Кіріспе. Диплом алдындағы тәжірибе оқуды аяқтау этапы болып табылады, ол теориялық курсты оқып біткеннен кейін және

Диплом алдындағы тәжірибе оқуды аяқтау этапы болып табылады, ол теориялық курсты оқып біткеннен кейін және оқушылар Мемлекеттік стандартта қарастырылған барлық емтихандарды (соның ішінде квалификациялық), сынақтарды, курстық жобаларды тапсырып болған соң өткізіледі.

Мақсаты:

- оқушыларды мамандығы бойынша өз бетімен жұмыс істей алуға дайындау.

Тәжірибенің міндеттері:

- оқушылардың мамандықтары бойынша кәсіптік қызметті меңгеруі, кәсіптік ойлау қабілеттерінің дамуы;

- пәнді оқығанда алған білімдері мен біліктерін бекіту, толықтыру, тереңдету және бір жүйеге келтіру;

- болашақ маманнның нақты өндірісте өз бетімен жұмыс істеу мүмкіндіктерін тексеру;

- дипломдық жұмысқа материалдар дайындау.

Тәжірибе базасы:

Маманның профилі бойынша тәжірибе ақпараттандыру бөлімдері бар мемлекеттік, мемлекеттік емес және муниципалды мекемелерде, ұйымдарда өткізіледі.

Диплом алдындағы тәжірибені оқушылар өздері қалаған кәсіпорындар мен ұйымдарда өте алады. Ол үшін оқушылар кәсіпорынның атынан хат дайындауы керек, бұл хатта келесілер көрсетілуі тиіс:

Ø Дипломдық жобаның тақырыбы

Ø Кәсіпорынның тәжірибе алдандағы тәжірибеге бағыттауы туралы өтініші

Ø Хатқа міндетті түрде директор (кәсіпорын, ұйым және т.б. басшысы) қол қояды.

Тәжірибе есебі:

- Тәжіриьенің ұйымдағы жетекшісі оқушы-машықкерге мінездеме береді, онда тәжірибенің қорытынды бағасы көрсетілуі тиіс. (қолы және мөр міндетті түрде болу керек);
- Оқушылар тәжірибеде істелген барлық жұмысқа талдау жасап, есеп жазады;

- Оқу орнындағы тәжірибе жетекшісіне оқушылар күнделік көрсетеді, онда істелген жұмыс уақыт бойынша жазылады. Күнделікке ұйымдағы тәжірибе жетекшісі күнделікті қол қобы тиіс;

- Әр оқушыға берілген жеке тапсырманың электрондық нұсқасы (дискета, диск, флешка) – кәсіпорында орындаған тапсырмалар;

- мультимедиалық жоба (екі өлшемді немесе үш өлшемді анимация, видео, интерактивті қосымшалар).

Есепке қойылатын талаптар:

- Титулдық беттерін, сызбаларын, кестелерін, графикаларын, суреттерін, схемаларын қосқанда көлемі 80 беттен аз болмауы тиіс.

- есепте келесі сұрақтар қарастырылуы тиіс:

- Кәсіпорынның қысқаша сипаттамасы

- Кәсіпорынның ақпараттық жүйесінің ұйымдастырылуы

- Ақпаратпен жұмыс істеудің техникалық берілгендері

- Кәсіпорынның автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің схемасын құру

- Қызметкерлердің автоматтандырылған жұмыс орындары

- Кәсіпорындағы компьютерлік желінің сызбасын құру

- Еңбекті қорғаудың жағдайы

- Қысқаша шешімдер мен ұсыныстар

- Кәсіпорында жетекшінің жеке тапсырмаларын қалай орындағандығы жөнінде толық есеп беру

- Құрастырылған жоба бойынша ақпарат (жобаның мақсаты, қандай ортада жасалған, ол ортаның мүмкіндіктері, нені пайдаланғандары).

Қорытындылар:

Диплом алдындағы тәжірибенің қорытындысы сынақ болып табылады, бұл сынақтың бағасын диплом жетекшісі диплом алдындағы тәжірибенің тапсырмасын орындауына байланысты жазылған есептің және кәсіпорындағы жетекшінің жазған мінездемесіндегі бағасының негізінде қояды.

Диплом алдындағы тәжірибенің бағдарламасын орындамаған оқушылар дипломдық жобалауға, мемлекеттік емтиханды тапсыруға жіберілмейді. Оларға теориялық оқуды аяқтады деген академиялық анықтама жазылады.

Оқушылар диплом алдындағы тәжірибеге екінші рет тек 10 айдан кейін ғана, егер олар мамандықтары бойынша жұмыс істеп, жұмыс орнынан оң мінездеме әкелсе ғана жіберіледі.

Тәжірибе бойынша қорытынды бағаны оқу орны көрсетілген құжаттар мен тәжірибе есебін қорғау нәтижесі бойынша қояды.

Диплом алдындағы тәжірибені өту уақыты:

Диплом алдындағы тәжірибе 02.03.2015 – 11.04.2015 күндері аралығында 6 апта (36 күн) өтеді.


Тақырыптық жоспар

Тақырып атаулары Тәжірибе ұзақтығы (күн)
  1 бөлім. Кәсіпорынның есептеу орталығымен танысу  
  Есептеу орталығының құрылымы мен қызметі  
  Техника қауіпсіздігі және есептеу орталығында еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру  
  Кәсіпорынның компьютерлік техникасының техникалық жабдықталуы  
  2 бөлім. Ақпаратты өңдеудің технологиялық процессі  
  2.1 Есептің қойылуы  
  2.1.1 Бағдарламалау кешенінің енгізу және шығару құжаттарын сипаттау  
  2.1.2 Бағдарлама кешенін сипаттау  
  2.2 Алгоритм құрастыру  
  2.2.1 Есепті шешу үшін алгоритм құрастыру  
  2.3 Жоба құру  
  2.3.1 Бағдарламалау тілін таңдау  
  2.3.2 Жоба құрастыру  
  2.4 Бағдарламаларды түзету және тестілеу  
  2.4.1 Бағдарламаны түзету  
  2.4.2 Бағдарлама мәтіні  
  2.5 Дипломдық жобаға жиналған материалды жинау және жүйелеу  
  2.5.1 Бағдарламалық қамтамасыздандыруды сипаттау  
  2.5.2 Бағдарламалау тілін сипаттау  
     

Диплом алдындағы тәжірибенің мазмұны

1 бөлім. Кәсіпорынның есептеу орталығымен танысу

Есептеу орталығының құрылымы мен қызметі

Танысу керек:

- Берілген кәсіпорынның Ережесі және құжаттарымен

- Берілген кәсіпорынның құрылуы мен қызмет жасауы бойынша құжаттармен

- Функционалдық бөлімшелердің құрылымымен, басқару жүйесімен, олардың қызметтік ережелерімен

Техника қауіпсіздігі және есептеу орталығында еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру

Танысу керек:

- Кәсіпорынның жұмыс орындарының нұсқаулықтарымен (инструкция)

- Авариялық кіру және шығу схемаларымен

- Еңбекті қорғау инструкциясымен

Кәсіпорынның компьютерлік техникасының техникалық жабдықталуы

Танысу керек:

- Есептеу орталығының немесе сәйкесінше бөлімдердің қызметтік нұсқаулықтарымен

- Бөлімшелердегі компьютерлік техниканың тізімі

- Компьютерлік техниканың техникалық мүмкіндіктері

- Кәсіпорындағы ЭЕМ типтерімен танысу

- Перифериялық құрылғылар спецификасымен, конфигурациясымен танысу

- Кәсіпорындағы желі архитектурасымен (топологиясы, қолданылатын кабельдер, т.б.)


2 бөлім. Ақпаратты өңдеудің технологиялық процессі

Есептің қойылуы

Дайындау керек:

- Бағдарламалау кешенінің енгізу және шығару құжаттарын сипаттау

- Бағдарлама кешенін сипаттау

Алгоритм құрастыру

Білу керек:

- Есепті шешу үшін алгоритм құрастыру

Жоба құру

Дайындау керек:

- Бағдарламалау тілін таңдау

- Жоба құрастыру

Бағдарламаларды түзету және тестілеу

Дайындау керек:

- Бағдарламаны түзету

- Бағдарлама мәтіні

Дипломдық жобаға жиналған материалды жинау және жүйелеу

Дайындау керек:

- Бағдарламалық қамтамасыздандыруды сипаттау

- Бағдарламалау тілін сипаттау


Тәжірибе есебіне қойылатын талаптар

Тәжірибе аяқталған соң 2 түрлі есеп өткізіледі:

  1. Тәжірибе күнделігі
  2. Тәжірибе бойынша есеп

Күнделікте тәжірибені өту үрдісі кезінде студенттің орындаған жұмыстары жазылады және бағаланады.

Есеп студент тәжірибеден өткен ұйымның құрылымы мен қызметіне талдау жасалуы қажет:

  1. Ұйымның толық әрі нақты атауы
  2. Ұйым құрылымы және ұйымның негізгі қызметтік бағыттарына сипаттама
  3. Студен тәжірибеден өткен ұйым бөлімінің негізгі қызметтік бағыттарын және кәсіпорын құрылымындағы жеке қызметіне сипаттама
  4. студент өзі қатысқан нақты жобаға (зерттеуге) сипаттама, талдау және баға беру, студент қызметінің мазмұны
  5. Болашақта колледж студенттерінің осы ұйымда тәжірибеден өту алғышарттарына баға беру
  6. Ұйымдағы басқарушылардың аты-жөні және колледж студенттерінің диплом алдындағы тәжірибені өтуі бойынша келісуге болатын қызметкерлердің Аты-жөні, мекен-жайы, телефондары, электрондық почталары

Есепті рәсімдеу ережелері

Диплом алдындағы тәжірибе бойынша есебі әр студенттің тәжірибеден өту сапасын бағалауға арналған негізгі құжат болып табылады. Есеп мазмұны диплом алдындағы тәжірибенің бағдарламасына сай келуі керек.

Есеп техникалық түрде сауатты өңделу қажет және тігіліп өткізіледі.

Есепке студенттің диплом алдындағы тәжірибеде жинаған барлық материалдары және күнделігі қоса өткізіледі.

Есепті құру барысында:

1. мәтінді қысқа, техникалық түрде сауатты баяндау;

2. үрдістердің сипатталуын мүмкіндігінше программалық өнім ретінде беру;

3. соңғы нәтижелер көрініп тұру үшін цифрлық кестелерді жүйеленген түрде көрсету қажет.

Ұсынылатын есеп құрылымы

1. Титулдық бет

2. Жұмыс жоспар-кестесі

3. Тәжірибе күнделігі

4. Жеке тапсырма

5. Мазмұны

6. Тәжірибе бойынша есеп

7. Қорытынды

8. Қолданылған әдебиеттер (деректер көзі)

9. Қосымшалар

Есепті рәсімдеуге қойылатын талаптар

Есеп А4 форматындағы ақ қағаздың бір жағына 1 интервалымен орындалуы керек. Шрифт: түрі – Times New Roman, сұлбасы – әдеттегі (обычный), кегль 14.

Есеп мәтінін өрістердің келесі өлшемдерін сақтап отырып теру керек: сол жағы – 30мм, жоғарғы жағы – 20мм, оң жағы – 10мм және төменгі жағы –25мм.

Кейбір анықталған терминдерге, формулаларға, теоремаларға назар аударту үшін компьютерлік мүмкіндіктер мен шрифттердің әртүрлі гарнитураларын қолдануға болады.

Есепті қорғау

- Есепті қорғау ұзақтығы, әдетте, бір студентке 20 минуттан аспауы керек.

- Есепті қорғау үшін студент баяндама (10-15 минутқа) дайындауы керек, онда жұмыстың негізгі мазмұны мен көркемдік материалдар көрсетілуі керек.

Баяндамада анық көрінуі керек:

- тақырып атауы;

- алғашқы мәліметтер, жұмыстың мақсаты мен есептері;

- оларды шешудің мүмкін нұсқалары;

- зерттеу бөлімінің әдістемесі мен нәтижелері;

- алынған шешімдердің тәжірибелік бағасы мен қолдану мүмкін туралы қорытындылары.

- Баяндау үрдісінде студент көркемдік материалдарды қолданып, және орнатылған уақыт регламентін ескеруі керек.

- Есепті қорғау реті келесідей:

- Есеп жазушы (қорғаушы) (ФИО), жұмыс тақырыбы, жетекшісі туралы ақпарат;

- Есепті қорғауы;

- Есепті қабылдау комиссиясынан қойылған сұрақтар, және оған берілген жауаптар;

- тәжірибе жетекшінің сөзі (немесе оның пікірі оқылады);

Есепті бағалау кезінде комиссия мүшелері келесі критерийлерді ескереді:

- орындалған жұмыс тақырыбының актульдылығы;

- жұмыста шығармашылық элементтер мен автордың ерекше шешімдерінің бар болуын (рационализаторлық ұсыныстар, патенттік жобалар, т.б.);

- ғылыми-зеттеу бөлімінің тереңдігі және әдістемелік деңгейі;

- жаңа заманғы әдебиеттерді пайдалану дәрежесі;

- күрделі есептеулерді экономикалық және математикалық әдістерді қолдану;

- түсіндіру жазбалары мен көркемдік материалдарды безендіру сапасы;

- баяндама (есеп) сапасы;

- Комиссия мүшелерінің қойған сұрақтарына жауабы;

- жетекшінің пікірі.


Қосымша № 1

КЕЛІСІЛДІ Ұйымнан кәсіптік тәжірибенің жетекшісі ___________________________________ (қолы) (аты-жөні) “__”_________________2015 жыл БЕКІТІЛДІ Кәсіптік тәжірибенің жетекшісі _________________ А.К. Орманов (қолы) «_____»__________ 2015жыл

«Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» РМҚК

(білім беру орнынның атауы)

«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» мамандығы бойынша

4 ВТ тобының

оқушысы ____________________________________________________

(оқушының аты-жөні)

диплом алдындағы тәжірибені өтудің

ЖҰМЫС ЖОСПАР-КЕСТЕСІ

Тақырып атаулары Орындау мерзімдері Ескерту
Басы Соңы
  1 бөлім. Кәсіпорынның есептеу орталығымен танысу      
  Есептеу орталығының құрылымы мен қызметі 02.03 02.03  
  Техника қауіпсіздігі және есептеу орталығында еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру 03.03 04.03  
  Кәсіпорынның компьютерлік техникасының техникалық жабдықталуы 05.03 06.03  
  2 бөлім. Ақпаратты өңдеудің технологиялық процессі      
  2.1 Есептің қойылуы 07.03 07.03  
  2.1.1 Бағдарламалау кешенінің енгізу және шығару құжаттарын сипаттау 09.03 10.03  
  2.1.2 Бағдарлама кешенін сипаттау 11.03 12.03  
  2.2 Алгоритм құрастыру 13.03 14.03  
  2.2.1 Есепті шешу үшін алгоритм құрастыру 16.03 17.03  
  2.3 Жоба құру 18.03 19.03  
  2.3.1 Бағдарламалау тілін таңдау 20.03 21.03  
  2.3.2 Жоба құрастыру 23.03 26.03  
  2.4 Бағдарламаларды түзету және тестілеу 27.03 28.03  
  2.4.1 Бағдарламаны түзету 30.03 01.04  
  2.4.2 Бағдарлама мәтіні 02.04 03.04  
  2.5 Дипломдық жобаға жиналған материалды жинау және жүйелеу 04.04 06.04  
  2.5.1 Бағдарламалық қамтамасыздандыруды сипаттау 07.04 08.04  
  2.5.2 Бағдарламалау тілін сипаттау 09.04 11.04  

қолы:

(білім беру орнындағы кәсіптік тәжірибенің жетекшісі)

“____”__________2015 жыл


Қосымша № 2

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» РМҚК

Диплом алдындағы тәжірибенің

КҮНДЕЛІГІ

Студент _______________________________________________

Бөлім: «Программист» курс _________ топ ___________

Мамандық _____________________________________________

Тәжірибе өтетін орын ___________________________________

ТӘЖІРИБЕ КАЛЕНДАРЛЫҚ МЕРЗІМІ:

Оқу жоспары бойынша: __________________________________

Тәжірибенің басталу мерзімі: _____________________________

Тәжірибенің аяқталу мерзімі: _____________________________

КӘСІПОРЫНДАҒЫ ТӘЖІРИБЕ ЖЕТЕКШІСІ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТ:

Кәсіпорын: ____________________________________________

Лауазымы: ____________________________________________

Аты-жөні: ____________________________________________


Мерзімі Жұмыстың мазмұны Ескертулер
     
     

Кәсіпорындағы жетекшісі ____________ ________________

қолы

М.О.


Қосымша № 3

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» РМҚК

  Бекітілді Кәсіптік тәжірибенің жетекшісі ____________________________ (қолы) «_____»__________ 2015 жыл

Диплом алдындағы тәжірибеге


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: