Спораларды бояу

Бактериялардың кейбір түрлері жасуша ішілік (эндогенді) споралар түзеді. Вегетативті жасушалардан ерекшелігі оларда бос судың мөлшері аз болады, сонымен бірге липидтер мен кальцидің құрамы жоғары болады.

Бактерияларда капсуланы анықтау

Кейбір микробтарда өзінің денесінің беткейінде жасушалық қабырғасының айналасында көлемді шырышты қабатты өндіретін қасиеті бар, оны капсула деп атайды. Капсуланың құрамына ең бастысы полисахсридтер (пневмококк) кіреді, бірақ кейбіреулерінің құрамында полипептидтер болады (сібір түйнемесі таяқшасы). Капсулалардың консистенциясы гель тәрізді, соған байланысты тірі бактериялардың микроскопиясы кезінде олар нашар көрінеді. Оларды анықтау үшін негативті бояуды қолданады. Барлық айтылған әдістер позитивтіге жатады, өйткені оларды қолданған кезде микробты жасушалар боялады. Негативті әдістерде бояғыш бактерия айналасындағы кеңістікті толтырады, нәтижесінде олар қара фонда ашық бөлшектер болып көрінеді.

Бурри әдісі бойынша капсуланы анықтау

Әдістемесі:

Затттық шынының шетіне тушь тамшысын және ілмекпен зерттелетін материалды аламыз. Ерітіндіні жақсылап ілмекпен араластырып, жұғын дайындаймыз, қаннан жасалған жұғын тәрізді, кептіреміз, бекітпейміз, иммерсионды жүйеде микроскопиялаймыз. Жұғын қара микроб денесі және олардың капсулалары тушпен боялмайды, түссіз болып қалады, сондықтан бұл тәсіл негативті деген атқа ие болған.

Гинс әдісі бойынша капсуланы анықтау

Әдістемесі:

1.Бурри әдісімен негативті боялған препаратты дайындау.

2.Кез-келген химиялық әдіспен бекіту: метил спирті, Никифиров қоспасы немесе басқа да қоспалармен.

3.Сумен шаю.

4.1:3 қатынасында араластырылған, карбол фуксинімен 3-5 мин. бояймыз.

5.Сумен шайып, кептіріп және иммерсионды жүйемен микроскопиялау.

Микроскопия кезінде қара фонда препаратта боялмаған капсулалар айқын көрінеді, оның ортасында бактериялар ашық қызыл түсте болады.

Хаттама толтыру кесте үлгісі:

Хаттама № ___ Күні:____________

Тақырыбы: ____________________________________________________

Зерттеу материалы: (тексерілетін материалды көрсету, қолданатын бактерия дақылы және т.б.).

Зерттеу жолы: (этаптары бойынша көрсету, зерттеу этаптарын альбомға түсіру)

Қорытынды нәтижесі: (микроскоптан қараған суретті салу, иммунологиялық реакцияларды, бөліп алынған дақылдың биологиялық қасиеттерін көрстеу, сурет салу).

Қорытынды

Тақырыбы: Қышқылға төзімді бактериялар және оларды Циль-Нильсен әдісімен бояу. Тірі бактерияларды зерттеу. Спирохеттердің, актиномицеттердің, риккетсиялардың, микоплазмалардың, саңырауқұлақтардың, вирустардың морфологиясы. Фазалы-контрасты, люминесцентті және электронды микроскоппен жұмыс істеу ережелері.

Сабақтың мақсаты: ҚРDOTS стратегиясы бойынша туберкулездің басты диагностикалық әдісі болып микроскопиялық әдіс болып саналады. (Циль-Нильсен әдісі бойынша қақырықты бояу). Бактерияларды тірі күйінде зерттеу микроорганимздердің қозғалғыштығын, яғни талшықтарын анықтайды.

Студент білуге тиіс:

- Микобактериялардың жасуша құрылымының химиялық құрамы

- Бактерияларды тірі күйінде зерттеу әдістемесі.

- Спирохеттердің, актиномицеттердің, риккетсиялардың, микоплазмалардың, саңырауқұлақтардың, вирустардың морфологиясы.

- Қышқылға төзімді бакетряларды зерттеу әдісі.

Керекті құрал-жабдықтар: дақылдық қоспалар, бояулар жиынтығы, демонстрациялық препараттар

Сабақ тақырыбын өз бетімен дайындауға арналған сұрақтар:

1. Қышқылға төзімді бактериялардың жасуша қабырғасының құрылысы. Химиялық құрамы.

2. Циль-Нильсен әдісінің негізі. Қолданылатын реактивтері мен бояулары.

3. Бактерияларды тірі күйінде тексеру әдістері ("езілген тамшы" және "ілінген тамшы" препараттары).

4. Спирохеталардың жіктелуі, морфологиялық ерекшеліктері. Романовский-Гимзе әдісі бойынша бояу.

5. Риккетсиялардың жіктелуі, морфологиялық ерекшеліктері. Здродовский әдісі бойынша бояу.

6. Микоплазмалардың жіктелуі, морфологиялық және тинкториалдық ерекшеліктері.

7. Саңырауқұлақтар морфологиясы. Мицелий түрлері. Құрылыстық ерекшеліктері.

8. Вирустардың жалпы морфологиялық сипаттамасы.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: