделікті толтыру үлгісі Қосымша 3

ҚАЗАҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ Информациялық технологиялар және экономика факультеті Дене шынықтыру және биология кафедрасы ІС-ТӘЖІРИБЕ КҮНДЕЛІГІ __________________________________ (Іс-тәжірибе атауы) _______________________________________________ (Іс-тәжірибеден өту жері) Студент_______________________ (Ф.И.О.) Топ _________________


.

Күнделікті толтылу үлгісі Қосымша 4

Жұмыстың күні мен уакыты Жұмыстың мазмұны Ескертулер мен қорытындылар Қосымша
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         

Университеттен іс-тәжірибе жетекшісі

________________ (Ф.И.О.)

_________________ (қолы)

Өндірістен іс-тәжірибе

________________ (Ф.И.О.)

_________________ (қолы)

М.П.

Қосымша 5

Мінездеме

Тәжірибе өтуші студенттің (аты-жөні,тобы)

Оқу іс –тәжірибеден өтуші студентке мінездеме оқу орнының

практика жетекшісі келесі формада мінездеме береді

-практиканың өту орны,мекеменің толық атауы;

-практиканттың өту кезіндегі мінездеме;

-практикант жұмыс істеген ұжымның тізімі;

-практикантқа жетекші берген тапсырма бойынша жұмысы,сонымен қатар жеке тапсырма жұмысы;

-істелген жұмысқа практиканттың қатынасуы,жеке бөлімнің берілген тасырмасына студенттің дайындығының;

-іс-тәжірибе кезінде практикантқа пәннің компанентті жоғары жұмысы әсері;

-мекеме жеткшілерімен,жұмысшыларымен қарым –қатынаста үйрену;

-іс-тәжірибе өту барысында студенттке мінездеме,;

-іс-тәжірибе өту кезіндегі практиканттың бағасы;

-мінездеме құрылған күні;

Мінездеме қарапайым қағазда жазылады және мекеменің мөрі басылады

Мінездеме мекеменің жетекшісініңі жетекшінің замы қолымен бекітіледі

Мекеменің,практикантқа беретін мінездемесі, оқу іс-тәжірибеден өткен практиканттың бағыттамасының праиказ нөміріне сәйкес болу керек


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: