Палеолит

II. Палеолит. Мезолит

III. Неолит. Энеолит

Ø Алғашқы адамдардың пайда болуы

  1. Адамзат тарихы дамуының алғашқы кезеңі: Тас дәуірі.

v Тас дәуірінде адамдар негізінен тас құралдарды пайдаланды. Сондықтан да адамзат баласының тас құралдарды өндірген және пайдаланған уақыты тас дәуірі деп аталады.

  1. Алғашқы адамдардың жануарлар дүниесінен бөлініп шығуына әсер еткен: Еңбек құралдарын жасауды игеруі.
  2. Ертедегі адамдардың маймылдар мен жануарлардан басты айырмашылығы: Еңбек құралдарын жасай білуі.
  3. Ғалымдардың алғашқы адамға берген атаулары: «Епті адам»
  4. «Епті адамның» (Homo habilis) табылған жері: Кения (Шығыс Африка), Олдувай шатқалы.
  5. «Епті адамның» өмір сүрген уақыты: 1 млн 750 мың жыл бұрын.
  6. «Тік жүретін адам» (Homo erectus) деп аталғандар: Синантроп, питекантроп.
  7. Питекантроптың қаңқасы алғаш рет табылды: 1891 жылы Ява аралынан.
  8. Питекантроп өмір сүрді: 1 млн жыл бұрын.
  9. Синантроп табылған жер: Қытай, Пекин маңы.
  10. Синантроп («қытай адамы») өмір сүрді: 500 – 200 мың жыл бұрын.
  11. Жер бетінде 100 – 35 мың жыл бұрын өмір сүрген: Неандертальдықтар.
  12. Неандертальдық адам табылған жер: Германия.
  13. 1938 жылы Өзбекстандағы неандертальдық баланың сүйегі табылған үңгір: Тесіктас.

v Неандертальдық баланың бет әлпетін қалпына келтірген антрополог-ғалым: М.М.Герасимов.

  1. Неандертальдықтардан кейін, 40 – 35 мың жыл бұрын қалыптасқан: «Саналы адам», қазіргі адамдар.
  2. «Саналы адам» сүйегі алғаш рет табылған үңгір: Франциядағы Кро-Маньон.
  3. «Саналы адамның» табылған жеріне байланысты ғалымдардың берген атауы: Кроманьондық.

F «Епті адам» " «Тік жүретін адам»: Питекантроп пен синантроп " Неандертальдық адам " «Саналы адам»= Кроманьондық адам.

Ø Тас дәуірінің кезеңдері

  1. Еңбек құралдарын, тас өндеу техникасын, бұйымдардың жетілдірілуін зерттеген археологтар тас дәуірін үш кезеңге бөледі:

I. Палеолит – ежелгі тас ғасыры.

II. Мезолит – орта тас ғасыры.

III. Неолит – жаңа тас ғасыры.

  1. Тас дәуірі (палеолит): Б.з.б. 2 млн 500 мың – 12 мың жылдар аралығы.

v Ерте тас ғасыры (ерте палеолит): Б.з.б. 2 млн 500 мың – 100 мың жыл.

v Орта палеолит (мустье): Б.з.б. 100 – 40 мың жыл аралығы.

v Кейінгі палеолит: Б.з.б. 40 – 12 мың жыл аралығы.

  1. Мезолит – орта тас ғасырының хронологиясы: Б.з.б. 12 – 5 мың жыл.
  2. Неолит – жаңа тас ғасырының хронологиясы: Б.з.б. 5 – 3 мың жыл.

Палеолит

Ø Ерте палеолит (Б.з.б. 2 млн 500 мың – 100 мың жыл)

  1. Алғашқы еңбек құралдары негізінен жасалды: Тастан.
  2. Ежелгі адамдардың алғашқы еңбек құралдары: Үшкіртас, қазғыш таяқ, шоқпар.
  3. Домалақ малта тасты екі жағынан егеп, жүзі өткір, ирек ара сияқты жасалған құрал: Чоппинг.

v Қол қашауын жасау үшін қалақ тасты екі жағынан қашады, белгілі бір пішінге келтіріп, оны таяққа бекітті. Мұндай құралдардың ұзындығы 20 сантиметрге, салмағы

Бифас
1 килограмға дейін жетті.

  1. Екі жағынан өңделген қарапайым шапқыш тас құрал: Бифас.
  2. Бір қабат өңделген тас құралдың жүзін ұсақ кертік-ойықтар (араның жүзі сияқты) жасау арқылы өткірлеу әдісі: Ретушь.
  3. Ертедегі адамның ең алғашқы кәсібі: Терімшілік.
  4. Алғашқы адамдар аулаған аңдар: Мамонт, бизон, үңгір аюлары, маралдар мен жабайы жылқылар.
  5. Ежелгі адамдардың тұңғыш баспанасы: Үңгір.
  6. Алғашқы адамдардың бастапқы кезеңдегі топтасу жүйесі: Тобыр.
  7. Қазақстандағы ежелгі адамның алғашқы іздері жатады: Ерте палеолитке.
  8. Қазақстан аумағындағы алғашқы адамдардың замандасы: Питекантроп.

v

Мамонт
Қазақстан аумағын мекендеген ежелгі адамдар 1 млн. жыл бұрын өмір сүрген.

  1. Қазақстан аумағында ең ежелгі адамдардың өмір сүрген аймағы: Оңтүстік Қазақстан.
  2. Жамбыл облысындағы 5 мыңға жуық тас құралдар табылған тұрақтар: Бөріқазған, Шабақты.
  3. Тас дәуірінің ескерткіші – Бөріқазған, Шабақты табылды: Оңтүстік Қазақстаннан.
  4. Бөріқазған тұрағы жатады: Ерте палеолитке.
  5. Мүйізтұмсық
    Жамбыл облысынан табылған бес мыңнан (5000) аса еңбек құралдарының барлығы: Қашау мен үшкіртастар.
  6. Палеолит дәуіріне жататын еңбек құралдары табылған өңір: Жамбыл облысы.
  7. Ерте тас ғасыры тұрақтарының ең көнелері (Бұлардан табылған құралдар Шығыс Африканың Олдувай сайынан табылған ең көне құралдармен замандас):

Маңғыстау түбегіндегі Шақпақата, Қаратаудағы Арыстанды.

  1. Орталық Қазақстан жерінен түзу, кейде қайқы тас пышақ сияқты қырғыштар табылған тұрақ: Семізбұғы.

Ø Орта палеолит

  1. Жер беті күрт суып, мұздық пайда болды: 100 мың жыл бұрын.
  2. Жер бетінің күрт сууына байланысты алып мұздық пайда болған аймақтар: Еуропа мен Азияның солтүстігі.
  3. Ғалымдардың айтуынша жер бетінде пайда болған мұздықтың қалыңдығы: 2 км.
  4. Ауа-райының күрт сууына байланысты орта палеолитте: адамдар от жағуды үйренді.
  5. Ежелгі адамдар ең әуелі (мұз дәуіріне дейін) отты алды: Найзағайдың түсуінен жанған ағаштан.
  6. Ежелгі адам жіп орнына пайдаланды: Жануарлар сіңірін.
  7. Тас дәуірі адамдарының ине мен біз жасаған заты: Үшкір сүйек.

Ø Кейінгі палеолит

  1. Кроманьондық адам. Палеолиттік баспана
    Ежелгі адамның дамуы мен мәдениетінің жаңа кезеңі: Кейінгі палеолит.
  2. Алғашқы адамдардың тобырдан кейінгі топтасу жүйесі: Рулық.
  3. Рулық қауым қалыптасты: «Саналы адамның» шығу уақытында. Кейінгі палеолитте.

v Рулық қауым – туысқандардың ұжымы.

  1. Тас дәуірінде ру ішіндегі барлық мәселелер шешілді: Жалпы жиналыс.

F Кейінгі палеолит адамдары рухани жағынан жетіле түсті. Діни наным сенімдер қалыптаса бастады. Олар өлген адамдарын жерлегенде түрлі әшекей заттарын бірге көмген. Сонан соң жерленген адам маңайына киіктің мүйізін айналдыра қойған.

  1. Адамның шығу тегін жануарлар, өсімдіктер немесе табиғат құбылыстарымен байланыстыратын наным-сенім: Тотемизм.
  2. Ежелгі жандардың табиғаттың тылсым әрекеттеріне сиынып, құлшылық ету әрекеті Табиғаттың дүлей құбылыстарынан өздерін сақтау үшін түрлі тылсым әрекеттер жасау: Магия.
  3. Ежелгі адамдардың жерлеу ғұрпында өлген адам үстіне қызыл минерал бояу себу сенімінің ғылыми атауы: Анимизм.
  4. Пиктография
    Алғашқы адамдардың табиғатқа тәуелділігінен туған: Құдайға сыйыну.
  5. Адамның рухани мәдениетінің дамуы туралы мағлұмат беретін: Өнердің пайда болуы.
  6. Археологтардың тапқан сүйек пен мүйізден жасалған мүсіндерінде ең көп кездесетін бейнелер: Әйелдер бейнесі.
  7. Тасқа түсірілген сурет-хат: Пиктография.
  8. Орталық Қазақстандағы кейінгі палеолитке жататын 300-ге жуық тас құрал табылған тұрақ: Батпақ.
  9. Шығыс Қазақстандағы кейінгі палеолитке жататын тұрақ: Шульбинка.

v Оңтүстік Қазақстандағы Арыстанды өзенінің бойынан кейінгі палеолиттік тұрақтар табылды.

Мезолит (б.з.б. 12 – 5 мың жыл)

  1. Мезолит дәуірі шамамен созылды: 7 мың жылға.
  2. Ғалымдардың есептеуі бойынша мұздық ери бастады: 13 мың жыл бұрын.
  3. Мезолитте мамонт, мүйізтұмсық сияқты ірі аңдар жойылып кетті.
  4. Мезолиттің басында қазіргіге ұқсас өсімдіктер мен жануарлар түрлері қалыптаса бастады.
  5. Мезолиттің басты жаңалығы: Садақ, жебе.
  6. Мезолит адамының негізгі кәсібі: Аңшылық.
  7. Қазақстандағы мезолиттік тұрақтар саны: 20-дан астам.
  8. Қабырғалары терең көмілген, көлемі 40-60 шаршы метр мезолит баспанасы табылды: Есіл өзенінің аңғарынан.
  • Садақ пен жебе
    Мезолит заманының тұрғындары бір жерде ұзақ тұрақтап мекендемеді. Себебі: үнемі жайылымын ауыстырып, өрістеп отырған аңдардың соңынан ілесіп көшіп жүрді.
  1. Мезолитте малды қолға үйрете бастады.
  2. Алғашқы егіншілік қалыптаса бастаған дәуір: Мезолит.
  3. Алғашқы қауымды егіншілікке алып келген: Терімшілік.
  4. Егін ору
    Егіншілік пайда болды: 10 мың жыл бұрын.
  5. Алғашқы егіншіліктің егін оратын тас құралы: Тас орақ.
  6. Ертедегі егіншілердің жер жыртатын құралы: Тесе.
  7. Мезолит заманының үлкен жаңалығы, ұзындығы 1-2 см ұсақ жаңқа тастардан жасалаған құралдар: Микролиттер.
  • Мезолитте рулық қауым күшейді.
  1. Мезолит дәуірінде әйелдер мен ерлер арасында еңбек бөлінісі қалыптасты.

v Ерлер, негізінен, аң аулады, әйелдер көбінесе терімшілікпен айналысты.

  1. Орта тас дәуіріндегі балалар тобынан ересектер тобына өту үшін жүзеге асырылған: Бағыштау (инициация).

Неолит (б.з.б. 5 – 3 мың жыл)

  1. Табиғи-климаттық жағдай бүгінгі күнге ұқсас болды.
  2. Алғашқы адамдардың тас өңдеуде неғұрлым биік деңгейге көтерілген уақыты.

v Неолитте адамдар тасты жылтыратып тегістеуді үйренді.

  1. Неолит дәуірінде адамдар ойлап тапқан еңбек құралдары: дәнүккіш, келі, балта, қайла т.б.
  2. «Неолиттік төңкеріс»: Өндіргіш шаруашылыққа көшу.
  3. Неолит дәуірінің үлкен жаңалықтарының бірі: Қыш құмыра жасау.
  4. Қыш құмыра
    Ғалымдардың неолит дәуіріне берген өзгеше атауы: «Қыш құмыралар заманы».
  5. Неолитте саздан жасалған қыш ыдыстың атауы: Көзе.
  6. Еңбек құралдар
    Қазақстан жерінде кездесетін неолит тұрақтарының ең көнесі: Б.з.б 5 мыңжылдыққа тән.
  7. Қазақстан аумағынан табылған неолиттік тұрақтар саны: 500-ден астам.
  8. 150-ге жуық неолиттік тұрақ, көне кен шығару, жерлеу орындары табылған өңір: Жезқазған өңірі.
  9. Шығыс Қазақстандағы неолиттік тұрақ: Усть-Нарым.
  10. Солтүстік Қазақстандағы неолиттік тұрақ: Пеньки.
  11. Дәнүккіш
    Орталық Қазақстандағы неолиттік тұрақтар: Зеленая Балка, Қарағанды.
  12. Неолиттік Сексеуіл тұрағы орналасқан өңір: Қызылорда облысы.
  13. Сексеуіл тұрағынан табылған сүйектердің 80%-ы: Қойлар мен сиырдікі.

Энеолит (мыс-тас ғасыры)

  1. Мыс-тас дәуірінің (энеолит) хронологиясы: Б.з.б 3000-2800 жж.
  2. Бұл кезеңде адамзат баласы металдан жасалған құралдарды игере бастады.
  3. Тас пен мыстан жасалған еңбек құралдары қатар қолданылған кезең.
  4. Адамзат баласының тұрмыста тұңғыш пайдаланған металы: Мыс.
  5. Адамдар мыс өңдеуді үйренді: 7 мың жыл бұрын.
  6. Мыс-тас ғасыры қоғамындағы екі ірі өзгеріс:

1. Еңбек бөлінісі.

2. Аталық ру үстемдігі.

  1. Қоғамда ең алғашқы ірі еңбек бөлінісін туғызған жағдай: Шаруашылықтың егіншілік пен мал шаруашылығы болып бөлінуі.
  2. Жылқы сүйектері өте көп табылған Солтүстік Қазақстандағы энеолиттік тұрақ: Ботай.
  3. Энеолиттік Ботай тұрағынан табылған тұрғын үйлердің саны: 158.
  4. Энеолит кезеңінде ботайлықтардың жетістігі: Жылқы малын қолға үйрету. Энеолиттік ескерткіштер табылған Маңғыстаудағы елді мекен: Шебір.

Қазақстандағы тас дәуірінің археологиялық ескерткіштері

Аймақ Кезең Оңтүстік Қазақстан Орталық Қазақстан Шығыс Қазақстан Солтүстік Қазақстан Батыс Қазақстан
Ерте палеолит Бөріқазған, Тәңірқазған, Шабақты - Қаратау жотасы, 5 мың шақпақтастан жасалған құрал табылды. Қазанғап - Шу өзенінің оң жақ жағалауы, 300-ге жуық тас құрал табылды. Қарасу - 15 мың тас құрал табылды. Арыстанды - Қаратау (Арыстанды өзені бойы), табылған тас құралдар Олдувай тұрағының ең көне құралдарымен замандас. Семізбұғы - солтүстік Балқаш маңы, 1611 еңбек тас құралдары табылды. Құдайкөл Жаманайбат Қосмола Қозыбай   Шақпақата - Маңғыстау түбегі, табылған тас құралдар Олдувай тұрағының ең көне құралдарымен замандас. Шабақтысай Сарытас
Орта палеолит Тоқалы - Қаратау жотасы. Қызылрысбек - Ақкөлдің оң жақ жағалауынан 20 шақырым ұзақтықта орналасқан. Ш. Уалиханов атындағы тұрақ -Арыстанды өзені бойында (көпқабатты тұрақ). Үшбұлақ- аңшылар тұрағы, бұлақ бойында. Обалысай - Жезқазған маңы, ең ежелгі тұрақ. Мұзбел - Сарысу өзенінің орта ағысы. Батпақ- Есіл өзенінің жоғарғы ағысы, Қарағандының солтүстігі. Өгізтау Үлкен Ақмая Қанай Бөдене Қызылсу Ертістің сол жақ жағалауында тас «шеберханалары» табылды.   Өніжек Аққыр Құмақаж
Кейінгі палеолит Ащысай - Шолақ-Қорған поселкасының батысы, 7,5-7,8 м. тереңдіктен 15 ошақ орындарының қалдықтары бар мәдени қабат табылды. Үсіктас Соркөл Қарабас- 172 порфиротивтық құралдар (үшкіртастар, өзектастар, тас тіліктері) табылды. Батпақ - 300-ге таяу тас құрал (ерекше ілігетін құрал-сопақша келген қырғыштар). Агренасор Шүлбі - 5 мың еңбек құралдары табылды. Свинчатка Пещеры Новоникольский Қанай   Аққыр Өніжек
Мезолит   Әкімбек Қарағанды 15   Евгеньевка, Дүзбай- Тобыл өзені бойы. Мичурин, Явленка, Тельман, Боголюбово- Есіл өзенінің бойы. Виноградовка, Дачная, Селетин, Ерейментау, Екібастұз.  
Неолит Қараүңгір - Қаратаудың оңтүстік жотасы, ең көп материал осы тұрақта табылды. Сексеуіл - Арал маңы, табылған жануар сүйектерінің 80% қой мен сиырдікі. Қарақұдық, Үшбұлақ, Бүркітті, Жиделі Қараторғай- аңшылар тұрағы. Қарағанды, Зеленая Балка- үй малының сүйектері табылды. Батпақ Қосқұдық Ырғыз Усть-Нарым Қызылсу Сатшықыз Пеньки - тұрақты мекендеген адамдардың негізгі шаруашылығы орман, көлден құс, балық аулау. Железинка селосы маңында табылған қабірге өлікті өртеу(кремация) тән. Иман-Бұрлық, Қаратомар, Дамсы. Жағалбұлақ, Шатпақкөл, Сарықамыс, Шаңдыауыл, Көктүбек, Тоқсанбай, Сам, Темір, Құлсары. Солтүстік-батыс Қазақстан: Амангелді, Тұздыкөл, Виноградовка, Карлуга, Явленка, Бестамақ, Мақанжар, Тельман
Энеолит       Ботай - Иманбұрлық өзенінің оң жағалауында, XXIV-XXII ғ.ғ., ботайлықтар еуразия даласында ең алғашқы жылқы өсірушілер болған. Шебер (Шебір), Жыңғылды, Қошқарата- Маңғыстау түбегі.

Қола дәуіріндегі Қазақстан

Ø Қола дәуірі

  1. Қола дәуірінің хронологиясы: Б.з.б. 2800 – 900 жж.

F Қола дәуірінің кезеңдері:


I. Ерте қола дәуірі: Б.з.б. XVIII – XVI ғғ.

II. Орта қола дәуірі: Б.з.б. XV – XII ғғ.

III. Кейінгі қола дәуірі: Б.з.б. XII – VIII ғғ.


  1. Қола дәуірі: тастан және мыстан жасалған еңбек құралдарын ығыстырған кезең.
  2. Қоланың алыну қосындысы: Мыс пен қалайы.

v Қалайы + Мыс = Қола

  1. Қола дәуірінде негізінен қалайы игерілген өңір: Атасу, Қалба және Нарым жоталары.
  2. Қола дәуірінде негізінен мыс игерілген өңір: Зыряновск, Жезқазған маңайы.
  3. Көне заманда Жезқазғаннан 1 млн тонна кен өндіргені туралы мәлімдеген қазақтың белгілі ғалымы: Қ.И.Сәтбаев.
  4. Қола дәуірінде 1100 тонна қалайы шығарылған кен орны: Шығыс Қазақстандағы Нарым мен Қалба кен орнындары.

R Жұмсақ кен өндірілген: Қайламен омыру арқылы.

R Тығыз (қатты) кен өндірілген: Отпен уату арқылы.

v Еңбек құралдары тас немесе саз балшық қалыптарға құйылып, өңделген.

  1. Қола дәуірінде кенді қорыту үшін салынған күрделі құрылыстар: Қазандықтар

Ø Андрон мәдениеті

  1. Қола дәуірінің ең алғашқы ескерткіштері табылған жер: Сібірдегі Ачинск қаласы жанындағы Андроново елдімекенінің маңы.

v Андрон мәдениетінің алғашқы ескерткіштерін тапқан: Б.Г.Андрианов 1914 жылы.

R

 
 

Қазақстан аумағындағы Андронов мәдениетінің алғашқы ескерткіштерін тапқан: 1927 жылы М.П.Грязнов.

  1. Еуразия даласындағы қола дәуірінің мәдениеті: Андрон мәдениеті.
  2. Андрон мәдениетінің тараған аумағы: Орал (Жайық) өзенінен бастап, Енисей өзеніне дейін, Батыс Сібір орманды алқабынан, Памир тауларына дейін.
  3. Солтүстік және Батыс Қазақстанда табылып зерттелген Андрон мәдениеті қоныстарының саны: 80-нен астам.
  4. Қола дәуіріне жататын Солтүстік Қазақстандағы қоныстар: Петровка, Боголюбов, Чаглинка, Степняк.

v Петровка және Боголюбов қоныстары орлармен және дуалдармен қоршалған.

  1. Батыс Қазақстандағы қола дәуірінің қонысы: Алексеев.
  2. Шығыс Қазақстандағы қола дәуірінің қонысы: Мало-Красноярка.
  3. Ресей мен Қазақстан шекарасында орналасқан, ежелгі қалалардың ең ескі тұрағы: Арқайым

v Нақты орналасқан жері Қостанай облысы мен Челябі облысының шекарасы.

  1. Қола дәуіріне тән 30-дан аса қоныс пен 150-ден астам обалар табылған Қазақстан өңірі: Орталық Қазақстан.

R Кейінгі қола дәуірінің ескерткіші Түгіскен орналасқан аймақ: Сырдарияның төменгі ағысы.

v Түгіскен шикі кірпіштен салынған және оған кремация (өлікті өртеу) тән.


Ø Андрондықтардың шаруашылығы мен кәсібі

  1. Ерте қола дәуірінде (б.з.б. XVIII – XVI ғғ.) мал өсіру, негізінен отырықшылық, бақташылық түрде болды.

v Андронтықтар тұңғыш рет қыста малды қолда ұстау тәжірибесін енгізді.

  1. Мал шаруашылығындағы жайлаулық тәсіл дегеніміз: Жартылай көшпелі мал шаруашылығы.
  2. Мал бағудың көшпелі түріне көшу қалыптаса бастаған дәуір: Қола.
  3. Қола дәуірінде тебіндеп жайылуына байланысты саны артқан мал: Қой мен жылқы.
  4. Түйе қолға үйретілді: Б.з.б. ІІ мыңжылдықта.

v Зерттеу кезінде Орталық, Батыс Қазақстаннан табылған түйе сүйектері айқын дәлел. Үшқатты қонысынан түйенің қыш мүсіні, Ақсу-Аюлыдан бота сүйегі, Алексеевка қонысынан түйе сүйектері табылған.

  1. Андроновтықтардың жер өңдеу құралы тесе.
  2. Андроновтықтар айналысқан егіншілік түрі: Теселі егіншілік.
  3. Теселі егіншілік ең алғаш дамыған кезең: Қола.
  4. Андроновтықтардың астықты ору үшін қолданған құралдары: Орақ.

v Қола және мыс орақтар Шығыс Қазақстандағы Мало-Красноярка, Батыс Қазақстандағы Алексеев, Солтүстік Қазақстандағы Степняк қонысында және Жетісудан жерінен табылған.

  1. Көкшетау жерінде қола шалғы табылған қоныс: Шағалалы.
  2. Қыш ыдыстар, еңбек құралдар. қола дәуірі
    Қола дәуіріндегі ыдыс жасаудың ең өрістеген түрі: Көзе құмыралар жасау.
  3. Андрондықтар сүт өнімдері мен етті сақтау үшін: Еденде арнайы шұңқыр қазған.

Ø Андрондықтардың баспанасы

  1. Қола дәуірінің қоныстары көбінесе орналасты: Өзендердің жағасында, кейде көл жағалауларында.

v Қоныстар, әдетте, 5 – 10, кейде 20 шақты үйден тұрды.

  1. Қола дәуірінің тұрғын үйлері екі түрге бөлді: Жартылай жертөле үйлер, жер бетіне салынған үйлер.

v Тұрғын үйлердің аумағы 100 м2-ден 300-400 м2-ге дейін жетті.

v Қола дәуірінің ең көлемді баспаналары табылған Орталық Қазақстандағы мекендер: Бұғылы, Ақбауыр, Кент.

  1. Андрондық жанұяның үйлерінде қасиетті деп санаған орын: Ошақ.
  2. Киіз үйдің шығу тегі байланысты: Андрондықтардың жеңіл баспанасымен.

Ø Қоғамдық құрылысы, діни сенімдер

  1. Алғашқы адамдардың рулық қауымнан кейінгі қалыптасу жүйесі: Тайпа.
  2. Қола дәуірінде Қазақстан жерін мекендеген тұрғындардың қоғамдық

құрылысы: Рулық – тайпалық құрылым.

  1. Қола дәуірінде жеке меншік қалыптасты.
  2. Рулық ұжымдық меншіктің орнына келген меншік түрі: Жеке меншік.
  3. Мүлік теңсіздігінің қалыптаса бастаған дәуірі: Қола дәуірі.
  4. Қола дәуірінде қауым ішінде мал-мүлік теңсіздігінің шығуы: Әлеуметтік теңсіздікті тудырды.
  5. Қола дәуірі кезіндегі жоғары дін басылары Абыздар.
  6. Қола дәуірі абыздарының негізгі міндеттері: Салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың орындалуын қадағалау.
  7. Митра-күнбасты құдай. Петроглиф. Таңбалы
    Қола дәуірінде әр түрлі жыртқыш аңдардың тістерінен жасады: Тұмарша.
  8. Қола дәуірінде адамдарды жерлегенде басын қаратқан жақ: Батыс немесе Онтүстік-Батыс.
  9. Андрондықтардың тасқа салынған суреттері табылды: Таңбалы, Жасыбай, Хантау.
  10. Петроглифтардың көп шоғырланған Жетісудағы ескерткіші: Таңбалы.

Ø Андрондықтардың бет пішіні

  1. Антропология – адамның сыртқы биологиялық қасиеттерін зерттейтін ғылым.
  2. «Андрондықтар мұрынды келген, бет сүйегі шығыңқы емес, көздері үлкен. Кескін-кейпі ірі, дене құрылысы мығым, жігерлі, келбетті адамдар болған» - деп андрондықтардың сырт бет-бейнесін сипаттаған: Валерий Павлович Алексеев.
  3. Андрондықтар дене құрылысы жағынан ұқсаған: Еуропеоидтерге.
  4. Қостанай жеріндегі Алексеев қорымынан табылған адамның бет пішінін жасаған антрополог: М.М.Герасимов.

Ø Беғазы-Дәндібай мәдениеті

  1. Орталық Қазақстандағы қола дәуірі үш (3) кезеңге бөлінеді:

v Нұра кезеңі: Б.з.б. XVIII – XVI ғғ.

v Атасу кезеңі: Б.з.б. XV – XII ғғ.

v Беғазы-Дәндібай мәдениеті: Б.з.б. XII – VIII ғғ.

  1. Беғазы-Дәндібай мәдениетіне жататын жерлеу орындарының көпшілігі: Обалар.

v Беғазы-Дәндібай қорғандары биіктеу болып келеді және ұсақ қиыршық тастар мен топырақтан тұрғызылып, етегі үлкен қақпақтастармен бекітілген.

v Беғазы-Дәндібай мәдениетіне жататын қыш құмыралардың ернеуі тік, бүйірі шығыңқы, түбі тегіс.

  1. Қола дәуірін жоспарлы зерттеу басталды: 1946 жылы.
  2. Қазақстан жеріндегі қола дәуірін түбегейлі зерттеуді бастаған ғалым: Ә.Х.Марғұлан.
  3. Андрон мәдениетінің археологиялық символы: Самай сырға және алқа.

v Зергерлік өнері пайда болды: Б.з.б. XVI – XIV ғ.ғ.

! ………………………………………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………………………………………

ЕРТЕ ТЕМІР ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН

I. Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы

II. Сақтар

Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы

1. Темір дәуірінің қамтитын аралығы: б.з.б. 8 ғасыр – б.з. 6 ғасыры.

v Ерте темір дәуірі: б.з.б. 8-3 ғасырлар.

v Кейінгі темір дәуірі: б.з.б. 3 -б.з. 6 ғасыр.

2. Темір дәуірінің бөліну кезеңі: 2-ге.

3. Ерте темір дәуірінде мал басының көбеюіне байланысты қалыптасты: Көшпелі мал шаруашылығы.

4. Жылқыны қолға үйретуге байланысты ойлап табылған жаңалық: Үзеңгі мен ауыздық.

5. Табиғаттың дайын өнімін пайдаланған аңшы-терімшілерден көшпелілердің айырмашылығы: Өнім өндірді.

F Мал шаруашылығының белгілі аймақтарда бірнеше түрі болды:

6. Таза көшпелі тұрмыс қалыптасқан аймақтар: Батыс және Орталық Қазақстан.

7. Жартылай көшпелі мал шаруашылығы дамыған аймақтар: Шығыс Қазақстан, Жетісудың таулы аймақтары, Алтай мен Тянь-Шань.

8. Отырықшы шаруашылық дамыған өңірлер: Сырдария, Шу, Келес өзендерінің аңғарлары.

F Дәстүрлі көшпелі мал шаруашылығының дамуына байланысты қалыптасқан жайылымдар:

v Көшпелілердің жазда мал жаю орындары: Жайлау.

v Көшпелілердің күзде мал жаю орындары: Күзеу.

v

Киіз үй
Көшпелілердің жылы қоралары бар тұрақтары: Қыстау.

v Көктемгі жайылым: Көктеу.

9. Малды қыста жаюға байланысты қалыптасқан жайылым: Тебінді.

10. 3 000 жыл бұрын аталып, біздің заманымызға дейін жеткен ежелгі мерекенің бірі: Наурыз.

11. Көшпелілердің негізгі баспанасы: Киіз үй.

12. Киіз үй негізгі екі бөліктен құралған: Жабуға арналған киіз және ағаш қаңқа.

13. Киіз үйдің ағаш қаңқасы үш бөліктен тұрады: Кереге, уық, шаңырақ.

14. Киіз үйдің негізі: кереге.

15. Ерте көшпелілердің баспаналарында пеш орналасты: Баспананың ортасында.

16. Көшпелілердің баспаналарында киелі саналған орын: Ошақ маңы.

Сақтар

Ø Сақтар туралы алғашқы мәліметтер

17. Сақтар туралы мәліметтер беретін ежелгі мәтіндердің екі тобы белгілі:

1. Парсы деректері (Авеста, Бехистун)

2. Грек – рим авторларының шығармалары.

18. Сақтар туралы мәлімет беретін жазба мәтіндері сақталған елдер: Грек, Парсы.

19. «Сақ» сөзінің парсы жазбаларындағы мағынасы құдіретті еркектер.

20. «Сақ» сөзінің иран жазбаларындағы мағынасы жүйрік атты турлар.

? Сақтар туралы «Киімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас» деп жазған: Геродот.

21. Ежелгі грек авторларының сақтарға берген атауы: «азиялық скифтер».

22. Грек деректеріндегі көшпелілердің тағы да бір атауы: Дайлар.

23. Сақтар туралы дерек қалдырған грек авторы Геродот.

24. Ежелгі грек тарихшысы Геродоттың (б.з.б. 484 – 425 жж.) сақтарды атауы: Массагет.

25. Геродотты «тарихтың атасы» деп атаған: Цицерон.

? Сақтар туралы «дұшпанға – қатал, досқа – адал» деп баяндайтын: грек авторлары.

? Сақтарды «Әлемдегі ең әділ, ең шыншыл халық» деп есептегендер: гректер.

? «Сақ әйелдері ер жүрек келеді, соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмектеседі» деп баяндаған грек авторы: Ктесий.

? Олар «садақпен, қылышпен және қола балталармен қаруланған, сауыт киген» деп сақтарды сипаттаған: Страбон.

? Сақтар туралы «олардың бәрі ақкөңіл және уәдеге берік» деп құрметпен жазған ертедегі грек географы: Страбон.

? Сақтардың тәрбиелілігін сипаттап жазған ғалым: Ксенофонт.

Ø Сақ тайпаларының қоныстануы

26. Сақтардың негізгі үш (3) тобы (парсы деректері бойынша):

1. Сақ-тиграхауда (шошақ бөріктілер): Жетісу, Тянь-Шань, Сырдарияның орта ағысы.

2. Сақ-парадарайа (теңіздің арғы жағындағы сақтар): Арал бойы, Сырдарияның төменгі ағысы.

3. Сақ-хаумаваргалар (хаома сусынын дайындайтын сақтар): Мургаб аңғары.

27. Сақ-парадарайаларының оңтүстігінде қоныстанған сақтар атауы Сақ-хаумаваргалар.

28. АримаспыларШығыс Қазақстан аумағы.

29. ИссендондарСарыарқаның орталығы (Орталық Қазақстан).

30. АргиппейлерСарыарқаның солтүстік-батысы.

v «Аргиппей» латын тіліндегі мағынасы: «ақ жалды жүйрік аттардың иегерлері».

31. Сарматтар (б.з.б. 8- б.з. 5 ғ.ғ.) – Батыс Қазақстан.

32. Дах (дай), сақ-массагет тайпаларыАрал-Каспий теңіздері аралығы.

33. Сақтар құрамына кірген тайпалар: Аримаспы, аргиппей, исседон.

 
 

Ø Сақ қоғамы

34. Темір дәуірінде мүлік теңсіздігі түпкілікті орнықты.

35.

Жауынгерлер
Сақ қоғамында алғашқы қауымдық құрлыстың ыдырауынан кейін пайда болған: Әскери демократия.

36. Сақ қоғамы үш топтан тұрды:

1. Жауынгерлер.

2. Абыздар.

3. Қауым мүшлері (малшылар мен егіншілер).

37. Жауынгерлер тобына тән дәстүрлі түс:

Қызыл және сары-қызыл.

38. Сақ жауынгерлерінің ежелгі үнді-иран тіліндегі атауы: Арбада тұрғандар ( р атайштар).

39. Абыздарға тән дәстүрлі түс: Ақ.

40. Сақ қоғамындағы абыздардың танымал белгісі: Тостаған мен ерекше бас киім.

41. Сақ малшылары мен егіншілері киген киімдерінің түсі: Сары мен көк.

42. Сақ қоғамындағы «Сегіз аяқтылар» дегеніміз: Соқаға жегетін екі өгіздері барлар.

43. Рулар арасындағы даулы мәселелерді шешкен: Тайпа көсемі.

44. Сақ тайпа көсемін сайлады: тайпа мүшелері.

45. Тайпалық бірлестіктің (одақтың) билеушісі: патша.

Ø Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы

46. Сақтардың негізгі шаруашылығы: Көшпелі мал шаруашылығы.

47. Сақтар аз өсірген мал түрі: Ірі қара.

? «Сақтар құдай деп күнді есептеген және оған жылқыны құрбандыққа шалды» – деп жазған: Страбон.

48. Геродоттың жазуынша сақтар қыста тұрды: Ағаш үйде.

R Түйе өсіру кең тараған Қазақстанның далалық және шөлейт аймақтары: Батыс және Оңтүстік Қазақстан.

49. Ертеде темір қарапайым тәсілмен өндірілді: Пеш-көрікпен.

v Ерте темір дәуірінде қарапайым көрікпен пештің ең жоғарғы температурасы 1200 градусқа жетті.

v Сақтардың б.з.б. 3-2 ғғ. қазылған арықтар орны табылған жер: Алматының маңындағы Талғар қаласының жаны және Жамбыл облысының аумағы.

50. Қазақстан жерінде түсті металл қорыту, өндіру ісі өте жақсы дамыған кезең: Ерте темір дәуірі.

v Шығыс Еуропа жерінен, Кавказдан Қазақстан жерінде өндірілген металдан жасалған заттар табылды. Олар б.з. ІІ-ІІІ ғғ. аралығын жатады.

Ø Саяси тарихы

51. Сақ жеріне Кир бастаған парсы әскерлері басып кірді: Б.з.б. 530 жылы.

52. Сақтардың парсы патшасы Кирге қарсы күресін басқарған: Томирис.

53. Сақ патшайымы Томиристің өмір сүрген мерзімі: Б.з.б. 570 – 520 жж.

? Томирис туралы «Әйел болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ» деп жазған Рим тарихшысы: Помпей Трог.

§ Жаудың тұзағына түсіп, қаза тапқан Томирис патшайымның баласы: Спаргапис.

54. Томирис пен Кир шайқасы туралы жазған Рим тарихшысы: Помпей Трог.

55. Cақ жеріне келіп ажал құшқан парсы патшасы: Кир.

56. Сақ жерінде Кирдің өлтірілгендігін жазған: Геродот.

57. «Мен әскеріммен сақ жеріне жорыққа шықтым» деген Дарийдің сөзі кездеседі: Бехистун жазбаларында.

58. Дарий бастаған парсы әскерлері жорығының мерзімі: Б.з.б. 519 жылы.

59. Дарийден жеңіліс тапқан сақ көсемі: Скунха.

? Сақ малшысы Шырақтың ерлігі туралы жазған грек тарихшысы: Полиэн.

60. Ұзақ жылғы соғыста сақтардың біраз жері парсылардың қол астына қарады. Сақтар мәжбүр болды: алым-салық төлеп, парсылармен бірігіп соғысуға.

61. Марафон шайқасы болған жыл: Б.з.б. 490 жыл.

62. Б.з.б. 490 ж. болған Марафон шайқасында сақтар парсылармен бірігіп соғысты: Гректерге қарсы.


63. Б.з.б. ІV ғасырда (б.з.б. 330-327 жж.) сақ жеріне қауіп төндірген: Александр Македонский.

64. А.Македонскийдің Сырдариядан өтіп сақтарға қалай шабуыл жасағаны туралы жазған: Арриан.

65. Грек-македон басқыншыларына қарсы 3 жыл бойы күрес жүргізген сақ жауынгері: Спитамен.

?

Сақ жауынгерлері
«Скифтер өздерін және аттарын берік сауытпен мұқият қорғаған» деп көшпелілердің әскери қару-жарақтарының ерекшелігін жазған А.Македонскийдің тарихшысы: Арриан.

66. Сақтардың қысқа сапты қылышы (қанжар): ақинақ.

? Сақтардың А.Македонскийге қарсы ерлік күресі туралы жазған: Арриан.

67. А. Македонский бұйрығы бойынша Сыр бойында салынған қала: Александрия-Эсхата.

v А. Македонскийдің бұл қаланы салғызудағы мақсаты: Мемлекеттің шекаралық тірегі.

Ø Cақтардың мәдениеті

68. Қызылордадан 300 шақырым жерде орналасқан, б.з.б. ІV–б.з. ХІІІ ғасырларына жататын сақ қалашығы: Шірік – Рабат.

69. Шірік-Рабат қаласының күзет мұнаралары бар орталығы: Цитадель.

v Қала орталығынан табылған заттар

(жебенің қола ұштары, алтын қапсырмалар, саздан жасалған бұйымдар) б.з.б. 4-2 ғғ. жатады.

70. Шірік-Рабат қаласының орнынан табылды: сақ жауынгерлерінің темір қару жарағы мен сауыт сайманы.

71. Қыш күйдіретін пеш, қол диірмен тастары, тары қалдықтары табылған сақ қаласы: Бәбіш-Молда.

v Археологиялық деректерге қарағанда Бәбіш-Молда тұрғындары егіншілікпен айналысқан.

72. Ерте темір дәуірінде арнаулы рулық зираттар орналасқан жер: Қыстау маңы.

· Сақтарда қолөнер ісі өте жақсы дамыды. Қолөнер шеберлері қауым мүшелеріне қажетті бұйымдарды жасады. Сақтарда ағаш оюмен қатар ілгек, таға, түйме сияқты заттарды жасайтын сүйек өңдеу қолөнері де дамыды.

73. Б.з.б. VІІ-VI ғасырлардан бастап далалы аймақтарда пайда болған бейнелеу өнері: «Аң стилі».

v «Аң стилінің» негізгі тақырыбы – аңдар және аңыздағы ғажайыптарды бейнелеу. «Аң стилі» өнері сәндік сипатта қолданылды.

74. «Аң стилі» пайда болған ғасыр: б.з.б. VII ғасыр.

75. Сақ дәуіріндегі өнер стилі: «Аң стилі».

76. «Аң стилі» өнері дәстүрімен сақтар Алдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтарында танысты.

77. Сақтарға Ираннан тараған «өмір ағашы» дейтін аңдық стильдегі бейне: Арыстан бейнесі.

v Сақтарда әрбір ру, тайпа өзінің шыққан тегін әр түрлі аңдармен байланыстырған және оларды өздерінің қасиетті тұмары санаған.

§ Сақтар еуропеоидтік нәсілге жатқанымен, олардың бет әлпетінде біртіндеп монғолоидтық белгілер пайда болды.

78. Қазақстан жеріндегі сақтарда моңғолоидтық белгілер басым болған өңір: Солтүстік және Шығыс Қазақстан.

! ………………………………………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………………………………………


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  




Подборка статей по вашей теме: