Ригведалар (гимндер ілімі)

Сама-ведалар (жырлар, өлеңдер ілімі)

Атхарва-веда (дұға, сүрелер ілімі).

Яджур-веда (Құрбан шалу формулалары жайындағы ілім)

ІІ. Брахмандар (веда текстеріне комментарийлер, түсініктемелер).

ІІІ. Араньяк кітаптары жинағы. Араньяк жинақтары – сопылық жолын ұстап, елден бөлек өмір сүруге бел байлаған, монахтың аскеттік өмір жолын ұстанған адамдарға арналған тексттер.

ІV. Упанишадтар (Философия тұрғысынан маңызды кітаптар жинағы).

Ведалық дүниетаным – ритуалдарға, әдеп-ғұрыптарға негізделген күрделі мифологиялық көзқарастар комплексі. Ол әрдайым дамуда болған. Мифологияға тән политеизм, антропоморфизм, ашық құдайлар жүйесі ведаларда да орын алған.

7. Қөне Қытай философиясының өзіндік болмысын атап, философиялық мектептердің жүесін салыстырыңыз. Осыдан бес мың жыл бұрын қалыптасқан қытай өркениеті өзінің қол жеткізген табыстарымен ерекшеленеді. Атап айтқанда, қытайлықтар қағазды, кітап басуды, жібек мата өндіруді, оқ дәріні (порох), фарфор ыдыс-аяқты және т.б. алғаш рет ойлап тапқан. Сонымен бірге, бұл халықтың адамзаттың рухани мәдениетіне қосқан үлесі баршамызға мәлім. Көркем әдебиет, сурет өнері, философия, дін аяларында еңбек еткен ұлы қытайлықтардың есімдері қазіргі күнге дейін сақталып келе жатыр.Әсіресе, философия саласын алсақ, ежелгі Қытай Жер шарында алғаш қалыптасқан философия ошақтарының біріне жатады. Осы елде б.д.д. 8-3 ғасырлар аралығында ең белгілі философиялық мектептер пайда болып, даму өрісін кеңейтеді. Олардың қалыптасуына мынадай негізгі алғышарттар ықпал жасады:Қолайлы табиғи климат жағдайларының әсерімен орын алған мәдениеттің жоғарғы деңгейі;Иероглиф негізінде жасалған жазудың қалыптасуы;Қоғамның әлеуметтік және саяси құрылымдарындағы абыздар тобының болмауы;Рухани өмірдегі бәсекелестік, сөз бостандығы, шығармашылық құбылыстарының орын алуы;Қытай білімінің классикалық кітаптарының қалыптасуы. Ежелгі қытай философиясының қайнар көздері ретінде есептелетін бұл кітаптардың тізімі төмендегідей көрініс алады:- жыр кітабы) – ежелгі халық поэзиясының жинағы;- Тарихи аңыздар кітабы) – ресми құжаттардың жинағы;- Дәстүрлер кітабы) – діни және саяси рәсім, салттарды жүргізу ережелерінің жинағы;- негізгі бөлшектерден тұрады: 1) каноникалық текстерден және 2) сол текстерге берілген түсініктемелерден.

8.Қазақ ағартушылық философиясындағы "ағартушылық" мәселесіне тоқталыңыз (Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин). Қазақ Философиясы – қоғамдық сананың ұлттық түрі; тұрмыс пен танымның ортақ принциптері, адам мен дүние жүзінің қатынасы туралы ілім, табиғаттың, қоғамның және дүниетанымның жалпы даму заңдары жайындағы ғылым. Қазақ философиясы тарихында әйгілі ғалым Ш.Уәлихановтың орны ерекше. Ол «Даладағы мұсылмандық жөнінде», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Тәңір (құдай)» деген еңбектерінде философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтқан. Уәлиханов сыртқы дүниенің адам санасынан тыс өмір сүретіндігіне шек келтірмейді. Ол қазақ жерінде шамандықтың орын алу себебін түсіндіргенде «сыртқы дүние: күн, ай, жұлдыздар және жер – алғашқы құдірет болып табылады» деп көрсетеді. Оның еңбектерінен себептілік заңдылығын құптайтындығы, себепсіз құбылыс болмайтындығына кәміл сенетіндігі байқалады. Абай сүюдің үш түрін айтады, олар: Алланы сүю, оның жаратқан кереметі – адамды сүю және хақ жолы деп әділеттілікті сүю. Осы үш сүюді Абай имани гүл дейді. Хакім Абай «толық адам» немесе кәмелетті адам тұжырымдамасын жасады. Олар: нұрлы ақыл, жылы жүрек, ыстық қайрат. Адамды толық ететін – ақыл, жүрек, қайрат. Абай сияқты Шәкерім Құдайбердіұлы да қазақ елін қалай мәдениетті елдер қатарына қосамын деп талпынады. Шәкерім Абайдың имани гүл ілімін «Үш анық» кітабында ұят туралы ілімге айналдырды. Осы еңбекте Шәкерім сол кездегі еуропа ағымдардан деректер келтіре отырып, этикалық максимализмге негізделген ар-ұятты дәріптеу ілімін жасады.

9. Конфуцийшілдік және даосизм – Ежелгі Қытай философиясының негізгі ағымдарының мағынасын толық ашыңыз. Рим империясы құлаған уақыттан бастап Европада орта ғасырлар кезеңі басталады. Орта ғасырлар кезеңі мың жылдай уақытты алады. 476 жылдан XVІІ ғасырға дейін. Бұл дәуірдің де өзіндік философиясы болды. Оны схоластика (латын тілінде – школа - мектеп) деп атаған. Схоластар ақылдан діни сенімді жоғары қойды. Схоластар білімнің дінге қатынасы төңірегінде қалыптасты. Олардың талас пікірі жалпылық пен жекелік қатынасы. Философия тарихында бұл таласты әмбебаптар, яғни жалпы ұғымның табиғаты жайлы деп атайды. Жалпылық ұғымды олар универсалийлер деді. Универсалийлер туралы пікірлер 2 ағымға бөлінді: реализм және номинализм болып. Реалисттер айтты: жалпы ұғым, әмбебаптар адам санасынан тыс, тілінен тыс өмір сүретін шындық деп түсіндіреді. Бұл көзқарасқа қарама-қарсы екінші пікір бойынша әмбебаптар адамнан, нақты заттардан тыс өмір сүрмейді. Бұл тек нақты заттарды қорыту арқылы пайда болған жалпылық ұғым.

Бұл пікір бойынша “жалпы адам” дүниеде жоқ, адам қашанда нақты бейне. Ал “адам” деп жалпы айту – тек нақты адамдардың бәріне тең, ортақ ұғым. Бұл пікірді жақтаушыларды “номиналистер” деп атады. (латынша nomіna- атау). Реализм өкілдері – Фома Аквинский, Дунс Скотт, Раймунд Луллий. Фома Аквинский (1225-1274) орта ғасыр философиясының ірі өкілі, қазіргі католицизм дінінің рухани пірі, әулиесі. Фома философиясы мән және өмір сүру (экзистенция) төңірегінде құрылады. Оның пікірінше, өмірде бұл екеуі жеке, бірінен бірі алшақ және де өмір сүру мәнінен жоғары. Ал құдайда бұл екеуі бір, ажыратылмайды. Фоманың пікірінше дүниеде себепсіз еш нәрсе жоқ.

10.Әл Кинди, Әл Фараби, ибн Сина, ибн Рушд перипатетизмі ғылыми білімнің дамуына қосқан үлесін ашып көрсетіңіз Ибн Сина Әбу Әли (лат. айтылуы – Авиценна, 980-1037ж) ортағасырдағы тәжік философы, дәрігері және ғалымы. Бухарада, Иранда өмір сүрген. «Білім кітабы» («Даниш намаз»), «Емдеу кітабы», «Медицина каноны» және т.б. еңбектердің авторы. Ибн Сина Ислам дінін жақтай тура, көне дүние философиясы мен ғылымын арабтарға, Еуропа елдеріне таратуда игі ықпал жасайды..

Әл-Фараби - тарыхымыздағы ұлы тұлғалардың бірі, ислам дүнисінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама философы, аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған. Ғұламаның ғылыми-философиялық еңбектерін байыптап, кайта карау барысындда оның педогогика тарихындағы улы тулғалардың бірі болғандығын коремиз. Ол – шығыс елдерінде туңғыш сындарлы педагогикалық жүйе жасаған ағартушы оқымысты. Әл-Фараби өзініің «Риторика», «Поэзия өнері туралы», «Бақытқа жол сілтеу»туралы трактаттарында этикалық, эстетикалық мәселелерге көңіл бөліп, көркемдік, сулулық, бақыт, мейірбандық білім категорияларының бетін ашып, солардың негіздерін дәлелдеп берді.

Ибн Рушд Мұхаммед (1126-1198 жж) Кордово халифатытұсында Испанияда өмір сүрген ортағасырлық араб ғалымы, философы. Негізгі шығармалары: «Жоққа шығаруды жоққа шығару», «Діңмен ф.лық салыстырмалы байланысын талқылаудан шығатын қорытынды». Ислам дінінен қол үзбей ақ материя мен уақыттың мәңгілігін және оларды ешкімнің жаратпағандығын дәлелдеп, адам жанының өшпейтіндігі мен о дүниедегі өмір нег.қалаушы. «Қос ақиқат» идеясының нег.мәні ф.лық және діни ақиқат әртүрлі, діндегі ақиқат пен саналатын кейбір құбылыстар ф.да жалған болып есептелуі мүмкін. Сол сияқты ф.ғы ақиқат дінде де теріске шығарылуы мүмкін. «Қос ақиқат» теориясының нег.мақсаты ф.ны діннің шармауынан босатып, өз алдына жеке ілім ретінде қалыптастыру. Ибн Рушдтың Аристотель шығармаларына жазған түсініктемесі Еуропа ф.рын антикалық ф.мен таныстыруда үлкен рөль атқарды. Ибн рушд ақыл парасаттың нанымнан артықшылығын негіздеді, діни ілімді уағыздаушылардың ф.лық мәселелермен айналысуының заңсыздығын атап айтты. Ибн Рушдтың ілімі ортағасырлық Батыс Еуропалық ф.да еркін ойдың дамуына зор ықпал етті. "Қос ақиқат" принципінің баяндалуы небәрі ақыл-парасатқа (философияға) діндар қоғамда тірі қалуы үшін мүмкіндік беретін "казуистикалық айла" ретінде шектен тыс оңайлату болса керек. "Қос ақиқат" теориясы ортағасырлық мәдениеті әлемін екі дербес алаңға – рационалды пайымдау (философия мен ғылым) алаңы мен діни сырлар алаңына – дифференциялаудың көрінісі болып табылды."Қос ақиқат" теориясы гносеологиялық принцип ретінде кез келген ақиқаттың кең мәтінділігін көрсетті

11. Әл Ғазали және арабтілді философиясының теологиялық дамуы ғылыми білімнің дамуына қосқан үлесі жайлы қалай ойлайсыз. Әл-Фараби мен Ибн Синаның жасап кеткен шындық іздеу жолын жалықпай сын елегінен өткізген, шынайы сыни көзқарасқа ие мұсылман философтардың да болғаны мәлім. Солардың ең басында Исламның «төл құжаты» деген атқа ие болып, атағы жаһанға жайылған ислам философы Әбу Хамид Мұхаммед әл-Ғазали келеді. Әл-Ғазали сан-саланы меңгерген жан-жақты философ. Оны қай жағынан қарастырсақ та таусылмайтын теңіз сияқты. Біз, бұл жерде философтың тек қана кәләм ғылымына, философияға, логика және Батыс философиясына тигізген әсерін, сонымен қоса, өз заманында ортаға шыққан Батиния бүлігіне қарсы жасаған еңбектерін тілге тиек етеміз.

Суфизмнің көптеген идеяларын мұсылман әлемінің әл-Ғазали (1058- 1111) сияқты ірі теолог қостады. Әл-Ғазалиге дейін өмір сүрген ойшылдар да, оның замандастары да мемлекеттік құрылым мәселесін айналып өте алмады. Әл-Ғазали өзінің бірқатар жұмыстарында мемлекетті басқару мәселесінде сұлтанға ұсыныстар береді, сұлтанның нақты билігін заңдастыру негізінде оны нығайту мәселесін көтеріп, халифты сынайды. Ғазали халиф пен сұлтан арақатынасы мәселесін жан-жақты сипаттап, имамат теориясын дайындайды. Ғазалидің пікірінше, мемлекет ислам мен мұсылманша өмір сүру тәртібін қорғауға тиіс. Ол «Философтарды терістеу» деген еңбегінде Фарабиді, Ибн Синаны сынап, оларға «әлемнің ешнәрседен жаратылысы» туралы өз идеясын қарсы қояды. Бұл идеяда ол бүкіл қоргаған әлемге өзінің ықпалын жүргізетін құдайдың шексіз еркі туралы ойды негіздейді.[8]

12. Әл-Фараби философиясының ғылымдар жүйесіндегі орнын анықтаңыз. Ақыл-ой және танымға сипаттама беріңіз. Әл-Фараби - тарыхымыздағы ұлы тұлғалардың бірі, ислам дүнисінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама философы, аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған. Ғұламаның ғылыми-философиялық еңбектерін байыптап, кайта карау барысындда оның педогогика тарихындағы улы тулғалардың бірі болғандығын коремиз. Ол – шығыс елдерінде туңғыш сындарлы педагогикалық жүйе жасаған ағартушы оқымысты. Әл-Фараби өзініің «Риторика», «Поэзия өнері туралы», «Бақытқа жол сілтеу»туралы трактаттарында этикалық, эстетикалық мәселелерге көңіл бөліп, көркемдік, сулулық, бақыт, мейірбандық білім категорияларының бетін ашып, солардың негіздерін дәлелдеп берді. Фараби «Бақытқа жол сілтеу» трактатында бақытқа, оған жетуге бастайтын жолға айрықша назар аударады. Фараби жасаған қорытындының басты түйіні – білім, мейірбандық, сулулық ушеуінің бірлігінде. Бір сөзбен айтқанда, Фараби адамдардың өз көздеген мақсатына жетуі оның өзіне ғана байланысты екенін айтады. Адам рухани жағынан унеми өзін-өзі жетілдіріп отыруға тиіс, адам тек ақиқатты, айналадағы дүниені танып бділу арқылы жетіледі деп түйін жасайды. Әл-Фараби адам міндетті түрде адал ниетті болуы керек деп есептейді. Фараби дін мен философияны салыстырады. Оның пікірінше, дін – философияға ұқсас. Екеуі де жоғары принциптерге, бар заттардың бастамаларына тусінік береді. Бірақ философия – дәлелдеуді, дін – сенуді керек етеді. Аристотель мен Платонды зерттеуші және толықтырып жалғастырушы (Әлемнің «екінші ұстазы» деген атағы осыдан шыққан).

13.Қайта Өрлеу дәуріндегі ғылыми орталық кезеніне сипаттама беріңіз. XV-XVІ ғғ. Батыс Европада Ренессанс құбылысы өтті. Бұл антика мәдениетін қайта жаңғыртумен байланысты дүниеге келген құбылыс еді. Қайта өрлеу дәуірі философиясы екі кезеңге бөлінеді: 1)гуманизм кезеңі, 2) натурфилософия кезеңі. Қайта өрлеу дәуірі философиясы антропоцентристік, пантеистік, антисхолас-тикалық сипатымен ерекшеленеді. Бұл философия неоплатонизмге еліктеді, сондай-ақ табиғатты зерттеуге зейін қойды. Капитализмнің алғашқы белгілері көрініс бере бастаған бұл кезеңде табиғатты зерттеу қажеттілігі туды. Қайта өрлеу дәуірінің дамуына қалалар мәдениетінің әсері болды. Гуманистер антика мұраларын қайта қалпына келтіруде және таратуда көп еңбектер жасады. Гуманизмнің көш бастаушысы Данте Алигьери болды. Ол өзінің “Құдіретті комедия” атты шығармасында адамның бақытын жоғары қойды. Гуманизм адамды ең басты құндылық деп санайтын көзқарас. 16 ғасырда Италияда, Германияда табиғат философиясы дамыды. Қайта өрлеу дәуірі натурфилософиясын дамытқандар: Дж. Бруно, Телезио, Т.Кампанелла, Н.Кузанский сынды ойшылдар болды. Олардың пікірінше, әлемді басқаратын заңдар табиғаттың ішкі заңдары болып табылады. Құдіретті күштер табиғатқа жайылып кеткен (пантеизм).

Дж. Бруноның философиясындағы негізгі идеялар мыналар: 1)қарама-қарсылықтар сәйкес келеді; 2)Ғалам, дүние шексіз. 3)Материя өзіндік қозғалыста (самодвижение); 4)таным да шексіз. Танымның екі түрі бар: сезімдік және ақыл арқылы. 5)антропоцентризм.

Қайта өрлеу дәуірінде қоғамдық утопиялық ілімдер дамыды. Бұл ілімдер Т.Мор, Т.Кампанелла шығармаларында көрініс тапты.

14.Н. Кеплер және Г. Галилеедің математикалық танымның ролі туралы қысқаша анықтама беріңіз. Коперник пен Бруноның ілімдерін әрі қарай жалғастырған итальян астрономы, физигі, математигі, философы Г. Галилей (1564—1642 жж.) «Ғылымның жаңа екі саласына байланысты математикалық дәлелдемелер мен пайымдаулар», «Табиғат туралы кітап», т.б. еңбектер жазған. Галилейдің ғылымда ашқан екі жаңалығы: 1) қатты және серпілмелі заттардың сыртқы күштерге қарсылығы; 2) денелердің құлау заңдылықтары — оның философиялық көзқарасының қалыптасуына үлкен әсер етті. Оның пікірінше, философия алфавит әріптерінен басқаша әріптермен жазылған табиғат кітабын оқуы керек. Табиғаттың кітабы үшбұрыш, квадрат, дөңгелек, шар, т.б. тәріздес. Оларды оқу үшін схоластикалық ойланып-толғанудың қажеті жоқ, керісінше, таза тәжірибеге сүйенген математикалық тәсіл керек. Ғылыми зерттеу жұмысында ешқаңдай беделді мойындамау керек, тек күмәндану ғана оны ілгері дамытады. Теория, концепцияларды — бақылау, эксперимент негізіңде, индуктивтік тәсілді қолданып тұжырымдауға болады. Тек механикалық әдісқана әлемдегі құбылыстарды және олардың мәнін түсініп-білуге мүмкіндік беретіндіктен, бос схоластикалық ойлауға әкелетін дедуктивтік (жалпыдан жалқыға) тәсілдің өміршеңдігі жоқ.Ол Коперник пен Бруно сияқты жер өз осі мен күнді айналып жүреді және ол күн жүйесіндегі көптеген планеталардың бірі ғана, ал күн жүйесі сияқты жұлдыздар жүйесі әлемде сансыз көп және олардың көпшілігінде жердегідей тіршілік болуы ғажап емес деген пікір айтты.Жалпы алғанда, қайта өрлеу философиясы антика философиясындағы гуманистіқ дәстүрді, ортағасырлық шығыс мәдениетінің алдыңғы қатарлы ойларын өз заманының талаптілегінің қажетіне жаратып, жаңа заман ғылыми көзқарасының қалыптасуына зор ықпал етті.

15. Н. Коперник және Д. Бруноның Космостың шексіздігі туралы идеясын ашып көрсетіңіз. Әлемдегі процестерді өз заңдылықтарына сүйеніп, түсіндіруге бағытталған Н. Коперниктің (1473—1543 жж.) негізгі еңбегі «Аспан денелерінің айналуы туралы» әлемнің күн орталық жаратылысы қағидасы негізінде Джордано Бруноның (1548— 1600 жж.) философиялық көзқарастары қалыптасты. Негізгі еңбектері: «Себептілік, бастама және біртұтастық туралы», «Әлемнің және заттардың шексіздігі туралы», т.б.

Бруноның пікірінше, табиғаттан тыс ешқаңдай күш жоқ. Ол кеңістікте де, уақытта да шексіз, ал қозғалыс оның өмір сүру тәсілі. Табиғат өз заңдылығымен дамиды. Әлем мен құдай бір. Әлем — универсум (әмбебап бастама), жалғыз ғана мәнділік. Сондықтан, ол мәңгі және өзгермейді. Ал әлемге кіретін денелер сансыз көп, олар үздіксіз қарапайым және өзгерісте болады. Барлық заттар өшпейтін, мәңгі қозғалыстағы бөлшектерден тұрады. Оларды Бруно — монада деп атайды. Монаданың материалдық денелерге ғана емес, психикаға да қатысы бар. Ал психикалық құбылыс барлық заттарға тән болғандықтан әлемде жансыз денелер жоқ. Осыдан келіп Бруно әлемде шексіз және сансыз көп тіршілік түрлері болуы әбден ықтимал деген тұжырым жасайды. Бруноның көзқарасынан жүйеленген түрде қолданылған Демокрит пен Гераклиттің ілімдерінің ықпалын байқаймыз.

Коперник пен Бруноның ілімдерін әрі қарай жалғастырған итальян астрономы, физигі, математигі, философы Г. Галилей (1564—1642 жж.) «Ғылымның жаңа екі саласына байланысты математикалық дәлелдемелер мен пайымдаулар», «Табиғат туралы кітап», т.б. еңбектер жазған.

16. Қайта Өрлеу Дәуірі философиясының "антропоцентризм" және "пантеизм" ұғымдарына сүйене отырып, ерекшеліктеріне анықтама беріңіз (Л. Д. Винчи, Н. Кузанский, Г. Галилей т.б.). Галиллей Галилео (1564-1642 жж.) – итальяндық ойшыл, классикалық механиканың негізін салушы, астроном, математик, физик, жаңа механикалық натурфилософияның бастаушысы. Ол жаратылыстану мен философияның ара жік шектеулерін алғаш рет ажыратты. Негізгі шығармалары: «Жұлдызды хабаршы», «Күн дақтары туралы», «Кастеллиге хат», «Әңгімелер және жаңа екі ғылым саласына қатысты математикалық дәлелдеулер» т.б. Галиллей: Айдағы таулар мен кратерлер, жұлдыздардың көлемі мен олардың алып қашықтығы Күн бетіндегі дақтар, Юпитердің 4 серігі, Сатурнның сақинасы, Құс жолының жеке жұлдыздардың шоғыры екендігі сияқты маңызды астрономиялық жаңалықтардың ашылуына себепші болды. «Әлемнің екі маңызды жүйесі жөніндегі сұхбат – птолемейлік және коперниктік» деп аталатын еңбегі жарыққа шықаннан кейін коперникшілдігі үшін инквизиция сотына түсті, сондықтан бұл теориядан бас тартуға мәжбүр болды. Содан соң инерция идеясы, дененің еркін құлауы, қозғалыстың салыстырмалылығы қағидасы т.б. жаңалықтар аша отырып, классикалық динамиканың негізін салды. Сайып келгенде, Галиллейдің дүниетанымында әлемнің объективті өмір сүретіндігі, шексіздігі мен мәңгілігі туралы ой қозғалып, ол құдайлық алғашқы қозғаушы түрткіні мойындайды. Табиғатта ешнәрсе пайда болмайды және жойылмайды, тек денелердің өзара орналасуы мен олардың бөліктерінің қозғалысы ғана жүзеге асып отырады.

17. Ф.Бэконның эмпиризмі және Р.Декарттың рационализмі – Жаңа Дәуір философиясының ағымдарын салыстырыңыз. Жаңа заман фил-сы деп XVII, XVIII және XIX ғасырларды қамтитын дәуір. Шартты түрде – жаңа тарихтың басы деп 1640 жылғы ағылшын буржуазиялық революциясын – капиталистік немесе буржуазиялық қатынастардың, индустриалды өркениеттің бастауы болған құбылысты алады. Үш ғасыр бұрын адамзат ежелгі дүниемен қоштасып (антика және орта ғасырлар), «адам – ғаламдағы ең мінсіз тіршілік иесі, эволюцияның тәжі, демек – дүниенің қожасы» деп сенген жаңа рухани пікірді бекіткен философия болды. Жаңа заман, яғни капитализм дәуірі құлдық пен феодалдық-өндірістік қатынастардың формаларын түбірінен жаңартып, қайтадан заттық-тауарлық қатынастарды қалпына келтірді.

Сезім туралы ілімі және білімді алудың жолдарын көрсету арқылы Бэкон жаңа эмпиризмнің немесе сенсуализмнің негізін қалады.

Жаңа дәуір философиясындағы эмпиризм – бұл тәжірибелік, сезімдік білімді нағыз шынайы ақиқат білім деп мойындау. Эмпиризм - таным негізінде тек сезім мен тәжірибе жатыр деген пікірді ЖАҚТАЙТЫН ФИЛОСОФИЯЛЫҚ бағыт. XVII ғасырдағы Англияда, одан кейінгі кезенде АҚШ-та кең тарады. Негізін қалаушы - Фр.Бэкон. Көрнекті өкілдері Т.Гоббс, Дж.Локк, Дж.Дьюн. Эпиристер райционалистермен дауласты.

Эмпириктер, эксперименталді жаратылыстануды ғылымның ғылымы деп есептеді. Эмпириктердің негізгі ұраны – Ф.Бэконның «Білім - күш» деген тезисі.

Рационализм (лат. ratіo — ақыл) — болмыстың, танымның, моральдың негізі ақыл деп санайтын философиялық ілім. Рационализм иррационализм мен сенсуализмге қарсы филос. ағым ретінде.

Рационализм(лат. Patio- ақыл- ой деген сөзінен шыққан)- философиядағы бағыт, ол бойынша, болмыс пен танымның негізі- ақыл- ой болып табылады. Рационализмнің негізін салушы Рене Декарт(1596- 1650) есептеледі.

Көрнекті француз философы, ғалым- математик: «Мен ойлаймын, олай болса өмір сүремін» деген атақты қанатты сөздің авторы. Рационализмнің екі бағыты қалыптасқан: онтологиялық, гносеологиялық. Онтологиялық рационализм: болмыстың негізінде ақыл- ой жатыр(яғни болмыс ақылды), бұл тұрғыдан рационализм идеализмге жақын; материалистер рационалистер болды(Демокрит, Эпикур). Гносеологиялық рационализм: танымның негізінде ақыл- ой жатыр; гносеологиялық рационалистер ортағасырлық теология мен схоластикаға қарсы болды; рационалистер эмпиристерге қарсы болды, эмпиристермен пікір талас осы мәселелер төңірегінде болды: ақыл- оймен қарастырылмаған тәжірибе өздігінен танымның негізі бола алмайды; ақыл- ой өздігінен жаңалықтар аша алады.Рационализм 3 түрге жіктеледі: 1. Онтологиялық 2. Гносеологиялық 3. этикалық рационализм.

18.Д.Локк, Д.Беркли және Д.Юмнің гносеологиясы мен таным теориясын айқындап көрсетіңіз. Давид Юм (1711-1776жж.) – ағылшын философы. Негізгі еңбегі – «Адамның табиғаты жөніндегі трактат». Бұл еңбегінде Д.Юм барлық ғылымдардың іргетастарының тұрақсыздығын және білімі бар оқыған, білімді адамдардың сол кездегі философияға қанағаттанбайтынын көрсетеді. Ал оның негізгі себебі, Д.Юмның ойынша, адамның табиғатының терең зерттелмегенінде. Адамның дүниетаным мүмкіндіктері қандай? Д.Юм қайсібір философияның негізгі мәселесі осы болуға тиіс деген пікірге келеді. Ол дүниетануда бірінші және екінші салалар қағидасының құндылығын мойындамайды. Тек қан сезімдік қабылдау адамның дүниетанымының негізінде жатыр. Олай болса, ол-философиядағы сенсуализм бағытының өкілі. Бірақ Д.Юмның ерекшелігі-ал сезімдік танымнан метафизикалық, яғни ең жалпы дүние жөніндегі қағидаларды тудыруға болмайды деген пікірге келуінде. Егер өзінің философиясының негізін Д.Беркли Құдайға әкеліп тіреген болса, Д.Юм «материя» ұғымы сияқты, Құдай идеясының өзін біз дәлелдей алмаймыз деген ойға келеді. Бізге берілген – тек қана түйсіктер мен олардың әртүрлі байланыстары. Олай болса, философияның негізгі мақсаты-түйсіктердің өзара байланыстары арқылы берілетін идеялардың алғышарттарын зеттеу ғана. Олай болса, философиядағы «субстанция», «себеп» т.с.с. ұғымдар-объективті өмірасүріп жатқан «мен», я болмаса тәжірибеге дейін берілген «идея»(apriori) емес, өзінің эмпирикалық, яғни тәжірибеден шығатын мазмұны бар ассоциациялар.


19. Р.Декарт, Б.Спиноза, Г.Лейбництің онтологиясы және ғылыми білімнің дамуына қосқан үлесінің маңыздылығын ашып беріңіз. Рене Декарт (1596 -1650) – француз философы, математик, физик және физиологы. Ла Флеш діни коллегиясында оқыды. Математикада аналитикалық геметрияның негізін салған. Декарттың философиядағы үлесі мынадай:1.Дүниені танудағы ақыл-ойдың рөлін негіздеді;

2.Субстанция, оның атрибутары мен модустары туралы ілімді ұсынды;

3.Философиядағы материализм мен идеализм бағыттарын келісімге келтіруге тырысып, дуализм теориясын негіздеді;

4.Танымның ғылыми әдісі және «туа біткен» идеялар теориясын ұсынды.

Декарт бойынша мәні кеңістік болып табылатын денеден жанның айырмашылығы оның ойлау қабілетінде. Декарт та Бэкон сияқты білімнің міндеті адамның табиғат күштеріне үстемдік етуінде, техникалық құралдарды ойлап табу және жасауында, себеп пен салдарды танып білу, адам табиғатын жетілдіру деп білді. осы міндетті орындау үшін бәріне күдіктене қарау керек деп білді. Бұл күмән барлық нәрсені танып білуге болмайды деген сенімсіздіктен туған жоқ, керісінше, ол білімнің дұрыс бастамасын тудыру үшін қажет. «Күмәнданамын, яғни ойланамын, ойланамын яғни өмір сүремін» деген қағиданы осындай бастама деп есептеді. Механикада қозғалыс пен тыныштықтың салыстырмалығын атап көрсетті, әсерлесу мен жалпы әсердің заңын тұжырымдады, сондай-ақ серпілмейтін екі заттың өзара соқтығысында қозғалыстың толық санының сақталу заңын анықтады. Бенедикт Спиноза – нидерлант философы-материалист, пантеист және атеист. Екі ірі еңбегі белгілі – «Діни-саяси трактат» (1670) и«Этика» (1675). қайшылықты Спиноза өзінің біртұтас субстанция туралы ілімінде шешуге тырысты. Спиноза теориясының мәні мынада:

1.жоғарғы субстанция – Құдай мен Ол жаратқан субстанциялар арасында айырмашылық жоқ;

2.барлығын, бүкіл тіршілікті өзі қамтып жатқан бір ғана субстанция бар;

3.ол субстанция Табиғат пен Құдайды қатар қамтиды;

4.Табиғат – Құдай – бір;

5.Табиғаттан тысқары немесе Табиғаттан жоғары тұрған Құдай жоқ;

6.Құдай Табиғаттың ішінде; Спиноза табиғат - өзіне-өзі себепші, ол өзінің болмысы үшін ешнәрсені де қажетсінбейді деп тұжырымдады.

20.XVIII ғасырдағы француз материализміндегі табиғат, қоғам және адам туралы Ағартушылық идеяларың сипаттаңыз. XVIII ғасырдағы Францияның әлеуметтік-тарихи дамуы ешқандай ымырашылдыққа жол қалдырмаған алпауыттар мен буржуазияның шиеленіскен күрес жағдайында өтіп жатты. Франциядағы буржуазиялық революцияны идеологиялық жағынан дайындау ісінде жалпы ағартушылық қозғалыстың маңызы ерекше болды. Олар алпауыттар билігіне, шіркеудің үстемдігіне қарсы табанды күрес жүргізді.

Француз ағартушылық қозғалысының көсемдерінің бірі Вальтер (1694-1778) буржуазиялық революцияның алғашқы жаршыларының қатарынан саналады. Вальтер — оның лақап аты. Ал шын және толық аты Франсуа Мари Аруэ. Ол Парижде туып - өскен. Жас шағыңда діни мектепте оқыған. Бірақ та схоластикалық ілімнің қасаңдығы әрі іш пыстырар шұбалаңқылығы оны ерте бастан-ақ жеріткен еді. Ол ақсүйек тұқымынан шыққан ерікті жастар ұйымына белсенді мүше болды. Бұл мүшелікке кіндік атасы Аббат де Шатонефтің арқасында қолы жеткен-ді. Өзінің шығармашылық қызметін Вольтер әдеби саладан бастаған еді. Өткір әжуа өлеңдері үшін ол қуғынға ұшырады, кейін Франциядан мүлдем аластатылды. Алғашқы кезде ол Англияда болып, Локктың, Ньютонның ілімдерімен танысты. Ағылшындардың мемлекеттік құрылымы оған өте-мөте ұнағандықтан осы тақырыпқа көптеген шығармалар жазды. Оның Англияда жүріп жазған шығармаларын, әсіресе философиялық хаттарын өртеу жөнінде Францияда үкім шығарылды. 1734 жылдан 1749 жылға дейін ол Францияда ғұмыр кешті.

21. Орта ғасырдағы жалған ғылымдардың қалыптасуы – магия, оккультизм, алхимия мен астрология. Мағынасын ашып, айқындап көрсетңіз Жалпы көпшілікке ортақ пікір бойынша, орта ғасырлық философияның өзі екіге бөлінеді: 1) патристика (2-8 ғғ.); 2) схоластика (9-15 ғғ.). Патристика кезеңінің өзі үшке бөлінеді: ерте патристика (2-3 ғғ.), толысқан патристика (4-5 ғғ.), соңғы патристика (5-8 ғғ). Схоластика да шартты түрде екіге бөлінеді: 1) ерте схоластика (11-12 ғғ.). 2) толысқан немесе соңғы схоластика (13-14 ғғ.). Бұл схоластика орта ғасырдан кейін де жаңа заманға дейін неосхоластика немесе «екінші схоластика» деп аталып жалғасын тапты: 1) контрреформация (15-16 ғғ); 2) католиктік реставрация (18-19 ғғ); 3) неотомизм (20 ғ).

Патристика антикалық философияның аяқталуынан және гностиктермен, басқа да еретиктермен идеялық күрес нәтижесінде қалыптасты. Бірінші сатыда апологеттердің ықпалы күшті болды. Бұндағы негізгі тұлғалардың бірі – Ориген христиандық дін негізінде тұтас философия жасауға талпынды. Патристиканың бұл кезеңдегі өрлеу барысы каппадокикалық үйірмемен байланысты: Василий Великий, Григорий Богослов, Григорий Нисский т.б. Бұл ақыр соңында Дамаскиннің идеяларымен қорытындыланды. Патристикалық онтология абсолютті болмыс ретіндегі құдай идеясының айналасына тоаптастырылды. Патристика пұтқа табынушылық политеизмді, гностикалық дуализмді жоққа шығара отырп, жалпы алғанда, монотеизмді қорғайды да, креационизм арқылы стоиктердің және неоплатоншылдықтың пантеизміне қарсы қойылады. Бұл дәуірдегі басты ерекшелік – философиялық ойдың теоцентристік сипаты. Яғни, тео-құдай, центр-орталық деген мағына болып табылатын болса, құдайды басты түсінікке шығара отырып, идеяларды негіздеу, бүкіл рухани мәдениеттің өзегіне айналдыру алаңы белең алды.

Магия (лат. magia гр. μαγεία — сиқыршылық) — алғашқы қауымдық дін формаларының бірі; іс-әрекеттердің (жеке дара немесе ұжымдық) символдық бейнесі. Магия алғашқы қауым адамы ойының көрінісі және жаратылыстан тыс күштерге сенімнің күшеюімен тікелей байланысты болды. Магиямен байланысты дүние туралы түсініктер ежелгі натурфилософиялық ілімдер мен алуан түрлі “құпия ілімдер” негізінде алынды.

Оккультизм (лат. occultus – жасырын, құпиялы) – ғылыми зерттеуге келмейтін ғажайыптар мен тылсым күштердің бар екенін мойындайтын және олармен өзара іс-қимылдың ерекше әдістерін жасайтын ілім.[1] 19-ғасырда мистик. ағым ретінде пайда болған оккультизм барлық заттар тұтастықты, жиынтықты құрайды, олардың арасында мақсатты қатынастар болады деген теорияға негізделеді. Оған ‘’магия, теософия, спиритизм’’ секілді әр түрлі ілімдердің мистик. бағыттары жатады. Оккультизм тәжірибелік мақсаттар үшін пайдалану мүмкін деп есептейтін жасырын табиғи күштерді зерттеумен шұғылданады.

Астрология (көне грекше: ἄστρον — жұлдыз, көне грекше: λόγος — ғылым) — аспан шырақтары мен адамдар арасында байланыс бар деп есептейтін ілім; орта ғасырларда таралған, қазір де келешекті болжап айту үшін (гороскоп құрастыру үшін) астрологтар пайдаланады. Табиғат құбылыстарның шын мәнісін түсінбеген ертедегі адамдар аспан шырақтарын да құдай деп қастерлеп, оларға табынатын болған. Міне, сондықтан да абыздар планеталарды өздері табынатын құдайларының атымен Юпитер, Марс, Венера т.т деп атайтын болған.

22. Орта ғасырлық христиан философиясының "болмыс" ұғымына баса назар аударып, өзіндік ерекшеліктеріне тоқталып өтіңіз(Августин Аврелий, Фома Аквинский). Әулие Августин (354-430) - патристика дәуіріндегі ең көрнекті философ.
Августинің пікірі бойынша, Құдай – табиғаттан жоғары, барлық дүниені жаратқан тұлға. Құдайдың әлемді жаратуын түсіндіре келіп, Августин мәңгілік және уақыт мәселесіне тоқталды. Уақыт барлық жаратылған заттардың қозғалысы мен өзгерісінің өлшемі, сол себепті заттардан бұрын болмаған. Ол құдайдың шығармашылығымен бірге қалыптасқан.Құдай өзгеріп отыратын заттарды жарата отырып, оның өзгерісінің өлшемін де дүниеге әкелген.Августин сенімінің ақылдан жоғарылығын көрсететін теологиялық формуланы ұсынды. Ойшыл – теолог қасиетті жазуда көрсетілген құдайдың беделіне, қасиетіне деген сенім адам ілімдерінің бастапқы және негізгі қайнар көзі деп есептеді. «Түсіну үшін сен» деп, сенім түсінуге жол ашатындығын айқындады.
Августин жалпы тарихтың христиандық тұғырнамасын дамытты, яғни тарих құдайдың алдын ала болжауымен дамып отырады деген фаталистік нанымды жақтады.
Бүкіл адамзаттың тарихы құдай әлемі мен жер әлемінің арасындағы тартыспен анықталады.Құдай әлемі – шынайы өмір әлемі, ал жер әлемі – күнәкәр өмір әлемі. Жер әлемінің негізі – бауырын құрдымға кетірген қанішер Каин, оған Рим тарихында Ромул сәйкес. Августин үшін Рим жер әлемінің символы болды. Мәңгілік өмір немесе нағыз болмысты сыйлайтын Құдай әлеміне ұмтылғандар Римді ысырып тастауы керек. Римнің өшуі христиан дінінің басқа бұратана халықтар арасында тарауына жағдай жасайды.

23.Жаңа дәуір философиясындағы рационалдық және эмпиристік бағыттарын атап көрсетіп, мысалдар келтіріңіз (Ф. Бэкон, Р.Декарт, Б.Спиноза және т.б.). Жаңа заман фил-сы деп XVII, XVIII және XIX ғасырларды қамтитын дәуір. Шартты түрде – жаңа тарихтың басы деп 1640 жылғы ағылшын буржуазиялық революциясын – капиталистік немесе буржуазиялық қатынастардың, индустриалды өркениеттің бастауы болған құбылысты алады. Үш ғасыр бұрын адамзат ежелгі дүниемен қоштасып (антика және орта ғасырлар), «адам – ғаламдағы ең мінсіз тіршілік иесі, эволюцияның тәжі, демек – дүниенің қожасы» деп сенген жаңа рухани пікірді бекіткен философия болды. Жаңа заман, яғни капитализм дәуірі құлдық пен феодалдық-өндірістік қатынастардың формаларын түбірінен жаңартып, қайтадан заттық-тауарлық қатынастарды қалпына келтірді.

Сезім туралы ілімі және білімді алудың жолдарын көрсету арқылы Бэкон жаңа эмпиризмнің немесе сенсуализмнің негізін қалады.

Жаңа дәуір философиясындағы эмпиризм – бұл тәжірибелік, сезімдік білімді нағыз шынайы ақиқат білім деп мойындау.

Эмпириктер, эксперименталді жаратылыстануды ғылымның ғылымы деп есептеді. Эмпириктердің негізгі ұраны – Ф.Бэконның «Білім - күш» деген тезисі.

Рационализм (лат. ratіo — ақыл) — болмыстың, танымның, моральдың негізі ақыл деп санайтын философиялық ілім. Рационализм иррационализм мен сенсуализмге қарсы филос. ағым ретінде.

Рационализм(лат. Patio- ақыл- ой деген сөзінен шыққан)- философиядағы бағыт, ол бойынша, болмыс пен танымның негізі- ақыл- ой болып табылады. Рационализмнің негізін салушы Рене Декарт(1596- 1650) есептеледі.

24. Философия тарихындағы сана мәселесін қалай түсінесіз? Тарихи маңызы қандай деп ойлайсыз? Сана-бұл тірі табигаттың дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болатын,өте күрделі көп аспектілі құбылыс. Сана құбылысы өзінің көп құрылыгына қарай, әр түрлі ғылымдар тарапынан зерттеледі. Бұлардың әрқайсысы, оган өздерінің мақсаттары мен мүделеріне сай анықтама беруге бейм. Осыдан кейін пайда болган анықтамалар толық емес немесе бір жақты болып келеді.
Ал философиялық тұргыдан, сана деп – адам миының объективті шындықты сезімді немесе логикалық образдарда мақсатты түрде жан-жақты және бага беру түрінде бейнелеуін айтамыз.
Сана бұл текқана қандайда бір образ гана емес дүниенің белсенді түрде бейнелеумен оны қайта бейнелеуге багытталган әрекеттің ең жетілген түрі.
Адам санасының ең маңызды қасиеттерінің бірі – оның белсенділігі. Сананың белсенділігі мынадай жагдайларда жүзеге шыгады дүниені мақсатты түрде және таңдау арқылы бейнелеуде.
қоршаган дүниенің заңдылықтарын түсіндіретін теориялық модельдерді құрастырады.
Табиги және әлеуметтік құбылыстармен проңесстердің даму туралы болжамын жасайды адамның қайта өзгеру әрекетінің негізгі ретінде қызмет етеді.
Сананың пайда болуы табигат әвалютңиясының нәтижесі болып табылады. Жердегі өмірдің күрделенуімен бейнелеудің тітіркенушілік, қозушылық, сезушілік деп аталатын қарапайым түрлерінің болуымен сипатталатын тірі табигат болады. Егерде сана мидың функңиясы дейтін болсақ ал ми орталық нерв жүйесінсіз мүмкін емес.

25. Неміс философиясының "адам" және "гносеология" мәселелеріне ерекше тоқталып, сипаттама беріңіз (И.Кант, Ф.Шеллинг, И.Фихте). XVIII ғасырдың аяғы - XIX ғасырдың бірінші жартысы неміс топырағында да философия кеңінен дамыған ерекше кезең болды. Ол кезеңді Ф. Энгельс классикалық неміс философиясы деп атады. Бұл кезеңді бастап берген И. Кант (1724-1804) болса, оны Л.Фейербах (1804—1872) философиясы аяқтады, ал шырқау шегі Г.Гегель (1770-1831) философиясы еді. Ол кезеңнің өкілдері болғандар: И. Фихте (1762-1841), Ф. Шеллинг (1775-1854). Байқап отырғанымыздай, философтар да ғалымдар, басқа да мәдениет өкілдері секілді тарихта, жоғарыда айтылғандай, топтанып, кезеңдес болып кездеседі. Ол тегін емес. Әрине, себепкер - объективтік жағдай. Философтар да тарихи қажетгіліктен дүниеге келді. Соның бір дәлелі – классикалық неміс философиясы. ХVІІ-ХVIIIғасырлардағы ағылшын, француз жағдайларымен салыстырғанда, XIX ғасырдағы Германия әлі нағыз орта ғасырлық, феодалдық ел болатын-ды. Революциялық жағдай бұл кезде әлі туындамаған еді. Сондықтан неміс философтары жалпы философиялык мәселелермен айналысты. Олар дворяндар емес, жай ғана халқынан (бюргер) шықты. Сондай-ақ өз заманының білімді адамдары қатарында болды. Неміс философтарының бәрі де (Л. Фейербахтан басқалары) университеттерде профессорлық қызмет атқарды.И. Кант Кеннигсберг, Гегель Берлин университетінің ректорлары болды. Шеллинг король IV Фридрих-Вильгельмге құпия кеңесші, әрі оныңдосы болған, Фихте де ректорлық қызмет аткарған. Сөйтіп, неміс философтары аристократиялық тапқа қызмет етті. Германияның пруссиялық-юнкерлік жолмен дамуына себепкер болды. Тарих, олардың пікірінше, абсолюттік рухтың өзін-өзі табуы болып табылады. Германияда үстемдік құрған феодалдық-абсолюттік құрылысты олар ең жоғары рухани күш - жаратушынын қалауы деп түсінді. Мемлекет дегеніміз, Гегельдің пікірінше, Құдайдың әлемді кезіп жүруі. Тек Л. Фейербах олардан оқшау тұрды. Ол 1828 жылы Эрланген университетіне оқытушылық жұмысқа орналасты. Бірақ екі жыл өтпей-ақ ол оқытушылық жұмыстан қуылды. Өйткені ол бүркеме атпен «Өлім және өлместік туралы ойлар» деген кітабын жазып шығарды. Онда ол жеке өлместікті, о дүние болады дегенді материалистік тұрғыдан жоққа шығарды. Сол үшін ол зардап шегіп, ұстаздық жұмыстан біржола қуылып, өмірінің қалған кезін деревняда қиындық пен жоқтықта өткізді.

26.Гегельдің философиялық жүйесі және диалектикалық әдісіне тоқталып, анықтама беріңіз. Гегель философиясы неміс идеализімінің шарықтауының соңғы сатысы деуге болады. Әрине, Гегельдің өзі айтқанындай бұнымен жалпы таным процесі аяқталады десек, ол ақылсыз күлкі болар еді. Қалай дегенде де Гегель бүкіл адамзат мойындаған 18 – 19ғ класикалық неміс философиясының ұлы өкілі болды, және алға қарай болып қана бермек. Гегель класикалық неміс философиясының дәстүрді бағыттарын ілгері дамыта отырып ұғымдар диалектісіне көбірек көңіл бөледі, оған дейін диалектика бір жүйеге түспеген еді, өзіне дейінгі неміс философиясының және өз заманының жаратылыстану ғылымдарын жетістіктерін таразыға сала отырып Гегель өзінің диалектикалық тәсілін жан – жақты негіздейді. Философияның негізгі міселесін Гегель объективтік идиолизм тұрғысынан шешеді. Оны сендіруінше дүниенің түп негізі объективтік рух. Гегельдің пікірінше абъсолюттік рухтың соңғы формасы философия. Ол философияны рухтың өзін - өзі тану процесс ретінде қарастырған. Бірақ Гегель асқан керегенділікпен философиялық ілімдердің үздіксіз даму үстінде болатындығын ешқандай фйлософиялық жүйенің іс – түссіз жоғалып кетпегендігін философиялық ақиқаттың тарихи даму барысында қалып басатынын пайымдай алды. Алайда философия тарихын Гегель объективтік идеолизмнің мүддесіне орай және оның негізгі қағыдаларының тұрғысынан сарапқа салды. Ол субъективті идеализмнің метафизикалық материализмді Юм және Канттың агностипцзйдің қатал санаға қалай дегенде Гегельдің ұлы философ екендігі ақиқат. Гегель философиясының жүйесі мынадай үш бөлімнен тұрады: а) логика; б)табиғат философиясы; в)рух философиясы (феноменология).

Гегель философиясының басты мәселесі - әлемдік рух, абсолюттік идеяның бүкіл дүниені жаратқаны айтылады. Бұл пікірді Гегель "Логика ғылымы”деген еңбегінде жан – жақты баяндаған. Гегель өз философиясының бастамасы етіп абсолют идеясын алды. Абсолют - құдай барлық заттарда бар, бірақ тек таза ақыл-ойда ғана өзіне-өзі тең болады. Абсолюттік идея - нағыз шындық, болмыс және барлық материалдық денелердің түпнегізі және мәні. Оның негізгі атрибуттарының бірі - әмбебап жалпылық. Ол тұрақты және мәңгі. Абсолюттік идеяға әрекетшілдік тән, себебі ол - таза ақыл-ой, ақыл-ой әрекетшіл болмаса өмір сүре алмайды.

27. XX ғасырдағы батыс философиясындағы сциентистік үрдістерге қысқаша мінездеме беріңіз. Қазіргі заманғы Батыс философиясында толып жатқан, кейде бір-біріне қарама-қарсы ағымдар бар. Әрбір дерлік ағымда іштей бір-біріне қарама-қарсы бағыттар да бар. Буржуазиялық философиялық ой-пікірдің марксистік философиямен қарама-қарсылығын былай қойғанда, оның ез ішінде де материализм мен идеализмнің күресі жүріп жатады. Мұның негізгі себебі XX ғасырдағы капиталистік қоғам бастан кешіп жатқан жалпы рухани дағдарыстың негізгі белгілерінде жатыр. Бүгінгі буржуазия философиясы саясат пен идеологияның бұрын болып көрмеген тікелей ықпалын бейнелеңдіруде. Батыстың философиялық білімінің саясаттануына және идеологиялануына капитал елдерінде тап күресінің шиеленісуі, дамыған елдер мен тәуелді елдер арасындағы қайшылықтардың тереңдей түсуі, қазіргі ғылыми-техникалық революциядан туған дүниежүзілік проблемалар т.б. зор есерін тигізуде. Сондықтан да болар, қазіргі Батыс философиясыңда толып жатқан ағымдар мен бағыттар бар. Қазіргі батыстық философияда мынадай ағымдарды және олардың тармақтарын атауға болады: позитивизмнің қазіргі түрі - неопозитивизмнің тармақтары; экзистенциализм жөне иррационализмнің басқа түрлері; діни философияның түрлері — неотомизм, персонализм т.б. Бүлардан басқа тағы да прагматизм, философиялық антропология, феноменология деген түрлері бар. Бұлардың барлығы, сайып келгенде, субъективтік және объективтік идеализмдердің бағытын ұстайды. Қазіргі заманғы батыстық буржуазия философиялары идеалистік түрғыдан осы күнгі өмірдің жаңалықтарына бейімделуге тырысады.

28. ХХ ғасырдағы батыс философиясындағы позитивизмнің тарихи түрлеріне тоқталып, мысалдар келтіріңіз (О.Конт, Э. Мах, К. Поппер). Неопозитивизм — XIX ғасырдың 30-жылдарыңца пайда болган субъективтіё-идеалистік бағыт — позитивизм идеяларын жаңа тарихи жағдайларға жоне ғылым дамуының жаңа деңгейіне сәйкес өрі қарай дамытушы философиялық ағым. Соңдықтан да ол үшінші позитивизм (неопозитивизм) деп аталады. Бірінші позитивизм ретінде О.Конттың (1798-1857) және Г.Спенсердің (1820-1903) философия ғылыми танымның дамуына кедергі болатын керексіз нәрсе деген көзқарасы алынған: философия тікелей қабылдауға болмайтын заттардың мәнін, түпкі себептерді білуге талпындыратын іске аспайтын мақсат қойып, таным процесіне теріс бағыт береді деп санады позитивистер. Конттың пікірінше, адамның таным процесі құбылыстардың сырт көрінісін сипаттап, классификациялауға әрекет жасауы тиіс, олардың ішкі мәнін іздеп әуре болмауы тиіс. Конттың бүл идеяларын өрі қарай дамыту XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында эмпириокритицизм деп аталған оның жаңа түрі — екінші позитивизмнің пайда болуына әкелді. Бүның өкілдері Э.Мах (1838-1916), Р.Авенариус (1843-1896) жөне басқалар заттар мен құбылыстарды түйсіктер деп атап, дүние танудың мақсаты түйсіктердің арасындағы қарым-қатынастарды зерттеу деп түсіңдірді, сөйтіп олар материя мен сананың, физикалық пен психикалықтың қатынасы жайындағы мөселені жоққа шығарды, түйсік, сана алғашқы деп санап, субъективтік идеализмді жақтады. Үшінші позиттизм — XX ғасырдың 20-30-жылдарында эмпириоқритицизмнің орнына келген неопозитивизм — математикалық логиканы философиялық зерттеулерге қолданудың ңәтижесіңде туды.

29.ХХ ғасырдағы батыс философиясындағы прагматизм және структурализм бағыттары жайлы түсінік беріңіз (Ч. Пирс, У. Джемс, Леви-Стросс) Прагматизм қазіргі заманғы субъективтік идеализмнің американдық түрі. Оның басты өкілдері Ч.Пирс (1839-1914), У.Джемс (1842-1910), Дж.Дьюи (1859-1952) т.б. Прагматизмді жақтаушылар дәстүрлі философиялар адамдардың күнделікті іс-ерекеті үшін пайдасыз, өйткені "болмыс", "сана", "материя", "идея" деген сияқты дерексіз үғымдармен айналысқандықтан, адамдардың мақсат-мүдделеріне қызмет етпейді, сондықтан ондай дерексіз жалпы проблемаларды, меселен обьективтік шындықтың мені, философияның негізгі меселесі жайындағы мәселелерді, т.б. лақтырып тастап, тікелей практикалық істермен айналысса ғана дағдарыстан шыға алады деп делелдеуге тырысады. Демек, философияның міндеті, дейді олар, дерексіз бос сөзбен айналыспай, адамдардың бақытты тұрмысқа жетуіне кемектесуде. Прагматизмнің негізін қалаушылар біз бүкіл ескі философиядан үзілді-кесілді бас тартып, жаңа философия жасадық деді кезінде. Өздерінің жаңа философиясының бастапқы негізі ретіңце олар адамды, адамның практикалық іс-әрекетін ұсынды, бірақ олар "практика" үғымының мәнін мүлдем басқаша түсінді — прагматизм практика деп жеке адамдардың қара басының мүддесіне сәйкес пайда табуды, табысқа жетуді түсінді. Практиканың ғылыми-философиялық ұғымына қарама-қарсы прагматизм философияның негізгі мәселесін идеализм түрғысында шеше отырып, практика (пайда табу, табысқа жету) барлығының негізін құрайтын бірден-бір шындық деп есептейді. Практикадан тыс, тәжірибеден тыс ештеңе жоқ жене болуы да мүмкін емес. Олардың пікірінше, тожірибе материалдықты да, идеалдықты да, объективтікті де, субъективтікті де, бір сезбен айтқаңда дүниеде бардың бәрін қамтиды. Прагматизм ілімі бойынша, тәжірибедегі шешуші фактор жеке адам, оның ақыл-ойы мен көңіл күйі, мақсаты мен іс-әрекеті, яғни субъективтік бастама болып табылады. Философияның негізгі меселесінің бүл субъективтік-идеалистік шешімінен практикалық қызметтің де идеалистік түсінігі келіп шығады. Бұл түсінік тұрғысынан алғаңда, адам өзінің практикалық іс-әрекетінде тек өзінің қалауын ғана бас


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: