талаптар

1. Мемлекеттік табиғи қорық қорының түсінігі.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру.

Ерекше қорғалатын табиғат аумақтары және олардағы қоршаған орта объектілері – ерекше экологиялық, ғылыми, және мәдени құнды, Қазақстан Республикасының ұлттық қазынасы.

Ерекше қорғалатын табиғат аумақтары – қоршаған ортаның объектісі, табиғат кешені болып табылады.

Күн өткен сайын табиғат ресурстарын өнеркәсіпте пайдалану деңгейі өсе бастаған сайын, қоршаған ортаны қоғамның түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайдаланудың күшейе түсуі және адамның өмір сүруіне қолайлы жағдайлар туғызу - табиғаттың жекелеген учаскелерін сол қалпында сақтау қажеттілігін туғызып отыр. Бұлар – экологиялық, қорғаныш, сауықтыру, мәдени ағарту қызметтерін атқарушы ерекше қорғалатын аумақтар болып табылады және де олар шаруашылық жүргізу мақсатында пайдаланудан алынып тасталады.

Қазіргі уақытта, табиғатты қорғауға байланысты үлкен қадам 7 шілде 2006 жылы «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» заңының қабылдануы болды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік табиғи-қорықтық қоры – табиғи эталондар, уникумдар мен реликтер, генетикалық резерв, ғылыми зерттеулер, оқу-ағарту, бiлiм беру, туризм және рекреация нысанасы ретiнде ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттiк қорғауға алынған қоршаған ортаны қорғау объектiлерiнiң жиынтығы.

Мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi - ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық маңызы бар геологиялық, гидрогеологиялық, гидрологиялық, зоологиялық, ботаникалық және ландшафтық объектiлер мен олардың кешендерi, жануарлар мен өсiмдiктердiң жекелеген түрлерi (таралымдары) (соның iшiнде Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi бар түрлерi):

- зоологиялық – жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлері, өсімдіктердің құнды түрлері, өсімдіктердің типтік, бірегей және сирек кездесетін тобы;

- ботаникалық - өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлері, өсімдіктердің құнды түрлері, өсімдіктердің типтік, бірегей және сирек кездесетін тобы;

- орманды – ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы ормандар, орман-дақылдық өндірісі мен егістікті қорғайтын орман өсірудің бірегей түрлері;

- дендрологиялық – жекелеген ағаштар немесе олардың топтары, бау – парк дақылдарының бірегей үлгілері;

- халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар объектілері – теңіз айдындарын қоса алғанда, әсіресе су құстары мекендейтін жер ретінде пайдаланылатын табиғи және жасанды су қоймалары;

- геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық – жер қойнауының экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды учаскелері;

- топырақтық – әртүрлі топырақ аймақтарындағы типтік, бірегей және сирек кездесетін топырақтар;

- ландшафтық – типтік, бірегей және сирек кездесетін ландшафтар, ерекше рекреациялық маңызы бар ландшафтар;

- ерекше ғылыми құндылыққа немесе ерекше мемлекеттік мағынаға ие су қоймалары.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру немесе кеңейту туралы шешiм экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелердiң негiзiнде қабылданады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақты құрудың немесе кеңейтудiң жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелерiнiң жобаларын әзiрлеудi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен мамандандырылған ғылыми (ғылыми-зерттеу) және жобалау (жобалау-iздестiру) ұйымдары екi кезеңде жүргiзедi.

Бiрiншi кезеңде ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру немесе кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми негiздемесi (бұдан әрi - жаратылыстану-ғылыми негiздеме) әзiрленедi, онда:

1) зерттелiп отырған аумақтың табиғи кешендерiнiң және онда орналасқан мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң бiрегейлiгi, маңыздылығы және репрезентативтiлiгi;

2) зерттелiп отырған аумақтағы әлеуметтiк-экономикалық жағдайлардың жай-күйiн бағалау;

3) зерттелiп отырған аумақтың мемлекеттiк табиғи-қорық қорының экологиялық жүйелерi мен объектiлерiнiң жай-күйi, оларды сақтау жөнiндегi тәуекелдер, қауiптер және оларды күзету, қорғау, қалпына келтiру және пайдалану жөнiндегi шаралар;

4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың ұсынылатын санаты мен түрі;

5) ұсынылатын шекарасы, ауданы, сондай-ақ функционалдық аймақтары және олардың қорғалу режимiнiң түрлерi және пайдалану айқындалады.

Екiншi кезеңде уәкiлеттi орган бекiткен немесе онымен келiсiлген жаратылыстану-ғылыми негiздеменiң негiзiнде ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру немесе кеңейту жөнiндегi техникалық-экономикалық негiздеме (бұдан әрi - техникалық-экономикалық негiздеме) әзiрленедi, ол:

1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың шекарасы, координаттары сипатталған жерлердi бөлудiң жерге орналастыру жобасын, меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтың құрамына алып қойылатын (сатып алынатын) жер учаскелерiнiң санаттары мен аудандарын, меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерiн алып қоймай олардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтың құрамына қосылатын санаттары мен аудандарын, сондай-ақ күзет аймағының шекарасы мен аудандарын;

2) меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерiн сатып алуға және (немесе) оларды алу жөнiндегi залалдарды жабуға, қорғалу аймақтарында шаруашылық қызметтi шектеуге байланысты, сондай-ақ жердi алып қоймай, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрған жағдайларда жұмсалатын шығындарды;

3) инфрақұрылым құруға және ерекше қорғалатын табиғи аумақты күтiп ұстауға, мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiн күзету, қорғау және қалпына келтiру жөнiндегi iс-шараларды орындауға жұмсалатын шығындарды;

4) аумақты белгiленген функционалдық аймақтарға бөлудi, қорғалу режимiнiң түрлерi мен рекреациялық жүктемелер нормаларын айқындай отырып, осы аймақтар шегiнде табиғи кешендердi реттелмелi туристiк, рекреациялық және шектеулi шаруашылық мақсаттарда пайдалану шарттарын;

5) экологиялық туризмдi дамытуды ескере отырып, ерекше қорғалатын табиғи аумақты жоспарлау жобасын және оның инфрақұрылымын (инфрақұрылымды дамытудың бас жоспарын), туристiк соқпақтарды, қарап көру алаңдарын, демалу алаңқайларын, көлiкке арналған тұрақтарды, кемпингтердi, шатырлы лагерьлердi, қонақ үйлердi, мотельдердi, туристiк базаларды, қоғамдық тамақтандыру, сауда және басқа да мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектiлердi, құбырларды, электр және байланыс желiлерiн, жолдарды қамтиды.

Техникалық-экономикалық негiздеме жер учаскелерiнiң меншiк иелерiмен және жер пайдаланушылармен, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдарымен, жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның аумақтық органдарымен келiсiледi және осы Заңда белгiленген тәртiппен бекiтiледi.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесi мен экологиялық желiлердi дамыту бағдарламалары экологиялық желiлердi қалыптастыру және олардың жұмыс iстеу принциптерiнiң негiзiнде әрбiр табиғи аймақ шегiнде олардың оңтайлы алқабы деңгейiне дейiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесi мен экологиялық желiлердi қалыптастырудың мемлекет жоспарлап отырған кезеңдерiн айқындайтын негiзгi құжаттар болып табылады. Осыған орай 10.11.2000 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі «Қазақстан Республикасының Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын 2030 жылға дейін дамытудың және орналастырудың тұжырымдамасы туралы» №1692 қаулы қабылдады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерiне мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғи резерваттардың, мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктердiң, мемлекеттiк зоологиялық парктердiң, мемлекеттiк ботаникалық бақтардың, мемлекеттiк дендрологиялық парктердiң және мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiнiң жерлерi жатады.

Мемлекеттiк табиғи қорықтарды, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердi, мемлекеттiк табиғи резерваттарды, мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктердi, мемлекеттiк зоологиялық парктердi, мемлекеттiк ботаникалық бақтарды, мемлекеттiк дендрологиялық парктер мен мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiн құру кезiнде жер учаскелерi басқа санаттардағы жерлер құрамынан бөлiнiп, оларды осы жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларынан алып қою жолымен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерiнiң санатына ауыстырылады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi, сондай-ақ мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi орналасқан өзге де санаттардағы жерлердiң жер учаскелерi мемлекеттiк меншiкте болады және жекешелендiруге жатпайды.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерiн алып қоюға, сондай-ақ оларды басқа санаттардағы жерлерге ауыстыруға жол берiлмейдi.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерiнде олардың нысаналы мақсатына сәйкес келмейтiн кез келген қызметке тыйым салынады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесi мен экологиялық желiлердi дамыту бағдарламаларына және бекiтiлген жаратылыстану-ғылыми негiздемелерге сәйкес облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерiн резервте қалдыру туралы шешiмдер қабылдайды.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үшiн жерлердi резервте қалдыру жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан жердi алып қоймай жүргiзiледi.

Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар мемлекеттiк органдар әрбiр осындай аумақ бойынша белгiленген үлгiдегi паспортты толтырады және оны уәкiлеттi органда тiркейдi.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің құндылықтарына қарай жергілікті және республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар болып бөлінеді.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тізбесінен шығаруға жергілікті атқарушы органдардың орталық атқарушы органдармен келісілген шешімі бойынша ғана, ал республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тізбесінен шығаруға Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары бойынша ғана жол беріледі[1].

ЕҚТА-ның құрылымы аумақтардың шаруашылық игеру дәрежесімен және аймақтардың әлеуметтік-экологиялық дамуымен анықталады. Шаруашылық қызмет қарқынды жүргізілетін аудандарда ЕҚТА-ның меншікті үлесі шағын болады, ал халқы сирек және шаруашылық қызметтің қарқыны төмен аудандарда ондай ЕҚТА мүлдем болмауы мүмкін.

Қазіргі ЕҚТА-ның дамуы бүкіл еліміз және оның нақты аймақтарындағы табиғатты пайдалану мен биологиялық әркелкілікті сақтау функцияларының қатынасы және өзара іс-қимылымен, физикалық-географиялық жағдайларымен, табиғатты антропогендік өзгерту деңгейімен, әлеуметтік-экономикалық қатынастармен, ағымдағы басымдықтарымен анықталатын ішінара өз бетімен ұйымдастырылатын жүйе ретінде қараған орынды.

Ұйымдастырылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұстау және оларды орналастыруды қаржыландыру жөніндегі қаражаттың жыл сайынғы мөлшері мемлекеттік бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат мөлшеріне қарай өзгеріп отырады.

ЕҚТА-ның жүйелерін дамыту, бірінші кезекте, биологиялық әркелкіліктің жай-күйі мен проблемаларын экологиялық нормалауға және экологиялық мониторингті зерделеуге байланысты зерттеулер мынадай бағыттарда жүргізілуі тиіс: мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін түгендеу және зерттеу, оларды қорғау және қалпына келтіру жөнінде ғылыми негізделген шараларын әзірлеу, табиғат процестерінің табиғи ағымын және экологиялық жүйені қорғау режимінің әсерін зерттеу, қорық ісінің, қоршаған ортаны қорғаудың, табиғатты ұтымды пайдаланудың, сирек және құрып кету қаупі төнген жануарларды өсіру, өсімдіктердің жабайы және дақылдық түрлерін сұрыптау мен оларды көбейтудің ғылыми негіздерін әзірлеу.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10-қарашадағы №1692 қаулысымен мақұлданған «Қазақстан Республикасының Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын 2030 жылға дейін дамытудың және орналастырудың Тұжырымдамасының» мақсаты республика аумақтарындағы табиғи экологиялық жүйелерді сақтау мен қалпына келтіруге, экологиялық тепе-теңдікті сақтауға және табиғи кешендер мен олардың компоненттерінің дамуының заңдылықтарын анықтауға бағытталған, ЕҚТА желісін одан әрі дамыту және 2030 жылға дейінгі кезеңде орналастыру болып табылады.

Осы тұжырымдаманың басты міндеттері:

- табиғи экожүйелердің, эталондық және бірегей табиғат кешендерінің және табиғи мұраға қалған басқа да объектілердің біртұтастығын сақтау;

- бұзылған табиғи кешендер мен объектілерді қалпына келтіру;

- ЕҚТА-ны мақсатты пайдалану жағдайында табиғи кешендерді сақтаудың ғылыми әдістерін жасау және іске енгізу;

- ЕҚТА саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;

- ЕҚТА желісін ұйымдастыру;

- табиғат жағдайында реттелетін туризм және демалыс үшін жағдай жасау, ЕҚТА-ның түрін, оның функционалдық аймақтарын, әлеуметтік-экономиялық факторлар мен жергілікті халықтың мүдделерін ескере отырып, туризм мен рекреацияны одан әрі дамыту;

- халық арасында экологиялық ағартуды ұйымдастыру боллып табылады.

ЕҚТА-ның желісі аймақтық табиғи физикалық-географиялық құрылымы мен шаруашылық қызметтің қилы түрімен өзара іс-қимыл жасауын ескере отырып ұйымдастырылған, функционалдық жағынан бірін бірі толықтыратын аумақтық жағынан үйлескен қорғалатын аумақтар болып табылады. ЕҚТА-ның желісін дамытудың мақсаты – қоршаған ортаның және биологиялық әркелкіліктің жай күйін сақтау мен жақсарту негізінде тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамыту жағдайларын қамтамасыз ету болып табылады[2].

Туристік және рекреациялық қызметті ұйымдастыру. Ұлттық парктерде табиғи аумақтардың рекреациялық сыйымдылығын ескере отырып, туристер мен келушілердің ағымын реттеу жүйесін енгізу, туристік бағыттар мен соқпақтар жасап, оларды жайластыру, туристер мен келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, рекреациялық қызметтер үшін тиісті инфрақұрылым құру және туристік бағыттар мен соқпақтардың эстетикалық сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар жүргізу қажет.

Қорықтарда, әлеуметтік-экономикалық тиімділігі жергілікті болған жағдайда, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілеріне қауіп төндірмейтін ғылыми-танымдық туризмді белгіленген тәртіппен ұйымдастыру қажет.

ЕҚТА-дағы экологиялық ағартудың неғұрлым тиімді нысандарына мыналар жатады: бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс, жарнамалық – баспа қызметі, кино және бейне өнімдерін шығару, мұражай ісі және келушілерді қабылдау, экологиялық экскурсиялар мен шаралар, оқушылардың экологиялық лагерлері мен экспедициялары, оқушылармен және білім органдарымен жұмыстық өзге де нысандары.

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлері мен санаттары

Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» заңының 1-бабына сәйкес: «ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгiнiң учаскелерi».

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң маңыздылығына байланысты республикалық немесе жергiлiктi маңызы бар санаттарға жатқызылады.
Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылу мақсаттарына және қорғалу режимiнiң түрлерiне байланысты мынадай түрлерге бөлiнедi:

1) мемлекеттiк табиғи қорықтар;

2) мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер;

3) мемлекеттiк табиғи резерваттар;

4) мемлекеттiк зоологиялық парктер;

5) мемлекеттiк ботаникалық бақтар;

6) мемлекеттiк дендрологиялық парктер;

7) мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi;

8) мемлекеттiк табиғи қаумалдар;

9) мемлекеттiк қорық аймақтары.

Жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылу мақсаттарына және қорғалу режимiнiң түрлерiне байланысты мынадай түрлерге бөлiнедi:

1) мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер;

2) мемлекеттiк зоологиялық парктер;

3) мемлекеттiк ботаникалық бақтар;

4) мемлекеттiк дендрологиялық парктер;

5) мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi;

6) мемлекеттiк табиғи қаумалдар.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өзге де түрлерi көзделуi мүмкiн.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды республикалық маңызы бар санатқа жатқызуды - уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi, жергiлiктi маңызы бар санатқа жатқызуды - уәкiлеттi органмен келiсе отырып, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары жүргiзедi.

Заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты оның мәртебесiн төмендетуге әкеп соғатын бiр түрден басқа түрге ауыстыру, табиғи және (немесе) техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан оның ерекше құндылығы мен бiрегейлiгi сипатының iшiнара немесе толық жоғалуына байланысты жүргiзiледi.

Заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты оның мәртебесiн төмендетуге немесе арттыруға әкеп соғатын бiр түрден басқа түрге ауыстыру туралы шешiмдi жаратылыстану-ғылыми негiздеме жасалған мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы негiзiнде:

1) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша - уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi;

2) жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша - уәкiлеттi органмен келiсе отырып, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органы қабылдайды.

Мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар, мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер заңды тұлғалар болып табылады және мемлекеттiк мекеме нысанында құрылады.

Табиғат қорғау мекемелерiне жер учаскелерi тұрақты жер пайдалану құқығымен берiледi.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан үй-жайлар (құрылыстар және ғимараттар), тарихи-мәдени және басқа да жылжымайтын мүлiк объектiлерi табиғат қорғау мекемелерiне жедел басқару құқығымен берiледi.

Табиғат қорғау мекемесiн қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.

Мемлекеттiк зоологиялық парктер, мемлекеттiк ботаникалық бақтар және мемлекеттiк дендрологиялық парктер заңды тұлғалар болып табылады және мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылады.

Мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарына жер учаскелерi тұрақты жер пайдалану құқығымен берiледi.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан үй-жайлар (құрылыстар мен ғимараттар), тарихи-мәдени және басқа да жылжымайтын мүлiк объектiлерi мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарына шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығымен берiледi.

Мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдары өздерiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнiң иелiгiндегi ақшамен жауаптылықта болады.

Мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарының қалған мүлкiн өндiрiп алуға жол берiлмейдi.

Мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарын қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.

Мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiнiң, мемлекеттiк табиғи қаумалдардың және мемлекеттiк қорық аймақтарының заңды тұлға ретiнде мәртебесi болмайды және олар мемлекет қорғауында болады

Заңды тұлға болып табылмайтын ерекше қорғалатын табиғи аумақта мемлекет меншiгiнде болатын жылжымайтын мүлiк объектiлерiн жедел басқару құқығы өзiнiң қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақ болатын табиғат қорғау мекемесiне немесе мемлекеттiк орман шаруашылығы мекемесiне берiледi.

Мемлекеттiк қорық аймақтары мен мемлекеттiк табиғи қаумалдар олардың негiзiнде мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар, мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер құру кезiнде республикалық немесе жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тiзбелерiнен алынып тасталуға тиiс.

Қолайсыз сыртқы әсерлерден ерекше күзету мен қорғауды қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғи резерваттардың және мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктердiң айналасында, бұл аймақтар шегiнде осы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экологиялық жүйелерi мен оларда орналасқан мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң жай-күйiне және оларды қалпына келтiруге терiс әсер ететiн кез келген қызметке тыйым салынады және (немесе) шектеу жасала отырып, қорғау аймақтары белгiленедi.

Мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғи резерваттардың және мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктердiң қорғалу аймақтарының аумағында табиғат пайдаланудың мөлшерi, шекарасы, режим түрлерi және тәртiбi оларды құрудың жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелерiмен айқындалып, осы Заңға және Қазақстан Республикасының Жер кодексiне сәйкес облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдарының шешiмдерiмен айқындалады.

Бұл орайда меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерiнiң шекарасы бойынша немесе табиғи географиялық шептер бойынша белгiленетiн және жер бетiнде арнайы белгiлер қойылатын қорғау аймағының енi екi километрден кем болмауға тиiс.

Табиғат қорғау ұйымдарының рәмiздерi (эмблемасы мен туы) болады.

Табиғат қорғау ұйымдары өздерiнiң рәмiздерiн пайдаланудың ерекше құқығына ие болады және оларды жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде пайдалануға рұқсат етуi мүмкiн.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бірыңғай әдістемелер бойынша дайындалатын табиғи-ғылыми және техникалық-экологиялық негіздемелерге сәйкес құрылады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 10 мемлекеттік табиғи қорық, 9 мемлекеттік ұлттық табиғи парк, 33 мемлекеттік зоологиялық парк, 7 мемлекеттік ботаникалық бақ құрылған және жұмыс істеуде, Рамсар Конференциясының тізіміне енгізілген 3 халықаралық маңызы бар сулы-сазды жерлер, 150 ерекше мемлекеттік маңызы бар су айдыны анықталды[3]. ЕҚТА-ның барлық түрлерініњ арасында, биологиялық әркелкілікті сақтауда жетекші рольді мемлекеттік табиғи қорықтар (бұдан әрі - қорықтар), мемлекеттік ұлттық табиғи парктері (бұдан әрі - ұлттық парктер) атқарады.

Қорықтардың жалпы көлемі 894,2 мың гектар, ал ұлттық парктердікі – 724,9 мың гектар құрайды, олар Қазақстан Республикасының жалпы аумағының небәрі 0,59 пайызын ғана құрайды.

Табиғатты қорғаудың ұтымды әрі негізгі жолы болып қорықтар жүйесі саналады. Қорықтар әрбір табиғи аймақтардың өзіне тән ерекшеліктерін жан-жақты көрсете алатын, барлық табиғат байлықтары қорғауға алынған алқаптарды қамтиды. Қорық ұйымдастырылған жерде ешқандай шаруашылық жұмыс жүргізілмейді, ондағы табиғи құбылыстар мен заңдылықтар өз бетінше жүреді. Қорықты жерлерде тек қана ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі, сондықтан да қорықтар ғылыми мекемелер қатарына жатады. Осыған байланысты қорықтарды «табиғат эталоны», «табиғат лабораториясы» және «ашық аспан астындағы табиғат музейі» деп те атайды.

Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Зањының 39-бабына сай: «Мемлекеттік табиғи қорық - табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, оның қызметiнiң мақсаты өзiнiң аумағындағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi объектiлерiн, өсiмдiктер мен жануарлардың жекелеген түрлерi мен қауымдастықтарын, әдеттегi және бiрегей экологиялық жүйелердi сақтау мен зерделеу және оларды қалпына келтiру болып табылады».

Мемлекеттiк табиғи қорықтардың негiзгi қызметiне:

1) мемлекеттiк табиғи қорық пен оның күзет аймағының биологиялық саналуандығын қорғау және қалпына келтiру режимiн қамтамасыз ету;

2) Табиғат жылнамасын жүргiзудi қоса алғанда, мемлекеттiк табиғи-қорық қорының экологиялық жүйелерiн, объектiлерiн зерделеу және олардың мониторингi жөнiнде ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргiзу;

3) экологиялық-ағартушылық қызметтi жүргiзу;

4) мемлекеттiк табиғи қорықтың экологиялық жүйелерiне зиянды әсер етуi мүмкiн шаруашылық және өзге объектiлердi орналастыру жобалары мен схемалар мемлекеттiк экологиялық сараптамасына қатысу;

5) мемлекеттiк табиғи қорық пен оның күзет аймағының аумағын экологиялық-ағартушылық, ғылыми және шектеулi туристiк мақсаттарда пайдалануды реттеу жатады.

Мемлекеттiк табиғи қорықтың бүкiл аумағында қорықтық күзет режимi белгiленедi, ол бойынша:

1) аумақтың гидрологиялық режимiн өзгертетiн iс-әрекеттерге;

2) мемлекеттiк табиғи қорықтың жұмыс iстеуiмен байланысты емес үй-жайлар (құрылыстар және ғимараттар), жолдар, құбырлар, электр желiлерiн және басқа да коммуникациялар мен объектiлер салуға;

3) геологиялық-барлау жұмыстарына және пайдалы қазбалар өндiруге;

4) топырақ қабатын бүлдiруге, минералдар шығымын бұзуға және тау жыныстарын жалаңаштауға;

5) санитарлық мақсатта ағаш кесудi және күтiм жасау мақсатында ағаш кесудi қоса алғанда, орман пайдаланудың барлық түрлерiне, тағамдық, дәрi-дәрмектiк және техникалық өсiмдiктер, гүлдер, тұқымдар дайындауға, шөп шабуға, мал жаюға және өсiмдiктер қабатының бұзылуына әкеп соғатын өсiмдiктер дүниесiн пайдаланудың басқа да түрлерiне;

6) мемлекеттiк табиғи қорықтың күзет аймағында тұратын жергiлiктi халықтың мұқтажы үшiн арнайы бөлiнген учаскелерде уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен рұқсат етiлетiн, әуесқойлық балық аулауды қоспағанда, аң аулау мен балық аулауға;

7) жануарларды аулауға және жойып жiберуге, олардың мекендеу ортасы мен жағдайларын бұзуға;

8) жануарлар мен өсiмдiктердiң жаңа түрлерiн жерсiндiруге, жануарлардың жекелеген түрлерi санын жерлердiң табиғи сыйымдылығы бойынша жол берiлетiн мөлшерден артық көбейтуге;

9) мемлекеттiк табиғи қорықтың коллекцияларын қалыптастыруды қоспағанда, коллекциялық материалдар жинауға;

10) зиянкестерге, өсiмдiктер мен жануарлардың ауруларына қарсы, сондай-ақ жануарлар санын реттеу үшiн химиялық және биологиялық күрес әдiстерiн қолдануға;

11) үй жануарларын айдап өтуге;

12) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган белгiлеген нормадан асып түсетiн жасанды жолмен жасалатын у-шуға және өзге де дыбыстық әсерлерге;

13) егер қызмет қорғалатын ландшафтардың табиғи көрiнiсiн өзгертуге немесе экологиялық жүйелердiң орнықтылығын бұзуға әкеп соғуы мүмкiн болса, не ерекше құнды табиғи ресурстарды сақтауға және молықтыруға қатер төндiрсе, оған тыйым салынады.

Мемлекеттiк табиғи қорықтардың аумағында орман және дала өрттерiнiң алдын алу және сөндiру жөнiнде жердегi және авиациялық жұмыстарды жүргiзуге жол берiледi.

Қарауында мемлекеттiк табиғи қорықтар бар мемлекеттiк табиғи қорықтардың қызметкерлерiн, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың лауазымды тұлғаларын қоспағанда, жеке тұлғалар мемлекеттiк табиғи қорықтар аумағына рұқсат беретiн құжаттар болған кезде ғана жiберiледi.

Қорықтың аумағында немесе оның аумағынан тысқары жерлерде тұратын белгiлi бiр дiнге сенушiлердiң құрмет тұтатын жерлерге (құлшылық ету орындары) қорық аумағы арқылы өтетiн жолдармен баруын қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк табиғи қорықтың әкiмшiлiгi тиiстi дiни бiрлестiкпен келiсiм бойынша мемлекеттiк табиғи қорық инспекторларының iлесiп жүруiмен осы орындарға топталып баруға немесе осы орындарға топталып жақын келуге тегін рұқсат етуi мүмкiн.

Мемлекеттік табиғи қорықтардың ғылыми орталықтарына, лабораториялары мен бµлімдеріне белгіленген тәртіппен ғылыми ұйым мәртебесі беріліп, олардың қызметкерлеріне ғылыми қызметке құқықтары қолданылуы мүмкін.

Мемлекеттiк табиғи қорықтарда ғылыми қызмет мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерiн зерттеу жөнiнде тұрақты жүйелi түрдегi байқаулар, Табиғат жылнамасын жүргiзудi қоса алғанда, табиғи процестердiң мониторингiн ұйымдастыру, сондай-ақ биологиялық саналуандықты сақтаудың және мемлекеттiк табиғи-қорық қорының экологиялық жүйелерi мен объектiлерiн қалпына келтiрудiң ғылыми негiздерi мен әдiстерiн әзiрлеу жолымен жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк табиғи қорықтарда ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргiзу үшiн қажеттi үй-жайлармен және жабдықтармен қамтамасыз етiлетiн ғылыми қызметкерлердiң тиiстi штаты бар ғылыми құрылымдық бөлiмшелер жұмыс iстейдi.

Мемлекеттiк табиғи қорықтардың ғылыми бөлiмшелерi осы баптың 1-тармағында көзделген ғылыми зерттеулерден басқа, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган бекiткен ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларына сәйкес ғылыми зерттеулер де жүргiзедi.

Өзге де ғылыми ұйымдар мен жекелеген ғалымдар мемлекеттiк табиғи қорықтардың аумақтарында уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша мемлекеттiк табиғи қорықтың әкiмшiлiгiмен шарттық негiзде ғылыми зерттеулер жүргiзе алады.

Ғылыми зерттеулердiң жоспарларын, ғылыми қызметкерлердiң есептерiн қарау және бекiту үшiн мемлекеттiк табиғи қорықтарда ғылыми-техникалық кеңестер құрылады, олардың құрамына басқа ұйымдардың ғылыми қызметкерлерi мен мамандары кiре алады.

Мемлекеттiк табиғи қорықтардың ғылыми қорлары мерзiмсiз сақталуға жатады.

Мемлекеттiк табиғи қорықтардың өздерiнiң ғылыми еңбектерiн басып шығаруға құқығы бар.

Мемлекеттiк табиғи қорықтардың аумағында ғылыми жұмыстарды жоспарлау мен жүргiзу жануарларды мазасыздануға, зардапқа, өлiм-жiтiмге ұшырататын және өсiмдiктердi, соның iшiнде сирек және жоғалып бара жатқан түрлерiн жойып жiберетiн зерттеулердiң қатыгез әдiстерi қолданылмай жүзеге асырылуға тиiс.

Мемлекеттiк табиғи қорықтардың экологиялық-ағартушылық қызметi:

1) қорықтардың биологиялық саналуандықты сақтау функцияларын орындауының қажеттi шарты ретiнде қорық iсi идеяларын халықтың қалың топтарының қолдауын қамтамасыз ету;

2) экологиялық мәдениеттi қалыптастыру мен дамыту мақсаттарында жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк табиғи қорықтарда экологиялық-ағартушылық шараларын жүргiзу үшiн мұражайлар, экспозициялар, көрсетiлiм жасау учаскелерi және басқа да объектiлер құрылуы мүмкiн.

Мемлекеттiк табиғи қорықтарда ерекше құнды экологиялық жүйелер мен объектiлердi қамтымайтын арнайы бөлiнген учаскелерде уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен реттелмелi экологиялық туризм өткiзу үшiн экскурсиялық соқпақтар мен маршруттар құруға жол берiледi.

Мемлекеттiк табиғи қорықтар экологиялық-ағартушылық қызметтi жүзеге асыру кезiнде мамандарды және қоғамдық ұйымдарды тарта алады.

Мемлекеттiк табиғи қорықтардың күзет аймақтарында:

1) жаңа елдi мекендер құруға және бар елдi мекендердi кеңейтуге;

2) мемлекеттiк табиғи қорықтың экологиялық жүйелерiне зиянды әсер ететiн объектiлердi орналастыруға, жобалауға, салуға және пайдалануға, жаңа технологиялар енгiзуге;

3) жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi үшiн зәрлi улы химикаттар, тыңайтқыштар мен гербицидтер қолданылатын ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының интенсивтi нысандарын енгiзуге;

4) атмосфераға және ашық су көздерi мен рельефке ластаушы заттар шығаруға және сарқынды суларды төгуге, қалдықтарды орналастыруға;

5) пайдалы қазбалар өндiруге;

6) әуесқойлық (спорттық) және кәсiпшілік аң аулауға;

7) радиоактивтi материалдар мен өнеркәсiп қалдықтарын көмуге;

8) мемлекеттiк табиғи қорықтың экологиялық жүйелерiнiң гидрологиялық режимiн өзгертетiн қызметке (бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға әкеп соғатын басқа да объектiлер салуға);

9) жабайы жануарлар мен жабайы өсiмдiктердiң бөтен түрлерiн жерсiндiруге;

10) мемлекеттiк табиғи қорықтың экологиялық жүйелерiне зиянды әсер ететiн басқа да қызметке тыйым салынады.

Мемлекеттiк табиғи қорықтардың күзет аймақтарының аумағында қорықтың экологиялық жүйелерiнiң жай-күйiне терiс әсер етпейтiн шаруашылық қызметтiң мынадай әртүрлi нысандары жүзеге асырылуы мүмкін:

1) орман шаруашылығы қызметi;

2) мал жайылымы және шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлi жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық саналуандықты ұзақ мерзiмдi сақтау мен оның берiктiгiн қамтамасыз ету шеңберiндегi өзге де қызмет;

3) туристiк және рекреациялық қызмет;

4) минералды суларды, жер астының жылы суларын және климаттық ресурстарды пайдалану;

5) кәсiпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулау;

6) орман және дала өрттерiн сөндiру жөнiнде жердегi және авиациялық жұмыстарды жүргiзу;

7) бүлiнген жерлердi рекультивациялау;

8) орман және өзге де өсiмдiк қауымдастықтарын қалпына келтiру;

9) жабайы жануарлардың мекендеу ортасы мен санын қалпына келтiру;

10) жер учаскелерiн туристер болатын жерлердi жайластыру, өсiмдiктер мен жануарлардың эндемикалық, сирек кездесетiн және құрып бара жатқан түрлерiн жасанды жолмен көбейту, өсiру, өндiру үшiн питомниктер салу, мемлекеттiк табиғи қорық қызметкерлерiнiң тұруы үшiн қызметтiк үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызмет бабындағы жер үлестерiн беру үшiн пайдалану.

Мемлекеттiк табиғи қорықтардың күзет аймақтарында осы баптың 2-тармағында аталған қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi объектiлерiнiң мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөнiндегi iс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретiнде ерекше құнды учаскелерге, сондай-ақ мемлекеттiк табиғи қорық қорының өзге объектiлерiне қол сұғылмауы қамтамасыз етiлуге тиiс.

Мемлекеттiк табиғи қорықтардың күзет аймақтарында жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметiн шектеу облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдарының шешiмдерiмен белгiленедi.

Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Зањына сәйкес, Мемлекеттiк ұлттық табиғи парк - ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бiрегей табиғи кешендерi мен объектiлерiнiң биологиялық және ландшафтық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң негiзгi қызметiне:

1) мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерiн, бiрегей және эталондық табиғи учаскелерiн, объектiлерiн, табиғи және тарихи-мәдени мұраны сақтау;

2) мемлекеттiк ұлттық табиғи парк пен оның күзет аймағының күзет режимiн қамтамасыз ету;

3) экологиялық ағартушылық;

4) биологиялық саналуандықты сақтаудың ғылыми әдiстерiн әзiрлеу;

5) Табиғат жылнамасы бағдарламасы бойынша экологиялық жүйелер мен жекелеген табиғи объектiлердiң мониторингiн жүргiзу;

6) мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бүлiнген табиғи кешендерiн, объектiлерiн, табиғи және тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қалпына келтiру;

7) мемлекеттiк ұлттық табиғи парк пен оның күзет аймағының аумағын экологиялық-ағартушылық, ғылыми, рекреациялық, туристiк және шектеулi шаруашылық мақсаттарда пайдалануды реттеу жатады.

Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер аумағы:

1) қорық режимi;

2) экологиялық тұрақтандыру;

3) туристiк және рекреациялық қызмет;

4) шектеулi шаруашылық қызмет аймақтарына бөлiнедi.

Қорық режимi аймағында кез келген шаруашылық қызметке және мемлекеттiк ұлттық табиғи парк аумағын рекреациялық мақсатта пайдалануға тыйым салынады және осы Заңның 40-бабының 1-тармағында аталған мемлекеттiк табиғи қорық режимiнiң түрлерiне сәйкес келетiн қорықтық күзет режимi белгiленедi.

Реттелмелi экологиялық туризмдi және мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бүлiнген табиғи кешендерi мен объектiлерiн қалпына келтiру жөнiнде iс-шаралар жүргiзудi қоспағанда, экологиялық тұрақтандыру аймағында шаруашылық және рекреациялық қызметке тыйым салынып, қорықтық күзет режимi белгiленедi.

Туристiк және рекреациялық қызмет аймағы мемлекеттiк ұлттық табиғи паркке келушiлердiң реттелмелi қысқа мерзiмдi демалысы мен ұзақ мерзiмдi демалысы учаскелерiне бөлiнедi.

Туристiк және рекреациялық қызмет аймағында мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерiн сақтауды қамтамасыз ететiн тапсырыстық күзет режимi белгiленедi, оның аумағында реттелмелi туристiк және рекреациялық пайдалануға (аң аулаудан басқа), соның iшiнде рекреациялық жүктемелер нормаларын ескере отырып туристiк маршруттар, соқпақтар, демалу алаңқайлары мен тамашалау алаңдарын құруды ұйымдастыруға жол берiледi.

Шектеулi шаруашылық қызмет аймағында әкiмшiлiк-шаруашылық мақсаттағы объектiлер орналастырылады, әуесқойлық (спорттық) аң аулау мен балық аулауды ұйымдастыруды қоса алғанда, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктi күзету және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, оған келушiлерге қызмет көрсету үшiн қажеттi шаруашылық қызмет жүргiзiледi, рекреациялық орталықтар, қонақ үйлер, кемпингтер, мұражайлар және туристерге қызмет көрсетудiң басқа да объектiлерiн салу және оларды пайдалану жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктiң барлық аймақтарында оны басқару жоспарында көзделген күзету, қорғау және қалпына келтiру iс-шаралары жүргiзiледi.

Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктерде ғылыми және экологиялық-ағартушылық қызмет осы Заңның 41 және 42-баптарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң аумақтарында реттелмелi туризм мен рекреацияны туристiк операторлық қызметке лицензиясы болған жағдайда уәкiлеттi орган бекiтетiн ережелерге сәйкес:

1) тiкелей мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер;

2) заңды тұлғалар табиғат қорғау мекемесi беретiн рұқсаттың және (немесе) реттелмелi туризм мен рекреацияны қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға мемлекеттiк ұлттық табиғи парктермен жасалатын шарттардың негiзiнде жүзеге асырады. Аталған рұқсаттар және (немесе) шарттар қарауында мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер бар мемлекеттiк органдармен келiсiлуге тиiс.

Реттелмелi туризм мен рекреацияны қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер инфрақұрылымды дамытудың бас жоспарына сәйкес жалға алу шартының негiзiнде туристiк, рекреациялық және шектеулi шаруашылық қызмет аймақтарында жеке және заңды тұлғаларға қазiргi инфрақұрылымымен де, сондай-ақ жаңасының құрылысын салу үшiн де жер учаскелерiн бере алады.

Жер учаскесiн жалға алу шарты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк тiркелуге жатады.

Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер аумағында реттелмелi туризм мен рекреацияны жүзеге асыру үшiн жер учаскелерiн жалға беру тәртiбi Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн ережелермен айқындалады.

Шектеулi шаруашылық қызметi аймағында мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер мынадай қызмет түрлерiне рұқсат етедi:

1) жанама орман пайдалану (шектеулi мал жаю, марал өсiру, шөп шабу, саңырауқұлақтарды, жемiстер мен жидектердi әуесқойлық мақсатта жинау);

2) шектеулi дәстүрлi пайдалану алаңдарында ағаш және бұта тұқымдарының екпе материалдарын, дәрi-дәрмектiк шөптер және басқа да өсiмдiктер өсiру;

3) өтпелi ағаш кесудi қоспағанда, санитарлық мақсатта ағаш кесудi, күтiм жасау мақсатында ағаш кесудi жүргiзу және бұл ретте алынған сүректi өңдеу;

4) кәдесыйлар, шағын және халықтық кәсiпшiлiктер өнiмдерiн өндiру;

5) балық шабақтарын және тауарлы балықтың байырғы түрлерiн өсiру;
6) жылжымалы бал ара павильондарын пайдалана отырып, көшпелi бал ара шаруашылығы;

7) әуесқойлық (спорттық) аң аулау мен балық аулау.

Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң шектеулi шаруашылық қызметi мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн сақтау мен қалпына келтiрудi ескере отырып және өздерiнiң қарауындағы мемлекеттiк органдардың тиiстi рұқсаттары бойынша жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктiң күзет аймағында:

1) жер пайдаланушылардың табиғи ресурстарды тұрақты пайдалануды қамтамасыз ететiн дәстүрлi шаруашылық қызметiнiң негiзгi түрлерiне рұқсат етiледi;

2) осы Заңның 43-бабының 1-3-тармақтарында белгiленген мемлекеттiк ұлттық табиғи парктiң экологиялық жүйелерiне терiс әсер ететiн табиғат пайдалану мен шаруашылық қызметтiң түрлерiне тыйым салынады немесе шектеу қойылады.

Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктiң күзет аймағындағы жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметiне шектеу қою осы Заңға сәйкес облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдарының шешiмдерiмен белгiленедi.

Мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парк мемлекеттiк ұлттық табиғи парк үшiн белгiленген режимi бар, сондай мақсаттарды алға қоятын және сондай мiндеттердi орындайтын, бiрақ табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесiне ие жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жататын мемлекеттiк ұлттық табиғи парктiң нұсқасы болып табылады.

Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде ғылыми зерттеулер, мәдени-ағарту және оқу шаралары мемлекеттік табиғи қорықтар үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Мемлекеттік ұлттық табиғи парк (бұдан әрі - ұлттық парк) республикалық маңызы бар ЕҚТА-дыњ жүйесіне кіретін мемлекеттік табиғатты қорғау мекемесі болып табылады, заңды тұлға болып табылады: өзіндік жеке балансы, банктерде бюджеттік есеп шоттары бар, мемлекеттік тілде өзатауы бар мөрлері, белгіленген үлгідегі бланкілері және де белгіленген тәртіпте бекітілетін рєміздерге ие ұлттық парк өз қызметін Конституция және ҚР-ның Заңдары, Президент, Үкімет актілері, өзге де нормативтік құқықтық актілер негізінде жүзеге асырады.

Ұлттық парктерге мынадай негізгі міндеттер: экологиялық жүйені, эталондық және бірегей табиғат кешендерін, тарих, мәдениет ескерткіштерін және ұлттық мұраның басқа да объектілерінің тұтастығын сақтау; реттелген туризм мен табиғат аясында демалыс үшін жағдайлар жасау; рекреациялық пайдалану жағдайында табиғит кешендерін сақтаудың ғылыми әдістерін жасау және енгізу; бұзылған табиғи және тарихи-мәдениет кешендері мен объектілерді қалпына келтіру; халықты экологиялық жағынан ағартуды ұйымдастыру, оқыту экскурсияларын және сабақтарын жүргізу; қоршаған ортаны қорғау саласында оқушылар және студенттердің өндірістік тәжірибесін, мамандар біліктілігін көтеру және қайта даярлауды жүргізу; шектелген шаруашылық қызметті ұйымдастыру, осы мақсатқа анықталған аймақтарда; ғылыми зерттеулер және экологиялық мониторингті жүргізу жүктелген.

Ұлттық паркті Қазақстан Республикасы заңдарында бекітілген тәртіпте, уәкілетті орган қызметке тағайындайтын және ол қызметтен босататын директор басқарады.

Ұлттық парк директорының үш орынбасары бар: бірінші орынбасары (Бас мемлекеттік орман инспекторы); ғылым бойынша орынбасары; экономика бойынша орынбасары.

Ұлтты


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: