Уровень с

Сұрақ №1

V2 Президенттің Республика аумағында ҚР Қарулы Күштерін қолдануға негіз болады:
  мемлекеттін саяси тұрақтылығына тікелей қатер төнуі
  ҚР Президентіне тікелей қатер төнуі
  мемлекеттің демократиялық институттарына тікелей қатер төнуі
  табиғи зіл-залалардың болуы
  мемлекеттің тәуелсіздігіне, аумақтық тұтастығына тікелей қатер төнуі
  адамдардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарының бұзылуы
  республиканың өкілді органдарына сайлаулардың өткізілуі
  Парламенттің таратылуы

Сұрақ №2

V2 Қазақстан Республикасының Президенті Республика аумағында төтенше жағдай енгізеді:
  ҚР Парламенті таратылған жағдайда.
  республиканың демократиялық институттарына тікелей қатер төнген ретте
  Республикаға қарсы агрессия жасалған жағдайда.
  ҚР-ның қарулы күштері бейбітшілік орнату мақсаттарына пайдаланылған жағдайда.
  БҰҰ-ның сұрауы бойынша.
  Республиканың саяси тұрақтылығына, азаматтардың қауіпсіздігіне елеулі және тікелей қатер төнген ретте.
  Парламент Үкіметке сенімсіздік білдірген жағдайда.
  мемлекеттің конституциялық органдарының қалыпты жұмыс істеуі бұзылған ретте

Сұрақ №3

V2 Қазақстан Республикасы Президенті тағайындайды:
  ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасын
  Парламент палаталарының төрағаларын
  Үкімет мүшелерін
  Мәслихат хатшысын
  Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасын
  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хатшысын
  Мәжіліс депутаттарын
  ҚР Жоғарғы Сотының судьяларын

Сұрақ №4

V2 Қазақстан Республикасының Президенті құқылы:
  мәслихаттардың кезекті және кезектен тыс сайлауларын тағайындауға
  Парламент қабылдаған заңды қайталап талқылау мен дауысқа салу үшін кері қайтаруға.
  коммуналдық меншікті басқаруға
  заң жобаларын қараудың басымдығын белгiлеуге
  Премьер-Министрді тағайындауға және босатуға.
  заңдардың конституцияға сәйкестігін тексеруге
  Республика конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізуге.
  әкімдіктердің құрылымын айқындауға

Сұрақ №5

V2 Президентті қызметінен кетіру бойынша түпкiлiктi шешiм қабылданады:
  айып тағудың негiздiлiгi туралы Жоғарғы Сот қорытындысы болған жағдайда
  айып тағудың негiздiлiгi туралы Үкіметтің қорытындысы негізінде
  белгiленген конституциялық рәсiмдердiң сақталғаны туралы Конституциялық Кеңестiң қорытындысы болған жағдайда
  Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қорытындысы негізінде.
  Бас Прокурордың айыптау негіздемесіне сүйеніп Жоғарғы Сотпен
  әр Палата депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшiнiң көпшiлiк даусымен Парламент Палаталарының бiрлескен отырысында
  медицинаның тиiстi саласының мамандарынан тұратын комиссиямен
  анықтау және алдын-ала тергеуді жүзеге асыратын органның басшысымен

Сұрақ №6

V2 Президентті қызметінен кетіруге негіз болатын мемлекетке опасыздық жасау ретінде ұғынылады:
  Қазақстанның аумақтық тұтастығына нұқсан келтіру.
  елімізді экономикалық дағдарысқа соқтыру
  соғыс кезiнде жау жағына шығып кету
  Республика жерін шет елдіктерге жалға беру.
  шет мемлекеттiң Республикаға қарсы дұшпандық әрекетiн жүзеге асыруына көмектесу
  еліміздің табиғи байлықтарын пайдалануға шетелдерге рұқсат беру
  ілімізде ірі конституциялық реформалар жүргізу
  қарулы қақтығыс кезiнде жау жағына шығып кету

Сұрақ №7

V2 Сайлау алдындағы үгiтті келесідей жолдармен жүзеге асыруға тиым салынады:
  бұқаралық ақпарат құралдары арқылы
  сайлаушыларға тегiн немесе жеңiлдiк шарттарымен тауарлар беру
  сайлау алдындағы жиналыстар өткізу арқылы
  баспа, дыбыс-бейне және өзге де үгiт материалдарын шығару және (немесе) тарату арқылы
  ақша төлеу, лотереялар, қайырымдылық акцияларын өткiзу арқылы
  сайлау алдындағы жария пікір таластар мен пiкiр алысулар өткізу арқылы
  сайлаушыларға тегiн немесе жеңiлдiк шарттарымен бағалы қағаздар беріп, қызметтер көрсету
  кандидаттардың және олардың сенiм бiлдiрген адамдарының сайлаушылармен (таңдаушылармен) жеке кездесулерін өткiзу

Сұрақ №8

V2 Мәслихаттан өзге жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайлау өзгешелігі:
  тиісті органға сайлау кезiнде қалалық және селолық қауымдастықтардың аумақтарын қамтитын көп мандатты аумақтық сайлау округтерi құрылады
  сайлаушылардың басым көпшілігінің дауысын алған кандидат сайланады
  тиісті органға сайлау кезінде бүкіл ҚР аумағы біртұтас жалпыұлттық сайлау округі болып табылады
  тиісті органға сайлауда қайта дауыс беру өткізілуі мүмкін
  тиісті органға сайлауда қосымша сайлау өткізілуі мүмкін
  басқа кандидаттармен салыстырғанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының көпшiлiк санын алған кандидат сайланады
  тиісті органға сайлауда бiр мандаттық аумақтық сайлау округтерi құрылады
  тиісті органның мүшелері таңдаушылармен сайланады

Сұрақ №9

V2 Республика Президентiнiң жарлықтарымен жүзеге асырылады:
  мемлекеттiк билiк тармақтарының келiсiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету
  заңдардың Конституцияға сәйкестігін тексеру
  республикалық бюджетті бекіту
  оның актiлер шығаруын талап ететiн конституциялық өкілеттігін жүзеге асыру
  халықаралық шарттарға қол қою
  конституциялық мәртебесi жоқ лауазымды тұлғаларды тағайындау
  өкiмет органдарының Қазақстан халқы алдындағы жауаптылығын қамтамасыз ету
  жеке сипаттағы мәселелердi шешу

Сұрақ №10

V2 Республика Президентiнiң өкiмдерi шығарылады:
  Жоғарғы Соттың үкімдерін жүзеге асыру үшін.
  Конституцияның негізінде және оны орындау үшін.
  Үкіметтің қаулыларының негізінде және оларды орындау үшін.
  Премьер-министрдің өкімінің негізінде және оны орындау үшін.
  заңдардың негізінде және оларды орындау үшін
  халықаралық шарттардың негізінде және оларды орындау үшін
  Президент жарлықтарының негізінде және оларды орындау үшін.
  Премьер-министрдің бастамасымен және оның еркіне сәйкес

Сұрақ №11

V2 Республика Президентiнiң өкiмдерiмен жүзеге асырылады:
  әкiмшiлiк-өкiмдiк сипаттағы мәселелердi шешу
  Үкімет мүшелерін тағайындау
  жедел және жеке сипаттағы мәселелердi шешу
  Парламентті тарату
  Үкімет мүшелерін қызметінен босату
  конституциялық мәртебесi жоқ лауазымды тұлғаларды қызметке тағайындау және босату
  Сенаттың он бес депутатын тағайындау
  Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдау арнау

Сұрақ №12

V2 Республика Президентiне тұрғын үй және көлiк қызметiн көрсетудi қамтамасыз етедi:
  Республика Үкіметі
  өзiнiң құзыретiне сәйкес Ұлттық қауiпсiздiк комитетi
  Республиканың Қорғаныс министрлігі
  Қаржы министрлігі
  өзiнiң құзыретiне сәйкес Республика Президентiнiң Күзет қызметi
  Мемлекеттік хатшы
  Президенттің өзі
  Президентiнiң Iс Басқармасы

Сұрақ №13

V2 Президентке қатысты республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылатын шаралар:
  Республика Президентi мен оның отбасы мүшелерiн қамтамасыз ету.
  Президентке және оның кеңесшілеріне тұрмыстық қызмет көрсету.
  тек Президентке ғана қызмет көрсету және оны күзету
  Республика Президентi мен оның отбасы мүшелерiне қызмет көрсету.
  тек Президенттің жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету
  Республика Президентi мен оның отбасы мүшелерiн күзету.
  Президентті, экс-Президенттi және оның отбасы мүшелерін қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және оларды күзету.
  қызмет етіп отырған Президентті және экс-Президенті күзету

Сұрақ №15

V2 Республика министрлiгiнің мәртебесі:
  жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады
  тиiстi мемлекеттiк басқару саласына басшылықты жүзеге асырады
  бүкіл атқарушы билік органдарының қызметіне басшылық жасайды
  заңдармен көзделген шекте - салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады
  жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асырады
  Үкімет құрамына кірмейтін орган болып табылады.
  Республиканың орталық атқарушы органы болып табылады.
  конституциялық қадағалауды жүзеге асырады

Сұрақ №16

V2 Республика Үкiметiнiң өкiлеттiк мерзiмi:
  Үкімет Президенттiң өкілеттік мерзімі бiткенше iс-қимыл жасайды.
  Үкiметтiң өкiлеттiк мерзiмi Парламенттің өкілеттік мерзіміне тең.
  Үкімет Сенат оған сенімсіздік білдіргенге дейін қызмет ете береді.
  Үкімет жыл сайын жаңадан құрылып отырады.
  Үкімет жаңадан сайланған Президент алдында өзiнiң өкiлеттiгiн доғарады.
  Үкімет жаңа сайланған Парламенттің 1-ші отырысында қызметін тоқтатады.
  Үкімет Президентпен таратылғанға дейін қызмет ете береді, яғни шексіз.
  Үкiметтiң жаңа құрамы бекiтiлгенге дейiн ол өз мiндеттерiн атқара бередi

Сұрақ №17

V2 Кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті мәні бойынша қандай қызметті білдіреді:
  сайлаушылардың белгілі бір кандидатты жақтап дауыс беруге қатысуына түрткі болу мақсатындағы қызметті
  таңдаушыларды, сайлаушыларды сайлауға қатыстыру үшін тіркеуден өткізу жөніндегі қызметті
  сайлау органдарының сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын қызметін білдіреді
  сайлаушылардың белгілі бір кандидатқа қарсы дауыс беруге қатысуына түрткі болу мақсатындағы қызметті
  сайлаушылардың белгілі бір саяси партияны жақтап немесе қарсы дауыс беруге қатысуына түрткі болу мақсатындағы қызметті
  кәмелетке толған, іс-әрекетке қабілетті азаматтарды сайлауға қатыстыру жөніндегі қызметті
  кандидаттардың өзінің болашақ қызметі туралы баяндайтын құжатты
  демократиялық негізде дауыс беруді өткізу үшін қажетті жағдайлар жасауды

Сұрақ №18

V2 Нормативтік актілердің сатысына сәйкес дұрыс орналасқан актілер тобын көрсетіңіздер:
  ҚР Президентінің заң күші бар жарлығы, конституциялық заң, кодекс
  конституциялық зан, конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заң, жай заң
  конституциялық заң, Парламенттің қаулысы, ҚР Президентінің нормативтік жарлығы
  Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң, конституциялық заң, жай заң
  Президенттің жарлығы, Үкіметтің қаулысы, әкімнің шешімі
  Президенттің заң күші бар жарлығы, конституциялық заң, кодекс
  Конституция, конституциялық заң, конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң
  Президенттің жарлығы, Парламент палаталарының қаулысы, кодекс

Сұрақ №19

V2 Судьяның өкiлеттiгiн тоқтата тұру негіздері:
  ҚР азаматтығынан айырылса
  оған қатысты айыптау үкiмi заңды күшiне енсе
  ҚР Президенттiгiне, Парламент не мәслихат депутаттығына кандидат болып тiркелсе
  судья басқа лауазымға тағайындалған жағдайда
  судьяны қылмыстық жауапқа тартуға келiсiм берiлсе
  ҚР Президенті немесе өкілді органдардың депутаты болып сайланса
  судья заңды күшiне енген сот шешiмiмен хабарсыз кеткен деп танылса
  судья әрекет қабілеттігінен айырылса

Сұрақ №20

V2 Судьяның өкiлеттiгi тоқтатылады:
  ол ауырып қалған жағдайда
  оған қатысты қылмыстық іс қозғалса
  ол іс сапармен шет елге кетсе
  қылмыстық іс бойынша жәбірленуші болып табылса
  қайтыс болса не соттың шешімі бойынша қайтыс болды деп жарияланса
  сот шешiмiмен хабар-ошарсыз кеткен деп танылса
  iс-әрекетке қабiлетсiз не iс-әрекетке қабiлетi шектеулi деп танылса
  оған қатысты айыптау үкiмi заңды күшiне енгенде

Сұрақ №21

V2 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің өкілеттігі:
  Үкiмет қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық жасайды
  Парламент қабылдаған заңдарға қол қояды
  Республикалық референдум тағайындайды
  саяси баспана береді
  Үкiмет қаулыларына қол қояды
  Парламент қабылдаған заңдарға қарсылық білдіреді
  Үкiмет қызметінің негізгі бағыттары жөнінде Президентке баяндап отырады
  Парламентті таратады

Сұрақ №22

V2 Үкімет мүшелерінің мәртебесі:
  Үкімет мүшелері жергілікті атқарушы органдарға басшылық етеді
  Президенттің өкілі болып табылады
  өмір бойы Конституциялық Кеңестің мүшесі болып табылады
  тиісті мемлекеттік органдарға басшылықты жүзеге асырады
  бір мезетте өкілді органның депутаты болып табылады
  өз құзыретi шегiнде шешiмдер қабылдауда дербестiкке ие болады
  ешкімнің тиіспеушілігі құқығын пайдаланды
  өздерiне бағынысты мемлекеттiк органдардың жұмысы үшiн Премьер-Министрiнiң алдында жеке-дара жауап бередi

Сұрақ №23

V2 Қазақстан Республикасының Үкіметі жауапты болады:
  Қазақстан халқы алдында
  Сенат алдында
  Парламент Мәжілісінің алдында
  Конституциялық Кеңес алдында
  Республика Президенті алдында
  Бас прокуратура алдында
  Республиканың жергілікті басқару органдары алдында
  Республика Парламенті алдында

Сұрақ № 24

V2 Үкiмет мүшелерінің орнынан түсуiне негіз болады:
  Парламент отырысына өз қызметі жөнінде есеп беруге келмеуі
  өздерiне жүктелген функцияларды одан әрi жүзеге асыру мүмкiн емес деп санауы
  Парламентте оның енгізген заң жобасының қабылданбауы
  саяси партияның мүшесі болуы
  Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспеуі немесе оны жүргiзбеуі
  ғылыми қызметпен шұғылдануы
  Республика Президентi өз бастамасымен Үкiметтiң кез-келген мүшесiн қызметiнен босатуға хақылы
  Парламенттің таратылуы

Сұрақ № 25

V2 Конституциялық бақылауды жүзеге асырудың үлгілері:
  президенттік үлгі - президенттің жүзеге асыруы
  монархиялық үлгі – монархтың жүзеге асыруы
  жалпы юрисдикциялық соттардың жүзеге асыруы
  үкімет мүшелерінің жүзеге асыруы
  арнайы құрылған сот органдарының жүзеге асыруы
  прокурорлық үлгі – прокуратураның жүзеге асыруы
  сот жүйесіне жатпайтын арнайы құрылған органдардың жүзеге асыруы
  халықтық үлгі – халықтың жүзеге асыруы

Сұрақ № 26

V2 Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің мәртебесi:
  Республика аумағында Конституцияның жоғары тұруын қамтамасыз етеді
  атқару билігі органдарының қызметіне басшылық жасайды
  жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асырады
  өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру кезiнде дербес және тәуелсiз болады
  өкілеттік мерзімі ішінде Президентке және Үкіметке тәуелді болады
  заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді
  Республика заңдары мен Президенттің жарлықтарына бағынады
  Конституцияға ғана бағынады, саяси және өзге себептердi негiзге ала алмайды

Сұрақ № 27

V2 Конституциялық Кеңестiң құрамы және құрылу тәртібі:
  толығымен Парламентпен сайланатын жеті мүшеден тұрады
  жетi мүшеден тұрады - төрағаны және екi мүшесiн Президент тағайындайды
  тұтастай Президентпен тағайындалатын алты мүшеден тұрады
  Үкімет мүшелері Конституциялық Кеңес мүшелері болып есептеледі
  жетi мүшеден тұрады, оның екi мүшесiн Сенат тағайындайды
  мүшелерінің саны – 20, Сенат пен Мәжіліс он-оннан сайлайды
  жетi мүшеден тұрады, оның екi мүшесiн Мәжiлiс тағайындайды
  Үкімет тағайындайтын алты мүшеден және экс-Президенттен құралады.

Сұрақ № 28

V2 Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшесiнiң қызметi сыйыспайды:
  оқытушылық қызмет атқарумен
  ғылыми қызмет атқарумен
  депутаттық мандатпен
  өзге шығармашылық қызметтердi атқарумен
  кәсіподақ мүшесі болумен
  кәсiпкерлiкпен айналысумен
  кафедра профессоры болумен
  коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiрумен

Сұрақ № 29

V2 Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелеріне қатысты қолдануға болмайды:
  оларды өкiлеттiгi мерзiмi iшiнде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге болмайды
  оларды іс сапармен шет елдерде жіберуге болмайды
  оларды әрекет қабілеттігі жоқ деп тануға болмайды
  олардың өкілеттігін тоқтатуға болмайды
  оларға сот тәртiбiмен белгiленетiн әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға болмайды
  қылмыс үстiнде ұсталған немесе ауыр қылмыстар жасаған реттердi қоспағанда, Парламенттiң келiсiмiнсiз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды
  олардың өкілеттігін тоқтата тұруға болмайды
  оларды тұрғын үймен, көлікпен қамтамасыз етуге болмайды

Сұрақ № 30

V2 Конституциялық Кеңес келіп түскен өтінішті қарауға қабылдаудан бас тартады:
  заң жобасын Президент енгізген болса
  Республикада экономикалық дағдарыс болып жатса
  конституциялығы талас тудырып отырған акт тоқтатылған немесе күшiн жойған болса
  Президентті қызметінен кетіру туралы мәселе қаралып жатқан кезде
  өтiнiш тиiстi субъектiден туындамаса
  өтiнiште көрсетiлген мәселенiң конституциялылығын Конституциялық Кеңес бұрын тексерiп қойған болса
  Конституциялық Кеңестің төрағасы ауырып қалған жағдайда
  өтініш Президенттен туындаса

Сұрақ № 31

V2 Конституциялық іс жүргізуге қатысушылар:
  қоғамдық бірлестіктер
  саяси партиялар
  экс-Президент
  Республика Президентi, Премьер-Министрi
  жергілікті өзін-өзі басқару органдары
  Парламент палаталарының төрағалары
  халықаралық ұйымдар
  актiлерiнiң конституциялылығы тексерiлетiн мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар

Сұрақ № 32

V2 Конституциялық Кеңес Төрағасының, мүшесiнiң өкiлеттiгi тоқтатылады:
  орнынан түсуi туралы өтiнiшi қанағаттандырылса
  жасы елуден асса
  науқастанып қалған болса
  қызметте болуының Конституцияда белгiленген мерзiмi аяқталса
  хабар-ошарсыз кеткен деп танылса
  Конституциялық Кеңестің отырысына дәлелді себептерсіз екі рет қатыспаса
  Жоғарғы соттың ол жөнiнде заңды күшiне енген айыптау үкiмi болса
  оны iс-әрекетке қабiлетсiз деп тану туралы тиiстi іс қозғауға келiсiм берiлсе

Сұрақ №33

V2 Конституциялық Кеңестiң шешiмдерi төмендегідей нысанда қабылдануы мүмкін:
  өкім
  заң
  қаулы
  бұйрық
  регламент
  қорытынды
  жолдау
  шешім

Сұрақ № 34

V2 Конституциялық Кеңестің қосымша шешім қабылдау жағдайлары:
  шешiмдерiне түсiндiрмелер беру туралы мәселе қойылса
  конституциялығы талас тудырып отырған акт күшiн жойған болса
  өтiнiште көрсетiлген мәселе Конституцияда шешiмiн таппаса
  Президент Конституциялық Кеңестің шешіміне қарсылық білдірсе
  шешiмінде жiберiлген редакциялық сипаттағы дәлсiздiктерді түзету қажет болса
  шешiмiнде орын алған редакциялық сипаттағы қателердi түзету қажет болса
  өтiнiш тиiстi субъектiден туындамаса
  өтiнiште көрсетiлген мәселенiң конституциялылығын Конституциялық Кеңес бұрын тексерiп қойған болса

Сұрақ № 35

V2 Конституциялық Кеңес алғашқы шешiмiн қайта қарайды:
  өз бастамасы бойынша
  құқық қорғау органдарының ұсынысы негізінде
  Премьер-министрдің қатысуымен
  қабылданған шешiмге негiз болған Конституция нормасы өзгерсе
  алғашқы шешім шыққан күннен бастап 5 жыл өткен соң
  шешiм қабылданған сәтте Конституциялық Кеңеске белгiсiз болған, өтiнiштiң мәнi үшiн жаңа елеулi нәрселер ашылса
  Парламент депутаттарының және Президенттің қатысуымен
  Парламент палаталарының бірлескен отырысында

Сұрақ № 36

V2 Конституциялық Кеңес шешiмдерінің қабылданy тәртібі:
  шешiмдер Үкімет мүшелерімен біріккен отырыста қабылданады
  Конституциялық Кеңес шешiмдерi төрағамен жеке қабылданады
  Конституциялық Кеңес шешiмдердi алқалы түрде қабылдайды
  Конституциялық Кеңес шешiмдерi мүшелерінің 100 пайыз дауысымен қабылданады
  Конституциялық Кеңес шешiмдi өз мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылдайды
  шешiм қабылдау кезiнде дауыс тең бөлiнген жағдайда Конституциялық Кеңес Төрағасының даусы шешушi дауыс болып табылады
  дауыс тең бөлiнген жағдайда қосымша шешім шығару жүргізіледі
  дауыс тең бөлiнген жағдайда қайта шешім шығарылады

Сұрақ № 37

V2 Конституциялық Кеңес шешiмiне Республика Президентінің қарсылық енгізуі:
  қарсылық Конституциялық Кеңестiң қорытынды шешiмiне тұтастай немесе белгiлi бiр бөлiгiнде енгiзiлуi мүмкiн
  қарсылық Конституциялық Кеңес өз шешімін қайта қараған жағдайда ғана енгізіледі
  қарсылық Президент шешiмнiң мәтiнiн алған күннен бастап он күн мерзiмнен кешiктiрiлмей енгiзiледi
  қарсылық шешім қабылданған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде енгiзiледi
  Президенттің қарсылығы Конституциялық Кеңес мүшелерi жалпы санының үштен екiсiнiң даусымен еңсерiлуі мүмкін
  Президенттің қарсылығы түпкілікті болып табылады, яғни ол еңсеруге жатпайды
  қарсылықты алдымен Парламент қарайды, содан кейін барып Конституциялық Кеңестің қарауына беріледі
  қарсылық Конституциялық Кеңес мүшелерi көпшілік даусымен еңсерiлуі мүмкін

Сұрақ № 38

V2 Сот билігінің мәні:
  республика Президентіне ешкімнің тиіспеушілігін қамтамасыз етеді
  сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады
  жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асырады
  шешімдер шығару арқылы Конституция нормаларына түсіндірме береді
  азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қызмет етеді
  жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге арналған
  әділсот республиканың тиісті аумағының атынан жүзеге асырылады
  Конституцияның, заңдардың, өзге де актiлердiң, халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етедi

Сұрақ № 39

V2 Қазақстан Республикасы сот жүйесiнiң бiрлiгi қамтамасыз етіледі:
  барлық соттар мен судьялар үшiн ортақ және бiрыңғай сот төрелiгi принциптерiмен
  биліктің үш тармаққа бөлінуімен
  билік органдарының заң алдында теңдігімен
  судьялардың конституциялық бақылауды жүзеге асыруымен
  судьялардың сот төрелiгiн iске асыру кезiнде Президентке тәуелділігімен
  заңдарда судьялардың бiрыңғай мәртебесiн баянды етумен
  биліктің біртұтастығымен
  заңды күшiне енген сот актiлерiн Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында орындаудың мiндеттiлiгiмен

Сұрақ №40

V2 Облыстық соттың органдары болып табылады:
  тұрақты комитеттер
  жалпы отырыс
  есеп комитеті
  бірлескен комиссиялар
  апелляциялық сот алқасы
  тексеру комиссиясы
  әкімдік
  кассациялық сот алқасы

Сұрақ №41

V2 Жоғарғы Соттың органдары болып табылады:
  үйлестіруші органдар - Бюролар
  тексеру комиссиясы
  жалпы отырыс
  сессия
  есеп комитеті
  азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы
  қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы
  әкімдіктер

Сұрақ № 42

V2 Қазақстан Республикасында судьялардың мәртебесі:
  судьялар сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тәуелсiз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады
  судьялар өзін тағайындаған тұлға алдында тәуелді болады
  судьялар өз атынан сот билігін жүзеге асырады
  судьялар бес жыл мерзімге сайланады
  судьялар нақты iстер бойынша есеп бермейдi
  судьялар өзін тағайындаған тұлғаға қарауындағы істер жөнінде есеп береді
  судьяға құрметтемеушiлiк бiлдiру заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады
  судьялар конституциялық бақылау функциясын да жүзеге асырады

Сұрақ № 43

V2 Аудандық соттарды құру ерекшелігі:
  тиісті соттарды Президенттің ұсынуы бойынша Парламент құрады
  Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесімен келісілген ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi құрады
  ҚР Үкіметінің ұсынуы бойынша Жоғарғы Сот құрады
  тиісті соттарды облыстық Соттар құрады және судьялардың санын анықтайды
  Тиісті соттың судьяларының санын анықтай отырып, оларды Жоғарғы Соттың Төрағасы дербес құрады
  аудандық соттар үшiн судьялардың жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесімен келісілген ұсынуы бойынша ҚР Президентi бекiтедi
  ҚР Парламенті арнайы конституциялық заң шығару арқылы бірнеше әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте бiр аудандық сот немесе бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте бiрнеше аудандық сот құруы мүмкін
  ҚР Президенті бірнеше әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте бiр аудандық сот немесе бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте бiрнеше аудандық сот құруы мүмкін

Сұрақ № 44

V2 Заң мамандығы бойынша жұмыс стажына байланысты судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптар:
  барлық деңгейдегі судьялар үшін - кемінде 5 жыл
  Жоғарғы Соттың судьясы болу үшін - заң мамандығы бойынша кемінде жиырма жыл жұмыс стажы немесе кемінде он жыл судьялық жұмыс стажы
  Жоғарғы Сот судьялары үшін 15 жыл, жергілікті сот судьялары үшін 5 жыл
  Жоғарғы Соттың судьясы болу үшін - кемінде жиырма бес жыл
  облыстық соттың судьясы болу үшін - кемінде он бес жыл жұмыс стажы немесе кемінде бес жыл судьялық жұмыс стажы
  облыстық соттың судьясы үшін – кемінде жиырма жыл
  аудандық соттың судьясы болу үшін - кемiнде екi жыл жұмыс стажы
  аудандық, мамандандырылған соттардың судьялары үшін - кемінде 3 жыл

Сұрақ № 45

V2 Президентті, Парламент және мәслихат депутаттарын сайлауда сайлау қорлары мынадай қаражаттардан құралады:
  кандидаттың сайлау қорына бөлген жеке қаражатынан
  республикалық бюджет қаражатынан
  жергілікті бюджет есебінен
  кандидатты ұсынған қоғамдық бірлестіктің қаражатынан
  халықаралық ұйымдар мен халықаралық қоғамдық бiрлестiктердің қаражатынан
  зейнатақы қорлары қаражатынан
  шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың қаражатынан
  Республика азаматтары мен ұйымдарының ерікті қайырмалдықтарынан

Сұрақ № 46

V2 Қазақстан Республикасында сайлаулар өткізуде сайлау қорлары мынадай көздерден құралмайды:
  кандидаттардың жеке қаражатынан
  жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қаражатынан
  кандидатты ұсынған қоғамдық бiрлестiк бөлген қаражаттан
  Республика азаматтары ерiктi қайырмалдықтарынан
  қайырымдылық ұйымдарының, дiни бiрлестiктердiң қаражаттарынан
  өздерiнiң жарғылық капиталында шетелдiк қатысушысы бар қазақстандық заңды тұлғалардың ерiктi қайырмалдықтарынан
  саяси партиялардың қаражатынан
  Республика ұйымдарының ерiктi қайырмалдықтарынан

Сұрақ № 47

V2 Сайлау қорының сайлау науқаны мақсаттарына жұмсалмай қалған ақшалай қаражаты қайда жіберіледі:
  толығымен республикалық бюджетке жiберiледi
  толығымен кандидатқа қайтарылады
  үштен екiсi республикалық бюджетке жiберiледi
  жартысы жергілікті бюджетке жіберіледі, жартысы кандидатқа қайтарылады
  үштен бiрi кандидатқа қайтарылады
  толығымен кандидаттың зейнетақы қорына аударылады
  Мәжілістің 98 депутатын сайлауда үштен бірі саяси партияға қайтарылады
  қылмыстылыққа қарсы күрес жүргізуді мақсат ететін мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға аударылады

Сұрақ № 48

V2 Сайлау науқанын өткізуге бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылауды жүзеге асырады:
  тиiстi сайлау комиссиялары
  министрліктер
  банк мекемелерi
  Үкімет
  жергілікті әкімдік
  Прокуратура
  жергілікті өзін-өзі басқару органдары
  тиісті сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша аталған бақылауды жүргізуге тартылған мемлекеттік органдардың мамандары

Сұрақ № 49

V2 Сайлаушылардың (таңдаушылардың) дауысын қайта санауға мына жағдай негіз болады:
  учаскелік сайлау комиссияларының хаттамаларында қателердің анықталуы
  жарамсыз бюллетеньдердің болуы
  тиісті сайлау комиссияларының хаттамаларында сәйкессiздiктердің анықталуы
  дауысты есептеудiң дұрыстығына күмән тууы
  кандидаттар саны екеу болып оның біреуі шығып қалса
  қайта сайлаудың тағайындалуы
  кандидаттардың ешбірі қажетті дауыс санын жинай алмаса
  республикада төтенше жағдай енгізілсе

Сұрақ № 50

V2 ҚР Президенттігіне кандидаттарды қоғамдық бірлестіктердің ұсыну тәртібі:
  Президенттікке кандидаттарды қоғамдық бірлестіктер атынан олардың жоғары органдары ұсынады
  Қоғамдық бірлестіктер осы бірлестіктің мүшесі болып табылмайтын адамдарды кандидаттыққа ұсынуға хақылы
  Президенттікке кандидаттарды ұсыну құқығын жергілікті қоғамдық бірлестіктер де иеленеді
  Қоғамдық бірлестік Президенттікке кемінде екі кандидат ұсынуға хақылы
  Бір қоғамдық бірлестік Президенттікке бір ғана кандидат ұсынуға хақылы
  Президенттікке кандидаттар ұсыну үшін қоғамдық бірлестіктер жергілікті әкімдерден рұқсат алады
  Президенттікке кандидаттарды ұсыну қоғамдық бірлестіктің барлық мүшелері қатысқан жиналыста жүргізіледі
  Президенттікке кандидаттарды республикалық және аумақтық қоғамдық бірлестіктер ұсынады

Сұрақ № 51

V2 Қазақстан Республикасында сайлау қорытындыларын анықтайды:
  Президентті сайлау қорытындысын учаскелік сайлау комиссиясы
  Президентті және Парламент депутаттарын сайлау қорытындысын Орталық сайлау комиссиясы
  Барлық сайлаулардың қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы
  Мәслихат депутаттарының сайлау қорытындыларын аумақтық сайлау комиссиялары
  Республикалық деңгейде өтетін сайлаулардың қорытындыларын республикалық сайлау комиссиясы
  өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау қорытындыларын аумақтық сайлау комиссиялары
  жергілікті сайлаулардың қорытындыларын аудандық сайлау комиссиялары
  Қазақстанда сайлау қорытындылары өткізілу аумағына қарай тиісті аумақтық, учаскелік сайлау комиссияларымен анықталады












Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: