Ііі сыни пікір беруші

Орындаушылар

 

п.ғ.к., доцент ______________ Нурмуханова Г.Е.

«__» ______________ 20ж.

оқытушы _ __________________ Калиева А.Ш.

«__» ______________ 20 ж.

магистр_ __________________ Ташимова А.С.

«__» ______________ 20 ж.

Жауапты орындаушы - Кафедра меңгерушісі

 

т.ғ.к. __________________ Исенгалиева Г.А.

 

«__» ______________ 20 ж.

 

ІІ КАФЕДРА ОТЫРЫСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ

 

хаттама № __ «» ___ 20ж.

ІІІ СЫНИ ПІКІР БЕРУШІ

б.ғ.к. ____________________ Альмурзаева С.И.

 

хаттама № _____ «» ___ 20ж.

 

ІҮ ФАКУЛЬТЕТТІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КОМИССИЯСЫНА БЕКІТУГЕ ҰСЫНЫЛДЫ

 

хаттама № __ «» ___ 20ж.

 

Ү Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АӨМУ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫНДА БЕКІТІЛДІ

 

хаттама №___ «» ___ 20ж.

ҮІ АЛҒАШҚЫ ТЕКСЕРУ МЕРЗІМІ 2014 ж.

ТЕКСЕРУ МЕРЗІМДІЛІГІ 1 жыл.

АЛҒЫ СӨЗ

Бүгінгі қоғам алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі-экологиялық мәселелер, табиғатты қорғау және табиғат ресурстарын ұтымды, әрі үнемді пайдалану болғандықтан Республикада қоршаған ортаны қорғау үкіметіміздің саяси, экономикалық және әлеуметтік міндеттерінің негізі болып саналады.

Елбасы Н.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында қоршаған ортаны ластауға, экологиялық қалыпты жағдайды бүлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлінгендіктен, қазіргі жастарға экологиялық білім беріп, табиғатты қорғауға тәрбиелеу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Ұсынылып отырған «Экология және тұрақты даму» пәнінен практикалықжұмыстарғаарналған әдістемелік нұсқаулар студенттердің қоршаған орта туралы көзқарастарын үнемі кеңейтуге, табиғат заңдылықтарын ескере отырып, жаңартуға, қорғауға бағытталып жасалынған. Әдістемелік нұсқаудағы бақылау сұрақтарына жауап алу, практикалық тапсырмаларды орындау, берілген тақырыптар бойынша мәнжазба жазу, экологиялық термин сөздерінің анықтамалары және тест сұрақтары студенттердің арнаулы әдебиеттерді, мерзімді баспасөз және бұқаралық ақпарат құралдары материалдарының мағлұматтарын көбірек пайдалануға, ізденуге жол ашады.

Сонымен қатар «Экология және тұрақты даму» пәні кешенді ғылыми пән болғандықтан осы практикалықжұмыстарғаарналған әдістемелік нұсқаулар студенттердің экологиялық, биологиялық, географиялық, саяси, әлеуметтік мазмұндағы ой-өрістерін дамытуға мүмкіндік береді.

 

№ 1 практикалық сабақ

Сабақтың тақырыбы:Экология-табиғатты қорғау мен табиғатты ұтымды пайдаланудың теориялық негізізерттейтінэкология ғылымы жөніндегі білімді бақылау және бекіту.

 

Сабақтың жоспары:

1. Білімнің бастапқы деңгейін анықтау

2. Бақылау сұрақтарына ауызша жауап беру

3. Тапсырмаларды орындау

4. Білімнің ақырғы деңгейін анықтау

Сабақтың мақсаты: Қоршаған ортаның тірі ағзаларменбайланысын экологиялық тұрғыдан түсіндіру

Бақылау сұрақтары:

1. «Экология» пәні, анықтамасы, мақсаты және міндеттері

2. Ғылымның даму тарихы.

3. Экология бөлімдерінің және пәндерінің классификациясы.

4. Экологиялық проблемалардың пайда болуы: экологияның оларды шешудегі ролі.

5. Экология – табиғатты қорғау мен рационалды табиғатты пайдаланудың ғылыми негізі.

6. Қоршаған табиғи орта: анықтамасы, организмдермен байланысы, классификациясы.

7. Экологиялық факторлар: анықтамасы, классификациясы.

Глоссарий:

Синэкология – популяциялар, бірлестіктер мен экожүйелердің қоршаған ортамен өзара қарым – қатынасын зерттейтін экологияның бөлімі.

Экологиялық фактор – ағзаларға, популяцияларға, биоценоздарға әсер ететін физико – механикалық, химиялық, биологиялық табиғи компонент не құбылыс.

Аутэкология – физиологиялық экология, жеке организмнің (түрдің) қоршаған ортамен өзара қарым – қатынасын қарастыратын экологияның бөлімі.

Абиотикалық факторлар – организмдерге тікелей не жанама әсер ететін бейорганикалық, өлі табиғаттың компоненттері (климат, жарық, химиялық элементтер мен затар, температура, қысым және ортаның қозғалысы, топырақ т.б.)

Адаптация – (лат. adaptatio- бейімделу) организмнің, популяцияның, бірлестіктің сыртқы ортаның белгілі бір жағдайларына бейімделу процесі.

Қоршаған орта – тіршілік ету ортасы, табиғаттың барлық материалдық денелері, күштері мен құбылыстарының, заттары мен кеңістігінің жиынтығы, тірі организмдермен тікелей байланыста болатын адамның қызметі.

Тапсырмалар: 1.Өздеріңіздің облысыңызда мекендейтін құстарды келесі топтар бойынша орналастырыңыз:1) жыртқыш құстар, 2) бау-бақша мен саябақ құстары, 3) суда жүзетін құстар, 4) су қоймалары жиегінің құстары, 5) дала құстары.

2. Өздеріңіздің облысыңызда мекендейтін жануарларды келесі топтар бойынша орналастырыңыз: 1) құрлықта мекендейтіндер; 2) ағаштарда мекен ететіндер; 3) топырақта мекендейтіндер.

Мәнжазба тақырыбы:

Экология ғылымының даму тарихының кезеңдері

Блиц-тест

1. Синэкология дегеніміз не?

А) түрлер экологиясы

Ә) адамдар экологиясы

Б) популяциялық экологиясы

В) микроорганизмдер экологиясы

Г) биоценоз экологиясы

2. Экологиялық ойлаудың қазіргі кездегі мәні:

А) Экономикалық пайданы азайтып, табиғи байлықты қажетті мөлшерде ғана пайдалану

Б) Тіршілікті қамтамасыз ету

С) Қоршаған ортаны жақсарту

Д) Табиғатты пайдалана отырып, байлықты көбейту

Е) Жан-жануарларды көбейту

3. «Табиғатта барлығы бір-бірімен байланысты – табиғат барлығынан жақсы біледі» - заңын кім ашты?

А) Олли

Ә) Либих

Б) Зюсс

В) Шварц

Г)Коммонер

4. Жеке ағзалардың қоршаған ортамен өзара қарым – қатынасын зерттейтін экологияның бір бөлігі:

А) Геоэкология

Ә) Демэкология

Б) Жалпы экология

В) Биологиялық экология

Г)Аутэкология

5. Ортаның фитогендік биотикалық факторына мыналар жатады:

А) Адамзат

Ә) Вирустар мен бактериялар

Б) Жан – жануарлар

В) Қоршаған орта

Г)Жасыл өсімдіктер

6. Периодсыз ықпал ететін факторлар:

А) Суда еріген газ құрамы

Ә) Жыл мезгілдерінің ауысуы, жердің айналуы

Б) Ылғалдық, жауын – шашын, температура

В) Күн көзі сәулесінің жарықтандыру құбылыстары

Г)Стихиялық құбылыстар, өнеркәсіп сарқынды суларының құрамы

7. Өте жарыққа төзбейтін, тек көлеңкеде өсетін өсімдіктер:

А) мезофиттер

Ә) склерофиттер

Б) ксерофиттер

В) гелиофиттер

Г) сциофиттер

8. Қайсысы климаттық факторға жатады?

А) тығыздық

Ә) сутекті орта

Б) механикалық құрам

В) сулы ортаның тұздылығы

Г)атмосфералық қысым

9. Экологиялық факторлар жіктеледі:

А) Экологиялық және экологиялық емес

Ә) Биологиялық және химиялық

Б) Факторлы және факторсыз

В) Биогенездық және абиогенездық

Г)Биотикалық, абиотикалық және антропогендік

10. Ағза тікелей немесе жанама әсер етуші өлі табиғаттың компоненттері мен құрылыстары қалай аталады?

А) Экологиялық факторлар

Ә) Шектеуші факторлар

Б) Биотикалық факторлар

В) Антропогендік факторлар

Г)Абиотикалық факторлар

Әдебиеттер тізімі:

1. Киселев В. Н. Основы экологии: Учебное пособие/В.Н.Киселев-ми. Высшая школа, 2002.

2. Никаноров А.М. Экология/А.М.Никаноров, Т.А. Хоружая-М. ПРИОР,2001

3. Бродский А.К. Краткий курс общей экологии/А.К. Бродский СПб,1996.

4. Н.Е. Ревская. Экология. Учебное пособие/Издательство Михайлова В.А. Санк-Петербург, 2005.

5. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы, Алматы: Ғылым 1997.

6. Колумбаева С.Ж., Білдебаева Р.М. Жалпы экология. Алматы: Қазақ университеті, 2006.

№ 2 практикалық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Тіршілік пен ортаның өзара заңдылықтары мен қарым – қатынасы

Сабақтың жоспары:

1. Білімнің бастапқы деңгейін анықтау

2. Бақылау сұрақтарына ауызша жауап беру

3. Тапсырмаларды орындау

4. Білімнің ақырғы деңгейін анықтау

 

Сабақтың мақсаты: Тірі ағзаларға қолайлы және лимиттеуші факторларға анықтама беру. Биологиялық әртүрлілікке факторлардың әсерін қарастыру.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Экологиялық оптимум заңы.

2. Лимиттеуші факторлар: анықтамасы, классификациясы. Либих заңы.

3. Шелфордтың толеранттылық заңы.

4. Жарық-экологиялық фактор және жарыққа байланысты ағзаларды топтарға бөлу.

5. Ылғалдылық-экологиялық фактор және су режиміне байланысты ағзаларды топтарға бөлу.

6. Температура экологиялық фактор. К.Бергман және Аллен ережесі.

7. Ағзалардың қоректену типтеріне байланысты экологиялық топтастыру.

Глоссарий:

Анабиоз - тіршілік процестерінің бояулауы, қолайсыз жағдайға бейімделуі.

Анаэробтар - оттегінің қатысынсыз тіршілік ететін ағзалар.

Бентос - су қоймаларының түбінде мекендейтін ағзалардың жиынтығы.

Бергман ережесі (1847ж.) - бойынша түрдің немесе біртекті жақын түрлердің тобында дене мөлшері ірі, жылықанды жануарлар анағұрлым салқын аудандарда таралған.

Биотикалық факторлар - бұл бір ағзалардың тіршілік әрекетінің басқаларына тигізетін әсері (бәсекелестік, жыртқыштық, паразитизм т.б.)

Биомасса – белгілі бір аймақтағы тірі организмдердің массасы.

Биолюминесценция - тірі ағзалардың жарық шығаруға қабілеттілігі, бұл қоршаған ортадан түсетін тітіркендірулерге жауап ретінде катализаторлардың әсерінен күрделі оргникалық заттардың тотығуы нәтижесінде болады.

Гелиофиттер - жарық сүйгіш түрлер, жарық жақсы түсетін ашық жерлерде өседі.

Гомойтермділер - зат алмасу деңгейі жоғары және тұрақты, зат алмасу нәтижесінде жылу реттелуі жүзеге асырылады.

Гидатофиттер - су өсімдіктері, денесінің бір бөлігі немесе толығымен суға батып тұрады.

Гидрофиттер - құрлық-су өсімдіктері, суға тек төменгі бөліктері ғана батып тұрады.

Гигрофиттер -ылғалдылығы жоғары жағдайларда өсуге бейімделген құрлық өсімдіктері.

Геобионттар - топырақта тұрақты тіршілік ететін, бүкіл даму циклы топырақта өтетін жануарлар (жауын құрттары,алғашқы қанатсыз бунақденелілер т.б.).

Геофиттер - даму циклінің бір бөлігі топырақта өтетін жәндіктер.

Геоксендер -топырақты уақытша баспана ретінде пайдаланатын жануарлар.

Ксерофиттер -құрғақ жерлерде өсетін өсімдіктер.

Либихтың минимум заңы (1840 ж.) - экологиялық факторлр жиынтығында төзімділік шегіне ең жақын фактор күшті әсер етеді.

Мезофиттер - қоңыржай, орташа ылғалды жерлерде өсетін өсімдіктер.

Нектон - су түбімен тікелей байланысы жоқ, еркін орын ауыстыратын, жүзіп жүретін ағзалардың жиынтығы (балықтар, кальмарлар, киттер, т.б.).

Пойкилотермді - ағзалардың зат алмасу деңгейі тұрақсыз, денесінің температурасы тұрақсыз, жылу реттеу механизмдері жоқ дерлік. Олардың денесінің температурасы қоршаған ортаның температурасына тәуелді (омыртқасыздар, балықтар, қосмекенділер жатады).

Планктон -судың бетінде қалқып, ағыстың көмегімен қозғалатын ағзалардың жиынтығы (диатомды балдырлар, бактериялар, қарапайымдылар т.б.).

Стенобионттар -экологиялық валенттілігі төмен түрлер (грекше stenos- тар).

Стенотермді - мекен ету ортасының температурасының ауытқуына төзімсіз түрлер.

Стеногалилі - тұздардың концентрациясына төзімсіз.

Стенофотты -жарыққа төзімсіз.

Стенофагты -тамақ түріне байланысты төзімсіз.

Сциофиттер - көлеңке сүйгіш өсімдіктер.

әкелетін, кемтарлықтардың пайда болуына әкелетін заттар.

Толлеранттылық - (латынша tolerantia-шыдау, төзім) ағзаның белгілі бір факторға төзімділігі.

Транспирация - судың булануы.

Шелфордтың толлеранттылық заңы (1913 ж.) - экологиялық фактордың максимумы да шектеуші фактор болады, ал олардың арасындағы ауытқу диапазоны толлеранттылық шамасын анықтайды.

Фотопериодизм -ағзалардың морфологиялық, биохимиялық және физиологиялық қасиеттері мен функцияларының жарықтың кезектесуі мен ұзақтығына байланысты ырғақты өзгеруі.

Экологиялық валенттілік -түрлердің мекен ету ортасының факторларының қандай да бір ауытқу диапазонына бейімделуге қабілеті.

Эврибионттар - экологиялық валленттілігі жоғары, яғни төзімділігі жоғары.

Тапсырмалар:

1. Қоршаған орта, табиғи орта, техногендік орта ұғымдарына анықтама бер.

2. Пойкилотермді және гомойотермді организмдерге мысалдар келтір.

Блиц-тест

1. Толеранттық заңы қашан ашылды?

А)1913ж

Ә)1713ж.

Б)1885ж.

В)1745ж

Г)1813ж.

2. Ортаның микрогендік биотикалық факторларына мыналар жатады:

А) Қоршаған орта

Ә) Жасыл өсімдіктер

Б) Жан - жануарлар

В) Адамзат

Г)Микробтар мен вирустар

3. Тірі организмдердің экстремальды түрлерінің температураға шыдамдылығы не деп

аталады?

А) стенотермді

Ә) эвригалилі

Б) эврифагты

В) стеногалилі

Г)эвритерімді

4. Бір түрдің денесінде тіршілік ететін әр түрге жататын ағзалар тобы

А) симбиоз

Ә) сукцессия

Б) иерархия

В) мутация

Г)консорция

5. Бейорганикалық заттарды органикалық затқа айналдыра алатын автотрофты организмдер:

А) редуценттер

Ә) сапрофиттер

Б) консументтер

В) капрофиттер

Г)продуценттер

6. Өлі өсімдіктер мен жануарларды пайдаға жарататын организмдер:

А) гетеротрофтар Б) автотрофты

Ә) сапрофитті В) детритофагты Г) сапрофагтар

7. Продуценттер немесе өндірушілерге мыналар жатады:

А) жануарлар Б) паразиттер

Ә) саңырауқұлақтар В) микроағзалар Г)жасыл өсімдіктер

8. Организмдердің бейімделуінің келесі түрлері бар:

А) Тек морфологиялық түрі жатады

Ә) Этологиялық түрінің қосындылары

Б) Организмдердің физиологиялық түрі

В) Организмдердің құқылық қасиеттері

Г)Морфологиялық, этологиялық, физиологиялық

9. Құрлық организмдері үшін шектеуші фактор:

А) Ылғалдылық және тағам.

Ә) Температура, өсімдіктер үшін минерал қоры элементтерінің болуы.

Б) Радиация.

В) Жарық пен радиация.

Г)Температура, су, тағам, өсімдіктер үшін топырақта биогенді элементтердің болуы.

10. Толеранттылығы кең диапазонды организмдердің аталуы:

А) Стенобионттар, табиғатта кездеспейді.

Ә) Эврибионттар, олар табиғатта сирек кездеседі.

Б) Мезопотенттілер.

В) Полипотенттілер.

Г)Эврибионттар, олар табиғатта кең таралған.

Әдебиеттер тізімі:

1. Киселев В. Н. Основы экологии: Учебное пособие/В.Н.Киселевми.Высшая

школа, 2002.

2. Никаноров А.М. Экология/А.М.Никаноров, Т.А. Хоружая-М. ПРИОР,2001

3. Бродский А.К. Краткий курс общей экологии/А.К. Бродский СПб,1996.

4. Н.Е. Ревская. Экология. Учебное пособие/Издательство Михайлова

В.А.,Санк-Петербург, 2005.

5. В.И.Коробкин, Л.В.Передельский «Экология для студентов ВУЗов».

Ростов- на-Дону, 2000

6. Бигалиев А.Б., Халилов М.Ф., Шарипова М.А. Основы общей экологии.

Алматы:Қазақ университеті, 2007.

7. Алексеев В.А. 300 вопросов и ответов по экологии/ В.А.Алексеев.-

Ярославль: Академия развития, 1998

8. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология. Алматы: Экономика, 2002.

 

№ 3 практикалық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Популяциялар- түрдің тіршілік ету формасы, поуляцияның негізгі критерийлері

Сабақтың жоспары:

1. Білімнің бастапқы деңгейін анықтау

2. Бақылау сұрақтарына ауызша жауап беру

3. Тапсырмаларды орындау

4. Білімнің ақырғы деңгейін анықтау

Сабақтың мақсаты: Жалпы экологияның негізгі бөлімдері жөніндегі білімді бекіту, теориялық білімді практикамен ұштастыру дағдыларын қалыптастыру. Кітаппен жұмыс жасау қабілетін арттыру.

Бақылау сұрақтары:

1. Популяцияның анықтамасы, негізгі қасиеттері.

2. Популяция структурасы және типтері.

3. Популяцияның биологиялық құрылымы.

4. Популяцияның жыныстық құрылымы.

5. Популяцияның жастық құрылымы.

6. Популяция динамикасы.

7. Түрішілік бәсекелестік.

8. Түраралық байланыстар және олардың классификациясы.

Глоссарий:

Аменсализм - бір популяция үшін қолайсыз болып табылатын өзара қатынас.

Ареал – тірі аѓзалардыњ белгілі бір түрінің немесе популяцияның таралу аймағы

Анабиоз - тіршілік процестерінің бояулауы, қолайсыз жағдайға бейімделуі.

Анаэробтар - оттегінің қатысынсыз тіршілік ететін ағзалар.

Бәсекелестік - азық, өмір сүру ортасы және басқа қажетті жағдайлар үшін болатын даралар арасындағы кері әсерлер.

Гомеостаз -табиѓи жүйенің ішкі динамикалыќ тепе- теңдік жағдайы.

Комменсализм – ( Ќоректес жемтіктес) –бір түр екінші түрдің есебінен, оѓан ешбір зиян келтірмей ќоректенетін екі түр арасындаѓы симбиоздыќ ќарым ќатынастар.

Конкуренция - бәсекелестік, бірдей ресурстарды ќажет ететін организмдер (түрлер, дараќтар) арасындағы тіршілік үшін, ќорек үшін, кеңістік, басымдылыќ үшін күресі.

Популяция - бір-бірімен өзара қарым-қатынаста болатын және үлкен территорияда бірігіп тіршілік ететін бір түрге жататын даралар тобы.

Популяциялар саны - берілген территория немесе көлем бірлігіндегі даралардың жалпы саны.

Популяцияның тығыздығы -популяция алып жатқан аудан немесе көлем бірлігіне шаққандағы даралар санымен анықталуы.

Популяцияның өсімі - туылу мен өлімнің арасындағы айырма.

Симбиоз - екі немесе одан көп түрлерге жататын организмдердің бірігіп тіршілік етуі. Әдетте ол екеуіне де пайдалы болады. Терминді 1879 ж А. Де Бари енгізген.

Тапсырмалар:

1. Популяция динамикасының өзіндік типтерін графикпен көрсету:

а) S-тәрізді қисық тип. Бұл сандық жағдайын оптималды ұстап тұруды қамтамасыз ететін туылу жоғары немесе туылу өліумен тең болатын популяцияларға тән.

б) күмбез тәрізді қисық тип. Бұл тез көбейіп кейін барлық тіршілік ресурстары сарқылу нәтижесінде тез жойылып кеткен популяцияларға тән.

в) толқын тәрізді қисық тип. Бұл қолайсыз факторлардың әсерінен жойылған даралар санын тез ретке келтіретін популяцияларға тән.

с) қисық тип. Бұл даралар саны азайғаннан кейін популяцияның ретке келіп, тұрақтануы.

2. Комменсализм, симбиоз, нейтрализм, бәсекелестік түраралық қарым-қатынас формаларына табиғаттан мысал келтіріңдер.

Мәнжазба тақырыптары:

1. Өсімдіктер және жануарлар популяцияларының кеңістік құрылымы.

2. Жануарлар популяциясының этологиялық құрылымы.

 

Блиц-тест

1. Белгілі уақыт кезеңінде құрып кеткен жеке таралым мөлшері қалай аталады?

А) Логистық

Ә) Экспоненциалдық

Б) Популяция полиморфизмі

В) Популяция тығыздығы

Г)Популяция өлімі

2. Белгілі бір территорияны қамтитын және жалпы генофондты иеленетін бір түр особьтарының жиынтығы:

А) АреалБ) Биоценоз

Ә) ЭкожүйеВ) Гомеостаз Г)Популяция

3. Биологиялық жүйелердің өзгерістерге қарсы тұруы және қасиеттердің тұрақтылығын сақтау қабілеті:

А) СукцессияБ) Адгезия

Ә) Адаптация В) АгротенкГ)Гомеостаз

4. Популяцияның саны деп:

А) биогеоценоз құрамына енетін микроорганизмдер, өсімдіктер және жануарлар санын айтамыз

Ә) даралардың өзара бір-бірімен агрессивті шектесіп қалуы

Б) популяциядағы особьтардың жасының ұзақтығы, өсімталдығы, көбею жылдамдығын айтамыз

В) даралар мен популяциялар арасындағы өзара әсерлер түрі

Г)белгілі бір көлемдегі немесе территориядағы особьтардың жалпы санын айтамыз

5. Популяция өзінің саны мен өзгермелі орта жағдайына бейімделуін қандай жолдармен реттейді?

А) Өсу және тұрақтану

Ә) Шектеу және жаңару

Б) Тұрақтану және орын басу

В) Жаңару және орын басу

Г)Қысқару және тұрақтану

6. Популяциялар экологиясын зерттейтін экология бөлімін:

А) Аутоэкология

Б) Синэкология

Ә) Автоэкология

В) Жүйелі экология

Г)Демэкология

7. Комменсализмге анықтама беріңіз

А)популяциялар бірлесіп тіршілік етуден бір түр пайда табады, ал екіншісі ешқандай

пайда көрмейді.

Ә) популяция өсуінің тежелуі

Б) бір популяцияның екіншісіне жағымсыз ықпал етуі

В) популяциялар бір-біріне ықпал етпейді

Г) екі популяция бір-бірінсіз күнелте алмайды

8. Екі түрдің өзара қатынасында, әрқайсысы бір-біріне кері әсерін тигізетін экологиялық қатынастың түрі қалай аталады:

А) Мутуализм

Ә) Аменсализм

Б) Комменсализм

В) Бәсекелестік

Г) Нейтрализм

9. Жануарлар, қандай жағдайда мекен жайының бағытын жақсы бағдарлап, корегі мен паналайтын жерін тез таба алады:

А)Көшпелі тіршілік еткен жағдайда

Ә)Жартылай көшпелі болса

Б)Жартылай тұрақты болса

В)Бір мекенде тұрақты тіршілік еткен жағдайда

Г) Кезектесіп тіршілік етсе.

10. Иесін мекен ететін ағзалар қалай аталады:

А) Гидробионт

Ә) Эндобионт

Б) Педабионт

В) Аэробионт

Г) Эдафобионт

Әдебиеттер тізімі:

1. Киселев В. Н. Основы экологии: Учебное пособие/В.Н.Киселев-ми. Высшая школа, 2002.

2. Никаноров А.М. Экология/А.М.Никаноров, Т.А. Хоружая-М. ПРИОР,2001

3. Бродский А.К. Краткий курс общей экологии/А.К. Бродский СПб,1996.

4. Н.Е. Ревская. Экология. Учебное пособие/Издательство Михайлова В.А. Санк-Петербург, 2005.

5. Быков Б.А. Экологический словарь/ Б.А.Быков.-Алма-Ата: Наука, 1998.

6. В.И.Коробкин, Л.В.Передельский «Экология для студентов ВУЗов». Ростов-на-Дону, 2000

7. Дроздов Н.Н., Мяло Е.Г. Экосистемы мира.-М., 1997

8. Шилов и.А. Экология. М.:Высшая школа, 2001.

4 практикалық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Биогеоценоз және экожүйенің структуралық құрылымы мен классификациясы

Сабақтың жоспары:

1. Білімнің бастапқы деңгейін анықтау

2. Бақылау сұрақтарына ауызша жауап беру

3. Тапсырмаларды орындау

4. Білімнің ақырғы деңгейін анықтау

Сабақтың мақсаты: Биогеоценоз және экожүйе ұғымдарына анықтама беру және олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдау.

Бақылау сұрақтары:

1. Биоценоз және биотоп ұғымдары

2. Биогеоценоз ұғымы.

3. Биогеоценоз бен экожүйе арасындағы айырмашылық

4. Экожүйенің структуралық құрылымы және классификациясы.

5. Экожүйелердегі энергия алмасу.

6. Экожүйе өнімділігі, трофтық құрылым

7. Экологиялық пирамида: пирамида саны, биомасса, энергия.

8. Сукцессия және климкас

9. Экожүйе тұрақтылығы және оның типтері

10. Құрлық және су экожүйелері: олардың қызметі, тұрақтылығы және дамуы

Глоссарий:

Антропогенді экожүйелер - адамның әсерінен өзгертілген немесе жасалған мәдени экожүйелер.

Агроландшафт - жердің көп бөлігі ауыл шаруашылық мақсатта қолданылған ландшафт.

Биотоп – белгілі бір дәрежеде біртекті жағдайлармен сипатталатын, ағзалардың белгілі бір бірлестігімен (биоценоз) қоныстандырылған кеңістік.

Продуценттер- жай бейорганикалыќ ќосылыстардан күрделі органикалыќ заттарды жасауға ќабілетті автотрофты (фотосинтездеуші жєне хемосинтездеуші) организмдер. Су мен жердегі экожүелердің негізгі процуденттері жасыл өсімдіктер. Бұл организмдер экологиялыќ пирамиданың негізгі өзегі бірінші баспалдағын ќұрайды.

Синэкология – популяциялар, бірлестіктер мен экожүйелердің қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейтін экологияның бөлімі.

Экожүйе (А.Тенсли 1935 ж.) -зат, энергия және ақпараттар алмасу нәтижесінде бүртұтас тіршілік ететін кез келген өзара әрекеттесуші тірі ағзалар мен қоршаған орта жағдайларының жиынтығы.

Экологиялық қойма - ағзаның табиғаттағы орнын және оның бүкіл тіршілік ету жағдайларын немесе тіршіліктегі орнын, яғни қоршаған ортаға, қоректің түріне, қоректену уақыты мен әдісіне, көбейетін орнына, баспанасына және т.б. қатынасының жиынтығы.

Анабиоз – тіршілік процесінің баяулауы, қолайсыз жағдайға бейімделуі.

Анаэробтар – оттегінің қатысынсыз тіршілік ететін ағзалар.

Агробиогеоценоз – ауылшаруашылық өнім беретін қолдан немесе биологиялық табиғи бірлестік түрлерін біріктіру арқылы жасалған тұрақсыз экологиялық жүйе.

Антропогенді сукцессия – адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде пайда болған сукцессия. Батпақты құрғату мен орманды кесу және олардың егістік жерлерге айналуы, өзендерді бөгеу арқылы оларды су қоймаларына айналдыру.

Антропогенді экожүйелер – адамның әсерінен өзгертілген немесе жасалған мәдени экожүйелер.

Антропрогрессия – (грек тілінен аударғанда antropos – адам, phileo – сүйемін, жақсы көремін) адамға жақын тіршілік ететін жануарлар (үй торғайы, үй тышқандары және т.б.)

Биота – қандай да бір нақты аймақты мекендейтін тірі ағзалардың тарихи қалыптасқан жиынтығы.

Биогеоценоз – жер бетінің белгілі бір бөлігін алып жататын біртекті табиғи құбылыстардың бірлестігі.

Биологиялық жүйелер - әр түрлі күрделіліктегі (гендер, клеткалар, ұлпалар, мүше, организм, биоценоздар, экожүйелер, биосфера) өзара байланысты және өзара әсерлесуші тірі элементтердің жиынтығы.

Биоценоз – белгілі бір биотопты мекендейтін өсімдіктердің, жануарлардың, микроорганизмдердің әр алуан түрлерінің популяцияларының жиынтығынан тұратын биологиялық жүйе.

Климакс – климакстық өсімдік бірлестігі – терминді 1916 ж Ф. Клементс енгізген. Берілген аймақ жағдайларындағы экожүйенің мүмкін болатын дамуының (сукцессия) тұрақты, соңғы даму сатысы. Оның сипаты әдетте климаттық, топырақ, геоморфологиялық, биотикалық және агтропогендік факторлармен анықталады. Климакс салыстырмалы түрде тұрақты фитоценоздың (жергілікті) қалыптасуы арқылы көрінеді.

Тапсырмалар:

1. Тұйық су қоймадағы қоректік тізбектің сызбанұсқасын құрастыру

2. Биогеоценоз бен экожүйенің ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратып жазу.

3. Продуценттер, консументтер және редуценттерге мысал келтір

4. Экожүйелер тұрақтылығының негізгі принциптерін ата.

5. 10% ережесіне сүйеніп қоректік тізбектің келесі деңгейлерінің энергиясын

табыңыз:

өсімдік→өсімдік қоректі жануарлар→бірінші ретті консументтер→екінші ретті консументтер

5000Дж →? →? →? →

Блиц-тест

1. Негізгі компоненттері біртұтас жүйенің даму шарты бойынша біртектілікті түзе отырып, күрделі өзара әсерде болатын табиғи-географиялық комплекс қалай аталады?

А) биогеоценоз

Ә) экожүйе

Б) биоценоз

В) ландшафт

Г)биосфера

2. «Экологиялық қуыс» терминін ұсынған:

А) Э.Геккель

Ә) К.Мебиус

Б) В.Н.Сукачев

В) Ч.Элтон

Г)Дж. Гриннель

3. Табиғи ландшафтар:

А) Агроөндірістік, техногендік, қалалық

Ә) Агроөндірістік, техногендік, элементарлы

Б) Элементарлы, қорғалатын, қалалық

В) Геохимиялық, техногендік, қоғалатын

Г)Геохимиялық, элементарлы, қорғалатын

4. Сулы ортада мекендеушілер қалай аталады?

А) Аэробионттар

Ә) Стенобионттар

Б) Педобионттар

В) Эвробионттар

Г)Гидробионттар

5. 1935ж. алғаш рет «Экожүйе» түсінігін ұсынды:

А) Д.Н. ДокучаевБ) К. Мебиус

Ә) С. ФорбсВ) Э. Геккель Г)А. Тенсли

6. Тірі ағзаның өзара және қоршаған ортамен тығыз байланыста бір территорияда өмір сүруін.... деп атайды.

А) биосфераБ) популяция

Ә) биоценозВ) экосфера Г)экологиялық жүйе

7. Экожүйедегі қор заттар мен энергияның тасмалдауын үш термин сипаттайды:

А) Трофиктік деңгей, қор торы, консументтер.

Ә) Қор тізбегі, продуценттер, трофтық деңгей.

Б) Қоректік тізбек, қор торы, трофтық деңгей.

В) Жинақтау, синтез және ыдырау.

Г)Редуценттер, консументтер, органикалық затрат.

8. Экожүйенің даму процесіне байланысты әртүрлі түрлердің құрамының біртіндеп өзгеруінің аталуы:

А) Ареал ауысуы. Б) Денатурация.

Ә) Метаморфоза. В) Генезис. Г)Сукцессия.

9.Органикалық заттардан алынатын химиялық энергияны пайдаланатын

экосистеманының аталынуы:

А) Автотрофты. Б) Олиготрофты.

Ә) Гетеротрофты. В) Фототрофты. Г) Хемоавтотрофты.

10. Экосистеманың өзіндік дамуы кезінде түр құрамы:

А) Өзгермейді. Б) Біресе көбейеді, біресе азаяды.

Ә) Күрт азаяды. В) Біртіндеп азаяды. Г)Көбейеді.

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Дроздов Н.Н., Мяло Е.Г. Экосистемы мира.-М., 1997

2. Киселев В. Н. Основы экологии: Учебное пособие/В.Н.Киселев-ми. Высшая школа, 2002.

3. Никаноров А.М. Экология/А.М.Никаноров, Т.А. Хоружая-М. ПРИОР,2001

4. Бродский А.К. Краткий курс общей экологии/А.К. Бродский СПб,1996.

5. Н.Е. Ревская. Экология. Учебное пособие/Издательство Михайлова В.А. Санк-Петербург, 2005.

6. Ғ.Сағымбаев. Экология негіздері. Алматы – 1995

7. В.И.Коробкин, Л.В.Передельский «Экология для студентов ВУЗов». Ростов-на-Дону, 2000

8. Бейсенова Ә.С.., Шілдебаев Ж.Б.., Сауытбаева Г.З. «Экология».-Алматы: Ғылым, 2001.

 

№ 5 практикалық сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Биосфера» түсінігі. В.И. Вернадскийдің биосфера туралы ілімі

Сабақтың жоспары:

1.Білімнің бастапқы деңгейін анықтау

2.Бақылау сұрақтарына ауызша жауап беру

3.Тапсырмаларды орындау

4. Білімнің ақырғы деңгейін анықтау

Сабақтың мақсаты: Жер қабықшасы туралы, биосфера туралы,адамның экожүйедегі және биосферадағы ролі туралы білімді бекіту. В.И. Вернадскийдің биосфера туралы ілімінің негізгі концепцияларын қарастыру, өз беттерінше қорытынды жасауға дағдыландыру.

Бақылау сұрақтары:

1. «Биосфера» ұғымы.

2. В.И. Вернадскиийдің биосфера туралы ілімі: биосфераның структурасы мен зоналылығы.

3. Биосферадағы тірі заттардың функциялары.

4. Негізгі химиялық элементтердің биогеохимиялық айналымы:

сутегі, оттегі, көміртегі, азот, күкірт, фосфор.

5. Биотехносфера және ноосфера: анықтамасы, қоршаған ортаның өзгеру тенденциялары.

Глоссарий:

Биохимиялық айналым – ағзалардың өмір сүру қабілетімен шартталған және биосфераның әртүрлі құрылымдық бөліктері арасында жүзеге асырылатын энергия мен заттар алмасуы.

Техносфера – адамның әлеуметтік-экономикалық қажеттілігіне сай келетін техникалық құралдардың көмегімен өзгертілген биосфераның бөлігі.

Тірі зат – биосфераның тірі ағзаларының жиынтығы.

Биоген – тіршілік барысында ағзалармен синтездеоген, тірі ағзалар үшін қажетті заттектер.

Генофонд – гендер жиынтығы.

Тапсырмалар:

1. Диоксиндердің экологиялық мәселелеріне сызбанұсқа бойынша сипаттама беріңдер:

Мәселенің даму тарихы→мәселенің себептері, көздері→мәселенің қазіргі күйі→мүмкін болатын зардаптары→мәселені шешу жолдары

2. В.И.Вернадский биосфераның затттарын физико-химиялық құрамы бойынша төмендегі категорияларға бөледі: 1) тірі зат; 2) биогенді заттар; 3) костық заттар; 4) биокостық заттар; 5) радиоактивті заттар; 6) шашыранды атомдар; 7) шығу тегі ғарыштық заттар. Осы биосфера заттарына толық анықтама беріңіз.

Мәнжазба тақырыптары:

1.Биотехносфера ресурстары.

2. Биосфераның даму эволюциясы.

Блиц-тест

1. Биосфераның биологиялық әртүрлілігі маңызды болатын себебі:

А) заттар айналымын бұзуға әкеледі

Ә) заттар айналымын одан да тұйық қылып, биосфераны одан да

тұрақты етеді

Б) заттар айналымын тездетеп, биосфераны үлкейтеді

В) энергия ағынын тездетеді, мұхит пен құрлықты қосады

Г) эволюцияның шапшандауына ықпал етеді

2.Биосфераның тірі заты особьтер бірлестігімен құрылған:

А) Адамды қосып есептегенде барлық өсімдіктер түрлерімен.

Ә) Өсімдіктер мен жануарлардың барлық түрлерімен.

Б) Адамды қосып есептегенде жануарлардың барлық түрлерімен

В) Микроорганизмдер мен барлық жануарлар.

Г) Биосфераны мекендейтін адамды қосып есептегенде барлық организмдер.

3.Егер биосфераның тірі заты біртекті болса, биосфера төмендегі себептерден тез жойылады:

А) Таралу мен қоректену территориясының азаюынан.

Ә) Өзіндік қалдықтарымен улануы және тез көбеюінен.

Б) Сулы қалдықтардың бөлініп, солардан уланудан.

В) Керек заттардың тез жойылып, өзінің қалдықтарымен улануынан.

Г) Атмосфера деградациясынан.

4. Биосфераның дамуының ең жоғарғы сатысы – «сана сатысы» қалай аталады?

А) техносфера

Ә) социосфера

Б) биосфера

В) антропосфера

Г)ноосфера

5. Биосфераның тұтастығы – бұл:

А) Табиғи таңдаулар

Ә) Өзін - өзі тазалау мүмкіндігі

Б) Нақты вертикальды шектер

В) Ағзалар мен ортаның өзара тіршілікке қабілеттілігі

Г)Оның құрамдас бөліктерінің арасындағы зат пен энергия алмасуы

6. Биосфера – бұл:

А) Қазіргі жерде тіршілік жоқ орта

Ә) Биосфераның ең жоғарғы сатысы адамның саналы іс - әрекеті

Б) Адам әрекеті тараған аймақ

В) Жер планетасында өткен дәуірдегі тіршілік тараған аймақ

Г)Жер планетасында тіршілік тараған орта

7. Биосфера глобальды экожүйе, оның құрылымдық құрамы не?

А) жануарлардың кластар және бөлімдері

Ә) экожүйе

Б) өсімідіктердің кластары және бөлімдері

В) Популяциялар

Г)биогеоценоздар

8. Тірі зат қоршаған ортамен түрақты қарым-қатынаста болады, оның негізгілері:

А) Заттық, химиялық, физикалық.

Ә) Физикалық, химиялық, кеңістіктік.

Б) Заттық, молекулалық, генетикалық.

В) Химиялық, климаттық.

Г)Заттық, энергетикалық, информациялық.

9. Жер бетіндегі тіршілік неге тәуелді:

А) Жер бетінен пайда болатын, көзге көрінбейтін жылу сәулесі түріндегі энергияға.

Ә) Жер беті қабылдайтын жарық энергиясына.

Б) Радиоактивті сәулелену энергиясына.

В) Космос энергиясына.

Г)Күн энергиясына және жер бетінен пайда болатын жылу сәулесіне.

10.Табиғатта түрлердің өмір сүру шектеріндегі барлық экологиялық факторлардың қосындысын:

А) Экологиялық деңгей.

Ә) Экологиялық тепе-теңдік.

Б) Экосистема

В) Ареал.

Г)Экологиялық қуыс.

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Будыко М.И. Эволюция биосферы. Л.:Гидрометеоздат, 1991.

2. Вернадский В.И. Химическое строение биосферы и ее окружения. М.:Наука, 1987.

3. Камшилов М.М. Эволюция биосферы. М.:Наука, 1979.

4. Киселев В. Н. Основы экологии: Учебное пособие/В.Н.Киселев-ми. Высшая школа, 2002.

5. Никаноров А.М. Экология/А.М.Никаноров, Т.А. Хоружая-М. ПРИОР,2001

6. В.И.Коробкин, Л.В.Передельский «Экология для студентов ВУЗов». Ростов-на-Дону, 2000

7. Дроздов Н.Н., Мяло Е.Г. Экосистемы мира.-М., 1997

8. Бейсенова Ә.С.., Шілдебаев Ж.Б.., Сауытбаева Г.З. «Экология».-Алматы, Ғылым, 2001.

 

№ 6 практикалық сабақ

 

Сабақтың тақырыбы: Экожүйедегі және биосферадағы адамның орны мен ролі

Сабақтың жоспары:

1.Білімнің бастапқы деңгейін анықтау

2.Бақылау сұрақтарына ауызша жауап беру

3.Тапсырмаларды орындау

4. Білімнің ақырғы деңгейін анықтау

Сабақтың мақсаты: Экожүйедегі және биосферадағы әлеуметтік тұлға және биологиялық түр ретіндегі адамның ролін талдау

Бақылау сұрақтары

1. Адамдардың мекен етуі және тағам. Адамдардың тамақтану мәселесі.

2. Толыққоректі тамақтану және адам денсаулығы.

3. Қоршаған орта мен даму жөніндегі БҰҰ-ның конференциясы.

4. Экологиялық шиеленісу және адам генофонды.

5. Ноосфера. В.И. Вернадскиийдің анықтамасы. Ноосфера туралы қазіргі заманғы көзқарастар.

6. Адам – биологиялық түр ретінде.

7. Тұқымқуалаушылық – адам денсаулығының факторы.

8. Денсаулық – қоршаған ортаға жауап қайтарушы.

9. Табиғи орта және адам ауралары. Стресс және адаптация.

10. Қоршаған ортаға адамның әсері, антропогендік ластану.

Глоссарий:

Акселерация – биологиялық нормамен салыстырғанда ағзаның немесе мүшенің жеке бөлімдерінің жылдам дамуы.

Аллергия – ағзаның белгілі бір затқа жағымсыз әсері.

Антропогендік зат – адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераға қосылған химиялық қосылыс.

Ксенобиотиктер – адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде жанама немесе тікелей жолмен пайда болған табиғи биотикалық зат айналымына кірмейтін, тірі ағзалар үшін бөтен химиялық заттар.

Канцерогендер – қатерлі ісіктер туғызады. Қазіргі уақытта шамамен 500 осындай заттар белгілі. Олардың ішіндегі ең күштілеріне бензо(а)пирен және басқа да полициклді ароматтық көмірсулар, ультракүлгін сәулелер, радиоактивті изотоптар, эпоксидті смолалар, нитриттер және т.б. жатады.

Мутагендер- хромосомалар саны мен құрылымының өзгеруіне әкеліп соқтырады. Оларға рентген сәулелері, гамма-сәулелер, нейтрондар, колхицн, кейбір вирустар және т.б. жатады.

Мутагенез – ағзалардың тұқым қуалау жағынан алғандағы тұрақты өзгерістері, яғни олардың мутациялары.

Пестицидтер – улы химикаттар. Олар ауылшаруашылық өсімдіктерін зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден қорғау мақсатында қолданылады.

Тератогендер – жеке дамуда кемістіктерге әкелетін заттар. Көбінесе тератогендерге пестицидтер, тыңайтқыштар, шу және т.б. ластаушылар жатады.

Тапсырмалар

1. Жер бетіндегі негізгі энергия көзі болып не табылады?

2. Техногенді аурулар неден туындайды?

Мәнжазба тақырыптары:

1.Ноосферадағы адмның ролі.

2. Табиғатты тиімді пайдалану.

Блиц-тест

1. Адам денсаулығына зиянды әсер ететін факторлар арасында 1-орында тұр:

А) қоршаған орта

Ә) әртүрлі ластаушы заттар

Б) өмір сүру салты

В) тұқым қуалайтын аурулар

Г) психологиялық және әлеуметтік жағдай

2. Ақыл – ой сферасы деп мына сфераны айтқан:

А) Гидросфера

Ә) Биосфера

Б) Тропосфера

В) Атмосфера

Г)Ноосфера

3. Homo Sapiens түрінің өкілдері:

А) детритофагтар

Ә) олигофагтар

Б) монофагтар

В) авторофтар

Г)полифагтар

4. Планета тұрғындарының санының көбеюі неге байланысты

А) туылғандар мен өлгендер санының шектен тыс көбеюі

Ә) туылғандардың төмендеуі және өлгендердің азаюы

Б) туылғандар мен өлгендер санының азаюы

В) туылғандар мен өлгендердің төмендеуі

Г)бірқалыпты туылу өлудің азаюы және өмір сүрудің жалғасуы

5. Тірі табиғаттың бағытталған және қайталанбайтын дамуы:

А) аллелопатияБ) дивергенция

Ә) стагнацияВ) цивилизация Г)эволюция

6.Биогенді элементтерге:

А) С,О,N, Р, S, Н.

Ә) С, Са, Fe.

Б) О,N, К, Na, Cl.

В) N, P, Na, Cl.

Г) Nа, Cl, К, Fe.

7.Адам мен табиғаттың бірге, үйлесімді даму принципінің аталуы:

А) Дивергенция.

Ә) Адаптация

Б) Корреляция.

В) Конвергенция.

Г) Коэволюция.

8.Адамзаттың биосфералық функциясы білінеді:

А) Жерде адам тіршілігінің жағдайын жасаумен.

Ә) Цивилизация деңгейін дамытумен.

Б) Жер табиғатын адам тіршілігі үшін игеріп өзгертумен.

В) Биосфераны қолдап, мақсатты түрде дамытумен.

Г) Табиғатқа билік жүргізумен.

9.Магнит дауылдарына сезімтал келетін жүйелер:

А) Бөліп шығару жүйесінің жұмысының бұзылуы.

Ә) Асқазан мен ішектің аурулары.

Б)) Жыныс-зәр шығару мүшелері.

В) Қан жасау жүйесі.

Г) Жүйке және жүрек-тамыр жүйесі.

10.Адам мен жануардың ұқсастығы:

А) ішкі ағзалары

Ә) ойлау қабілеттілігі

Б) сөйлеу мүмкіндігі

В) еңбек етуі

Г) көру қабілеттілігі

11. Шу қаттылығы қандай өлшем бірлікпен өлшенеді?

А) м/с Б) км/м³

Ә) герц В) децибел Г) Вт/кг сағ

12. Берілген мәліметтердің қайсысы экологиялық кризистің болу қаупіне қорытынды жасауға әкеледі:

А) Табиғи ресурстардың сарқылуы

Ә) Биосфераның ластануы

Б) Су ресурстарының сарқылуы, табиғи ресурстардың сарқылуы

В) Су ресурстарының сарқылуы

Г)Көрсетілген факторлардың жиынтығы

13. Ең алғашқы экологиялық кризистің пайда болуына себепті:

А) Адамдардың жер бетінде тез таралуынан

Ә) адам өмір сүру ортасының климатының шұғыл өзгеруінен

Б) жердің көптеген мөлшерінің шөлейттерге айналуынан

В) Редуценттерге әсер етуден

Г)адам санының өсіп, көптеген жануар түрлерінің жойылуынан

14.Адам үшін оптимальды экологиялық жағдайлар белгілі бір температура мен ылғалдылығының қосылған кезінде пайда болады:

А) 300С және 30% ылғалдылық

Ә) 300С және 85% ылғалдылық

Б) 250С және 60% ылғалдылық

В) 300С және 100% ылғалдылық

Г)200С және 20% ылғалдылық кезінде

15.Тірі ағзалар үшін бөгде заттар:

А) Мутагендер Б) Эмбриогендер

Ә) Канцерогендер В) Тератогендер Г) Ксенобиотиктер

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Акимова Т.А. Экология. Человек-Экономика-Биота-Среда: Учебник для вузов/Т.А. Акимова, В.В.Хаскин.-2-е изд. перераб и доп..-М.. ЮНИТИ-ДАНА, 2000Никаноров А.М. Экология/А.М.Никаноров, Т.А. Хоружая-М. ПРИОР,2001

2. Новиков Ю.В. Экология, окружающая среда и человек: Учеб. пособие для вузов/Ю.В.Новиков.-М.. ФАИР-ПРЕСС, 2000.

3. Н.Е. Ревская. Экология. Учебное пособие/Издательство Михайлова В.А. Санк-Петербург, 2005.

4. Ғ.Сағымбаев. Экология негіздері. Алматы – 1995

5. В.И.Коробкин, Л.В.Передельский «Экология для студентов ВУЗов». Ростов-на-Дону, 2000

6. Шилов и.А. Экология. М.:Высшая школа, 2001.

7. Бейсенова Ә.С.., Шілдебаев Ж.Б.., Сауытбаева Г.З. «Экология».-Алматы, Ғылым, 2001

 

№ 7 практикалық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Атмосфералық ауаны қорғау

 

Сабақтың жоспары:

1.Білімнің бастапқы деңгейін анықтау

2.Бақылау сұрақтарына ауызша жауап беру

3.Тапсырмаларды орындау

4. Білімнің ақырғы деңгейін анықтау

Сабақтың мақсаты: Атмосфера құрылымымен, маңызымен танысу. Оның ластануының топыраққа, өсімдік және жануар ағзаларына кері әсерлерін талдау.

Бақылау сұрақтары:

1. Атмосфера құрылымы, оның газ құрамы.

2. Ауаны ластаушы заттар,көздер, олардың жіктелуі.

3. Ауаның ластануына сипаттама, жіктелуі.

4. Ауаны ластанудан тазалау әдістері. Жасыл өсімдіктердің ауа тазалаудағы ролі.

5. Атмосфералық ауаның тазалығын бақылау.

6. Фотохимиялық түтінді тұман және оның түзілу себептері.

7. Ауаның ластануының топыраққа және өсімдіктерге әсері.

8. Ластаушы заттардың өсімдік және жануартектес өнімдерге жинақталуы.

9. Атмосфера ластануының ғаламдық зардаптары.

Глоссарий:

Аймақтық ластану- бүкіл ғаламшарды қамтымай, бірталай кеңістіктенбайқалатын ластану.

Газды тазалау, ауаны тазарту- физикалық, химиялық әдістерді қолдана отырып, ауадағы жай қосылыстарды жойып, табиғи сапасын реттеу.

Ғаламдық ластану- планетаның кез-келген нүктесінде тіпті ластану көзінен алыс аймақтарда да кездесетін ластану.

Аэрация -ауаның табиғи немес жасанды жолмен қандай да бір ортаға өтуі.

Озон -оттегінің үш атомды молекуласы.

Озонсфера - ультракүлгін сәулелерді жұтатын, жоғары концентрациялы озоны бар атмосфера қабаты.

Санитарлық сақтау белдемі - атмосфераны ластайтын кәсіпорындарды елді мекеннен бөліп тұратын, міндетті түрде ағаш егілген, зиянды заттектер қауіпсіздік деңгейге дейін таралатын және арнайы гигиеналық талаптар орындалатын аумақ.

Тапсырмалар:

1. Ауа ортасының нормалық сапалары (ПДК, ПДҚ).

2. Қазақстан қалалры бойынша ауа бассейні неғұрлым ластанған қаларды анықтау.

Мәнжазба тақырыптары:

1. Ауаны ластанудан тазалау әдістері.

2. Атмосфераны қорғау және тиімді пайдалану.

3. Ғарыш және экологиялық мәселелер.

 

Блиц-тест

1. Атмосфераның ассимиляциялық потенциалы:

А) Ластаушы қосындылары Ә) Табиғат сапасы, құрамы

Б) Ауа массасының қасиеттері В) Атмосфераның өздігінен қозғалуы

Г)Ластаушыларды залалсыздандыруы

2. Атмосфераны қорғаудың әлеуметтік нәтижелері

А) Өндіріс шығындарының қысқаруы Б) Табиғи ортаға зиянның азаюы

Ә) Атмосфера қорғау шығындарының үнемі В) Табиғи ортаның тазаруы

Г)Халықтың денсаулығының жақсаруы

3. Қоршаған табиғи орта мен тірі ағзалардың арасындағы қарым-қатынасты зерттейтін ғылым

А) этологияБ) философия

Ә) психологияВ) генетика Г)экология

4. Қай атмосфера қабатында атмосфералық ауаның 84% бар?

А) МангитосфераБ) Стратосфера

Ә) МезосфераВ) ИоносфераГ)Тропосфера

5. Термосфера қабатында 500-600 км биіктік температура мәні:

А) 15000С кемБ) 1500С артық

Ә) 8000СВ) 6500СГ)15000С астам

6. Озонды қабат ненің құрамына кіреді?

А) МагнитосфераБ) Мезосфера

Ә) ТропосфераВ) Ионосфера Г)Стратосфера

7. Таралу масштабына байланысты атмосфера ластануының жіктелуі:

А) Табиғи, жергілікті, әлемдік Б) Химиялық, биологиялық

Ә) Табиғи, антропогендік В) Физикалық, механикалық

Г)Жергілікті, аймақтық, әлемдік

8. Тазарту белгісі бойынша өндірістік қалдықтар келесілерге бөлінеді:

А) Тазартудан соң


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: