СИЛЛаБУС

1. Жалпы мәліметтері

1.1. Қазақ Ұлттық Медицина Университеті

1.2. Кафедра - амбулаторлық-емханалық педиатрия

1.3. Жалпы дәрігерлік тәжірибе, пән коды - OVP- 4305

1.4. Мамандық- 051301- «Жалпы медицина»

1.5. Оқу сағаттарының көлемі – 87 сағат

Дәрістер: 4 сағат

Тәжірибелік сабақтар: 54 сағат

Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ): 29 сағат

1.6. Курс – 5, Семестр – 9-10

Бақылау түрі: емтихан

Алматы, 2011

«Амбулаторлық-емханалық педиатрия» кафедрасының мәжілісінде талқыланып, бекітілді.

Хаттама № ___ «____» ________ 2011 ж.

Кафедра меңгерушісі,

м.ғ.д., профессор Дадамбаев Е.Т.


1.7. Амбулаторлық-емханалық педиатрия кафедрасының оқытушылары туралы мәлімет

Аты-жөні Лауазымы, дәрігерлік санаты, ғылыми атағы Ғылыми дәрежесі Басымдық ғылыми қызығушылығы
1. Дадамбаев Едиль Тайтулеович кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор, жоғары санатты педиатр дәрігер м.ғ.д. Педиатрия, эндокриноло-гия, иммунология
  Рахимова Клара Вильямовна м.ғ.д., профессор, жоғары санатты педиатр дәрігер м.ғ.д. Педиатрия, неонатология
  Ибраева Камиля Ертаевна доцент, м.ғ.к., жоғары санатты педиатр дәрігер м.ғ.к. Педиатрия, кардиология, пульмонология
  Сарбасова Жанна Оразбаевна Доцент, м.ғ.к., жоғары санатты педиатр дәрігер м.ғ.к. Педиатрия, иммунология
  Смагулова Алия Болатовна ассистент, м.ғ.к., жоғары санатты педиатр дәрігер м.ғ.к. Педиатрия, пульмонология, УЗИ диагностика
  Измайлова Слу Хабибиевна ассистент, м.ғ.к., педиатр дәрігер сертификаты м.ғ.к. Педиатрия, иммунология
  Нуркасымова Алмагуль Турсынбаевна ассистент, м.ғ.к., педиатр дәрігер сертификаты - Педиатрия
  Зулхажы Айгул ассистент, жоғары санатты педиатр дәрігер м.ғ.к. Педиатрия, иммунология
  Еспанова Айгуль Сарсенбаевна ассистент, жоғары санатты педиатр дәрігер м.ғ.к. Педиатрия, эндокринология
  Мамбетова Индира Зинабдиновна ассистент, жоғары санатты педиатр дәрігер м.ғ.к. Педиатрия, иммунология
  Шим Виктор Робертович ассистент, екінші санатты педиатр дәрігер - Педиатрия
  Аринова Асель Нуртаевна ассистент, педиатр дәрігер сертификаты - Педиатрия

1.8. Қатынастық мәліметтер

Кафедра базалары ПОҚ Мекен жайы Телефондары
1. №7 ҚБЕ Дадамбаев Е.Т. Ш.Калдаяков к-сі, 74, №4 бөлме ж.т. 8(727) 291-88-70 ү.т. 3-89-91-65 с.т. 87772455552 e.dadambaev@rambler.ru
2. №12 ҚЕ, филиалы Рахимова К.В.   ү.т. 262-79-66, 327-69-34 с.т. 87058735542
3. №16 ҚЕ Ибраева К.Е. Шаляпин к-сі, 19а ж.т. 221-34-46 д.т. 255-73-52 с.т. 87017817580 kamilya_i@mail.ru
  №7 ҚБЕ Сарбасова Ж.О. Ш.Калдаяков к-сі, 74, №1бөлме ж.т. 8(727) 291-88-70 ү.т. 234-63-94 с.т. 87772556044 sarbassova@mail.ru
  №8 ҚБЕ Смагулова А.Б. .Толе би к-сі, 249 ж.т.. 240-86-85 д.т. 222-35-27 с.т. 87017375190 alia_sb@mail.ru
  №7 ҚБЕ Измайлова С.Х. Калдаяков к-сі, 74, №19 бөлме ж.т. 8(727) 291-88-70 ү.т. 292-46-49 с.т. 87772577214
  №8 ҚБЕ Нуркасымова А.Т. Толе би к-сі, 249 ж.т. 292-54-00 ү.т. 256-59-43 с.т. 87756217549
  №12 ҚБЕ, балалар бөлімі Зулхажы А. Бухар Жырау к-сі, 45 ж.т. 274-76-76 д.т. 376-20-31 с.т. 87013017818 zul_ai@mail.ru
  №1 ҚБЕ Еспанова А.С. Жибек жолы к-сі, 79 ж.т. 279-45-01 ү.т. 292-78-86 с.т. 87011455403 aiya 68@mail.ru
  №8 ҚБЕ Мамбетова И.З. Толе би к-сі, 249 ж.т. 240-86-85 ү.т. 2270549 c.т. 87017377587 i.zinabdin@mail.ru
  №11 ҚЕ Шим В.Р. Жумабаев к-сі, 87 ү.т. 294-97-42 с.т. 87773965745 victorr@mail.ru
  №8 ҚБЕ Аринова А.Н. Толе би к-сі, 249 ж.т. 240-86-85 ү.т. 384-89-41 с.т. 87011568515

1.9.Пән саясаты: оқу барысында студенттерге қойылатын кафедраның жалпы талаптары оқу үрдісінің жүйелі және мақсатты түрде жүргізілуіне саяды. Оқытушылардың студенттерге қоятын талаптары медициналық ЖОО-да оқытудың жалпы принциптеріне негізделген.

Кафедраның жалпы талаптары:

1.Дәрістерге, тәжірибелік сабаққа міндетті түрде қатысу.

2.Сабақ басталғанда әрбір студентте санитарлық кітапша, медициналық халат, қалпақ, жеке марліден маска, ауыстыратын аяқ киім болуы қажет.

3.Студент дәріске, тәжірибелік сабаққа кешікепеуі тиіс.

4.Студент оқу үрдісіне белсенді қатысуы тиіс, дәрістер конспектісі болуы керек, теориялық материалды білуі, ситуациялық есептерді шығарып, тестік тапсырманы орындауы тиіс, науқасты объективті тексеруді игеріп, қолдана білуі тиіс: пальпация, перкуссия, аускультация.

5.Бір тақырып бойынша СӨЖ орындауы міндетті.

6. СӨЖ материалдарын өткізу мерзімі (ситуациялық есептер, диагностика алгоритмі, емдеу үлгісі) және СӨЖ тақырыбын қорғау тақырыптық жоспарға сәйкес бекітілген мерзімде іске асырылады.

7.Студенттер пациенттер және клиникалық база қызметкерлерімен жағымды қарым-қатынаста болу.

8.Топтағы дау-жанжалды кафедра меңгерушісі немесе оқу ісінің меңгерушісінің қатысуымен ашық талқылау.

Жұмыс бөлімдерін орындамағаны үшін айып шаралары:

· сабаққа 30 % сағат көлемінде белгілі себептермен қатыспаған студентке кафедра меңгерушісіне рапорт жазылады.

· 30 % сағат көлемінен артық қатыспаған үшін деканатқа рапорт жазылады.

2. Бағдарлама

2.1. Кіріспе

Халқымыздың денсаулығының қанағаттанарлықсыз көрсеткіштері, мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты, бірақ ең негізгісі- медициналық көмектің сапасының төмендігі және халықтың қол жетімділігінің аздығы. Өлім мен мүгедектік себептерін потенциальді болдырмауға болады. Дамыған елдерде дәрігерлер көптеген аурулар мен олардың асқынуларын емдеу және болдырмау жолдарын игерген. Осы себептен қазіргі кезде біріншілік звено дәрігерлерінің халық денсаулығы көрсеткіштерін жақсартуда рөлдері зор.

Денсаулық жағдайын жақсарту үшін денсаулық сақтауда жүйелі өзгерістер еңгізуді қажет етеді. Бұл өзгерістердің бірінші буыны Қазақстан Республикасындағы Денсаулық Сақтауды реформалау және дамыту жөніндегі Мемлекеттік Бағдарламасы болып саналады. Денсаулық Сақтауды реформалау және дамыту жөніндегі Мемлекеттік Бағдарламада халыққа біріншілік медико-санитарлық көмекті дамыту және ана мен бала денсаулығын қорғау-приоритетті бағытқа жатқызылған. Оның назар аударылатын тұстары - медициналық көмектің бірінші буынын күшейту, алдын алу мен диспансерлік бақылауды дамыту, медициналық көмектің жоғары технологиялық түрлеріне қол жеткізу.

Балалар емханасы-бала денсаулығын қорғаудағы денсаулық сақтау жүйесіндегі бірінші буын болып табылады. Емдеу- алдын алу көмекті учаскелік педиатр атқарады, бала дүниеге келмес бұрын және өмірінің бірінші күнінен бастап педиатр бала денсаулығы мен дамуын үздіксіз бақылайды. Баланың жанұясының әлеуметтік жағдайын білетіндіктен, ол әр балаға жеке аурудың алдын алу және ауруды ерте анықтау шараларын, маманды дәрігерлік көмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыра алады.

Денсаулық сақтаудың біріншілік буын мамандарының кәсіби ерекшелігі: балалар денсаулығын сақтауда диспансерлік бақылауды жүргізу, жұқпалы аурулардың алдын-алу, ауырған балаларды толық клиникалық жазылуға дейін үйде немесе емхана жағдайында емдеу. Госпитализацияға дейінгі ургентті диагностика, науқас балаларды диспансерлік бақылау, медициналық және әлеуметтік реабилитация, баланың ата-анасымен санитарлық ағарту және санитарлық-гигиеналық жұмыс жүргізу, балалардың және жанұясындағы медико-әлеуметтік мәселелерін шешу жүргізіледі.

5 курста емханада антенатальды алдын алуды ұйымдастыру, жетіліп туған нәрестелер мен шала туған нәрестелерді диспансерлік бақылау, жұқпалы аурулардың алдын-алу жұмыстарын ұйымдастыру, егу кестесі, инфекция ошағында эпидемияға қарсы шараларды жүргізу, дені сау және фонды патологиясы бар балаларды диспансерлік бақылау, балалар ауруларын интегрирленген жүргізу мәселелері қаралады.

Бала денсаулығын бағалауда, физикалық, жүйке-психикалық дамуды әр жас кезеңіне сай бағалау емхана дәрігерінен генетикалық, анатомо-физиологиялық, психологиялық, әлеументтік және басқа да аспектілерді қамтыған жоғары білім деңгейін, дағдыларды талап етеді.

2.2. Пән мақсаты: амбулаторлық жағдайда балаларға емдеу-алдын алу көмегін көрсетудің дағдылары мен білімін қалыптастыру.

2.3. Оқыту міндеттері:

  • Балалар емханасы жағдайында балаларға емдеу-алдын алу көмекті ұйымдастыру принциптерін оқыту;
  • Учаскелік дәрігердің функционалдық міндеттері мен таныстыру
  • Ерте және ересек жастағы дені сау балаларды диспансерлік бақылауды ұйымдастыру принциптерін меңгеру;
  • Ұтымды тамақтандыру прнциптерін оқып-үйрену;
  • Фонды патологиялардың алдын-алу тәсілдерін меңгеру;
  • Науқас балалардың диспансерлік бақылауын ұйымдастыру;
  • Салауатты өмір салтын насихаттау, санитарлық-ағарту жұмыстарын, санитарлық-гигиеналық жұмыстарын жүргізе білу;
  • Педиатр-дәрігер қызметінің құқықтық және құлықтық нормаларын қалыптастыру

2.4.Оқытудың соңғы нәтижелері:

Студент білу керек:

· Балалар емдеу-алдын алу мекемелері қызметінің негізгі көрсеткіштерін;

· Емханада дені сау балаларды диспансерлік бақылаудың принциптерін;

· Балалар емханасы жағдайында жас нәрестелер мен емшек жасындағы балаларға көрсетілетін

емдеу-алдын алу көмегінің түрлерін;

· Дені сау балалар мен жасөспірімдерді дспансерлік бақылау принциптерін;

· Балалардың денсаулығын жиынтықты бағалауды, денсалық тобын, қатер тобын анықтауды;

· Әр түрлі жастағы балалардың дене және жүйке-психикалық дамуын бағалауды, балаларды гигиенаға үйрету және бала тәрбиесі мәселелерін;

· Ұтымды тамақтандыру (балансталған) және емізу принциптерін;

· Жұқпалы аурулардың арнайы алдын-алуды;

· Әртүрлі аурулар кезінде диспансерлік бақылау мәселелерін;

· Балалармен және ата-аналармен санитарлық-ағарту жұмыстары мәселелерін (жүкті әйелдер мен ерте жастағы балалардың күтімі);

· Дәрігерлік этика мен деонтология негіздерін.

Студент жасай білуі керек:

· Ұрықты антенатальды алдын алуды жүргізуді;

· БДҰ ұсынысына сәйкес баланың дене және жүйке-психикалық дамуын бағалау;

· Денсаулық тобына сәйкес баланың денсаулық жағдайын бағалауды, қауіп қатер тобын анықтауды;

· Денсаулық жағдайын жиынтықты бағалауды;

· Диспансерлік бақылау жоспарын құруды;

· БДҰ нұсқауына сәйкес бала күтімі және тамақтануы жөнінде шаралар жүргізуді;

· Жұқпалы аурулардың арнайы және арнайы емес алдын алуды жүргізуді;

· Балалардың гигиеналық тәрбиесін және санитарлық-ағарту жұмыстарын ұйымдастыруды;

Студент келесі дағдыларды меңгеру керек:

- баланы қарау, пальпация, перкуссия және аускультация;

- балалардың қан қысымын өлшеу, пульсін, тыныс алу жиілігін санау;

- балалардың дене және жүйке-психикалық дамуын бағалау;

- қатер тобын және денсаулық тобын анықтау;

- ұтымды тамақтандыру;

- жұқпалы аурулардың иммундық алдын алу;

- әр түрлі жас кезеңдерінде дені сау балаларды диспансерлік бақылау;

- әр түрлі аурулар кезіндегі диспансерлік бақылау;

- салауатты өмір салтын насихаттау барысында санитарлык-ағарту жұмыстары.

2.5.Пәннің пререквизиттері: ішкі аурулар пропедевтикасы, коммуникативтік дағдылар-1, коммуникативтік дағдылар-2, клиникаға кіріспе-2, дәлелді медицина негіздері, ішкі аурулар, балалар аурулары, хирургиялық аурулар, акушерство және гинекология.

Пәннің постреквизиттері: жалпы дәрігерлік тәжірибе бойынша интернатура, ішкі аурулар интернатурасы, хирургиялық аурулар интернатурасы, акушерство және гинекологиядан интернатура, балалар ауруларынан интернатура.

2.6. Пән мазмұны

5 курста «Жалпы медицина» мамандығы бойынша «Жалпы тәжірибе дәрігері» пәнінің профильдік маңыздылығы жоғары. Бұл пәнді оқытудың негізгі міндеті студенттерге көп таралған аурулардың диагностикасы мен емін дәлелді медицина негізінде оқытып, үйрету.

Бұл пәнді оқытып, үйрету аурудың типтік көріністеріне диагноз қою, көп таралған аурулардың алдын алу және халық денсаулығын нығайту мәселелерін жетік білетін біліктілік талаптарына сәйкес медицина бакалаврларын дайындауда аса маңызды.

Біліктілік мінездемесінің талаптарына сәйкес «жалпы медицина» 051001 мамандығы бойынша 5 курс студенті пән бойынша кең таралған аурулардың этиологиясын, патогенезін, клиникасын, диагностикасын, емін және алдын алуын білуі тиіс. Білм алушы толық көлемде науқасты тексеру дағдыларын игеруі тиіс, қосымша тексеру бағдарламасын жасай білуі керек, аспапты-зертханалық зерттеу нәтижелерін дұрыс талдай білуі керек, аурулардың қазіргі кездегі жіктеуіне сәйкес дұрыс диагноз қойып, және де оған ем тағайындай білуі керек.

Барлық сабақтар науқасты клиникалық талдау негізінде емханада өткізіледі. СӨЖ осы Жұмыс бағдарламасы аясында аудиториядан тыс жұмыс бағдарламасы бойынша ұйымдастырылады.

2.7. Дәрістер тақырыбының қысқаша мазмұны және сағат көлемі

Тақырыптар Дәрістер ұзақтығы
  Тақырып: Жалпы тәжірибе дәрігерінің жиі ауыратын балаларды диспансерлік бақылауы және реабилитациялауы. 2сағат
  Диспансерлік бақылау. Жиі ауыратын балалар топтарының қалыптасуы. ЖАБ әлеуметтік маңыздылығы. Үйде және мектепке дейінгі балалар мекемесінде реабилитациялау жағдайларын ұйымдастыру.  
  Тақырып:Жалпы тәжірибе дәрігерінің жұмысындағы иммундық алдын алу. 2сағат
  Инфекциялардың алдын-алу. Емхананың егу бөлмесіі: жұмысын ұйымдастыру, дәрігер-иммунологтың, м/б қызметі, егу картотекасы, вакциналар мен сарысудың сақталуы. Егу кестесі, егуді жоспарлау. Белсенді иммунизация. Егуге көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер. Балаларды егуге дайындау. Иммунизация нәтижелігін бақылау әдістері. Егудің жалпы, жергілікті реакциялары. Пассивті иммунизация. Поствакцинальды асқынудың түрлері, жіктелуі, клиникалық көріністері, даму себептері, алдын алу, емі. Иммундық алдын алудың асқынуына экспертті талдау жасау. Учаскедегі эпидемияға қарсы жұмыстардың сапасына сараптамалық талдау жасау.  
  Барлығы: 4 сағат

Дәрістердің тақырыптық жоспары.

Тақырыптар Дәрісті өткізу түрі Дәріс ұзақтығы
  Жалпы тәжірибе дәрігерінің жиі ауыратын балаларды диспансерлік бақылауы және реабилитациялауы. шолу 2 сағат
  Жалпы тәжірибе дәрігерінің жұмысындағы иммундық алдын алу. шолу 2 сағат
  Барлығы:   4 сағат

Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары

Тақырып № Блоктардың аты және тақырыптары Өткізу түрі Оқу жүктемесінің көлемі (сағатпен)
       
№ 7 БЛОК ЖТД жұмысындағы балалар аурулары
  Дені сау балаларды диспансерлік бақылау принциптері. · Тест-бақылау; · Науқасты амбулаторлық қабылдау (үйде қызмет көрсету), тәжірибелік дағдыларды игеру (дәрігермен жұмыс); · Қараған науқасты талдау, тақырыпқа сай науқасты клиникалық талдау – топпен жұмыс, дискуссия; · Ситуациялық есептерді шешу.  
  Ерте жастағы балаларды ұтымды тамақтандыру принциптері.  
  Фонды патологиясы бар балаларды диспансерлік бақылау.  
  Бронхообструктивті синдром, пневмониямен науқас балаларды жүргізу ерекшелігі.  
  Бауыр аурулары, диспепсиялық синдроммен балаларды жүргізу ерекшелігі. Амбулаторлық картаны қорғау. Аралық бақылау (коллоквиум). · Тест-бақылау; · Науқасты амбулаторлық қабылдау (үйде қызмет көрсету), тәжірибелік дағдыларды игеру (дәрігермен жұмыс); · Қараған науқасты талдау, тақырыпқа сай науқасты клиникалық талдау – топпен жұмыс, дискуссия; · Ситуациялық есептерді шешу. Тәжірибелік дағдыларын тексеру. Тест түріндегі коллоквиум.  
  Барлық сағат:   30 сағат
№ 8 БЛОК ЖТД жұмысындағы балалар аурулары
         
6. Нәрестелерге емдеу-алдын алу көмегін ұйымдастыру. · Тест-бақылау; · Науқасты амбулаторлық қабылдау (үйде қызмет көрсету), тәжірибелік дағдыларды игеру (дәрігермен жұмыс); · Қараған науқасты талдау, тақырыпқа сай науқасты клиникалық талдау – топпен жұмыс, дискуссия; · Ситуациялық есептерді шешу. · Тәжірибелік дағдыларын тексеру. Тест түріндегі коллоквиум.    
7. Иммундық алдын алу.    
8. БДҰ бағдарламасы бойынша балалардағы ауруларды интегрирленген түрде жүргізу.    
   
9. Бүйрек аурулары бар балаларды жүргізу ерекшеліктері. Қорытынды кеңес беру  
     
  Барлық сағат:   24 сағат  

(академиялық сағат ұзақтығы – 50 минут)

Кеңес беру уақыты –блок бойына күнделікті 14.30 – 17.30 дейін. Аралық бақылау уақыты – блок соңында 6 сағат бойы.

Қорытынды бақылау уақыты – семестр соңында ОП және ОҮК кестесі бойынша.

2.8. Аудиториядын тыс СӨЖ бойынша тапсырмалар, оның түрлері, бөлу тәртібі және СӨЖ орындалуын бағалау әдістері.

Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) аудиториядағымен қатар білім беру үрдісінің бір түрі болып саналады, оқу және ғылыми жұмыста өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Жаңа білім беру парадигмасына орай жас маман негізгі білімді, кәсіби ептілік пен дағдыларды, творчестволық қызмет тәжірибесін игеруі тиіс.

СӨЖ түрі сан алуан. Тақырыпты бөлу кезінде студенттер оны орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаумен, ұсынылған әдебиеттермен, нәтиже талаптарымен, бағалау критерилерімен танысады.

СӨЖ 5 деңгейі бар, оның негізіне қабылдау және творчестволық үрдістердің қатынасы алынған (Ипатова М.А., 2004).

СӨЖ бірінші деңгейі – мәліметті сөзбе-сөз беру (рефераттар).

Екінші деңгей – үлгі бойынша өз бетімен жұмыс: дәріс мәтініне сұрақтар, тестік тапсырмалар құрастыру. Бұл үлгі студенттің ойлауын

жауап іздеуге бағыттайды.

Үшінші деңгей – құрастырушы-өздік жұмыс, бұған ребустар, кроссвордтар, сұхбат алу, сауалнама жасау, ситуациялық есептер құрастыру

жатады.

Төртінші деңгей – оқытушы берген қиын ситуациялық есептерді шешу, іскерлік ойынға дайындық.

Бесінші деңгей – творчестволық (зерттеушілік) өзіндік жұмыс.

Кафедрада өзіндік жұмыс ретінде келесі тапсырмалар белгіленген:

· Реферат жазу

· Презентация

· Эссе

· Кроссворд құрастыру, тестік тапсырмалар құрастыру

· Диагностика алгоритмін, диспансерлік бақылау үлгісін дайындау

· Емдеу алгоритмін дайындау

· Амбулаториялық жағдайда науқасты қараудың өзекті мәселелері бойынша нақты мәліметтерді іздеу

· Ситуациялық есептер құрастыру

· Берілген нозология бойынша зертханалық тестілер жиынтығын дайындау

· Дені сау бала бөлмесінде жұмыс істеу, атқарған жұмысына есеп беру, егу жоспарын құру

Жұмыс бағдарламасының әрбір тақырыбы бойынша студенттерге тапсырманың 6 түрін таңдау ұсынылады. Студенттер тапсырманы орындау үшін 2-3 адамнан топтасуына болады, немесе тапсырманы жеке орындаса да болады. Студенттерге көмек ретінде кафедрада СӨЖ әр түрін орындау үшін әдістемелік нұсқаулар дайындалған. СӨЖ-ді жеткілікті түрде объективті бағалауды қамтамасыз ету үшін баллдық бағамен арнайы критерилер дайындалған. Ол силлабусқа қосымша беріліп отыр.

СӨЖ тақырыптық жоспары

№ 7 БЛОК ЖТД жұмысындағы балалар аурулары
       
  Жас нәрестеге үйге патронажға бару, есептік амбулаторлық картасын толтыру - Реферат - презентация - тестік және ситуациялық есептер құрастыру - диспансерлік бақылау үлгісі - эссе - педиатрлық учаскеде баланы қарау - кроссворд құрастыру - дені сау бала бөлмесінде жұмыс жасау, атқарған жұмысына есеп беру  
  Дені сау бала бөлмесінде жұмыс істеу. - Реферат, презентация - тестік және ситуациялық есептер құрастыру - ас мәзірін құрастыру, калоражды есептеу - эссе - педиатрлық учаскеде баланы қарау - кроссворд құрастыру  
  Фондық патологиясы бар балаларға жеке егу күнтізбесін құрастыру. - Реферат - презентация - тестік және ситуациялық есептер құрастыру - диспансерлік бақылау үлгісі - эссе - педиатрлық учаскеде баланы қарау - кроссворд құрастыру  
  Созылмалы аурулары бар балаларды диспансерлік бақылау үлгісін құрастыру - Реферат - презентация - тестік және ситуациялық есептер құрастыру - диспансерлік бақылау үлгісін құрастыру - эссе - педиатрлық учаскеде баланы қарау - кроссворд құрастыру - амбулаториялық жағдайда науқасты қараудың өзекті мәселелері бойынша нақты мәліметтерді іздеу (дәлелді медицина принциптері негізінде)  

       
  Жас нәрестелер мен аналарды перзентханадан шыққаннан кейінгі ерте кезеңде бақылау ерекшеліктері - Реферат - презентация - тестік және ситуациялық есептер құрастыру - педиатрлық учаскеде баланы қарау - созылмалы аурулары бар балаларды диспансерлік бақылау үлгісін жасау - амбулаториялық жағдайда науқасты қараудың өзекті мәселелері бойынша нақты мәліметтерді іздеу (дәлелді медицина принциптері негізінде)  
  Амбулаториялық жағдайда ауруларды жүргізудің өзекті мәселелері бойынша нақты ақпараттар іздеу (дәлелді медицина принциптері негізінде) - Реферат - презентация - тестік және ситуациялық есептер дайындау - диспансерлік бақылау үлгісі - эссе - педиатрлық учаскеде баланы қарау - кроссворд - амбулаторлық карта толтырумен жаңа туған сәбидің үйлегі патронажы - жаңа туған сәбиге перзентханадан ерте шыққан кезде медициналық қызмет көрсету және күту ерекшеліктері, презентация дайындау  
  Барлығы    

2. 9. ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТ

Негізгі:

1. Под ред.Баранова А.А.Руководство по амбулаторно-поликлинической педиатрии.М.,2006, 592 с.

2. Дадамбаев Е.Т. Бала дәрігерінің серігі.- Алматы, 2011, 292 б.

3. Дадамбаев Е.Т. Амбулаторлық емханалық педиатрия. Алматы, 2010, 306 б.

4. Джумагазиев А.А. Основы поликлинической педиатрии. Р-н-Д., 2006.

5. под ред. Калмыковой А.С. Поликлиническая педиатрия. М., 2008, 624 с.

6. Рахимова К.В., Девятко В.Н. Организация диспансерного наблюдения за детьми в амбулаторных условиях. Алматы, 2005, 154 с.

7. Стукалова Т.Е. Лекции по поликлинической педиатрии. М., 2005.

8Қосымша:

1. Детские болезни: учебник+СД/под ред.А.А.Баранова, 2 изд. М.,2007,1 т.880 с., 2 т. 1008 с.

2.Дадамбаев Е.Т. Аномалии конституции у детей. Алматы, 2001,30 с.

3. Коровина Н.А. и соавт. Железодефицитная анемия у детей. М., 2001, 56 с.

4. Коровина Н.А., Захарова И.Н. Современные подходы к профилактике и лечению рахита у детей. М., 2003, 28 с.

5.Приказ №2295 от 30.12.2009 г. «Об утверждении перечня заболеваний, против которых проводятся профилактические прививки, Правил их проведения и групп населения, подлежащих плановым прививкам».

6. Шабалов Н.П. Учебник «Детские болезни», СПб., 2008, 1т.832с., 2 том 736 с.

7. Дадамбаев Е.Т. и соавт. Поликлиническая педиатрия. Алматы. 1999, 196 с.

8. Приказ МЗ РК от 22 ноября 2007 года №691 «Об усилении профилактических мер по охране здоровья детей раннего возраста в Республике Казахстан. Астана, 2008, 28 с.

2.10. Сабақ беру және оқыту әдістері.

Дәрістер: тақырыптық, мәселелік.

Тәжірибелік сабақ: ауызша әңгіме жүргізу, дәрігерлік қабылдауда, педиатриялық учаскеде жұмыс жасау, зертханалық мәліметтер мен функциональды зерттеулер нәтижелерін интерпретациялау, ауызша сұрау, тест және ситуациялық есептерді орындау, кіші топта жұмыс жасау,сұрақтар туындағанда оқытушыдан кеңес алу.

Студенттің өзіндік жұмысы –тәжірибелік сабақтың кейбір тақырыптарын тереңдетіп оқу, әдебиетпен жұмыс жасау, тест және ситуациялық тапсырмаларды орындау, үй жағдайында патронаж жасау, реферат, презентацияларды дайындау, егу жоспарын, диспансерлік бақылау жоспарын құру.

2.11. Студенттің дағдыларын және білімін бағалау ережелері мен критерийлері.

Күнделікті бақылау t – компетенция қалыптасу деңгейі бағасы

t= (Z+N+K+P+S)/n

мұнда

n – барлық компетенция бойынша тапсырма саны

Z: z1+z2+…+zn - Білім үшін баға

N: n1+n2+…+nn - Дағдылар үшін баға

K: k1+k2+…+kn - Коммуникативтік компетенция үшін баға

P: p1+p2+…+pn - Құқықтық компетенция үшін баға

S: s1+ s2+…+sn - СӨЖ үшін баға

Әрбір компетенция 100-баллдық шкаламен есептеледі

Бағалау түрі, әрбір компетенция бойынша тапсырмалар саны Жұмыс бағдарламасында анықталған(п.2.9 Студенттің дағдыларын және білімін бағалау ережелері) және Силабуста (п.2.10. Студенттің дағдыларын және білімін бағалау ережелері мен критерийлері).

Студенттің рейтинг бағасы күнделікті және аралық бақылау бағалары қосындысынан тұрады.

Аралық бақылау r – коллоквиум

Саны, жүргізу түрі пән саясатымен анықталады.

Жіберу рейтингі қорытынды бағада 60 %-дан кем болмауы керек, сондықтан пән бойынша семестрлік баға келесі формула бойынша есептеледі:

Rд= (t+r1+r2)/ *0.6

где, t – ағымды бақылау

r1 – бірінші аралық бақылау

r2 – екінші аралық бақылау

Қортынды бақылау: біріктірілген түрдегі емтихан, екі кезеңнен тұрады: 1) тестілеу, 2) ауызша(билет бойынша, тәжірибелік дағдыларды тексеру және т.б.)

Eд= (+Е12)/ *0.4

Мұнда Е1 - емтиханның I кезеңіндегі баллы,

Е2емтиханның II кезеңіндегі баллы.

Емтиханды өткізу технологиясы және бағалау.

Қорытынды бақылаудың ең жоғарғы пайыдық мазмұны 100 % құрайды. Емтихан қабылдаушы (Э) оқушының қорытынды бақылау білімін өлшеу құралдарын қолдана отырып бағалап, емтихандық ведомстьке қорытынды бағасын қояды.

Ауызша сұрау кезіндегі қорытынды бақылауды өлшеу құралы (билет бойынша емтихан, билетте 3 сұрақ)

Жұмыстың орындалу сапасы Бағалау диапазоны
  Орындалмаған Емтиханға белгісіз себеппен келмеу 0%
  Әр сұрақ бойынша білімін бағалау 0-30%
  Қосымша сұрақтарды бағалау 0-10%
  Барлығы: 0-100%

Тест түрінде қорытынды бақылауды өлшеу құралы

Емтихан кезінде студентке 50 тестік тапсырма беріледі, яғни әрбір тапсырма 2 баллға немесе пайызға сәйкес

Жұмыстың орындалу сапасы Бағалау диапазоны
  Орындалмаған Емтиханға белгісіз себеппен келмеу 0%
  Әрбір дұрыс жауаптың бағасы 2%
  барлығы: 0-100%

Қорытынды бақылау бағасының үлесі пән бойынша білімнің 40 % құрайды, сондықтан пән бойынша емтихан бағасы (Э) 0,4 коэффициентке көбейтіледі.

Эх0,4

Ары қарай қорытынды баға шығарылады

I = R х 0,6 + E х 0,4, мұнда

I – қорытынды баға

R – рейтинг бағасы

E – қорытынды бақылау бағасы (пән бойынша емтихан)

Рейтинг I-дің 60% құрайды,

емтихан I-дің 40% құрайды.


ЖТД жұмысындағы балалар аурулары пәні бойынша жалпы тәжірибе дәрігері мамандығының 5-курс студенттерінің компетенцияларын бағалау

сабақ№ Сабақ тақырыбы Бағаланатын компетенциялар
Білім Тәжірибелік сабақтар Коммуникатив-тік дағдылар Құқықтық компетенция Өзін дамыту
1. Дені сау балаларды диспансерлік бақылау принциптері. Тестілеу, Ситуациялық есептер шешу 025-7/у үлгісін толтыру Бала және ата-аналармен қатынаса білуді қалыптастыру ҚР ДМ-нің № 145 Бұйрығы 16.03. 2011 ж. «№ 685 «Халықтың мақсатты топтарында профи-лактикалық меди-циналық қарауды ұйымдастыру ережелері» өзгеріс енгізу туралы,тестілеу, ауызша сұрау «Жас нәрестеге үйге патронажға бару, есептік амбулаторлық картасын толтыру» тақырыбында презентация көрсету
2. Ерте жастағы балаларды ұтымды тамақтандыру принциптері. Тестілеу, Ситуациялық есептер шешу, ауызша сұрау Дені сау табиғи тамақтанатын балаға тамақты есептеу Өз ұсыныстарын анық, нақты жеткізе білу, ата-аналарымен қатынаса білу ДДҰ және ЮНИСЕФ Бағдарламасы: «Емшек сүтімен ұтымды тамақтандырудың 10 принципі», тестілеу, ауызша сұрау Реферат жазу: «Дені сау бала бөлмесіндегі жұмыс»
3. Фонды патологиясы бар балаларды диспансерлік бақылау. Тестілеу, Ауызша сұрау Фондық патологиясы бар балаларға жеке егу күнтізбесін құрастыру өз жауабын жеткізе білу және талдай білу   Реферат жазу: «Фондық патологиясы бар балаларға жеке егу күнтізбесін құрастыру»
             
4. Бронхообструктивті синдром, пневмониямен науқас балаларды жүргізу ерекшелігі.. Тестілеу, Ситуациялық есептер шешу, ауызша сұрау       Реферат жазу немесе презентация жасау «Амбулаториялық жағдайда ауруларды жүргізудің өзекті мәселелері бойынша нақты ақпараттар іздеу (дәлелді медицина принциптері негізінде)»
5. Бауыр аурулары, диспепсиялық синдроммен балаларды жүргізу ерекшелігі. Тестілеу, Ситуациялық есептер шешу, ауызша сұрау        
6. Нәрестелерге емдеу-алдын алу көмегін ұйымдастыру. Тестілеу, Ситуациялық есептер шешу, ауызша сұрау Жас нәрестеге үйге патронаж жасау ата-аналармен қатынаса білуді қалыптастыру ҚР ДМ-нің 2007ж.22 қараша күнгі № 691 Бұйрығы. «Ерте жастағы балалардың денсаулығын сақтау үшін профилактикалық шараларды күшейту туралы», тестілік бақылау, ауызша сұрау Реферат жазу немесе презентация жасау «Жас нәрестелер мен аналарды перзентханадан шыққаннан кейінгі ерте кезеңде бақылау ерекшеліктері»
7. Иммундық алдын алу. Тестілеу, Ситуациялық есептер шешу, ауызша сұрау Амбулаторлық балаларды қабылдау, даму тарихын толтыру Баламен қатынасу, Ата-аналарымен әңгіме өткізу ҚР ДМ 30.12.2009 ж.№2295 Бұйрығы, «Жұқпалы ауруларға қарсы жүргізілетін профилактикалық егулер, жоспарлы егуге ж Бұйрық №218,24.04.2011ж. «Туберкулезбен күресбойынша кейбір мәселелер жөнінде» ататын топтар», Бұйрық №404, 17.06.2011ж. «Қазақстан Республикасында туберкулезбен күресу шараларын жетілдіру жөнінде». Тестілік бақылау, ауызша сұрау Реферат жазу немесе презентация жасау «Фондық патологиясы бар балаларға жеке егу күнтізбесін құрастыру»
  БДҰ бағдарламасы бойынша балалардағы ауруларды интегрирленген түрде жүргізу. Тестілеу, Ситуациялық есептер шешу, ауызша сұрау     БАБЖ бойынша ДДҰ Бағдарламасы, тестілеу, ауызша сұрау  
9. Бүйрек аурулары бар балаларды жүргізу ерекшеліктері. Тестілеу, Ситуациялық есептер шешу, ауызша сұрау       Реферат жазу немесе презентация жасау «Созылмалы аурулары бар балаларды диспансерлік бақылау үлгісін құрастыру»
  Барлығы:25          

Пән бойынша студенттің бағаларының қосындысы

Әріптік жүйе бойынша бағалау Сандық эквиваленті Балл Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
А 4,0   Үздік
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 Жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F   0-49 Қанағаттанарлықсыз

26.08.2006жылғы ҚР МЖМБС 5.03.06-2006 «Қазақстан республикасында білім беру стандарты. Жоғарғы оқу орындарында білімді бағалау және бақылау» негізінде білімді бағалау критерилері.

1.Білім алушылардың білімі, біліктілігі, дағдылары және шеберлігі бақылаудың барлық түрі бойынша тікелей пропорционалдық қатынасы бар бағалаудың баллдық-рейтингілік таңбалы жүйесі бойынша анықталады.

2. пайыздық мөлшері 95-100%, 4,0 сандық баламасы бар «Үздік»деген бағалауға А, пайыздық мөлшері 90-94%, 3,67 сандық баламасы болса бағасы А- бағалауына сәйкес

Бұл бағалар студент бағдарламалық материалдарды толық игерсе және бұған қоса жауап беру кезінде қателіктер жібермеген,зертханалық және бақылау жұмыстарын уақытылы орындаған, ескертусіз коллоквиумдар мен үй тапсырмаларын дұрыс уақытында орындап тапсырған, оқытушының нұсқауы бойынша қосымша әдебиеттерді пайдаланған, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, бағдарламалық материалдарды оқытушының көмегімен жүйелей білген жағдайда қойылады.

3. Пайыздық мөлшері 85-89%-ға 3,33 сандық баламасы бар «жақсы» деген бағалауға В+ сәйкес және пайыздық мөлшері 80-84%,-ға сандық баламасы 3,0 болса В, пайыздық мөлшері 75-79%-ға және 2,67 сандық бағалауы В- ға сәйкес келеді.

Бұл баға егер студент бағдарламалық материалды 75%-дан төмен емес деңгейде игерсе, жауап бергенде өрескел қате жібермесе, бақылау және зертханалық жұмыстарды уақытында орындаған, тапсыруда негізсіз ескертулер болмаса, коллоквиумды дұрыс орындап, уақытында өткізсе, үй тапсырмасын ескертусіз орындаса, оқытушының көрсетуімен қосымша әдебиетті пайдаланса, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысса, өз қателерін түзей білсе, оқытушының көмегімен материалды жүйелей білсе ғана қойылады.

4. Пайыздық мөлшері 70-74%-ға 2,33 сандық баламасы бар «қанағаттанарлық» деген бағалауға С+ сәйкес келеді, пайыздық мөлшері 65-69%-ға сандық баламасы 2,0 болса С, пайыздық мөлшері 60-64%-ға, сандық баламасы 1,67 болса С-, пайыздық мөлшері 55- 59%ға 1,33 сандық баламасы бар Д+, бар және; С сандық эквиваленті 2,0 және; С- сандық эквиваленті және; Д+ сандық эквиваленті 1,33 және пайыздық мөлшері 50-54%-ға сандық баламасы 1,0 болса Д сәйкес келеді.

Бұл баға егер студент материалды 50%-дан төмен емес деңгейде игерсе, бақылау және зертханалық жұмысты, үй тапсырмасын орындауда оқытушының көмегін қажет етсе, коллоквиум тапсырғанда толымсыз жауаптар мен негізсіз ескертулері болған, зерттеу жұмысында белсенділік танытпаса, тек қана оқытушы көрсеткен әдебиеттерді қолданса, материалды жүйелеу қиындық туғысза қойылады.

5. «Қанағаттанарлықсыз» бағасы F әрпіне сәйкес келеді, сандық эквиваленті 0, пайыздық мөлшері 0-49%.

Бұл баға егер студент негізгі материалды білмесе, пән бағдарламасының жартысынан көбін игермесе, қате жауап берсе, ағымдық, аралық және қорытынды бақылаудың жеке тапсырмаларды орындамаса, негізгі әдебиетті пайдаланбаса қойылады.

Ағымдық бақылауды есептеу

1. Тәжірибелік сабақ (1 сабақ = 100 балл)

I. Бастапқы білім деңгейін жазбаша түрде тест (20) түрінде бағалау, баға бірден қойылады, ең жоғарғы балл - 15 балл

Тесті бағалау критерилері

Баллдық бағасы Орындалу % Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
13,5 -15 90 – 100% Үздік
11,3-13,4 75-89 Жақсы
7,5-11,2 50-74 Қанағаттанарлық
7,5 аз 0 - 49 Қанағаттанарлықсыз

II. Сабақ тақырыбын талдау –ең жоғарғы балл - 30 балл

· 27 - 30 балл 1 сабақта «үздік» – тақырып материалын терең, әрі жан-жақты игерген

· 22 - 26 балл 1 сабақта «жақсы» - тақырып материалын толық білетін, бірақ аздап қате жіберген студентке қойылады

· 15 – 21 балл 1 сабақта «қанағаттанарлық» - тақырыпты ары қарай оқу үшін қажетті көлемде игерген, бірақ қате жауап берген студентке қойылады

· 15 баллдан аз 1 сабақта «қанағаттанарлықсыз» - тақырыпты білмейтін, өрескел қате жібреген студентке қойылады

· 0 балл 1 сабақта – студент сабаққа келмесе қойылады.

III. Тәжрибелік дағдыны меңгеру (тақырыптық науқасты бақылау) – ең жоғарғы балл - 35 балл

· Науқасты қарау (шағымы, ауру және өмір тарихы, физикалық мәліметтер) – ең жоғарғы балл - 15 балл

Науқасты қарауды бағалау критерилері

Критерий мазмұны 5 балл 4 балл 3 балл 2 балл
1. Шағымы толық көлемде, талданған, жетекші белгісі анықталған. Шағымы толық көлемде, талданған, жетекші белгісі анықталған. Шағымы толық көлемде, талданған, жетекші белгісі анықталмаған. Шағымы жекелеп талданған, жетекші белгісі анықталмаған. Шағымы жекелеп талданбаған, жетекші белгісі анықталмаған
2.Ауру және өмір тарихы ретті түрде анықталған, ауру ағымы жасалған зерттеулерімен және емімен көрсетілген; осы ауруға қатысы бар өмір тарихынан мәліметтер белгіленген. ретті түрде анықталған, ауру ағымы жасалған зерттеулерімен және емімен көрсетілген; осы ауруға қатысы бар өмір тарихынан мәліметтер белгіленген. Ауру және өмір тарихын жинауда аздап қателіктер жіберген. Ауру және өмір тарихын жинауда өрескел қателіктер жіберген. Ауру анамнезі нақты жинақталмаған.
3.Физикалық мәліметтер – органдар мен жүйелердің пальпациясы, перкуссиясы, аускультациясы зерттеу әдістерін сақтай отырып жасалған. органдар мен жүйелердің пальпациясы, перкуссиясы, аускультациясы зерттеу әдістерін сақтай отырып жасалған. перкуссия, паль-пация, аускультация кезінде аздап тахникалық қателіктер жіберілген. пальпация, перкуссия, аускультация техникалық қателіктермен жасалған. пальпация, перкуссия, аускультация өрескел техникалық қателіктермен жасалған.

· Зертханалық-инструментальдық мәліметтерді талдау – ең жоғарғы балл -10


Зертханалық-интсрументалдық мәліметтерді бағалау критерилері

Критерий мазмұны 5 балл 4 балл 3 балл 2 балл
1.Осы ауруға қатысты негізгі зертханалық-инструменталдық мәліметтерді белгіледі. Осы ауруға қатысты негізгі зертханалық-инструменталдық мәліметтерді белгіледі. Осы ауруға қатысты негізгі зертханалық-инструменталдық мәліметтерді таңдауда қателіктер жіберді. Осы ауруға қатысты негізгі зертханалық-инструменталдық мәліметтерді таңдауда көптеген қателіктер жіберді. Осы ауруға қатысты негізгі зертханалық-инструменталдық мәліметтерді таңдауда өрескел қателіктер жіберді.
2. Талдауды толық көлемде жасады. Талдауды толық көлемде жасады. Кейбір көрсеткіштерді талдауда ұсақ қателіктер жіберген. Интерпретация көптеген қателіктермен. Интерпретация жасалмаған.

Бағалау шкаласы

Баллдық бағасы Орындалу % Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
9-10 90 – 100% Үздік
7,5-8,9 75-89 Жақсы
5-7,4 50-74 Қанағаттанарлық
Менее 5 0 - 49 Қанағаттанарлықсыз

· Клиникалық диагнозды негіздеу – ең жоғарғы балл - 5 баллов


Клиникалық диагнозды негіздеуді бағалау критерилері

критерий мазмұны 5 балл 4 балл 3 балл 2 балл
Клиникалық диагнозды негіздеу Даралады: · шағым; · ауру анамнезінің мәліметтері; · өмір тарихының мәліметтері, · негізгі физикалық мәліметтер, · осы ауруға қатысты зертханалық-инструментальдық мәліметтер Клиникалық диагнозды негіздеу шағымды, қажетті ауру және өмір тарихын, физикалық, зертханалық-инструментальдық мәліметтерді ескере отырып жүргізілді. Негізгі кезеңдерді белгіледі, бірақ жеке көрсеткіштерді анықтауда ұсақ қателіктер жіберді. Диагнозды негіздеуге қажетті негізгі көрсеткіштерді анықтауда көптеген қателіктер жіберді. Клиникалық диагнозды негіздеген жоқ.

· Емдеудің негізгі принциптері- 5 балл

· 4,5 - 5 балл – дәлелді медицина негізінде терең, әрі жан-жақты білімі бар студентке қойылады

· 3,8 -4,4 балл – емдеудің негізгі принциптерін көрсете білген, бірақ аздап қателіктер жіберген студентке қойылады

· 2,5 – 3,7 балл - емдеудің негізгі принциптерін білетін, бірақ дәлелді базасы жоқ студентке қойылады

· 2,5 баллдан төмен - дәлелді медицина негізінде емдеудің негізгі принциптерін білуде көптеген қате жіберген студентке қойылады

IV. Қорытынды бақылау (ситуациялық есептерді шешу) – ең жоғарғы балл - 20 балл

Критерийлер 5 балл 4 балл 3 балл 2 балл
1 Науқастың шағымы бойынша жетекші белгісін анықтап, оны негіздеу Жетекші синдром анықталған, негізделген Жетекші синдром анықталған, бірақ негіздеу кезінде ұсақ қателіктер жіберген Жетекші синдром анықталған, бірақ негізделмеген Жетекші синдром анықталмаған, негізделмеген
2. Аурудың объективті мәліметтерін интерпретациялау Объективті мәліметтер жан-жақты талданған Объективті мәліметтерді талдауда аздап қателіктер жіберген Объективті мәліметтерді талдауда көптеген қателіктер жіберген Объективті мәліметтер дұрыс талданбаған
3.Зерттеу әдістерін талдау, қосымша әдістерді таңдап алу. Барлық қажетті зерттеу әдістері талданған, қосымша әдістер тағайындалған. Зерттеу әдістерін талдауда және қосымша әдістерді таv

Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: