Кестелерді форматтау

Кестедегі мәліметті жеңіл әрі тез оқуға мүмкін беретіндей етіп форматтауға болады.

Торлар ішіндегі мәліметті форматтау үішін әдетте мәтінді форматтау тәсілдерін де қолдануға болады. Формат командасы ұсынатын барлық әрекеттерді (бұрыннан таныс) қолдануға болады. Мысалы, қатар аралық интервалды анықтап, оның шеттерін туралауға және ол үшін жанама меню қолдануға мүмкіндік бар.

Бұдан басқа да тікелей кестені әшекейлеу элементтерін қосуға болады (кестенің бөлу сызықтары, оны жиектеу т.с.с) кестені әшекейлеуге арналған алдын-ала анықталған стильдер арқылы кестені форматтауға болады.

Кесте – Автоформат (Таблица – Автоформат) командасы кестені әшекейлеудің алдын ала анықталған стильдерін қолдану арқасында оны безендіруге қажетті қысқартуға мүмкіндік береді. Олардың көмегімен ұяшықтарды жиектеу мен іштерін бояуды, шрифт түрі мен сондай-ақ торлардың мөлшерін олардың ішіндегі мәліметке сәйкес автоматты түрде өзгерту параметрлерін жылдам анықтауға болады.

Кестені форматтау үшін курсорды кесте ішіне орналастыру керек.

7.1-сурет. Кестені автоформаттау сұхбат терезесі.

(Жиектеу, Қаріп, Автотаңдау, Ішін бояу, Түсі) Нәтижесін “‡лгі” бөлігінен көріп отырамыз. Ал, автоформатты кестені тек белгілі бір бөлігіне қолдану үшін, “Әшекейлеуді өзгерту” (изменить оформление) бөлігінде форматы өзгертілетін кесте бөлігін атап көрсету қажет (мысалы, Тақырып қатар, Бірінші бағаны, Соңғы қатар, Соңғы бағана, т.с.с) Ең соңында ОК ботырмасын шерту керек.

¦яшықты (қатарларды) нөмірлеу үшін нөмірлеуге қажетті бағананы, қатарды немесе торларды белгілеп алған соң:

- меню қатарындағы формат – Тізім (Формат- Список)

- кестенің жанама менюіндегі Тізім командасын орындау;

- “Форматтау” тақтасында орналасқан “Нөмірленген тізім” батырмасы көмегімен ұяшықтарды өте тез нөмірлеп алуға болады. Алайда, бұл жағдайда нөмірлеу үшін “Тізім” (Список) сұхбат терезесіндегі анықталған стиль қолданылатын болады.

- Нөмірлеу белгілеп алған бағана немесе қатар, торға тәуелді жүргізіледі. Форматтарын ашылған сұхбат терезесінде ауыстыруды алдыңғы сабақтардан білеміз

(Мәтінді форматтау)


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: