Сериялы ИСО стандарттары

ИСО 9000 – ұйымдар мен кәсіпорындардың сапа басқару жүйесінің талаптарын сипаттайтын халықаралық стандарттар сериясы. Бұл стандарттар сериясы стандарттау бойынша Халықаралық Ұйымның ТК 176 Техникалық комитетімен жасалған. Оның негізінде жалпы сапа басқару (TQM) теориясының идеялары жатыр.

ИСО 9000 сериялы ст/р 190-нан астам мемлекетпен қабылданған және өлшемге, меншік түріне, қызмет саласынан тәуелсіз кез-келген кәсіпорын үшін қолданылады.

ИСО 9000 сериялы ст/р сапа басқарудың 8 принципіне негізделген:

1-принцип: клиентке көңіл бөлу. Компания тұтынушылардың қалауын түсініп, оларды қанағаттандырып, оларды таң қалдыру үшін бар күшін салу керек.

2-принцип: көшбасшылық. Көшбасшылар компанияның мақсаттары мен міндеттерін анықтайды, олар қойылған мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ету.

3-принцип: адамдарды тарту. Кадрлар – кез-келген компанияның негізі б.т. жұмысшыларды ұйымда болып жатқан процестерге тарту, олардың қабілеттерін табуға септігін тигізеді, осылайша ұйым да дамиды.

4-принцип: әрекетке процесс ретінде қарау. Егер компания процеске көңіл бөлсе, нәтижеге жылдам қол жеткізеді.

5-принцип: басқаруға жүйелі түрде қарау. Өзара байланысқан процестерге, түсініктерге жүйелі түрде көңіл бөлу компанияға эффективтілікке қол жеткізуге көмектеседі.

6-принцип: үздіксіз (тұрақты) жақсару. Барлық қызметтерді жақсартуға, сапасын арттыруға ұмтылу.

7-принцип: шешімдерді қабылдаудағы фактілік қадам (фактический подход). Ақпараттың сенімділігі мен дәлдігін тексеру, тұлғаларды ақпаратпен қамтамасыз ету.

8-принцип: жеткізушімен өзара тиімді қатынастар.

ИСО 9000 сериялы ст/рының мақсаты – жеткізуші кәсіпорынның өнімі сапан басқарудың құжатталған жүйесінің стабильді қызмет етуі.

 

36. Технологиялық процестерді реттеудің әдістері мен түрлері

Технологиялық процестерді статистикалық реттеудің мақсаты – таңдамаларды периодты бақылау нәтижесінде оның тұрақтылығын бағалау және талап етілетін сапаға байланысты процесс барысын түзету.

Процестерді реттеудің екі түрі бар: сандық және альтернативті сипаттама бойынша.

Сандық сипаттама бойынша реттеу талап етілетін дәлдікпен өнімнің жекелеген таңдамаларындағы бақыланатын параметрдің нақты мәндерін анықтауды білдіреді. Содан соң параметрдің нақты мәндері бойынша процестің статистикалық сипаттамалары анықталып, технологиялық процесс күйі туралы шешімдер қабылданады. Ол сипаттамалар: таңдамалы орташа, медиана, размах, таңдамалы орташа квадраттық ауытқу.

Альтернативті сипаттама бойынша реттеу бақыланатын параметрдің немесе өнім бірлігінің орнатылған талаптарға сәйкестігін анықтауды білдіреді. Мұнда талапқа сәйкес келмеушілік ақау деп саналады, ал бірлік өнімнің бір ақауы болса да, ол ақаулы деп есептеледі. Альтернативті сипаттама бойынша бақылау кезінде бақыланатын параметрдің нақты мәндерін білу қажетті емес. Сондықтан, мұнда қарапайын құралдар қолданылады: шаблондар, калибрлер, т.б. технологиялық процесс күйінің шешімі ақаулар санына байланысты қабылданады.

Процесті реттеудің әдістері. Кең таралған әдіс – бақылау карталарын (Шухарт карталары) қолану. Мұнда статистикалық мәліметтер негізінде есептелген рұқсат етілген мәндер облысын шектейтін реттеу шекаралары белгіленеді. Реттеу шекарасынан тыс нүктелер технологиялық процестің бұзылуы жайлы мәлімет береді. Бақылау карталары процестің қалыпты ретінен ауытқуын анықап қана қоймай, белгілі дәрежеде сол ауытқудың себептерін түсіндіреді.

 

37. Сандық белгі бойынша статистикалық бақылау

    Технологиялық процесті статистикалық бақылаудың мақсаты – кішкентай көлемге қатысты іріктеудің периодты бақылау нәтижелеріне сүйеніп оның тұрақтылығын бағалау және талап етілген сапаға процестің жөнделуін түзету.

Процесті бақылаудың 2 түрі бар: сандық және сапалық белгілері бойынша. Әрбір түрге өзінің статистикалық бақылау әдісі жасалған.

Сандық белгі бойынша бақылау өнімнің жеке іріктемелерінің бақыланатын параметрлерінің нақты мәнін қажет дәлдікпен анықтау болып табылады. Содан кейін параметрдің нақты мәнінен процестің статистикалық сипаттамалары анықталады, сол арқылы т.п/ң жағдайы туралы шешім қабалданады. Мұндай сипаттамаларға: іріктеме орташасы (выборочное среднее), медиана, қарқын (размах), квадраттық ауытқудың іріктеме орташасы. Алғашқы екі сипаттамалар – орналасу сипаттамасы, ал қалған екеуі – Х кездейсоқ шаманың шашырау сипаттамасы.

Сандық белгі бойынша бақылаудың артықшылығы – ақпаратты көбірек аламыз, сондықтан іріктеменің аз көлемін қажет етеді. Бірақ мұндай бақылау қымбат, себебі бақыланатын параметрдің нақты мәнін алу үшін техникалық құралдар қажет. Сонымен қатар, сандық белгі бойынша статистикалық бақылау үшін нақты статистикалық сипаттамаға байланысты есептеулер қажет.

 

38. Сапалық белгі бойынша статистикалық бақылау

Технологиялық процесті статистикалық бақылаудың мақсаты – кішкентай көлемге қатысты іріктеудің периодты бақылау нәтижелеріне сүйеніп оның тұрақтылығын бағалау және талап етілген сапаға процестің жөнделуін түзету.

Процесті бақылаудың 2 түрі бар: сандық және сапалық белгілері бойынша. Әрбір түрге өзінің статистикалық бақылау әдісі жасалған.

Сапалық белгі бойынша бақылау өнім өлшемінің немесе бақыланатын параметрдің орнатылған талаптаға сәйкестігін анықтау болып табылады. Сонымен қатар, орнатылған талаптаға сәйкессіздік ақау болып табылады, ең болмаса бір ақауы бар өнім өлшемі де ақау болып саналады. Сапалық бақылау кезінде бақыланатын параметрдің нақты мәнін білу қажет емес, тек қана орнатылған талаптарға сәйкестігін не сәйкессіздігін орнату жеткілікті. Сондықтан бақылау кезінде қарапайым құралдарды қолдануға болады: шаблон, калибр және т.б. Технологиялық процесстің жағдайы туралы шешімді іріктеме кездінде анықталғанақау санына байланысты немесе өнім өлшемінің ақау санына байланысты қабылданады.

Сапалық белгі бойынша бақылаудың артықшылығы – оның қарапайымдылығында және салыстырмалы түрде арзанырақ, яғни бақылаудың қарапайым құралдарын, тіпті визуалды бақылауды да қолдануға болатындығында. Мұндай бақылаудың кемшілігі – ақпаратты аз аламыз, сондықтан іріктеме көлемі үлкен болады.

 

39. Технологиялық процестердің сапасын бағалау

Технологиялық процестердің сапасын бағалау үшін нақты технологиялық жүйеде рұқсат етілген размерді оның шашырау өрісімен салыстыру қажет. Өндіру процесінің қосынды қателігі тех/қ жүйенің шашырау өрісінің ең көрнекті мәні болғанына қарамастан, практикада бұл салыстыруда сирек қолданады, себебі қосынды қателігін есептеу күрделі операция. Оған қарағанда тәжірибелік зерттеулер нәтижелерін өңдеу әдісімен оның нақты тех/қ процесте дайындау кезінде тетіктің белгілі бір размерінің шашырау өрісін анықтау ыңғайлы.

Параметр размерінің шашырауын зерттеудің ыңғайлы әдісі – гистограмма құру. Гистограмма құру үшін процесс туралы керекті ақпарат жинау керек.

 

40. Өнімнің бұзылуы

Өнімнің жұмыс істемеуі оның бұзылуына алып келеді. Бұзылу дегеніміз өнімнің белгілі бір элементінің немесе бүкіл агрегаттың өзінің функцияларын істеу қабілеттілігін жоғалтуы. Бұзылудың қауіп-қатері (риск) бұзылудың себебіне, түріне, дәрежесіне тәуелді болады. Бұзылудың дәрежесі өнімнің ішінара не толық функцияларын орындамауынан анықталады. Бұзылудың себептері өңдеудің кемелiне жетпеуіне (несовершенством разработки) (конструкциялық), өндірудің нашар сапасына (өндірістік), өнімді дұрыс емес қолдануға (пайдаланушылық), қарастырылатын өнімге қатысты емес басқа себептерге (сыртқы) байланысты.

Бұзылудың интенсивтілігін қисық түрінде көрсетуге болады. Мұндай қисық түрін бұзылу интенсивтілігінің қисығы деп атайды. Оның тағы бір аты бар – өнімнің өмірінің қисығы деген. Әдетте мұндай қисық 3 периодқа бөлінеді: қосымша жұмыс істеу периоды, тұрақты қолдану периоды, тозу периоды. Периодтың аттары процестердің сипаттамаларын дәл көрсетеді. Бірінші және үшінші периодта қолдану интенсивтілігі уақытқа байланысты өзгереді, ал екінші перодта оны тұрақты шама ретінде қабылдауға болады. (λ =const).

1-ші периодтағы бұзылулар көбінесе екі себептен туындайды: бітпеген жоба құжаттамасы және өндiрiстiң бітпеген процесстерi. Өнімнің сапасы жоғары болған сайын, қосымша жұмыс істеу периоды аз болады. Соңғы периодтағы бұзылулар көбінесе құрылым элементінің тозуна және материалдың шаршағандығына байланысты болады. Өнімнің бұзылу санын құрылымның әлсіз элементтерін еселету арқылы азайтуға болады. Өнімнің өмірін қалпына келтіру шаралары арқылы ұзартуға болады.

 

41. Тоқтаусыз жұмыс істеуді талдау, ұзақталақ, жөндеу жарамдылығы.

Өнім сапасы - өнімнің тиісті қажеттіліктерге жарамдылығын көрсететін қасиеттерінің жиынтығы

Сапаның ең маңызды көрсеткіштері - өнімнің беріктігі, ұзақ уақытқа шыдамдылығы.

Өнімнің беріктігі (сенімділігі)  өнімді пайдаланудың, техникалық күту мен жөндеудің ақырғы мерзіміне дейін оның (өнімнің) қолданысқа жарамды қасиеттерін сақтауы

Бұзылу - Өнімнің (бір бөлігінің) жұмыс істемеуі. Қауіп-қатер (риск) = F(бұзылудың себебі, түрі, дәрежесі)

Бұзылудың дәрежесі: өнімнің ішінара не толық функцияларын орындамау

Ұзақтылық (долговечность) - жұмыстың басталуынан тозуға дейін

Сенімділікті бағалау әдістері:

· Тоқтаусыз жұмыс істейтіндік

· Қарқындылық

· Ұзақтылық

· Жөндеу жарамдылығы

· Сақталу

· Резервтік сақталу

 

Тоқтаусыз жұмыс істейтіндік

P(t)                    

t=0                                          

P(0)=1                          

Ұзақтылық: Жұмыстың басталуынан тозуға дейн;Ықтималдылық шама; Ресурс - атқарым ұзақтығы (долговечность по наработке); Өнімнің қызмет көрсету орташа мерзімі (күнтізбелік уақыт бойынша)

Жөндеу жарамдылығы: қалпына келтірілетін өнімнің сипаттамасы

 

42. Өнімнің сақталуы, резервтік сақталуының түрлері. Сақталуы деп сақтау және тасымалдау кезінде өнімге бекітілген шамаларының оның сапа көрсеткіштерінің, бұйымның қасиеттерін үздіксіз сақталуын айтады. Өнімнің сақталуы сақтау шарттары мен өнімді тронаспорттау кезіндегі, сондай ақ оның бұзылуына әкелетін сыртқы терпература, ылғалдылық, шаң, күн радиациясы, шайқалудан қорғайтын шамалармен, сандық көрсеткіштермен сипатталады. Өнімнің сақталуының ең тиімді әдістерінің бірі консервациялау болып табылады, ол арнайы қорғаныш беттер және ылғалдандыру қоспалардан тұрады, сақтандыру қызметі бар.

Өнім сенімділігін арттырудың, әсіресе, күрделі техникалық қондырғыларда арттырудың тиімді әдісі резервтік сақтау болып табылады. Резервтік деп өнімнің негізгі элементтерінің жұмыс істеуі тоқтаған кезде өнімнің жұмыс жасау қабілеттілігі қамтамасыз етуге арналған элементерді айтады. Резервтік сақтандыру әсерге (признак) байланысты келесідей жіктеледі: резервтеу деңгейі, резервтеу еселігі, резервтеу элементтерінің іске қосылғанға дейінгі күйі, жалпы күш кезінде негізгі және резервтік элементтердің бірлесе жұмыс істеу мүмкіндігі, негізгі және резервтік элементтердің жалғану әдісі. Резервтеу дәрежесіне қарай жалпы (өнімнің жұмыс істеуі тоқтаған кезде резервтің толық, бүтін түрінде қарастырылуы) және жекелеген (өнімнің жекелеген бөліктері, блоктар, тораптар, жекелеген элементтер күйінде резервіленеді). Сондай ақ жалпы және жекелеген резервтедің бірігуінен- араласқан түрі де болады.  

  а      б      

2- сурет. резервтік схема: а-жалпы, б- жекелеген. Жоғарғы бөлігіндегі негізгі элементтер, төменгі бөлігіндегі резервтік элементтер.

Резервтеу еселігі ретінде резервтік элементтер санының негізгі элементтер санына қатынасы алынады. Бір еселі резервтеу көшірме деп аталады. Резервтеу элементтерінің іске қосылғанға дейінгі күйіне байланысты резервтеудің келесідей түрлерін ажыратады: жүктеулі (резервтеу элементтері негізгі элементтер сияқты жүктелген), жеңілдетілген (резервтеу элементтері негізгі элементтерден аз жүктелген), жүктеусіз (резервтеу элементтері жүктелмеген).

Резервтеу негізгі және резервтік элементтердің жалғану әдісіне де тәуелді: тұрақты әдіс (өнімнің барлық жұмыс істеу уақытында негізгі және резервтік элементтер жалпы жүктеуге жалғанған) және жартылай тұрақты әдіс (жалпы жүктеуге жарамды элементтер жалғанған, ал жарамсыз элементтер айырылады).

Негізгі элементтің резервтеу тобында болу ықтималдығы келесіге тең: F1(t) = 1 – P1(t). Еселік резервтеу тобында жарамсыздықтың болу (n-1) ықтималдығы Fn-1(t), ал жарамдылық ықтималдығы P(t) = 1 – Fn-1(t) = 1 – [1 – P1(t)]

2- cурет. n-1 еселік резервтік топ

 

Көшірме жасау кезінде келесі өрнекті аламыз:

P(t) = 1 – [1 – P1(t)]2.

Ауыстыру кезіндегі резервтеуде, егер резервтік элемент жарамсыз элемент орнына жалғанса, жарамдылық ықтималдығы келесі өрнекпен анықталады:

P(t) = exp(-λ1t) + λ1t·exp(-λ1t) = (1 + λ1t)exp(-λ1t)

Мұндағы λ1- бір элементтік жармсыздық интенсивтігі.

n-еселі ауыстыру резервтеу кезінде жарамдылық жұмысының ықтималдығы P(t) және жарамсыз атқарылған жұмыс көлемі mср келесі формулулурмен анықталады:

P(t) = exp(-λ1t)[(1 + λ1t + (λ1t)²/2 + …],

mср = (n +1)m1,

Мұндағы m1 – бір элементтің жарамсыз атқарылған жұмыс көлемі

 

43. Сенімділікті қамтамасыз ету шаралары. Өнімді қолдану кезіндегі сенімділікті қамтамасыз ету шараларын келесідей 6-ға бөлінеді:

1. өнім сенімділігінің талаптарын өңдеу.

2. талап етілген сенімділік бағдарламасын өңдеу, бағдарламаға өнімді жоспарлауды дайындауды және тасымалдауды енгізе отырып.

3. сынау арқылы сенімділік жобасын бағалау.

4. сенімділік өсімі.

5. сенімділікті тұрақты бақылау.

6. сенімділікті тұрақты талдау.

Сынау арқылы сенімділікті қамтамасыз етуді қарастырсайық. Сенімділікке сынауды жүргізу негізінен сенімділік болжамын анықтау мақсатын жүзеге асырады. Бұл сынау екі кезеңде жүргізіледі:

- сынау конструкторлық-жобалау шешімі, өңдеу және тораптар мен прототиптер моделін дайындау процестерінде жүзеге асасды. Осы сынаулардың мақсаты бас тартуға себеп болатын ақауларды ерте анықтап, алдағы уақытта конструкторлық-жобалау шешімі арқылы жөндеу, жоғарғы сападағы тетіктерді қолдану. Ең маңыздысы бас тартуға болатын ақауларды ерте табу, егер осылай болған жағдайда, онда сынау ұйым немесе оның бақылауына тәуелсіз түрде жүргізіледі.

- сынау ретінде тұтынушыға түсірілетін стандартына сай аяқталған өнім алынады. Сынау типтік те, үдетілген де түрде болады. Сынау рәсімдерінің дұрыс құжатталғандығына және іріктеме түріне (представительность) назар аудару керек.

Егер конструкторлық-жобалау шешімі үлкен көлемде атқарылған жұмыс көлемінен бас тартса, өнімді типтік сынау немесе оның бөлімдері қалыпты жағдайда қиындайды. Мұндай жағдайда көрсеткіштер болжамын жеткілікті дәрежедегі дәлдікте бақылау үшін үлкен көлемде атқарылған жұмыс көлемі талап етіледі.

Ақаулардың көбі механикалық әсер мен химииялық реакциялар нәтижесінде болатыны анықталған. Сондықтан өнім қиын шарттардағы сынауда деп есептеп бас тартулардың интенсивтігін, жоғарылатуға болады.

Үдетілген сынау рәсімі құбылмалы деңгейдегі жүктемесі бар бірнеше сатыдан тұрады:

-орта шартына (діріл, температура) және ауыспалы режимге сынау. Дірілге сынаудың мақсаты резонансқа байланысты жеткіліксіз квалифицирленген жұмыс орындалуы мен жоспарлау ақауларының нәтижесі болатын ақауларды табу болып табылады. Қосу және айыру ауыспалы режимдері өнімді қалыпты ауыспалы процестерге итермелейді және өнімді демалуға, сондай ақ қондырғыны бірде кеңейетін, бірде қысылатын жағдайға келтіретін температураны шақыртуға мәжбүрлейді.

-жүктеуге сынау. Өнім түрі мен қолдану шартына байланысты жүктеу 4 кезеңге бөлінеді: төменгі, орташа, жоғары, кездейсоқ.

Бұйымдарды сынау кезінде техникалық құжаттаманың талаптары орындалғанына басты назар аудару керек. Сынау кешеніне келесідей сынау түрлері кіреді: конструкция айқталғанына, технологиялық процестің аяқталғанына, ұзақ өмір сүруіне.

 

 

  44. Бақылаудағы статистикалық қабылдау. Альтернативті белгісі бойынша бақылауды статистикалық қабылдау. Ішінара бақылау жоспарын таңдау үшін келесі көрсеткіштерді орнату қажет: партия көлемі, ақаулар түрі, бақылау деңгейі, AQL ақауын қабылдау деңгейі, ішінара бақылау жоспарының типі, бақылау түрі. Осы көрсеткіштерге жеке тоқталсақ:

Бақыланатын партия көлемі өнімге ереже бойынша нормативтік-техникалық құжаттамада көрсетілуі керек. Ақау түрлері. Статистикалық қабылдау бақылауы ақаудың критикалық, елеулі және аз мөлшердегі түрлерін жүзеге асыруы мүмкін. Критикалық ақауға әкелетін өнімнің параметрлері немесе бірліктерінің сипаттамасын (мысалы авиациялық өнім) біртұтас сынауға немесе бақылауға жіберу керек. Елеулі және аз мөлшердегі ақаулары бар өнімдер біртұтас және ішінара бақылаудан өтеді. Бақылау деңгейі. ГОСТ 18242 – 72 стандарты 7 бақылау деңгейінен тұрады: I, II, III (жалпы); S-1; S –2; S –3; S–4 (арнайы). Қолданыстағы негізгісі ІІ деңгейдегі бақылау болып табылады. Арнайы бақылау деңгейлері іріктеме көлемі үлкен емес болңан кеде қолданылады. бақылауды деңгейі нақты өнімге арналған нормативтік-техникалық құжаттамада көрсетілуі керек. AQL ақауын қабылдау деңгейі. Тұтынушы мен жеткізуші арасында тұтынушы AQL –ді оның талаптарына сәйкес деп есептесе, ал жеткізуші бақылауға ақау деңгейі қабылдаудағыдан асып кетпейтін өнім партиясын ұсыну керек болатын келісім орын алады. Ішінара бақылау жоспарының типі. Келесідей ішінара бақылау жоспарының типтері бар: бір сатылы, екі сатылы, көп сатылы және бірізді.

Іріктеменің белгілі көлемінде сандық белгісі бойынша бақылауды статистикалық қабылдау альтернативті белгісі бойынша стат қабылдаудан көп ақпарат береді. Бірақ бұл альтернативті белгі бойынша бақылауды қабылдаудың нашар екендігін көрсетпейді. Сандық белгісі бойынша бақылауды статистикалық қабылдаудың өзіндік кемшіліктері бар:

- қолдану аясын тарылтатын қосымша шектеудің болуы;

- жоспарды дайындау көп еңбекті қажет етеді;

- бақылау жүргізуге күрделі қондырғылар жиі қажет етіледі.

Бақылауды бүлдіреті Сандық белгісі бойынша бақылауды статистикалық қабылдауда өнім партиясының сапасы бақыланатын параметрдің орташа арифметикалық және орташа квадраттық ауытқуы, сондай ақ оларға тәуелді ақау деңгейімен бағаланады. Сапаның осы көрсеткіштері бақылау жоспарына кіреді. Ішінара бақылау жоспарына келесі көрсеткіштерді орнату керек: өнім партиясының көлемі, бақылау деңгейі, AQL бақылауының қабылдау деңгейі, бақылау түрі, орташа квадраттық ауытқу немесе оны бағалау әдісі, бақылау әдісі. Осы көрсеткіштерге қысқаша тоқталып өтсек:

Партия көлемі    Бақылау түрі. Бақылаудың үш түрі бекітілген: қалыпты, күшейтілген және әлсіз бақылау. Қалыпты бақылау бақылаудың негізгі түрі болып табылады және егер нормативтік техникалық құжаттамада басқа түрін қолдану көрсетілмеген болса, барлық жағдайда қолданылады. Қалыпты бақылау жеткізуші ақаулықтың қабылдау деңгейінің бекітілген мәніне сәйкес өнім партиясын бақылауға жібергенге дейін жүргізіледі. Егер осы шарт бұзылса, онда күшейтілген бақылау жүргізіледі. Орташа квадраттық ауытқу немесе оны бағалау әдісі. Сандық белгі бойынша бақылау кезінде бақыланатын параметрдің орташа квадраттық ауытқуы σ алдын ала белгілі (мысалы, технологиялық процесс тұрақты) немесе белгісіз болады. Бірінші жағдайда σ- ішінара бақылау жоспары қолданылады. Бұл әдіс басқа әдістермен салыстырғанда аз мөлшердегі іріктеме көлемін қарастырады және аз есептеуді қажет етеді. Егер σ белгілі болса, оны бағалаудың екі әдісі қарастырылады:

- ішінара орташа квадраттық ауытқу S бойынша (S – жоспар),

- қарқын (размах) бойынша R (R – жоспар).

S – жоспар (немес S – әдіс) R – жоспарға қарағанда аз іріктеме көлемін талап етеді. R – әдісті қолданған кезде іріктеме көлемі артқан сайын, оның қарқыны орташа квадраттық ауытқу σ мәні жөнінде аз ақпарат береді. іріктеме көлемін алғанда өнімнің сегіз бірліктен асып кеткен мөлшерін алған кезде σ шамасын қарқын бойынша анықтау ұсынылмайды. Мұндай жағдайда орташа қарқынды  қарастырылады.  шамасын анықтау үшін іріктемені әрқайсысында 5 өлшеу нәтижесі бар бірнеше топшаларға бөледі. Келесі өрнекпен анықтайды: R = Xmax – Xmin; 

=

Бақылау әдісі. Ішінара бақылау жоспарының үш әдісі қарастырылады. Бірінші әдіс есептелген ауытқудың γ стандарт кестесінде көрсетілген бақылау нормативімен K (Ks, KR, Kσ) салыстырылады. Егер γ > К болса, партия қабылданады, γ < К немесе γ шамасының ең болмағанда бір мәні теріс болса, партияны жарамсыз деп таниды. Екінші әдісте есептелген ауытқудың γ мәні мен іріктеме көлемінің стандарт кестесі көмегімен табылған ақаулық деңгейінің кіріс мәнін Р бағалау жүргізіледі. Р шамасын стандарт кестесінде көрсетілген жіберілетін ақау деңгейімен М (MS, MR, Mσ) салыстырады: Р < М болса партияны қабылайды, Р > М немесе Р шамасының ең болмағанда бір мәні теріс болса, партияны жарамсыз деп таниды. Үшінші әдіс- графикалық әдіс, мұнда бақыланатын параметр шектері арқылы, орташа арифметикалық шама Х және орташа квадраттық ауытқу σ арқылы σ/(Тв – Тн) және (X – Тн)/(Тв – Тн) нүктелерін анықтайды. Осы нүктелердің орналасуы арқылы шешім шығарылады.

45. Бұзылудың негізгі себептері. Өнімнің жұмыс істемеуі оның бұзылуына алып келеді. Бұзылу дегеніміз өнімнің белгілі бір элементінің немесе бүкіл агрегаттың өзінің функцияларын істеу қабілеттілігін жоғалтуы. Бұзылудың қауіп-қатері (риск) бұзылудың себебіне, түріне, дәрежесіне тәуелді болады. Бұзылудың дәрежесі өнімнің ішінара не толық функцияларын орындамауынан анықталады. Бұзылудың себептері өңдеудің кемелiне жетпеуіне (несовершенством разработки) (конструкциялық), өндірудің нашар сапасына (өндірістік), өнімді дұрыс емес қолдануға (пайдаланушылық), қарастырылатын өнімге қатысты емес басқа себептерге (сыртқы) байланысты.

Бұзылудың интенсивтілігін қисық түрінде көрсетуге болады. Мұндай қисық түрін бұзылу интенсивтілігінің қисығы деп атайды. Оның тағы бір аты бар – өнімнің өмірінің қисығы деген. Әдетте мұндай қисық 3 периодқа бөлінеді: қосымша жұмыс істеу периоды, тұрақты қолдану периоды, тозу периоды. Периодтың аттары процестердің сипаттамаларын дәл көрсетеді. Бірінші және үшінші периодта қолдану интенсивтілігі уақытқа байланысты өзгереді, ал екінші перодта оны тұрақты шама ретінде қабылдауға болады. (λ =const).

1ші периодтағы бұзылулар көбінесе екі себептен туындайды: бітпеген жоба құжаттамасы және өндiрiстiң бітпеген процесстерi. Өнімнің сапасы жоғары болған сайын, қосымша жұмыс істеу периоды аз болады. Соңғы периодтағы бұзылулар көбінесе құрылым элементінің тозуна және материалдың шаршағандығына байланысты болады. Өнімнің бұзылу санын құрылымның әлсіз элементтерін еселету арқылы азайтуға болады. Өнімнің өмірін қалпына келтіру шаралары арқылы ұзартуға болады.

 

46. Процесті басқарудың статистикалық әдісі. Қазіргі танда технологиялық процести баскарудың статистикалық әдістерінің бірнеше түрлері бар.Ен көп таралған және тиімді әдіс бақылау карталарын қолдану, Шухарт картасы.Есептелген статистикалық мәліметтерге негізделген,жіберілетін мәндердің шектелген обласында реттеу шектерін белгілейді.Реттеу шегінен шыққан нүкте технологиялық процестің дұрыс болмауына әкеліп соғады.Бақылау карталары процесттің дұрыс жүргізілуінен қандай да бір ауытқуын тауып қана қоймай, белгілі бір дәрежеде оның ауытқу себептерін анықтайды. Бақылау карталарының мынадай түрлері бар:

- арифметикалық орташа мән (X– карта),

- медиана (X~ – карта),

- орташа квадраттық ауытқу(S – карта),

- шашырау (R – карта),

- ақаулы өнім саны (pn – карта),

- өнімнің ақаулы үлесі (Р – карта),

- ақау саны (С – карта),

- бірлік өнімдегі ақаулар саны (U – карта).

Алғашқы бақылау картасының 4түрі бақылаудың сандық белгісі бойынша қолданылады.ал сонғы 4 түрі альтернативті сапалық белгісі бойынша.Бақылау карталарын таңдау өнімнің сапалық көрсеткішінің түрімен және процесс дәлдігімен анықталады.

X – R бақылау картасы қаттылық шегін, уақытты, массаны, ұзындық сияқты реттеуші көрсеткіштерді өзгертуде қолданылады.Сондай ақ, сериялық өндірістегі өнімді дайындау процесін реттеуде,Гаусс және Максвелл заңының таралуындағы сапа көрсеткіштері реттеуде қолданылады. Р бақылау картасы ақаулы бұйым үлесін іріктеу кезіндегі технологиялық процесті бақылау және реттеу үшін қолданылады.р n карта ақаулы бұйым санын іріктеу кезіндегі технологиялық процесті бақылау мен реттеу үшін қолданылады.

Процесті басқарудың статистикалық әдістерінде технологиялық процестің күйін алдын ала зерттеуде гистограммалар жиі қолданылады.

47. Процестің дәлдігі.  Технологиялық процестің дәлдігін қамтамасыз етудің негізгі түсінігі.Машина жасау технологиясында дәлдік өндірілген өнімнің алдын ала орнатылған түп тұлғасындағы сәйкестік дәрежесі болып табылады.Түп тұлға ретінде макет,және тәжиірбиелі үлгісі және құжаттамасы болып табылады.Сәйкестік жоғары болған сайын, соғұрлым дәлдігі жоғары болады.Дәлдік жоғары болған сайын,өнімнің сенімділігі жоғары болады,ол оның сапасын білдіреді.Өнімнің дәлдігі көп жағдайда бастапқы шикізаттың сапасына,бөлшек дайындаудың және түйіндерді жинақтаудың дәлдігіне байланысты.Дәлдік – өнімнің сапасын эксплуатационды жоғарлатудың және тұтынушының қажеттілігін қамтамасыз етідің негізгі факторы болып табылады

Технологиялық процестің дәлдікке қатысты сұрақтарын шешуде өнімді өндірудің қажетті дәлдігін оған ұсынылған талаптардан және функционалды тағайындалуынан орнатылады.Тұтынушыға өнімнің ең жоғары дәлдігі емес,сол уақыттағы қажеттілігінің қанағаттануы.Берілген дәлдік технологиялық процесті құрудың сәйкес құрылымын анықтайды.Жоғары дәлдік шығындалуды қажет етеді,Өнімді өндіру дәлдігі жоғары болған сайын көп енбек етуді керек қылушылығын және өзіндік құны өседі.Өзіндік құны көп енбек етушілікке қарағанда жылдам өседі.Әрбір жағдай үшін қажетті дәлдікті тағайындау оның оңтайлы шешімін табу талап етіледі.

С- өнімнің өзіндік құны

Т- көп енбек сініруді керек қылу

Д- рұқсат етілген өріс

4.2.Плунжер мен цилиндр арасындағы онтайлы санылауды зазор анықтау

 

С1 – эксплуатационды шығын; С2 –плунжерлі жұптың дайындаудың өзіндік құны

 СΣ – қосынды шығындар

 

Үйлесімді ауытқуды анықтау

Рұқсат етілген ауытқу – өңдеу әдісі,технологиялық жабдықтау, жасау құны, бақылау әдісі.

 

48.Процесті жаңғырту индексі — Ср и Срk (Рр и Ррk).

Сандық белгілер көмегімен анализденетін процестерді ақау деңгейі бойыншада жанғырту индексі бойынша есептеу мүмкін болып келеді.Ал альтернативті белгілердегі процесте тек ақау деңгейін бағалайды.

 Жаңғырту индексі әдеттегі себептермен шақырылатын процестің өзгерісін бағалайды.Тұрақты статистикалық процестердің мүмкіндіктерін бағалауда қолданылады..

Жаңғырту индексі (рұқсат етілген өрістің центріндегі саналмайтын процестің жай күйі) Сp формуламен есептелінеді:

,

 — процестің толық өзгерісі, ол мына формуламен анықталады:

.

Жаңғырту индексі (рұқсат етілген өрістің центріндегі саналатын процестің жай күйі) Рpk:

49. Ақау болудың ықтималдығы.   Ақаудың пайда болу ықтималдығы статистикалық материалдарды өңдеуде сандық бағаланады және ақаулардың қайталану коэффициенттерімен сипатталады. Кез келген процесті білу үшін статистика әдісін қарастырады.Статистикалық әдісті қолдану арқылы шешілетін негізгі есептер
1 Өндіріс технологиясын реттеу мақсатында бақылау нәтижесін статистикалық анализдеу
2 Таңдалмалы бақылау жоспарын оңтайлы орнықтыру және нәтиженің бағалау өлшемін өндіріс және эксплуатация есебімен сәйкестендіріп орнықтыру..
3 Бақылаудың негізгі параметрлерін онтайландыру,бақылау нәтижесінің сенімділігі мен дәлдігін бағалау.
4 Сапа көрсеткіштері арасындагы корреляцияны орнату,өнімнің эксплуатационды сипаттамаларымен технологиялық дайындауын орнату,жіберілген ауқауларды ескере отырып сапаның бағалау өлшемін орнату..

Келесі жағдайларда формуламен өрнектелген есептер қарастырылады.Сол мақсатпен ықтималдықтар теориясының негізін ескереміз.Оларды өнімнің сапасын бақылауда қарастыра отырып талдау жасалынады.Іріктеме- белгілі бір уақыт аралығындағы шығарылатын өнім саны немесе таңдалмалы бақылауға арналған іріктеу. Ықтималдық таралу заңы- өлшенетін шама мәнімен ықтималдық пайда болу тәуелдігі болып табылады.

Ықтималдық теориясы үздіксіз өзгеретін шамамен дискретті шамаларда қолданылады.Дискретті шама ықтималдығы ол іріктемедегі жарамды өнімді және ақау мөлшерін табу. 1рет сынау нәтижесі кезіндегі ақау ықтималдылығы р, п өнім топтамасындағы   ақау ықтималдылығы k

Ықтималдылықтың таралуының осы заңы биномдық деп аталады. Ол үшін орташа шама (немесе математикалық күтім) келесідей:

Бұл ақиқат оқиға: егер ақау ықтималдығы р, n өнімді партия ішінде пр ықтималдылықта ақаулы өнімді кездестіреміз. Дисперсия (шашырау) табылған орташа шамадан біршама үлкен мәнге ие, биномальдық таралу үшін келесі өрнекпен анықталады:

Орташа квадраттық ауытқу:  . Партияда ақаудың m рет кездесу ықтималдылығы шоғырланған ықтималдылық деп аталады:

m = n Р (m) = 1 кезінде барлық ықтималдықтың қосындысы 1-ге тең. Егер п өнімне партия сыналып, солардың ішінен жарамдыларының пk1 және ақаулы өнімдер k1 санын анықтайтын болса, онда табылған k1 / n және (п— k1) /n шамалары p (k), р (п—k). шамалардан өзгеше болады. Бірақ көп мәрте қайталап сынау кезінде ол шамалар бір біріне жуықтайды.Үздіксіз шаманың таралуына мысал ретінде көбіне қалыпты немесе Гаусс таралуы алынады. 1-суретте

Мұндағы f (x) — ықтималдылықтың таралу тығыздығы,ол қарастырылып отырған шаманың шексіз аз х және x+dx шектерінде жату ықтималдығын көрсетед; х орташа шама; D дисперсия.

Өлшенетін шама кейбір берілген х шамасынан асып кетпейді, мұндай ықтималдылықты интегралдық деп атайды, оның таралуы келесі заңдылықпен жүреді: егер зерттелетін шама (мысалы беріктік) теріс шамаға ие болмаса, онда интегралдың төменгі шегі 0-ге тең.

1-сурет. Қалыпты таралу заңы.

Қалыпты таралу орташа шамамен салыстарғандағы материалдардың механикалық қасиеттерінің (беріктік, иілгіштік), әртүрлі өлшеулердің ауытқуымен сипатталады.

 

 

50. Шашырау диаграммалары. Шашырау диаграммалары – әртүрлі факторлардың өзара байланысын графикалық кескіндеу әдісі, корреляциялық талдаулардың қарапайым графикалық әдісі. Шашырау диаграммалары келесідей екі ауыспалы факторлардың байланысын көрсетеді:

- сапа сипаттамасы және оған әсер етеін фактор арасындағы;

- сапаның әртүрлі екі сипаттамалары арасындағы;

- сапа сипаттамасына әсер ететін екі фактор арасындағы.

Осылардың арасындағы байланыстарды білу үшін шашырау диаграммасын тұрғызу керек және процесті анық түсіну керек.

Шашырау диаграммасын құру келесі кезеңдерден тұрады:

1-өзара тәуелділігін анықтайтын екі шаманы х және у осьтеріне орнату.

2- екі ось үшін де максимум және минимум нүктелерді анықтау. Вертикаль және горизонталь бойынша масштабты бірдей етіп алған тиімді. Әсер ететін факторды х осіне, ал сапа сипаттамасын у осіне белгілеу керек.

3-жекелеген параққа график тұрғызып, мәліметтерді енгізу.

4-барлық қажет белгілеулерді енгізу. Диараммада кеесідей мәліметтер болуы керек: диаграмма атауы, уақыт интервалы, мәліметтер жұбының сан, әр осьтің атауы мен өлшем бірлігі.

 

Кей жағдайда талданатын мәліметтерді алдын ала жіктеп алып, содан соң оларға жекелеген шашырау диаграммаларын құру пайдалы болып келеді.

Тәуелділіктің болуын дәл анықтау үшін корреляция коэффициентін есептеу ұсынылады. Ол келесі формуламен анықталады:

Корреляциялық тәуелділіктің (шашырау диаграммасы немесе корреляция коэффициенті арқылы анықталған) болуы өзара байланыстың бар екендігінің дәлелі емес. Екі фактордың арасындағы өзара байланыстың бар деген қорытындыға келу үшін мәліметтер алынған процесті анық түсіну керек. Егер шамалар арасында өзара байланыс орнатылған болса, онда екі шаманы зерттемеуге болады. Осы шамалардың біреуін ғана бақылауға (мысалы,бақылау карталары көмегімен) болады. Бұл кәсіпорынның уақыттық және басқа да ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік береді.

 

 

51. Технологиялық процестер дәлдігін жоғарылату

Бұйымдардың дәлдiгi көп жағдайда бастапқы материалдарды сапасына, жартылай фабрикаттар, комплект жасайтын бұйымдардың, бөлшектердің жасалу дәлдiгіне, сонымен қатар барлық бұйымның және түйiндердi құрастыруы дәлдiгiне тәуелді болады. Дәлдік – бұл тұтынушылардың талаптарын қанағантандыратын және пайдалынатын бұйым сапасын жоғарылататын маңызды фактор болып есептелінеді.

Технологиялық процестердің дәлділігін қарастырған кезде бұйымды жасауға қажеттi дәлдiгiн құрастырады. Тапсырыс берушіге өнімнің ең үлкен дәлдігі қажет емес, ол өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыратын өнімді қажет етеді. Белгіленген дәлдік технологиялық процестің құрастырылу құрылымына сәйкестігін анықтайды. Жоғары дәлдік шығынды талап етеді. Бұйымды жасау кезде дәлдіктің жоғары болуы еңбек сыйымдылығы және өнімнің өзіндік құны өседі. Бұл жағдайда өнімнің өзіндің құны еңбек сыйымылығына қарағанда тезірек өседі. Әлбетте, әрбiр нақты жағдай үшiн қажеттi дәлдiктiң оңтайлы шешiмі талап етiлетiні анық. Өндірістің капиталды шығындары өнімнің өзіндік құнын көтеруге себеп болады.

Конструктор өлшемге қатал шек орната отырып, өндiрiсті қалай қамтамасыз етуге болатынын әрдайым ойлауы керек.

Өнім сапасын жоғарылату – өнімнің бәсекегеқабілеттілігінің басты факторы болып табылады. Сол себепті өндіруші рұқсат етілген шектерді қаталдандыруды енгiзу арқылы технологиялық процестер дәлдiктерін жоғарылату бойынша шаралар өткізе алады.

 

 

52. Жеткізуші тәукелі, тұтынушы тәукелі

Жеткізуші тәукелі – аппаратураның сенімді партиясы сынау нәтижелері бойынша сенімділігі жағынан талаптарға сәйкес емес деп бағалану ықтималдылығы болып табылады; ал тұтынушының тәукелі (сенiмсiз) нашар партия сенімділігі бойынша берілген талаптарға сай деп бағалағануының ықтималдығы. Сонымен қатар жеткiзушiнiң тәуекелi ақаулылықтың қабылдау деңгейіне ие болатын өнiмнiң партиясын жарамсыздандыру ықтималдығы болса, ал тұтынушы үшін ақаулықтың ақаулы деңгейіне ие болдатын өнім партиясын қабылдау ықтималдылығы.

Тұтынушы тәуекелі 10 % деп есепледі, бұл тұтынушының қабылдап алған өнім партиясы қалыпты деңгейден төмен болуының ықтималдылығын көрсетеді.

 

 

53. Өнім сапасын бақылауға қойылатын талаптар

Өнім сапасын бақылау - өнім сапасы көрсеткіштерінің нормативті және техникалық құжаттама талаптарына сәйестігін тексеру процедурасы болып табылады. Сапа бақылаудың негізгі мақсаты - өнім ақауларын анықтау. ГОСТ 15467 стандартына сәйкес, «ақау» термине келесідей анықтама беруге болады: Ақау – өнімніңнормативті құжаттамамен бекітілген талаптарға сәйкессіздігі; өнім қасиеттерінің (параметрлерінің) ұйғарынсыз ауытқулары. Ақаулар өнімді өндіру кезінде, оның сапасын ұйғарынды басқаруда, сынау сатысында және эксплуатация процесінде айқындалуы мүмкін. Өнім сапасын бақылауға қойылатын талаптар келесілерді қамтиды:

- өнімге жүргізілетін сынаулар түрлері;

- сынаудың қайталану мерзімі;

- сынауға арналған сынама мен таңдауларды дайындау мен сұрыптау;

- бақылауды жүргізу реті;

- өнім сапасына нормативті құжаттар талаптарына сәйкестілігі туралы талқылау критерийі мен бақылау үрдісінің параметрлері;

- бақылау – өлшеу аппаратурасына, приборлар мен құралдарға керекті дәлдікті көрсетуге қойылатын талаптар, онымен қатар сынау стенділері мен қондырғыларға қойылатын талаптар;

- бақылау нәтижелерін өңдеу тәсілдері;

- бақылау нәтижелер қаттама формасы;

 

54. Үрдістер ағының блок-схемасы

55. Технологиялық процестерді реттеуде бақылау карталарын қолдану.

Қазіргі уақытта технологиялық процестерді реттеудің бірнеше статистикалық әдістері қолданылады. Солардың ішіндегі көп тараған және ең тиімдісі – бақылау карталарын пайдалану әдісі (Шухарт картасы). Бұл кезде реттеудің шекараларын белгілеп, статистикалық мәліметтерге негізделіп шығарылатын рұқсат етілген мәндерге шек қойылады. Реттеудiң шекарасынан нүктенiң шығуы (немесе нүктенің сол шекарасында тұруы) технологиялық үрдiстiң бұзылуы туралы мәлімет берумен қызмет көрсетедi. Бақылау карталары тек процестің қалыпты жүрісіндегі ауытқуларды анықтап қана коймай, сонымен қатар, сол ауытқудың негізгі сабептерін көрсетеді.

Бақылау карталардың келесідей түрлері пайдаланылады:

- орташа арифметикалық мәндері (- карта),

- медиана ,

- орташа квадраттық ауытқу (S – карта),

- размах (R – карта),

- ақауы бар бұйымдардың саны

- ақаулы бұйымдардың бөліктері (Р – карта),

- ақаулардың саны (С – карта),

- бірлік өнімнің ақау саны (U – карта).

Бақылау карталардың алғашқы төртеуі бақылау кезіндегі сандық белгілерге, ал қалған төртеуі – бақылау кезіндегі альтернативті белгілерге қолданылады.

Бақылау карталары өнімнің сапа көрсеткішіне, процестің дәлдігіне және сериялылықпен анықталады.

бақылау картасы ұзындық, масса, беріктік шегі, пайдалылық және т.б. реттелетін көрсеткіштерді өлшеу кезінде пайдаланылады. Р  бақылау картасы анықталған ақаулардың санын тексерілген бұйымдар санына бөлгенде пайда болған ақаулы бұйымдардың бөліктеріне негізделген технологиялық процесті реттеу және бақылау кезінде қолданылады. Бұл карта арқылы өнім шығарылуының интенсивтігін және жұмысқа келмеу проценттің анықтауға болады.  бақылау картасы тексерiлетiн параметр n ақаулы бұйымдардың саны тұрақты көлемде болған жағдайды бақылау үшiн қолданылылады.

56. Болжаудың сапалық әдістері

Бұйымның өмiрлiк циклі процестеріндегi оқиғалары болжау негізінде уақытпен тығыз байланысты. Болжау - ықтималдылық процесс, себебі болашақтағы жағдайлардың мүмкіндіктеріне әсер ететін факторлар мен шарттарды дәл анықтау мүмкін емес. Болжаудың мәселесi жаңа бұйымды жасау кезіндегі барлық мерзiммен бiрге жүредi. Солардың ішінде:

- өнiмнiң өткiзу нарығының сипаттамаларын болжау,

- түйіндердің сенімділік болжауы және құрылымдық бұйымдарды пайдалану кезіндегі болжау,

- өнімнің өндіріс жүйесі тұрақтылығының болжау,

- комплект жасайтын, шикiзат және материалдар сапасының тұрақтылығын болжау,

- өнімнің сатылымын болжау және т.б.

Болжау әдiстерiн таңдау көптеген факторларға байланысты, соның ішінде өткен мәліметтердің жинақталу көлемі, сонымен қатар болжаудың керектi дәлдiгi және болжауды құрастыру кезіндегі шығындардың құны және т.б. Болжаудың көптеген әдiстерi, бастапқы мәлiметтердiң сандық мәндерінің бар болуын талап етедi және ол жоқ кезде жай ғана жұмыс iстемейдi. Болжауды құрастыру әдісін 2 топқа бөлуге болады: сандық және сапалық.

Сапалық болжау – белгілі бір салаға сәйкес білімдері бар мамандардың ойын және ақылдарын қолданумен құрастырылатын болжау әдісі болып табылады.

 

57. Болжаудың сандық әдістері

Бұйымның өмiрлiк циклі процестеріндегi оқиғалары болжау негізінде уақытпен тығыз байланысты. Болжау - ықтималдылық процесс, себебі болашақтағы жағдайлардың мүмкіндіктеріне әсер ететін факторлар мен шарттарды дәл анықтау мүмкін емес. Болжаудың мәселесi жаңа бұйымды жасау кезіндегі барлық мерзiммен бiрге жүредi. Солардың ішінде:

- өнiмнiң өткiзу нарығының сипаттамаларын болжау,

- түйіндердің сенімділік болжауы және құрылымдық бұйымдарды пайдалану кезіндегі болжау,

- өнімнің өндіріс жүйесі тұрақтылығының болжау,

- комплект жасайтын, шикiзат және материалдар сапасының тұрақтылығын болжау,

- өнімнің сатылымын болжау және т.б.

Болжау әдiстерiн таңдау көптеген факторларға байланысты, соның ішінде өткен мәліметтердің жинақталу көлемі, сонымен қатар болжаудың керектi дәлдiгi және болжауды құрастыру кезіндегі шығындардың құны және т.б. Болжаудың көптеген әдiстерi, бастапқы мәлiметтердiң сандық мәндерінің бар болуын талап етедi және ол жоқ кезде жай ғана жұмыс iстемейдi. Болжауды құрастыру әдісін 2 топқа бөлуге болады: сандық және сапалық.

Сандық әдiс - санмен көрсетiлген массив мәлiметтерді өңдеуге негiзделедi және казуалды (немесе себеп-салдар) және шақ қатарларды талдау әдістері болып бөлінеді. Казуалды әдіс болжаудың өзара байланыстырылған факторлардың үлкен мәнімен байланысқан болған кезде қолданылады. Казуалды әдістің мәні - олардың арасындағы математикалық (теңдеулер немесе теңсiздiктер) және басқа тәуелдiлiктердi iздеп табу болып табылады. Шақ қатарларды талдау (динамикалық немесе хронологиялық) – белгілі уақыттағы жеке көрсеткіштердің бірізді мәндеріне байланысты. Мысалы, өнімнің бағасы немесе сатылым көлемінің болжауы.

58. Тұрақсыз процестердің белгілері

Бақылау карталардағы нүктелердің негізгі байланыстары процестің әрекеттеріне әсер ететін себептерді көрсетеді:

1. Бақылау шекаралардың шектерiнде нүктелердің бар болуы.

2. Үш дәйекті (последовательные) нүктелердің екеуі, екi стандартты ауытқуға қарағанда, орташа сызықтан жоғары немесе төмен орналасады.

3. Бес дәйекті нүктелердің төртеуі, бір стандартты ауытқуға қарағанда, орташа сызықтан жоғары немесе төмен орналасады.

4. Жеті дәйекті нүктелер орташа сызықтан жоғары немесе төмен орналасады.

5. Алты дәйекті нүктелер монотонды өседі немесе төмендейді.

6. Он дәйекті нүктелердің ішінді жүйелі түрде өсетін немесе төмендейтін сегізінен құралған топша бар.

7. Екі дәйекті нуктелердің екіншісі кем дегенде, бірінші нүктеден төрт стандартты ауытқудан жоғары немесе төмен орналасады.

8. Айналымдарды бар болу (мерзiмдi қайталанатын нүктелер).

&nb


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: