жекелеген санаттары

2. Жерге меншік құқығының түсінігі және түрлері

3. Жерді пайдалану құқығының түсінігі, түрлері

4. Жерді қорғаудың мақсаттары мен міндеттері

1. Қазақстан Республикасының жер қорының түсінігі және жекелеген санаттары

Республикада өндiрiс салаларының нарықтық экономикаға өту жағдайлары мен процестерiн ескере отырып жер қатынастарын кезең-кезеңмен құқықтық реттеудiң қажеттiлiгiне қарай, жер заңнамасы дамып, жетілдіріліп отырды.

Қазақстан Республикасының заңдары:

- 1998 жылғы 31 наурыздағы "Шаруа (фермер) қожалығы туралы";

- 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 ІІ ҚРЗ "Жер кодексi".

- Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі N 310 Заңы

- ҚР 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2723 «Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы» заңы.

Аграрлық сектордағы жер қатынастарын реттеу үшін және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi тиiмдi пайдалану дәлелдемесiн нығайту мен бастапқы жер пайдаланушыға капитал (инвестициялар) салу, сондай-ақ жер құнарлылығын сақтау мақсатында 2003 жылғы 20 маусымда Қазақстан Республикасының Жер кодексі қабылданды. Оны iске асыру үшiн нормативтiк құқықтық актілер дайындалып және оны Қазақстан Республикасының Үкiметі бекітті. Мысалы, жер кадастрын, жер мониторингін жүргізу тәртібі туралы, жер учаскелерін сату бойынша сауда-саттықты өткізу тәртібі туралы, жерді пайдалану мен қорғауды бақылауды жүргізу туралы т.б.

Жер Кодексi жер қатынастарын реттеу саласындағы маңызды заңдық актіге айналды. Оның қабылдануымен жеке меншiк құқығы институтының бұрын соңды тек мемлекет меншiгiнде болған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге, сонымен қатар орман және су қорының жеке учаскелерiне ықпалы тарады.

Жер қатынастары саласындағы бірқатар мәселелердi заңнамалық және нормативтiк қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 10 шiлдедегi N 1149 Жарлығымен бекiтілген «Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын» iске асыру жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында көзделген.

Соңғы жылдары жерлердi ауыл шаруашылығы айналымына енгiзу және олардың сапалық жағдайын жақсарту жөнiнде бірқатар бағдарламалар әзiрлендi және енгізілуде.

Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес келесі санаттарға бөлінеді:

1. ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер;

2. елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің) жері;

3. өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер;

4. ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер;

5. орман қорының жері;

6. су қорының жері;

7. босалқы жер.

Мемлекеттік меншіктің жалпы объектісі болып жеке меншікке берілген жер учаскелерінен басқа, мемлекет аумағындағы барлық жер қоры табылады. Мемлекеттік жерге меншік құқығының дербес объектісі ретінде: мақсатты пайдаланылуына байланысты бөлінген жер қорының бөлігі – жер санаты болады; шаруашылық пайдалану белгісіне байланысты бөлінетін жер санатының құрамдас бөлігі – жер теліміне бөлінеді (егістіктер, шабындықтар, жайылымдар, орманды жерлер, су қорғайтын жерлер және т.б.).

2. Жерге меншік құқығының түсінігі және түрлері

Меншік құқығының түсінігі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамаларымен анықталып, құқық субъектісі ретінде өзіне тиісті мүлікті пайдалану, иелену және билік ету құқығы заң актілерімен қорғалынады[1].

Бұл үштікті жер қатынастарына сәйкес қарастырамыз.

Қазақстан Республикасының жаңадан қабылданған Жер кодексі бойынша:

1. Жерді иелену құқығы – жерді iс жүзінде иеленуді жүзеге асырудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Бұл дегеніміз, тиісті заң құжаттарымен жер учаскесін иеленуді заңда көрсетілген негізде белгілеп беру және тиісті аумақтық шекара арқылы немесе белгілерімен қоршау (қадау, шарбақпен, сыммен қоршау) т.б.

2. Жерді пайдалану құқығы – заңды рұксат етілген жағдайда жер учаскесінен пайда табу мүмкіндігі, шаруашылық құруды жүзеге асыру және пайдаланған жердің тиімділігін қарастыру. Яғни, жер учаскесін пайда көзіне айналдыруға заң жүзінде шектеу қою және жерді тиімді пайдалану талапкершілігін айқындау.

3. Жерге билік ету құқығы – мемлекеттің Қазақстан Республикасы аумағындағы жердің заңдық тағдырын айқындаудағы заңмен қамтамасыз етілген құқығы, сондай-ақ жердің жеке меншік иесінің өз жер учаскесіне қатысты Қазақстан республикасының заң актілерінде тыйым салынбаған мәмілелер жасауға құқығы[2].

Біздің елімізде жерге меншік құқығының субъектілері болып мемлекет, азаматтар (Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар) мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар саналады.

Жерге меншік құқығының объектілері жерге меншік құқығының түрлеріне байланысты анықталады. Меншікке берілген жер учаскелерінен басқа барлық жер мемлекет меншігі болып табылады.

Жер кодексінің 3-бабында атап көрсетілгендей, жеке меншіктегі жер учаскелерінен басқа барлық жер мемлекеттік меншік болып табылады.

Мемлекеттік билік органдарына, мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерге берілген, қорғаныс қажеттеріне пайдаланылатын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар алып жатқан, сауықтыру және тарихи-мәдени мақсаттағы, орман және су қорларының, елді мекендер жеріндегі ортақ пайдаланудағы, босалқы жер, оның ішінде арнайы жер қорының жер учаскелері, кенттер мен ауылдық елді мекендердің маңындағы жайылымдық және шабындық алқаптар, сондай-ақ жеке меншікке берілмеген шалғайдағы жайылымдар мен басқа да жерлер мемлекеттік меншікте болады (ҚР Жер кодексінің 26-бабы).

Мынадай жер учаскелері:

· қорғаныс және мемлекеттік қауіпсіздік; мемлекеттік меншіктегі қорғаныс өнеркәсібі қажеттеріне; Қазақстан Рсепубликасының Мемлекеттік шекарасын қорғау және күзету үшін тұрғызылған инженерлік-техникалық құрылыстар, коммуникациялар орналасқан; кеден қажеттеріне арналған жер учаскелері;

· ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;

· орман қорының жері;

· су қорының жері;

· магистральдық темір жол желілері мен ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдары;

· жеке меншік құқығындағы үйлер мен ғимараттардың және оларға қызмет көрсетуге қажетті жер учаскелерін қоспағанда, елді мекендердегі ортақ пайдаланудағы аумақтар орналасқан жер учаскелері жеке меншікте бола алмайды.

Азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың бөлек меншігіне:

· тұрғын халықтың қажетіне арнап пайдаланылатын және соған арналған жайылымдық және шабындық алқаптар;

· ортақ пайдаланудағы жолдар, оның ішіндегі шаруашылықаралық және мекенаралық маңызы бар, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы жер учаскелеріне өтеуге арналған жолдар;

· жер учаскелерінің екі немесе одан көп меншік иелері немесе жер пайдаланушылар бірлесіп пайдаланатын суландыру құрылыстары (суландыру каналдары, суағарлар, құдықтар, суат пункттері) орналасқан жер учаскелері берілмейді.

Жерге мемлекеттік меншік құқығының тікелей объектісі болып жер учаскесі танылады.

Мемлекеттік меншіктен айырмашылығы жерге жеке меншік құқығының объектісі болып тек қана жер учаскесі табылады.

Атқарушы органдар арқылы мемлекет меншігінен мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға, азаматтарға жер учаскелері пайдалануға беріледі, олар жер туралы заң шығарушылар түсінігімен жер пайдаланушылар болып табылады.

Мемлекеттік меншіктегі жерден жер учаскелері:

1) жеке меншікке сатылуы немесе өтеусіз берілуі;

2) тұрақты немесе уақытша жер пайдалауға берілуі;

3) Қазақстан Республикасының заң актілерінде немесе халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда өзге де құқықтық нысандарда іске асырылуы мүмкін.

Жер кодексінің 23-бабына сәйкес жеке меншікте болмайтын жер учаскелерін қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелері азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жеке меншікке берілуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының азаматтарының жеке меншігінде шаруа (фермер) қожалығын, өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу, орман өсіру, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысын жүргізу үшін, сондай-ақ үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді қоса алғанда, өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрған үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) мен олардың кешендерін салуға берілген немесе олар салынған берілген жер учаскелері болуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының мемлекттік емес заңды тұлғаларының жеке меншігінде тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу, орман өсіру үшін, үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді қоса алғанда, өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын үйлер (құрылыстар, ғимараттар) мен олардың кешендерін салу үшін берілген немесе олар салынған жер учаскелері болуы мүмкін.

Тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге және орман өсіруге арналған жерді қоспағанда, үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді қоса алғанда, өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын үйлер (құрылыстар, ғимараттар) мен олардың кешендерін салу үшін берілген немесе олар салынған жер учаскелері шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдік заңды тұлғалардаң жеке меншігінде болуы мүмкін.

Жер учаскелері Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншікке мынадай мөлшерде тегін беріледі:

1) ауылдық жерлерде өзіндік қосалқы шаруашылық (үй маңындағы және егістік телімдерді қоса алғанда) жүргізу үшін – суарылмайтын жерде 0,25 гектар және суармалы жерде 0,15 гектар;

2) жеке тұрғын үй құрылысы үшін – 0,10 гектар;

3) бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшін – 0,12 гектар.

Жер учаскелерін аталған мақсаттар үшін қайталап тегін беруге жол берілмейді.

Жеке меншікте болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшері жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге қарай облыстық өкілді және атқарушы органдардаң бірлескен шешімдерімен белгіленеді.

Жер учаскелерін мемлекеттік меншіктен жеке меншікке беру, өтеусіз негізде берілетін жағдайларды қоспағанда, өтеулі негізде, жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша ақысыз бірден төленіп не төлеу мерзімін ұзартып сату арқылы жүргізіледі. Оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» 13.11.2003 жылғы №1140 қаулысымен[3] реттеледі.

Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде, мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын, жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді[4].

Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншікке өзіндік үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бағбандық және саяжай құрылысы үшін тегін берудің белгіленген нормаларынан артық берілетін қосымша жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құны бағаланатын учаскелерге неғұрлым жақын орналасқан ауылдық елді мекендердің жер учаскелері үшін төлемақының ставкаларына негізделе отырып анықталады.

Жерге меншік құқығы пайдалану құқығы, сервитуттармен бірге заттық құқықтарға жатады. Сондықтан да жерге орналасқан объектілерді сату, сатып алу, кепілдікке беру, мұраға қалдыру, сыйға тарту сияқты мємілелер азаматтық құқық нормаларымен реттеледі. Оларды жерден бөліп алып қарауға болмайтындықтан жылжымайтын мүлік деп аталады. Бұлардыњ мүліктік қатынастардан ерекшелігі олардыњ жермен тығыз байланыстылығында. Нарық экономикасы жер учаскелеріне байланысты құқықтық қатынастардың реттелуін сөзсіз талап етеді. Сондықтан жерге меншік құқығының Жер кодексінде реттелуі республикамыз үшін әлеуметтік – экономикалық жағынан маңызы бар екендігі даусыз.

Жерге меншік құқығы белгілі бір заңды фактілердің негізінде туындайды, өзгереді және тоқтатылады.

Қазіргі Жер кодексі бойынша жерге меншік құқығы:

1. меншік құқығын табыстау;

2. меншік құқығын беру;

3. меншік құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен мұраға қалдыру, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы) ауысуы арқылы туындайды.

Жер учаскесіне меншік құқығы:

1) мемлекеттік органдар актілерінің;

2) азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздерде туындайды (ҚР Жер кодексінің 22 - бабы).

Жерге жеке меншік құқығын тоқтатудың реті Жер кодексінің 81-бабында бекітілгендей, жер учаскесіне жеке меншік құқығы немесе жер пайдалану құқығы:

1. меншік иесі - жер учаскесін иеліктен шығарып басқа тұлғаларға берген;

2. Меншік иесі меншік құқығынан бас тартқанда;

3. Жер учаскесіне меншік құқығынан заң актілерінде көзделген өзге реттерде айырылғанда тоқтатылады.

Меншік иесінен жер учаскесін алып қоюға (сатып алуға) жол беріледі:

1. Меншік иесінің міндеметтемелері бойынша жер учаскесінен өндіріп алу жүргізілгенде;

2. Жеке меншік иесінен жер учаскесі мемлекеттік қажеттіліктер үшін сатып алуды қоса алғанда, алып қойылған;

3. Мақсатына сай пайдаланылмаған немесе заңдарды бұза отырып пайдаланылып жүрген жер учаскесі меншік иесінен алып қойған;

4. Радиоактивті ластанған жер учаскелерін, құны тең жер учаскесі беріле отырып, меншік иесінен алып қойған;

5. Тәркіленген кездерден басқа жағдайларда жол берілмейді.

3. Жерді пайдалану құқығының түсінігі, түрлері

ҚР Жер кодексінде жеке меншік құқығынан басқа заттық құқыққа жерді пайдалану құқығы, сервитут және басқа да құқықтар жатады.

Жер пайдалану құқығын заттық құқық ретінде меншік иесінің жер пайдалану құқығы бойынша субъективтік құқығымен шатастыруға болмайды.

Жер пайдалану құқығы заңдық категория ретінде бірнеше мағынада қолданылады:

а) жерге меншік құқығы институтымен байланысты жер құқығы саласының институты;

ә) табиғатты пайдалану құқыққатынастар аясындағы бір бөлігі.

б) жер пайдаланушы немесе меншік иесінің бір құқығы;

в) белгілі бір құқықтық қатынастарды туындататын заңдық факт.

г) жер құқық қатынастарының дербес түрі[5].

Жер кодексі «жер пайдалану» түсінігінде келесі негізгі мазмұнды береді: «тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін өтеулі және өтеусіз негізде шектеусіз мерзімге немесе белгілі бір мерзімге иелену және пайдалану құқығы» (ҚР Жер кодексінің 12-бабының 30-тармағы).Осы анықтамадан көрінгендей, жер пайдалану құқығы өзінің барлық негізгі элементтерімен бірге заттық құқық ретінде танылады. Жер пайдаланушы және меншік иесінің заңды әрекеті болып табылатын жер пайдалану құқығы берілген анықтамада жерді пайдаланудан түпкілікті ажыратылады.

Жер учаскелерін пайдалану құқығы мемлекеттік және жеке меншіктегі жерлерде мүмкін болады. Жер пайдалану құқығы заттық құқық ретінде басқа заттық құқықтан, мысалы, жеке меншіктегі жер учаскесін пайдаланудан мүлдем басқаша.

Жер пайдалану құқығы - жерге қатысты мемлекеттік меншіктен туындайтын заттық құқық, яғни ол бөтеннің мүлкіне заттық құқықтың бір түрі. Себебі оның объектісі ретінде тек қана мемлекеттің меншігінде болатын жер учаскелері болады.

Егер де жер пайдалану құқығынан жалпыға танылған иелену, пайдалану және билік ету, яғни меншік құқығын құрайтын үштікке назар аударатын болсақ, онда одан жер пайдалану құқығы мен жерге меншік құқығының арасындағы ұқсастықтарды көре аламыз. Бұл жерде айырмашылық билік ету объектісінде: меншік құқығында ол – жер учаскелері болса, ал жер пайдалану құқығында – жер учаскелеріне қатысты пайдалану құқығы болады. Иеліктен шығарылатын жерді пайдалану құқығы бойынша жер пайдалану құқығына билік етуге заңмен рұқсат етілген (Жер кодексінің 33-бабының 1-бөлімі). Бұл жерде айырмашылық – билік ету объектісіне қарай байқалады: жерге меншік құқығында билік ету объектісі – жер учаскесі болса, жер пайдалану құқығында – жер учаскесін пайдалану құқығының өзі болады. сондықтанда жерге жеке меншік құқығы сияқты, жерді пайдалану құқығы да азаматтық айналымға енгізілген.

Жер кодексінде «жер пайдалану» термині тар мағынада қолданылады: тек қана мемлекеттің меншігіндегі жерге қатысты. Осыдан келіп жер пайдалану құқығы заттық құқық ретінде мемлекеттік жерге қатысты бірнеше түрлерге ие.

Егер кең түрде қарастыратын болсақ, жер пайдалану құқығы тағы да келесілерді қосады: а) жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша пайдалану құқығы; б) сервитут; в) жерге қатысты жеке меншік құқығының шегінен тыс жүзеге асырылатын жер пайдаланудың басқа да формалары.

Жер пайдалалану құқығы, Жер кодексінде көрсетілгендей, жер пайдалану құқықтық қатынас субъектілерінің құқықтарын білдіретін үш элементтен тұрады:

а) Иелену – жерді іс жүзінде иеленуді жүзеге асырудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Жерді иелену құқығына шектеулер мен мән-жайлар байоаныстыралады. Көптеген шектеулердің болуы жердің функционалдық, экологиялық сипатымен, кеңістіктегі шектелуімен, қозғалмайтындығымен, өзге материалдық объектілермен ауыстырылмайтындығымен және т.б. түсіндіріледі. Атап айтқанда, иелену құқығы негізделеді: жер учаскесіне иеліктің нақты шекарасын анықтау; жерге иелену құқығының тағдырының жер санатының мақсатына қарай, сонымен қатар жерде орналасқан жылжымайтын объектілердің – ғимарат, тұрғын жайдың заңды тағдырының өзгеруіне тәуелді болуы.

ә) Пайдалану –жерді шаруашылық және өзге де мақсатта пайдалану мүмкіндігі және одан белгілі бір мүліктік және басқа да пайда алу.

Сәйкесінше бұл элементке белгілі бір қойылған талаптар немесе шектеулер бар:

- жер пайдалану мақсатына сай келмейтін әрекеттер түріне тыйым салу;

- жерге шаруашылық жүргізуде қойылған талаптарды сақтау;

- жердің қорғау талаптарының орындалуын сақтау.

б) Билік ету – жер учаскесіне құқығы бар субъектінің заңмен берілген билік ету мүмкіндігі.

Бұл жерде талаптар мен шектеулер келесі тәртіпте берілген:

- жер учаскесіне меншік түрлерінің өзгеруіне жол бермеу;

- жер учаскісіне билік етуде оның мақсатсыз пайдаланылуына жол бермеу;

- жер пайдалану құқығын тиісінше иеліктен шығармай жер учаскесін иеліктен шығаруға жол бермеу.

Жер пайдалану құқығы жер пайдалану түрлерін және әртүрлі формаларынан тұратын күрделі құқық институты, яғни ол азаматтардың және заңды тұлғалардың жерге құқығын қамтамасыз ету және жүзеге асыруға мүмкіндік беру формасы, жерге мемлекеттік меншік құқығын жүзеге асыру құралы ретінде қатысады. Сонымен бірге аталмыш заттық құқықтың көмегімен жеке меншікке берілуге жатпайтын мемлекет меншігіндегі жер азаматтық айналымға қосылады.

Жер пайдалану құқығының субъектілері келесідей бөлінеді:

- мемлекеттік және мемлекеттік емес;

- ұлттық және шетелдік;

- азаматтар және заңды тұлға;

- тұрақты және уақытша;

- бастапқы және кейінгі;

Ұлттық жер пайдаланушылар – ҚР азаматтары және қазақстандық заңды тұлғалар, сонымен қоса шетелдік қатысушы бар кәсіпорындар.

Шетелдік жер пайдаланушылар – шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар, шетелдік заңды тұлғалар, шет мемлекеттері, халықаралық ұйымдар.

Тұрақты жер пайдаланушылар – мерзімсіз жер пайдалану құқығы бар тұлға. Уақытша жер пайданушылар – белгілі бір мерзімге жер пайдалану құқығы бар тұлға.

Алғашқы жер пайдаланушылар – Жер кодексінің 32-бабында көрсетілген тәртіп бойынша мемлекеттен немесе басқа да алғашқы жер пайдаланушыдан жер пайдалану құқығын алған тұлға.

Кейінгі жер пайдаланушылар – өзінің бастапқы жер пайдаланушы мәртебесін сақтап қалатын жер пайдаланушыдан кейінгі жер пайдалану туралы шарт негізінде уақытша жер пайдалану құқығын алған тұлғалар.

Жер пайдалану құқығының объектісі. Жер пайдалану құқығының объектісі болып заңда көрсетілген тәртіпте жеке жер пайдаланушыларға берілетін жер учаскелері табылады. Жер учаскелері негізгі заңдық белгілермен ерекшеленеді: мөлшері, орналасқан орны, санаттары бойынша, топырақтың құнарлылығымен. Жер учаскелерінің құқықтың режимі жер пайдалану құқығының объектісі ретінде пайдалану мақсатына қарай, шаруашылқ пайдаланыуы бойынша, жер пайдалану құқығының түрлері бойынша бөлінеді.

Жер пайдалану құқығының түрлері. ҚР Жер кодексі жер пайдалану құқығының келесі түрлерін бекітеді: мерзіміне байланысты – тұрақты немесе уақытша; иелену жағдайына байланысты – өтеулі немесе өтеусіз; жер пайдалану құқығын иелену сипатына байланысты: бастапқы және кейінгі; азаматтық айналымға қосылуына қарай – иеліктен шығарылатын немесе шығарылмайтын.

Сол сияқты жер пайдалану құқығын субъектісіне байланысты бөледі: мемлекеттік және мемлекеттік емес; жеке және заңды тұлғалар; шетелдік, ұлттық және сонымен қоса азаматтығы жоқ тұлғалар (ҚР Жер кодексінің 12-бабы).

Субъектілеріне, алу жағдайына, мерзіміне, объектісіне және әрекет ету саласына байланысты жер пайдалану құқығы құқық иелену иесінің құқығының көлеміне елеулі әсер етіп, жер пайдаланудың құқықтық тәртібіне тиісінше айырмашылық енгізеді.

Тұрақты жер пайдалану құқығы. Тұрақты жер пайдалану құқығы бойынша жер учаскелері келесі мемлекеттік жер пайдаланушыларға:

а) кондоминиум объектілеріндегі үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды), үй-жайларды шаруашылық жүргізу құқығымен немесе оралымды басқару құқығымен иеленетін заңды тұлғаларға;

ә) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерінде жер пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

б) ауылшаруашылық өндірісі және орманшаруашылығы өндірісін жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

в) ҚР заң актілерімен көрсетілген басқа да жағдайларда беріледі.

Тұрақты жер пайдалану субъектілері ретінде тек қана ұлттық жер пайдаланушылар қатысады. Оларға шетел азаматтары және заңды тұлғалар, сонымен қоса азаматтығы жоқ тұлғалар жатпайды.

Тұрақты жер пайдалану әрқашанда бастапқы жер пайдалану тәртібінде жүзеге асрылады.

Уақытша жер пайдалану құқығы. Уақытша жер пайдалану құқығы заңмен немесе заңды негізде жасалған келісім шарттағы көрсетілген белгілі бір мерзімге шектелген. Уақытша жер пайдалану құқығы қысқа мерзімді (5 жылға дейін), ұзақ мерзімді (5 жылдан 49 жылға дейін), бастапқы және кейінгі болуы мүмкін.

Уақытша жер пайдалану құқығы, егер құқық иеленуші құқықты жекелеген тәртіпте мемлекеттен немесе алғашқы жер пайдаланушыдан иеліктен шығару жолымен алса, бастапқы болады. Кейінгі уақытша жер пайдалану құқығы бастапқы жер пайдаланушының мәртебесі сақтала отырып, келісім-шарт жасасу негізінде пайда болады[6].

Тұрақты жер пайдалану құқығына қарғанда, заң мемлекетпен жерді уақытша жер пайдаланушылардың құқығына беру туралы қандайда бір ерекше жағдайларды көрсетпейді. Соған қарамастан заңға талдау жүргізу уақытша жер пайдалану құқығының пайда болуы үшін міндетті жағдайларды бөліп көрсетеді, егер:

а) жер пайдалану құқығы кейінгі жер пайдалану тәртібінде пайда болғанда;

б) кейінгі жер пайдалану құқығының субъектісі ретінде шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар немесе заңды тұлғалар болса;

в) жер учаскелері алғашқы немесе кейінгі жер пайдалану тәртібінде жалдау шартымен берілсе.

Уақытша жер пайдалану құқығының құқықтық тәртібі факторлардың: жер учаскесінің мақсатына және санатына; құқықты иеленушінің мәртебесіне; жер пайдалану құқығының тиесілігіне; уақытша жер пайдалану құқығын беру мерзімі мен жағдайларына байланысты болады.

Уақытша жер пайдаланудың қысқа мерзімдік түрі, ережеге сәйкес, өндіріс және магистралдық құбыр, жол, байланыс сымдарын және басқа да құрылыс объектілерін жөндеу кезеңінде берілуі тиіс. Уақытша жер пайдаланудың қысқа мерзімдік түрі басқа жағдайларда да туындауы мүмкін. Уақытша жер пайдаланудың қысқа мерзімдік түрі кейінгі жер пайдалану тәртібінде келісім – шарт негізінде пайда болады.

Уақытша жер пайдалану құқығы: уақытша өтеусіз жер пайдалану және уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) болып бөлінеді.

Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығы ҚР азаматы және заңды тұлғаларына: шалғайдағы мал шаруашылығы үшін; тұрғын халықтың мал жаюы мен шөп шабуы үшін; мемлекеттік жер пайдаланушыларға; бақша өсіру үшін; қызметтік жер телемі түрінде; ортақ пайдаланылатын жолдарды салу, мемлекеттік меншіктегі объектілер құрылысы кезінде; тозған және бүлінген жерлерді қалпына келтіру кезінде; ҚР заңдарында белгіленген тәртіппен үйлерді және ғимараттарды уақытша өтеусіз жер пайдалануға берген кезде; ғибадат объектілері үшін беріледі.

Берілу мерзімі жер учаскелерін қызметтік жер телімі түрінде және туған әрі бүлінген жерді қалпына келтіру үшін берілетін жағдайды қоспағанда, 5 жылдан аспауға тиіс.

Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығындағы жер учаскелерін иеліктен шығаруға, соның ішінде оларды кейінгі жер пайдалануға беруге жол берілмейді (36-бап).

Жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы азаматтарға, мемлекеттік емес заңды тұлғаларға, сондай-ақ халықаралық ұйымдарға табысталуы мүмкін (37-бап).

Ұзақ мерзімдегі уақытша жер пайдалану құқығы бастапқы және кейінгі болып бөлінеді. Ол жер қорының барлық санаттарының есебінен әртүрлі мақсаттарға беріледі.

Уақытша жер пайдаланудың құқықтық тәртібін шектеу үшін заң жер пайдаланушыларды бастапқы және кейінгі деп бөлген. Мемлекеттен уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығын сатып алған мемлекеттік емес жер пайдаланушылар өздеріне тиесілі жер учаскелерін (немесе олардың бір бөлігін) жалға (қосалқы жалға) немесе уақытша өтеусіз пайдалануға беруге құқылы немесе жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органға хабарлай отырып, жер учаскесі меншік иесінің келісімінсіз, жер учаскесін жалға беру шартының мерзімі шегінде өздеріне тиесілі уақытша жер пайдалану құқығын иеліктен шығаруға құқылы (Жер кодексінің 37-бабының 3-бөлімі).

Бастапқы жер пайдаланушыны өзінің жер пайдалану құқығын иеліктен шығармай, ал өзіне тиесілі учаскені (немесе бір бөлігін) жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органға хабарлай отырып, басқа тұлғаға уақытша жер пайдалануға беретін жағдайларда, кейінгі жер пайдалану туралы шарттың негізінде кейінгі жер пайдалану туындайды.

Кейінгі жер пайдаланушы өз құқықтарын басқа жер пайдаланушыға беруге құқығы болмайды.

Егер бастапқы уақытша жер пайдаланушы жер учаскесін кейінгі жер пайдалануға келісім шарт негізінде берсе, кейінгі пайдалану мерзімі бастапқы пайдаланудың мерзімінен аспауы тиіс және жер учаскесін мақсатсыз пайдалануға жол бермеу керек.

Жер учаскесін жалдау нысанында ұзақ мерзімді уақытша жер пайдалану құқығын жалдау шартының қолданылу мерзіміне кепілге салуға жол беріледі. Қысқа мерзімді өтеулі уақытша және өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығын кепілге салуға жол берілмейді (Жер кодексінің 77-бабының 3-тармағы).

Жер учаскесін кейінгі жер пайдалануға берген кезде бастапқы және кейінгі жер пайдаланушылар жер пайдаланушының мемлекет алдындағы міндеттерін толық көлемде атқарады (оның ішінде салық төлеу туралы, жерді мақсатты пайдалану және қорғау).

Кейінгі жер пайдалану туралы шарт жалдау шарты немесе уақытша өтеусіз пайдалану туралы шарт нысанында жасалады.

Тұрақты жер пайдалану құқығы мен уақытша жер пайдалану құқығының арасындағы айырмашылықтарға қарамастан, олардың мазмұнында бірнеше ұқсастықтар бар. Көп ұқсастықтар жер пайдаланудағы жер пайдаланушының құқықтары мен міндеттерінде болады.

Қызметтік жер телемін пайдалану құқығы. Жер кодексінде ұзақ мерзімді уақытша жер пайдаланудың ерекше бір түрі ретінде қызметтік жер телімін көрсеткен. Қызметтік жер телімі кейінгі ұзақ мерзімді уақытша өтеусіз жер пайдалануға жатады және жұмыс істейтін кезеңге беріледі, сондай-ақ осы телімге құқығы бар адамдар жұмыс істейтін мемлекеттік заңды тұлғаның жер пайдалануындағы жерден бөлінеді.

Қызметтік жер телімі қызметтік тұрғын үйді күтіп-ұстау, ауылшаруашылығы дақылдарын өсіру, шөп шабу және мал жаю үшін беріледі.

Қызметтік жер теліміне құқығы бар қызметкерлер санатының тізбесі 8.09.2003 жылғы №908 Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қызметтік жер теліміне құқығы бар қызметкерлердің санаттарының тізімін бекіту туралы» қаулысымен белгіленген[7].

Қызметтік жер телімі тәртібінде жер учаскесін беру қызметкер мен заңды тұлға әкімшілігінің арасында жасалатын қызметтік жер телімін беру туралы шарт негізінде жүзеге асады.

Қызметтік жер телімінің құқықтық тәртібі келесідей ерекшеленеді:

а) қызметтік жер телімін пайдалану құқығына қатысты қандай да болсын мәміле жасауға жол берілмейді;

б) қызметтік жер телімі кейінгі уақытша өтеусіз жер пайдалануға жатады және жұмысқа байланысты бөлінген кезеңге беріледі. Еңбектік қатынастардың тоқтатылуы қызметтік жер теліміне құқықтың тоқтатылуына негіз болады.

в) қызметтік жер телімін сақтау көрсетіледі:

1) жасы немесе мүгедектігі бойынша зейнеткерге шыққан соң еңбек қатынасын тоқтатқан қызметкерлерде;

2) Қарулы күштер қатарына міндетті мерзімді қызметке шақырылған немесе оқуға түскен қызметкерлердің отбасында бұл қызметкерлердің міндетті қызметте немесе оқу орнында болған бүкіл мерзіміне;

3) қызметтік міндетін орындауға байланысты қаза тапқан қызметтің отбасында: жұмысқа жарамсыз жұбайы мен қарт ата-аналары үшін - өмір бойы, балалары үшін – кәмелетке толғанға дейін сақталады.

г) тұрғын үй заңдарына сәйкес қызметтік тұрғын үй-жайда тұру құқығы сақталуына қарай, қызметтік тұрғын үйді күтіп ұстауға арналған учаске түріндегі қызметтік жер теліміне құқық та сақталады.

д) егер қызметтік жер телемінде ауылшаруашылық дақылдарыегілген жағдайда, жұмыстан босатылған қызметкердің қызметтік жер телімін пайдалану құқығы өнім жинап алынғаннан кейін тоқтатылады.

Меншік иесі және жер пайдалану негізгі құқықтары мен міндеттері Жер Кодексінде бектітілген (64,65-баптар).

Жер пайдаланушылар құқылы:

1) жер учаскесін оның нысанынан туындайтын мақсатта пайдалана отырып,жерде лербес шаруашылық жүргізу;

2) ауыл шаруашылығы және өзге де дақылдар мен екпелер себу мен отырғызуға, өндірілген өнімге және түскен табысқа меншік құқығы,

3) өз шаруащылығының қажеттері үшін жер учасуксінде бар құмды, сазды, қиыршықұ тасты және басқа да ке таралған пайдалы қазбаларды, шымтезекті, екпелерді, жер үсті жәнее жер асты суларын, кейінне мәміле жасасу ниетін көздемесе, белгіленген тәртіппен пайдалану;

4) жер учаскесі мемлекеттік қажеттіліктер үшін алып қойылғанда келтірілген шығынды толық көлемде өтетіп алу;

5) жерді аймақтарға бөлуді ескере отырып, меншік, шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқығымен жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкестікте тұрғын үйлер, өндірістік, тұрмыстық және өзге де үйлер салу;

6) белгіленген құрылыс, экологиялық, санитарлық-гигиеналық және өзге де арнаулы талаптарға сай суландыру, құрғату және өзге де мелиорациялық жұмыстар жүргізу, тоғандар мен өзге де су айдындарын жасау құқығы бар.

Жер пайдаланушылар міндетті:

1) жерді оның нысаналы мақсатын сәйкес пайдалану;

2) санитарлық және экологиялық талаптарға сәйкес өндіріс технологияларын өолдануға, өздері жүзеге асыратын шаруашылық және өзге де қызмет нәтижесінде халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтіруге, санитарлық-эпидемиологиялық, радиациялық және экологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеуге;

3) жерді қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізуге;

4) жер салығын, жер учаскғелерін пайдалану төлемақысын және қР заңдары мен шартта көзделген басқа да төлемдерді уақтылы төлеуге;

5) жаруарлар дүниесін, орман, су, басқа да табиғи ресурстарды пайдалану тәртібін сақтауға, жер учаскесінде орналасқан, қр заңдарына сәйкес мемлекет қорғауындағы тарих, сәулет ескерткіштерін, археологиялық мұра мен басқа да объектілерді қорғауды қамтамасыз ету;

6) жер учаскесінде шаруашылық және өзөге де қызметті жүзеге асыру кезінде құрылыс, экологиялық, санитарлық-гигиеналық және өзге де арнаулы талаптарды сақтауға;

7) мемлекеттік органдарға жердің жай-күйі мен пайдаланылуы туралы мәліметтерді уақтылы табыс етіп тұруға;

8) басқа меншік иелері мен пайдаланушылардың құқықтарын бұзбауға;

9) топырақтың ласнауына, тозуына, құнарлылығының нашарлауына, сондай-ақ топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алу құнарлы қабаттың біржола жоғалуын болғызбау үшін қажет болған жағдайларды қоспағанда, басқа тұлғаларға сату немесе беру мақсатымен оны сыдырып алуға жол бермеуге;

10) зеңда көзделген тәртіппен сервитуттар беруді қамтамасыз етуге.

4. Жерді қорғаудың мақсаттары мен міндеттері

ҚР-ның Жер кодексінің 139-бабы бойынша, Жердi қорғаудың мақсаттары мен мiндеттерi:

Жердi қоғау қоршаған ортаның бiр бөлiгi ретiнде жердi қоғауға, жердi ұтымды пайдалануға, жердi ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы айналымынан негiзсiз алып қоюды болдырмауға, сондай-ақ топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру мен арттыруға бағытталған құқықтық, ұйымдық, экономикалық, технологиялық және басқа да iс-шаралар жүйесін қамтиды.

Жердi қоғау мақсаттары:

1) өндірістің экологиялық қауiпсiз технологияларын ынталандыру және орман мелиорациялық, мелиорациялық және басқа да iс-шараларды жүргiзу арқылы жердiң тозуы мен бүлiнуiн, шаруашылық қызметтiң басқа да қолайсыз зардаптарын болдырмау;

2) тозған немесе бүлiнген жердi жақсарту мен қалпына келтiрудi қамтамасыз ету;

3) жердi оңтайлы пайдаланудың экологиялық нормативтерiн тәжiрибеге енгiзу болып табылады.

Жердi қорғау. Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар:
1) жердi құнарсызданудан және шөлейттенуден, су және жел эрозиясынан, селден, су басудан, батпақтанудан, қайталап сортаңданудан, құрғап кетуден, тапталудан, өндiрiс пен тұтыну қалдықтарымен, химиялық, биологиялық, радиоактивтi және басқа да зиянды заттармен ластанудан, басқа да бүлiну процестерiнен қоғауға;

2) ауыл шаруашылығы жерiн карантиндiк зиянкестер мен өсiмдiк ауруларын жұқтырудан, арамшөп, бұта мен шiлiк басып кетуден, жердiң жай-күйi нашарлауының өзге де түрлерiнен қоғауға;

3) бүлiнген жердi жаңғыртуға, оның құнарлылығын және жердiң басқа да пайдалы қасиеттерiн қалпына келтiру мен оны шаруашылық айналымына уақтылы тартуға;

4) жердiң бүлiнуiмен байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алуға, сақтауға және пайдалануға бағытталған iс-шаралар жүргiзуге мiндеттi.

Жердiң тозуын болдырмау, топырақтың құнарлылығын және ластанған аумақтарды қалпына келтiру мақсатында, сондай-ақ ауыл шаруашылығының тозған алқаптарының, химиялық, биологиялық, радиоактивтi және басқа да зиянды заттардың жол берiлетiн шектегi қоспаларының және жол берiлетiн шектегi өсер деңгейiнiң белгiленген нормативтерiнен артық ластанған, өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен, ақаба сулармен ластанған жердiң, сондай-ақ карантиндiк зиянкестер мен өсiмдiк аурулары жұққан жердiң топырақ құнарлылығын қалпына келтiру мүмкiн болмаған жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен жердi сақтап қою көзделедi.

Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жердi ұтымды пайдалану мен қоғауға мүдделiлiгiн арттыру мақсатында бюджет заңдарында және салық туралы заңдарда белгiленген тәртiппен жердi қоғау мен пайдалануға экономикалық ынталандыру жүзеге асырылуы мүмкiн.

Жер мониторингiнiң мазмұны - жер қорының жай-күйін жүйелі түрде бақылау (суретке түсiру, iздестiру, зерттеу), онда болып жатқан өзгерiстердi анықтау және оларға баға беру[8].

Жер мониторингi:

- жүйелі байқауларды, iздестiрулердi, суретке түсiрулердi, тексерулердi (қайта тексерулердi және түзетулердi) орындау;

- жердiң жай-күйін талдау мен бағалауды жүргiзу;

- жердiң ұүнарлылығына антропогендi әсер етудi реттеу жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;

- белгiлi бiр уақыт кезеңiнде жердiң сапалық жай-күйін болжауды әзiрлеу;

- жер туралы деректер банкiн ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды қамтиды.

Жердiң жай-күйін бағалау жүргiзілетiн байқауларды (кезеңдiк, маусымдық, тәулiктiк) талдау, алынған өЈрсеткiштердi нормативтермен салыстырғандағы өзгерiстердiң бағыттылығы мен қарқындылығын зерделеу арқылы орындалады.

Жердiң жай-күйін бағалаудың нәтижелерi бойынша оларға өзгерiстердiң дамуының, ерекше жағдайда жағымсыз сипаты бар серпiнiн, бғытталуын және қарқындылығын сипаттайтын тақырыптық карталар, диаграммалар және кестелер қоса берiле отырып, жедел мәлiметтер, баяндамалар, ұсынымдар және ғылыми болжамдар жасалады.

Жер мониторингiн ұйымдастыруды жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

Жер мониторингiн Қазаєстан Республикасының бүкіл аумағында мамандандырылған мемлекеттiк кәсiпорындар бiрыңғай жүйе бойынша жүргiзедi, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган оларға қатысты мемлекеттiк басқару органы болып табылады.

Жер мониторингiн жүргізу республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастры мемлекеттiк органдарды, жеке және заңды тұлғаларды жер және жекелеген жер учаскелерi туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiледi[9].

Кадастр аэрофототопографиялық, фотограмметриялық, кадастрлық суретке түсiрудi, жобалау-iздестiру, картографиялық және бағалау жұмыстарын, топырақты зерттеу, геоботаникалық және басқа да зерттеулер мен iздестiрулердi, жер мониторингiн, жердi сандық және сапалық есепке алуды және мемлекеттiк жер кадастрын жүргізуге байланысты басқа да жұмыстарды жасау арқылы жүргiзiледi.

Қалыптастырылған жер-кадастрлық iс жер учаскесiн жер-кадастрлық кiтабына жазу үшiн негiз болады.

Жер-кадастрлық кiтабы жер учаскелерi есепке алынатын, жердiң кеңiстiк, табиғи және шаруашылық жағдайы туралы анық мәлiметтер қамтылатын құжат болып табылады.

Жер учаскесiн жер-кадастрлық кiтапқа жазу кезiнде оған жеке, Қазақстан Республикасының аумағында қайталанбайтын, учаске бiр тұтастық ретiнде бар кезде сақталатын кадастрлық нөмiр беріледi. Бұл учаскеге жүргiзілген жер-кадастрлық iс те осы нөмiрмен сәйкестендiріледі.

Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау.

Мемлекеттік бақылау жер қатынастарын мемлекеттік қадағалау қызметтері жүйесінде негізі орын алады. Мемлекеттің қорғау қызметі бола отырып, мемлекеттік бақылау, жерді қорғау және пайдалануда және жер құқықтық нормаларын, жердегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін кепіл бола алады. Мемлекеттік бақылау жүйесі болмайынша жер құқық бұзушылығына жол бермеу немесе оларды ашу мүмкін емес, сонымен қоса мән-жай себептерін ашу, ерекше жағдайларда кінәлі субьектілерді заңды жауапкершілікке тартуға мүмкін болмас еді.

Мемлекеттік бақылаудың міндеттері мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғаларына және лауазымды адамның ҚР жер заңдылықтарының бұзылуын анықтауды және жоюды, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруді, жер учаскелерін пайдалану ережелерін сақтайтын, жер кадастры мен жерге орналастыру, ұтымды пайдалану, қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуден тұрады.(Жер кодексінің 144-бабы)

Мемлекеттік бақылау Конституцияға және ҚР заң актілеріне сәйкес жер заңдылықтарының орындалуын, мемлекеттік органдарға сәйкес жерді қорғау және тиімді пайдалану бойынша шараларды қолдану жер қатынас субьектілері болып табылатын азаматтар, заңды тұлғалар, лауазымды адамдардың қамтамасыз ету мақсаты бойынша жүзеге асырылады.

Жерді қорғау және пайдалану бойынша мемлекеттік бақылау:

- мемлекеттегі барлық жер аумақтарын қамтитын жалпы сипатта болады; Оның негізгі объектісі ретінде субьектілердің құқықтық нысандарына тәуелсіз барлық жер пайдалану нысандары мен түрлері, барлық жер санаттары кіреді.

- тұрақты, яғни жер қатынастары аясында белгілі бір заңдылықтармен байланысты емес және уақытқа шектелмейді.

Мемлекеттік бақылау императивтік әдіспен жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылау жер қатынастарын толықтай қамту әрекетімен және сонымен бірге басқа да жер қоры қызметтерін жүзеге асыру жағдайларының алғышарттары. Бұл мағынада мемлекеттік бақылау қозғалыс құралы ретінде басқа да басқару қызметін толықтырады. Мемлекеттік бақылау ертеде пайда болған, құрылымдық бекітілген және нормативтік жер қатынастарын қадағалауда жеткілікті қызмет атқарған институттың бірі.

Қазіргі уақытта біздің мемлекетте жер қатынастар аясын бақылайтын қызметті жүзеге асыру тәртібі мен негізгі бағытын, міндеттерін, мақсатын арнайы реттейтін 29.09.2003ж №990 «Жерді қорғау және пайдалануда мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекіту туралы» ҚР Үкімет қаулысы бар[10].

Жерді пайдалану және қорғау бойынша мемлекеттік бақылауды жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық өкілетті орган және оның аумақтық органдары, сондай-ақ өз құзіреті шегінде өзге де өкілетті органдар жүзеге асырады.

Жалпы жоғарғы құзіретті органдар қатарына: ҚР-ның Президенті, Парламенті және Үкіметі кіреді. Олар жер қатынастарын нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету бойынша: жер саясатының қағидалары мен басымдықтарын анықтау, жерді пайдалану тәртібін анықтау, жер ресурстарын қорғау, жер заңдарының орындалуына бақылау бойынша жалпы мемлекеттік қызметтерді атқарады.

Жалпы құзыретті органдарға жергілікті өкілетті және атқарушы органдар, облыстық, қалалық және аудандық маслихат, облыс, қала, аудан және ауыл әкімшіліктері кіреді.

Жерді пайдалану және қорғауды бақылаушы арнайы құзыретті органдарға: бақылау, қадағалуды жүзеге асыратын арнайы құзіретті органдар; жер ресурстарын басқару жөніндегі ҚР Агенттігі және оның территориялық органдары; жергілікті атқарушы органдармен құрылған жер инспекцияларының жүйесі; ҚР қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар жөніндегі министрлігі.

Жер ресурстарын бақылау бойынша ҚР агенттігі ҚР-ның орталық атқарушы органы болып табылады, яғни Үкімет құрамына кірмейді, ол заңда көзделген тәртіпте арнайы атқарушы, рұқсат беруші және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру, сонымен қоса жер ресурстарын басқару бойынша мемлекет аясында салааралық үйлестіруді, топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүзеге асырады[11].

Өз құзіретінде жерді қорғау және пайдалануда мемлекеттік басқару және қадағалауды жүзеге асыруда басқа да арнайы органдарға: қоршаған ортаны қорғау аясындағы уәкілетті орган; мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметті жүзеге асыратын орган; құрылыстық және архитектуралық орган; ауылшаруашылық, орман, орман, аңшылық және балық шаруашылығы, ерекше қоғалатын табиғи аумақтар, су ресурстарын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар.

Жерді тиімді пайдалану және қорғауда, арнайы құзіретті орган өзара уәкілетті және атқарушы органның құзіреттері бірдей.

ҚР жерді қорғау және пайдалану бойынша бас мемлекеттік инспектор болып жер ресурстарын басқару жөніндегі ҚР агенттік Төрағасы - ҚР жерді қорғау және пайдалану бойынша бас мемлекеттік инспектор болып табылады және оның орынбасарлары - ҚР жерді қорғау және пайдалану бойынша бас мемлекеттік инспектордың орынбасарлары болып табылады.

Облыстық, Алматы қаласы, аудандық, қалалық жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақытқ органдардың төрағалары – Жер ресурстарын басқару бойынша облыстық, қалалық және аудандық жерді қорғау және пайдалану бойынша басты мемлекеттік инспекторлар деп аталады.

ҚР жерді қорғау және пайдалану бойынша мемлекеттік бас инспекторлар және оның орынб


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: