Капитал мен резервтерді есепке алу

КІРІСПЕ

 

Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б.Де Солозано осы ғылым туралы «Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес» деген болса, оның әріптесі Фаулки «Есеп - бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы» - деп атаған. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындауы үшін қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен шығындарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады. Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесі қаржылық (сыртқы) және басқарушы (ішкі) есеп болып екіге бөлінеді. Басқарушы есеп кәсіпорынның қаржылық ақпараттарын ішкі пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болса, ал қаржылық есеп жоғарыда айтылған қаржылық ақпараттарды ішкі пайдаланушылармен қатар сыртқы пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе. Яғни, басқарушы есептің мәліметін кәсіпорын басшылары қандай да бір шешім қабылдау үшін пайдаланса, қаржылық есептің мәліметін бұлармен қоса жабдықтаушы (мердігер) кәсіпорындар, банк мекемелері, салық органдары және тағы да басқалар пайдаланады. Кез келген ұйым үшін қаржылық есеп міндетті түрде жүргізілетін болса, баскарушы есептің жүргізілуі және оның тәртібі әрбір кәсіпорынның экономикалық саясатына байланысты. Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік ессптің мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді. Еліміздегі жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп жұмысы толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалады. Міне осыларды ескере отырып бұрын есепші деп саналып келген бухгалтер маманы кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтап, бағалап, есептеп отырумен қатар кәсіпорынның алдағы уақыттағы экономикалық әл-ауқатын дамыту жолдарын жоспарлай білуі қажет. Сондықтан да кез келген елде бухгалтер мамандарын барынша білімді етіп даярлау сол елдегі ұйымдардың экономикалық жағынан тұрақты дамуына кепілдік береді. Елімізде нарықтық экономиканың қалыптасуы мен тұрақты түрде дамуына байланысты бухгалтерлік есеп жүйесіде жаңа сипат пен жаңа бағытқа, халықаралық мазмұны мен мағынаға ауыстырылып келеді. Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр.Бірінші Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауында Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай бірігуін, жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып қеле жатқан ел болуын қалаймыз деді. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық «орнын» иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге кабілетті ел болуын қалаймыз.

Бухгалтерлік есеп нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерде ерекше маңызды орынға ие. Қазақстан нарық экономикасына түгелімен көшті, оны бүкіл әлемдік қауымдастық та мойындады. Мұндай жағдайда біздің республикамызда пайдасы жоғары, тұрақты, әлемдік нарықта бәсекелестік қабілеті бар кәсіпорындар неғұрлым көп болса, соғұрлым біздің экономикамыздың деңгейі де жоғарылай береді. Бұл бүгін, ертең, алдыңғы отыз жыл ішінде де ең өзекті мәселелердің бірі болатыны Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа «Қазақстан–2050 стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында да ерекше аталып кеткен. Ал кәсіпорын қызметінің дұрыс жолға қойылуы көптеген факторларға байланысты болып табылады. Соның ішінде бухгалтерлік есептің, аудиттің, оның ішінде қаржылық есептің, ішкі аудиттің және талдаудың дұрыс ұйымдастырылып жүргізілуі үлкен рөл атқарады. Бұл қызметтердің мәні «тірі» ақпаратта. Ал кім ақпаратқа ие болса, сол әлемді билейді деген сөз бар. Бухгалтерлік есептің маңызын осыдан-ақ білуге болады.

Есепке алу мәліметтері кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлау жасау үшін, сөйтіп ел экономикасының даму заңдылықтарын зерттеу үшін қолданылады. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында кәсіпорынның күрделі экономикалық тетігін нық, дұрыс жолға қойылған есеп жүйесінсіз, сондай-ақ сенімді экономикалық ақпаратсыз басқару іс жүзінде мүмкін емес.

     

 

 

1 ҰЙЫМНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

"Восток Консалтинг" ЖШС Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында құрылды. Ұйым төмендегідей қызмет түрін көрсетеді:

- салықтық және құқықтық қызмет көрсету;

- салық декларацияларын тапсыруға көмек;

- бухгалтерлік консультациялық қызмет түрлері;

- да заңмен шектелмеген қызмет түрлері.

       "Восток Консалтинг" ЖШС дербес балансы бар, толық шаруашылық есеп, өзін-өзі ақтау, өзін-өзі қаржыландыру негізінде жұмыс жасайды. Ұйымның мүлкінің құрылуының қайнар көздері мыналар: серіктестік мүшесінің жарғылық қорға салған қаржылары, шаруашылық іс-әрекеттерден түскен түсімдер, заң актілерімен тиым салынбаған басқа да түсім көздері. Ұйым өзінің қызметін сұранысқа байланысты белгілеп, бекітеді. Ұйым өз міндеттері бойынша барлық мүлкімен жауап береді.

        Осы уақыттағы әлемдік дағдарыс көптеген кәсіпорындардың өндірістік қызметіне әсер етіп отыр. Бірақ біз зерттеп отырған ұйымның жағдайы әзірге жаман емес.

       "Восток Консалтинг" ЖШС басшылары қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында әрбір қызметінің біліктілігін арттыруына көп көңіл бөледі.

       "Восток Консалтинг" ЖШС сапа менеджмент жүйесі енгізілген, сапасы жоғары қызмет көрсету үшін барлық жағдайлар жасалып, талаптар орындалған. Жақсы жолға қойылған құжаттау процесі мен дұрыс ойластырылған бизнес өнім өндірудегі қолайлы жағдайларды тудыруға ықпал жасайды.

        "Восток Консалтинг" ЖШС ұстанған концепция қызмет көрсетудің барлық саласында сапаның маңыздылығын көрсетеді. Тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыруды мақсат еткен қағида сапалы қызмет көрсетуге кепілдік бола алады.

Қаржылық талдау қаржылық есептіліктің негізінде жүзеге асырылады. Қаржылық есептіліктің негізінде кәсіпорынның қаржылық жағдайы бағаланады.

Қаржылық жағдай түсінігінің негізінде кәсіпорынның өз қызметін қаржыландыру қабілеті көрінеді. Ол кәсіпорынның нарықтық қатынастар шарттарында кәсіпорынның өзін-өзі қаржыландыру, қаржылық жағдайы маңызды роль атқарады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайына оның төлем қабілеттілігі, несиені қайтару қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылығы жатады. Төлем қабілеттілігі кәсіпорынның өз қарыздарын уақытында жабу мүмкіншілігі, яғни ағымдағы және ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша төлем жүргізу қабілеті. Төлем қабілеттілігінің ағымдағы және перспективалық түрлері бар. Ағымдағы төлем қабілеттілік ай сайынғы бухгалтерлік балансты құрау кезінде анықталады. Сол кезеңдегі есеп айырысуларға қажетті қаржылардың бар болуы. Перспективалық төлем қабілеттігі белгілі кезеңде төлем қаржыларын салыстыру арқылы анықталалы. Төлем қабілеттігі әртүрлі факторлардан тәуелді. Кәсіпорынның көлемі, тұрақтылығы, табыстылығы, капитал құрылымы оның мөлшеріне әсерін тигізеді. Сонымен қоса несие нарығындағы өзгерістер мен сыртқы факторлар кәсіпорынның төлем қабілеттілігінің жағымды және жаңымсыз жаққа өзгеруіне әсер етеді.

"Восток Консалтинг" ЖШС қаржылық жағдайы оның шаруашылық қызметін үздіксіз іске асыру мен оның қарыздық міндеттемелерін уақытында өтеу мүмкіндігімен анықталады. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның табыстары оның шығындарын әлдеқайда көп мөлшерде жапқан кезде пайда болады. Қаржылық тұрақтылық ұйымның несие қайтару қабілеттілігімен де анықталады.

 

 

2 ҚОЛМА - ҚОЛ АҚША ЕСЕБІ

Бүгінгі таңда ұйымдардың жұмысының маңызды бағыттарының бірі - өндірілген тауар нарығындағы жағдайды бағалау, оның бәсекеге қабілеттілігінің факторларын зерттеу, ғылыми-техникалық революцияның қазіргі кезеңінде нарықтардағы тауар құрылымындағы үрдістерді зерттеу және осы негізде мақсатты тауар стратегиясы үшін принциптер мен нұсқаулықтарды әзірлеу болып табылады.

Бухгалтерлiк есеп нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргiзушi субъектiлерде ерекше маңызды орынға ие. Қазақстан нарық экономикасына түгелiмен күштi, оны бүкiл әлемдiк қауымдастық та мойындады. Бұндай жағдайда бiздiң республикамызда пайдасы жоғары, тұрақты, әлемдiк нарықта бәсекелестiк қабiлетi бар кәсiпорындар неғұрлым күп болса, соғұрлым бiздiң экономикамыздың деңгейi де жоғарлай бередi.

Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасы болады. Кассир — материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбек ақы мен басқа да төлемдерді беру үшін субъекті басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы олармен де шарттар жасалынады.

«Восток Консалтинг» ЖШС кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшаның есебі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі бекіткен кассалық операцияларды жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі.

«Восток Консалтинг» ЖШС кассаға нақты ақша ағымдағы банктік шоттан ақшалай чек негізінде түседі. Кассаға ақша қабылдау кассаның кіріс ордерлері бойынша жүзеге асырылады, оған бас бухгалтер мен кассир қол қояды. Кассаға ақша салған жеке немесе заңды тұлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол қойған ақшаны қабылдағаны туралы квитанция беріледі.

Кассадан ақша беру кассаның шығыс ордерлерімен немесе басшы мен бас бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем тізімдемелерімен акт беруге жазылған өтініштен, шоттармен және басқа да құжаттармен рәсімделеді. Жекелеген адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир алушының төлқұжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Оның атауы мен номері, оны кімнің және қашан бергенін ордерде көрсетеді. Алушы касса ордеріне қол қояды және алған сомасын: теңгені – жазумен, тиынды - сандармен көрсетеді. Кассадағы ақша қаражатының қозғалысы бойынша негізгі бастапқы құжаттар кіріс және шығыс кассалық ордерлер болып табылады. Қолма-қол ақшаны кассаға қабылдау кассалық кіріс ордерімен ресімделеді, оған бас бухгалтер немесе ол уәкілеттік берген тұлға қол қояды. Кассалық кіріс ордері олардың екі бөлігінен тұрады: ордер және ордерге квитанция (Қосымша А). Кассалық кіріс ордерінің екінші бөлігі-түбіртек-оның жыртылмалы бөлігі болып табылады және кассаға қолма-қол ақша салған тұлғаның Ақтау құжаты болып табылады. Сондықтан түбіртекке бас бухгалтер қол қойып, мөрмен расталуы тиіс. Кассадан қолма-қол ақша беру кассалық шығыс ордерімен ресімделеді, оған ұйымның Бас бухгалтері мен басшысы қол қояды (Қосымша Б).

Ақша қаражатының түсуі мен жұмсалуы жөніндегі барлық операцияларды кассир кассалық кітапқа жазады. "Восток консалтинг" ЖШС кассалық кітапты жүргізу автоматтандырылған тәсілмен жүзеге асырылады. Касса кітабының парақтары "касса кітабының салым парағы"басып шығару түрінде қалыптастырылады. Онымен бір мезгілде "кассир есебі"басылып шығарылады. Екі басып шығару керек:

1) Күн басында жасалады

2) бірдей мазмұны бар

3) кассалық кітап нысанында көзделген барлық деректемелерді енгізуге міндетті.

Сенімхат бойынша берілген ақша жағдайында касса шығыс ордерінде ақшаны алуға сенім берілген адамның тегі, аты мен әкесінің аты көрсетіледі. Егер ақша төлем тізімдемесі бойынша жүргізілетін болса, ол тізімдемеге: «Сенімхат бойынша» деген жазу жазылады. Бұл жазуды касса шығыс ордеріне немесе ведомостьқа (төлем тізімдемесіне) қоса тіркейді.

Кіріс және шығыс касса ордерлері мен оның орнына жүретін құжаттарды бухгалтерия дәл, әрі айқын етіп сиямен немес түтікше қаламмен жазып береді. Жалақы, уақытша еңбекке қабілетсіздігі жөніндегі жәрдемақылар мен сыйлықтар төлем тізімдемесі бойынша таратылады, оның қас бетінде (титул) ақша беретін мерзімі мен оның жалпы сомасы көрсетіледі және оған басшы мен бас бухгалтер қол қояды.

Банктен ақша алғаннан кейін үш күн өткен соң кассир төлем тізімдемесіне еңбек ақысы бойынша тиесілі сомасын алмаған адамдардың ата-тегінің тұсына мөртаңба соғады, берілмеген соманы төленбеген жалақы тізіміне енгізеді, тізімдемеде нақты төленген сома мен депозитке салынуға тиісті сома жөнінде жазылады. Егер төлемді кассир емес, уәкілдік алған адам жасайтын болса, төлем тізімдемесінде: «Тізімдеме бойынша ақша таратқан» деген жазу жазылады. Касса ордерлерінде өшіріп жазуға, бүлдіруге және түзетуге жол берілмейді.

Жазылған касса ордерлері немесе олардың орнына жүретін құжаттар Кіріс және Шығыс құжаттарын тіркеу журналында тіркеледі, ол Кіріс және Шығыс касса құжаттарына жеке-жеке ашылады. Онда мыналар көрсетіледі: Кіріс және Шығыс ордерінің толтырылған күні мен номері, кассаға түскен және жұмсалған ақшалардың (жалақы, сыйлықтар, стипендиялар, іссапарға төленген және басқа да шығыстар) нысаналы мақсаты көрсетіледі. Егер ақша қаражаттарының нысаналы мақсаты туралы деректерді машинограмма түрінде алатын болса, Кіріс және Шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тек құжаттың толтырылған күні, номері мен сомасы көрсетіледі.

Операциялар жүргізіліп болғаннан кейін ордерге кассир қол қояды, ал оған тіркелген қосымша құжаттарға штамп басылады немесе жазумен: күні, айы мен жылын көрсете отырып «Алынды» немесе «Төленді» деп белгі соғады.

«Восток Консалтинг» ЖШС касса операцияларының есебін кассир Касса кітабында (ф. №КО-4) жүргізеді, ол номерленуге, төленуге және оған сұрау салынуға тиіс; ондағы парақтар санын басшы мен бас бухгалтер қол қойып куәландырады.

Күн сайын, жұмыс күнінің аяғында кассир берілген ақшаның жиынтығын шығарады және күн аяғындағы қалдықты есептейді.

Кассирдің есебінде корреспонденцияланатын шоттарға белгі жасалады, содан соң оның деректері 1010 – «Кассадағы ақша» шотының дебеті мен кредиті бойынша машинограммаға немесе есеп регистрлеріне көшіріледі.

«Восток Консалтинг» ЖШС касса бойынша операциялардың, яғни 1010 шоттың дебеті мен кредиті есебін кассир жүргізеді. Регистрлерге жазулар бухгалтерияда кассир есебінің түсуіне қарай жүргізіледі. Біріңғай корреспонденцияланған шоттардың сомалары біріктіріледі. Айдың аяғында есепті айдан кейінгі бірінші жұлдызына регистрлердегі қалдық шығарылады, ол кассирдің есебіне есебіне және бас кітаптағы 1010 шоттың қалдықтарына сәйкес келуге тиіс.

Кассадағы операциялардың синтетикалық есебі 1010 – «Кассадағы ақшалай қаржылар» активті шотында жүргізіледі. Дебеті бойынша кезең басына және соңына қалдық, сонымен қатар кезең ішіндегі түскен сомалар, кредитінен ақшалардың шығындалуы көрсетіледі. «Восток Консалтинг» ЖШС-де кассадағы ақшалардың есебі бойынша есептік регистрлары келесілер болып табылады: №1 журнал-ордер - касса шоттарының кредиті бойынша және №1 тізімдеме – касса шоттарының дебеті бойынша. «Восток Консалтинг» ЖШС ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады.

 

 

3 ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ДЕБИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТІ ЕСЕПКЕ АЛУ

        

Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарларды, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ берешектер - Дебиторлық берешектер (Алынуға тиісті шоттар) деп аталады. Ұйымның қаржы жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің қатарына дебиторлық берешектердің айналымы жатады. Яғни дебиторлық берешектердің есептелген уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзім күндерінің саны. Ұйымның дебиторлық берешегі оған байланысты кіріс танылған жағдайда ғана анықталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін (алынатын) уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық борыштар ағымдағы алынуға тиісті берешектер және ұзақ мерзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді. Бұл берешектердің есебі «Алынуға тиісті шоттар» бөлімінің шоттарында есептеледі.

- Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын дебиторлық

берешектер «ағымдағы активтер» қатарында есептеледі. Олардың қатарына жататындар:

- ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық (алдын ала төленген) төлем;

- тапсырылған (берілген) шоттар бойынша алынуға тиісті берешектер;

- вексельдер бойынша алынуға тиісті берешектер;

- негізгі ұйымдар мен оның еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық берешектер;

- ұйымның лауазымды адамдарының (тұлғаларының) дебиторлық берешегі;

- басқадай дебиторлық берешектер.

«Восток Консалтинг» ЖШС-де дебиторлық борыштардың құрамында кәсіпорынның төмендегі қарыздары есепке алынады:

- алынуға тиісті борыштар;

- алынған векселдер;

- кәсіпорынның есеп беруге тиісті есеп тұлғаларының борыштары;      

- ағымдағы активтерді сатып алу үшін төленген аванстық төлемдер;

- негізгі шаруашылық серіктестік және оның еншілес серіктестіктері арасындағы операциялық нәтижесінде пайда болған дебиторлық борыштар;

- басқадай дебиторлық борыштар.

«Восток Консалтинг» ЖШС шаруашылық, өндірістік қызметі барысында сатып өткізілген өнімдер (тауарлы, жұмыстары, қызметтері) үшін, алынған весельдер бойынша сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары және есеп беруге тиіс тұлғалардың өтелмеген борыштары дебиторлық борыштар болып табылады.

Алынуға тиісті шоттар «Восток Консалтинг» ЖШС сатып өткізілген өнімдері (тауарлары, жұмыстары, қызметтері) үшін сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден қайтарылып алынуға тиісті борыштары.

«Восток Консалтинг» ЖШС бухгалтерлік баланста көрсетілген «Алынуға тиісті борыштар» бабы шот-фактуралармен, ал «Алынған весельдер» бабы ресми қарыздық міндеттемелермен расталады. 

«Восток Консалтинг» ЖШС сауда дебиторлық борышы – бұл негізгі қызмет нәтижесінде сатып алған тауарлар, қабылдаған қызметтер және жұмыстар үшін сатып алушылардың сатып өткізуші кәсіпорын алдындағы міндеттемесі.

Ал басқадай барлық дебиторлық борыштар саудалық емес дебиторлық борыш болып танылады.

Егер борыштың қайтарылуы осы мерзімнен асып кетсе, онда мұндай дебиторлық борыш төлеу мерзімінен кешіктірілген болып есептелінеді.

Шаруашылық қызыметі барысында кейбір қайтарылынып алынуға тиісті шоттардың кредиттік сальдосы (алдын ала төлем немесе төлем жасалған жағдайда) болуы мүмкін, ондай шоттар қайта жіктелінеді және есеп беру кезінде олар міндеттеме ретінде қарастырылуға тиісті. Бұл кредиттік сальдолар дебиторлық борыштар баптарына енгізілмейді.

Қаржы қызметкерлері дебиторлық борыштарды инкассациялауға шешім қабылдау үшін қарыздың өтелуге тиісті орташа күнін анықтап алуды көздейді. Есептеу принципіне сәйкес кәсіпорынның табысы пайда болған сәттен бастап, дебиторлық борыш та танылады. Дебиторлық борыш, бастапқы пайда болған борыштан күмәнді борыштарға жүргізілген түзету сомасын, бағаны кемітулерді және қайтарылған тауарларды шегеріп тастағаннан кейін бағаланады. Нәтижесінде қайтарылынып алынуға тиісті борыштардың нақты күні анықталады. Сатып өткізу мен төлем жасау мерзімінің арасындағы әдеттегі мерзім қысқа болғандықтан пайыздар есепке алынбайды.

«Восток Консалтинг» ЖШС сатып – алушылырдың келісім – шартта белгіленген мерзімде төленбеген шоттары күмәнді борыштар деп аталады.

Күмәнді борыштар бойынша резервтердің есебі бухгалтерлік есептің 5 “Табыс” деп аталатын қазақстандық стандартымен және оған әдістемелік нұсқаулармен реттеледі.

«Восток Консалтинг» ЖШС Қазақстан Республикасының заңдық құжаттарына сәйкес шағымдану мерзімінен 3 жыл өткеннен кейін өтелмеген күмәнді дебиторлық борыш қайтарылмайтын қарыз ретінде танылады.

Қайтарылмайтын дебиторлық борыштарды есептен шығарудың екі әдісі бар:

1.Қайтарылмайтын борыштың болатынын алдын – ала қарастыратын резервтеу әдісі,

2.Нақты дебиторлық борыштар қайтарылу мүмкіндігі жоқ борышқа айналғаннан кейін ғана, бұл шоттардың мәліметтері шығынға апарылатын тікелей есептен шығару әдісі.

«Восток Консалтинг» ЖШС шаруашылық қызметі барысында ЖШС қызметкерлерін шаруашылық мүддесімен іссапарға жібереді, жалпы шаруашылық және әкімшілік мақсаттарда (кеңсе тауарларын, басқадай материалдық және материалдық емес активтерін нақты ақшаға сатып алу) ақша қаражаттарын жұмсап отырады.

 Мұндай шығындарды банк арқылы төлеу мүмкін емес, сондықтан кәсіпорын қызметкерлеріне нақты ақша беру арқылы, аталмыш шығындар бойынша төлем жасайды. Берілетін ақшаның көлемін басшы бекітеді, тек содан кейін ғана кассадан аванс беріледі. Кассадан қызметкерге нақты ақша берілген сәттен бастап,ол кәсіпорынға есеп беруге тұлға ретінде танылады.

«Восток Консалтинг» ЖШС жұмыскерлердің және басқадай тұлғалардың дебиторлық борыштарының есебі Бас шоттар тізбегіне сәйкес 1230 “Қысқа мерзімді дебиторлық борыштар” активті шотында жүргізіледі.Бұл шотта келесі дебиторлық борыштардың есебі жүргізіледі: есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу, жұмыскерлерге берілген қарыздардың есебі, жұмыскерлердің тигізген материалдық зиянының есебі.

Осы қарыздар түрлері бойынша, «Восток Консалтинг» ЖШС қажеттілігіне қарай, тиісінше аралық шоттар ашылады.

«Восток Консалтинг»  ЖШС іссапарға жіберілетін адамға тиесілі сома оның бару және қайту жолын төлеу, тәуліктік шығындардың және іссапар мерзімінде үй – жай жалдауға шығарылатын шығындардың көлемінде кассадан беріледі. Есеп берілетін сома тиісті құжаттармен айғақталып, белгіленген мерзімде, бухгалтериға өткізілетін есеп беруге тиісті тұлғаның Аванстық есебімен расталады. № 7 журнал-ордер 1250 "Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі", 2150 Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі"(Қосымша В) шоттар тобында көрсетілетін қызметкерлердің және басқа тұлғалардың берешегі бойынша операцияларды есепке алуға арналған.

Кәсіпорын жұмыскерлерінің және басқа да тұлғалардың дебиторлық қарыздары туралы ақпараттарды бейнелеу үшін 1250 “Жұмыскерлердің қысқа мерзімді дебиторлық қарыздары” және 2150 “Жұмыскерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары” шоттары арналған.

Ақша «Восток Консалтинг» ЖШС басшысы бекіткен есепке сай көлемде беріледі.

 Аванс тек қана басшының жарлығымен есеп берілетін сомадан шығын жасау жүктелген қызметкерлерге ғана шығын шығаруға нақтылы қажеттілік туған жағдайда ғана, сондай-ақ қызмет бабымен іссапарға жұмсалған адамдарға ғана беріледі.

«Восток Консалтинг» ЖШС жұмыскерлердің қарыздары есебі бойынша шоттар корреспонденциялары 2-ші кестеде көрсетілген.

Кесте 2 – Жұмыскерлердің қарыздары есебі бойынша шоттар бойынша корреспонденциялары:

Шаруашылық операциялар мазмұны

Шоттар корреспонденциясы

Дебет Кредит
1. Кассадан есеп беруге тиісті сомалар берілді 1250,2150 1010
2. Іс-сапар шығындары қажетсіздендірілді: -әкімшілік басқару персоналдарына -өнімдерді сату сферасы жұмысшыларына - құрылыс жұмысшыларына   7210 7110 2930 8410   1250,2150 1250,2150 1250,2150 1250,2150
3. Есепті сомалар есебінен алынды: - материалдық емес активтер - материалдар - тауарлар - негізгі құралдар - ҚҚС сомасына   2730 1310 1330 2410 1420   1250,2150 1250,2150 1250,2150 1250,2150 1250,2150
4. Кассаға ақшаның қалдығы өткізілді 1010 1250,2150
5. Еңбек ақыдан есепті сомалар немесе зиян сомасы ұсталды 3350 1250,2150

 

Есеп беруші түлғалармен есеп айырысуды есепке алу. шаруашылық қызметі барысында «Восток Консалтинг» ЖШС қызметкерлерін қызмет бабымен іс-сапарға жібереді, дүкендерден кеңсе жабдықтарын сатып алады, почта арқылы жіберілген ақшаларды және басқа да шығындарды төлейді. Бұл шығындарды үнемі банк ЖШС арқылы нақты ақшасыз есеп-айырысу жолымен төлеу мүмкін емес. Сондықтан да жоғарыда аталған және басқа да шығындарды төлеу үшін қызметкерлерге нақты ақша беріледі және олар алған ақшасына есеп беруте тиісті.

Кәсіпорынның балансындағы алынған вексель деп аталатын бабындағы сома басқа заңды немесе жеке тұлғалардың ұйымға вексель бойынша төлейтін ресми берешегі болып есептелінеді. Алынуға тиісті шоттар бойынша берешектер (дебиторлық берешектер) иелік ету хұқығымен қоса, заңды хұқығымен байланысты актив болып саналады. Қорытындылап айтатын болсақ «дебиторлық берешек» дегеніміз, бұл – иелік ету хұқығын қосқандағы заңды хұқықтармен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.

  1250, 2150 шоттарының кредиттік айналымдары №7 журнал-ордерге тіркеледі. «Восток Консалтинг» ЖШС қызмет бабымен іс-сапарға баруға ақша іссапарға жіберілетін адамға тиесілі соманың көлемінде іссапар орнына бару және қайту жолына төлеуге, тәуліктік шығындарды және іс-сапар мерзіміне үй-жай жалдауға шығатын шығындарды төлеуге беріледі. Есеп берілетін соманы жұмсау құжаттарымен айғақталып белгіленген мерзімде бухгалтерияға ұсынылатын аванс есептерімен расталады.

 

4 БУХГАЛТЕРЛІК ТҮГЕНДЕУ: ШИКІЗАТ, ТАУАРЛАР, ДАЙЫН ӨНІМДЕР

Түгендеу – бұл бухгалтерлік есеп әдісінің элементтерінің бірі, ол есеп айырысудың ақша қаражатарының, аяқталмаған өндірістің, ТМҚ-ның, материалдық емес активтердің, негізгі құралдардың нақты қолда барын тексеруін және оладың есеп мәліметтерімен салыстыруын көздейді. Меншік түріне, қызмет түріне және жұмыс істеу тәртібіне қарамастан, оны барлық кәсіпорын жүргізеді. Ол құжаттаудың міндетті қосымшасы болып табылады. Тек соның көмегімен шаруашылықта болатын әрі жасалатын барлық шаруашылық құбылыстар бухгалтерлік есепте көрініс табады. Ол өзінің қамту жағдайына қарап екіге бөлінеді: толық және ішінара.

1. бұрын еңбек әрекетіне түскен және одан әрі өнделуге тиіс еңбек заттары (мысалы, қазылған кеніш, қырқылған жүн); әдетте, шикізат қайсыбір өнеркәсіп саласына: жеңіл, тамақ, т.б. арналған деп ұғынылады;

2. табиғи ресурстардың, негізінен, пайдалы қазбалардың өндірісте пайдаланылатын бөлігі. Бұлайша ұғынуда шикізат — табиғи ресурстардың ендігі пайдаланылатын немесе технологиялық тұрғыдан өндіріске тартылуы мүмкін бөлігі. Бірнеше түрлері сараланады: борлық шикізат (бор алу үшін қолданылады, каолиндік шикізат (керамика мен отқа төзімді материалдар алуда, сондай- ақ, бірқатар технологиялық процестерде қолданылады), цемент шикізаты және т.б          

Дайын өнім - кәсіпорында жасалып шыққан (өңдеудің барлық сатыларынан өткен) және өндірістік немесе жеке бастың тұтынуы үшін жарамды өнімдер; өнеркәсіпте - бұдан әрі өңдеуге немесе құрастыруға жатпайтын және сыртқа (басқа кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа) босатуға арналған өнімдер; құрылыста - іске қосылған негізгі қор шаруашылығында - егіншіліктің өсіріліп, жиналған өнімдері, өсірілген түлік, т. б. Өнеркәсіптегі дайын өнім өндірістік тұтынуға да жататын (машина, жабдық, басқа да еңбек құралдары), бейөндірістік тұтынуға да жататын (халық тұтынатын заттар) түпкілікті өнімдерге, сондай-ақ басқа кәсіпорындарда өңделуге тиіс және халық шаруашылығы тұрғысынан дүмбіл заттар болып табылатын өнімдерге (мыс., қақтама, мақта) бөлінеді.

«Восток Консалтинг» ЖШС материалдардың нақты қалдығын, оларды сақтау және жіберу дұрыстығын анықтау мақсатымен түгендеу жүргізіледі. Түгендеуді «Восток Консалтинг» ЖШС басшысымен тағайындалған комиссия жүргізеді. Тауарлық-материалдық құндылықтарды түгендеу тізімінде материалды-жауапты тұлға барлық құжаттардың материалдардың қоймалық есеп карточкаларына жазылып, бухгалтерияға берілгендігі туралы қолхат береді. Түгендеу тізіміне жазулар тек нақты есептегеннен кейін, ұзындығын өлшегеннен кейін, құндылықтардың салмағын өлшегеннен кейін жазылады.

Түгендеу (inventarium, латын тілінен аударғанда шаруашылық заттардың нақты тізімі) – бұл бухгалтерлік есептің әр түрлі объектілерінің нақты қолда бар болуын және жағдайын тексеруді көздейтін, есептік мәліметтердің нақтылығы мен шынайылығын анықтауға бағытталған бақылау құралы.

Қаттап-түгендеу принципінің түпкі мақсаты қолда бар нақтылы құндылықтар мен бухгалтерлік есеп мәліметтеріндегі (есептегі) құндылықтардың айырымын, салыстыру ведомстволарын қосымша жасау арқылы шығару. Қаттап-түгендеу объектісіне қолда бар құндылықтар жатады. Құндылықтардың дұрыс есептелінуін түгендеу үшін натуралды қалдықтар шығарылуы керек.

Егер де түгендеу тізімінде ауытқулар табылса, онда салыстыру ведомості толтырылады. Әрбір ауытқу фактісіне материалды-жауапты тұлға жазбаша түсініктеме жазады.

Артықшылықтар кіріске алынуға және «Восток Консалтинг» ЖШС табысына жатқызылуға тиіс: 1310 «Шикізаттар мен материалдар» шоттардың дебеті және 6280 «Басқа да табыстар» шотының кредиті бойынша.

Материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі 1280 «Басқа да қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар» немесе 2180 «Басқа да ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар» шоттарының дебеті бойынша және 1310 «Шикізаттар мен материалдар» бөлімшесінің сәйкес шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі. Материалдық зиянның өтелуі 1010 «Кассадағы ұлттық валютадағы ақшалар», 3350 «Еңбек ақы бойынша персоналдармен есеп айырысулар» шоттарының дебеті мен 1250 «Жұмыскерлер мен басқа да тұлғалардың қарызы» шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі.

«Восток Консалтинг» ЖШС тауарлы-материалдық құндылықтардың өзіндік құнына құндылықтарды өзіндік құнына құндылықтарды сатып алуға кеткен шығындар, оны осы сәттегі сақтау немесе пайдалану орындарына жеткізуге және тиісті жағдайға ғана қолданылады. Сатып алуға кеткен шығындарды анықтау кезінде сауда жеңілдіктері, артық төленген соманы қайтару және осыған ұқсас басқа түзетулер шегеріледі. Материалдар сатып алу кезінде нақты өзіндік құнымен көрсетіледі. «Восток Консалтинг» ЖШС тауарлы - материалдық құндылықтар есебінің міндеттері:

 - материалдық құндылықтарды сатып алумен байланысты нақты шығындарды анықтау;

- тауарлы-материалдық құндылықтарды кіріске алу және босату құжатттарын уақытылы және дұрыс толтыру;

 - сақтау орындары және жауапты адамдар бойынша есепке алу арқылы материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау;

 - бухгалтерлік есеп мәліметтерін тауарлы-материалдық босалқылардың нақты барымен салыстыру, субъектіге қажет емес материалдық құндылықтарды анықтау және оларды сату.

«Восток Консалтинг» ЖШС ресурстарды сатып алу немесе игеру кезінде қордың шамасының есептік көрсеткіші тоннанмен, баррелимен, шаршы метрмен айқындайды. Сонда өндірілген бір ресурс бірлігінің құны былайша анықталады. Өндірістік ғимараттар мен құрылғылар (астық қоймасы, мал қоралары, мұнай қоймалары, автомобиль гараждары, мал азығын сүрлейтін мұнаралар, суландыру жүйелері, көң қоймалары);

Шоттарыдың дебеті бойынша айдың басы мен соңындағы қалдықты, материалдардың түсуін көрсетеді; кредиті бойынша – олардың жұмсалуын көрсетеді. «Восток Консалтинг» ЖШС материалдық қорлар есебі бойынша шаруашылық операцияларының шоттар корреспонденциясы 3-ші кестеде көрсетілген.

Кесте 3 - Материалдық қорлар есебі бойынша шаруашылық операцияларының шоттар корреспонденциясы;

Шаруашылық операция мазмұны Дебет Кредит
Жабдықтаушылардан шикізат пен материалдар түсті. 1310,1350 3310
Қосылған құнға салық сомасы 1420 3310
Материалдық қорлар жеке тұлғалардан түсті 1310,1350 3390
Материалдық қорлар жеке тұлғалардан және ұйымдардан тегін түсті 1310,1350 6220
Жабдықтаушыларға материалдардың құны есеп айырысу шотынан төленді. 3310 1030
Материалдық қорлар есеп беруге тиісті адамдардан кірістелді. 1310,1350 1250
Өндіріске материалдар жіберілді. 8110,8210,8310 1310,1350
Материалдық қорлар жалпы шаруашылық мақсаттарға жұмсалды. 7210 1310,1350

 

Кірістер - бұл кәсіпорынның қалыпты қызметі, оның ішінде сатудан түсетін түсімдер, қызметтерді төлеу, пайыздар, дивидендтер және роялти. Табыс кәсіпорынның түсімін де, өзге де табыстарды да қамтиды.

"Табыс" ҚЕХС 18 мақсаты операциялар мен оқиғалардың белгілі бір түрлерінен пайда болатын түсімді есепке алу тәртібін айқындаудан тұрады. Бухгалтерлік кірістер негізгі мәселесі тану кезін анықтау болып табылады.

5 ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР ҮШІН ЕСЕПКЕ АЛУ: НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР МЕН МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕР

Ұзақ мерзімді активтердін қатарына «негізгі құралдар» мен «материалдық емес активтер», «ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар» және «ұзақ мерзімді инвестицияларды» жатқызуға болады. Осы ұзақ мерзімді активтерге қысқаша тоқталып келетін болсақ: өндірістік салаларда еңбек құралы ретінде ұзақ мерзімге (бір жылдан жоғары) қасиетін, қалпын жоймай сақтап пайдаланылатын материалдық активтер.

Негізгі құралдарға – қозғалмайтын мүлік, жер учаскілері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеу аспаптары мен құралдар, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың програмалық құралдар, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал- саймандар, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағыда басқалар жатқызылады. Негізгі құралдар ұйымының материалды- техникалық жарақтану базасын құрудың негізін қалыптастырып, қызметіндегі жетекші бағыттарды іске асыруда маңызды рөл атқарады.

Кәсіпорындардың, фирмалардың ұзақ мерзімдік активтерінің ажырамас құрамдас бөлігі. Материалдық, емес активтерге материалды нысанға ие емес, заттық касиеттері жоқ бірақ кәсіпорынға ұзақ уақыттар бойы немесе тұрақты түрде табыстар әкелуге мүмкіндік беретін нысандар жатады. Шаруашылық, құралдың бұл тобына: табиғи қорларды, жерлерді пайдалану құқығы; өнертапқыштық, патенттер, лицензиялар, "ноу-хау" құқығы, сауда маркасы, тауар белгілері, сатып алынған бағдарламалық өнімдердің, делдалдық орындардың немесе делдалдық орындарды пайдалану құқығының құны, фирманы және тағы басқаларын тіркеуге дейін орындары бар құжаттар мен жарнамаларды дайындау үшін ұйымдастырылған шығындар жатады.

«Негізгі құралдар» 16 IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына сәйкес негізгі құралдар – бұл тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруде немесе жеткізуде пайдалануға, үшінші тұлғаларға жалға өткізуге, немесе әкімшілік мақсаттарға арналған және бір кезеңнен астам уақыттың ішінде пайдалану көзделетін материалдық активтерді білдіреді.

Негізгі құралдар мекемеге мынадай жағдайда түседі: күрделі қаржы; жабдықтарды сатып алу және орнату; заңды және жеке тұлғалардан, сондай-ақ аукциондарда жаңа немесе ұсталған негізгі құралдар нысандарын сатып алу; негізгі құралдар нысандарын тауарлық-материалдық құндылықтарға айырбастау; заңды және жеке тұлғалардан жаңа және ұсталған негізгі құралдар нысандардың өтеусіз түсуі; жарғылық капиталға акционерлік кәсіпорындардың жарнасы ретінде түсуі; түгендеу кезінде анықталған есепте жоқ нысандарды кіріске енгізу; ұзақ мерзімді жалға беру шартымен негізгі құралдардың түсуі

 «Восток Консалтинг» ЖШС материалдық емес активтер – табиғи болмысы жоқ өндіріске немесе тауарларды сатып - өткізу, ұзақ уақыт пайдаланылатын, табиғи натуралдық нысаны жоқ құралдар, келешекте экономикалық табыс әкелетін ақшалай емес актвитер. Оларға ғылыми, әдеби, көркем шығармаларға және шектес құқықтар объектілеріне, электрондық есептеу машиналарының бағдарламаларына және басқаларға туындайтын құқықтар, патенттер, авторлық құқықтар бойынша пайдалану, фирманың репутациясы, тауар үлгілері, ноу – хау, ұйымдастыру шығындары, гудвилл,табиғи ресурстарды пайдалану құқықтары жатады. 

«Восток Консалтинг» ЖШС материалдық емес активтердің мынадай түрлері бар: Мемлекеттік жарғылар, барлық бөлімдер бойынша жұмыс жоспарлары, бағдарламалық жабдықтау,патенттер жатады. 

«Восток Консалтинг» ЖШС бухгалтерлік есептің 16 “Негізгі құралдар” деп аталатын халықаралық стандартына сәйкес негізгі құралдар дегеніміз – кәсіпорында өнім өндіру, тауарларды тасымалдау, қызмет көрсету үшін және басқа кәсіпорынға жалға беру үшін бір жылдан артық мерзімге пайдаланылатын материалдық активтер.

«Восток Консалтинг» ЖШС негізгі құралдар тізімі:

- ғимараттар;

- көлік құралдары;

- техникалық құралдар;

- компьютерлік аппараттар;

- лайзерлік принтер;

- құрал – жабдықтар;

- жиһаздар;

- қоймалар.

«Восток Консалтинг» ЖШС негізгі құралдар объектісі төмендегі шарттарға сай келгенде ғана актив ретінде танылуға тиісті: а) егер кәсіпорынның активпен байланысты келешек экономикалық пайда алатындығына аса үлкен ықтималдықпен сендіру мүмкін болса; ә) егер кәсіпорын үшін активтің өзіндік құнын сенімді түрде бағалау мүмкін болса.

Негізгі құралдарды жіктеу кезінде олардың негізгі құралдардың Мемлекеттік жіктемесіне (ҚР МЖ 12-2005), сондай-ақ осы есепке алу саласын реттейтін өзге нормативтік құжаттарға сәйкестігіне баса көңіл бөлінеді. Негізгі құралдардың өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді. Өндірістік Компанияның материалдық-техникалық базасының негізін құрайды және технологиялық процестің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Өндірістік емес негізгі құралдарға әлеуметтік мақсаттағы объектілер жатады.

Негізгі құрал объектілері субъектінің бухгалтерлік балансынан мыналардың нәтижесінде есептен шығарылады:

- физикалық немесе сапалық тозу;

- шаруашылық қызметінде пайдаланылмайтын объектілерді өткізуде;

     - басқа субъектілерге негізгі құралды жарғы капиталына салым түрінде беру;

- басқа заңды немесе жеке тұлғаларға өтеусіз беру;

- объектілерде ұзақ мерзімді жалға беру;

-  кему шығу, табиғи апат және басқа себептер.

Негізгі құралдар мен аяқталмаған құрылыс объектілері істен шыққанда немесе оны бұдан былай пайдалану ешқандай экономикалық пайда әкелетіні күтілмейтін болса, шоғырландырылған теңгерімнен есептен шығарылуы тиіс.

«Восток Консалтинг» ЖШС негізгі құралдар есебін ойдағыдай жүргізу үшін алдымен оларды жүйелеп топтастырады. Бұл жүйелеп топтастырудың экономиканың барлық салаларында бірыңғай болуы керек. Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар бүтіндей теңгеге айналдырған сомада әрбір инвентарлық объект бойынша көрсетіледі. «Восток Консалтинг» ЖШС негізгі құралдардың есебін жүргізуде екі маңызды міндет айқындалады. Бірінші – ағымдағы есеп беру мерзімінде негізгі құралдар құнының қандай бөлігі шығынға жатқызылатындығы айқындалады. Екінші – баланста көрсетілетін қалдық құнды есептейді.

«Восток Консалтинг» ЖШС негізгі құралдар кәсіпорынға мынадай тәсілдермен алынуы мүмкін:

а) нақты ақша қаражаттарына сатылып алынған,

б) несиеге алынады;

в) жарғылық капиталға салынған салым ретінде алынады;

г) сыйлық ретінде алынған;

д) басқа активтерге айырбастау арқылы.

«Восток Консалтинг» ЖШС қабылданған негізгі құралдар “Негізгі құралдарды қабылдау – тапсыру актісін” толтыру арқылы кіріске алынады. Бұл актіде кіріске қабылданып отырған негізгі құралдар туралы мәліметтер түгел көрсетіледі. ЖШС негізгі құралдардың есебін дұрыс жүргізу және олардың тиісті түрде сақталуын қастамасыз ету үшін негізгі құралдардың әрбір түріне инвентарлық номер беріледі.     

«Восток Консалтинг»  ЖШС мүліктік карточкаға жазулар бастапқыда түгелдеу негізінде орындалады ал одан кейінгі жазулар негізгі құралдарды есепке алу және есептен шығару құжаттарының, техникалық паспорттардың және тағы басқалар негізінде орындалып отырады. Карточкаларда обьектілердің қысқаша сипаттамасы мен жеке ерекшеліктері беріледі. Карточкалар әдетте бір дана етіп толтырылады. Құрал-жабдықтар құны оны сатып алуға және жұмысқа дайындауға байланысты барлық шығындар кіреді. Кейде мемлекеттік органдардың қандайда бір кәсіпорынға оның өз өндірісін белгілі бір ауданға орналастыруына жағдай жасау, яғни кәсіпорынды материалдық жағынан көтермелеу мақсатында негізгі құралдар обьектісін сыйлық ретінде беретін жағдайлар болады. Мұны жергілікті өкімет органдары салық базасын жақсарту және жергілікті халықты жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады. Ал кейбір жағдайларда негізгі құралдарды ЖШС қаржылық қиындықтарға ұшыраған кезде оған көмек көрсету ниетімен береді.

Сондай-ақ, негізгі құралдар ЖШС белгілі бір шарттардың мерзімге адамдардың белгілі бір санын жұмысқа негізінде сыйға тартылады. Негізгі құралдар обьектісінің тиімді қызмет ету мерзімі кезең сайын қайта қаралып отыруға тиісті және де егер болжамдардың бұрынғы бағалаулардан елеулі айырмашылығы болса, ағымдағы және алдағы кезеңдерде тозуға жасалынатын аударым сомасы түзетілуге тиісті. «Восток Консалтинг» ЖШС өздерінің негізгі құралдарының тозу дәрежесін анықтап және оны есептен шығарып отырады. Жеделдетілген амортизация әдістері негізгі құралдардың сапалық тозуынан болатын зияндарды тез азайтуға мүмкіндік береді, экономиканың барлық салаларында тездетіп қайта жабдықтауды қамтамасыз етеді.

«Восток Консалтинг»  ЖШС негізгі құралдар есебі жоғарыда айтылып өткендей № 16 бухгалтерлік есеп стандарттарында көрсетіледі. Негізгі құралдарды қысқаша түрде жіктейтін болсақ, мынадай топтарға бөлінеді:

- Ғимараттар мен құрылғылар

- Көлік құралдары мен жабдықтар

- Аяқталмаған құрылыс

- Операциялық жабдықтар

- Операциялық бөлмелердегі құрал жабдық

- Сыныптағы құрылғылар

- Басқалары

«Восток Консалтинг» ЖШС  негізгі құралдардың мақсатталған келіп түсуі шаруашылық қолданысына қажеттілікті өтейді. Негізгі құралдар келіп түсіп алғаш есепке алынған кезде оның өзіндік құны мен қалпына келтіру құны тең болады, себебі оны есепке алған уақыт пен қайта бағалу уақытының арасында айырмашылық жоқ. Уақыт өткен сайын негізгі құралдарды өндіруге кеткен материалдың бағасы және ол үшін қолданылатын шығын, жұмысшылардың еңбек ақысы жалпы негізгі құралдарды өндіру, салу жағдайы белгілі бір себептермен өзгеріп отырады.

«Восток Консалтинг» ЖШС негізгі құралдардың барлық түрлері шаруашылық процесіне қатыса отырып, бірте – бірте тозады, яғни бастапқы сапасын жоғалтады. Сөйтіп белгілі бір уақыт өткеннен кейін жұмыс істеуге жарамай қалады да олардың орынын жпңамен алмастыруға тура келеді. Тозу дегеніміз – негізгі құралдардың табиғи және сапалық сипатын жоғалтуы. «Восток Консалтинг»  ЖШС өздерінің негізгі құралдарының тозу дәрежесін анықтап, есептен шығарып отырады.

  

 

 

6 ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР БОЙЫНША ЕСЕПКЕ АЛУ

Міндеттеме – қарыз немесе міндеттеме, бір нәрсені белгілі бір жолмен қызмет етуі немесе орындау. Міндеттеме – өткен кезең жағдайларында пайда болған субъектінің қарызы және оларды реттеу экономикалық пайдасы бар ресурстардың ұйымнан кетуіне әкеледі. Міндетті түрде қазіргі және болашақтағы міндеттемелерді ажырата білу керек.

Міндеттеме 3 белгісі бойынша анықталады:

1. Міндеттемені туғызған құбылыстың орын алған жері;

2. Міндеттемелерді реттеу тек активтерді ауыстыру немесе қызметті басқа субъектіге жеткзу жолымен жүргізілуі мүмкін;

3. Міндеттеме пікір таластырылмайтын болуы керек.

Міндеттемелерді реттеу әртүрлі әдістермен жүргізіліу мүмкін:

- ақша қаражаттарын төлеу;

- басқа активтерді беру;

- қызмет көрсету;

- бір міндеттемені екішісімен ауыстыру;

- міндеттемелерді капиталға ауыстыру.

Реттеудің басқа да бастарту немесе кредиторлармен өз құқығын шығару сияқты түрлі әдістері бар болуы мүмкін. Міндеттеменің пайда болуы болашақта ресурстың кетуін білдіреді, берілген міндеттеменің орындалу мерзімі субъектіні&#


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: