Билет№ 22

1. 2010 жылы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік Университеті өзінің 60 жыл мерейтойын тойлады.

Қазіргі уақытта Халел Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік Университеті Қазақстан Республикасының батыс өңіріндегі ең үлкен білім ордаларының бірі.

Университеттің тарихындағы ең маңызды атаулы күндер:

- 1950 жыл Гурьев қаласындағы мұғалімдер институтының ашылуы;

- 1955 жыл мұғалімдер институтының педагогикалық институт болып қайта құрылуы;

- 1994 жыл педагогикалық институтының Атырау университеті болып қайта құрылуы;

- 1994 жылдың 23-мамыры университетке белгілі ғалым-энциклопедист

Халел Досмұхамедовтың атының берілуі;

- 2001 жыл университеттің мемлекеттік статус алуы;

Қазіргі уақытта Халел Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік Университетінде 7 факультет бар:

1) физика-математика және ақпараттық технологиялар факультеті

2) экономика және басқару факультеті

3) әлем тілдері факультеті

4) педагогика, психология және өнер факультеті

5) жаратылыстану факультеті

6) гуманитарлық факультеті

7) заң факультеті

2. Жұрнақтардың екі түрі бар:

а) Сөз тудырушы жұрнақ - өзі жалғанған сөзге жаңа лексикалық мағына тудыратын жұрнақ сөз тудырушы жұрнақ деп аталады

Мысалы: заман-дас, жер-лес, ерін-шек, біл-гіш, балық-шы.

ә) Сөз түрлендіруші жұрнақ - өзі жалғанған сөзге (түбірге) сәл де болса жаңа мағына

үстейтін,бірақ негізгі лексикалық мағынасын өзгертпейтін жұрнақ сөз түрлендіруші

жұрнақ деп аталады.

Мысалы: үй-шік, кітап-ша, сұр-сұр-ша, кел-келер.

2. Жіктік жалғау - баяндауышқа ғана тән жалғау. Жіктік жалғау тек қана синтаксистік қызмет атқарады.

Жіктеу категориясы - қазіргі қазақ тілінде тек етістікке ғана тән қасиет емес, баяндауыш болып қызмет атқара алатын өзге де сөз таптарына, соның ішінде есімдерге де тән қасиет.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: