Вестник КазНУ. Серия филологическая. №1-2 (141-142). 2013

Garbovskiy N. K. Perevodcheskie transformatsii i obuchenie perevodu// Perevod kak lingvisticheskaya problema. Sbornik statey. – M.: Izdatel'stvo MGU, 1982. – 119 s. Гарбовский Н. К. Переводческие трансформации и обучение переводу// Перевод как лингвистическая проблема. Сборник статей. – М.: Издательство МГУ, 1982. – 119 с.

2. 4 Жақыпов Ж. А. Аударматануды аңдату. – Алматы: InnoPRESS, 2004. – 192 б.

Казакова Т. А. Практические основы перевода. – СПб.: Союз, 2000. – 320 с. 6 Катфорд Джон К. Лингвистическая теория перевода. – М.: Едиториал УРСС, 2004. – 208 с.

Kazakova T. A. Prakticheskie osnovy perevoda. – SPb.: Soyuz, 2000. – 320 s. 6 Katford Dzhon K. Lingvisticheskaya teoriya perevoda. – M.: Editorial URSS, 2004. – 208 s.

file://C:\Users\User\AppData\Local\Packages\Microsoft.MicrosoftEdge_8wekyb3d8bbwe\TempState\Downloads\45-1-89-1-10-20150910 (1).pdf

ISSN 1563-0223                   Bulletin KazNU. Filology series. №1-2 (141-142). 2013

5. Розенцвейг В.Ю. Перевод и трансформация// Трансформационный метод в структурной лингвистике. –М., 1964.

3. Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, «Арыс», 1998. – 215 б.

4. Жақыпов Ж.А. Аударматануды аңдату: Оқулық. – Астана: ТОО «Искандер Ко», 2005. – 142 б.

5. Қазыбек Г.Қ. Көркем аударма тәжірибесі. – Алматы, «Қазақ университеті», 2005. – 311 б.

6. Абдрахманов Сауытбек Тәржіме туралы толғансақ. – Ақиқат журналы, 2007 №10. – 76 б.

. Миньяр-Белоручев Р.К. Теория и методы перевода. – М., 1996.

10. Wills W. Ubërsetzungswissenschaft: Probleme und Methoden. – Stuttgart, 197

2. Catford J.C. A Linguistic Theory of Translation. Ldn., 1965, p. 35.

3. Латышев Л.К. Перевод: проблемы теории, практики и методики преподавания. –М.: Просвещение, 1988. –160 с.

 

Аударманың трансформациялық үлгісі Н. Хомскийдің трансформациялық грамматика теориясына негізделеді. Н. Хомский негізін салған грамматикалық лексемалар мен логика-синтаксистік құрылымдардың өзара тығыз байланысын сипаттайтын синтаксистік құрылымдар ережелерін белгілейді. Трансформациялық грамматика бойынша көптеген синтаксистік құрылымдар саны шектелген қарапайым ядролық құрылымдар бола алады. Онда логика-синтаксистік байланыстар әлдеқайда анық көрінеді. Ядролық құрылымдардан туынды құрылымдар алынады. Олардың ғылыми атауы трансформа. Барабарлық (эквиваленттілік) – аудару теориясында өте күрделі және көп қырлы ұғым ретінде қарастырылады. В. Н. Комиссаровтың пікірінше «эквиваленттілік ұғымы аударманың негізгі ерекшелігін ашып, қазіргі аударматануда негізгі ұғымдардың бірі болып табылады» [2, 176]. Аударманың трансформациялық теориясы аясында индивидтің тілдік санасының құрылымына мұндай көзқарас тіларалық әрекеттер шартынан туады. Аударманың денотативті теориясында аударма үрдісі кезіндегі нақты екі тілдің ұқсастықтарына назар аударылса, ал аударманың трансформациялық теориясы түпнұсқа тілінің бірліктерін аударма тілінің бірліктеріне айналдырып, түрлендіруді назарға алынады [1, 191]. Қарапайым сөзбен айтсақ, аудармашы түпнұсқа мәтінімен трансформациялық операциялар жасап, нәтижесінде аударма мәтінін алады. Н. Хомскийдің теориясын негізге алып, аударманың трансформациялық үлгісін алғашқы боп дамытқан ғалымдардың қатарына танымал

американдық аударма теорияшы Ю. Найд жатады. Сондай-ақ аталған үлгінің кей маңызды аспектілері О. Каде, В. Коллер еңбектерінде зерттелген [2, 191]. Сондай ғалымдардың бірі А.Д. Швейцер «Перевод и лингвистика» еңбегінде ядролық және туынды құрылымдарды терең талдап, мынадай мысалдар келтіреді: Ядролық құрылым – John hit Bill. Одан алынатын туынды құрылымдар:  Bill was hit by John.  John’s hitting Bill.  Bill’s being hit by John.  The hitting of Bill by John.  It was John who hit Bill.  It was Bill who was hit by John. Бұл трансформаларда бастапқы ядролық құрылым сақталған [4, 35]. Ал, В. Н. Коммисаровтың түсінігінше, мазмұнның жоспары жағынан трансформалар әлдеқайда инвариантты болады, әрқайсысының құрамдас бөліктері, яғни бірліктер формасы жағынан әр түрлі болады [3, 37]. Туынды құрылымдарға қарағанда ядролық құрылымдарда мағыналық байланыстар анық көрінеді. Заттың пәні зат есім, іс-әрекет етістік болады, субъектісі бастауыш, объектісі толықтауыш болады. А. Д. Швейцердің сөзімен айтсақ, туынды құрылымдарды ядролыққа қайта трансформацияласақ, грамматикалық және семантикалық категориялар арасында дара мағыналы сәйкестіктерді немесе басқаша айтқанда, түпнұсқалық мәтіннің грамматикалық конструкцияларының дара мағыналы ұғымдық интерпретациясын анықтаймыз [5, 40]. А. Д. Швейцер, С. В. Тюленев, В. В. Сдобников пен О. В. Петрова еңбектерінде аудармадағы трансформациялық құбылыс бойынша, аударма үдерісі 3 сатыдан тұрады:  Талдау;  Тасымалдау;  Синтез. Осы 3 сатыға толығырақ тоқталсақ, С.В. Тюленев былай дейді: талдаудың мәнісі, түпнұсқа құрылымдары ядролық құрылымдарға айналып, кері трансформациялық үдеріс жүреді. Екінші сатыда, яғни тасымалдауда, түпнұсқаның ядролық құрылымдарын инвариантты болатын аударма тілінің ядролық құрылымдармен алмастырады. Үшінші саты, синтез немесе қайта құру кезінде аударма тілінің ядролық құрылымдары ақырғы нәтиже – аударма мәтінінің құрылымдары алынады [6, 193].

З.Б. Кульманова

109

 

Вестник КазНУ. Серия филологическая. №1-2 (141-142). 2013

 

 

А. Д. Швейцер [8, 40] мен В. В. Сдобников пен О. В. Петрова [8, 234] да аударма үдерісінің 3 сатысына дәл осындай сипаттама жасайды. В. В. Сдобников пен О. В. Петрова талдауды бір тіл ішіндегі трансформация десе, тасымалдауды тіларалық трансформация деп есептейді [8, 234]. Ал, А. Д. Швейцер 3-ші сатыға қатысты мынадай ескерілуі тиіс жайтты айтады: «синтез кезінде қос тілдегі бірқатар трансформациялар әр алуан перифразалау нұсқаларын, стилистикалық айырмашылықтары зор нұсқаларды қолдануға мүмкіндік беретіндіктен, аударма тілінің ядролық құрылымдарын туынды құрылымға айналдыруда стилистика заңдылықтары орындалуы тиіс» [5, 37]. Аударманың трансформациялық үлгісін талқылау үшін мынадай мысал келтірейік: The Trade Union pressurized the government into reconsidering its decision. Осы түпнұсқалық сөйлемді кері трасформацияласақ, мынадай екі ядролық құрылым алынады: 1) The Trade Union pressurized the government. 2) The government reconsidered its decision. Осы тұста ең маңызды екі сөйлем арасындағы «себеп – салдар» байланысын жоғалтпау қажет. Сол үшін құрмалас сөйлем жасаймыз: The Trade Union pressurized the government and it reconsidered its decision немесе The Trade Union pressurized the government so that it should reconsider its decision. Бұдан кейін екінші сатыға өтеміз де, келесі варианттардың бірін қолданамыз: 1) Кәсіподақ үкіметке қысым жасады да, соңғысы шешімін кері қайтарды. 2) Үкімет шешімін кері қайтару үшін кәсіподақ оған қысым жасады. Соңғы үшінші сатыда аудармашы контексті мен мәтіннің стилистикалық ерекшеліктерін ескере отырып, түпнұсқа және аударма тілдерінің туынды құрылымдары бір-біріне мүмкіндігінше максималды сәйкес болуы үшін аударма тілінің құрылымдарына қосымша өзгертулер мен түрлендірулер жасайды. Бұл жағдай аудармашылырдың жиі қолданатын тәсілдерінің бірі болып саналады. Мұндай варианттардың басқа түрлерін де табуға болады. Біздің мысалымыздың аудармасы осы 2 вариантпен шектеліп қалмайды, оны зерттеуіміздің барысында мысалдар арқылы береміз. Аударма теориясы үшін аударманың трансформациялық үлгісін жасау аса пайдалы да маңызды мәселе. Трансформациялық үлгінің артықшылықтары мен кемшіліктеріне келсек, В.Н. Коммисаров бойынша, оның артықшылықтары: 

 Әр тілдің формаларын салыстырып зерттеу арқылы аударманың трансформациялық теориясын, аудармалық сәйкестіктерді анықтап, нақты екі тіл арасында аударма жасаудың теориялық базасын құрайды.  Аударманың трансформациялық үлгісі көмегімен аудармадағы трансформациялық үрдістердің түрлері анықталады.  Аударма үрдісі барысында түпнұсқалық бірлікке аударма тілінде сәйкес балама табылмағанда, түпнұсқа тілінің ішінде тілдік трансформация жасау, яғни талдау сатысы өте қажет. Сонымен қатар мынадай кемшіліктер де бар:  Аударманың трансформациялық үлгісі синтез сатысында қандай талаптар бойынша бірнеше трансформалар ішінен біреуі таңдалып алынатынын көрсетпейді, себебі, бұл сатыға келгенде, түпнұсқалық және аударма құрылымдары бір-бірінен тәуелсізденеді.  Аналог болмайтын кей ядролық құрылымдар арасында орнайтын сәйкестікті түсіндіре алмайды.  Кей құрылымдар арасындағы сәйкестікті түсіндіре алмайды. Мысалы, instant coffee – ерітінді кофе [6, 40]. «Аударманың трансформациялық үлгісін» қорытындылай келсек, тіларалық трансформациялар түпнұсқалық мәтіннің семантикалық талдауы мен ақырғы нәтиже – аударма мәтінін жасаудың бір тәсілі ретінде пайдаланылады. Әйтсе де, аударма үрдісінде басқа да ситуативтік-прагматикалық факторларға байланысты лексика-синтаксистік перифразалау, семантикалық модификация сияқты амал-тәсілдері қолданылады. Сол себепті аударманың трансформациялық үлгісі басқа да семантикалық, денотативтік үлгілер сияқты шектеулі, бірақ аса қажет маңызды мүмкіншіліктер береді. Аударманы қабылдаушының реакциясы берілген мәтіннің мазмұнын жеткізу мәселесімен байланысты. Ол қандай элементтерден тұратынын анықтау қажет. Л. К. Латышев А. Д. Швейцердің көзқарасын бөліп, келесі төрт элементтерді белгілейді: 1) заттық жағдайларды белгілеуімен байланысты денотативті мағына (яғни, заттық-логикалық); 2) пікір элементтерінің арасындағы синтаксистік (яғни, оның синтаксистік құрылымымен) байланысты белгілейтін синтаксистік мағына; 3) функционалды-стилистикалық және экспрессивті бояумен белгіленген коннотативті мағына;

4) тілдік пікірдің және коммуникацияға түскен адамдардың қарым-қатынасымен анықталатын прагматикалық мағына. Ішкі тілдік мазмұн – бұл тіл белгілерінің арасындағы және толық тіл кодымен сәйкестілігі. Бұл аспект прагматикалық мазмұнға байланысты. Өйткені прагматика – бұл семиотиканың

және тіл білімінің зерттеу аймағы. Онда адресат ойының субъектіге, коммуникацияға қатысқан адамдардың арасындағы қарым-қатынасына, қарым-қатынас жағдайына байланысты тіл белгілерінің сөйлеудегі қызметі зерттелінеді [7, 4]. Аудару кезінде түпнұсқаның жалпы мағынасы сақталуы керек

Аударма кезіндегі лексикалық трансформациялардың түрлері

Аударма кезінде аудармашылардың неліктен лексикалық трансформацияларға жүгінулеріне тура келеді деген сұраққа әр түрлі себептер бар. Олар екі тілдің семантикалық ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Сөздердің мағыналық құрылымдары олардың қолданыстары, бір - бірімен сәйкес болу шарттары, әрбір тілдің сөздік қорлары-міне осы факторлар аудармашыға қиындықтар туғызуы мүмкін. Бұл мәселелердің бірден шешу жолдарын табу да мүмкін емес. Сондықтан жас аудармашыларға осы мәселелермен жеке-жеке танысып, олардың әрқайсысының ерекшеліктерін аударма барысында және теория жүзінде бөлек танысуға тура келеді. Лексикалық трансформация бөліміне лексикалық - стилистикалық құбылыстардың тек кейбіреулері ғана енгізілген.

Аударма процесін сипаттау шеңберінде аудармалық трансформация статистикалық жағынан, яғни бастапқы тіл бірліктерімен олардың сөздіктегі сәйкес келушілігінің арасындағы қатынасты талдау емес, динамикалық жағынан, яғни аударма тәсілі(әдісі) ретінде, аудармашы әртүрлі оригиналды аудару кезінде сөздік сәйкестігі жоқ, контекст бойынша қолдануға келмейтін жағдайда қолдана алатын аударма тәсілі ретінде қарастырылады. Бастапқы тіл бірліктерінің сипатына (түріне) қарай аудармалық өзгертулер лексикалық және грамматикалық болып 2-ге бөлінеді [1]. Сонымен бірге күрделі лексика-грамматикалық өзгертулер, яғни бір мезгілде оригиналдың лексикалық және грамматикалық өзгерту немесе деңгей аралық, яғни лексикалық бірліктен грамматикалық бірлікке не керісінше грамматикалық бірліктен лексикалық бірлікке өту түрі болады. Аударма процесінде қолданылатын лексикалық өзгерулердің негізгі типтері мынандай аудармалық тәсілдерден тұрады: аудармалық транскрипция және транслитерация, калькирование және лексикалық-сематикалық ауыстырулар (конкретизация-нақтылау,генерализация-жалпылау және модуляция) [2].

Ең көп тараған грамматикалық өзгертуге: синтактикалық ұқсасу (уподобление) (дословный перевод – сөзбе-сөз, өзгеріссіз), сөйлемді мүшелерге бөлу, сөйлемдерді біріктіру, грамматикалық ауыстыру (сөздің формасын, сөз табын немесе сөйлем мүшесін) ауыстыру жатады. Күрделі лексикалық-грамматикалық өзгертуге: антонимдік аударма, экспликация (описательный-перевод - сипаттау) және компенсация жатады.

Ағылшын және орыс/қазақ тілдерінде халықаралық сөздерінің логикалық мағына жағынан сай келмейді. Осындай сөздердің сәйкес келуі немесе келмеуі globe және planеt сөздерін мысалға ала отырып көруге болады, яғни мағынасы жағынан planеt және планета сөздері бірдей болса, globe сөзі глобус деген мағынамен қатар жер шары, держава, әйнекті абажур дегенді білдіреді.

Ағылшын тілінде латын тілінен енгізілген халықаралық сөздердің саны өте көп болғанына байланысты, сөздердің көбісі қосымша мағыналарына ие болды. Мысалы: detail сөзі подробность, деталь, вникание в подробности, детализацияь деген мағыналарға ие. Сондықтан бұл сөз арнайы әскери термин ретінде отряд ретінде немесе солдат сөздерін білдіру арқылы қолданылады. Detail зат есімі көмегімен to detail етістігін тудыруға болады. Agony сөзі ағылшын тілінде жанның қысылуы деген мағынаға ие болса, орыс тілінде агония сөзі өлім алдындағы қысылу деген мағынаны береді. Сондықтан ағылшын тіліндегі аgony сөзі сөйлеу құрылымы ретінде де қолданылады. Мысалы: agony column деген іздестіріп жатқан туысқандар жөніндегі газет мақаласы деп аударылады. Жоғарыда айтылып кеткендей ағылшын және орыс/қазақ тілдерінде халықаралық сөздер әртүрлі стилистикалық мағыналарға ие.

Аудармалық трансформация ұғымы және түрлері: лексикалық-семантикалық, грамматикалық және лексикалық-грамматикалық.

1. Генерализация (жалпылау) мен конкретизация (нақтылау), ұғымының мағыналық дамуы тәсілі, метонимиялық және антонимдік аударма

2. Орын ауыстыру, алмастыру, қалдырып кету тәсілдері.

3. Аудармалық компенсация. Транслитерация, транскрипция, калькалау, суреттемелік аударма [3].

Аудармалық немесе тіларалық трансформация дегеніміз - қайта жасап өзгертудің көмегімен оригинал бірліктерінен аударма аударма бірліктерінен өтуді айтады. Аудармалық трансформация мазмұн мен мәнері бар тіл бірліктерімен жасалатындықтан олар формальды-семантикалық сипатқа ие, әрине бастапқы бірліктерді форма жағынан да мағына жағынан да өзгертеді [4].

Транскрипция және транслитерация дегеніміз – оригиналдық лексикалық бірліктерінің формасын аударма тілінде әріптердің көмегімен қайта жасайтын аударма тәсілі [5]. Транскрипция бойынша (арқылы) бөгде сөздің дыбыстық формасы қайта жасалынды, ал транслитерация арқылы сөздің графикалық формасы (әріптік құрамы) қайта жасалынады. Қазіргі заманғы аударма практикасында транскрипция транслитерацияның кейбір элементтерін сақтай отырып басты тәсіл болып табылады. Тілдердің фонетикалық және графикалық жүйелері бір-бірінен өзгеше болатындықтан бастапқы тілдің сөздерінің формасын аударма тілінде беру шартты және жуық түрде алынады: absurdist –абсурдист (автор произведения абсурда), kleptocracy – клептократия (воровская элита), skateboarding – скейтбординг (катание на роликовой доске). Әрбір қатар тілдер үшін бастапқы тілдің сөзінің дыбыстық құрамын берудің ережелері жасалынады, транслитерацияның элементтері сақталынғаны жайлы көрсетіледі. Ағылшын – қазақ  аудармаларында ең көп кездесетін транскрипцияларда транслитерация элементтері негізінен кейбір айтылмайтын дауыссыз дыбыстармен редукцияға ұшыраған дауысты дыбыстар боп келеді. Мысалы: dorset [do:sit] - дорсет, Campbell [‘kœmbәl] - кэмпбелл), сонымен бірге дауысты дыбыстар арасындағы қос дауыссыз дыбыстарды және сөздің аяғындағы дауыстыдан кейін келетін дауыссыз дабыстарды беру: Bonners Ferry – Боннерс Ферри, (boss-босс), аудармада әлдеқашан белгілі үлгіге сөздердің дыбысталуын жақындастыратын, сөздердің орфографияларының кейбір ерекшеліктерін сақтау: (Hercules missile – ракета «Геркулес», deescalation – деэскалация, Columbia – Колумбия). Әдеттегі кейбір бағынбайтын сөздер: тарихи тұлғалардың есімдері және кейбір географиялық атаулар: (Charles I – Карл І, William III – Вильгельм ІІІ, Edinborough - Единбург).

Калькирования дегеніміз – оригиналдың лексикалық бірліктерін, олардың құрамдас бөліктерін – морфеманы немесе сөзді ---- олардың аударма тіліндегі лексикалық сәйкестіктерін ауыстыру жолымен болатын аударма тәсілі. Калькированиянің мәні бастапқы лексикалық бірліктің структурасын көшіре отырып, аударма тілінде қайтадан жаңа сөз немесе тұрақты сөз тіркесін жасау болып табылатын. Мысалы: Superpower – «Сверхдержава», mass culture – «массовая культура», green revolution – «зеленая революция». Кейбір жағдайларда, калькирования тәсілін қолдану калькаланатын элементтердің тәртібін өзгерту жағдайында болады: First-strike-weapon – оружие первого удара, land-based-missile – ракета неземного базирования, rapid deployment force – силы быстрого развертывания. Кейде аударма процесінде транскрипция мен калькирование бірмезгілде болады: transnational – транснациональный, petrodollar – нефтедоллар, mini-skirt – мини-юбка.

Лексикалық-семантикалық ауыстырулар дегеніміз- оригиналдың лексикалық бірліктерін аударма тілінің бастапқы тілдің бірліктерімен мағыналық жағынан сәйкес келмейтін, бірақ белгілі бір логикалық қайта жасаудың көмегімен жасалынатын тәсіл. Мұндай ауыстыруларға негізінен нақтылау, жалпылау және модуляция (мағыналық даму) жатады [2].

Нақтылау дегеніміз – бастапқы тілдің кең көлеміндегі заттық-логикалық мағыналы сөздері мен сөз тіркестерін аударма тіліндегі тар шеңбердегі мағыналы сөздер мен сөз тіркестерімен ауыстыру. He was at the ceremony. -Ол мейрамда болмады.

Кейбір жағдайда нақтылау әдісін қолдану аударма тілінде кең мағыналы сөздердің жоқтығына байланысты. Мысалы: ағылшын зат есімі thing өте абстрактылы мағына береді және қазақ тіліне үнемі нақтылау әдісімен аударылады: «зат, пән, іс, факт, жағдай, жанды нәрсе». Мысалы: ағылшын сөзі meal әртүрлі сөйлеу стилинде кең қолданылады, ал қазақ тіліндегі неғұрлым нақты сөзбен ауыстырылады: At seven o’clock an excellent meal was --- in the dining room. – Сағат 7 де асханада керемет ас берілді.

Жалпылау дегеніміз- нақтылауға қарама-қарсы яғни тар мағынадағы бастапқы тілдің бірліктерін аударма тілінің кең мағыналы бірліктерімен ауыстыру. Жасалынған сәйкестік жаңа ұғым (жаңадан туған) яғни бастапқы түрді сақтай отырып жаңа ұғым білдіреді.

He visits me practically every week-end. – Ол маған аптай сайын қатынайды.  Жалпылама мағынасы бар сөзді қолдану аудармашыға автордың «уик – энд» айта отырып, сенбі ме жексенбі ме анықтап жатудан сақтайды. Кейде мұндай ауыстырудың қажеттілігі стилистикалық себептерге байланысты. әдеби шығармаларда қазақ тілінде адамдардың бойын белгілі бір өлшем бірліктерімен (қадам, метр) тура өлшеп айту деген болмайды. Ал ол ағылшын тілінде солай қалыптасқан. Мысалы: A young man of 6 feet 2 inches дегенді аудармада неғұрлым жалпылау әдісімен кең ұғымды қолданамыз: «ұзын бойлы, орта бойлы, тапал»

Модуляция немесе мағыналық даму дегеніміз – бастапқы тілдің сөздері мен сөз тіркестерін аударма тіліндегі, яғни мағыналары логикалық түрде бастапқы тілдің бірліктеріне шығатын бірліктермен ауыстыру өте жиі аударма мен оригиналдың сәйкес келетін сөздерінің мағыналары себеп – салдарлық қатынасы байланыста болады: I don’t blame them - (я их понимаю) [2]. Мен оларды түсінемін. Мен оларды кінәламаймын, себебі мен оларды түсінемін. Себеп-салдармен ауыстырылып отыр. He always made you say everything twice. – Ол үнемі бір нәрсені қайта сұрайтын. (Сіздің айтқаныңызды қайталауға тура келетін, себебі ол қайта сұрайтын). Модуляция тәсілін қолдануда себеп –салдарлық қатынас үлкен мәнге ие, бірақ дегенмен логикалық байланыс әрқашан сақталады. Мысалы: He would cheer up somehow, begin to laugh again and draw skeletons all over his state, before his eyes were dry. Он снова приободрялся, начинал смеяться и рисовал на своей грифельной доске разные фигурки, хотя глаза его еще были полны слез.

Синтактикалық ұқсасу (сөзбе – сөз, өзгеріссіз) аудару дегеніміз – оригиналдық синтактикалық құрылысын аударма тілінің ұқсас структурасымен қайта жасау әдісін айтамыз. «нольдік» ауыстырудың бұл типі оригинал мен аударма тілінде параллель синтактикалық структуралар болған жағдайда қолданылады [6]. Синтактикалық ұқсасу оригинал мен аудармадағы тілдік бірліктердің санының толықтай сәйкес келуін және олардың орын тәртібінің сәйкес келушілік жасайды: I always remember his words. –Мен үнемі оның сөздерін есімде ұстаймын. Бірақ, кейде синтактикалық ұқсасуды қолданғанда, кейбір структуралық компонентерді өзгертуге тура келеді. Ағылшын тілін қазақ не орыс тіліне аударғанда мысалы: артикльдер, байланыстырушы – етістік, кейбір көмекші сөздер, түсіп қалуы мүмкін, сонымен бірге морфологиялық форма мен лексикалық бірліктер өзгеруі мүмкін.

Грамматикалық өзгертулер тәсілі дегеніміз–оригиналдың грамматикалық бірлігін аударма тілінің басқа грамматикалық мағыналарымен өзгерту тәсілін айтамыз. Бастапқы тілдің кез-келген деңгейдегі грамматикалық бірлігі: сөз формасы, сөз табы, сөйлем мүшесі, белгілі типтегі сөйлем ауыстырылуы мүмкін. Аударма кезінде бастапқы тілдің формасын аударма тілінің формасына ауыстыру болатыны түсінікті. Грамматикалық ауыстыру аударманың ерекше тәсілі ретінде аудармада аударма тілінің формасын жай ғана қолдану емес, сонымен бірге аударма тілінің формасын қолданудан бас тарту, яғни бастапқы тілге ұқсас, өзге тілге мұндай форманы ауыстыру грамматикалық мағынасы жағынан олардан өзгеше болатын формадан бас тарту болып табылады. Мысалы, ағылшын, қазақ, орыс тілдерінде зат есімнің жекеше және көпше түрі бар және әдетте оригинал мен аударманың алынған зат есімдері сол берілген түрде жекеше не көпше түрде қолданылады, мынадай жағдайлардан басқа: ағылшын тіліндегі жекеше түрге орыс тілінің көпше түрінің сәйкес келгенде: (money-деньги,ақша) керісінше ағылшын тілінің көпше түріне орыс тілінің жекеше түрі сәйкес келгенде (struggles-борьба, күрес). Бірақ белгілі бір жағдайларда аударма процесі кезінде жекеше, көпше түрді ауыстыру окказиональды сәйкестікті жасау құралы ретінде қолданылуы мүмкін: We are searching for talent everywhere.- Біз таланттарды іздеудеміз.

They left the room with their heads held high. – Олар бөлмеден көңілді шықты.

Әдебиеттер

1. Кoмиссaрoв В. Н. Тeoрия пeрeвoдa (лингвистичeскиe aспeкты). Учeб. пoсoбиe для ин-тoв и фaк- тoв инoстр. Яз./ - М.: Высш. шк., 1990 - 253 с.

2. Бaрхудaрoв Л. С. Язык и пeрeвoд. - М.: Мeжд. oтнoшeния, 1975.-240с.

3. Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, «Арыс», 1998. – 215 б.

4. Жақыпов Ж.А. Аударматануды аңдату: Оқулық. – Астана: ТОО «Искандер Ко», 2005. – 142 б.

5. Қазыбек Г.Қ. Көркем аударма тәжірибесі. – Алматы, «Қазақ университеті», 2005. – 311 б.

6.  Абдрахманов Сауытбек Тәржіме туралы толғансақ. – Ақиқат журналы, 2007 №10. – 76 б.

 

Резюме

      Проблема перевода транформаций, как лексических, так и грамматических, остаётся актуальной. Лексические трансформации же позволяют наиболее точно передать образы с одного языка на другой. Актуальность данной статии  являются особенности лексических трансформаций при переводе с английского языка на казахский язык.

 

Summary

Today, the problem of translating transformations, both lexical and grammatical, remains relevant question. Lexical transformations allow the most accurate transference of images from one language to another. The relevance of this article are the features of lexical transformations while  translating from English into Kazakh.

6 –дәріс. Аудармадағы трансформациялық үдерістер. Аударма-технологиялық әрекет.
Дәріс сабағының мазмұны:

1. Аудару үдерісінде кездесетін әрекеттер.


2.Аудармадағы ауыстыру мәселесі.
3.Қосу трансформациясы.
4.Түсіріп тастау трансформациясын орындауға түрткі болатын дәлелдер

5. Аудармалық транскрипция мен транслитерация түсінігі.

6. Калькалау. Лексикалық-семантикалық ауыстыру.
Аударма теориясының негізгі әдістеріне, аударманың негізгі үлгілері ретінде денотативтік, семантикалық және трансформациялық модельдер жатады. Трансформациялық құбылыстар кейде бір тілдің ішінен де көрініс табады. Трансформациялық модель трансформациялық грамматика идеяларының негізінде қалыптасқан. Бұл модельді жасауда аударманы бірінші тілдің мәтінін аударылатын тілдің мәтініне ауыстыру деп түсінеміз. Аудармашы түпнұсқаны қабылдап, санасында бірнеше тіларалық трансформация жасайды да, дайын аударма «шығарады». Алайда аударматанушылар көбінесе, Л.С.Бархударов та аударма трансформацияларын негізгі сипаттары жағынан төрт топқа жіктеген теориясымен санасады: Орын алмастыру; сөз қосу; ауыстыру; түсіріп тастау (опущения). Орын алмастыру. Бұл - аудару үстінде түпнұсқа тілдегі элементтердің орналасу тәртібін аударма тесксте өзгертіп беру. Сөзбе-сөз аудару тәсілі түпнұсқа тіліндегі мәтінді аударылатын тілдегі мәтінге семантикалық-құрылымдық жағынан алғандағы қарапайым және ең жақын нұсқасымен алмастыру деп қаралады.

Графика ауызекі сөйлеу тілінің дыбыстық жағын, оның ерекшеліктерінің барлығын түгелдей қамтып бере алмайды. Мұндай қызметті транскрипция ғана атқара алады. Транскрипция – латынның «transcriptio»-«қайта жазу» деген сөзінен жасалған термин. Транскрипцияның әдеттегі жазудан мынадай айырмашылықтары бар: әдетте жазу жүйесінде сөздердің дыбыстық жағымен бірге олардың әр түрлі байланыстары, атап айтқанда, этимологиялық және морфологиялық байланыстары да қарастырылып, есепке алынады. Ал транскрипцияда сөздің дыбыстық жағына ғана назар аударылады. Транскрипция үшін сөздің этимологиялық, морфологиялық байланыстарының ешбір мәні жоқ. Ал транскрипцияның ең негізгі қызметі – сөздің дыбыстық немесе фонемалық құрамын дәлме-дәл көрсету.

 

Дәрісті қорытындылау:

1. Аударманың негізгі үлгілері ретінде денотативтік, семантикалық және трансформациялық модельдер жатады.

2. Трансформациялық модель трансформациялық грамматика идеяларының негізінде қалыптасқан.

3. Транслитерацияда аударылатын тіл құралдарымен бастапқы тіл сөзінің графикалық формасы, ал транскрипцияда оның дыбыстық формасы беріледі.

4. Аудару тілінің сөз жасау және морфология ережелеріне сәйкес, шет түбірінің жұрнақтары немесе жалғаулары арқылы транслитерация жасалады.

5. Транскрипция – бұл аударма мәтінге аудару тілінің графикалық амалдары арқылы енетін реалия сөздер.

 

Бақылау сұрақтары:

1.Аударма – түрлі тілдерде сөйлейтін адамдардың арасындағы қатынас мүмкіндігін қамтамасыз ету құралы ретінде қандай қызмет атқарады?

2.Неге аударманы – тіларалық қарым-қатынастың ерекше бір түрі дейміз?

3. Коммуникацияның неше түрі бар?

4. Аударманың қандай түрлері бар?

5.Ауызша аудару, жазбаша аударма, компьютерлік (машинамен) аудару дегеніміз не?

 

 

Аудармалық трансформация ұғымы және түрлері: лексикалық-семантикалық, грамматикалық және лексикалық-грамматикалық.

1. Генерализация (жалпылау) мен конкретизация (нақтылау), ұғымының мағыналық дамуы тәсілі, метонимиялық және антонимдік аударма

2. Орын ауыстыру, алмастыру, қалдырып кету тәсілдері.

3. Аудармалық компенсация. Транслитерация, транскрипция, калькалау, суреттемелік аударма [3]

Аудармалық немесе тіларалық трансформация дегеніміз - қайта жасап өзгертудің көмегімен оригинал бірліктерінен аударма аударма бірліктерінен өтуді айтады. Аудармалық трансформация мазмұн мен мәнері бар тіл бірліктерімен жасалатындықтан олар формальды-семантикалық сипатқа ие, әрине бастапқы бірліктерді форма жағынан да мағына жағынан да өзгертеді [4].

Грамматикалық өзгертулер тәсілі дегеніміз–оригиналдың грамматикалық бірлігін аударма тілінің басқа грамматикалық мағыналарымен өзгерту тәсілін айтамыз. Бастапқы тілдің кез-келген деңгейдегі грамматикалық бірлігі: сөз формасы, сөз табы, сөйлем мүшесі, белгілі типтегі сөйлем ауыстырылуы мүмкін. Аударма кезінде бастапқы тілдің формасын аударма тілінің формасына ауыстыру болатыны түсінікті. Грамматикалық ауыстыру аударманың ерекше тәсілі ретінде аудармада аударма тілінің формасын жай ғана қолдану емес, сонымен бірге аударма тілінің формасын қолданудан бас тарту, яғни бастапқы тілге ұқсас, өзге тілге мұндай форманы ауыстыру грамматикалық мағынасы жағынан олардан өзгеше болатын формадан бас тарту болып табылады. Мысалы, ағылшын, қазақ, орыс тілдерінде зат есімнің жекеше және көпше түрі бар және әдетте оригинал мен аударманың алынған зат есімдері сол берілген түрде жекеше не көпше түрде қолданылады, мынадай жағдайлардан басқа: ағылшын тіліндегі жекеше түрге орыс тілінің көпше түрінің сәйкес келгенде: (money-деньги,ақша) керісінше ағылшын тілінің көпше түріне орыс тілінің жекеше түрі сәйкес келгенде (struggles-борьба, күрес). Бірақ белгілі бір жағдайларда аударма процесі кезінде жекеше, көпше түрді ауыстыру окказиональды сәйкестікті жасау құралы ретінде қолданылуы мүмкін: We are searching for talent everywhere.- Біз таланттарды іздеудеміз.

They left the room with their heads held high. – Олар бөлмеден көңілді шықты.

3. Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, «Арыс», 1998. – 215 б.

4. Жақыпов Ж.А. Аударматануды аңдату: Оқулық. – Астана: ТОО «Искандер Ко», 2005. – 142 б.

5. Қазыбек Г.Қ. Көркем аударма тәжірибесі. – Алматы, «Қазақ университеті», 2005. – 311 б.

6. Абдрахманов Сауытбек Тәржіме туралы толғансақ. – Ақиқат журналы, 2007 №10. – 76 б.

 

Трансформациялық тәсіл шеңберінде: нақтылау, генерализация, қарама-қарсы аударма, орнын толтыру (компенсация), орын алмастыру, сөз таптарын, сөйлем мүшелерін ауыстыру, күрделі сөйлемдегі синтаксистік ауыстырулар, толықтыру, қалдырып кету сияқты трансформациялар қолданылады.

 

Орнын ауыстыру -аударма тілінде бастапқы тілдің сөйлем құрылымының өзгеруі, онда бастапқы тілдегі сөйлемнің компоненттері аудармада орнын ауыстырады. Мұндай жағдайда сөздердің бекіген тәртібі өзгереді, мысалы;

В издании книги принимали участие многие сотрудники, которые обсуждали и критиковали текст.

Кітапты шығаруға мәтінді талқылап, оған сын көзімен қараған бір талай қызметкерлер себін тигізді.

Аудармашы бұл сөйлемді аударғанда сөздер ретінен алшақтап, оның синтаксистік құрылымын өзгертеді.

Сөз таптарын алмастыру -аударма тілінде сөйлемдердің мазмұны мен конструкциясын сәйкестендіру; бастапқы тілде жоқ сөз таптарымен алмастыру байқалады. Егер бастапқы форма аударма тілінде болмаса, не өзге функция атқарса, оның басқамен алмастырылуы немесе сипаттының өзгертілуі мүмкін. Алмастыру амалы түрлі тілдерге сөз тіркелімі, қолданылу нормалары барабар болмаған жағдайда да қолданылады, мысалы:

 

Скрыть объявление

 

Булочки выпекаются до до появления золотистой корочки

Тоқаштар алтын түстес қабығы пайда болғанша пісіріледі.

  Алып тастау –түпнұсқаны аударған кезде аудармашы артық, мағынаны ашу үшін қажетсіз деп тапқан жекелеген сөздерді, сөз тіркелімдерді, тіпті бағыныңқы сөйлемдерді алып тастайды, олар аударма кезінде алынып тастанылады, не қысқартылады.

Жекелеген сөздерді, сөз тіркелімдерді түрлендіруге ықпал ететін лексикалық трансформацияларға суреттеме аударма, генерализация, гипер-гипонимикалық семантикалық трансформация, гипо-гиперонимикалық семантикалық трансформация, орнын толтыру (компенсация), антонимиялық аударма жатады.

 

Аударма объектісі дерексіз жүйе емес, осыған орай нақты тілдік мәтін екеніне назар аударып, зейін қойып отырған жөн. Аудармашының жұмысы осы нақты мәтіннің тіліне байланысты істелетін нақты әрекеттерден тұратынын дәйім ескеріп отырған ұтады. Ол нақты әрекеттер қандай? Ендігі сөз солар туралы.

Аудармада бара-барлыққа жету аудармашыдан әрқилы тіларалық өзгертулер жасай білуді талап етеді. Мұндай өзгертулер аударматануда трансформалау (трансформация) деп аталып жүр. Мұндай трансформалаулар көбінесе түпнұсқа тіліндегі хабар, мағлұматтарды, ақпаратты, мазмұнды аударма тіл нормаларын сақтай отырып жеткізу мақсатына бағындырылады.

Ал осы деңгейлердегі аударма процесінде қолданылатын техникалық әдістердің негізгілеріне төмендегілер жатады:

1) орын тәртібі (сөйлем құрылысындағы сөздер мен сөз тіркестерінің орын тәртібі);

2) ауыстыру (сөздерді, сөз таптарын, сөйлем мүшелерін ауыстыру; құрмалас сөйлемдегі синтаксистік ауыстырулар; тілдік және контекстік нақтылау; генерализация; антономиялық аударма; компенсация);

3) қосу;

4) түсіру [1, 190-231-бб.]. Осы негізгі техникалық әдіс-тәсілдерді қолдану шеберлігіне қарай аударма түпнұсқаға дәл келмейтін (недоперевод) және түпнұсқадан әлдеқайда артық (көркем, түсінікті, әсерлі, ғылыми) көрінетін (сверхперевод) нұсқа ретінде бағаланады.

Бұлай бөлуді, айта кету керек, шартты бөлу деп санаған дұрыс. Өйткені көбіне бұлар аудару үстінде бір-бірімен қоса жарыса, бірігіп, араласып келіп отырады.

1. Орын алмастыру. Бұл – аудару үстінде түпнұсқа тілдегі элементтердің орналасу тәртібін аударма мәтінде өзгертіп жіберу. Алмастырылатын, әдетте, сөздер, сөз тіркестері, құрмалас сөйлемдерді құрастырушы сыңарлардың орын тәртібі, дербес сөйлемдердің тіркестегі орны.

Аудару үстінде неғұрлым көп кездесетін жайт – түпнұсқа мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерінің орын тәртібінің аударма мәтінде өзгеріске ұшырауы. Мысалы, орыс тілінде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі еркін, ал қазақ тілінде қалыптасқан, тұрақты. Бір мысал:

 

Не послушался стрелец своего коня, поднял перо жар-птицы, привез и подносит царю в дар. Мерген тұлпардың айтқанына көнбепті, зымыран құстың қауырсынын әкеп, патшаға тартыпты.

 

(Ауд. – М.Әлімбаевтікі). Бұл аудармада орын алмастыру бір сөйлемнің ішінде болып тұр.

Кейде түпнұсқада белгілі бір сөйлемде тұрған сөзді аударма мәтінде бұл сөйлемнен келесі бір сөйлемге көшіріп аударуға тура келеді. Мысалы:

 

Мен базардан сатып алған телпекті кидім. Бұл – ұзын күнқағары бар, аңшының қызыл телпегі еді. Я надел красную шапку, которую утром купил в базаре. Это была охотничья шапка, с очень-очень длинным козырьком.

Бұл аудармада орын ауыстыруға мүмкіндік беріп тұрған нәрсе – телпек сөзінің екі сөйлемде де қайталануы.

Құрмаластың компоненттерінің аударуда орын өзгертуі – заңды құбылыс. Бір мысал: Я в отчаянье, если бы Вы на то не согласислись.Егер сіз бұған келіспесеңіз, мен өкініп қалар едім.

Түпнұсқа мәтін құрамындағы аяқталған сөйлемдердің аударма мәтінде орын тәртібінің, яғни мәтіндегі орнының өзгеруі немесе басқа абзацқа көшуі мүмкін. Бұған мысалды М.Әуезовтің Джек Лондонның «Волк» әңгімесін аударуынан келтіруге болады: Аударма мәтіндегі ең алғашқы тұрған екі сөйлем:

–Қасқыр! Қасқыр! Кә! Кә! Қасқыр! - деп Медж итін шақырып тұр еді. Ирвин екі саусағын аузына сұғып тұрып, қатты ысқырып жіберді.

Мұндағы бірінші сөйлем түпнұсқада алтыншы абзацта тұр:

–Волк! Волк! Сюда! - позвала Медж.

Ал екінші сөйлем сегізінші абзацта тұр:

Ирвин сунул себе в рот оба мизинца, и его пронзительный свист присоединился к зову Медж.

Бір қараған адамға бұл ауыстыруда мән жоқ сияқты болып көрінуі мүмкін, бірақ аудармашының байқампаздығы сонда, ол кейінгі сөйлемдегі «... свист присоединился к зову Медж» деген бөліктің қасқырды шақырумен ілесіп тұруының заңды екенін, аударма мәтінге табиғилық сипат беретіндігін жасампаздықпен түйсінген (Бұл айғақтар Джек Лондонның Алматы, «Жалын» баспасынан 1991 жылы «Екі тілде еркін сөйлейміз» айдарымен шыққан «Қасқыр–Волк» атты кітабының 1, 2-беттерінен алынды).

2. Ауыстыру. Түпнұсқа мәтіндегі сөз формаларын, сөз таптарын, сөйлемшелерді, синтаксистік байланыс түрлерін т.с.с. ауыстыру.

Кейде түпнұсқаның сөйлеміндегі нақты атаулар аудармада есімдік арқылы беріледі, кейде керісінше болуы да мүмкін. Бұл – бір сөзді қайталай бермеу мақсатынан туған әрекеттер болады.

Түпнұсқадағы зат есім аудармада етістік түрінде беріле алады. Мысалы: Свист его сильным. – Ол қатты ысқырды. Бұл жерде «оның ысқырығы қатты болды» деп аударса, түпнұсқа мәні өзгеріп, оны қазақша «ашуы қатты болды» деп екіұшты түсініп қалуымыз мүмкін.

Орыс тілінен қазақ тіліне аударуда сын есімдердің зат есімге ауысып отыруы – жиі кездесетін құбылыс. Мысалы: Английское Правительство. – Ағылшын Үкіметі; серебряная ложка – күміс қасық; мамино пальто – шешемнің пальтосы т.с.с.

Кейде орыс тіліндегі предлогі бар зат есімдер қазақ тіліне сын есім түрінде де беріледі. Мысалы: Девушка из города. – Қалалық қыз; человек с характером – мінезді адам т.с.с.

Сөйлем мүшелерін ауыстыру. Ауыстырудың бұл түрі орыс тілі мен қазақ тілі мысалында алсақ, мынадай тұстарда кездесетінін байқадық: Книга прочитана мною. – Мен кітапты оқып шықтым. Бұл аударуда толықтауыш бастауышқа ауыстырылып тұр, өйткені ырықсыз (пассив) құрылым қазақ тіліне сол түрде аударылмайды.

Орыс сөйлеміндегі пысықтауыш қазақ тіліне бастауыш түрінде аударыла алады. Мысалы: В комнате стояла жара. – Бөлме қапырық болып тұр еді. Бұл ауысуға себеп — орыс тіліндегі бастауыш пен баяндауыштың арасындағы мағыналық байланыс, қатынас қазақ тіліне сәйкес келмеуінен.

Сөйлем мүшелерін ауыстыруда сөйлемдегі коммуникативтік мүддені еске ұстаған жөн болар еді. Мәселен, У них был долгий, душевный разговор деген сөйлемді былайша екі түрде аударуға болар еді: 1) Олар ұзақ, шын жүректен әңгімелесті; 2) Олардың әңгімесі ашық та ұзақ болды. Егер түпнұсқа авторы әңгіменің «өткендігіне» ден қойып отырған болса, бірінші нұсқа дұрыс болар еді де, ал егер өткен әңгіменің сипатын көрсетуді мақсат тұтса, екінші нұсқа ұтымды болып шығар еді.

Құрмалас сөйлем көлеміндегі ауыстырулар. Құрмалас сөйлем құрылысына байланысты синтаксистік трансформалаулардың төмендегідей түрлері орыс тілінен қазақ тіліне аудару процесінде жиі кездеседі екен:

1. Жай сөйлемді құрмалас сөйлем етіп аудару;

2. Құрмалас сөйлемді жай сөйлем етіп аудару;

3. Басыңқы сөйлемді бағыныңқы етіп немесе бағыныңқыны басыңқы етіп аудару;

4. Сабақтастық байланысты салалас байланыс етіп немесе салалас байланысты сабақтас байланыс түрінде жеткізу;

5. Жалғаулықты байланысты жалғаулықсыз етіп не, керісінше, жалғаулықсыз байланысты жалғаулықпен жеткізу.

Бұл трансформалаулардың бірінші түрі орыс тілінен қазақ тіліне аударуда өте сирек кездесетіні, ал қазақ тілінен орыс тіліне аударуда жиі кездесетіні байқалады. Мысалы: Тың жерді игерудің не екенін білемісің? – Ты знаешь, что такое освоение целины? (М.И.)

Құрмалас сөйлемді жай сөйлем етіп аудару орыс тілінен қазақ тіліне аударуда молынан кездеседі, әсіресе, орыс тіліндегі «который», «что» т.с.с. жалғаулықтар арқылы байланысқан құрмалас қазақ тіліне көбіне жай сөйлем түрінде жеткізіледі. Мысалы: В моей небольшой библиотеке сохраняются лишь те книги, к которым я постоянно возвращаюсь (О.Сулейменов. Аз и Я). – Менің шағын кітапханамда мен әрқашан қайта қауышып отыратын кітаптар ғана сақталады (аударма менікі – Ж.Ж.); Что волки жадны, всякий знает (И.Крылов). – Қасқырдың қомағай екенін әркім біледі (аударма менікі – Ж.Ж.); Уединенный дом, куда мы переехали, стоял в глубине тенистого сада (Чехов). – Біз көшіп кірген оңаша үй бақтың ең түкпірінде тұратын еді (аударма менікі – Ж.Ж.).

Сөз етіп отырған трансформалаулардың ерекше бір түріне түпнұсқадағы құрмалас сөйлемді мүшелеп бірнеше жай сөйлем етіп аудару да жатады. Бұған мысал ретінде М.Әуезовтің Л.Толстойдың «После бала» атты әңгімесінен аударғанын келтіруге болады: Дождавшись начала мазурочного мотива, он бойко топнул одной ногой, выкинул другую, и высокая, грузная фигура его то тихо и плавно, то шумно и бурно, с топотом подошв и ноги об ногу, задвигалась вокруг залы. – Мазурка күйінің басы бастала бергенде, ол бір аяғын екпінмен тарс еткізіп, екіншісін соза бастады. Зор, ауыр денесі кейде жай, кейде қалқып, кейде құлшынып, екіленіп кетеді. Бір аяғын бір аяғына соғып немесе табанымен тақтай теуіп, зал бойымен жылжып берді. Мұнда бір құрмалас сөйлемді үш жай сөйлем етіп берген.

Басыңқы тұрғының бағыныңқыға ауысуы. Бірден мысалдан бастайық: Разошлись по домам после того, как отряд остановился в центре города и начал размещаться по квартирам (Н.О.). – Отряд қалашық орталығына келіп пәтерлерге орналасуды бастаған соң, үйді-үйлеріне тарады.

Бұл құбылыс, әрине, сирек кездеседі, дегенмен синтаксистік түзілімнің терең мағынасын білу – аудармашының парызы.

Сабақтастық байланысты салаластық байланысқа ауыстыру. Қазақ тілінде сабақтас құрмалас сөйлемнің сыңарлары жалғаулық арқылы байланыспайтыны белгілі. Жалғаулық арқылы байланысу қазақ тілінде салалас құрмаласқа тән. Ал орыс тілінде сабақтас құрмалас сөйлемнің арнайы жалғаулықтары бар. Орыс тіліндегі осы сипаттас құрмалас сөйлемдердің кейбірі қазақ тіліне аударғанда салаласқа ауысып кетеді. Мысалы: Она была настолько красива, что никто не пытался за ней ухаживать (Д. Гранин). – Оның сұлу болғандығы сондай, оған қырындауға ешкім бата алмайтын.

Жалғаулықты байланысты жалғаулықсыз байланысқа ауыстыру. Қазақ тілінде жалғаулық арқылы салалас құрмалас сөйлемді құрайтын сыңарлар ғана байланысады, оның өзінде жалғаулықты сөйлемдер арасындағы мағыналық қарым-қатынасты анықтауда бірден-бір қызметті жалғаулықтар ғана атқармайды.

Жалғаулық қатыспай тұрып та, құрмалас сөйлемнің компоненттерінің арасындағы мағыналық қатынастарды контекст көмегімен ажыратуға болады. Ал орыс тілінде жалғаулықтар құрмаластың компоненттері арасындағы мағыналық қарым-қатынастарды айқындап тұрады. Осы себепті орыс тіліндегі жалғаулықты байланысты қазақ тіліне жалғаулықпен жеткізу міндетті емес.

Лексикалық аудару. Бұл трансформалық әрекет аударманың лексикалық мәселелерімен тікелей байланысты және сол бөлімде айтылуға тиісті. Дегенмен бір ғана мәселені көрсете кету керек.

Қандай да болмасын екі тілдегі балама сөздердің мағыналық ауқымы, жүгі әртүрлі болады, соған байланысты түпнұсқа тіліндегі кең мағыналы сөздерді аударуда нақтыландыруға тура келеді немесе, керісінше, түпнұсқа тілдегі тар мағыналы сөзді аударуда кең мағыналы сөзбен беретін жайттар болады. Мұның бірінші тәсілін — нақтыландыру (конкретизация), екінші тәсілін жалпыландыру (генерализация) деп атайды.

Шендестіре аудару (Антонимический перевод). Шендестіре аудару дегеніміз — түпнұсқадағы болымды мағынаны болымсыз түрмен я, керісінше, болымсыз мағынаны болымды түрмен жеткізу. Мысалы: 1) Я серьезно говорю. – Мен ойнап айтып тұрған жоқпын. 2) Вспомнил я об этом, когда мы уже проехали почти весь парк. – Мен мұны бақтан өткенше есіме түсірмеппін. Болымдыны болымсыз түрмен жеткізуге мысал: Астронавты вернутся на землю не раньше, чем февраля. – Астронавтар ақпан болмай жерге оралмайды.

Компенсация (өтеу, орнын толтыру). Бұл тәсіл түпнұсқа тілдегі белгілі бір элементтердің аударма тілде дәлме-дәл баламасы болмауына байланысты аудармашының оны басқаша тәсілдермен және сол сөйлемнің ішінде емес, мәтіннің басқа бір жерінде түпнұсқа сөзінің орнын толтыруға қызмет етеді. Мұндай жағдайда кейбір сөз суреттеле, сипаттала аударылуы мүмкін.

3. Қосу. Кейде түпнұсқа тілдегі құрылымда белгілі бір сөздің не элементтің айтылмай тұруы, көрінбей тұруы мүмкін. Ал аударуда сол элементті көрсетуге тура келетін жайттар болады, міне, осыған байланысты қосу тәсілі пайдаланылады. Мысалы: Слава народам Казахстана! – Қазақстан халықтарының даңқы арта берсін! Решения сессии – в жизнь – Сессия шешімдерін жүзеге асырайық.

Қосуға байланысты тағы бір байқалғаны – аударма мәтін оқырманының түпнұсқадағы берілгендер туралы хабары болмауы. Мәселен, Олар Припятьке таяды деген сөйлемді осы тәсілмен Олар Припять өзеніне таяды деп беру ұтымды болуы мүмкін, өйткені қазақ оқырманы «Припятьтің» өзен, қала, әлде село екенін айыра алмауы ықтимал. Тағы бір мысал: Ол шіркеуге баратын күні келді. –Ол жексенбіде, шіркеуге баратын күні, келді (Христиандардың шіркеуге жексенбі күні баратынын қазақтың бәрі біле бермейді).

4. Түсіріп тастау. Бұл – мәні жағынан қосуға қарсы тәсіл. Аудару үстінде түпнұсқадағы мағыналық тұрғыдан басы артық сөздер, оларды алып тастаса да, мағына-мазмұнды өзгеріске ұшыратпайтын, тым болмаса, нұқсан келтірмейтін сөздер түсіріліп тасталуы мүмкін.

Мұндай басы артық сөздер плеоназм құбылысына байланысты болатыны байқалады. Мысалы, орыс тілінде «каждая минута времени», «в апреле месяце», «промышленная индустрия» сияқты тіркестер қолданылады, бұларды ыңғайына қарай, контексті есепке ала отырып, «әрбір минут», «сәуірде», «өнеркәсіп» деп аударуға да болады, өйткені минут сөзінің өзі уақытты білдіреді, ал «апрель» ай аты екені мәлім, «промышленность» пен «индустрия» сәйкес ұғымдарды береді.

Келесі бір кездесетін құбылыс – орыс тілінің сөйлеміндегі кейбір сөзді қазақ тілінде көрсету міндетті болмай қалады. Мысалы: Солдаты остановились у дома, хозяйн встретил их. – Солдаттар үй жанына келіп тоқтады, үй иесі қарсы алды.

Қазақ тілі синтаксистік құрылысының бір ерекшелігі сол, салалас құрмалас сөйлемді құрастырушы сыңарлардың жалғаулықты, жалғаулықсыз болуы көбіне мағына өзгерте бермейді. Ал орыс тілі синтаксисі үшін бұл – ұстанымдық қағидат. Сондықтан орыс тіліндегі кейбір жалғаулықтарды аудармай-ақ түсіріп тастауға болады. Мысалы: Пошла ба и она влес, но детей не с кем оставить. – Ол да орманға барар еді, балаларды қалдырып кетер ешкім жоқ. Байқап отырғанымыздай, орыс тілінде қарсылықты мағына жалғаулық арқылы айқындалып тұр, ал қазақ тілінде жалғаулықсыз-ақ бұл мағына айқын көрініп тұр.

Қалай десек те, аударманың нәтижелі болуы аудармашының тілдік білімі, аялық білімі, контексті түйсінуі, филологиялық білім мен шығармашылық талантына байланысты болатыны даусыз.

 

Түпнұсқадағы ақпаратты «сіңіру» әдетте «мағынаны түсіну» деп аталады. Бірінші кезеңде аудармашы түпнұсқаның аударылатын үзіндісіндегі ақпаратты, сондай-ақ лингвистикалық және жағдаяттық контекстегі ақпаратты да алып, осы ақпараттың негізінде өзі келесі кезеңде «жарыққа шығаратын» мазмұн туралы қажетті ой-түйін жасауы тиіс... бірінші кезеңде аудармашы не түсінсе, соны аударады... аударма процесінің екінші кезеңі аударма мәтінін жасауда тілдік таңбаларды таңдаудан тұрады. Бұл аудармашының кіріс тілдегі сөйлеу әрекетін көрсетеді. Аудармашының стратегиясын көрсететін бұл екінші принцип әдетте «түпнұсқаның таңбасын емес, мағынаны аудару» талабы делінеді және түпнұс&


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: