Байланысты. Суда натрий мен кальций фосфаттары нашар ерісе, сілтілі ортада

мүлде ерімейді, қышқылдық көтерілген сайын фосфаттар жақсы еритін фосфор

қышқылына айналады. Фосфор тыңайтқыштарын біліксіз артық мөлшерде

қолданса, топырақта фосфорлану деген зардап орын алуы мүмкін. Фосфор

уытты элемент болмаса да, фосфорлану кезінде тұздардың концентрациясы

жоғары болғандықтан өсімдіктердің өсуі мен дамуы, әсіресе вегетация

басталған кезеңде тежелуі байқалады, себебі фосфордың мөлшері топырақта

көп болғандықтан басқа элементтердің біршама тапшылығы күшейіп,

өсімдіктердің қоректенуінің бұзылуы орын алуымен қатар, экологиялық

тұрғыдан зиянды ауыр металлдарды және де басқа токсиканттарды көбірек

сіңіруге ықтималдығы жоғарлайды.

Су айналымы. Бұл табиғат жағдайында былай жүреді, су мұхиттардың,

құрлықтардың, өзендердің және т. б. су қоймаларының бетінен буланып, ауа

арқылы су буы тасымалданып, шықтанып, жауын-шашынмен қайтадан жер

бетіне оралып отырады. Осылардан басқа, су айналымы процесіне

өсімдіктердің ауамен жанасатын барлық сыртқы және ішкі беттеріндегі судың

042-14.4.05.1.20 35/03-2013 №2 Басылым беттің 34 беті

булануы және жердің өте терең қабаттарындағы магмадан бөлінетін оттек пен

сутектен түзілген жер асты сулары (ювинилді сулар) жатады.

Жер бетінде судың шамамен есептеу жолымен анықталған теңдестігі (мың

км3) мынадай болады: кіріс (жауын-шашын) – 8,4, шығын – 108,4 (булану 71,1,

оған жер бетіндегі ағынды сулар қосылады – 37,3).

Су айналымының тұрақтылығы соңғы 100 жылда адамның таласуынан

бұзыла бастады. Орман алқабының азаюынан орманнан судың булануы

төмендеуде, керісінше, ауыл шаруашылығында пайдаланатын жерлерді

суармалау кезінде топырақ бетінен судың булануы артуда. Сонымен қатар,

соңғы жылдары мұхит пен теңіздің едәуір бөлігіндегі бетінде мұнай

қабатының пайда болу салдарынан судың булануы күрт төмендеп, биосфера

құрауыштарының арасындағы алмасу процестері бұзылуда. Бұрыннан

табиғатта қалыптасып келген су айналымының ауытқуына байланысты соңғы

жылдары әлемдік мұхит деңгейі көтерілуде, осындай қолайсыз жағдайға себеп

болып жатқан құрлықтағы көлдердің келуі, жер асты су қорының тиімсіз

жүйемен жұмсалуына байланысты азаюы және көшетхана эффектісінің

әсерінен мұздық жамылғысының қалыңдығының жұқаруы. Бұл

тенденциялардың әрі қарай үдеуі организмдердің әр алуандылығы мен

орналасу заңдылығын, экожүйелердің сандық және сапалық құрамын, қасиеті

мен құрылымын өзгертуі мүмкін.

Сонымен табиғатта барлық биогенді элементтердің айналымы

биогеоценоз деңгейінде өтеді. Биогеоценоздың өнімділігі әр элементтің жүйелі

түрде айналымда болуына байланысты. Мұның әсіресе ауылшаруышылық

өндірісі мен орман өсіруде маңызы өте ерекше келеді.

Адамның қалай болсада әйтеуір араласуы айналым процестерінің жүруіне

кедергі жасайды. Мысалы, орманды кесу немесе өсімдіктердің ассимиляциалау

аппаратын өнеркәсіптік шығындылармен зақымдандыру көміртекті сіңіру

қарқынын төмендетеді. Өнеркәсіптік ағындылармен суқоймаларына түскен

органикалық заттектердің молшылығынан орын алатын эвтрофикация процесі

суда еріген түрде болатын оттектің біраз мөлшерін азайтып, сулы ортадағы

аэробты организмдердің тіршілік мүмкіндігін жояды. Қазып алынған

отындарды жағып, өндіріс өнімдерінде атмосфералық азотты бекітіп,

фосфорды детергенттерге байланыстырып, адам элементтер айналымын өзімен

қалай болса да тұйықтайтын сияқты, осы жағдай оны қоршаған ортаның

химиясын толығымен басқаруға амалсыз мәжбүр етеді.

Биоталық айналымның жоғары дәрежедегі тұйықтылығы мен қоршаған

ортаның биологиялық реттелуі – биосфера эвалюциясының заңды нәтижесі.

Оттегінің циклі. Жердегі оттегінің циклі шамамен 2000 жылда, судың

шамамен 2 млн. жылда жүріп өтеді. Бұл заттардың атомдары Жер шарында әр

түрлі тірі зат арқылы өткен.

Атмосферадағы оттегінің мөлшері біртіндеп артты. Соңғы 600 млн. жылда

зат айналымдардың жылдамдығы мен сипаты қазіргі кездегі деңгейіне

жақындады. Биосфера үлкен, үйлесімді экожүйе ретінде жұмыс істейді.

Ондағы ағзалар тек қоршаған ортаға бейімделіп қана қоймай, өздері де

042-14.4.05.1.20 35/03-2013 №2 Басылым беттің 35 беті

тіршілікке қолайлы жағдайларды жасайды.Оттегі айналымы фотосинтез

процесінен басталады. Оның биоталық айналымы 250 Гт/жылына, ал

биосферадағы оның жалпы массасы 1014 т. Жер бетінде ең көп таралған

элемент: оның мөлшері атмосферада – 23,1 (288мг/л); литосферада – 47,2;

гидросферада – 86,9. Гидросферадағы оттектің мөлшері орта шамамен 4,5 мг/л,

осы оттекті су организмдері өздерінің тіршілігіне жұмсайды. Ауадағы оттектің

мөлшері ұзақтық геологиялық дәуірлер бойына биоталық реттеудің арқасында

тұрақты деңгейде келе жатыр. Осы деңгейден ауытқу орын алса, биосфера

биотасының жағдайына әсерін тигізер еді: мөлшері төмендесе мұхиттар

фаунасы елеулі азайып, көтерілсе ортаның тотығу қасиеттерінің қауіпті

жағдайға дейін өсіп кетуі мүмкін. Бұл жағдайлардың жер бетіндегі жануарлар

мен адамға да белгілі қолайсыз әсері бар. Мысалы, жануарлар мен адамдар

биік тауларға шыққанда немесе оттекті көп мөлшерде пайдаланатын жерлер

мен жасанды құрылғыларда оттетік жетіспеуін сезеді.

Озонның түзілуіне Жер бетіне түсетін күн энергиясының шамамен 5%

жұмсалады (8,6.1015 вт). Озон түзілетін реакция қайтымды болғанына

байланысты атмосфераның жоғарғы қабаттарының температурасы жоғары

болады, себебі озонның атмосферадағы көлемдік мөлшері 10-6% құрайды;

озонның ең жоғарғы максималды мөлшері 20-25 км биіктікте 4.10-6 көл. % –ке

дейін жетеді.Озон барлық тірі организмдерге әсер ететін ғарыштағы

ультракүлгін сәулеленудің едәуір мөлшерін тұтып отырады, былайша

айтқанда, биосфераның қорғағыш қалқаны, себебі тірі организмдердің

көптеген молекулалық құрылымдары осы ультракүлгін сәулелерінің әсерінен

бұзылады. Осыған байланысты озон қабатының бұзылуы (озон «тесігінің»

пайда болуы адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға елеулі өзгерістер

туғызуы мүмкін.

Үлкен және кіші зат айналым шеңберлері. Биосфера – Жердің ғаламдық

экожүйесі – экосферасы, оның құрамы мен энергиясы жер шарындағы

жануарлардың жиынымен анықталады және бақыланады. Биосфераның

биотасы мен абиоткалық компонеттерінің өзара байланысы табиғаттағы екі

негізгі зат алмасу шеңберлерімен сипатталады: үлкен (геологиялық) және кіші

(биогеохимиялық) зат алмасу шеңберлері.

Табиғаттағы үлкен зат алмасуы (геологиялық) – күн энергиясының жердің

тереңдік энергиясымен алмасуға негізделген. Бұған сондай-ақ судың үлкен

алмасу шеңберінде жатқызуға болады. Әлемдік мұхит бетінен буланған су буы

құрылыққа жел арқылы жылжып жауын-шашын түрінде құрлыққа түседі, осы

түскен жауын-шашын жер беті мен жер асты суларының ағынымен қайтадан

мұхитқа барады. Судың осындай айналымын үлкен айналым шеңбері деп

атайды, ал буланған судың жарты бөлігі қайтадан мұхит бетіне түскен

жағдайда оны судың кіші айналым шеңбері деп атайды. Мұхит бетінен судың

булануына күн сәулесінің 50% пайызы жұмсалады. Жер планетасындағы ауа

райының қалыптасуына және табиғат жағдайларына елеулі әсерін тигізеді.

Өсімдіктердің суды транспирациялау және сол арқылы биогеохимиялық

042-14.4.05.1.20 35/03-2013 №2 Басылым беттің 36 беті

циклға судың өтуін ескере отырып бүкіл дүние жүзіндегі су қорының толық

бір айналым жасауына 2 миллион жыл қажет.

Биосферадағы заттардың кіші айналым шеңбері биосфера шегінде ғана

жүреді. Бұл құбылыстың негізі фотосинтез процессі кезінде бейорганикалық

заттардан органикалық заттардың түзілуі және ыдыраған кезде органиканың

қайтадан бейорганикаға айналуы жатады. Бұл айналымның жер бетіндегі

тіршілік үшін маңызы зор, себебі осы шеңбердің өзі тіршіліктің көзі болып

саналады. Өзгеру арқылы, туылу және өлу арқылы тірі зат Жер бетіндегі

тіршілікті қамтамасыз етеді, биогеохимиялық зат алмасу шеңберін құрайды.

Жеке заттардың айналымын В.И.Вернадский биогеохимиялық циклдар деп

атады. Циклдың мәні мынада, ағзаға сыртқы ортадан түскен химиялық

элементтер белгілі бір уақтыттан кейін одан абиотикалық ортаға шығып

қайтадан белгілі бір уақыттан соң қайтадан ағзаға оралады. Мұндай элементтер


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: