Себептері мен негізгі белгілері

ӘЭ-ның қазіргі кезеңдегі дамыунда келесі бағыттарды (тенденцияларды) анықтауға болады:

?экономиканың постиндустриализациясы;

?экономиканың трансұлттануы;

?шаруашылық өмірдің ырықсыздануы (либерализациясы);

?аймақтандырылу және интеграция;

?экономиканың жаһандануы;

?әлеуметтік-экономикалық дамудың теңсіздігі.

?Осы тенденциялардың барлығы өзара тығыз байланысты, бір-біріне себепші болады және ӘЭ-ның қазіргі кездегі сипатын айқындайды.

Экономиканың постиндустрализациясы – өндірстің автоматтандыруы мен компьютерлеуі, ғылымды көп қажет ететін және жоғары технологиялы салалардың өсуі, өндіріс және тұтыну құрылымында қызмет көрсетудің басым болуы, білімдердің негізгі экономикалық ресурсқа айналуы. Өрлеудің негізі – ақпараттық технологиялар мен инновациялар.

Индустриалды қоғам – ең алдымен экономикасы өңдеуші, ірі машиналық өндіріске негізделген, яғни, экономиканың «екінші деңгейлі секторы» дами бастайды. Экономикалық ресурстың негізгі түрі капитал болды.

Постиндустриалды қоғам – бұл ақпараттар мен білім өндірісі мен айырбасында телекоммуникация және компьютерлер негізгі рөлді орындайтын организм.

Американдық социолог Д. Белл адамзат тарихын үш кезеңге бөледі:

1. Индустрияға дейінгі;

Бұл кезеңде ауылшаруашылықтың басым кезі, қолөнер, балық аулау және тағы басқалар. Негізгі ресурс табиғи ресурстар болды.

2. Индустриялды;

Мұнда өнеркәсіп пайда болды. Алдымен мануфактуралық, кейіннен ірі машиналық өндірістің болуы. Екінші сектор. Негізгі ресурс капитал.

3. Постиндустриялды

Әлемдік экономиканың трансұлттанудың мәні, себептері және белгілері

Экономиканың транснасұлттануы – трансұлттық корпорациялардың (ТҰК-дың) санының, экономикалық қуатының және іс-әрекеті масштабының өсуі, олардың ӘЭ-ның маңызды бір субьектілеріне айналуы. Олардың саны әсіресе ХХ ғ II жартысында көбейді. Информациялық қоғамның қалыптасуы және постиндустриальды модернизация халықаралық қатынастарда көптеген өзгерістер мем шешімі көп сұрақтарды туындатты. Яғни бұл әлемдік экономиканың трансұлттануының бастауы болды.

Әлемдік экономиканың трансұлттанудың мәні. Өндірістің үлкен көлеміне қолжеткізу және капиталдардың келуі үшін көптеген корпорациялар өз ұлттық шегінен шығып басқа өндірушілермен бірігуге тура келді. 80-ші жылдары, трансұлттық компаниялар әлемдік шаруашылықтың 45%-н бақылап отырды. Трансұлттық компаниялардың қызметінің негізгі эффективти факторы мемлекеттердегі саяси тұрақтылық болып табылады.

Әлемдік экономиканың трансұлттануы процесстері пошлиндық емес сауда зоносын, мемлекеттер арасындағы серіптестік қатынастарды, интеграцияны қалыптастырады. Əлемдiк экономикада шын мəнiсiнде дамыған елдердiң ұлттық компаниялары болып табылатын трансұлттық компаниялардың (ТҰК) мүдделерi үстемдiк етiп отыр. Қазiргi кезде ТҰК əлемдiк өнеркəсiп өндiрiсiнiң жартысына дерлiгiн бақылайды.

Әсіресе әлемдік нарықты жаулап алудың белсенді әрекетерін трансұлттық компаниялар 1950-жылдардың басынан жүзеге асыра бастады, бұған халықаралық экономикалық байланыстарды либерализациялау саясаты, отаршылдықтан босаған жаңа мемлекеттердің пайда болуы, тұтынушы сұраныстың өсуі және өзге де факторлар оңтайлы әсер етті. Трансұлттық компаниялардың саны, масштабы және көлемі жөнінен қарқынды дамуы олардың халықаралық экономикада маңызды рөл ойнауына жол ашты.

Әлемдік экономиканың интернационализация және ғаламдану үрдістері, қаржылық саладағы ұшқыр бәсекелестік трансұлттық банктердің қалыптасуы мен өрістеуіне жағдай жасады. Халықаралық деңгейде компаниялардың бірігуі, лизинг, несиелеу және инвестиция құю операцияларын жүргізетін күшті қаржылық институттардың ТҰК-дың негізгі элементіне айналуы қалыпты жағдай санала бастады.

Соңғы онжылдықта бірігу есебінен ТҰК іріленуі күшейді. Бұл бірнеше себептермен түсіндіріледі. Біріншіден, осы жолмен ТҰК оларды қызықтырушы нарық көздеріне оперативті және эффективті қол жеткізуге мүмкіндік алады. Екіншіден, бірнеше нарықта бір мезгілде болу олардың бір немесе бірнешеуінде конъюктураның нашарлануы жағдайында үлкен тұрақтылықтықамтамасыз етеді. Үшіншіден, өндірістің қазіргі технологиялық деңгейін, ғылыми-зерттеу жұмыстарына жұмсалатын қаржыны қамтамасыз ету мақсатында ірі трансұлттық компаниялар үшін олар тартатын қаржылық ресурстар қол жетімді болып табылады.

Әлемдік экономиканың трансұлттанудың ерекше белгiлерi: нарықтарға ғаламдық тұрғыдан көз жiберу жəне бəсекенi əлемдiк ауқымда жүзеге асыру; əлемдiк нарықтарды бөлiсу; өз елдерiнiң мемлекеттiк аппаратын компаниялардың мүдделерiн iлгерiлету үшiн пайдалану; ТҰК жұмыс жүргiзiп отырған мемлекеттерге экономикалық жəне саяси ықпалды жүзеге асыру болып табылады

6. Әлемдік экономиканың аймақтануы мен интеграциялануы.

Әлемдік экономикада аймақтану мен интеграция үдерістері: мәні мен себептері

Әлемдік экономикадағы интеграция (экономикалық бірігу) -

· түрлі елдердің ұлттық шаруашылықтары арасындағы ынтымақтастық және олардың толық (немесе ішінара) бірегейлендірілуі;

· осы елдер арасындағы саудада кедергілерді жою;

· бір үлкен (ортақ) нарық құру мақсатымен жекелеген елдердің әрқайсысының нарықтарын жақындату, экономикалық объектілердің жуықтасуы, өзара астасуы (бірлесуге Дейін).

Экономикалық бірігу үдерісі түрлі деңгейлерде жүргізіледі. Деңгейлес (компания бәсекелестің компаниясын өзінің бақылауына алады немесе өндірістік үдерістің бірдей сатысындағы бірдей салада істейтін компанияларды қосып алады) және сатылaс экономикалық бірігу (компанияның қызметі ақырғы өнімді өндірудің технологиялық тізбегіндегі екі не одан көп буынды қамтиды; ол өнімді өндіру мен еткізудің барлық сатысын: шикізатты өндіруден көтерме немесе бөлшек саудаға дейін қамтуы мүмкін) түрлеріне бөлінеді. Экономикалық бірігу халықаралық сипатта болады және ұлттық шаруашылықтарды бірыңғай халық шаруашылығына бірігуге дейін жақындастыруды көздейді. Экономикалық бірігу - шаруашылық өмірдің интернационалдануының жоғары нысаны. Оның негізін капитал мен өндірістің интернационалдануы құрайды, ол әуелі микродеңгейде (фирмалар Мең банкілер деңгейінде) болады, сонан соң макродеңгейге (мемлекеттер деңгейіне) шығады. Сонда экономикалық бірігу халықаралық келісімдермен және шарттармен ресімделеді. Экономикалық бірігу өзінің жогары көрінісінде институттық сипат алады, яғни тұрақты эрекет ететін халықаралық органдар нысанында болады. Халықаралық интеграциялық бірлестіктердің басты нысандары: еркін сауда аймағы, кеден одағы ортақ нарық, экономикалық және валюталық одақтар — экономикалық бірігудің жоғары нысаны. Қазіргі кезде әлемде экономикалық бірігудің жоғары сатысында Еуропа одағы (ЕО) тұр, ол ортақ нарық сатысынан өтті. Еркін сауда аймағына НАФТА (Солтүстік-американ еркін сауда қауымдастығы),Оңтүстік Америкадағы мемлекеттердібіріктііруші ортақ нарық МЕРРКОСУР үлгі бола алады. Ресей, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан арасындағы Кеден одағы туралы келісім жасасылды.

Аймақтану үдерісі ХХғ 50 жылдарында Еуропа құрлғынан бастау алып,одан біртіндеп Азия,Африка елдеріне,Латын Америка елдерінен,АҚШқа дейін таралды. Аймақтану ол халықаралық экономикалық интеграцияның негізгі базасы болып табылады.Бұл термин көрші елдердің экономикасының бір әлемдік кешен болып қалыптасуы,негізгі мақсаты сол елдердің компанияларының бір орталыққа бірігуі.Оған мысал ретінде ХХ ғ АҚШтың ірі ТҰКның Канада мен Мексиканың немесе Батыс Европаның корпорацияларымен қарым қатынасты кушейтуі.

Аймақтану мен интеграция үдерістері жаһандану процесінің әсерінен пайда болды.Яғни әлемде қанша мемлекет бар болса сол мемлекеттердің арасындағы нақты шекарасының бұзылуы.Аймақтану қазіргі таңда аймақтар арасындағы жаһанданубелгісі.

7. Экономиканың жаһандануы: мәні мен даму факторлары. Экономиканың жаһандануының әлеуметтік-экономикалық салдары.

Экономиканың жаһандану жағдайындағы кәсіпкерлік ресурстардың маңыздылығы. Әлем елдері бойынша кәсіпкерлік ресурстардың бөлінуі

Кәсіпкерлік ресурс – бұл шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін барлық қалған ресурстарының (табиғи, еңбек, қаржы, ақпараттық және т.б.) өзара әрекетін тиімді ұйымдастыруға қабілетті ерекше экономикалық ресурс.

Кәсіпкерлік ресурстың құрама бөлігі ретінде нарықтық инфрақұрылым – нарықтық институттар, сонымен қатар кәсіпкерлік этика және мәдениет, кәсіпкерлік қоғамдық рухы кіреді.

Кәсіпкердің маңызды бір белгісі – инновацияның немесе жаңалықтарды жаңадан ойлап табу, идеялар, өндірісті басқару және ұйымдастыру формалары) енгізудің (жүзеге асырылуы. Сондықтан кәсіпкерлік ресурс экономиканың дамуының қазіргі инновациондық түрі жағдайында жетекші ресурс болып саналады. Постиндустриалды қоғамның қалыптасу процесі инновацияларға негізделеді. Кәсіпкерліктің инновациялық қызметі экономикалық дамудың қозғаушы күші болып табылады, ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді және бәсекелестік күрестегі мемлекеттің көшбасшылығы үшін жағдай жасайды. Жаһандану жағдайында үздік болуға ұмтылған елдерге инновациялық іс-әрекетті белсендіру және инновациялық үрдіске алғырлықты жоғарлату маңызды бір мақсатқа айналады.

Жаһандану жағдайындағы кәсіпкерлік ресурстың көп болуы,ол сол елдің инфрақұрылымының дамығандығын және ары қарай дамитындығын көрсетеді.Ондай мінездемеге дамыған елдер ие,өйткені олар жүз жылдап кәсіпкерлік ресурсты өсірді(Европа) немесе бұрыңғы кәсіпкерлік мәдениіттің мұрагерлері(Солтүстік Америка) сонымен қатар жаңадаан дамып кее жатқан мемлекеттер индустриалдық немесе саудалық дәстүрі терең елдер жатады(Шығыс және Оңт.Шығыс Азия елдері жатады).

Жаһанданудың қазіргі заманға сай шарттарыарқылы кәсіпкккерлерге еңбек,табиғи ресурстар,капиталдық ресурстар басқа алыс мемлекеттерде орналасса да қол жетімді бола алады.Бұл төмендегілермен түсіндіріледі:

1. жаһанданудың арқасында жер шарындағы барлық мемлекеттер табиғи ресурстар мен капиталға оңай қол жеткізе алатын болды.Кәсіпкерлікті бұл екі ресурс арқылы іске асыра алмайды.Сондықтан кәсіпкерлік ресурстар(яғни,жоғары білімді мамандар)қажет екені көрінеді.Кәсіпкерлік ресурс үлкен пайдаа алып келуші;

2. сыртқы нарықпен мүлдем қатынаста болмайтын,компаниялардың өзі,ішкі нарықта өз ісін дұрыс басқара алмайды.Өйткені шетелдік алпауыт бәсекелестерінің қыспағына ұзақ уақыт шыдай алмайды.Жаһандану үдерісінде бәсекелестерінен өз бизнесін сақтап қалу үшін,басқару жүйесін жөндеу керек,өзінің кәсіпкерлік потенциалын тиімді қолдануы керек.

ХХ ғ. соңында АҚШ-да, Батыс Еуропада, Жапонияда шағын және орта кәсіпкерліктің қарқынды өсуімен көрінген өз кезегінде «кәсіпкерлік революция» көрініс тапты. Бұл елдерде көп жағдайда дәл осы шағын бизнес жаңа технологиялық жаңалық енгізудің қайнар көзі болып табылады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, шаруашылық қызметің ырықтандыру дәрежесі жоғары болғанда, елдерде кәсіпкерлік қабілеттері ең тиімдірек іске асырылады. Ол мемлекеттік институттардың жоғары тиімділігімен сәйкестелуі, шағын және орташа кәсіпкерліктің және ішкі нарықтағы бәсекелестікті ынталандыру саясатын белсенді түрде мемлекеттік қолдау болуы тиіс. Сонымен, бизнестің және мемлекеттік аппараттың арасындағы тығыз байланыс ұлттық экономикаға жағымды әрекет ретінде болса (мысалы, Жапония мен Оңтүстік Кореяның жоғары кәсібилік негізіндегі әрекеті), сондай-ақ жағымсыз (Үндістанда және Бразилияда – сыбайлас жемқорлық негізінде құрылған өзара әрекеттесу) болуы мүмкін.

Дамушы елдерде шағын кәсіпкерлік қалың бұқара топтарының өмір сүруінің дәстүрлі аясы болып табылады. Шағын кәсіпорындардың ең көп тараған қызмет аумағы – ең бастысы кедей бұқара халықтың төлем қабілетті сұранысың қанағаттандыратын, жартылай қолөнер өндірісіндегі, кіші саудадағы өнімсіз еңбек.Өтпелі экономикалы елдерде шағын кәсіпкерлік саудада, ауыл шаруашылығында, қызмет көрсету саласында, өндеуші өнеркәсіпте тараған.Дамушы елдерде және өтпелі экономикалы мемлекеттерде ғылыми-техникалық шағын кәсіпкерлік жоқ деп айтуға болады. Ол мүлдем жоқ, немесе өте аз және шетел фирмаларының, ТҰК-дың тікелей тапсырыстарымен жұмыс істейді.Сонымен бірге, қазіргі жағдайда ғылымды және кәсіпкерлікті біріктіретін инновациялық бизнес басты маңызға ие болып отыр.

8. Әлем елдері топтарының негізгітиптері мен критерийлері. Әлемдік Банктің әлем елдерінтоптастыруы. ЖІӨ есептеудің әдістері.

Әлемдегі елдерінің типологиясының (классификациясының) критерийлері мен негізгі өлшемдері.

Қазіргі таңда 240-қа жуық елдер бар, яғни, мемлекеттік рәсімделген тәуелсіз немесе белгілі бір территориясы бар және құқықтық қатынастарда мойындалған өзін-өзі басқаратын адамдар тобы. Олар ауданы, тұрғын халқы, этникалық және ұлттық құрамы, экономикалық және мәдени даму деңгейі мен ерекшеліктері, халықаралық еңбек бөлінісінде және жалпы халықаралық қатынастарда алатын орыны бойынша өте әр түрлі.

Әлемдегі елдердің қандай да бір жалғыз-ақ және жеткілікті классификациясы (типологиясы) жоқ. Классификацияның әр түрлі нұсқасы әр түрлі белгілерге (критерийлерге) негізделеді. Елдердің топ-топқа бөлінуі олардың тарихи, экономикалық, саяси және мәдени өркендеуінің ерекшелігіне байланысты. Бірқатар зерттеушілердің пікірінше, қазіргі кезде әлемнің барлық елдерін экономикалық даму деңгейі бойынша тек қана екі топқа бөлуге болады: орталық және периферия.

Орталық әлемдік экономиканың ядросын құрады және постиндустриялды, тиімді нарықты экономикасы бар ӛнеркәсібі дамыған елдерден (шартты түрде Батыс елдері деп аталатын) тұрады.

Периферия – бұл дамушы елдер, олардың дамыған елдермен салыстырғанда еңбек өнімділігі және тұрғын халықтың жан басына шаққандағы табыстары төмен.

Әлем елдері типологиясының критериилері:

· Жан басына шаққандағы ЖІӨ;

· Экономиканың салалық құрылымы;

· ЖІӨ-дегі өңдеуші өнеркәсіптің үлесі;

· Өмір сүру деңгейі мен сапасы (білімділік деңгейі, өмір сүру ұзақтығы, т.б.).

Бүкіләлемдік банктің әдістемесі бойынша елдердің классификациясы. Бүкіләлемдік банк өз методологиясы бойынша жылсайын әлемнің елдеріндегі жалпы ұлттық табыстың (ЖҰТ) жан басына шаққандағы көрсеткішті есептеп отыра барлық мемлекеттер мен территорияларды келесі топтарға бөледі:

Жан басына шаққандағы табыстары жоғары елдер (12276 долл. жоғары - 2010 ж.)

Жан басына шаққандағы табыстары орташа елдер (3976 долл. -12275 долл. дейін - 2010 ж.)

Жан басына шаққандағы табыстары төмен елдер (1005 долл. аз - 2010 ж.)

БҰҰ-ның классификациясы. Қазiргi кезде ХХ ғ. 90-ші жылдарынан бастап БҰҰ классификациясы бойынша барлық елдерi үш топқа бөлінеді:

өнеркәсiбi дамыған

дамушы

өтпелi экономикалы елдер

Бұл топтастырудің негізінде ұлттық экономикаларды даму деңгейі және нарықтық қатынастардың даму дәрежесі критерийі жатыр.

Дамушы елдердің сипаттамасы:

· Экономикалық және әлеуметтік дамудың төмен қарқыны;

· Әлсіз ұлттық жеке капитал;

· Экономикадағы мемлекттік сектор рөлінің жоғарылығы;

· Өндірістік дамыған елдерден ғылыми-техникалық тәуелділік;

· Қатты әлеуметтік қарама-қайшылықтар.

Әлем елдерінің Бүкіләлемдік банктің классификациясы. ЖІӨ-ді есептеу әдістері және елдердің экономикалық даму деңгейін салыстырудағы маңызы

Бүкіләлемдік банк әлемнің елдерін жылсайын есептеп отыратын жалпы ұлттық табыстың (ЖҰТ) жан басынашаққандағы көрсеткіші бойынша жіктейді және барлық мемлекеттер мен территорияларды келесі топтарға бөледі:

1. Жан басына шаққандағы табыстары жоғары елдер - 12276 АҚШ долл. және одан жоғары;

2. Жан басына шаққандағы табыстары орташа елдер – 3976 - 12275АҚШ долл.

3. Жан басына шаққандағы табыстары төмен елдер - 1005 АҚШ долл.

Қазақстанды 2011 ж. нәтижесі бойынша Бүкіләлемдік банк табыстары орташадан жоғары елдер қатарына қосты – 8220 долл.

ЖҰТ-тың жан басына шаққандағы көрсеткіші бойынша 2009 ж. әлемнің 213 елдерінің арасында алдынғы орындарда Монако (183150 долл.), Лихтенштейн (137070 долл.), Норвегия (88890 долл.) елдері орналасты, ал ең төмен көрсеткіштер Сьерра-Леоне (340 долл.), Бурунди (250 долл.), Либерия (240 долл.) және Конго Демократиялық Республикасы (190 долл.) елдерінде болды.

ЖҰТ/ ЖІӨ-ның жан басына шаққандағы көлемі жайлы деректерде елдердің технологиялық даму дәрежесі, оның экономикасы құрылымының күрделігі, тұрғын халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасы көрсетілмейтінің ескеру қажет.

Әлемдегі елдердің даму деңгейін ЖҰӨ/ЖҰӨ-нiң жан басына шаққандағы көлемi арқылы салыстыру үшін оның мөлшері АҚШ долларымен екі өлшеммен есептеледі:

- айырбас (валюта)бағамы арқылы;

- сатып алу қаблеттілігі паритеті (СҚП) бойынша.

Ағымдағы валюта бағамы бойынша есептелген ЖІӨ-нің көлемі жеке елдер мен аймақтардың нақты өлшемдерін анықтай алмайды. Оның себебі – валюта бағамдары негізінде елдің сыртқысаудалық жағдайларын бейнелеп көрсетеді (сыртқы сауданың қалыпына байланысты валютаға сұраныс пен ұсынысты).

Белгілі бір елдің ЖІӨ-ін нақтырақ бағалау мақсатында валюталардыңсатып алу қабілетінің паритетіқолданылады. СҚП әртүрлі елдердегі тауарлар мен қызметтердің бағаларының айырмашылықтарын ескереді және сатып алу қабілеттілігі бойынша ұлттық валюталардың арасындағы арақатынасын көрсетеді. Ол ұлттық валюталардың айырбас бағамдарымен мүлде үйлеспейді.

СҚП АҚШ-да сатып алуға болатын тауарлар мен қызметтердің ұқсас жиынтығын сатып алуға қажетті ұлттық валюталар бірлігінің санын көрсетеді, яғни осы жиынтық зерттеліп отыратын елдің ұлттық валютасымен және АҚШ долларымен есептелгенде қанша тұратынын анықтайды. Басқа сөзбен айтсақ, бұл ұлттық валюта бірліктерінің белгілі бір саны, оған АҚШ-та 1 долларға тауарлар мен қызметтердің ұқсас өкілдік себетін сатып алуға болады.

СҚП бойынша есептелген ЖІӨ-нің көлемі валюта бағамы бойынша ЖІӨ-нен едәуір ерекшеленеді (20-40%-ға дейін), өйткені бірынғай тауарлар мен қызметтердің бағалары әр елде бір-бірінен елеулі өзгешеленеді. Әдеттегідей, жалпы алғанда дамыған елдерде бағалардың деңгейі жоғары, ал дамушы елдерде – төмен болады.

Сонымен бірге, ЖІӨ-нің көлемін айырбас валюта бағамы арқылы есептегенде кейбір елдерде валюта бағамдары бірқатар дамыған елдерде аса көтерілгенді (мысалы Жапонияда), ал басқа елдерде, керсінше, төмендетілгенді (мысалы Қытай мен Ұндістанда) ескеру қажет.

9. Елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерінің арасындағы алшақтық және оны жеңудің жолдары.

Елдер арасында әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша алшақтықтың негізгі көрсеткіштері. Елдер арасында даму деңгейлеріндегі алшақтықтың азаюы/ұлғаюы. Әлем әлеуметтік-экономикалық табиғаты жағынан біржақты емес. Әр түрлі елдердегі эконмикалық даму көрсеткіштерінің алуан түрлі болғандықтан экономикалық даму деңгейін бір көзқараста қарауға болмайды. Ұлттық экономика мен әлемдік шаруашылықтың даму кезеңі негізгі көрсеткіштерге өзгерістер енгізеді. Ең қарапайым түрі –ол жан басына шаққандағы табыс деңгейіне байланысты бөлу. Әлем елдерінің ЖІӨ жиынтық көлемі 2012 ж бойынша сатып алу қабілеті паритеті бойынша алғашқы ондық: Катар, Лихтенштен, Люксембург, Сингапур, Норвегия, Бруней, АҚШ, ОАЭ, Швейцария, Канада, Австралия. Сатып алу паритететі қабілеті бойынша жан басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткіштері бойынша қамтамасыз етілген елдер мен территорияларға: Люксембург, Катар, Норвегия, Бруней, Кувейт, США, Сингапур.әлемнің ең кедей елдері Африкада орналасқан, оларға Бурунди, Центрально-Африканская Республика, Демократическая республика Конго, Эфиопия, Гамбия, Гвинея-Биссау, Либерия, Малави, Нигер, Зимбабве, Мозамбик. Аталған елдердегі жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 250-ден 750 долл./адам. құрайды. Бұл көрсеткіш бойынша Ресей 48 орында, Қазақстан 60 орында. ТМД ең кедей елі Тәджікістан болып табылады -155 орында. Әлемнің дамушы елдері арасында соңғы онжылдықтарда Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия (ОША) елдерінің жетекшілігі айқындалды. Соңғы екі онжылдықта ОША елдері арасында экономикалық өсімнің жоғарғы қарқынын Қытай көрсете алды. Болашақта әлемнің экономикалық орталығы Шығыс Азия және ОША (Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, тұтастай ОША-ның ЖИЕ-рі) болуы мүмкін, олар қазір әлемдік ЖІӨ 30%-ды құрайды. Осы аймақтың позициясының күшеюі сондай-ақ оның потенциалды жоғарғы қарқынмен даму үстіндегі көрші елдерді – Оңтүстік Азия, Солтүстік Америка, Латын Америкасы, Австралия мен Океанияны өзіне тарту орталығы болып құрылуынан көрінеді. Бұл әлемнің макроаймағы – Азиялық-Тынық мұхиттық аймақ (АТА) деп аталады. Экономиканың даму деңгейінің басқа да көрсеткіштеріне еңбектің өнімділігі, жан басына шаққандағы электроэнергияның жылдық шығарылымы, өнеркәсіптік өндірістегі және экспорттағы ғылымды қажет ететін өнімдер, әлемдік нарықтағы тауарлар мен қызметтердің бәсекегеқабілеттілігі, экономика жағдайы (ЖІӨ өсім қарқыны), ЖІӨ және жұмысбастылық құрылымы. Аталған әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша елдерді 3 топқа бөлуге болады: нарықтық экономикадағы өнеркәсібі дамыған елдер, олар әлемдік шаруашылықтың тірегі десе де болады; Азия, Африка, Латын Америка мен Океанияның дамушы елдері немесе үшінші әлем елдері десе де болады; өтпелі экономикалы елдер, шаруашылықты дамытудың жаңа формалары жолында тұрған Шығыс Еуропа мен Ресей елдері болып табылады. Қазіргі таңда байллар мен кедейлер расындағы табыс алшақтығы ұлғаюда. Ғылым мен технологияның дамуы, экономиканың алға шығуы тек бірқатар елдерде ғана орын алды, ол «алтын миллиард» деп аталатын жерде орын алды. Яғни, алтын миллиард ол дамыған және дамушы елдердің өмір сүру деңгейіндегі теңсіздік болып табылады. Жаһанданудың дами түсуі – теңсіздіктің артуына алып келді, ол әлеуметтік қысымды көтерді. Нарықтағы бәсекелестіктің күшеюі жаһандану шарттарында мықты державалар үлкен күшке ие болуда. Соңғы жылдары «батыс» пен «үшінші әлем» елдері арасындағы экономикалық даму деңгейі теңесуде. Бұл жаһандану салдары деп, және үшінші әлем елдерінің тұрғындарының білім деңгейінің артуымен түсіндіріледі. Сонымен қатар демографиялық және әлеуметтік-мәдени үдерсітерге байланысты, XX ғ. 90ж үшінші әлем елдерінің көбі білімділік деңгейі артты, бір жағынан экономикалық өсуді ынталандырды, екіншіден туудың қысқаруымен тұрғындар санының өсу қарқынын азайтты. Оыс үдерістер нәтижесінде үшінші әлем елдерінде жан басын ашаққандағы ЖІӨ көлемінің артуы орын алды және біріні әлем мен екінші әлем елдері арасындағы өмір сұру деңгейіндегі алшақтық қысқарды.

10. Әлемдік экономиканың табиғи-ресурстық әлеуеті. Әлемдік шаруашылықтағы табиғи ресурстардың біркелкітаралмауы.

Әлемнің табиғи ресурстарының негізгі түрлері және олардың елдер арасында бөлінуі

Табиғи ресурстар – шаруашылықта қолданылып жүрген немесе қолднуға болатын табиғаттың құраушылары.

Табиғат ресурстарының түрлері:

- минералды;

- жер;

- су;

- орман;

- әлемдік мұхит;

- реаккрациондық.

Табиғи ресурстар, олардың қолдану саласына қарай — өндірістік, денсаулық сақтауга қажетті, ғылыми, эстетикалык деп бөлінеді. Табиғи ресурстары сарқылмайтын және сарқылатын екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорлар адам баласына тәуелсіз болып келеді. Сарқылатын қорлар өз кезегінде қалпына келетін және қалпына келмейтін деп жіктеледі. Мысалы, қазба байлықтар, мұнай, көмір қорлары қалпына келмейтін байлық көзіне жатады. Қалпына келетін қорлар да адамның ақыл-ойына тәуелді болады. Олар – топырақ, өсімдік пен жануарлар әлемі.

Шаруашылықта қолданылатын болғандықтан бұл ресурстарды 2 топқа бөлуге болады:

1)өнеркәсіп өндірісініің ресурстары;

2)ауылшаруашылық өндірісінііің ресурстары.

Ресурстардың запастарының бғааудың әр түрлі әдііісері бар. БҰҰ ң әдістемесі бойынша табиғи ресурстар келесідей бөлінеді:

1) Барланған. Барлаудың немесе зерттеудің қазіргі әдістерімен анықталған техникалық қолжетімді және тиімді.

2) Алдын ала бағаланған. Теоретикалық есептеулер мен зерттеулердің негізінде белгіленген нақты анықталып, техникалық жағынан алынатын қорларды немесе резервтерді және қазіргі кезде техникалық және экономикалық себептерге байланысты менгеруге болмайтын табиғи ресурстардың қорлары.

3) Болжамдалған. Тау кен орнының геологиялық ерекшеліктері туралы болжамдық негізделген.

Әлемдік табиғи ресурстарға деген қажеттілік куннен кунге артуда. Шикізаттық ресурстардың маңызды түрлерінің әлемдік ресурстарының өсу қарқыны әлемдік жалпы өніммен әлемдік өнеркәсіптік өндірістің өсу қарқынына шамамен сай келеді.

1951ж- 1990ж аралығында әлемдік жалпы өнім 3 есе өсті, әлемнің өнкәсіп өндірісі 3,6 есе өсті, ал өндірусаласының өнімі 3,7 есе өсті. Мұнай өндірісі – 4есе, таби5и газ – 5,8 есе, ал пластмасса – 40 есе өсті.

Шикізаттық ресрстардың әлемдік өндірісі мен тұтынылуына абсолютті өсуіне ҒТП ккедергі болады. ҒТП дамуына байланысты дайын өнімнің өндірісі материалды және энерго сиымдылығыны кму үрдісі кедергі болады.

Табиғи ресурстар елдер арасында бірііңғай бөлінбеген. Әлемдегіелдер табиғи ресрстармен қамтамсыз етілуін сипаты мен деңгейі бойынша әр түрлі дәрежеде орналасқан. Шындығында ешқандай ел бүгінгі экономикасы үшін қажетті минерады ресурстармен толық қамтылмаған және оларды импорттаудан бас тарта алмайды.

Тек қана бінеше елдер табиғи ресурстардың ен көп бөлігіне ие олар: АҚШ, РЕСЕЙ; КАНАДА; ҚЫТАЙ және Қазақстанда да жатқызуға болады.

Негізінде жақсы қамтамасыз етілгендер:Бразилия, Үндістан, Австралия, Қазақстан.

Кейбір елдер 1-2 ресурстармен ғана қамтамасыз етілген: олар: Оңт Африка, Таяу Шығыс, Араб елдері.

Сонымен қатар табиғи ресурстардың ең аз қоры: Жапония, Африка елдері, Бурунди, Чад.

Әлем халқының 4,5% және минералды ресуртардың 20% ие болып отырған АҚШ әлемдік табиғи ресурстардың 40% тұтынады, әсіресе отын шикізаты. Ал Жапония, Канада әлемнің халқының 9% ие және табиғи ресурсардың 30% түтынады. Егер артық айтсақ дүниежүзілік мұнай қоры 200—300 жылға жетеді, ал шындығында колда бар мұнай қоры тек бірнеше жылға ғана жетуі мүмкін. Өйткені мүнай өндіру көлемі жыл сайын артып отыр. Мысалы, 1960 жылдары мүнай мен газ конденсатын өндіру мелшері шамамен 1 млрд т, ал табиғи газ ендірісі 5 трлн м3 болған. Ал 2000 жылы бүл көрсеткіштер тиісінше 3,5 млрд т және 23 трлн м3-ге жеткен. Қоңыр көмірдің барланған қорынын басым бөлігі және оны өндіретін өнеркәсіптің көпшішгі дамыған елдерде шоғьгрланған. Қоңыр көмір коры жөнінен АҚШ, Германия және Аустралия алдынғы орында. Дамушы елдердің көпшілігінде не мұнайдың, не көмірдің ірі қорлары жоқ, ол елдер сондықтан өндірістік-энергетикалық ресурстардың импортына тәуелді. Ал аса дамымаған елдерде отынға деген сұраныстың айтарлықтай бөлігі ағаш отын және биомассаның өзге түрлері(сабан, көк) есебінен қамтамасыз етіледі. Темір кені дүниежүзінің көптеген аймақтарында өндіріледі (оларды картадан анықтаңдар). Марганец кенін өндіруден ТМД өзге елдерден айтарлықтай алдыңғы орында (Аустралиядан 1 млн т, Бразилиядан 990 мың т, Үндістаннан 400 мың т артық). Қазақстанның жер қойнауынан пайдалы қазбалардың көптеген түрлері табыл- ған. Еліміз вольфрамның барланған қоры бойынша дүниежүзінде 1-орында, уран, фосфор және хромит кендерінен 2-орында, ал молибден мен қорғасыннан 4-орында.

11. Әлемдік экономикадағы еңбек ресурстары: түсінігі, құрылымы. Еңбек ресурстарының біркелкітаралмауы: қазіргі кездегі үрдістері.

Әлемнің еңбек ресурстары: сандық және сапалық аспектілері

Еңбек ресурсы деп еңбек шаруашылығымен айналысуы үшін физикалық дамуы мықты, ақыл қабілеті және білімі бар тұрғындардың бір бөлігін айтамыз. Оларға жұмысқа жарамды жастағы адамдар, жұмыс жасап жүрген зейнеткерлер және еңбекке қабілетті жасы жас жұмыс істеп жүрген жеткіншектер жатады.

Экономикалық белсенді халық қатарына Халықаралық еңбек ұйымының әдіснамасы бойынша әлемде 10 жастан 72 жасқа дейін аралықты қамтиды.

Еңбек ресурстарының сандық аспектілері:

Еңбек ресурстарының басты бөлігін экономикалық белсенді халықты құрайды. Экономикалық белсенді халық - жұмыс істеп жүрген және белсенді жұмыс іздеп жүрген халықтың бір бөлігін айтады. Ол ХХ ғасырдың аяғында әлем халқының жартысын яғни -47,8% құраса, оның ішінде 60%-ы еркектер, 40%- әйел адамдарды құрайды.

Экономикалық белсенді халық әлемнің заманауи демографиялық дамуына байланысты Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Азияда - 55%-ы, Оңтүстік Азияда -20%-, ал өндірісі дамыған мемлекеттерде 16% -ы шоғырланған

Экономикалық белсенді халықтың сапалық көрсеткіштері:

• Білім деңгейі

• Жұмысбастылықтың салалық құрылысы

• Жұмыс күшінің кәсіптілік-біліктілік құрылысы

Білім деңгейі

Өндірісі дамыған елдерде дамушы елдерге қарағанда жұмыс күшінің сапасынан, яғни жалпы білім беру деңгейінен, жоғары квалификациялы мамандардың санынан,жұмыс күшінің мобильділігінен озады. Дамушы елдерде тек жоғары және орта білімі барлармен ғана еңбек ресурстарының сапасы анықталмайды, соған қоса сауаттылықтың деңгейі де қарастырады. Сауаттылығы төмен елдерде көп елдерде еңбек өндірісінің төмен деңгейін көрсетеді, яғни бұрынғы шаруашылық түрін тоқтатып қояды,техникалық прогресті тежейді.

Жұмысбастылықтың салалық құрылысы:

· Ауылшаруашылығында жұмысбастылықтың меншікті салмағы минималды деңгейіне жетті: Ұлыбританияда - 2,5%; АҚШ - 3,1%; Германии и Швеции - 5,6:%; Франции - 8%; Японии - 10%.

• Өндіріс және құрылыс саласында ақырындап жұмысбастылық деңгейі төмендеп барады: Японияда- 31,4%, Италии - 38%;.Франции - 32%; Великобритании - 36,6%; АҚШ - 27,9%, Канаде - 26%.

• Қызмет көрсету саласында жұмысбастылықтардың үлесінің өсуі жалғасып жатыр: АҚШ-та - 59%; Канаде и Великобритании - 57%; Швеции - 59,5%; Франции - 52%; Японии - 50%; Италии - 44,7%

• Барлық десе жұмысбастылықтың үлесі ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығына топталған. (Индонезияда -56%; Пакистане -51%; Египте - 35%).

Жұмыс күшінің кәсіптілік-біліктілік құрылысы

• Барлық мемлекеттерде көрініс тауып жатқан үрдіс- ауыл шаруашылық саласында жұмысбастылық үлесі азайып, ал қызмет көрсету саласында ұлғайып жатқаны Даму деңгейі барынша жоғары елде, бұл тендеция соншалықты көрінеді.

• Экономикалық белсенді халықтың категориясының тез өсуі- орта маманданған және жоғары білімі бар жұмысшылардың ғылымды қажетсінетін өндірісте жұмыс істеуі. Бұл тенденция барлық елдер тобында көрініс табады..

Дамыған және экономикасы өтпелі елдерде қызметкерлер категориясы кәсіптік құрылымында саны бойынша екінші орынды алады.

· Постиндустрияландырудың нәтижесі ретінде барлық елдер тобында қызмет көрсету саласында жұмысшылар саны қарқынды өседі.

12. Әлемдік экономиканың қаржылық ресурстары: түсінігі мен құрылымы. Әлемнің қаржылық ресурстарын қайта бөлу механизмі.

Әлемнің қаржы ресурстар ұғымы және олардың қозғалысының негізгі бағыттары. Әлемдік қаржы орталықтары

Қаржы ресурстары – экономикалық және қаржы қызметі нәтижесінде, жалпы ұлттық өнімді жасау мен бөлу үдерісінде құралатын ақшалай қаражат, мемлекеттің, кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың билігіндегі ақша қаражаты мен қорларының жиынтығы. Қоғамдық жиынтық өнім мен ұлттық табысты қайта бөлу барысында құралады. Экономикасы бір орталқтан басқарылатын елдерде басым үлесті мемлекеттің және муниципалдық құралымдардың қаржы ресурстары құрайды, ал нарықтық экономикасы дамыған елдерде қаржы ресурстарының елеулі бөлігі кәсіпкерлік капиталдан тұрады. Қаржы ресурстарының көздері: белгілі бір кезеңде жаңадан жасалған таза табыс, ұлттық байлықтың бір бөлігі (бұрыннан қорланған қаражат), қарыз алу, сыртқы көздерден тартылған қаражат. Қаржы ресурстарының жұмсалу арналары алуан түрлі. Мемлекеттік қаржы ресурстары негізінен салықтар мен алымдар, мемлекеттік мүлікті пайдаланудан, сатудан алынған түсімдер, елдің босалқы алтын қорын сатудан, мемлекеттік облигациялар мен бағалы қағаздарды шығару мен сатудан алынған қаражат, мемл. кәсіпкерлік қызметтен алынған пайда, сыртқы және ішкі қарыз алу жолымен алынатын ақшалай қаражат, сақтық қорлары мен сақтандыру қорларын, заңды және жеке тұлғалардың ерікті жарналарын пайдалану жолымен алынған қаражат есебінен құралады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің (кәсіпорындардың, коммерция ұйымдардың) қаржы ресурстары негізінен өндірістік-кәсіпкерлік қызметтен алынатын табыс алу, акционерлік капитал қалыптастыру, үлеспұлдық және жарғылық жарналар жинау, меншікті мүлікті жалға беру, сату, қарызға қаражат алу, мемлекет тарапынан қаржылық қолдау, шет ел инвестицияларын тарту, сақтандыру өтемдерінің түсімі, айыппұлдық шаралардан түскен қаражат нәтижесінде құралады. Қаржы ресурстарының көздеріне:1. Жалпы қоғамдық өнімнің және ұлттық табыстың өсуі;2. Сыртқы экономикалық қызметтен түскен табыстар;3. Шаруашылық айналысына тартылған ұлттық байлықтың бір бөлігі;4. Қарыз қаражаттары жатады. Әлемдік қаржы орталықтары, ірі көлемдегі халықаралық капитал шоғырланған және түрлі халықаралық қаржы операциялары кең ауқымда жүргізіледі. Әлемдік қаржы орталықтары дамуының аса маңызды үрдістері – операциялардың ауқымын кеңейту; дамушы елдерде орналасқан осындай орталықтар санының көбеюі; белгілі бір орталықта белгілі бір операция түрлерінің мамандануы және шоғырлануы. Орталық инфрақұрылымының негізін әдетте қор құндылықтарымен операциялар жасайтын аса ірі биржалармен тығыз байланысқан ұлттық және ұлтаралық банкілер құрайды. Ірі брокерлік кеңселер мен түрлі инвестициялық қорлар да айтарлықтай рөл атқарады. Қазіргі кезде қаржы инфрақұрылымы ақпараттық инфрақұрылыммен толығуда. Әлемдік қаржы орталықтары – халықаралық валюталық, несиелік және қаржы операцияларын жүзеге асыратын, құнды қағаздармен, алтынмен келісім жасайтын бан- ктер мен мамандандырылған несиелік-қаржылық институттарының шоғырланған орталықтары. Ертеде, олар ұлттық нарықтар базасында құрылған еді, кейін әлемдік, валюталық, несиелік, қаржылық нарықтарда, алтын нарықтары негізінде құрылды. Бүгінгі таңда, осындай орталықтарға Лондон, Нью-Йорк, Токио, Цюрих, Люксембург, Майндағы Франкфурт, Сингапур және басқа да орталықтар кіреді. Лондон. Ұлыбритания, атап айтатын болсақ Лондон бүгінгі таңда негізгі әлемдік қаржы орталығы болып та- былады. Аталған қаржы орталығы бүкіл әлемде инвес- торлардан тартылған қаражат көлемі бойынша бірін- ші орынды алады. Күнделікті валютамен жасайтын келісімдерінің мөлшерінің өзі шамамен, 500 млрд. долл. құрайды.Лондонда негізгі әлемдік алып компаниялардың өкілдіктерінің орналасуы тарихи қалыптасқан жағдай. Қазіргі күні шетелдік инвестициялық банк­тер операцияларының 80 пайызға жуығы Лон­дон арқылы жасалынады.

Әлемдік қор рыногындағы мұнан кейінгі орын Нью-Йорк, Гонконг, Сингапур қалаларындағы қаржы орталықтарына тиесілі. Ша­ғын ғана Гонконг қаласы осы жағдайға байланысты өзінің экономикасының көлемі жағы­нан 9-шы орын алса, мұндағы қаржы орталы­ғы жасалынатын қаржы операцияла­рының көле­мі жағынан бүкіл дүние жүзі бойынша үшінші орынға көтеріліп отыр. Ол бүгінгі күні Еуропаға қарағанда барынша жедел даму үстіндегі Азияның басты қаржы орталығы атанып отыр.

Әлемдегі төртінші ірі қаржы орталығы болып Сингапур қаласы табылады. Мұнда халық­аралық деңгейдегі аса ірі қаржы мекемелері шоғырлан­ған. Оның ұдайы жетілдіріліп отыратын нормативтік базасы, сенімді макроэкономикалық жағдайы, сонымен қатар барған сайын өсіп келе жатқан Азия қаржы рыногындағы алатын орны халықаралық инвестициялар үшін барынша тартымды бола түсуде.

Әлемнің қаржы ресурстарының жаһандануы мен оның салдары. Әлемдік қаржы дағдарыстар

Қаржы ресурстары бұл әлемнің экономикалық жаһанданған ресурстарының бірі. Бұл жайлы әлемдік қаржы нарығы сигменттерінің өзгерісінен, және валюталық нарық сонымен қатар несие мен акция нарығындағы резидент еместердің қатысуының ұлғаюынан көруге болады. Қаржы ресурстарының жоғарғы деңгейі экономикалық ресурстардың мобильді түрімен түсіндіріледі. Жалпы әлемнің қаржы ресурстарының жаһандануының жағымды және жағымсыз салдары бар.

Жағымды салдары:

ü Әлемдік қаржы ресурстарының жетіспеушілігінің жеңілдеуі, яғни қазіргі жағдайларға байланысты дамыған елдел мен кейбір дамушы елдерде капитал тапшы емес ресурстар болып табылады;

ü Ұлттық қаржы нарығындағы бәсекелестіктің күшеюі;

ü Қаржы қызметінің ақысының төмендеуі.

Жағымсыз салдары:

ü Жекелеген аумақтардағы дағдарыстардың басқа аймақтардағы елдердің экономикасына әсерінің күшеюі;

ü ұлттық қаржы нарығының либерализациясы ұлттық қаржы нарығының тұрақсыздығының күшеюіне алып келуде;

ü әлемдік экономиканың қаржы капиталына тәуелді болуы;

ü ұлттық басшылықтың ұлттық қаржыларға, ТҰК ға, халықаралық инвесторлар институттары мен халықаралық интеграциялық одақтарға әсер етуінің әлсіреуі.

Баршамызға мәлім ағымдағы әлемдік қаржы дағдарысы ешбір мемлекеттке оң қырымен танылып қойған жоқ. Қазіргі таңда әлемнің ең ірі, алпауыт елдерінің өзі қомақты қаржылық және өндірістік тоқырауларды бастан кешуде, сонымен қатар жүз мыңдаған адамдар жұмыссыз қалуда, көптеген шарушылық орталықтары жабылуда.

1825жылы көп мәліметтерде ең алғашқы әлемдік қаржы дағдарысы болды. 1820 жылы Латын Америкасының тәуелсіздік үшін күресінде Ұлыбританиядан капитал ағымының азаюына алып келді. Сауда дисбалансының өсуі және алтын резервтердің қолданыстан шығуы Ұлыбратанияның Банкінің 1825 жылы есептік бағамдардың өсуіне әкелді. Латын Америка елдеріне өздерінің қарыздарының төлеуіне және шетел капиталының ағымын жаңартуына отыз жылдай кетті.

1836-1838.жж дағдарыс. 1836 жылы халықаралық алтын резервінің қысқартылуына жауап ретінде Ұлыбритания Банкі өзінің есептік бағамын көтерді. Последующий крах фондового рынка в декабре 1836 жылы Қор нарығының қирауы Парижға дейін таралды. Бұның салдары АҚШ қа да ауыр әсер етті. Бұл дағдарыс капитал нарығы мен төлем механизмінің каналдары арқылы таралды.

Ұлттық шаруашылық пен АҚШ, Германия, АНглия мен Францияның қоғамдық өміріне ауыр әсер еткен тағы бір дағдарыс 1857 жылы болды. Дағдарыс АҚШ та басталды. Бұл дағдарыстың негізгі себебі теміржол компанияларының банкротқа ұшырауы мен акция нарығының құлдырауы болды.

Келесі әлемдік қаржы дағдарысы 1873 жылы Австрия мен Германиядан бастау алды. Бұл дағдарыстың салдары ауыр болды, яғни америкалық және еураполық экономика репрессияға ұшырады, Латын Америка елдерінің экспорты төмендеді,бұның барлығы мемлекет бюджетінің тапшылығына алап келді.Ұзақ дағдарыстардың қатарына жатады, 1878 жылы аяталды.

Ғасырда көптеген әлемдік қаржы дағдарыстары болды. Бұл дағдарыстар әлемнің көптеген елдеріне жағымсыз салдарын тигізуде. Енді ғасырдың соңғы онжылдығымен ғасырдың дағдарыстарын атап өтетін болсақ:

1997 жылғы – Азиялық дағдарыс

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі үлкен көлемдегі азиялық қордың құлдырауы. Бұл дағдарыстың негізгі себебі аймақтың ұлттық валюталарының девальвациясы және Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің төлем балансының тапшылығының жоғарлауы. Экономистердің айтуы бойынша, азиялық дағдарыс әлемдік ЖҰӨ нің көлемін $2 трлн.ға төмендетті.

2008 жылғы әлемдік қаржы дағдарысы

2008 жылғы аржы экономикалық дағдарыс көбінесе дамыған елдердің негізгі экономикалық көрсеткіштердің нашарлауы, және сол жылдың аяғындағы жаһанды рецессия.

XIX Ғасырдың бірінші жартысында әлем бірнеше әлемдік қаржы дағдарысын басынан өткізді. XX Ғасырға дейін дағдарыстар бір, екі, үш мемлекеттерді алса, қазіргі кезде халықаралық мағынада яғни көтеген мемлекеттерге таралады. Соңғы ондылдықта мемлекеттер бірігіп одақтар құрып, әлемдік дағдарысты жеңу механизмдерін ойластырды, яғни шаруашылық процесстерді мемлекеттік реттеуді күшейту, халықаралық қаржылық ұйымдар құру, мониторингтер жүргізу т.с.с. Еуразия мен Америкада осы екі ғасыр бойы 20 дан аса экономикалық дағдарыстар орын алған екен.

13. Әлемдік қаржы нарығының құрылымы мен негізгі қатысушылары. Әлемнің қаржылық орталықтары: ерекшелістері мен даму үрдістері.

Әлемнің қаржы ресурстар ұғымы және олардың қозғалысының негізгі бағыттары. Әлемдік қаржы орталықтары

Қаржы ресурстары – экономикалық және қаржы қызметі нәтижесінде, жалпы ұлттық өнімді жасау мен бөлу үдерісінде құралатын ақшалай қаражат, мемлекеттің, кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың билігіндегі ақша қаражаты мен қорларының жиынтығы. Қоғамдық жиынтық өнім мен ұлттық табысты қайта бөлу барысында құралады. Экономикасы бір орталқтан басқарылатын елдерде басым үлесті мемлекеттің және муниципалдық құралымдардың қаржы ресурстары құрайды, ал нарықтық экономикасы дамыған елдерде қаржы ресурстарының елеулі бөлігі кәсіпкерлік капиталдан тұрады. Қаржы ресурстарының көздері: белгілі бір кезеңде жаңадан жасалған таза табыс, ұлттық байлықтың бір бөлігі (бұрыннан қорланған қаражат), қарыз алу, сыртқы көздерден тартылған қаражат. Қаржы ресурстарының жұмсалу арналары алуан түрлі. Мемлекеттік қаржы ресурстары негізінен салықтар мен алымдар, мемлекеттік мүлікті пайдаланудан, сатудан алынған түсімдер, елдің босалқы алтын қорын сатудан, мемлекеттік облигациялар мен бағалы қағаздарды шығару мен сатудан алынған қаражат, мемл. кәсіпкерлік қызметтен алынған пайда, сыртқы және ішкі қарыз алу жолымен алынатын ақшалай қаражат, сақтық қорлары мен сақтандыру қорларын, заңды және жеке тұлғалардың ерікті жарналарын пайдалану жолымен алынған қаражат есебінен құралады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің (кәсіпорындардың, коммерция ұйымдардың) қаржы ресурстары негізінен өндірістік-кәсіпкерлік қызметтен алынатын табыс алу, акционерлік капитал қалыптастыру, үлеспұлдық және жарғылық жарналар жинау, меншікті мүлікті жалға беру, сату, қарызға қаражат алу, мемлекет тарапынан қаржылық қолдау, шет ел инвестицияларын тарту, сақтандыру өтемдерінің түсімі, айыппұлдық шаралардан түскен қаражат нәтижесінде құралады. Қаржы ресурстарының көздеріне:1. Жалпы қоғамдық өнімнің және ұлттық табыстың өсуі; 2. Сыртқы экономикалық қызметтен түскен табыстар; 3. Шаруашылық айналысына тартылған ұлттық байлықтың бір бөлігі; 4. Қарыз қаражаттары жатады. Әлемдік қаржы орталықтары, ірі көлемдегі халықаралық капитал шоғырланған және түрлі халықаралық қаржы операциялары кең ауқымда жүргізіледі. Әлемдік қаржы орталықтары дамуының аса маңызды үрдістері – операциялардың ауқымын кеңейту; дамушы елдерде орналасқан осындай орталықтар санының көбеюі; белгілі бір орталықта белгілі бір операция түрлерінің мамандануы және шоғырлануы. Орталық инфрақұрылымының негізін әдетте қор құндылықтарымен операциялар жасайтын аса ірі биржалармен тығыз байланысқан ұлттық және ұлтаралық банкілер құрайды. Ірі брокерлік кеңселер мен түрлі инвестициялық қорлар да айтарлықтай рөл атқарады. Қазіргі кезде қаржы инфрақұрылымы ақпараттық инфрақұрылыммен толығуда. Әлемдік қаржы орталықтары – халықаралық валюталық, несиелік және қаржы операцияларын жүзеге асыратын, құнды қағаздармен, алтынмен келісім жасайтын бан- ктер мен мамандандырылған несиелік-қаржылық институттарының шоғырланған орталықтары. Ертеде, олар ұлттық нарықтар базасында құрылған еді, кейін әлемдік, валюталық, несиелік, қаржылық нарықтарда, алтын нарықтары негізінде құрылды. Бүгінгі таңда, осындай орталықтарға Лондон, Нью-Йорк,


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  




Подборка статей по вашей теме: