Емтихан билеті № 2

1. Шешімді қандай белгілер сипаттайды?

Әрбір адам маңыздылығы бойынша әртүрлі шешімдер қабылдайды. Олардың біреуі аса маңызды емес – мысалы, қала бойынша жүру кезінде көлікті таңдау. Басқалары едәуір маңызды – мысалы, болашақ мамандықты таңдау. Бірақ екі жағдайда да қабылданатын шешімнің садары берілген шешімді қабылдаған тұлғаға тікелей ғана қатысты.

Таңдау нәтижесі ретінде шешім әдетте жазбаша немесе ауызша түрде бекітіледі және қойылған мақсатқа жету бойынша әрекеттер жоспарынан (бағдарламасынан) тұрады.

Шешім адамның күш-жігерінің көрінісі және ойлау қызметінің бір түрі болып табылады. Оны келесі белгілер сипаттайды:

- көптеген баламалы нұсқалардан таңдау мүмкіндігі: егер баламалар болмаса, онда таңдау жоқ, демек шешім де жоқ;

- мақсаттың болуы: мақсатсыз таңдау шешім ретінде қарастырылмайды;

- шешім таңдаған кезде шешім қабылдайтын тұлғаның жігерлі әрекетінің қажеттігі, себебі шешім қабылдайтын тұлға шешімді уәждер мен пікірлер күресі арқылы қалыптастырады.

Тиімді шешімдерді қабылдау аса өзекті міндетті көрсетеді. Салдарлары ірі ұйымдарға, адамдардың үлкен санына қатысты шешімдерді қабылдау тиіділігінің жоғарлауы одан да маңызды. Мұндай ұйымдық шешімдерді менеджерлер қабылдайды.

2. Басқарушылық шешімдердің ерекшеліктері қандай?

Басқарушылық (ұйымдық) шешімдерді не ерекшелендіреді?

- мақсаттар. Басқару субъектісі (топ немесе индивид болса да) өз қажеттіліктерінен емес, нақты ұйымның проблемаларын шешу мақсатымен шешім қабылдайды.

- салдарлар. Индивидтің жеке таңдауы оның өз өмірнде білінеді және оған жақын біршама адамдарына әсер етуі мүмкін. Менеджер, әсіресе жоғары рангтегі, әрекеттер бағытын өзіне ғана емес, сонымен қатар ұйым және оның қызметкерлері үшін де таңдайды және оның шешімдері көптеген адамдар өміріне едәуір әсер етуі мүмкін. Егер ұйым үлкен және ықпалды болса, оның басшыларының шешімдері бүкіл аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайына маңызды әсер етуі мүмкін. Мысалы, компанияның рентабельді емес кәсіпорынын жабу шешімі жұмыссыздық деңгейін едәуір жоғарлатуы мүмкін.

- еңбек бөлінісі. Егер адам жеке өмірінде шешім қабылдағанда әдетте оны өзі орындаса, онда ұйымда белгілі еңбек бөлінісі бар: қызметкерлерінің біреулері (менеджерлер) пайда болған проблемаларды шешумен және шешімдер қабылдаумен айналысады, ал басқалары (атқарушылар) – қабылданған шешімдерді іске асырумен айналысады.

- кәсіпқойлық. Жеке өмірде әрбір адам өз парасаты мен тәжірибесі арқасында шешімді дербес қабылдайды. Ұйымды басқаруда шешімдерді қабылдау – кәсіби дайындықты талап ететін анағұрлым аса күрделі, жауапты және формализацияланған процесс. Ұйымның әрбір қызметкері емес, тек белгілі кәсіби білімдер мен дағдыларға ие қызметкер ғана белгілі шешімдерді дербес қабылдау өкілеттігіне ие.

Ұйымдарда шешім қабылдаудың мұндай ерекшеліктерін қарастырып, басқарушылық шешімге келесі анықтама беруге болады.

Басқарушылық шешім – бұл ұйым мақсатына жетуге бағытталған және басшының лауазымдық өкілеттігі мен құзырлығы шеңберінде ол жүзеге асырған баламаларды таңдау.

3. «Басқарушылық шешім» түсінігінің мәнін ашыңыз.

Басқарушылық шешім компанияның экономикалық, ұйымдық, әлеуметтік, құқықтық және технологиялық мүдделеріне әсер етеді. Сондықтан басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен іске асыру басқарушыдан шешім құрамы мен мүмкін нәтижелерге кең көзқарасты талап етеді.

Басқарушылық шешімдердің экономикалық мәні – кез келген басқарушылық шешімді әзірлеу мен іске асыру үшін қаржылық, материалдық және басқа ресурстар қажет етілуінен тұрады.

Басқарушылық шешімдердің ұйымдық мәні- басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен іске асыру үшін компания сәйкес мүмкіндіктеріне ие болуы керек,

Басқарушылық шешімдердің әлеуметтік мәні– басқаруға қатысушыларының барлығының өзара әркеттесуіне жету мақсатымен атқарушылардың басқару механизмінде жатыр.

Басқарушылық шешімдердің құқықтық мәні– берілген шараларды құқықтық өрісте жүзеге асыру мүмкіндігінде жатыр, яғни ҚР заң актілерін, халықаралық міндеттемелерді, компанияның жарғылық және басқа құжаттарын қатаң сақтау.

Басқарушылық шешімдердің технологиялық мәні– басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен іске асыруға қатысатын персоналды қажетті техникалық, ақпараттық құралдармен және ресурстармен қамтамасыз ету мүмкіндігінде көрінеді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: