Тапсырма №1. Техника саласының объектілері бөлшек және тетіктердің көмегімен құрастырылып бір үлкен техникалық

Тақырып: Құрастыру(1 сағат).

Техника саласының объектілері бөлшек және тетіктердің көмегімен құрастырылып бір үлкен техникалық бұйым болып өндірістерде шығарылады. Әрбір тетіктің өзінің атауы мен қызметі бар. Кез-келген бөлшектер техникада жеке қызмет атқара алмайды. Олар бір-бірімен біріктіріле объектінің негізгі қызметін атқаруға мүмкіндік жасайды. Ол техникаларды конструкторлар жобаласа, инженерлер тетіктердің техникалық сипаттамаларын есептеп өндірісте жасау технологиясын анықтап отырады.

Құрастыру дегеніміз түрлі материалды бір-біріне жапсырып, бөлшектерді біріктіріп, бір зат жасау. Жинақтау бөлшектері кез-келген табиғи немесе жасанды материалдардан жасалады. Бөлшектерді бір-бірімен ажырамалы, ажырамайтын түрде біріктірулер қолданады. Құрастыру бөлшектері: дөңгелек, планка, штифт, гайка, болт, пластина, қамытша, сақина, білік және т.б...

Практикалық сабақта «Конструктор» бөлшектер жинағынан техника моделін жинатуды орындау.

Тексеру сұрақтары.

  1. Белгіленген оқу материалындағы техникалық ұғымдарға қосымша өзгерістер енгізілді ма?
  2. Қандай сабақтың түрі мен типі қолданды?
  3. Объектіні құрастыруда оқушының қандай психикалық қасиеті дамиды?
  4. Оқушының ұғымдарды игеруге қандай дәстірлі және дәстүрлі емес әдіс – тәсілдер қолданылды?
  5. Сабақтың негізгі бөліміне кеткен уақыт мөлшері қандай?
  6. Оқушының игерген ұғымдары практикалық сабақтарда жиі қолданылуы табылады ма?

Ұсынылатын әдебиеттер.

  1. Еңбекке баулу пәнінің оқу бағдарламасы(1 сынып). -Алматы, 2003 ж.
  2. Выгонов В. В. Практикум по трудовому обучению. -М., 1999 ж.
  3. Геронимус Т. М. Урок труда. Я все умело сам (УМК). -М., 1998 ж.
  4. Гукасова А. М. Методика трудового обучения. -М., 1990ж.
  5. Давлетова К. Ш. Методика трудового обучения в начальных классах. Уральск, 2005ж.
  6. Оралбекова Т. Еңбекке баулу (1 - сынып). -Алматы, 2001 ж.
  7. Саткалиев О. С. и др. Технология 1 класс (12 лет обучения), (методическое пособие). –Алматы, 2005ж.
  8. Заворотов В. А. От идеи до модели. -М., 1988 ж.

Лабораториялық жұмыс №10

Тақырыбы: о қушыларды тұрмыстық бұйымдарды күтуге үйретудің оқыту мазмұны және оны технологиясы.

Объектісі: бастауыш мектептің оқу процесіндегі 2 – сынып еңбекке баулу пәнін оқытудың мазмұны.

Предметі: қызмет көрсету еңбегіндегі оқушылардың өзбетімен жұмыс орындау қабілетінің сабақ жоспарын құрастыру.

Мақсаты: еңбекке баулу сабағында оқушылардың тұрмыстық қызмет көрсету жұмысындағы өзбетімен орындау сабақ жоспарының жобасын жасау.

Міндеттері:

- жұмыстың құрылымы және мазмұнымен ұқыпты танысу;

- белгіленген сыныптағы тақырыптың оқу материалы мазмұнымен танысу;

- көмекші оқу - әдістемелік құжаттармен оқытудың мазмұнына тиімді оқытудың құралдарын негіздей іріктеу;

- сабақ жоспарының мазмұнын құрастыру;

- оқытудың дидактикалық материалдарын (құралдарын) жасау;

- орындалған сабақ жоспар жобасын тәжірибеде тексеру;

- орындалған жұмыс мазмұны туралы есеп беру.

Жұмыстың құралдары: бастауыш мектептің еңбекке баулу пәнінің білім беру стандарты, 2 сыныпқа арналған еңбекке баулу пәнінің оқу бағдарламасы, күнтізбелік жоспар, оқу және әдістемелік құралдар, ұсыныстар, көрнекіліктер: тұрмыстық бұйым үлгілерінің альбомы, бөлме интерьерінің бейне кескіндерінің альбомы, сыртқы киім, аяқ киім үлгілері және т.б..

Жұмысты орындауға нұсқау.

2 сыныпқа арналған тақырыптық оқу материалының мазмұнымен тапсырма №1 танысып, оқу бағдарламасында анықталған сол тақырыпқа сәйкес

білім беру мазмұнымен салыстырылады. Тақырыпқа белгіленген уақыт мөлшерін күнтізбелік – тақырып пен оқу бағдарламасынан көруге болады. Тақырыптың оқу материалы арқылы сабақтың дидактикалық, дамытушылық және тәрбиелік мақсаттары айқындалынады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру және оқушыға оқу материалын игерту үшін теориялық негіздей отырып, сабақтың тиімді және қолайлы формасы, әдістері және құралдары іріктелінеді. Оқытудың құралдарын пайымдаудан кейін сабақтың құрылымын қарастыруға кіріседі. Тақырыптың мазмұнындағы оқу материалының көлемін, қиындығын, күрделілігін, тереңдігін, аумақтылығы және т. б. ерекшеліктерін іріктеу, даралау, толықтыру, жүйелеу жұмыстарымен шұғылдана нақты оқушы өз бетімен жұмыс орындау мазмұнын нақты белгілейді. Оқушының белсенділігі мен танымдық, психикалық және физиологиялық қасиеттерінің дамуына ықпал көрсететін, оның өз бетімен жұмыс орындауға арналған дидактикалық тапсырмалар дайындалады. Оқушының өзбетімен жұмыстанатын практикалық жұмыстың объекті үлгісі жасалынып, оның көрнекіліктегі тиімді технологиялық процессі белгіленеді. Бұл объектіні оқушы практикалық сабақта жасап үлгеру уақыт мөлшері тексеріледі. Оның қажетті, нақты, қолайлы материалдары мен аспаптарын анықтау да естен қалмауы да орынды.

Келесі кезеңде оқушының өз бетімен жұмыс орындау дәрежесінің бақылау формасы мен әдістерін анықтайды. Бұл кезең аяқталғаннан кейін сабақ жоспарының құрылымын толық жазбаша құрастыруға кіріседі. Сабақтың оқыту әдістемесінің көлемі, нақты, анық және кең ашылып орындалады. Сонымен бірге, сабақ құрылымындағы кезеңдердің уақытысы белгіленеді.

Осы тақырыптық оқыту мазмұнының жобасын белгілеген сабаққа кететін жалпы уақыт мөлшеріне сәйкестігі дәл анықталады. Орындалған сабақ жоспарының жобасын ұжымды формада талқылай түзете отырып, оқытушыдан рұқсат ала, тәжірибеде (мектепте) тиімділігі мен қолайлығын сынай тексереді. Оның мазмұндылығы мен тиімділігі туралы бастауыш мектеп мұғалімдерінен пікір алып, олардың бағасы белгіленеді. Жұмыстың соңында студент өзінің жұмысы туралы оқытушыға есеп береді.

Жұмыстың орындалу шартына ескертулер.

- жұмысты орындаушы тақырыптың оқу материалын толықтыруға, тереңдетуге, ықшамдауға мүмкіндігі бар;

- оқыту түрін, формасын, құралын, әдістерін өз еркімен сабақтың мақсатына сәйкес таңдайды;

- тақырыптық сабақ жоспарының оқыту құралдары, формасы және әдістері, дидактикалық материалдары оқушының танымдық, психикалық және физиологиялық функциялары мен процесс қасиеттерін дамытуға ықпалының болуы;

- орындалған сабақ жоспарының жобасындағы құралдардың, іс - әрекеттердің дидактикалық принциптер мен критерияларына қайшы келмеуі;

- жұмысты орындаушы төмендегі материалдарды оқытушыға тапсырады:

а) сабақ жоспарының жобасына теориялық негіздемесі;

б) тақырыптық сабақ жоспарының тәжірибеде тексерілген үлгісі;

в) оқытудың дидактикалық материалдары.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: