Курс 2016-2017 о.ж., 50MSQ

1. Субстанцияны синтездеу үшін бастапқы зат ретінде тимол қолданған, оны гидрлеу нәтижесінде түссіз, бұрыш жалбызының өткір иісі және салқындатқыш дәмі бар криссталдар алынды.

Бұл әдістеме бойынша қандай препарат синтезделді?

| ментол

| карвалол

| валидол

| жалбыз майы

| терпингидрат

2. Субстанцияның өндірістік жолмен алынуы катализатор қатысында тимолдың гидрлену реакциясына негізделген. Алынған зат жеңіл жергілікті анестетик қасиетіне ие, әлсіз антисептикалық қасиет көрсетеді.

Берілген тәсіл бойынша қандай препарат синтезделді?

| ментол

| карвалол

| валидол

| жалбыз майы

| терпингидрат

3. Химия-фармацевтикалық өндіріс табиғи минерал пиролюзиттен калий перманганатын синтездеді, нәтижесінде майда қызыл-күлгін түсті металдық жылтыры бар ұнтақ алынды. Медициналық практикада калий перманганаты антисептик ретінде қолданылады.

Өндірістік жағдайда пиролюзиттен калий пермангатын алуда қандай әдіс қолданылды?

|тотығу

|тотықсыздану

|диазоттану

|галогендену

|сульфирлену

4. Субстанцияны синтездеу үшін бастапқы зат ретінде табиғи минерал пиролюзит MnO2 алынды, оны негізбен ауада күйдіреді, алынған ерітіндіні қайнатады және көмірқышқыл газымен өңдейді.Алынған өнім қызыл – күлгін түсті, металлдық жылтыры бар ұсақ ұнтақ, әлсіз ертініділері қызғылт түсті, ал концетрлі ерітінділері қою – күлгін түсті.

Берілген схема бойынша қандай препарат синтезделді?

| калий перманганаты

| калий йодаты

|калий йодиды

|фенилгидразин

|анилин

5. Субстанцияны синтездеу үшін бастапқы зат ретінде салицил қышқылы алынды, оны сірке ангидридімен ацетилдеу нәтижесінде ақ кристалды иіссіз ұнтақ алдынды.

Берілген тәсіл бойынша қандай препарат синтезделді?

| ацетилсалицил қышқылы

| азот қышқылы

|сірке қышқылы

|фенилгидразин

|анилин

6. Субстанцияның өндірістік жолмен алынуы салицил қышқылын ацетилдеу реакциясына негізделген, ацетилдеуші агент ретінде сірке ангидриді қолданылды. Медицина тәжірибесінде алынған субстанция анальгетик, ыстықты түсіретін, қабынуға қарсы және антиагреганттық зат ретінде қолданылады.

Берілген тәсіл бойынша қандай препарат синтезделді?

| ацетилсалицил қышқылы

| азот қышқылы

| сірке қышқылы

|фенилгидразин

|анилин

7. Субстанцияның өндірістік жолмен калий перманганатын табиғи минерал пиролюзиттен синтездеді. Медициналық практикада калий перманганаты антисептик ретінде қолданылады.

Өндірістік жағдайда пиролюзиттен калий пермангатын алуда қандай әдіс қолданылады?

|тотығу

|тотықсыздану

|диазоттану

|галогендену

|сульфирлену

 

8. Субстанцияның өндірістік жолмен алынуы изовалериан қышқылы мен 2-изопропил-5-метилциклогексанол-1-дің этерификация реакциясына негізделген. Алынған өнім түссіз өзіне тән ментолдың иісі бар майлы ерітінді.

Берілген әдістеме бойынша қандай препарат синтезделді?

| валидол

| карвалол

| ментол

| жалбыз майы

| терпингидрат

9. Өндірісте изовалериан қышқылы өз кезегінде сивушты майлардан алынатын изоамил спиртінен екі сатылы тотығуы нәтижесінде синтезделеді. Бұл әдіспен алынған изовалериан қышқылының құрамында 20% жететін оптикалық белсенді метилэтилсірке қышқылының қоспалары кездеседі.

Валидолды синтездеу үшін қоспалардан таза қандай бастапқы зат қолданылады?

| синтетикалық изовалериан қышқылы

| табиғи изовалериан қышқылы

| жартылай синтетикалық L-камфора

| табиғи d-камфора

| синтетикалық d-камфора

10. Өдіруші зауыт валидолды изовалериан қышқылы мен 2-изопропил-5-метилциклогексанол-1-ді өзара әрекеттестіру арқылы синтездейді. Алынған өнім түссіз, майлы, өзіндік ментол иісті ертінді.

Алынған препарат қандай әдіспен синтезделген?

|этерификация

|тотықсыздану

|тотығу

|диазоттану

|нитрлену

11. Фармацевтикалық өндірісте 2-изопропил-5-метилцикло-гексанол-1 мен изовалериан қышқылының өзара әрекеттесуіне негізделген дәрілік субстанцияға синтез жүргізілді. Катализатор ретінде күкіртті қышқыл натрий мен хлорсутек қоспасы қолданылды.

Берілген әдіспен қандай препарат синтезделді?

| валидол

| карвалол

| ментол

| жалбыз майы

| терпингидрат

12. Өндіруші зауыт 2-изопропил-5-метилциклогексанол-1 мен изовалериан қышқылының өзара әрекеттесулеріне негізделген субстанцияға синтез жүргізді. Катализатор ретінде күкіртті қышқыл натрий мен хлорсутек қоспасы қолданылады.

Бұл әдіспен қандай препарат синтезделді?

| 3-метилбутан қышқылының 2-изопропил-5-метил-1-циклогексилэфирі

| карвалол және хлорсутек

| терпингидрат

| жалбыз майы

|3-метилпропион қышқылының2-изопропил-5-метил-1-циклогексилэфирі

 

13. Өндіруші зауытта катализатор ретінде күкіртті қышқыл натрий мен хлорсутек қоспасы қатысында 2-изопропил-5-метилциклогексанол-1 мен изовалериан қышқылының өзара әсерлесуі арқылы субстанция синтезделді. Берілген тәсілмен қандай препарат синтезделді?

| изовалериан қышқылының ментил эфиріндегі ментол ерітіндісі

| карвалол ерітіндісі

| изовалериан қышқылының этил эфиріндегі терпингидрат ерітіндісі

| жалбыз майы

| терпингидрат

14. Субстанцияны синтездеу үшін бастапқы шикізат ретінде тимол (2-изопропил-5-метил фенол) алынған, оны катализатор қатысында гидрлеу нәтижесінде 2-изопропил-5-метилциклогексанол-1 алынды.

Бұл әдісте қандай катализатор қолданылады?

| никель

| мыс

| алюминий

| фтор

| натрий

15. Фармацевтикалық мекеме крахмал құрамды шикізатты ашыту жолымен этил спиртін синтездеді. Синтез процесінде жанама өнім ретінде пирожүзім, ацетальдегид, глицерин, сивуш майы болуы мүмкін.

Этил спиртін қоспалардан тазарту үшін қандай әдіс қолданылады?

| айдау        

| сублимация

| айдалу

| сүзу

| еріту

16.Медициналық мақсат үшін крахмал құрамды шикізатты ашытумен дәрілік субстанция алынды. Түссіз, мөлдір, ұшқыш, оңай тұтанатын сұйықтық синтезделінді. 78oC температурада қайнайды.

   Осы әдістемемен қандай препарат синтезделінді?

| сусыз этанол

| сусыз метанол

| сусыз бутанол

| хлор қышқылы

| хлорсутек қышқылы

17. Субстанцияны синтездеу үшін бастапқы өнім ретінде нитробензол қолданылды, оны гидразобензолға дейін гидрлейді. Синтездің соңғы сатысында гидразобензол бутилмалон қышқылының хлорангидридімен конденсациялайды.

Осы сызба бойынша қандай препарат синтезделінді?

|Бутадион

|Антипирин

|Феназон

|Амидопирин

|Пропифеназон

18.Медициналық мақсатта майларды сабындау жолымен дәрілік субстанция алу нәтижесінде сироп тәрізді, майлы, түссіз, мөлдір сұйықтық алынды. Осы әдістемемен қандай препарат синтезделінеді?

| глицерин

| анилин

| ацетон

| бутадион

| антипирин

19.Медициналық мақсатта формальдегид ерітіндісін (35%) метанолды тотықтыру арқылы алады, нәтижесінде түссіз мөлдір сұйықтық алынады. Сақтау кезінде ерітінді полимеризация әсерінен параформ түзіп лайланды.

Полимеризацияны болдырмау үшін қандай шара қолдану керек?

|стабилизатор - метил спиртін қосу

|ерітіндіні айдау

|катализатор - калий бромидін қосу

|ерітіндіні кристаллизациялау

|ерітіндіні мұздату

20.Медициналық мақсатта дәрілік субстанция катализатор қатасында метанолды тотықтыру арқылы алынады. Нәтижесінде түссіз, мөлдір сұйықтық алынды.

    Осы әдіспен қандай препарат синтезделінеді?

| формальдегид

| стрептоцид

| ацетон

| бутадион

| антипирин

21.Фармацевтикалық өндіріс төрт сатыдан тұратын фенацетинді синтездеу процесін жүргізді: п -фенетидинді ацетилдеу, бөліп алу, доацетилдеу және техникалық фенацетинді тазалау.

Техникалық фенацетинді тазалау кандай тәсілмен жүргізіледі?

| белсендірілген көмірмен өңдеу

| күкірт қышқылымен өңдеу

| азот қышқылымен өңдеу

| фенацетинді еріту

| фенацетинді қайнату

22.Фармацевтикалық өндірісте фенацетинді синтездеу үшін п -фенетидиннің сірке қышқылымен реакциясы қолданылды.

Құрылымдық ерекшеліктері мен химиялық қасиеттеріне байланысты берілген п -фенетидиннің сірке қышқылы ерітіндісімен өзара әрекеттесуін түсіндіріңіз.

| ацетил тобының аминотобындағы сутегінің орнын басуы

| ацетил тобының аминотобындағы азоттың орнын басуы

| азот қышқылымен өңдеу

| п -фенетидинді еріту

| п -фенетидинді қайнату

23.Фармацевтикалық мекеме субстанцияны синтездеу үшін бастапқы зат ретінде п -фенетидинді қолданды, оны сірке қышқылымен ацетилдеу нәтижесінде ақ ұсақ кристалды ұнтақ алынды. Сулы ерітіндісі қышқылды реакция береді.

Бұл әдіс бойынша қандай препарат синтезделеді?

| фенацетин

| аспирин

| глицин

| ксилит

| терпингидрат

24.Фармацевтикалық мекеме субстанцияны синтездеу үшін бастапқы зат ретінде Д-глюкозаны қолданды, оны мысты-хромды катализатор қатысында гидрлеп, нәтижесінде ақ кристалды ұнтақ алынды.

Бұл әдіс арқылы қандай препарат синтезделеді?

| Д-сорбит

| Д-ксилит

| аспирин

| глицин

| терпингидрат

25. Фармацевтикалық мекеме субстанцияны синтездеу үшін бастапқы зат ретінде Д-глюкоза алынды, оны Д-сорбитке дейін гидрледі. Нәтижесінде алынған субтанция ақ кристалды ұнтақ.

 Д-сорбитті қандай катализатор қатысында синтездейді?

| мыс-хромды

| алюмо-хромды

| күкірт қышқылы

| азот қышқылы

| фосфор қышқылы

26. Фармацевтикалық мекеме Д-сорбитті Д-глюкозадан синтездеді. Алынған өнім ақ кристалды ұнтақ.

Осы жағдайда Д-сорбитті алу үшін қандай әдіс қолданылды?

| гидрлеу

| тотығу

| нитрлеу

| сульфирлеу

| галогендеу

27.Фармацевтикалық мекеме йодтың сулы суспензиясы мен калийдің гидроасқын тотығын өзара химиялық әсер ету арқылы ақ микрокристалды ұнтақ алды.

Бұл әдістеме арқылы қандай препарат синтезделінді?

| калий йодиді

| калий гидроксиді

| калий нитраты

| калий оксиді

| калий пероксиді

28.Фармацевтикалық мекеме барий сульфатын алу үшін және медициналық мақсатта қолдану үшін табиғи барий карбонатын (вите­рит) қолданды, оны хлорсутек қышқылымен өңдеп, еритін барий хлориді тұзын алды. Алынған барий хлориді ерітіндісіне натрий немесе магний сульфатын қосқанда, барий сульфатының тұнбасы түзіледі.

Медициналық тәжірибеде қолдану үшін барий сульфаты ұсақ дисперсті болуы керек. Ұсақ дисперсті болуы үшін барий сульфатын қандай затпен өңдейді

| зығыр тұқымы

| зире тұқымы

| май

| су

| тұз

29. Фармацевтикалық мекеме субстанцияның синтезі үшін бастапқы зат ретінде бензолсульфоқышқылының натрий тұзын қолданды, оны негіз қатысында балқытты. Нәтижесінде түссіз, өткір иісті масса алынды.

Осы әдіспен қандай препарат синтезделді?

|фенол

|тимол

|феназон

|амидопирин

|пропифеназон

30. Фармацевтикалық мекеме фенолды синтездеу үшін бастапқы зат ретінде бензолсулфоқышқылының натрий тұзын қолданды, негіз қатысында балқытты. Нәтижесінде түссіз, өткір иісті масса алынды.

Препарт қандай әдіспен синтезделген?

|нуклеофильді орын басу

|электрофильді орны басу

|тотығу

|тотықсыздану

|циклдену

31.Өндірістік регламентке сәйкес синтездеуге бастапқы зат ретінде бензил хлориді қолданылды, одан фенилсірке қышқылының этил эфирі синтезделінді, ары қарай алкилдегенде фенилэтилмалон қышқылының диэтилэфирі алынды, алынған өнім мочевинамен конденсирленді. Нәтижесінде ақ түсті кристалды, иіссіз ұнтақ алынды. Алынған сустанцияның балқу температурасы 175-1790 С.

Келтірілген синтез сызбасына сәйкес қандай субстанция алынды?

|фенобарбитал

|фторурацил

|фенилэтилмалон қышқылы

|фенилсірке қышқылы

|этил эфирі

32.Өндірістік регламентке сәйкес фенобарбиталды синтездеуге бастапқы зат ретінде бензил хлориді қолданылды, одан фенилсірке қышқылының этил эфирі синтезделінді, содан соң алкилдегенде фенилэтилмалон қышқылының диэтил эфирі алынды, алынған өнім мочевинамен өңделді. Нәтижесінде ақ түсті кристалды, иіссіз ұнтақ алынды.

Субстанцияны ситездеудің соңғы сатысында қандай тәсіл қолданылды?

|конденсация

|тотығу

|галогендеу

|тотықсыздандыру

|гидроксилдеу

33.Өндірістік регламентке сәйкес синтездің бастапқы өнімі ретінде S-метилтиомочевина және натрий формилфторсірке эфирі алынды, олардың конденсация нәтижесінде түзілген өнімді хлорсутек қышқылының ерітіндісімен гидролизге ұшыратады. Нәтижесінде ақ сарғыш түсті кристалды ұнтақ алынды. Алынған субстанцияның балқу температурасы 263-2700 С

Келтірілген синтез сызбасына сәйкес қандай субстанция алынды?

|фторурацил

|фенобарбитал

|фенилэтилмалон қышқылы

|фенилсірке қышқылы

|этил эфирі

34.Фармацевтикалық мекемеде 6-хлор-4-амино-1,3-бензолдисульфамидті формальдегидпен конденсациялау арқылы субстанция алынды. Нәтижесінде ақ сарғыш түсті, иіссіз кристалды ұнтақ алынды. Алынған субстанцияның балқу температурасы 263-2700 С.

Бұл әдіс арқылы қандай препарат алынды?

| дихлотиазид

| фтивазид

| валидол

| сульфаниламид

| ацетанилид

35. Фармацевтикалық мекеме субстанция алу үшін темірді броммен әрекеттестірді, содан соң оны натрий карбонаты ерітіндісімен қыздырды. Нәтижесінде ақ түсті түйіршікті ұнтақ алынды.

Бұл әдіс арқылы қандай препарат синтезделінді?

| натрий бромиді

| калий бромиді

| валидол

| сульфаниламид

| ацетанилид

36.Өндіріс зауытында бұрғыланған мұнай суынан йод алу процессі жүзеге асырылды. Нәтижесінде сұрғылт-күлгін түсті металдық жылтыры бар сынғыш пластинкалар алынды. Синтезделінген өнім бөлме температурасында ұшқыш, қыздырғанда сублимацияланып, күлгін буға айналады.

Алынған препаратты қандай әдіс арқылы тазалайды?

|сублимация

|кристаллизация

|айдау

|сүзу

|кептіру

37.Өндіріс зауыты негіздік магний карбонатын 3000С температурада балқытып қыздыру арқылы синтездеді. Алынған өнім ақ түсті ұсақ аморфты ұнтақ. Іс-жүзінде суда ерімейді, фенолфталеинмен сілтілі реакция береді.

Бұл әдіспен қандай препарат синтезделеді?

|магний оксиді

|мырыш оксиді

|көміртек оксиді

|сынап оксиді

|күшән оксиді

38.Өндіріс зауытында магний гидроксидін балқытып қыздыру арқылы синтез жүргізілді. Алынған өнім ақ түсті ұсақ аморфты ұнтақ.

Бұл әдіспен қандай препарат синтезделінді?

|магний оксиді

|мырыш оксиді

|көміртек оксиді

|сынап оксиді

|күшән оксиді

39. Өндіріс зауытында дәрілік субстанция синтезін магний хлоридін су буында қыздыру арқылы жүргізді. Медициналық тәжірибеде бұл препарат антацидті зат ретінде қолданылады. 

Бұл әдіспен қандай препарат синтезделді?

|магний оксиді

|мырыш оксиді

|көмір оксиді

|калий оксиді

|натрий оксиді

40. Өндіріс зауытында анилинді сірке ангидридімен ацилдеу арқылы, күкірт қышқылы қатысында синтездеу жүргізілді. Медициналық тәжірибеде алынған препарат ұзақ уақыт бойы ыстықты түсіретін зат ретінде қолданылды.

Осы әдіспен қандай субстанция синтезделінеді?

|ацетанилид

|стрептоцид

|дибазол

|ксилол

|фурфурол

41.Субстанцияны синтездеу үшін бастапқы зат ретінде п -фенетидин қолданылды, оны ацетилдеп, нәтижесінде ақ майда кристалды иіссіз, әлсіз ащы дәмді ұнтақ алынды. Ерітінділер қышқылды реакция береді.

Осы әдіспен қандай субстанция синтезделінеді?

|фенацетин

|аспирин

|анилин

|ксилол

|фурфурол

42.Өндіруші зауыт п -фенетидинді сірке ангидридімен қыздыру арқылы ацилдеу процесін жүргізді. Алынған препарат медицина тәжірибесінде анальгетик ретінде кеңінен қолданылған.

Осы әдістемемен қандай субстанция синтезделінеді?

|фенацетин

|аспирин

|анилин

|ксилол

|фурфурол

43.Фармацевтикалық мекемеде күкірт қышқылының ерітіндісін электролиздеу жолымен субстанция алынды, алынған ерітінді 70-75°С дейін вакуумда қыздырылады. Синтезделінген субстанция түссіз, мөлдір, әлсіз қышқылды сұйықтық. Жарықта ыдырайды.

Осы әдістемемен қандай субстанция синтезделінеді?

|сутек асқын тотығы

|оттегі

|сутегі

|магний асқын тотығы

|хлорсутек қышқылы

44.Өндірістік регламенттерге сәйкес сутегі пероксиді синтезі үшін бастапқы зат ретінде күкірт қышқылы қолданылды.Медициналық тәжірибеде аталған препарат антисептикалық және қан тоқтататын әсері бар дәрілік зат ретінде қолданылады.

Препараты алуда қандай әдіс қолданылады?

|электролиз

|тотығу

| тотықсыздану

| гидратация

|гидрлеу

45.Өндірістік регламентке сәйкес субстанция алу үшін м -нитрофенол тотықсыздандырылды, Кольбе әдісімен карбоксилденді, содан соң бейтараптанды. Синтезделген субстанция ақ сарғыш түсті майда кристалды ұнтақ. Сулы ерітінділері тұрғанда қараяды.

Бұл сызба бойынша қандай субстанция синтезделінеді?

|натрий п -аминосалицилаты

|нитробензол

|фенол

|натрий салицилаты

|натрий сульфиді

46.Химия-фармацевтикалық мекеме натрий тиосульфатын синтездеу үшін бастапқы өнім ретінде полисульфид қолданды. Нәтижесінде түссіз, мөлдір кристалдар алынды.

Берілген субстанцияны қандай әдіспен синтездейді?

|тотығу

|электрофильді орын басу

|нуклеофильді орын басу

|тотықсыздану

|нитрлеу

47.Фармацевтикалық мекемеде натрий сульфаты ерітіндісі мен күкіртті әрекеттестіріп субстанция алынды, алынған ерітіндіні қайнатады. Алынған субстанция түссіз, мөлдір кристалдар, құрғақ ауада ұшады, ылғалды ауада әлсіз қалқиды.

Қандай субстанция осы әдіспен синтезделінеді?

|натрий тиосульфаты

|оттегі

|сутегі

|натрий сульфаты

|натрий сульфиді

48.Медициналық мақсатта дәрілік субстанцияны натрий карбонатын күкірт қышқылы ерітіндісімен әрекеттестіріп алды, нәтижесінде ақ түсті кристалды ұнтақ алынды.

Осы әдіспен қандай препарат синтезделінеді?

| натрий сульфаты

| натрий тиосульфаты

| натрий сульфиді

| жалбыз майы

| терпингидрат

49.Өндіруші зауытта хлорсутек қышқылының ыстық ерітіндісімен бураны ыдырату жолымен синтез жүргізілді, нәтижесінде ақ түсті кристалды ұнтақ, жылтыр, майлы пластинкалар түзілді.  алынды. Алынған субстанция суда ериді.

Берілген әдіспен қандай препарат синтезделінеді?

|бор қышқылы

|хлор қышқылы

|натрий тетрабораты

|натрий метабораты

|күкірт қышқылы

50. Өндіруші зауытта хлорсутек қышқылының ыстық ерітіндісімен бураны ыдырату жолымен синтез жүргізілді, нәтижесінде ақ түсті кристалды ұнтақ, жылтыр, майлы пластинкалар түзілді. Антисептикалық зат, ауыз қуысы,тамақ, көзді шаюға қолданылады.

 Берілген әдіспен қандай препарат синтезделінеді?

|бор қышқылы

|хлор қышқылы

|натрий тетрабораты

|натрий метабораты

|күкірт қышқылы

 

 

Фарм. және токс. химия кафедра меңгерушісі,

профессор                                                                                    Ордабаева С.К.    

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: