Алматы 2015

Кафедра: №2 ішкі аурулар кафедрасы

Білімді, игерген машықтарды қорытынды бағалаудың бақылау – өлшемдік құралы

Курс: VI

«Клиникалық электрокардиография» элективті пәні

Алматы 2015

Кафедра мәжілісінде талданды

№___ хаттама __________ _____ ж.

Кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор __________________________________ Айдаргалиева Н.Е

Бақылау сұрақтары

1. Қалыпты жағдайдағы ЭКГ тісшелері және интервалдары

2. Сол қарынша гипертрофиясының (СҚГ) ЭКГ белгілері. Соколов-Лайон бойынша вольтаждық белгілері, СҚГ- ның корнельдік вольтаждық белгілері. Сол қарыншаға систолалық және диастолалық күш түсу.

3. Физикалық күштемемен сынақ кезіндегі ЭКГ.

4. Синус түйіннің әлсіздік синдромы. Емдеу әдістері.

5. Оң қарынша гипертрофиясының (ОҚГ) ЭКГ белгілері. ОҚГ түрлері. ОҚГ-ның вольтаждық белгілері. Оң қарыншаға систолалық және диастолалық күш түсу.

6. Қарынша үстілік экстрасистолия. ЭКГ- белгілері. Емдеу әдістері.

7. Жүректің жиырылу жиілігін анықтау. Қалыпты синустық ырғақ. Жүректің электрлік өсі туралы түсінік және оны анықтау.

8. Жүрекшелер фибрилляциясының (жыпылықтауының) ЭКГ- белгілері. Жүрекшелер фибрилляциясының тұрақты түрінің емі.

9. Сол және оң қарынша гипертрофиясының ЭКГ белгілері.

10. Аритмиялардың механизмдері. Vaughann Williams (H. Singh и D. Harrison модификациясы) бойынша антиаритмиялық дәрілердің жіктелуі

11. Қарыншалық экстрасистоланың (ҚЭ) ЭКГ белгілері. ҚЭ-ның Lown бойынша жіктелуі. Емдеу әдістері.

12. Синоаурикулярлы блокадалар. ЭКГ белгілері.

13. re-entry түрінде жүрек ырғағы бұзылысының механизмі, даму жағдайы.

14. Гисс шоғырының оң аяқшаларының толық блокадасымен бірігіп келген миокард инфарктының негізгі ЭКГ белгілері.

15. 1 және 2 дәрежелі атрио-вентрикулярлы блокада (Мобитц 1 және 2). ЭКГ белгілері.

16. Парасистолия. ЭКГ белгілері.

17. 3 дәрежелі атрио-вентрикулярлы блокада. ЭКГ белгілері.

18. АВ-реципрокты пароксизмальді тахикардияларды тоқтату алгоритмі.

19. Гисс шоғырының оң аяқшасының толық және толық емес блокадасының ЭКГ белгілері.

20. Қарыншалардың фибрилляциясы (жыпылықтауы) және тыпырлауы. Емдеу әдістері.

21. Гисс шоғырының сол аяқшасының толық және толық емес блокадасының, Гисс шоғырының сол аяқшасы тармақтары блокадасының ЭКГ белгілері.

22. Жүрекше фибрилляциясының пароксизмалдық түрінде медикаментті және электрлік кардиоверсия.

23. Жүрек ырғағы бұзылысының диагностикалық әдістері: Холтер бойынша тәуліктік ЭКГ мониторлау, өңеш арқылы жүрекшені стимулдеу. Жүргізуге көрсеткіштер.

24. Пароксизмалдық қарыншалық тахикардия. ЭКГ-белгілері. Емдеу принциптері.

25. Уақытша электрокардиостимуляция. Жүргізуге көрсеткіштер.

26. ТЭЛА. ЭКГ-белгілері.

27. Гипо- и гиперкалиемия. ЭКГ-белгілері. Емдеу принциптері.

28. WPWсиндромы (А - және В – түрлері). ЭКГ-белгілері.

29. Сатылары және орналасуы бойынша Q- емес миокард инфарктысының ЭКГ –белгілері.

30. C-L-C синдромы. ЭКГ белгілері.

31. Перикардиттегі ЭКГ өзгерістер.

32. Антиаритмиялық I класс дәрілері (а,б,с). Әсер ету механизмі.

33. Сатылары және орналасуы бойынша Q миокард инфарктының ЭКГ белгілері.

34. Антиаритмиялық II класс дәрілері (бета-блокаторлар). Әсер ету механизмі.

35. Миокард инфарктының қайталану кезіндегі ЭКГ өзгерістері.

36. Антиаритмиялық III класс дәрілері (калий каналдарының блокаторлары). Әсер ету механизмі.

37. Миокардиттің ЭКГ белгілері.

38. Антиаритмиялық IV класс дәрілері (кальций антагонистері). Әсер ету механизмі.

39. Жүрекшелік пароксизмалды тахикардияның ЭКГ белгілері.

40. Миокард инфарктысымен қосылған Гисс шоғырының сол аяқшасы толық блокадасының ЭКГ белгілері.

41. Түйінді пароксизмалды тахикардияның ЭКГ белгілері.

42. Жүрекшелер бойымен ырғақ жүргізуші миграцияның ЭКГ белгілері.

43. Жүрекшелердің тыпырлау пароксизмін тоқтату.

44. Атрио - вентрикулярлы қосылыстағы эксрасистолияның ЭКГ белгілері.

45. Алдыңғы қабырғаға таралған жедел сатыдағы трансмуралды миокард инфарктының ЭКГ белгілері.

46. Жүрекшелер тыпырлауы. ЭКГ-белгілері. Емдеу әдісі.

47. Фредерик синдромы. ЭКГ- белгілері.

48. Оң қарыншаның миокард инфарктысының ЭКГ-белгілері.

49. Артқы-базалды және жоғарғы-бүйірлі миокард инфактысының ЭКГ- өзгерісінің ерекшеліктері.

50. Аллоритмия типі бойынша экстрасистолия, интерполирленген экстрасистолалар, бөгелген экстрасистолалар. ЭКГ-белгілері.

Келесі машықтарды игеруі керек:

· ЭКГ түсіруді;

· қалыпты жағдайда және патологиядағы ЭКГ-ны талдауды;

· ғылыми ақпараттар мен дәлелдемелі зерттеулерді сраптау және критикалық ой-елегінен өткізуді;

· клиникалық ой-өрісті;

· ақпараттармен (оқулықтардағы, ғылыми әдебиеттердегі, анықтамалардағы) өздігінше жұмыс атқаруды.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: