IV тарау

Бастауыш мектепте шет тілі сабағын ұйымдастыру

Жоспар:

  1. Сабақ жоспары туралы түсiнiк.
  2. Шетел тiлi сабағының түрлерi.
  3. Сабақтың құрылымы және оны ұйымдастыру.
  4. Ағылшын тiлi сабағын оқытудың әр кезеңдегi құрылымы.
  5. Сабақты ұйымдастыру жолдары.
  1. Сабақ жоспары туралы түсiнiк.

Әр оқытушы сабақ бермес бұрын сабақтың толық жоспарын құруы тиiс және сол сабақ жоспарын сабақтың мақсатына жету үшiн бiрiшi көмекшiсi ретiнде қолдану керек. Бұл жоспарда тек мұғалiмнiң жұмысы емес, сонымен қатар оқушының да жұмысы ескерiлуi тиiс. Сабақ жоспарын құру барысында мұғалiм әдiстемелiк кiтапшаны қолданады, бiрақ әдiстемелiк кiтапшадағы нұсқауларды мұғалiм сыныптың бiлiм деңгейiне қарай өзгертiп отырады.

Сабақ жоспары мұғалiмнiң жеке жұмысының нәтижесi болғандықтан, оны мектеп басшылары немесе басқа бағылау мекемелерi тексеруi тиiс емес, себебi олар назарын тек сабақтың нәтижесiне, балалардың бiлiктiлiктерiмен дағдыларына, баланың тiлдi меңгеру дәрежесiне аударуы тиiс. Сабақ жоспары болса - сабақ нәтижесiне жетедi деу дұрыс емес.

Сабақ жоспары - мұғалiмге қажеттi оқыту құралы. Жоспар арқылы мұғалiм әр түрлi мақсаттарына жетедi (тәрбиелiк, бiлiмдiлiк және практикалық).

Сабақ жоспарының көлемi мұғалiмнiң тәжiрибелiк дәрежесiне, сыныптың бiлiм деңгейiне, оқыту тәсiлдерiне байланысты құрылалды.

Егер мұғалiм ұзақ уақыт бойы бастауыш сыныптарында жұмыс жасап жоғарғы сыныптарға көшсе немесе керiсiнше жоғарғы сыныптардан бастауыш сыныптарға көшсе, оның сабақ жоспарының көлемi үлкен болуы керек. Егер мұғалiм өзiнiң әрiптесi қолданған немесе әдiстемелiк кiтаптар алынған жаңа тәсiлдi алуды көздесе, онда ол сол тәсiл арқылы жасалатын жұмысты толық жоспарлап жазуы тиiс.

Әдiскерлер сабақ жоспарының көлемi, мазмұны туралы бiр шешiмге келген жоқ.

Сабақ жоспары негiзiнен сабақта орындалатын тапсырмалар туралы толық мәлiмет беруi керек.

2.Шет тiлi сабағының түрлерi

Белгiлi бiр уақытқа созылған кiрiспе бөлiмнен (устно-вводный курс) басталғаннан ағылшын тiлi сабағының әр бiреуiн мұғалiм әр-түрлi етiп, бiрiне бiрi ұқсамайтындай етiп, жоспарлағаны жөн. Мұғалiмдерге арналған оқулықта күнтiзбелiк жоспарлармен қатар, әрбiр сабақтың жоспары берiлген. Осы сабақ жоспарын негiзге ала отырып мұғалiм әр сабаққа шығармашылықпен қарауы тиiс. Дұрыс жоспарланбаған сабақ ешқандай нәтиже бермейдi, мақсатына жетпейдi.

Сондықтан сабақтың мақсатына, алға қойған мiндеттерiне байланысты шет тiлi сабағының мынадай түрлерi бар:

1.Лексикалық дағдыларын қалыптастыратын сабақғтар.

2.Грамматикалық дағдыларын қалыптастыратын сабақтар.

3.Сөйлеу дағдыларын қалыптастыратын сабақтар.

4.Моногтық сөйлеуге үйрету сабақтары.

5.Диалогтық үйрету сабақтары.

6.Оқу дағдыларын қалыптастыратын сабақ.

7.Оқудың алғашқы сатысындағы сабақтар.

8.Оқудың жоғарғы сатысындағы сабақтар.

Ең бiрiншi лексикалық дағдыларын қалыптастыруға арналған сабақтары жөнiнде айтатын болсақ, әрбiр оғушы ағылшын тiлi сабағы курсы аяқталған кезде 3000 сөз бiлуi тиiс. Яғни, оқушы өз тiлiндегi сөздiң шет тiлiндегi баламасын бiлуi тиiс деген сөз.

Сөз игеруге үйретудiң негiзгi үш сатысы бар:

  1. Бiрiншi сатыда мұғалiм келесi күн алатын мәтiнде кездесетiн жаңа сөздермен таныстырады.
  2. Бұл сатыда алынған жаңа сөздердi бұрыннан таныс басқа сөздермен байланыстыра бiлуi тиiс
  3. Ең соңғы сатыда оқушы жаңа сөздердi толық игерiп, өз ойын айтқанда пайдалануы керек.

II. Жаңа сөздер, жаңа лексиканы үйреткеннен кейiн, олар бiр-бiрiмен грамматика арқылы байланысуы керек, яғни грамматикалық дағдыларсыз шет тiлiн үйрету мүмкiн емес.

Iс-әрекеттiң қай шақта (осы, өткен, келер) өткенiн, немен байланысты, қай уақытта, қашан өткенiн грамматикасыз жеткiзу қиын.

Өкiнiшке орай, әсiресе ауыл мектептерiнде ағылшын тiлiн үйрету тек сөз үйретумен ғана шектеледi, грамматикаға көп көңiл бөлiнбейдi.

Грамматикалық дағдыны қалыптастыру үшiн де жоғарыдағы үш сатыдан тұратын жұмыстар жүруi тиiс.

Алынған жаңа грамматикалық тақырып әр сабағ сайын қайталанып отыруы керек. өйткенi грамматикалық дағды қайталанып отырмаса, ұмытылып қалуы мүмкiн.

III. Келесi - сөйлеу дағдыларын қалыптастыратын сабақ, бұл сабақтар белгiлi бiр мәтiн негiзiнде берiледi.

Әрбiр тақырып алынғанан кейiн мұғалiм үйге осы тақырып бойынша түсiнгенiн айтып келуге тапсырма бередi.

Ал оқушының бұл тапсырманы орындау үшiн екi түрлi жолы бар - бiрiншiсi өз сөздерiмен айтып беру, екiншiсi, мәтiндi түгелмен жаттап алу.

Бiрiншi жолымен орындаса көп қате жiберуi мүмкiн, ал екiншi жолымен жаттап алып айтса, кiшкентай болсада пайда болуы мүмкiн, бiрақ бұл да дұрыс жолы емес, сондықтан оқушыда сөйлеу дағдыларын дамыту керек.

Сөйлеу дағдыларын қалыптастыратын көптеген жаттығулар түрлерiн орындату керек.

IV. Монологты сөйлеудi дамыту сабақтары - шет тiлiне оқытудағы негiзгi сабақтардың бiрi:

В.Л. Скаткин, монологтық сөйлеу дегенiмiз - ойлауға, еске күш түсiретiн сөз, сөйлем шығару процесi, деген екен.

Монологты сөйлеудi дамыту сабақтарының мiндеттерi мынадай:

1. Қарым-қатынас жасаудың белгiлi бiр шартында, белгiлi-бiр адамға қаратып сөйлеу.

2. өз ойын толық түсiндiрудi көздеу.

3. Логикалық бiр-бiрiмен жалғасқан ойды жеткiзу.

4. Фразалардың арасында тоқталыстары жоқ жылдамдықпен сөйлеу

V. Диалогтық сөйлеудi дамыту сабақтарынсыз шет тiлiне үйрету мүмкiн емес. Монологтық сөйлеу алдын-ала әзiрленудi талап ететiн болса, диалогтық сөйлеу алдын-ала жоспарланбайды, сөйлесу кезiнде пайда болады Мысалға, диалогтық сөйлеудiң мынадай үлгiсiн алайық:

Диалогтық сөйлеудi дамытуда дискуссия - сабақ, конференция-сабақ, экскурсия-сабақ, ойын-сабақ, талқылау-сабақтарының рөлi зор.

VI. Оқуға үйрету сабақтарын дұрыс жоспарлау үшiн мұғалiм екi нәрсенi бiлуi керек:

1. Оқи бiлу дегенiмiз не?

2. Қандай жаттығулар арқылы оқуды дамытуға болады.

Оқи бiлу дегенiмiз - оқудың техникасын игеру, яғни сөздiң көрiнiсiн жылдам танып, оны дауыстай бiлу.

Оқуға үйретуде мұғалiмнiң алдында мынадай мiндеттер тұрады:

1. Мәтiндi ұсынудың бiрлiгiн ұлғайту.

2. Мәтiндi бiрiншi оқығаннан ұқынуға үйрету.

3. Оқудың жылдамдығын өсiру.

4. Белгiсiз сөздердiң мағынасын түсiнуге тырысу

VII. Шет тiлiне үйретудiң алғашқы екi жылы оқытудың алғашқы сатысына жатады., яғни 4-5 сыныптар, ал 6-7-8 сыныптар ортаңғы сатысына, 9-10-11 сыныптар жоғарғы сатысына жатады.

Оқытудың төменгi сатысында балалар шет тiлiне қызыға қарайды, сондықтан бұл сатыдағы әр сабаққа көрнекiлiктер, суреттер, үлестiрмелi материалдар, түрлi схемаларды қолдану керек.

Ойынның түрлерi, өлеңдер, қысқа рифмовкалар арқылы жаңа материалды алу бұл сатыда өте қолайлы.

Барлық алынатын сөздiң көбi төменгi сатыда алынады.

VIII. Шет тiлiне оқытудың жоғарғы сатысында оқушылардың жас ерекшелiгiне көп көңiл бөлiну керек.

Өйткенi жасөспiрiм балалардың психологиялық ерекшелiктерi болады. Жоғарғы сыныптың оқушысы оқыту iс-әрекетiнiң бiрiнен соң бiрiн тез байқап көруге тырысады. Бұл шақта әрбiр жасөспiрiм өз бетiмен үйрету әдiс-ойымен келiспей, өзiнiң ойын дәлелдеуге әзiр тұрады.


Сабақтың түрлері:

  1. Кіріктірілген сабақ
  2. Дәстүрлі емес сабақ
  3. Аралас сабақ
  4. Қайталау сабақ
  5. Бекіту сабақ
  6. Жаңа тақырыпты таныстыру сабағы
  7. Білімді тексеру сабағы
  8. Тексеру және бағалау сабағы
  9. Білімді қорытындылау сабағы
  10. Жүйеге келтіру сабағы

Жаттықтыру сабағы:

Жаттықтыру сабақтары білімнің практикалық бағыттарын үйрететін арнаулы мақсаттарды шешіп қоймай, оқу материалдарын оқып-игеруге тығыз байланысты бола отырып, оны жете ұғынуға талпындырады. Оны жүргізудің негізгі әдістері практикалық, зертханалық, сарамандық жұмыстар: оқушылар осы жұмыстарды өздігінен жүргізе отырып, алған теориялық білім – білік дағдыларын практикада пайдалануға бейімделіп, үйренеді.

Аралас сабақ:

Аралас сабақ – бірнеше дидактикалық мақсаттардың қойылуымен және нәтижеге жетуімен ерекшеленеді. Аралас сабақтың әр түрлі әдістеріне орай түрлері бар. Аралас сабаққа тән кезеңдер төмендегідей:

  • Сабақтың тақырыбын таныстыру, мақсаты мен міндетін анықтау;
  • Үй тапсырмасын тексеру;
  • Өткен тақырып бойынша оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеру:
  • Жаңа тақырыпты баяндау;
  • Өтілген тақырыпты баяндау;
  • Сабақты қорытындылау және үй тапсырмасын беру кезеңі

Семинар сабақ

Семинар сабақтары бір-бірімен байланысты екі белгілермен сипатталады: оқу бағдарламасын оқушылардың өз бетімен меңгеруі; және сабақтағы олардың таным қабілеттерінің дамуын талдау. Семинарда оқушылар өздері дайындаған хабарламалармен таныстыруға, өз ойларын еркін айтып дәлелдеуге үйренеді. Сонымен қатар, оқушылардың таным белсенділіктерін дамытуда семинарлардың ролі зор. Қарым-қатынас мәдениеті қалыптасады.

Лекция сабақ:

Бұл сабақтардың негізгі бөлімі өтетін тақырыптың теориялық жағын қамтиды. Оқу бағдарламасына қойылатын дидактикалық мақсаты мен қисынына қарай кіріспе (таныстырма), бағыт, нұсқау беретін, ағымдағы, күнделікті, жеке шолу лекциялары болып бөлінеді.

Түрі мен мазмұнына қарай хабарлау, түсіндіру, әңгіме лекция болуы мүмкін;

  • Жаңа тақырыпты өздігінен оқып-үйрену қиын болған жағдайда;
  • Өтілетін тақырыпты өздігінен оқып-үйрену қиын болған жағдайда;
  • Оқытуда дидактикалық біліктерді күрделендіре отырып, теориялық білімді жүзеге асыруда хабарламаларды күрделі блоктармен берген кезде;
  • Бір немесе бірнеше тақырыптар, бөлімдер бойынша белгілі тапсырмалар орындауда;
  • Өтілген тақырыптар бойынша жаттықтыру (практикалық) есептерді шешуде;

Консультация, көмек сабағы

Бұл сабақтар оқушылар біліміндегі кемшіліктерді жоюда, оқу бағдарламасын жүйелеу мен жинақтап қорытуда ғана жүргізілмейді, сонымен қатар білім-білік дағдыларды қалыптастыруда маңызды. Мазмұнына және міндетіне қарай тақырыптық және белгілі мақсатқа арналған көмек сабақтары болады.

Тақырыптық көмек сабағы әр тақырыпты өткенде немесе оқу бағдарламасындағы қиын сұрақтар бойынша ұйымдастырылады.

Мақсатқа арналған көмек сабақтары өздік және бақылау жұмыстарын, сынақтар мен емтихандарды өткізумен қорытындылауда жүйелі жұмысқа айналуы тиіс. Сонымен қатар бұл қатемен жұмыс, бақылау жұмыстарының анализдеріне арналған сабақтар болуы мүмкін.

3.Сабақтың құрылымы және оны ұйымдастыру.

Сабақ - ұйымдастыру бiрлiгi ретiнде 40-45 минутқа созылады. Оның құрылымын анықтайтын болсақ, сабақ белгiлi бiр мақсатты көздейтiн бiрнеше бөлiктерден тұратын ұйымдастыру бiрлiгi. Сабақтың құрылымында бiр қалыпты және өзгертуге болатын кездер болады. Бiр мақсатты көздейтiн болқандықтан әрбiр сабақтың кiрiспе бөлiгi, орталық бөлiгi және қорытынды бөлiгi болады. Сабақтың кiрiспе бөлiгi 3-5 минуттың iшiнде жылдам темпте өтуi керек. Оның мазмұны: мұғалiмнiң амандасуы, ұйымдастыру бөлiгi, сабақтың барысымен таныстыру, фонетикалық жаттығулардан тұрады. Мұғалiмнiң амандасуы қысқаша өтедi, ол сөйлеу жаттығуларымен ұштасады. Мысалы сабақ барысындағы бiр мезгiлде болған үзiлiстен кейiн (мерекелерден, каникулдан немесе оқушының денсаулығына байланысты үзiлiстен кейiн) осы уақытта оқушылардың не iстегенi туралы мұғалiммен оқушының арасындағы әңгiме түрiнде өтедi.

Ұйымдастыру бөлiгi кезекшi мен мұғалiмнiң арасындағы диалог ретiнде өтедi немесе мұғалiмнiң алдағы уақытта өтетiн конкурс, олимпиада, экскурсия, кеш туралы хабарламасынан тұрады. Мысалы: I am on duty today. Who is absent? I think he is ill. We shall visit him today. The group is ready for the lesson.

Сабақтың мiндеттерiн, тапсырмаларын таныстыру арқылы оқушыларды белгiлi бiр iстерге алдын-ала әзiрлейдi. Мысалы, мынадай сұрақтар қою арқылы оқушыларға тапсырма берiледi.

-So, what is the theme we are working at now?

- Whom (what)did we speak (read) last time?

- What proverb did we learn?

- Where did we stop at the last lesson?

Сөйлеу жаттығулары арқылы сабақта мұғалiм мен оқушылар арасында қарым қатынас орнатылады және сабақтың негiзгi бөлiгiне өтiледi. Егер мұғалiмнiң амандасуы созылып кетсе және ол сөйлеу жаттығуына байқаусызда ұласып кету мүмкiн. Орта және жоғарғы сыныптарда кезекшiмен сұхбат мiндеттi түрде болуы қажет емес. Мұғалiм жоқ оқушыларды өзi-ақ түгелдейдi.

4.Ағылшын тiлi сабағының оқытудың әр кезеңдерiндегi құрылымы.

Оқу әрекетiнiң түрлерi Оқыту кезеңдерi
бастауыш орта жоғарғы
  Сөйлеу Тыңдап түсiну Оқу Жазу   25. мин 8 – 10 6 – 8   4 – 6 3 – 4 5 – 6   10 – 12 8 – 10 2 – 3

5.Сабақты ұйымдастыру жолдары.

1 сыныптағы ағылшын тілі сабағының ерекшеліктері.

Оқушы сабақ әрекетіне қатысып және осы арқылы ойын дамыту үшін, оқушыда ішкі білімге деген құштарлық, ұмтылыс болуы керек, оның «ағылшын тілі» пәніне қызығуы керек,. Бұл нәтижеге жету үшін оқушының алдына қызықты мақсаттар қойылуы керек. Осы мақсаттар сабақтың дәстүрлі компоненттерін анықтайды. Сабақтар белгілі бір тақырыпқа негізделіп біріктіріледі. Мысалы, «Спорттық жарыс», «Көңілді цирк», т. б

Жаңа сабақпен таныстыру оқушыларға белгілі бір жаңалықтарды, фактыларды хабарлау ғана емес, осы жаңалықты, фактыны оқушы қызығып, белсенді қабылдайтындай деңгейде жеткізу.

Жаңа материалдың мәтіні тілдік құбылысқа назар аударылатынай етіліп берілуі керек.

Балалар бұл әңгімелердегі кейіпкерлердің сөздерінен кейде қателер таба отырып, тілдік құбылыстың мәнін түсінуге тырысады. Оларда «Осы жағдайда ағылшын тілінде сөйлейтін адамдар не істейді екен? деген сұрақ туады». Оқу материалдарын үйрену кезінде балалар қажетті тілдік бірліктерді пайдалануға үйренеді, олар сөзді, дыбысты, грамматикалық формаларды пайдаланады. Сабақтың бұл компонентінің ерекшелігі - балалардың бүкіл іс-әрекетін ойынға негіздеп, қарым-қатынас мақсаттарын шешу. Мысалы, 1. дыбыстарды еліктеу арқылы үйрету

2. Өзіне ұнаған аңның атын атау (сөздік бірліктерді таңдау дағдысы)

3. Сөздің айтылуына қарап суретті таңдау. Мысалы, cat- cats (зат есімдердің жекеше және көпше түрін айыра білу.)

4. Үлгіге қарап өзіндік ойын білдіру.

Оқу материалдарын дағды арқылы өзіндік әзірленбеген сөйлеуге пайдалану да оқушының әрекеттерінің бірі. Бұл үшін ойындық жағдаяттарды қолдану үлкен пайда береді. «Сиқырлы ертегілер» арқылы әртүрлі мақсаттарды, ойларды жүзеге асыруға болады.

6-7 жастағы балалардың психологиялық ерекшелiктерi.

Қойылған \алға қойған\ мақсаттарға жету үшiн мұғалiм 6-7 жасар балалардың психологиялық ерекшелiктерiн бiлуi қажет. Бұл жастағы балалар шет тiлiн үйренуге икемделген: олар тiл құбылыстарын тез түсiнедi, және тiлдiң құпияларын түсiнуге тырысады. Олар қысқа тiл материалын оңай жаттап алып, оны айтып бере алады. өскен сайын бала бұл қабiлеттердi жоғалта бастайды.

Психологтардың айтуы бойынша бастауыш сыныптардың балалары ойын iс-әрекетiнен оқу iс-әрекетiне көшедi.

Дегенмен, ойынның маңызы бұл жаста мол. Балалар 10 -12 жасқа дейiн ойнайды. Балалар мектептi ұнатады, ойын элементтерi балалардың сабаққа деген қызығушылығын, мұғалiммен қарым - қатынасын арттырады. Ойын арқылы балалар шет тiлiнде жеңiл қарым-қатынас жасай алады, және ойын кезiнде оқушылар шаршағанын сезбей, қызыға отырып шет тiлiн тез үйренедi.

Ойын оқыту процесiне кедергi емес, пайда әкелуi тиiс. Сонымен қатар, ойын белгiлi бiр iс-әрекеттi дамытады, шет тiлiнде екiншi бiреумен қарым - қатынас жасауға үйретедi.

6-7 жастағы балалардың қызығушылығы мол. Жаңа тақырыпты қабылдағанда әдемi, қызықты заттарға назар аударады, бiрақ олардың назары тұрақсыз болып келедi. Балалар мұғалiмнiң 2-3 минуттан артық әңгiмесiн тыңдай алмайды, сондықтан сабақ түсiндiргенде сұрақ - жауап тәсiлiн қолданған жөн.

Бастауыш сынып оқушылары қимылсыз ұзақ отыра алмайды, тез шаршағыш болады, сондықтан 10-15 минут сайын ойындар, жаттығулар өткiзген жөн, немесе жұмыстың түрiн өзгерту қажет.

Жұмыстың бiр түрiнен екiншi түрiне, бiр iс-әректтен екiншi iс-әрекетке көше отырып, балаларға уақыт берiп отыруды ұмытпау керек.

Қызықты түрде түсiндiрiлген тақырып, тез және жақсы қабылданылады.

Бұл жастағы балалардың ой-өрiсi жақсы дамыған болып келедi, және олар шығармашылық жұмысқа жақсы икемделген.

Осыны ескере отырып, белгiлi бiр сөйлеу үлгiлерiн бекiту үшiн ойыншықтар, құрылыс құралдарын қолдануға болады. Ойыннан оқу iс-әрекетiне көшу үшiн ойыншықтардан суреттеуге көшуге болады.

Әдетте 6-7 жастағы балалар жалпы жасалған нұсқауларды қабылдамайды, сондықтан тапсырма беру үшiн әр балаға жеке ескерту жасаған жөн.

Балаларды мектеп өмiрiне үйрету үшiн «Сабақ үстiнде тұруға болмайды» «Сұрақ қойғың келсе қолыңды көтер» деген ескертулердi бiрте-бiрте енгiзу керек. Олар бұл ескертулердi толық жылдың аяғына қарай орындайды. Бұл ескертулер сыпайы, өтiнiш ретiнде айтылуы керек. Әрине, осы ескертулер орындалмаған жағдайда мұғалiм ренiш емес, тек өкiнiш қана бiлдiруi керек.

6-7 жастағы балалардың мiнездерi әртүрлi, оған себеп баланың бала бақшадан, жанұядан алған тәрбиесi болып табылады, сондықтан, мұғалiм баланың жеке ерекшелiктерiн де жақсы бiлуi тиiс.

Бастауыш сынып оқушыларының шетел тiлiн үйренуге ынтасы өте зор болады. Олар шетел тiлiнде сөйлегiсi және түсiнгiсi келедi. Олар көптеген жаттығуларды орындайды және олармен сабақ үстiнде көп жұмыс жасауға мүмкiндiк бар. Бастауыш сыныпта ауызша оқуға көп көңiл бөлiнедi. әрине, оқу процесiнiң тыңдау, сөйлеу, жазу, оқу түрлерi де берiледi.

1. Шетел тiлiн үйрету ауызша үйретуден басталады. әуелi шетел тiлiнiң фонетикасының тек өзiне тән дыбыстармен танысады, оның интонациясы, екпiнi, ритмi үйретiледi. Жаңа алфавит,әрiп ерекшелiктерi ескерiледi.

Тiлдiң әрiптерi мен дыбыстарын үйренгеннен кейiн, сөздердiң жазылу-оқытылуын үйрене отырып сөйлем құрастырып, сөйлеуге қолдана бастайды. Яғни аналитикалық ойлаудан синтетикалық ойлауға ауысады.

Бұл әдiстiң жетiстiгi сол ол тiлдi үйренудiң барлық формаларын оқу, жазу, сөйлеудi түгел қамтиды. Сондықтан бастауыш сыныптар оқулықтары ауызша бөлiмнен басталады.

Мысалы: Жаңа сөздi таныстыру - а chair

Teacher: This is a chair?.

Is this a chair? Yes, it is.

Is this a table? No? It is not. It is a chair?

Оқушылар мұғалiмдi тыңдай отырып жаңа сөздi бiрнеше рет естидi, жекелеп айтады

Оқытудың мазмұны

Мектепке дейiнгi жастағы балалар 100 – 150 сөзден тұратын 200 - 250 сөйлемдердi меңгеруі, 8 -10 тақпақты жатқа бiлуi тиiс.

Төмендегi тақырыптарды бiлуi керек:

- амандасу, танысу және өтiнiш бiлдiру

1) ойындар ойыншықтардың аттары, iс-қимылды бiлдiретiн сөздер, ойын барысында қолданылатын сөздер)

2) сөздер, сөз тіркестері (фразалар) және сөйлемдер(жуыну, ойнау, шай әзiрлеу, үйдi жинастыру)

3) мерекелер, кейбiр мерекелердiң аттары, мерекелерге дайындықпенбайланысты сөздер.

Мектепке дейiнгi жасты балалар ағылшын тiлiн 5-6 жастан бастап үйренедi. Олар аптасына 25-30 минуттан тұратын төрт сабақ алуы керек.

Мектепке дейінгі жас балалардың және бастауыш сынып

оқушылары әрекетін бақылау және бағалау

Қарым-қатынас жасағанда табысқа жетудің алғышарттарының бірі қызығушылықты ояту. Ал мектеп жасына дейінгі шетел тілін оқытуда бұл ойынды пайдалана отырып, оқушының үйреніп жатқан тілдің заңдарын білуі, сөйлеудің нәтижелілігі. 6 жастан бастап оқытқанда тікелей бақылау болмайды немесе оқушы өзінің бақылауда екенін сезбеуі керек. Тапсырманы орындаудағы оқушының іскерлігі ойынның ережелері арқылы жасалады, осы ережелерді шешу арқылы оқушы қарым-қатынас міндеттерін шешеді. 1-ші сыныпта оқушыларға баға қойылмайды. Оларды бағалауда Ш.А.Амонашвилидің мазмұнды бағалау жүйесін қолдануға болады. Бұл жүйе барлық бағыттарда жақсы нәтиже көрсетеді, әсіресе, бұл жүйе оқушының мұғалімге деген дұрыс көзқарасын қалыптастырады.

Мазмұнды бағалау төрт компоненттен тұрады:

1. Оқушыға адам ретінде мейірімділікпен қарау

2. Тапсырманы шешу жолындағы оқушының ұмтылысына оң көзбен қарау.

3. Оқушының қиындықтарын, қателерін жүйелі талдау.

4. Нәтижені жақсарту үшін нақты нұсқаулар беру.

Бағалаудың жалпы педагогикалық мазмұны шамамен былай болуы керек: «Сен өте жақсы жауап бердің, бірақ сен кей нәрселерді толық айта алмадың. Келесі жолы сен әлдеқайда жақсы айтасың!»

Бұлай жалпылама бақылау өте орынды, себебі оқушы өзінің біліміне қойылған бағаны өзіне қойылған баға деп есептейді. Олар «сен жаттығуды нашар орындадың» деген сөйлемді «мен жаманмын, мұғалім мені жақсы көрмейді» деп түсінеді.

Қалыптасқан дағдының деңгейін тексеру үшін арнайы бақылау тапсырмалары беріліп, олар арнайы қағаздарда жазылып отырады. Бұл тапсырмалар оқытудың мазмұнымен, оқушылардың жас ерекшелігі ескеріле отырып жасалады. Тыңдау мен сөйлеу деңгейін тексеру үшін тапсырмалар беріледі. Бұл бақылау 1 жартыжылдық, 2 – ші рет II жартыжылдықта бақылау жүргізу үшін мұғалім былай бастай алады: «Балалар! Бүгін бізге жаңа қуыршақ қонаққа келді. Оның Англияға хат жазғысы келеді. Ол хатында ағылшын балаларына сіздер туралы айтқысы келеді. Бірақ қуыршақ сіздерді білмейді, сондықтан ол сіздермен танысып, сөйлескісі келеді. Ал мен сіздердің әңгімелерінді жазып отырамын.» Қуыршақ балалармен бір-бірлеп сөйлеседі, ал қалған балалар суреттер салады. Бұл 1 сыныпта бақылау жасаудың түрлерінің бірі.

Сұрақтар:

  1. Сабақ жоспары дегенiмiз не?
  2. Ағылшын тiлi сабағына қандай талаптар қойылады?
  3. Сабақтың қандай түрлерi бар?
  4. Ағылшын тiлi сабағы қандай бөлiктерден тұрады?
  5. Ағылшын тiлi сабағының әр кездегi құрылымының ерекшелiктерi қандай?

Тапсырмалар:

  1. Оқу – әдiстемелiк комплексiнiң құрамына кiретiн:

Ағылшын тiлi оқулығы

Мұғалiм кiтабы

Оқуға арналған кiтап.

Танысыңыз және талдаңыз.

  1. 3 -сыныптағы бiр ағылшын тiлi сабағының жоспарын жасаңыз.
  2. Сабақтың түрлерiн анықтай отырып грамматикалық дағдыны қалыптастыру сабағының жоспарын жасаңыз.
  3. Жасаған сабақ жоспарын пайдалана отырып сабақтың бөлiктерiн берiп жаттығыңыз.

Сабақты жоспарлау.

Жоспар:

1. Мұғалiмнiң сабаққа әзiрленуi.

2. Ағылшын тілі сабағының кезеңдері.

1.Мұғалiмнiң сабаққа әзiрленуi.

Ағылшын тiлi сабақтары оқу жылына арналған, «мұғалiм кiтабында» берiлген үлгi жоспары бойынша әр сыныпқа арналып жасалады. Үлгi жоспарда барлық оқылатын оқу материалы тоқсандарға бөлінiп, қарым-қатынас әрекетiнiң барлық түрлерiне (сөйлеу, тыңдап түсiну, оқу, жазу) негiзделiп, сыныпта, үйде орындалатын жаттығуларға бөлiнiп берiледi. Осы үлгi бойынша мұғалiм өзiнiң жоспарын жасайды.

«Мұғалiм кiтабында» сабақтардың үлгi жоспары ғана емес, сол сабақтарға арналған әдiстемелiк нұсқалар берiледi. Нұсқалар берiлмеген сабақтардың жоспарын мұғалiм өз сыныбының ерекшелiктерiн ескере отырып өзi жасайды.

Сабақ жоспары тек үлгi ретiнде берiлген, ол нақты сыныптың ерекшелiктерiн, оқушыларының бiлiм деңгейiн, сабақтың ұйымдастыру жағдайларын басқа да жағдайларды қамти алмайды.

Мұғалiм сабақ жоспарына өзiнiң түзетулерiн, толықтыруларын, өзгертулерiн, топтағы сабақ жағдайларын ескере отырып енгiзуi қажет.

Сабақ жоспары сабақтың негiзгi көрсеткiшi. Сондықтан мұғалiм үлгi-жоспарды пайдалана отырып қажет болған жағдайда сабақ жоспарын өзi жасау керек.

Осы жағдайлардың бәрi мұғалiмнiң сабақ ұйымдастыруға және өткiзуге шығармашылықпен әзiрленуiн талап етедi. Мұғалiм бұл үшiн тек «Мұғалiм кiтабын» ғана емес, оқу-әдiстемелiк комплектiсiне кiретiн оқулықты, оқу кiтабын, әдiстемелiк кiтаптарды қолдана алады. Сабақ жоспарын шығармашылықпен әзiрлегенде, мұғалiм әдiстемелiк қағидаларды қатаң сақтауы керек. Ол жоспарға өзiнiң жаңа тәсiлдерiн, жаттығулардың түрлерiн қоса отырып, негiзгi қағидалық жүйенi сақтауы керек.

Бұл әсiресе, жас мұғалiмдер үшiн өте қажеттi. Жас мұғалiм сабақтың барлық әдiстемелерiнiң қағидаларын меңгерiп, өзiнiң әдiстемелiк әдiс-тәсiлдерiнiң түрлерiн үйренiп болғанша «Мұғалiм кiтабында» берiлген нұсқаларды пайдаланғаны жөн.

2.Ағылшын тілі сабағының кезеңдері.

Мұғалiмнiң сабаққа әзiрлiгi мынадай кезеңдерден тұрады.

1. Жоспарланған сабаққа қатысты үлгi-жоспарды «Мұғалiм кiтабынан» iздеп тауып онымен танысу керек. Сабақтың жаңа материалымен танысу керек.

2. Сабақтың үлгi жоспарын талдап, оқып қарау керек. Сабақтың құрылымын, бөлiну тәсiлдерiн анықтау керек.

3. Өткен сабақтағы оқу материалының игерiлгендiгiн, сөйлеу, тыңдау, жазу және оқу әрекеттерiнде кеткен қателердi талдауы керек.

4. Жазбаша, ауызша жаттығулардағы қателердi, оқушылардың бiлiм деңгейiн ескере отырып, жаңа сабақта не iстеу керектiгiн анықтау керек.

5. Берiлген жоспарға енгiзiлген анықтаулар, толықтыру, түзетулер болса сабақтың жоспарын конспектiн толық жазу керек. Сабақ жоспарының толықтығы мұғалiмнiң тәжiрибелiгiне байланысты, тәжiрибелi мұғалiмдер жоспарды қысқа жазады, онда сабақтың негiзгi кезеңдерiн көрсетiп, әрбiр нәрсеге толық тоқталмайды.

6. Ағылшын тiлi сабағының тәрбиелiк мүмкiндiктерi өте зор. Сондықтан әр сабаққа әзiрленгенде тәрбиелiк жұмыстардың түрлерi мен тәсiлдерiн тыңдап, құралдарды көрнекiлiктердi әзiрлеу керек.

7. Сабақ жоспарының жаңа үлгiсiн жасағанда оған қолданатын оқу материалын және техникалық оқыту құралдарымен танысып оны сабаққа қолдануға әзiрлеуi керек. (грамм. Магнитофон жазбаларын, диафильмдер, көрнекiлiктер)

Ағылшын тiлi сабағын дұрыс ұйымдастыру үшiн мұғалiм оқу комплектiлiгiнде берiлген жерiн түсiнiп, оның құрылымын бiлiп, оқу материалын бiлiп, түсiнiп тыңдаудың, сөйлеудiң, жазудың, оқытудың негiзгi әдiстемелiк тәсiлдерiн бiлiп, сабаққа шығармашылықпен дайындалып келуi керек.

Қорытынды:

1. Шетел тiлiнiң негiзгi оқыту бiрлiгi – ол сыныпта өткiзiлетiн сабақ. Сабақта мұғалiмнiң ұйымдастырушылық, оқыту, тәрбиелеу және бағалау қызметi толық көрiнедi, әрi сөйлеу, оқу, тыңдау әрекеттерi табысты, жүйелi түрде жүзеге асырылады.

2. Ағылшын тiлi сабағы өзiнiң көпқырлылығымен ерекшеленедi, бұл сабақта жұмыстың төрт түрі қатар атқарылады: сөйлеу, тыңдау, оқу, жазу, сондай-ақ қабылдау және керi айта бiлу мүмкiндiктерiн үйрету. Сондықтан ағылшын тiлi сабағы - құрылымды сабақ.

Ағылшын тiлi сабағы мынадай кезеңдерден тұрады:

1. Ұйымдастыру кезеңi

2. Жаңа сабаққа әзiрлеу. Фонетикалық, сөйлеу жаттығулары.

3. Жаңа сабақпен таныстыру

4. Өткен сабақты қайталау, сөйлеу түрлерiн жаттықтыру.

5. Жаңа сабақты бекiту.

6. Қорытынды кезең. Жұмысты қорытындылау. Бағалау.

Сабақтың негiзi – жаттығулар, бүкiл сабақ тыңдауға сөйлеуге, оқуға, жазуға арналған жаттығулар жүйесi. Жаттықулар өзара байланысты.

Жаттығуларда жасау реттiлiгi (хормен, топтық, жұптық-топтық, жұптық жеке) жалпы ауызша- жазбаша сөйлеу әрекетiн ұйымдастыру жағдайымен тiкелей байланысты.

Оқытудың әр кезеңiнде сабақ құрылымының өзгерiсi байқалады:

1- кезеңде қабылдау кезiнде сабақтың бөлшектiгi байқалады

2- кезеңде тұтастық байқалады. Ал 3-кезеңде әрi қарай үйренуде тiл негiзгi құрал ретiнде қолданылады.

Ағылшын тiлi сабағы тұтас бiр жүйенi құрайды.

Сабақтағы бақылау оқушылардың тыңдау, сөйлеу, оқыту игеру деңгейiн көрсетедi

Мұғалiмнiң сабақ беру жұмысы - күнтiзбелiк және күнделiктi жоспармен сай жүргiзiлуi керек.

Сұрақтар:

1. Сабақ жоспары не үшiн керек?

2. Күнтiзбелiк жоспардың күнделiктi сабақ жоспарынан айырмашылығы қандай?

3. Сабаққа әзiрлiк қандай кезеңдерден тұрады?

4. Сабақ жоспарының құрылымы қандай?

Тапсырмалар:

1. Мұғалiм кiтабынан күнтiзбелiк жоспардың үлгiсiн қарап, оқып, талдаңыз.

2. Сабақ жоспарын өздiгiңiзден жасап, сосын мұғалiм кiтабында берiлген үлгiмен салыстырыңыз.

3. Сабақ жоспарын зерттеп талдаңыз.

Ағылшын тiлi сабағында оқушылардың бiлiмiн бақылау және бағалау

Жоспар:

  1. Ағылшын тiлi сабағын бақылау.
  2. Бақылаудың түрлерi.
  3. Оқушының бiлiмiн бағалау.
  4. Бағалау нормасы

1.Ағылшын тiлi сабағын бақылау

Шетел тiлiне үйрету жүйесiнiң жұмысы үнемi бақылауды талап етедi. Бақылау - екi жақты әрекет. Ол мұғалiм мен оқушыны байланыстырады. Оқушының бiлiмiн тексеру оның дайындық деңгейiн анықтайды және оны оқуға итермелеп отырады.

Оқушының iс-әрекетiн, сабағын бақылай отырып, мұғалiм оның бiлiмiнiң сандық, сапалық көрсеткiштерiн анықтайды, баға қояды, бұл баға сынып журналына қойылады, күнделiгiне қойылады, оған мұғалiм қысқаша анықтама бередi. Мұғалiмнiң бағаға берген түсiнiктемесi оқушының оқудағы жетiстiгiн, тiлдi үйренудегi қиындықтарын анықтауға мүмкiндiк бередi. Осылайша бақылаудың бағалық және ынталандыру негiзi қаланады, ол оқушыны белсендi жұмыс iстеуге ынталандырады. Оқушының оқуын бақылауды тек жеке сұрау деп түсiнбеу керек, сұраудың бұл түрi көп уақыт алады және бұған аз оқушылар қамтылады.

Бұл бақылаудың орнына аралас бақылау түрiн ұйымдастырған жөн, бұнда жаттығулардың түрлерi қолданылады, оқушылардың әрi тiлдiк әзiрлiгi және сабаққа әзiрлiгi тексерiледi. Бұл бақылау түрiнде көп оқушыны қамтып, жылдам тексеруге болады және бұл белгiлi бiр уақыт алмайды, сабақтың басынан аяғына дейiн тексеруге болады.


2.Бақылаудың түрлерi.

Бұл жағдайда оқу әрекетiнiң екi түрi тексерiледi:

- бiріншіден оқушының тыңдап түсiнудегi, оқудағы тiлдiк әзiрлiгi тексерiледi, тiлдiк әзiрлік мәтiндi оқып түсiнгенiн айтуға, оқиғаны немесе суреттi бейнелеуде, әңгiме айта бiлуге көрiнедi. Бұл жұмыстардың түрi бағалауға болатындай толық түрде орындалуы керек. Бағаны бiрден тапсырма орындағаннан, тексерiлгеннен кейiн қою керек, оқушы сонда ғана бағаны салмақтайды, оның әсерi жоғары болады.

Екiншiден, бүкiл сабақ кезiндегi оқушының жұмысы бағаланады, оның жаттығуға белсендi қатысуы тексерiледi. Барлық жұмыстың түрлерi бағаланып сабақтың соңында қорытынды баға қойылады.

Бағаны бұлай қорытындылап қою оқушының белсендiлiгiн көтередi, оқу материалын тез және нақты игеруге көмектеседi.

3.Оқушының бiлiмiн бағалау.

Бақылаудың осы екi формасын тиiмдi пайдалану сабақта көп оқушыны тексерiп, бағалауға мүмкiндiк бередi.

Әр тоқсанның аяғында тоқсанда өтiлген оқу материалының негiзiнде сөйлеудiң әр түрi бойынша бақылау жұмысы өткiзiледi.

Бұл бақылау жұмыстары осы сыныптың бағдарламалық талаптарын орындағанын әр тоқсан бойынша тексеруге мүмкiндiк бередi.

Бұл бақылау жұмыстары сөйлеу әрекетiнiң түрлерiнiң ерекшелiктерiне байланысты ұйымдастырылады:

- Түсiнiп тыңдау (аудирование) мәтiндi оқушының түсiнгенiн бақылау.

- Сөйлеудi бақылау, соңғы сабақтарда оқиғаны суреттеумен немесе, оқиғаны әңгiмелей бiлудi тексеру.

- Бақылау оқуы - бұл бiр мәтiндi iштей оқып, түсiнгенiн сұрақ қою арқылы жеке тексеру немесе жаттығу (тапсырма) түрiнде жазып беру.

Бақылау жұмыстары, оны өткiзу әдiстемесi мұғалiм кiтабында берiлген, бақылау оқуына арналған мәтiндер оқулықта берiледi.

Күнделiктi бақылау кезiнде мұғалiм бағаның қызықтырушылық маңызын ескеруi керек, сонымен бiрге бағаның дұрыстығын сақтауы керек, және оқушының iлгерушiлiгiн анық бағалауы керек. Оқу жылының аяғында қойылатын қорытынды баға тыңдап түсiнудiң, сөйлеудiң, оқудың бағдарламалық талаптарына сай оқушының практикалық тiлдi сөйлеудi меңгеру деңгейiн дәл анықтауы қажет.

Ал қойылған бағалар мұғалiмге оқу әрекетiнiң жалпы тiлдiк әзiрлiктiң қандай деңгейде екендiгiн көрсетедi. Бұл үшiн мұғалiм оқушылардың жiберген қатесiнiң түрлерiн анықтап, жиiлiгiн, бiржақтылығын оқушылардың оқуды, түсiнудi, сөйлеудi игеру деңгейiн оның бағдарламаға сәйкестiгiн анықтайды.

Осы көрсеткiштердi талдау, мұғалiмге оқу әрекетiн дұрыс бағалауға оқытудың әлсiз жақтарын анықтауға, жалпы кемшiлiктердiң себебiн анықтауға, оларды болдырмау жолдарын қарастыруға, оқу жұмысына түзетулер енгiзуге мүмкiндiк бередi.

Сыныпты топқа бөлiп оқыту шетел тiлiн оқуды бағалауға мүмкiндiк бередi. Үлгерiмдi бақылау іс-әрекеттің төрт түрiн салыстырмалы түрде бақылау жұмысын жүргiзу арқылы жүзеге асырылады.Тоқсан бойынша әр оқушы жұмыстың әр түрiнен ек і рет баға алуы керек. Тоқсан аяғында сөйлеудiң әр түрiнен (тыңдап түсiну, сөйлеу, жазу, айту) бақылау жұмыстары өткiзiледi. Алдыңғы бағаларға бақылау жұмысының бағасы қосылып, қорытынды (тоқсандық) баға шығарылады.

Бақылау мен үлгерiмдi салыстырмалы түрде жүргiзу оқушының тiлдi меңгеру деңгейiн дәл анықтауға, оқыту бағдарламасын, ауызша және жазбаша сөйлеу әрекетiн толықтыруға, жаңартуға мүмкiндiк бередi.

Сұрақтар:

1. Оқушының бiлiм деңгейiн бақылаудың қандай түрлерi бар?

2. Бақылау жұмыстарын қандай жиiлiкте өткiзуге болады?

3. Бағаның сабақ процесiндегi маңызы мен орны қандай?

4. Баға қандай оқу құжаттарына қойылуы керек?

Тапсырмалар:

1. Сабақта өткiзiлетiн ауызша бақылау жұмысын жасаңыз.

2. Оқушының оқи бiлу дағдысын бақылауға арналған бақылау жұмысын даярлаңыз.

3. Оқушының жазу бiлiктiлiгiн бақылауға арналған қысқаша тест әзiрлеңiз.

4. Тоқсандық бақылау жұмысының үлгiсiн әзiрлеңiз.

4. Бағалау нормасы

Оқушылардың икемдiлiгi мен дағдыларын бағалаудың үлгi нормалары бар. Әр сынып бойынша икемдiлiк пен дағдыға қойылатын бағдарлама талаптары сабақтың белгiлi бiр кезеңдерiңде тексерiлетiн объектiнi анықтауға негiз болып табылады. Мұндай объектiлер сөз қолдану икемдiлiгi, сөйлеу, тыңдап түсiну, оқу және тiлдiк материалды (лексикалық, грамматикалық, фонетикалық, орфографиялық) қолдана бiлу дағдысы.

Сөз қолдану икемдiлiгi.

Оқушылардың жетiстiктерi олардың сөзi негiзгi және қосымша көрсеткiштерге қаншалықты сәйкес келетiндiгiн бағалау керек.

1 Монолог сөйлеудiң негiзгi көрсеткiштерi мыналар:

1-1 Бағдарламада берiлген тақырып бойынша оқушылардың сөйлей алуы.

1-2 Айтылған сөйлемдердiң бiр-бiрiмен қисынды байланыстылығы.

1-3 Шет тiлiнiң үлгiлерi бойынша құрылған сөйлем саны.

1-4 Қолданылған сөйлем үлгiлерiнің әр түрлiлiгi.

2 Көмекшi көрсеткiштерге мыналар жатады:

2-1 Оқушылар сөзiнiң лексикалық, грамматикалық, фонетикалық жағынан дұрыстығы.

2-2 Оқушының сөзiнде негiзгi және көмекшi көрсеткiштер толық сақталса оған «5» қойылады. Егер көмекшi көрсеткiштердiң бiреуi орындалмаса онда «4» қойылады. Ал оқушының сөзi тек негiзгi көрсеткiштерге қана сәйкес келсе «3» қойылады.

3 Диалог түрiнде сөйлеудiң негiзгi көрсеткiштерi мыналар:

3-1 Сөз әрекетiнiң тiлдiк қарым-қатынас жағдайына сәйкес келуi.

3-2 Дұрыс құрылған реплика саны және оның әртүрлiлiгi.

Көмекшi көрсеткiштер және диалог сөздi бағалау талаптары монолог сөздегiдей. Оқушылардың мәтінді оқуы және сөздi тыңдау арқылы қалай түсiнгендерiн тексеру көрсеткiштерiне негiзгi фактiлер саны және олардың мағыналық байланысы жатады. Негiзгi фактiлердi және олардың арасындағы мағыналық байланысын толық түсiнсе «5» қойылады. Негiзгi фактiлерді 75% түсiнсе «4», негiзгi фактiлердi түсiну 50% кем болса «3» деген баға қойылады. Грамматикалық, лексикалық, фонетикалық және орфографиялық дағдылар сөздi меңгергендiгiн анықтауда елеулi рөл атқармайды. Өйткенi бұлар оқушының тiлдiк материалды өз сөзiне қолдана бiлу қабiлетiн ғана бiлдiредi. Оқыту барысында күнделiктi және тексеру жұмыстары жүргiзiледi. Күнделiктi тексеру икемдiлiк пен дағдыны қалыптастыру барысында жүргiзiлiп, мұғалiмге оқушының әр сабақтары оқи бiлу жетiстiктерiн анықтауға мүмкiндiк бередi.

Қорытынды тексеруде оқушының сөз икемдiлiгiне қаншалықты өтiлген материалды iс жүзiнде қолдана бiлу дәрежесiн анықтап, оны оқыту жоспары бойынша белгiлi талаптарын салыстыруға мүмкiндiк туады.

Сұрақтар:

  1. Ағылшын тiлi сабағына қандай талаптар қойылады?
  2. Сабақты талдаудың негiзгi қағидалары қандай?
  3. Бағалау нормаларын бiлу не үшiн қажет?
  4. Қандай жағдайда «5» деген баға қойылады?
  5. Қандай жағдайда «3» деген баға қойылады?

Тапсырмалар:

  1. Сабақты талдау схемасымен танысыңыз.
  2. Өзiңiз қатысқан сабақтағы оқушының бiлiмiн бағалап, баға қойыңыз және оны мұғалiмнiң қойған бағаларымен салыстырыңыз.
  3. Сабақты талдау схемасын пайдаланып өзiңiз қатысқан сабақты талдаңыз.
  4. Өзiңiз қатысқан сабақты жаттығулардың жүйесi түрде берiлуi қағидасы бойынша талдаңыз.

Сұрақтар:

  1. Ағылшын тiлi сабағына қандай талаптар қойылады?
  2. Сабақты талдаудың негiзгi қағидалары қандай?
  3. Бағалау нормаларын бiлу не үшiн қажет?
  4. Қандай жағдайда “5” деген баға қойылады?
  5. Қандай жағдайда “3” деген баға қойылады?

Тапсырмалар:

  1. Сабақты талдау схемасымен танысыңыз.
  2. Өзiңiз қатысқан сабақтағы оқушының бiлiмiн бағалап, баға қойыңыз және оны мұғалiмнiң қойған бағаларымен салыстырыңыз.
  3. Сабақты талдау схемасын пайдаланып өзiңiз қатысқан сабақты талдаңыз.

Ағылшын тілі сабақтарында алынатын тілдік материалдар

Жоспар:

1. Тiлдiк материалды қолдануға қойылатын талаптар.

2. 1 – 2 сыныптағы тiлдiк материалдар.

3. 3 - 4 сыныптағы тiлдiк материалдар.

1.Тiлдiк материалды қолдануға қойылатын талаптар.

Сөз әрекетiнiң негiзгi түрлерiн: сөйлеу, тыңдап түсiну икемдiлiгiн, оқу икемдiлiгiн дамытуға қойылатын талаптарды олардың әрқайсысына сәйкес келетiн лексикалық, грамматикалық, фонетикалық дағдылар қалыптасқанда ғана жүзеге асыруға болады.

Осыған байланысты мектепте өтiлетiн шет тiлiндегi көп қолданылатын сөздер (рецептивтi) арқылы меңгеру дәрежесiне жету керек, яғни оқығанда тұлғалық белгiлерiне, сызба (схема), ережелерге сүйене отырып, өтiлген материалды таба және түсiне бiлулерi керек.

Бұл материалдың iшiнде мектеп тақырыбы көлемiнде ауызша сөзде жиi қолданылатын, басқа сөздермен тiркесiп, көптеген сөз тiркестерi мен сөйлемдер құрайтын бөлiгi өнiмдi (продуктивтi) түрде меңгерiледi, яғни оқушылар ауызша сөзде бұларды сөздердiң тiркесу ережесiне, тiлдiң әр түрлi деңгейiнiң бiрлiктерiн (единицаларын) тiркестiру ережелерiне сүйене отырып, қарым – қатынас жағдайына сәйкес өз бетiмен, шығармашылықпен қолдана бiлуге тиiс.

Меңгерiлетiн материалдың рецептивтi және продуктивтi болып бөлiнуi ортаңғы сыныптардан басталады. Төменгi сыныптарда барлық тiлдiк материал рецептивтi әрi продуктивтi жолмен меңгерiледi.

Мәтіндердi оқуға үйрету үшiн қажеттi лексикалық материалды ағылшын тiлiнде жиi қолданылатын сөздердiң сөздiгi негiзiнде iрiктеп алуға болады.

Оқушылардың оқу мүмкiндiктерiн арттыру үшiн алғашқы күннен бастап ақ олардың сөздiк қорын неғұрлым молырақ қалыптастыру қажет (бұл тұста ана тiлiнде, орыс тiлiнде және үйренiп жүрген шет тiлiнде түбiрлер мен сөз тудыру тәсiлдерiнiң ортақ негiзінде алынады).

Грамматикалық материалды меңгеру үлгi сөйлемдер арқылы, сол сияқты нұсқау ереже, жинақтау ережелерi негiзiнде жүзеге асуы керек.

Оқытудың практикалық, тәрбиелiк, бiлiмдiк және дамытушылық мақсаттары, сондай-ақ дұрыс сөйлеу дағдыларына қойылатын талаптар кешендi түрде шетел тiлiнде жүргiзiлетiн барлық оқу тәрбие барысында, әсiресе, сабақ үстiнде жүзеге асуы тиiс.

Сабақ, үй жұмысы және сыныптан тыс жұмыстар арасында табиғи байланыс оқушыларды сабақта алған бiлiм дағдыларын күнделiктi өмiрде қолдана бiлуге төсiлдiру қажет.

Тек сонда ғана оқушылардың өз бетiмен жұмыс iстеуiн жетiлдiрiп, тiлдiк қатынасын, бiлiмдiк, әлеуметтiк белсендiлiктерiн арттыра түсуге болады.

2. 1 – 2 сыныптағы тiлдiк материалдар

Фонетика. Ағылшын тiлiндегi барлық дыбыстарды толық меңгерудi, әрi олардың өзiндiк ерекшелiктерiн бiлу, хабарлы сөйлемдердiң (бұйрықты, сұраулы) дұрыс ырғақтарын меңгеруi тиiс.

Лексика. Меңгерiлетiн сөз көлемi 250, сан есiмнiң жұрнағы

Грамматика. “to be”, ”to have” етiстiктерi Present Indefinite. Хабарлы сөйлемнiң болымды және болымсыз түрлерi, сұраулы сөйлемдер, олардың түрлерi. Зат есiмнiң көпше және жекеше түрi. Зат есiмнiң тәуелденуi. Белгiлi және белгiсiз артикльдер, жiктiк және тәуелдiк жалғаулар, сiлтеу есiмдiктерi, сын есiм (жай шырай), сан есiм (1-20).

3. 3-4 сыныптағы тiлдiк материалдар.

Фонетика. 2-шi сыныпта өткен фонетикалық материалдарды қайталау. Сұраулы сөйлемдердiң дауыс ырғағы.

Лексика. 250 сөз. Сын есiмнiң жұрнақтары ty,th.

Грамматика. Past Ind, Future Ind, модальдық етiстiктер (can, may, must) there is, there are тұрақты тiркестерi. Сөйлемдердiң болымды және болымсыз түрлерi, жалпы, арнаулы, баламалы сұрақтар. Етiстiк және реттiк сан есiмдер 100-ге дейiн.

Фонетика. Айтылуы қиын дыбыстарды қайталау, сұраулы сөйлемдердiң дауыс ырғағын бiлу. Лексика 300 жаңа сөз меңгеру, зат есiмнiң жұрнақтары -er, -or, -tion, -ing, сын есiмнiң жұрнағы - y.

Грамматика. Present Cont. Past Cont. “to be going” тұрақты тiркесi, сын есiмнiң шырайлары, үстеу және оның шырайлары, сұрақтың түрлерi, оларды дұрыс қоя бiлу. Бөлшектi сұрақ 100-ден жоғары сан есiмдер.


Ағылшын тiлi сабағын талдау

Жоспар:

  1. Сабақ талдау туралы түсiнiк.
  2. Сабақ талдау схемасының үлгiсi.
  3. Бағалау нормасы.

1.Сабақ талдау туралы түсiнiк.

Сабақ талдау дегенiмiз не?

Сабақ талдау мұғалiмнiң ең басты iстерiнiң бiрi. В.А. Сухомлинский бүкiл педагогикалық процестiң нәтижесi сабақты дұрыс талдауға байланысты деген болатын. Мұғалiмге қойылатын сын, талаптар әдiл орындалса ғана оқыту процесi жақсы нәтиже беретiнi бұрыннан белгiлi.

Сабақты талдау - өте күрделi iс. Б


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: