Тапсырма

1. 4.1 – кестедегі берілген мәліметтеріне сәйкес ЖҚТЖ және IMS желілер арасындағы сигналдық мәліметтерімен алмасу диаграммасын көрсетіңіз.

2. S-CSCF және I-CSCF функционалды элементтермен қызмет көрсетілетін жүктеме үшін өткізу жолақтарын есептеңіз.

4.1– кесте. Берілген мәліметтер

Вариант нөмірі                    
Шығыс желі ЖҚТЖ IMS ЖҚТЖ IMS ЖҚТЖ IMS ЖҚТЖ IMS ЖҚТЖ IMS
Шақыру нәтижесі Орнатылған жоқ Орнатылды Орнатылған жоқ Орнатылды Орнатылған жоқ Орнатылды Орнатылған жоқ Орнатылды Орнатылған жоқ Орнатылды
Орнатылмаған себебі Бос емес - Жауап берілген жоқ - Терген нөмір тіркелмеген - Нөмір жойылған - Жолдар жоқ -
Байланыс сеансын ажырататын абонент - А - Б - А - Б - А
N sip1, хабар.                    
N sip2, хабар.                    
N sip3, хабар.                    
N sip4, хабар.                    
N sip5, хабар.                    
L sip, байт                    
X 0,15 0,2 0,25 0,3 0,15 0,35 0,2 0,3 0,25 0,15
Y 0,4 0,45 0,35 0,5 0,4 0,3 0,45 0,35 0,5 0,4

Әдістемелік нұсқаулар

S-CSCF есептеу үшін келесі берілген мәліметтер қолданады:

1. Бір шақыруға қызмет көрсету кезіндегі IMS архитектурасындағы функционалды элементтер арасындағы SIP хабарламалардың орташа саны:

a) SS және S-CSCF - N SIP1;

b) MRF және S-CSCF - N SIP2;

c) AS және S-CSCF - N SIP3;

d) I-CSCF және S-CSCF - N SIP4.

2. SIP хабарламаның ұзындығы, байт – L SIP.

3. Қызмет көрсету кезіндегі медиаресурстар серверіне MRF - X сұраныс жасауды талап ететін шақырулар саны.

4. Қызмет көрсету кезіндегі медиаресурстар серверіне AS – Y сұраныс жасауды талап ететін шақырулар саны.

Келесі қысқартуларды қолданамыз:

V SS-S«CSCF – шақыруларға қызмет көрсету кезіндегі SIP протоколы негізінде хабарламалармен алмасуды қамтитын коммутатор SS (SoftSwitch) және S-CSCF элементі арасындағы көліктік ресурс;

V AS«S-CSCF - шақыруларға қызмет көрсету кезіндегі SIP протоколы негізінде хабарламалармен алмасуды қамтитын қосымшалар сервері (AS) және S-CSCF элементі арасындағы көліктік ресурс;

V MRF-S«CSCF - шақыруларға қызмет көрсету кезіндегі SIP протоколы негізінде хабарламалармен алмасуды қамтитын медиаресурстар сервері MRF және S-CSCF элементі арасындағы көліктік ресурс;

V I-CSCF«S-CSCF - шақыруларға қызмет көрсету кезіндегі SIP протоколы негізінде хабарламалармен алмасуды қамтитын I-CSCF және S-CSCF элементі арасындағы көліктік ресурс;

V S-CSCF - шақыруларға қызмет көрсету кезіндегі SIP протоколы негізінде хабарламалармен алмасуды қамтитын S-CSCF элементінің жалпы көліктік ресурс;

Қызмет көрсететін функционалды элементі S-CSCF үшін жалп көліктік ресурс анықталады:

V S-CSCF = V I-CSCF«S-CSCF + V MRF«S-CSCF + V AS«S-CSCF + V SS«S-CSCF,

мұндағы

V SS«S-CSCF = k sig × (L SIP × N SIP1 × P SX); (1)

V AS«S-CSCF = k sig × (L SIP × N SIP2 × P SX × X); (2)

V MRF«S-CSCF = k sig × (L SIP × N SIP3 × P SX × Y); (3)

V I-CSCF«S-CSCF = k sig × (L SIP × N SIP4 × P SX), (4)

мұндағы k sig = 5 - SIP протоколының сигналдық жүктемесін тарату кезіндегі көліктік ресурсты қолдану коэффициенті. ЖАС№7 аналогия бойынша k sig=5 мәніне 0,2 Эрл жүктеме сәйкес.

- P sx шамасы – коммутаторға түсетін шақырулар қарқындылығы, 10 шақыру/ЖЖС(ЧНН);

- L SIP параметрі SIP/Н.323 протоколындағы хабарламалар ұзындығына – L SH сәйкес келеді.

Сұраныс жасайтын функционалды элементіне I-CSCF жүктемені есептеу

Қызмет көрсетуші элемент S-CSCF сияқты I-CSCF функционалды элемент әр түрлі желілердің әрекеттесу кезінде іске қосылады. I-CSCF үй а функциясымен абоненттер сервері HSS және орналасуды анықтайтын функциясымен әрекеттеседі (4.4 сурет).

4.4 сурет - I-CSCF функционалды элементінің жүктеме көздері

Жалғануды орнату диаграммасынан (4.2 сурет) және 4.4 суретінде сұраныс жасайтын функционалды элементі I-CSCF қызмет көрсетуші элементімен S-CSCF, коммутатормен SS (Softswitch, MGCF), прокси функционалды элементімен P-CSCF және үй абоненттер серверімен HSS әрекеттеседі. Есептеу кезінде бірінші екі компоненттерімен әрекеттесуін қарастырамыз, өйткені HSS серверімен DIAMETЕR протоколы бойынша іске асырылады.

I-CSCF функционалды элементінің көліктік ресурстарын есептеу үшін келесі берілген мәліметтерді қолданады:

1) IMS архитектурасындағы екі түйіндер арасындағы бір шақыруға қызмет көрсету кезіндегі SIP-хабарламалар саны:

a) I-CSCF және S-CSCF - N SIP4;

b) SS және I-CSCF - N SIP5.

2) SIP протоколындағы хабарламалар ұзындығы, байтта – L SIP.

Келесі қысқартулар қолданылады:

V I-CSCF - SIP протоколының хабарламалармен алмасу кезіндегі жалпы көліктік ресурс I-CSCF;

V SS«I-CSCF - SoftSwitch және I-CSCF арасындағы көліктік ресурс.

I-CSCF жалпы көліктік ресурс анықталады:

V I-CSCF = V SS«I-CSCF + V I-CSCF«S-CSCF. (5)

V I-CSCF«S-CSCF мәні 4 формула бойынша есептелген, ал V SS«I-CSCF мәні келесі формула бойынша есептеледі:

V SS«I-CSCF = k sig × (L SIP × N SIP5 × P SX). (6)

4.5 сурет - S-CSCF және I-CSCF элементтеріне жүктемені есептеу

Бақылау сұрақтары

1. NGN концепциясы, желінің негізгі технологиясы, қызметтер?

2. SoftSwitch функциялары.

3. MediaGateway функциялары.

4. IMS жүйесіндегі шақыруларға қызмет көрсету үшін қандай функционалды элементтер іске қосылады?

5. Қызмет көрсетуші S-CSSF, сұраныс жасайтын I-CSSF және прокси P-CSSF функционалды элементтерінің айырмашылығы қандай?

6. ЖҚТЖ және IMS желілердің өзара әрекеттесу кезінде қандай жабдықтау мен протоколдар қолданылады?

7. ЖҚТЖ және IMS желілердің өзара әрекеттесу кезінде сигналдық хабарламалармен алмасу процессін түсіндіріңіз.

8. S-CSCF функционалды элементіне қандай жүктеме түседі және оның шамасын қалай есептеуге болады?

9. I-CSCF функционалды элементіне қандай жүктеме түседі және оның шамасын қалай есептеуге болады?

10. ЖҚТЖ -нен IMS желісіне қоңырау шалу процессін түсіндіріңіз.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: