Инклюзивті білім беру

 

· Барлық балалар әртүрлі

· Барлық бала оқи алады

· Әртүрлі мүмкіндіктері, әртүрлі этникалық топтар,әртүрлі даму,жас,жыныстық ерекшеліктер

· Баланың қажеттілігіне қарай жүйеге бейімдеу


 

 


Кіріктірілген уақыттың негізгі мағынасы қалыпты дамыған құрбыларынан тәжірибе алу үшін жағдай жасау болып табылады.Кіріктірілген уақыт шын мәнінде болашақта дайындық кезеңі көп тамашакіріктірілген білім беру нысаны болып табылады. Кіріктірілген бұл модел қалыпты дамыған балалармен арнай топтар үшін сондай-ақ орта мектептерде аралас мектепке дейінгі ұйымдар іске асырылуы мүмкін.

Кіріктірілгеннің келесі үлгісі эпизодтық деген атау алады,мектепке дейінгі білім беру мекемесімен мектепте мүмкіндігі шектеулі баламен қалыпты дамыған баламен тәрбиеде және оқытуда мақсатқа сәйкес жұмыс жүргізу.

Эпизодтық кіріктірудің мәні мүмкіндігі шектеулі балалар оқитын арнайы ұйымдарда әлеуметтік қарым-қатынастың объективті шектеулерін жеңуге,мүмкіндігі шектеулі балалардың құрбыларымен әлеуметтік өзара іс-әрекетінің кем дегенде ең төменгі мақсатты ұйымы болып табылады.Кіріктірілген форма орта мектептің арнаулы сыныптарда мүмкіндігі шектеулі балаларға білім берумен қарастырылады. Соған қарамастан ол инклюзивті білім беру деп аталмайды. Жеке сыныптардың оқыту тәжірибесін зерделеуде құрдастар мүмкіндігі шектеулі балалармен әрқашан жиі араласпайтынын көрсетеді. Қарым-қатынас инклюзивті білім берудің даусыз элементтерінің бірі екенін көрсетеді.

Осылайша интеграциялық модельдерді анықтау дамуында тежелуі бар балаларды оқытудың біріктірілген формасының келесідей нысандарын анықтайды:

1.Құрама, дамуында тежелу бар оқушы қалыпты сау баламен бір сыныпта оқуға қабілетті сонымен қатар мұғалімнің,дефектолог, логопед, психологтан жүйелі көмек алуға;

2.Бөлік, дамуында тежелу бар оқушы оқу бағдарламаларын игеруде сау құрбыларымен тең мүмкіндігі болмаса, бұл жағдайда олар күннің бір бөлігін арнайы сыныпта, ал келесі бөлігін қарапайым сыныпта өткізеді;

3. Мезгілдік, арнайы сыныптарда және қарапайым сыныпта оқитын балалар серуендеуге, мерекелік іс-шараларда, жарыстарда және қызмет үшін айына екі реттен сирек кездестіріледі.

4.Толық.Даму мүмкіндігі шектеулі 1-2 бала(сөйлеуінде бұзылу бар, көру қабілеті төмен, кохларлы имплантатпен) балабақша тобына немесе әдеттегі сыныпқа қосылу кезінде психофизиологиялық деңгейі, физикалық сөйлеу дамуы жас шамасына сәйкестігі және дені сау құрбыларымен бірлесіп оқуға психологиялық дайындығы; күзетушілік жұмыстарды оқыту орнынан ала алады.

Кіріктірілген үдерістің табысты болуына ішкі жағдайлар әсер етеді. Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың тиімді ықпалдастығын қамтамасыз ету сыртқы жағдайларға байланысты болып табылады.

 

 

7-дәріс. Мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттері мен ұстанымдары

Мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттері:

· Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған үздіксіз инклюзивті білім беру жүйесін құру,мүмкіндігі шектеулі балалардың табысты кіріктірілуі үшін орта және жоғары «интеграциялық орта» қолайлы жағдайлар жасау (кадрлық қайта қарау, топтарда оқушылар санын азайту, материалдық- техникалық жабдықтар (арнайы оқыту құралдары) білім беру мекемелерінің ғимараттарын жөндеу);

· Білім берудегі интеграциялық технологияларды іске асыратын және әлеуметтік білім беру ұйымдарының мәртебесін анықтау және заңнамалық нығайту;

· Тығыз ынтымақтастықты, ғалымдармен практиктердің қызметтестігі, үкіметтік, қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпараттық құралдары мен мүгедектігі бар адамдардың жалпы білім алуға қол жеткізу процесін кеңейту, әлеуметтік-мәдени және білім беру интеграциясы тәжірибесінде оң әлеуметтік қатынастар қалыптастыру, оқытушыларға арналған білім беру бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз ету, интеграцияланған білім беру жағдайында жұмыс жасау.

Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді одан әрі іске асыру процесі кешенді болу үшін мемлекеттік органдар, ата-аналар қоғамдастығы, отбасы, білім беру органдары мен ұйымдарда қамтылуы тиіс.

Білім беру бағдарламаларының инклюзивті түрін тиімді іске асыруда мемлекеттік саясаттың мынадай мақсаттарын көздейді:

v Жалпы білім беру, мүгедектігі бар адамдардың конституциялық құқықтарын іске асыру, ақпаратқа қол жеткізу, жалпы қоршаған ортаны,ресурстарды өмірді қорғау;

v Мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік және экономикалық тәуелсіздігін жетілдіру;

v Барлық деңгейлерде мүгедектігі бар адамдардың инклюзивті білім беру үшін әлеуметтік қолдау жүйесін дамыту: жеке (кеңес беру қызметін дамыту,мүгедектер үшін инклюзивті білім беру төтенше әлеуметтік көмек бағдарламалары) кәсіби көмек жүйесі (әлеуметтік қызмет көрсету, денсаулық сақтау, білім беру ұйымдары, мәдени мекемелер, заңды қызмет көрсету), ақпараттық кеңістік (мүмкіндігі шектеулі адамдар мен олардың отбасы мүшелеріне қатысты жағымсыз әлеуметтік қарым-қатынасты барынша азайту мақсатында инклюзивтік білім беру тәжірибесі туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылықты хабардар ету, олардың құқықтарыменмүмкіндіктері туралы ақпарат, азаматтық бастамалар мен құқығының дамуы) заңнама және әлеуметтік саясат (мүгедектерге білім беру интеграциясы бағдарламаларын іске асыру мониторингі, заңнамалық бастама, инклюзивтік білім беру жөніндегі әлеуметтік саясатты орындау).

Қазақстан Республикасының құқықтық құжаттарымен қауымдастығында «инклюзивті білім беру» термині негізінен, негізгі мектептерде мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту процесін сипаттау үшін қолданылады. Аталған мәселелерді ескере отырып, инклюзивті білім беруде оқушының барлық жеке қасиеттеріне, қабілетіне, даму ерекшеліктеріне, темперамент типіне, жынысына, отбасылық мәдениетіне және басқада тиісті шарттарды назарға алып, жеке көзқарастарына негізделген оқыту әдістерін тұжырымдайды.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру саласындағы мемлекеттік саясат ұстанымдары:

1. Кепілдік ұстанымы. Мүмкіндігі шектеулі балалармен олардың отбасыларына мемлекеттік көмек пен қолдау тұрақтылығы, жаңа және қолданыстағы әлеуметтік қызметтер құру.

2. Адам құқықтарын жүзеге асыру ұстанымы. Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік интеграция бойыншы мемлекеттік саясат әр адамның мәнін таниды, мүмкіндігі шектеулі балаларды отбасына қарамастан психофизикалық мәртебесіне көмек және қолдау, мүгедектердің тең құқықтары, олардың отбасы мүшелеріне, әлеуметтік мәртебесі, діни нанымдары, ұлты, тұрғылықты жері.

3. Отбасының әлеуметтік жауапкершілік ұстанымы. Адамның рухани және физикалық дамуын тәрбиелеу үшін әрбір отбасының егемендігі мен жауапкершілігін тану, мүгедектігі бар адамдарды дамытуға қатысты шешімдер отбасының тәуелсіздік және дербестік принципі, оның өмірін анықтау негізіндегі мемлекеттік саясат.

4. Ғылыми ұстанымы. Бағдарламамен қамтамасыз етужәне әлеуметтік білім беру ықпалдастықтың әдістемелік құралдарымен, балаларды әлеуметтік интеграцияның теориялық және әдіснамалық негіздерін дамыту, талдау және интеграция нәтижелеріне мониторинг,енгізілген технологиялар тиімділігіне тәуелсіз сараптама, кешенді білім және ғылыми мәселелер мәніне ғылыми талдау негізіне жасалған шешімдерді бағалау.

5. Ақпаратқа қол жетімдік ұстанымы. Мүгедектігі бар адамдардың жалпы, орта, арнайы орта жоғары және қосымша білім берудегі қолжетімдікті зерттеу мәселелерін, әлеуметтік тәжірибені сыни талдау мақсатында қоғамға енгізу жөніндегі іс-шаралар,ғылыми-әдістемелік әзірлемелерді жүзеге асыру ерекшеліктерінің қорытындысы бойынша барлық мүдделі топтардың материалдарға қолжетімдігін қамтамасыз ету жатады.

6. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған технологияларды инклюзивті білім беруде іске асырудағы жүйелі ұстанымы.

Отбасы (бірінші деңгей) әлеуметтік жұмыстарды практик отбасымен жүзеге асыруды талап етеді. Мектепке дейінгі білім беру мекемесі (екінші деңгей), мектептер мен қосымша білім беру ретіндегі білім беру ұйымдары (үшінші деңгей), қосымша кәсіптік білім және кәсіптік білім беру мекемелері (төртінші деңгей), кешенді медициналық, әлеуметтік, психологиялық, білім беру,құқықтық қолдау қызметтері (бесінші деңгей).

7.Барлық нысандарын жан-жақты жүзеге асыру ұстанымы. Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін үшін инклюзивті білім беру түрлері тұлғааралық қарым-қатынас, олардың мақсатқа жету мүмкіндіктерін анықтау үшін енгізу.

8. Көп салалы білім беру ұйымдары ұстанымы. Бұл принцип ең алдымен білім беру мекемелерінде әлеуметтік және психологиялық, медициналық қызметтерді қамтамасыз ету үшін орталықтар құру.

9.Мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру саласындағы отандық және халықаралық тәжірибені толықтырушы ұстанымы. Инклюзивті білім беру процесін жоспарлау,атап айтқанда оның жалпы тұжырымдамасын анықтау,іске сәйкес нақты жоспарын жасау үшін ғана емес, сондай-ақ қажетті:

ü Инклюзивті білім беруде табысқа жетуде құндылықтар, наным, ұстанымдар мен көрсеткіштер жүйесін қолдау керек. Бұл жүйе инклюзивті білім беру өсіп және үстем болады және оны алдын-ала алып (жетілдіру) қажеттігі жоқ болады.

ü Инклюзивті білім беру егер шынайы құрылым болса сәтті болмайды. Бұл динамикалық үдеріс, оны «тірі» жасау үшін іс-әрекетті сыни талдау және бағалау үшін барлық қатысушылардың қатысуымен тұрақты бірлескен мониторинг талап етеді. Инклюзивті білім берудің негізгі принципі осы білім түріне және болжау мүмкін емес тұрақты өзгерістерге жауап беру қабілетіне икемділігі.

8-дәріс. Педагогтар мен мамандардың өзара қарым-қатынасытуралы түсінік

Инклюзивті білім берудің басты ұстанымдарының бірі ведомствоаралық интеграция және әлеуметтік серіктестік. Инклюзивті білім беру өз мақсатына тек жалпы мектепте білім беретін педагогтардың, медицина мамандарының, психологтың және дефектологтың тұрақты өзара әлеуметтік серіктестігінің және өзара қарым-қатынасының нәтижесінде ғана жететіні сөзсіз.

Педагогтар мен мамандардың өзара әрекет етуі нәтижесінде даму тапсырмаларын шешу, оқыту, тәрбие және балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтендіру, баланың мәселелерін комплексті шешуге бағытталғандығы түсіндіріледі. Мұндай жолмен әртүрлі мамандар мен педагогтардың баланы сүйемелдеуі психолого-педагогикалық әдебиеттерде психолого-педагогикалық сүйемелдеудің динамикасын, тактикасын, стратегиясын жасай алатын әртүрлі мамандардың жүйелік әсер етуі, мүмкіншілігі шектеулі балалардың дамуы және отбасы жүйелік және әсерлі түрде қарастырылады.

Мұндай өзара қарым-қатынас:

- әртүрлі профильдегі мамандардың квалификацияланған көмек көрсетілуі, баланың мәселелерін шешудегі жүйелілік;

- баланың дамуындағы танымдық және тұлғалық көпаспектілі анализі;

- балаға жалпылама даму, жекеленген оқу-танымдық, сөйлеу, еріктік-эмоционалды және жекеленген сфера бойынша бағдарламалар құру;

Осындай өзара әрекет өз кезегінде әртүрлі тапсырмалардың шешілу жолдарын және эффективтілігін анықтайды:

- мүмкіндігі шектеулі балалармен бірге психолого-медико-педагогикалық консультацияға бару, оның ішінде олардың жалпы білім беретін мектептерде білім алуы, оқу бағдарламаларын таңдауы және оқу-әдістемелік жүйені таңдау;

- білім алушылардың оқу құралдары мен дидактикалық материалдарға бейімделуі;

- бірлескен іс-шараларды өтуді жоспарлау;

- мониторингті ұйымдастыру және инклюзивті білім беретін мекемелерді бағалау;

- координатталған басқа да сұрақтар бойынша.

Білім беру барысын жақсарту үшін оның барлық құрамы: әкімшілік, педагогтар, мамандар, балалар және ата-аналар:

- бір-бірімен үнемі тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді;

- бір-біріне ашық түрде көмек көрсетеді және көмекті қабылдайды, кері байланыс орнатуға мүмкіндік жасайды, кеңестер береді, критикалық ескертпелер жасайды және айтылған ескертпелерге құлақ асады;

- Ортақ іске қосатын үлестері үшін бір-біріне құрметпен қарайды;

- Кәсіби топ ретінде ұйымдасқан түрде жұмыс жасайды, мысалы жалпы топтың немесе жеке оқушы дамуының актуалды деңгейін көрсетуге бағытталған жекелік және топтық тақырыптық жобалар және жеке оқу жоспарын (ЖОЖ) құрады;

- Педагогтар мен мамандар өзінің және жаңа педагогтардың кәсіби құзырлылығын арттыру мақсатында өз жұмысының негізгі іргетасын қалаушы адам ретінде жұмыс істейді.

Инклюзия мақсаттарын жүзеге асыру үшін мекемеде әртүрлі мамандар: психологтар, дефектологтар, логопедтер, тәрбиешілер, қосымша білімді педагогтар, медицина қызметкерлері жұмыс жасайды. Инклюзивті топта жұмыс тиімділігін арттыру үшін мамандардың өзара әрекет етуінің сызбасы жасалуы қажет. Инклюзивті топтың қызметін басқару үшін пәнаралық топтар құрылады.

Пәнаралық топтар нақты топтың (сыныптың) немесе балабақшаның негізінде жасақталады және құрамына: педагог-тәрбиеші, мұғалім, логопед, дефектолог, психолог, әлеуметтік педагог, қосымша білімді педагог, ата-ана кіреді.

Пәнаралық топ жұмысы мақсаты: инклюзивті топ немесе сынып жұмысының жоспарлануы және ұйымдастырылуы.

Пәнаралық топтар жұмысының негізгі бағыттары:

- балаларға пәнаралық диагностика жүргізу;

- пәнаралық мағлұматтарын есепке ала отырып, жеке жоспарлар құру;

- типтік бағдарлама негізінде сынып немесе топтың жоспарын жасау;

- топ мүшелерінің күнделікті атқаратын жұмыстарын жоспарлау;

- оқу жылының басында топқа балаларды қосуға байланысты жоспарлау;

- ата-аналармен серіктестік және өзара қарым-қатынас турасында талқылау және жоспарлау жұмыстарын жүргізу;

- төтенше жағдайларды анализдеу және оларды шешу жолдарын ұйымдастыру.

Мамандар мен педагогтардың топтық жұмысының мынадай 5 негізгі ұстанымын атап көрсетуге болады:

- инклюзивті білім беруді бірыңғай психолого-педагогикалық идеология және стратегия ретінде мойындау;

- ұқсас пәндер бойынша мамандар қызығушылығы, әмбебаптылыққа және жаңашылдыққа жаңа білімді меңгеруге дайындық;

- топ құрамындағы барлық мүшелерге құрмет, өзара түсіністік, шынайылық, өзара көмекке дайындық;

- білім беру процесі барысында топ мүшелерінің теңқұқылығы;

- ортақ жұмыс нәтижесіне жауапкершілік;

- топ мүшелерінің рөлдерін нақтылау, нақты педагогикалық тапсырма туындаған шақта басымдылық беру.

Пәнаралық сабақтастық нәтижелілігі ретінде мыналар қызмет атқаруы мүмкін:

- бала дамуы мен ерекшеліктерін есепке алу;

- бейімделу мен әлеуметтенудің маңыздылығы;

- инклюзивті орта субъектілерінің өзара қарым-қатынасын есепке алу;

- баланы «қажетті сәтте қажетті маманмен» «байланыстырудың» жүйелі баламалылығы;

- ата-аналардың әлеуметтенуге және оқуға бейімделуіне атсалысуы, мамандармен серіктестік өзара қарым-қатынас орнатуы.

Мамандардың топтық жұмыстарының негізгі аспектілерін қарастыратын болсақ, бірінші аспект: бірыңғай инклюзивті білім беру траекториясын құру – балабақшадан мектепке дейін. Бұл тапсырманы сәтті орындау талаптары төмендегідей:

· кезеңдерді және әр кезеңнің заңдылықтары мен қалыпты дамуды білу;

· жүктелген білім стандартына емес, әр жас кезеңіне сай психологиялық және педагогикалық тапсырмаларды түсіну;

· «ерекше» балалардың психикалық дамуындағы спецификаны ескере отырып, осы ерекшеліктердің механизмі мен себептеріне сүйену;

· даму кезіндегі кез келген жағдайындағы дәрі-дәрмектердің клиникалық көрінісін білу;

· білім беру барысында білім беру тапсырмаларын есепке алу;

· әр жас кезеңдерінде балалар қоғамының кезеңдерін және даму заңдылықтарын білу.

Екінші аспект: білім беру мекемелерін қалыптасқан инклюзивті кеңістікке ендіру. Пәнаралық қолдау қадамдарыныңсәтті шығуы мыналармен анықталады:

v әр түрлі бағыттағы тренингтер ұйымдастыру, оның ішінде топ құруға бағытталған тренигтер; топтық дискуссия; фокус-группа; жекелеген кеңес беру;

v кәсіби «шеберханаларда» жұмыс;

v нақты мәселелі жағдаяттар анализі.

Үшінші аспект: инклюзивті білім беру мазмұны. Бұл аспектіде пәнаралық қолдау әрекеттерінің сәттілігі былай анықталады:

ü инклюзивті білім берудің «мазмұнды аймағын» айқындайтын мамандардың тиімді тобы;

ü баланың даму ерекшеліктері және білім беру мекемелерінде орын алған білім беру ортасындағы балалар топтары және сыныптар комплектациясына қатынасымен;

ü мүмкіндігі шектеулі балаға берілетін көмек көлемін оптималды бірізділігіне талдама жасаумен;

ü білім беру бағдарламасының ұғынықты модификациялануымен, берілетін бағдарлама ақпараттарының тереңдігі мен бірізділігінің бала мүмкіндігіне сәйкес келуімен;

ü педагогтар және басқа да мамандық иелерінің бірлескен пәнаралық топ жағдайында әдістемелік көмек және біліктіліктерін арттырумен;

ü ата-аналармен және олардың күтетін нәтижелерімен психотерапевтік жұмыс.

9-дәріс. Педагогтар мен әр түрлі мамандардың инклюзивті білім

берудегі әртүрлі функционалдық міндеттері

 

Инклюзивті тәжірибе мамандардан жаңаша идея мен білімді талап етеді. Әр түрлі мамандар мен педагогтардың, мүмкіндігі шектеулі балаларға, тәрбие беру мен оқытуының мәні, бүкіл ұжым балалардың жақсы жағдайда білім алуына қатысады.Ұжымда жұмыс жасай отырып, топтың әр мүшесі алдына қойылған мақсат пен тапсырылған жұмысты уақытында орындау керек.

Сонымен, дефектолог-оқытушы міндеті:

· Мектепке дейінгі және мектептегі, мүмкіндігі шектеулі балалардың сыныптағы, сабақ барысын ұйымдастыру;

· Тәрбиешілер кеңесі, музыка мұғалімі, дене шынықтыру мұғалімі, әлеуметтік педагог, қосымша түзету педагогикалық процесі мен топтағы балалар әрекеті бойынша сұрақтарға жауап беру;

· Топтық сабақтар мен конференциалды сабақтар методикасы бойынша іріктеуде көмек көрсету;

· Мүмкіндігі шектеулі балаларға, коррекциялық, психо-педагогикалық көмек көрсету;

· Басқа пән мұғалімдерімен ортақ сабақ (музыка,дене шынықтыру,ЛФК), мүмкінді шектеулі, ақыл-есінде ауытқуы бар балаларға фронтальды индивидуальды сабақ өткізу;

· Педагогикалық диагностика жүргізу;

· Индивидуалды біліммен қамтамасыз ету;

· Ұжым міндеті түзету процесіне атсалысу;

· Балаларға диагностикалық тұрғыда білім беру.

Оқытушы-логопед сөйлеуінде мүкістігі бар балалар мен коррекциялық жұмыс жасайтын маман.

Оқытушы-логопед м індеттері:

· Тәрбиеленушілерді зерттеп, олардың сөйлеуіндегі деффектілерді анықтау;

· Топтық, индивидуалдық сабақтар өткізу арқылы коррекциялық жұмыстар жүргізу;

· Сөйлеуінде кемістігі бар балаларға, түзету жұмыстарына байланысты, қажетті кеңестер беру.

Педагог-психолог маманның міндеттері:

· Баланың әлеуметтік, психологиялық, соматикалық жағдайын бір қалыпта сақтау;

· Ата-аналар мен балаларға, педагогтар мен ұжымға нақты бір қиындықта шешім қабылдауға көмек беру;

· Психологиялық диагностика жүргізу;

· Балалардың дамуындағы (ақыл-есінен,физикалық,эмоционалды)ерекшеліктерін зерттеу;

· Ата-аналар мен педагогтарға кеңес беру;

· Пайда болған психологиялық проблемаларға коррекциялық түзету жұмыстарын жүргізу;

· Ата-аналармен педагогтардың және балалардың қарым-қатынасы жақсы аурада ұстау;

· Пән аралық командалардың мүшесі ретінде қызмет ету және жеке даму бағдарламаларын әзірлеуде жұмыс жасау;

· Топқа бағытталған бағдарламаларды диагностикалау,жоспарлау, әзірлеу және жүзеге асыру;

· Арттерапия, ойын терапиясы және тағы басқа әдістерді жұмыс барысында пайдалану.

Әлеуметтік-педагог міндеттері:

· Білім беру ұйымы мен тәрбиеленушінің отбасы арасындаға сабақтастықты орнату;

· Тәрбиленушіні зерттеуде және дамуына үлес қосатын индивидуалды бағдарлама барысында атсалысу;

· Баланың қоғамдық ортаға тез сіңісіп кетуі үшін, ата-ана кеңестер беру;

· Баланың отбасындағы тәрбиесі мен коғамдық ортасындағы қағидаларын зерттеу;

· Тәрбиеленушіге әлеуметтік көмек ретінде, қайырымдылық қорлары мен әлеуметтік жағдайы төмен жандарға көмек көрсетушілермен, педагогтар мен біріге отырып жұмыс жасау;

· Топтағы тәбиеленушілерге әлеуметтік көмек ретінде, үлкен іс-шаралар өткізу;

· Тәрбиеленушілердің қызығушылықтары мен қиындықтары, қажеттіліктері мен жұмыс жасау барысында ауытқуы бар балаларға әлеуметтік көмек көрсету.

Мұғалім (педагог-тәрбиеші) міндеттері:

· ­Өзіне тапсырылған балалардың өмірі мен денсаулықтарына жауапты маман;

· Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай оларға, сабақтар, ойындарды жоспар арқылы жүргізу;

· Топтағы балалар, типтік бағдарлама бойынша жақсы білім алуы үшін жағдай жасау;

· Музыка мұғалімі, дене шынықтыру және пән мұғалімдерімен бірлесе отырып, әр-түрлі іс-шаралар мен кештер ұйымдастыру;

· Мамандардың кеңесі бойынша, әрбір тәрбиеленушімен индивидуалды жұмыс жасау;

· Тәрбиеленушілердің ата-аналарымен біріге отырып жұмыс жасау;

· Топтағы балалардың ерекшеліктерін ескере отырып, олармен индивидуалды түрде бағдарламаға сай жұмыс жасау;

· Баланың өзіне тән деңгейлерін зерттей отырып, ақпарат алмасу қабілеті,шапшаңдылық, мақсат қоя білуі, өз-өзіне қызмет ете алуы ерекшеліктеріне мән беру.

Дене шынықтыру мұғалімінің міндеттері:

· Сабақ беру барысында тәрбиеленушілердің денсаулығына толықтай жауап беру;

· Қимыл-қозғалыс жасауға, денсаулықты сақтауға, моторикалық, арқаны тік ұстап жүруге үйрету;

· Тәрбиленушілердің қимыл қозғалыс барсындағы шапшаңдықтарын қадағалап отыру;

· Медбикемен бірлесе отырып, тәрбиеленушілерге гигиеналық қағидалар жайлы түсіндіру;

· Тәрбиеленушілердің ата-аналарымен біріге отырып, физикалық тұрғыда балаға қалай үй жағдайында көмек беру керектігін түсіндіру.

Жүзу бойынша маман міндеттері:

· Бағдарлама бойынша, талапқа сай индивидуалды түрде балаларға сабақты бассейнде өткізу;

· Әр-түрлі ойындар арқылы, көп судан қорықпауды үйрету;

· Мектепке дейінге және мектептегі балаларға жүзу стильдерін үйрету (кроль,брасс, дельфин);

· Балалардың денсаулығына толықтай жауап беру;

· Медбикемен біріге отырып, бассейннің тазалығын қадағалау;

· Балаларға киім ауыстырғанда, суға түскенде көмектесіп, гигиеналық тәртіпті сақтағанын қадағалау;

· Қимыл қозғалыс жасауға, кординациялық қимыл-қозғалыс жасауға, моторикалық мен арқаны тік ұстап жүруге үйрету.

Музыка пәні мұғалімінің міндеттері:

· Іс-шаралар мен музыкалық сабақтар жүргізу;

· Ұжымдағы талаптарға сай жұмыс жасап, ерекше назардағы балалар мен танысу, осыған орай іс-шаралар өткізіп, музыкалық сабақтар жүргізу;

· Таңғы гимнастика мен дене шынықтыру сабақтарына қатысу;

· Күннің екінші мезгілінде балаларға музыкалық сүймелдеумен ойындар өткізу;

· Дидактикалық, музыкалық, театрлық ойындар жүргізу.

Қосымша білім беретін педагогтар міндеттері:

· Педагог-психолог, дефектолог мамандарының кеңестері бойынша, театр,музыка, креативтілік, би, музей элементтерін пайдалана отырып, баланың дамуы үшін қосымша сабақтар жүргізу;

· Міндетті түрде балалардың творчествалық сабақ барысында қажетті құралдары мен психологиялық анализдерін дайындау.

Медбике міндеттері:

· Балабақшадағы санитарлы-эпидемиялық қағиданы қадағалау;

· Балалардың таңғы ас ішуі,күн тәртібін,таңғы гимнастика, дене шынықтыру сабақтарын қадағалау;

· Балалардың дене шынықтыру іс-шаралары мен кештерге қатысу;

· Күнделікті сабаққа қатыспаған балалар тізімін түгелдеп отыру;

· Балаларды дәрігер қарауына дайындап өзіде сол процеске қатысу;

· Антропометриялық өлшем жасап, профилактикалық егу жасау;

· Жүзу сабағына қатыспас бұрын балаларды тексеріп, денсаулығы нашарлап тұрған балаларды сабақтан босату;

· Бассейн тазалығы мен бөлме тазалығын қатаң түрде қадағалау;

· Дәрігер кеңесі бойынша балаға массаж жасау;

· Баланың өсу деңгейін диагностикалау;

· Өсу бағдарламасын құру;

· Балаларға уақытында тамақ берілуі мен олардың құрамын санитарлы-эпидимиологиялық талапқа сай жасап, топқа тамақтың уақытында берілуін қағалау.

 

 

10-дәріс. Инклюзивті сыныптағы пәндік білім беру ортасын модельдеу ерекшелігі

Қазіргі таңда инклюзивті мектептегі білім беру ортасының жаңа, заманауи толыққанды талаптарды модельдеуөткір мәселеге айналып отыр.

В.А.Ясвинаның пікірінше, «тұлғаныңөзін-өзі іске қосудың» (А.Маслоу бойынша) психологиялық сипатымағыналық жағынан алғанда «педагогикалық қолдан» шығатын «сапалы өнімді» модельдеу мен жобалау үшін нақты бағыт бола алады:

• шынайылықты белсенді қабылдау және онда жақсы бейімделу қабілеті;

• өзін және басқа адамдарды дәл солай қабылдау;

• іс-әрекеттерге қатысу және өзінің ойы мен сезімін тосын білдіру;

• ішкі әлемге ғана бейімделуге және жеке сезімдері мен уайымдарында сананың мән беруіне қайшы келетін сырттағы болып жатқан жағдаларға нақты көңіл бөлу;

• сезімге ие болу;

• дамыған шығармашылық қабілеттер;

• шарттарды қабылдамау, бірақ қарсылығын көрсетпеу;

• жеке бақытын қамтамасыз етпей, басқа адамдардың аман-есендігіне көңіл бөлу;

• өмірді терең түсіне білу;

• айналасындағы адамдармен, барлығымен болмасада, жақсы ойдағы адамдармен қарым-қатынас орнату;

• өмірге тік көзбен қарап, обьективті тұрғыда әділетті баға беру;

• әдетте балалар секілді өмірге толық ену;

• өмірде жаңа, белгісізжәне қауіпті жолдарды қалау.

Осындай білім ортасын ойластырудың негізгі мақсаты «әрбір оқушының өзіндік дамуына қолайлы жағдайлар жасау, өзін осы білім ортасында ыңғайлы сезіну үшін оқупроцесін құру, модельдеуге жету. Өз кезегінде білім ортасы оқушының алға қойған мақсаттарына жетуде, әртүрлі аспектілерде (физикалық, интеллектуалды жәнет.б.) дамуына жекесәттілік кепілі бола алады.»

Білім ортасының кеңістіктік және пәндік компонентін модельдеу мен ойластыруғаЯ.А.Коменскийдің «Ұлы дидактикасынан» бері мән беріліп келеді. Ол тіпті оқу ғимаратының кеңістіктік және пәндік ортасы алдымен баланы қызықтыру жағынан қарастырған болатын: «Мектептің өзі іші-сыртымен адамның көзін тартатын орын болу керек. Іші жарық, таза, суреттер мен безендірілуі керек: атақты адамдардың портреттері, географиялық карталар, тарихи оқиғалар ескерткіштері, бірнеше таңбалық белгілер. Ал мектеп сыртында серуендеуге және ойнауға арналған алаңмен қатар, оқушыларды арасында ағаштар, гүлдер, шөптермен ойларын бөлу үшін кішкентай саябақ болу керек. Егер барлығы осылай болса балалар жәрмеңкеге қызық көру мен естуге барардағы қызығушылық мектепке барарда да туар еді.»

Алғашқылардың бірі болып Мария Монтессори кеңістіктік және пәндік білім ортасын модельдеуде тұлғалық дамудың негізгі факторы ретінде ерекше мән берді. Оқу процесін дамытудағыоның жасаған моделі тәрбиешіні алдымен өзінің «дайындық ортасы» деп атау берген кеңістіктік және пәндік білім ортасының ұйымдастырылуына сәйкес балаларды басқару керектігін көрсетеді.Мектепке дейінгі және бастауыш сынып жасындағы балаларға арналған жобаланған М.Монтессори дайындық ортасы баланы жеке даралығына сәйкес өздігімен даму мүмкіндіктерін орындауға ынталандырды. Баланың өздігімен оқу процесі дидактикалық материалдың арнайы құрылғысы ретінде көрсетілді(«Монтессори- материалы»): текше-астарлары; әртүрлі формадағы ұялы жиектемелер мен осы ұяларды толтыру үшін астарлар;оқуға қажетті заттармен толтырылған қозғалмалы жәшіктержәне т.с.с. Бұл құрылғылар балаға тапсырмалар орындау барысында қателіктерді өздігінен табу мен оларды шешуге көмектеседі. Монтессори бұл дәрістерде негізгі жағдай баланың белсенділігінің артуы, ал осындай дәрістерде игерілген білім ілескен тапсырма ретінде қарастырылды. Монтессоридің білім жүйесіндегі кеңістіктік және пәндік ортасы осы жастағы балаларды оқытудың негізінде қоршаған ортадағы түрлі элементтер мен өзара қатынас тантуында ғана әртүрлі сенсорлы тәжірбиенің жинақталуы арқылы маңызды рөлге ие.

Монтессори дайындау орталығында баланың өздігінен жасаған іс-әрекетіне ерекше көңіл бөлінеді. Оның ойынша, бұл уақыт өте келе үлкендерден тәуелсіз болу үшін, баланың «ішкі күшін» дамытуға мүмкіндік береді. Дидактикалық Монтессори-материалдары бала үшін дүниеге деген өзіндік кілт, оның көмегімен бала дүниеден, әлемнен алған әсерлерін бір ретке келтіреді, мәдениетке еніп, табиғатты түсіне бастайды.

Монтессориге сәйкес дайындау білім ортасы баланың физикалық және рухани дамуы үшін мүмкіндіктер кешені жасалды. Баланың өз өмір тәжіри-бесін түсініп бір жүйеге келтіру үшін: «...баланың қажеттіліктерін ескере отырып, дайындау ортасын құру өте маңызды. Құрал-жабдықтың көлемі мен ыңғайлылығы баланың күші мен бойына сәйкес таңдап алынуы қажет...

Күнделікті практикалық өмірдегі жаттығу материалдарының түсі, пішіні, көлемі, ыңғайлылығы мен қызықтырушылығы бала қажеттілігіне сай болуы керек...

Балалар бар ортада тәртіп сақтау, балаға қоғам тәртібінің үлгісін үйренуге жағымды әсерін тигізіп, ішкі рухани тәртіп қалыптастырады. Балалар үлкендер көмегінен тәуелсіз болған сайын, баланың өзіндік сонша күші, қоғамда өз-өзін ұстау тәртібінің үлгісін қалыпастыруды дамытады.

Монтессориде кеңістікті-пәндік білім ортасында архитектуралық элементтерге көп көңіл бөлінеді, сабаққа арналған сыныптар таңғы алаңды айнала орналасқан, онда балалар үй жануарларымен ойнап, өсімдіктерге күтім жасай алады.

Қазіргі таңда Монтессори тәсілі әлемнің көптеген елдерінде, сонымен қатар Қазақстанда да атаққа ие болып, белең алып келеді.

Ғимараттардың архитектуралық ерекшеліктеріне деген тікелей тәуелділік, білім үдерісінің тиімділігіне ғана емес, тіпті оның стратегиясына әсер етеді. Я.Корчактың пайымдауынша: «Интернат өмірін ұйымдастыру техникасының кішкентай сонымен қатар шешуші бөлігі интернат орналасқан ғимаратқа және ғимарат салынған территорияға байланысты».

Білім ортасында инклюзивті сыныптардың кеңістікті-пәндік компо-ненттерін қалыптастыруға мыналар кіреді: мектеп ғимаратының архитектурасы, мектепішілік жобалау құрылымының ашықтық пен жабықтық деңгейі, мектеп ғимаратындағы бөлмелердің өлшемі мен кеңістіктік құрылымы, өтуге жеңілдігі, кеңістікті бөлмелерде субъектілердің қозғалу мүмкіндігі және т.б.

 

 

11-дәріс. Инклюзивті мектептегі оқу бағдарламасын модификациясын бейімдеу стратегиясы

Инклюзивті білім берудің ең маңызды міндеттерінің бірі білім беру жағдайларын жасау,оқушылардың оқу барысында қажеттіліктерін ескере отырып, тиімді оқыту процесін ұйымдастыру. Инклюзивті сыныптарда білім беру барысында оқу жоспары және оқу бағдарламасы ерекше назар аударуды қажет етеді. Арнайы мектептегі мүмкіндігі шектеулі балалардың оқуына басымдылық бере отырып, кәдімгі сынып мұғалімдері оларға оқу бағдарламасын меңгерту үшін өздерінің алуына үлкен талап қоюы қажет.Олар бұл балаларға көмек көрсету мен танымдық қабілеттерін дамытуға қолдау қажет екенін түсінеді,бірақ арнайы білім мен оқу процесін инклюзивті етіп ұйымдастыру әдістемесін меңгермеген. Тәжірибе жүзінде дамуында ауытқушылығы бар баланың сабаққа үлгермеушілік мәселелері туындайды.Себебі:баланың мүмкіндігі мен оқу бағдарламасының сәйкес келмеуінде.Арнайы білімі жоқ мұғалімдер мүмкіндігі шектеулі балаларға, көмектесу барысында бастауыш мектептің әдістерімен тәжірибелерін қолдана отырып,негізгі орта білім беруге міндетті.

Мұғалімдер оқу тапсырмаларын жеңілдетіп және ата-аналарының көмектерін қолданады.Баланың оқуда жетістікке жетпеуінің салдарынан, мұғалімдер де ауытқушылығы бар балалардың мектепте оқуға қабілеті жоқ деген түсінік қалыптастырады,ал баланың өзінде өзін-өзі толыққанды сезіне алмау.Тұйықтану мен өзгелерден даралану сияқты әдеттері пайда болады. Оқудағы қиыншылықтардың басымдығы баланың жүйке жүйесінде қалыпты емес өзгерістер қалыптастырады және психофизикалық даму ерекшеліктері арттырады. Инклюзивті мектептерде оқу процесі мүмкіндігі шектеулі баланың қабілетіне қарай: білім алуына ауытқушылықтарын түзетуге әлеуметтік бейімделуіне сәйкестендірілген стандарт бойынша жүргізіледі.Инклюзивті оқытуды жалпы білім беру мектебі мүмкіндігі шектеулі баланың дайындығына немесе оның даму деңгейіне талап қоюға құқығы жоқ екенін есте сақтауымыз керек. Жалпы білім беру мектептерінің мұғалімдері кез келген оқушыға(мүмкіндігі шектеулі) осы мектепте оқу үшін осындай жағдай жасауы қажет.Бұл жағдайда инклюзивті оқыту жүзеге асырылады. Мүмкіндігі шектеулі бала жалпы білім беру сыныбында басқа оқушылармен тең дәрежеде оқытылып, тәрбиеленеді және қосымша коррекциялық көмек алады.

Сондықтан ерекше балалардың жалпылама мектептерде оқытулы және барлық балалардың толық қанды шеттетілмей білім алу үшін, белгілі бір стандартты жүзеге асыру қажет. Оқыту процесін инклюзивті етіп түрлендіру үшін стандарттағы анықтамаларды ұсынамыз.

Жұмыс оқу жоспары- жан жақты әзірленген жалпы білім беру ұйымының білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, жасаған құжаты.

Білім беру оқу жоспары-әр пәннің білім беру ерекшеліктеріне қарай жасалған сабақ жоспары.

Оқушының дайындық деңгейі: орта білім алудағы жеке тұлғаның жүйелік қызметінде және пәндік нәтижесіндегі деңгейі.Негізгі деңгейін меңгеруі оқушылардың ең төменгі деңгейіндегі білім мен оқу дағдыларын меңгеруі.

Мектеп бітірушілерінің жеке тұлға болып қалыптасуын және дамуын олардың Қазақстан қоғамына бейімделіп орнын табуымен айқындалады.Мектеп оқушыларының білімінің деңгейі үш аспекті бойынша белгіленеді.Жеке тұлға ретіндегі деңгейі,жүйелік қызметі және пәндік деңгейі.

Жеке тұлға ретіндегі көрсеткіші баланың тәрбиесіне адамгершілігі мен қоғамда өмір сүру дағдыларын меңгеруіне және де шығармашылық және физикалық көрсеткіштеріне қарай бағаланады.

Жеке тұлға ретіндегі тәрбиесіне,адамгершілігіне,қоғамда шығармашылық,физикалық жүйелік қызметінің нәтижелері пәндер бойынша жетістіктерімен шығармашылық оқу жобалардың орындауына,сонымен қатар басқа да ғылыми зерттеулерге қатысуы бойынша жеке портфолиосына жинақталады. Пәндік нәтижелері орта білім негізі меңгеруі бойынша анықталады.

Инклюзивті мектептердегі оқу процесін модификациялау мен бейімдеу барысында, арнайы тәжірибені нақтырақ айтқанда, жаңа коррекциялық педагогикалық технологияларды қолдануға болады. Мүмкіндігі шектеулі жандарды интеграциялау мақсатында жалпыға бірдей білім беру кешенін жасау.

Арнайы білім беру ақыл-есі кем және физикалық жеткіліксіздігі бар оқушының даму мәселесінде қамтиды.Оқушыларды психофизикалық дамуына және танымдық деңгейлеріне қарай оқытудың үш түрі қарастырылады:

1.Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес цинзуралық білім беру.Бұл сенсорлық,сөйлеу және тірек қимылы бұзылған,бірақ танымдық деңгейі өз жасына сәйкес келетін балаларға ұсынылады.

2.Мемлекеттік жалпы білім берудің қысқартылған стандартқа сәйкес білім беру(қысқарту стандартты мүмкіндігі шектеулі оқушының жеке ерекшеліктеріне қарай белгіленеді).

3.Цензураға сәйкес емес білім дамуында ауытқуы бар балаларға арналған білім беру бағдарламасына және жекешеленген бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылады.

Оқу жоспарлы мектептегі оқыту мен білім беруді байланыстыратын негіз болып саналады.

Мүмкіндігі шектеулі, бірақ ақыл-есі түзу баланы оқу стандарты бойынша,ал психологиялық тежелуі бар балаға өз мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне қарай білім беруді қамтамасыз ету

- Дамуында тежелуі бар оқушыларды түзету және жәрдемақы төлеу;

- Тәрбиеленуінің мүмкіндіктеріне қарай білім алуына жағдай жасау;

- Тәрбиеленуші оқушылардың физикалық әлеуметтік денсаулығын нығайту және сақтау;

- Бастауыш және негізгі білім беру мерзімі 10 жылдан кем емес болуы керек.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың дайындығы кемшіліктерді түзету үшін,арнайы жалпыға бірдей білім беру мектептерінің оқу жоспарының үлгісіне коррекциялық компоненті түзетуші құрам болып табылады.Түзетуші құрам - арнайы мектептерінің оқу жоспарының ерекше бөлігі. Арнайы білім беру мектептері барлығының сабақ жоспарының үлгісіне оқушылардың дамуындағы ақауы ерекшелігі сәйкес түзету құрам сабағы қосылады.

Инклюзивті статегиялар мен оқыту әдістері

Жоспардың бұл бөлімі жалпы білім беретін сыныптағы инклюзивті ортаға арналған педагогикалық технологияларды дамыту және жекелеген оқыту бағдарламасына қойылған мақсатқа жетуге арналады.Бұл бөлім сыныптың жалпы жоспарына сәйкес сынып ішіндегі оқушылардың орналасуы және сабақ барысында жұмыс топтарын құрылуын, оқытудың модельдерін қамтиды (мониторинг жүргізу).

Жекелеген оқу бағдарламасына мониторинг жүргізу мен стратегияларын және қайта қарау уақытын анықтау.Жекелеген оқу бағдарламасының қорытынды бөлімінде осы бағдарламаның қалай қайта қаралуы және оны орындау мониторингі туралы жазылады.

Бұл бағдарламаның маңызды бөлігі, себебі жоспарды құрушы топтын қажет кезінде қайта қарап өзгертуге болатын жұмыс қажет кезінде қайта қарап өзгертуге болатын жұмыс қажет.Сондықтан бұл құжатты бағдарламаға қажетті өзгертулер енгізуге жеңіл болу үшін компьютерді қолдана отырып, жасаған дұрыс. Жекелеген оқыту бағдарламасы оқыту барысында үнемі қолданылып отыратын, қайта қаралуы қажет кезінде жүргізілетін жұмыс құжаты.

Білім беру аясын жоспарлау кезінде оның кейбір жерлерін модификациялау қажет пе?Соны анықтап алу керек.Әрине,көп жағдайда дамуында ерекшеліктері бар балалардың оқуына жағдай жасау үшін кейбір өзгерістер енгізу қажет.

 

12-дәріс. Инклюзивті мектептерде ата-аналарда кездесетін қиындықтар

Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына жалпы білім беру процесінде ерекше орын тағайындалған. Балалардың дамуы мен қолайлы жағдайлар жасау үшінкөптеген ата-аналар күш салады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беру процесіне әлсіз ата-аналарды қатыстыру керек.

Бұл мәселе мүмкіндігі шектеулі жалпы орта мектептің балаларына білім беру процесіне енгізілген білімді дамыту мақсатында ата-аналармен жүйелі жұмыстың болмауына себепші болады.ПМПК зерттеуден өтуге тиісті инклюзивті мектептерде, мүмкіндігі шектеулі баланы анықтау ата-аналардың тілегі.Мұғалімдермен ата-аналардың ынтымақтастығы жалпы білім беру процесінде мүмкіндігі шектеулі балалардың табысты болуына көптеген үлес қосуда.

Жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу белсенділігімен ата-аналардың қатысуымен зерттеу жүргізілген.Қоғамда ата-аналардың инклюзивті мектептерде ерекше оқытуды қажет ететін балаларын оқытуының басты себебі баланың жақсы дамуы мен дені сау балалардың әлеуметтік бейімделу мен интеграциясы болып табылады.

Зерттелген ата-аналардың жалпы білім беретін мектептерге балаларын беруі мен жақсы білім алып, қабілеттерімен бейімділіктерін ашуға мүмкіндік береді. Балалардың 35,3% адамгершілік және жеке қасиеттерін арттыруға маңызы зор.

Жалпы алғанда, мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарының себептері оң және олар барлық мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алуы бойынша ата-анасының пікірі арнайы жүзеге асады.

Зерттеу нәтижесі бойынша, арнаулы сыныптар мұғалімдерінің 60,1% ата-аналармен ынтымақтастықты қолдайды, 27,3% мұғалімдер ішінара қатынас деп көрсетілген, мұғалімдердің 12,6% мүмкіндігі шектеулі балалардың ешқандай байланыссыз ата-аналардың бар екенін мойындады.Бір арнаулы сыныптар мұғалімдерінің тобы (33,3%) ата-аналар балаларын қолдайды, оқытушылардың тағы бір тобы (47,5%)ата-аналар балаларына жеткілікті назар аударады, қалған оқытушылардың (19,2%) жауап беруге қиналады деп жауап берді.

Арнаулы сынып мұғалімдерінің көпшілігі мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарының келіспеген фактісін жоққа шығарады. Бірақ, ата-аналармен қарым-қатынас мәселелеріне мән берген жөн: мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру мүмкіндіктері қарастырылмаған, үй тапсырмасын бақылайтын ата-аналардың болмауы, баланың психикалық даму ерекшеліктеріне ата-анасының қарай алмауы, сыныпта мүмкіндігі шектеулі баланың мінез-құлқының бұзылуы, мүмкіндігі шектеулі балаларды жұмыспен қамту мүмкіндіктері себепсіз және т.б. мүмкіндігі шектеулі балалардың талаптары мен мұғалімдерінің ұсыныстарына ата-аналардың елемеуі.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға оқыту процесінде ата аналарының қолдауымен оқытушының көмек көрсету деп есептейміз. Алайда, ата-аналарымен мұғалімдердің көмегімен мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетеді.

Себептері:

- Баланың ата-аналармен қолданыстағы даму аномалиялары және арнайы білім беру қажеттіліктері салдарынан шын мәнінде тану;

- Балаларды дамытуға жаппай тәртіпсіздіктерге ата-анасының адал көзқарасы қажет;

- Мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуындағы бұзылуларға байланысты (және т.б. сөйлеу құнсызданудан) оқыту процесіндегі мәселелері;

- Оқыту процесінде ата-аналар өз балаларын әлсіз қолдауы;

- Мүмкіндігі шектеулі оқытушылармен студенттердің білімін жеткіліксіз бағалау;

- Оқытушылар мүмкіндігі шектеулі студенттердің білімін бағалауының сәйкес келмеуі;

- Арнайы білім беру бағдарламасы үшін жаттығуға мүмкіндіктерінің жоқтығы;

- Сыныпта мүмкіндігі шектеулі оқушымен қақтығысы;

- Артық жүктеу, мүмкіндігі шектеулі баланы зеріктіру.

Ата-анасының 41,2% жиналысқа мектепке бармайды, ата-аналардың 11,8% балаларының оқуына мектепке баруына қызығушылық танытпайды, мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарының 47,1% мұғалімдермен тығыз байланысып отырады.

Ата-аналар, мұғалімдер және мүмкіндігі шектеулі балалар сыныбына оң көзқарасқа сәйкес барлық жеке қасиеттері бірінші айқындалады. Осылайша, ата-аналардың көпшілігі мұғалімдер мен баланың ашық, мейірімді оң адамгершілік қасиеттерін, ата-аналардың 20,6% мұғалім арқылы балаға жақсы қарым-қатынас, негізгі іс-шараларды үйрену баланың табысы болып табылады деп санайды. Мектеп өмірінде мүмкіндігі шектеулі балалардың сыныпта қарым-қатынасы мен шығармашылығын дамыту. Бұл мәлімдемеде 20,6% мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары және 5,9% мұғалімдер қалыпты отбасының жоғары материалдық қауіпсіздігіне көмектеседі және өзінің баламен қарым-қатынасын сақтайды. Мұнда біз мүмкіндігі шектеулі балалардың мектеп өмірінде білімін шыңдап, қолдау көрсету орталығының мамандарымен (15%) ата-анасының төмен деңгейлерін атап өтеміз.

 

13-дәріс. Мүмкіндігі шектеулі балалардың жеке қабілеттерін ескеру негізінде білім нәтижелерін бағалау

 

Инклюзивті білім берудің тиімді жүйесі негізінде оқу бағдарламасын меңгеруі бойынша бағалау жүзеге асырылады.

Бағалау – сыныптық жұмыс түріне байланысты ойлау мен қызығушылықтан болатын жағдайлар, үздіксіз әрекет.

Бағалау мақсаты: жіктеу, диагностика, оқу-тәрбие бағдарламаларын өңдеу, оқу-тәрбие мониторингі, оқу-тәрбие бағдараламасын бағалау.

Инклюзивті білім беруде бағалау негізінен мүмкіндігі шектеулі балалардың жеке оқу жетістіктері мен білім беру нәтижелеріне байланысты. Білім нәтижелерін бағалау әдістемесі барлық балалардың мықты жақтары мен қабілетін көрсете алуы тиіc. Ата-аналар бағалау әрекетінің толық қатысушысы бола алады, олар мектепке дейінгі (мектепішілік) білім ұйымдарында балалардың өзін қалай ұстайтыны туралы мәлімет бере алады, педагогтың баламен жасаған жұмыстарының тиімділігін обьективті бағалауға мүмкіндік береді.

Бағалау әрекетінің ең маңызды бөлігі балалардың қиындықтарын алғашқы сатысында байқай алады. Егер олар қиындықтарын жеңе алмаса, онда педагог арнайы қабілеттерін анықтайтын мамандармен сөйлесуі керек. Едәуір жақсы нәтижеге балалар мұғалімнің мектептегі мамандармен тығыз байланысы болса, емдеу орталықтары, педагогикалық, психологиялық кабинет, арнайы мектепке дейінгі және мектептік ұйымдар және т.б. әртүрлі арнайы (коррекциялық) ұйымдардың мамандарымен байланыста болса, жоғары нәтижелерге қол жеткізуге болады.

Алғашқы бағалау мен өз уақытында коррекциялық педагогикалық қолдау мектепте қиыншылықтардың туындауының, үлгермеушіліктердің, жеке мәселелердің, басқа да жағымсыз әрекеттердің алдын алады. Нәтижелі ұйымдастырылған педагогикалық әрекеттің неғұрлым алғашқы сатысында анықталса, мүмкіндігі шектеулі бала оқу-білім бағдарламасын нәтижелі қабылдауына септігін тигізеді.

Білім нәтижелерінің бағалау құралдары

Бақылау – мақсатқа бағытталған және ақпараттың жоспарлы жиынтығымен қорытындылау. Бақылау – бұл педагогикалық-психологиялық диагностиканың көне тәсілі. Оның көмегімен бала туралы кең мәлімет алуға болады. Онда ешқандай стандарттар қарастырылмаған.

Бақылау әдісінде баланың психологиялық дамуларына, ерекшеліктеріне аса мән беріледі. Себебі бала ересек адамға қарағанда зерттелуші обьект түрінде эксперимент жүргізуде қиындықтар келтіреді. Мүмкіндігі шектеулі бала белсенді және белсенді емес бақылау жүргізуде сабақтарда, ойындарда, бос уақыттарда, ата-анамен жұмыс кезінде яғни балалардың қалыпты жағдайларында болады.

Бақылау әдісі арқылы баланың бүкіл іс-әрекетін, эмоция еріксі


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: