Тапсырыс шарты

Тапсырыс шарты – экономикалық агенттердің құқықтық қатынасы.

Мұнда бір тарап (мердігер) екінші тараптың (тапсырыс берушінің) тапсырысы бойынша белгілі бір жұмысты орындауға және оның нәтижесін тапсырыс берушіге өткізуге, ал ол өз кезегінде жұмысты қабылдап алуға және ақысын төлеуге міндеттенеді. Тапсырыс шарты өнімді дайындауға не өңдеуден өткізуге (қайта өңдеуге) немесе жұмысты орындап, нәтижесін және осы нәтижені меншіктену құқығын тапсырыс берушіге табыстау үшін жасалады. Әдетте мердігерлік жұмыс мердігердің материалдарынан жасалады, соның күшімен және қаражатымен орындалады. Тапсырыс беруші мердігердің өз міндеттерін орындауға қосалқы мердігерлер деп аталатын басқа адамдарды тартуына рұқсат етуі мүмкін. Мұндайда мердігер бас мердігер рөлін атқарады. Мердігер қосалқы мердігердің міндеттемелерді орындамағаны не жеткіліксіз орындағаны үшін тапсырыс беруші алдында, ал тапсырыс берушінің міндеттемелерді орындамағаны не жеткіліксіз орындағаны үшін қосалқы мердігер алдында жауап береді.

Тапсырыс шартында мердігер мен тапсырыс беруші арасындағы тәуекел былайша бөлінеді: Мердігерлік жұмысты орындаған кезде пайдаланылатын материалдардың, жабдықтардың және басқа да мүліктердің кездейсоқ зақымдануын оларды берген тараптар көтереді, ал жұмыс нәтижелерінің тапсырыс беруші қабылдап алғанға дейін кездейсоқ зақымдануын мердігер көтереді. Тапсырыс шартта жұмысты орындаудың басталуы мен аяқталу кезеңі міндетті түрде көрсетіледі, ал қажет болған жағдайда жұмыстың жекелеген кезеңдерінің аяқталу мерзімі (аралық мерзім) де көрсетіледі. Жұмыстың бағасы, әдетте Мердігерліктің сметасын жасау жолымен айқындалады, бұл орайда мердігердің үнемдеген қаржысы орындалған жұмыстың сапасына әсер етпейтін болса, оның өзінде қалады. Тапсырыс беруші тапсырыс шартында көзделген мерзімде және тәртіппен мердігер орындаған жұмыстың нәтижесін қарап, қабылдауға, шарттан ауытқушылық байқалған жағдайда мұны мердігерге дереу хабарлауға міндетті. Жұмысты тексермей қабылдаған тапсырыс беруші жұмысты қабылдаған кезде бірден байқауға болатын кемістіктерді сылтау ету құқығынан айрылады. Егер Тапсырыс шартта басқаша көзделмеген болса, тапсырыс беруші жұмыс нәтижесін өткізгенге дейін шартты орындау-дан бас тартуына болады, мұндай жағдайда ол мердігерге жұмыстың орындалған бөлігінің ақысын Мердігерлік баға бойынша төлейді.

1. Тапсырыстың авторлық шарты бойынша автор шарт ережелерiне сәйкес туынды жасап, оны тапсырысшыға беруге мiндеттенедi.
Тапсырыстың авторлық шартында туынды тапсырыс берушіге берілуге тиіс мерзім, сондай-ақ туындыны пайдалануға мүліктік құқықтарды беру көзделуге тиіс.

2. Тапсырыс берушi шартта келiсiлген сыйақы есебiнен авторға аванс төлеуге мiндеттi. Аванстың мөлшерi, төлеу тәртiбi мен мерзiмi тараптардың келiсуiмен шартта белгiленедi.

85) Авторлық лицензиялық шарт, туындыны пайдалану шарттарының түрлері.

Авторлық шарт - туынды (шығарма) авторы мен сол шығарманы пайдаланушы арасында жасалған шарт. Заң бойынша автор болып, автордың өзі немесе қосымша автор әлде оның мұрагері есептелінеді. Шарттасушы жақ жеке немесе заңды тұлға да болуы мүмкін.

Авторлық шарттың түрлері - көлеміне қарай шартта негізделетін құқықта өзгеше болады; ерекше құқық және ерекше емес құқық. Ерекше құқық шешім қабылдауға құқығы бар тұлғаға беріледі; ол шығарманы белгілі бір жағдайда пайдалануына және оған басқа тұлғаның оны пайдалануына тыйым салу құқығын береді. Ерекше емес құқыққа ие тұлға, оны (шығарманы) иесі немесе пайдалану құқығы бар үшінші тұлға арқылы ғана пайдалана алады. Авторлық ақпарат бойынша берілетін құқық Заңмен бекітілген. Егер шартта тікелей өзге жағдайлар көзделмесе, онда ерекше емес болып табылады.

Авторлық шарт – нысанасы бір немесе бірнеше авторлық құқық объектілерін пайдалануға мүліктік құқықтарды беру болып табылатын шарт. Авторлық шарт лицензиялық шарттың бір түрі болып табылады;

Авторлық шартта:
1) туындыны пайдалану әдiстерi (осы шарт бойынша берiлетiн нақты құқықтар);
2) құқық берiлетiн мерзiм мен аумақ;
3) сыйақы мүлшерi және (немесе) туындыны пайдаланудың әрбiр әдiсi үшiн сыйақы мөлшерiн белгiлеу тәртiбi, оны төлеудiң тәртiбi мен мерзiмi, сондай-ақ тараптар осы шарт їшiн маңызды деп есептейтiн басқа да жағдайлар көзделуге тиiс.
2. Авторлық шартта құқықтың берiлу мерзiмi туралы ереже болмаған жағдайда, егер пайдаланушыға бұл жөнiнде шарттың бұзылуына дейiн үш ай бұрын жазбаша хабарланған болса, автор шартты ол жасалған күннен бастап бiр жыл өткен соң бұза алады.
3. Авторлық шартта құқық берiлетiн аумақ туралы ереже болмаған жағдайда шарт бойынша берiлетiн құқықтың қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледi.
4. Туындыны пайдалануға авторлық шарт бойынша тiкелей берiлмеген құқықтар берiлмедi деп саналады.
5. Шарт жасалєан кезде белгiсiз болєан туындыны пайдалану құқықтары авторлық шарт мәселесi бола алмайды.
6. Сыйақы туындыны тиiсiнше пайдалану әдiсiне сәйкес түсетiн табыс процентi түрiнде авторлық шартта немесе, егер мұны туындының сипатынан немесе оны пайдалану ерекшелiктерiне байланысты жүзеге асыру мүмкiн болмаса, шартта көрсетiлген сома түрiнде не басқаша түрде белгiленедi.
7. Авторлық шарт бойынша берiлген құқықтар, егер ол тек шартта тiкелей көзделген болса, басқа адамдарға түгелдей немесе iшiнара берiлуi мүмкiн.

86) Авторлық шарт бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттері және жауапкершілігі.

Тараптардың құқықтары

1. Осы Заңда көзделген реттердi қоспағанда, орындаушыға мынадай мүлiктiк емес жеке және мүлiктiк құқықтар:

1) есiмiнiң құқығы;

2) орындаушылықты немесе қойылымды орындаушының ар-намысына және қадiр-қасиетiне нұқсан келтiре алатын кез келген бұрмалаудан немесе өзге де қолсұғушылықтан қорғалу құқығы (беделiн қорғау құқығы);

3) орындаушылықты немесе қойылымды пайдаланудың әрбiр түрi үшiн сыйақы алу құқығын қоса, кез-келген түрде пайдалану құқығы берiледi.

1-1. Мүлiктiк емес жеке құқықтар орындаушыға оның мүлiктiк құқықтарына қарамастан тиесiлi және орындаушылықты пайдалануға айрықша мүлiктiк құқықтарын берген жағдайда да олар өзiнде сақталып қалады.

2. Орындаушының орындаушылықты немесе қойылымды пайдалануға айрықша құқықтары мынадай iс-әрекеттердi:
1) бұрын жазылмаған орындаушылықты немесе қойылымды жазуды;

2) орындаушылық немесе қойылым жазбасын кез келген нысанда тiкелей немесе жанама қайта шығаруды;

3) орындаушылықтың немесе қойылымның жазбасын пайдаланбай-ақ орындаушылықты немесе қойылымды эфирге берудi, кәбiл арқылы жалпыжұрттың назарына хабарлауды немесе жалпыжұрттың назарына жеткiзудi;

4) осы Заңның 39-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, орындаушылық немесе қойылым жазбасын эфирге берудi, кәбiл арқылы жалпыжұрттың назарына хабарлауды немесе жалпыжұрттың назарына жеткiзудi;

5) орындаушының қатысуымен орындаушылық немесе қойылым жазылған, коммерциялық мақсатта жарияланған фонограмманы прокатқа (жалға) берудi жүзеге асыруға рұқсат ету немесе тыйым салу құқығын бiлдiредi. Орындаушылықты фонограммаға жазуға шарт жасалған кезде бұл құқық фонограмманы шығарушыға ауысады. Бұл ретте орындаушы мұндай фонограмманың даналарын прокатқа (жалға) бергенi үшiн сыйақы алу құқығын сақтап қалады.

3. Орындаушының осы баптың 2-тармағының 2)-тармақшасында көзделген айрықша құқығы мына жағдайларда:

1) орындаушылықтың немесе қойылымның бастапқы жазбасы орындаушының келiсiмiмен жасалған;

2) орындаушылықты немесе қойылымды көшiрмелеу орындаушылықты немесе қойылымды жазу кезiнде орындаушының келiсiмi алынған мақсатпен жасалған;

3) орындаушылықты немесе қойылымды көшiрмелеу осы Заңның 41-бабының ережелерiне сәйкес жазба жүргiзiлген мақсатта жүзеге асырылған жағдайда қолданылмайды.

4. Осы баптың 2-тармағында аталған рұқсатты орындаушы бередi, ал ұжым болып орындаған кезде пайдаланушымен жазбаша шарт жасау арқылы сондай ұжымның жетекшiсi бередi.

5. Егер орындаушының эфирлiк немесе кабельдiк хабар тарату ұйымымен жасасқан шартында көзделсе, орындаушылықты немесе қойылымды кейiннен беруге, мұндай жазбаны беру мен көшiрмелеу үшiн эфирлiк немесе кабельдiк хабар тарату ұйымдарының жазып жүзеге асыруға осы баптағы 2-тармақтың 1), 2) және 3)-тармақшаларында аталған рұқсат алу талап етiлмейдi. Бұлайша пайдаланғаны үшiн орындаушыға берiлетiн сыйақы мөлшерi де осы шартта белгiленедi.

6. Орындаушы мен дыбыс-бейнежазу туындысын шығарушы арасында жасалған шарт орындаушының осы баптың 2-тармақтың 1), 2), 3), 4)-тармақшаларында аталған құқықтарды беруiне әкеп соғады.

87) Туындыны сақтауға беру

Туындыларды сақтауға алу – автор туындысын есепке алып, автор белгілеген мерзімге немесе осы шығарманың авторлық құқығының қорғалу мерзімі аяқталғанша /автордың өмірі бойына және қайтыс болған соң 70 жыл/ ҚазАҚ мұрағатында сақтау.

Сақтауға тапсыру ерікті түрде жасалады. Сақтауға жарияланған шығарманы да, жарияланбаған шығарманы да өткізуге болады.

Сақтауға алудың жабық және ашық тәсілі бар. Ашық тәсіл бойынша оны үшінші бір тұлғаның көруіне рұқсат етілсе, жабық тәсіл бойынша – оған тыйым салынады.

Сақтауға алу үшін мынадай талаптар қойылады:

1. сақтауға алу туралы өтініші.

2. сақтауға тапсырылатын авторлық құқық нысаны /қолжазба, магниттік жазылым, т.с./

Сақтауға алу шараларын ҚазАҚ 2000-жылдың наурыз айынан бастап жүзеге асыра бастаған-ды. Алайда, сақтауға алынған шығармалардың көбейіп кетуіне байланысты, әрі осындай қызметті Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік комитеті де жүзеге асыра бастағандықтан, ҚазАҚ төрағасының 2006 жылғы 27 ақпандағы №12 Бұйрығы бойынша сактауға тек әдебиет пен өнер туындылары ғана алынатын болған. Төрағаның 2011 жылғы 17 маусымдағы Бұйрығы бойынша тек ҚазАҚ мүшелерінің туындылары ғана сақтауға тегін алынатын болды.

Автордың немесе өзге құқық иеленушiнiң келiсiмiнсiз және сыйақы төлемей, бiрақ туындысы пайдаланылатын автордың есiмi мен қай деректен алынғаны мiндеттi түрде көрсетiле отырып, туындының жалғыз данасын:

1) заңды түрде жарияланған туындыны кiтапханаларда және архивтерде қалпына келтiру, жоғалып кеткен немесе бүлiнген даналарды ауыстыру, өз қорындағы туындыны белгiлi бiр себептермен жоғалтып алған басқа кiтапханаларға туындының даналарын беру үшiн;

2) кiтапханалар мен архивтердiң жинақтарда, газеттерде және басқа мерзiмдi басылымдарда заңды түрде жарияланған жеке мақалалар мен шағын көлемдi туындыларды, заңды түрде жарияланған жазбаша туындылардан қысқаша үзiндiлердi (суретпен немесе суретсiз) жеке тұлғалардың оқып-үйрену және зерттеу мақсатындағы сауалдары бойынша;

3) жинақтарда, газеттерде және басқа да мерзiмдi басылымдарда заңды түрде жарияланған жекелеген мақалалар мен шағын көлемдi туындыларды, заңды түрде жарияланған жазбаша туындылардың қысқаша үзiндiлерiн (суретпен немесе суретсiз) білім беру ұйымдары дәрiсханалардағы сабаққа пайдалану үшiн, пайда алмай репродукциялауына жол берiледi.

88) Авторлық құқықтың әрекет ету мерзімдері.

1. Авторлық құқық автордың бүкiл ғұмыры бойы және қайтыс болғаннан кейiн жетпiс жыл бойы күшiн сақтайды.

2. Авторлық құқығын, оның есiмнiң құқығын және автордың беделiн қорғау құқығын қорғауға шек қойылмайды.

3. Жасырын немесе бүркеншiк атпен жарияланған туындыға авторлық құқы ол туынды заңды түрде жарияланған күннен кейiн жетпiс жыл бойы күшiн сақтайды. Егер аталған мерзiм iшiнде жасырын немесе бүркеншiк атпен шығарылған туындының авторы өзiнiң шын есiмiн немесе оның кiм екенi ендiгi жерде күмән туғызбаса, осы баптың 1-тармағының ережесi қолданылады

4. Тең авторлар жасаған туындыға авторлық құқық өмiр бойы және басқа тең авторлардан ұзақ өмiр сүрген ең соңғы автор қайтыс болғаннан кейiн жетпiс жыл бойы күшiн сақтайды.

5. Автор қайтыс болғаннан кейiн отыз жыл iшiнде бiрiншi рет жарыққа шығарылған туындыға авторлық құқық туынды жарыққа шыққаннан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан есептегенде ол жарыққа шыққаннан кейiн жетпiс жыл бойы күшiн сақтайды.

6. Егер автор қуғын-сүргiнге ұшырап, қайтыс болғаннан кейiн ақталса, онда құқық қорғаудың осы бапта көзделген мерзiмi ақталған жылдан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан бастап күшiне енедi.

7. Осы бапта көзделген мерзiм сол мерзiмнiң басталуы үшiн негiз болып табылатын заңды факт болған жылдан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан есептеле бастайды.

8. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес туындыға қорғау берiлген кезде, осы Заңның 5-бабының 4-тармағына сай авторлық құқықтың қолданылу мерзiмiн туындының шыққан елінде белгiленген мерзiмнен асыруға болмайды.
Осы бапта көзделген мерзiмдер мерзiмнiң өтуiнiң басталуына негiз болып табылатын заңдық факт осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiнгi жетпiс жылдан әрi емес мерзiмде орын алған барлық жағдайларда қолданылады.

89) Сабақтас құқықтың әрекет етуі

Сабақтас құқықтар қойылымдарға, орындаушылықтарға, фонограммаларға, эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұйымдарының хабарларына олардың мақсатына, мазмұны мен сапасына, сондай-ақ жеткiзiлу әдiсi мен нысанына қарамастан қолданылады.

Сабақтас құқықтардың субъектiлерi

1. Орындаушылар, фонограмма жасаушылар, эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұйымдары сабақтас құқықтардың субъектiлерi болып табылады.

2. Фонограмма жасаушы, эфир және кәбіл бойынша хабар таратушы ұйымдар осы тарауда көзделген құқықтарын орындаушымен және фонограммаға жазылған не эфирде немесе кабель бойынша берiлетiн туындыны орындаушымен, сондай-ақ оның авторымен жасалған шарт бойынша алған құқықтары шегiнде жүзеге асырады.

3. Орындаушы осы тарауда көзделген құқықтарын орындалатын туынды авторларының құқықтарын сақтаған жағдайда жүзеге асырады.

4. Сабақтас құқықтардың пайда болуы және жүзеге асырылуы үшiн қандай да болсын формальдылықты сақтау талап етiлмейдi. Фонограмма шығарушы және (немесе) орындаушы өз құқықтары туралы хабарлау үшiн фонограмманың әр данасында және (немесе) оның әрбiр қорбындата көрсетiлетiн және үш элементтен тұратын сабақтас құқықтарды қорғау белгiсiн пайдалануға құқылы, олар:

1) қоршауға алынған латынша Р әрпi: Р;

2) айрықша сабақтас құқықтар иесiнiң есiмi (атауы);

3) фонограмманың алғаш жарияланған жылы.

5. Егер өзгеше дәлелденбесе, фонограммада және (немесе) оның қорабында есiмi немесе атауы көрсетiлген жеке немесе заңды тұлға фонограмма шығарушы болып танылады.

90) Топологияға құқықтар

Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" 2001 жылғы 29 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және интегралдық микросхема топологиясын тіркеуге өтінім жасау, беру, қарау, тіркеу және куәлік беру тәртібін айқындайды.

Заңның11-бабы 1-тармағына сәйкес өтінім беруге топологияның авторының немесе өзге құқық иеленуші (бұдан әрі - өтініш беруші) құқылы.
Топология авторы мынадай жағдайларда:
1. егер топология қызметтік міндеттерді немесе жұмыс берушінің нақты тапсырмасын орындау ретінде жасалған болып табылмаса;
2. егер топология қызметтік міндеттерді немесе жұмыс берушінің нақты тапсырмасын орындау ретінде жасалған, бірақ автор мен жұмыс беруші арасындағы шартпен автор тіркеуге өтінім беруге және топологияны тіркеу туралы куәлік алуға құқығы көзделген болса.
3. Өтінім беру құқығын қандай да бір құжатпен растау талап етілмейді.

4. Өтінім, топологияны алғашқы пайдаланған күннен бастап, егер ондай орын алған болса, екі жылдан аспайтын мерзімде берілуі мүмкін.
Өтінім тікелей уәкілетті органға беріледі немесе поштамен жіберіледі.

5. Өтінім тікелей не өкіл арқылы, сонымен бірге уәкілетті органда тіркелген патенттік сенімді өкіл арқылы берілуі мүмкін.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: