Эксперимент орны

Эксперимент орны өте кең ұғым, әсіресе, ауылшаруашылық өндірісін механикаландыру саласында оның түсінігі ауқымды. Ғылымның түрлі саласында эксперименттер орны қатты ерекшеленеді, мәселен, химиялық эксперимент және «Кировец» типті трактордың сепкіш агрегатының қозғалысының тұрақтылығын зерттеу бойынша жүргізілетін техникалық не технологиялық эксперимент орындары әртүрлі болады. Бірінші жағдайда колба сияқты зертханалық жабдықты қолданатын химиялық зертхана болса, екінші жағдайда сепкіш агрегат, жылжымалы тензозертхана сияқты «зертханалық жабдығы» бар егіс даласы.

Классикалық түсінікте эксперимент орны эксперименттің, жабдықтың не зерттеу нысанының қызметі таралатын жұмыс кеңістігі болып табылады.

Эксперимент орны зерттеу нысаны орналасқан, қажетті эксперименталды құралдармен жабдықталған, зерттеушілер тобымен қызмет көрсетілетін зертхана, өндірістік үй-жай, полигон, егіс учаскесі болуы мүмкін.

Эксперимент орны стационарлы, уақытша стационарлы, мобильді және мобильді-стационарлы болуы мүмкін. Стационарлы орынға стационарлы егіс сынағы (өндірістік үй-жай, зауыт, цех, шеберхана, машина ауласы, отын базасы және т.б.) орналастырылған егіс жатады; уақытша стационарлы орынға уақытша полигондар, уақытша көшпелі зертханалар т.б. жатады; мобильді орынға жылжымалы зертханалар, жүріс сынағы кезінде қолданылатын теңіз не өзен кемелері жатады; мобильді-стационарлы орынға мобильді ауылшаруашылық агрегатпен сыналатын егіс даласы жатады, онда қозғалыссыз (стационарлы) егіс және жұмыс істейтін агрегат экспериментте біртұтас дүние ретінде қызмет етеді.

Зертхана – жұмыс кеңістігінің эксперименттік зерттеу толық не ішінара жүргізілетін, арнайы жабдықталған үй-жай түріндегі бөлігі. Эксперимент талаптары мен шарттарына сәйкес зертхананың екі түрі: стационарлы және мобильді түрі болады.

Стационарлы және мобильді зертхана жабдықтары бірдей, тек мобильді зертханада орынның тығыздығына байланысты жабдықтар минимумға дейін шектелген, қысқартылған.

Егіншілік механикасын зерттеу саласындағы мобильді (жылжымалы) зертханалар келесі жабдықтар минимумынан тұрады: электр қорек көзі (сыйымдылығы 100-120 ампер/сағат және кернеуі 12 мен 24 В болатын аккумулятор батареялары), егер кернеуі 220 В болатын умформері (тұрақты-ауыспалы ток) бар генератор болса тіпті жақсы, осциллограф, күшейткіштер, тіркейтін құралдар, жарықсезгіш таспа, үнтаспа, блок-күшейткіш-жинағыш, диаграмма өңдейтін құрал, фотоқұралдар жинағы, минифотозертхана.

Мобильді зертхана зерттелетін агрегат пен зертхана арасындағы байланысты іске асыру үшін сөйлесу құралымен да жасақталуы керек.

5. 6 Эксперименттегі психологиялық фактор

Бірде бір эксперимент абсолютті нақты орындалмайды, оның себептері көп: құралдар мен жабдықтарда белгілі бір ақау орын алуы, эксперимент әдістері толық жетілдірілмеуі, эксперимент жүргізуде тиянақсыздық пен немқұрайлылықтың орын алуы, көп ескерілмеген факторлардың әсері, эксперимент жүргізушілердің субъективті ерекшеліктері. Эксперимент деректерін алу және оны өңдеу көп назар аударуды және дағдыны талап етеді.

Ақаулар жүйелі және кездейсоқ деп бөлінеді. Кездейсоқ ақаулардың түріне көбіне эксперимент жүргізушінің қателігінен болатын сынулар мен үлкен ақаулар жатады. Эксперимент жүргізушінің қателігінен орын алған көп кездейсоқ ақаулармен өлшеуді есептемейді. Өлшемнің негізгі міндеті – өлшеуді барынша аз қателіктермен орындау, жүйелі және кездейсоқ қателіктерді жоюдың барлық әдістерін пайдалану.

Адамның дербес физиологиялық, психофизиологиялық, антропологиялық ерекшеліктерінің салдарынан туындайтын субъективті қателіктер, сондай-ақ өлшеу әдісінің жеткіліксіз негізделуі және құралдар мен жабдықтарды таңдаудағы кемшіліктерден туындайтын эксперимент әдісіндегі қателіктер – бұлардың барлығы эксперименттің психологиялық факторы және қателіктерді азайту мәселесін шешу дұрыс жолмен жүргізілуі керек. мәселен, эксперимент жүргізуші көзінің дұрыс көрмеуінен құрал көрсеткіші дұрыс есептелмеуі мүмкін. Сәйкесінше, мұндай қателіктерді жою үшін жақсы жарықтандырылуды қамтамасыз етіп және құрал шкаласының лайықты градус көрсеткішін таңдап алу керек.

Қателіктердің психологиялық себептеріне психикалық шектеулер мен ойлаудың инерциялығы да жатады. Мысалы, эксперименттің жаңа кездейсоқ нәтижелерін эксперимент жүргізуші ескі түсінік шегінде түсінуге тырысады, егер олар ескі түсінікке сай келмесе, қателік деп танып, ескермей жатады. Мұнда ойлаудағы инерциялық, ескі түсініктің жетік және өзгеріссіз екендігіне сенім, кейде жаңалықтан қорқақтық орын алуы мүмкін.

Кейде зерттеуші эксперимент деректерін өңдеу үрдісінде нәтижені еріксіз гипотезалық нәтижеге айналдыратын жағдайлар да болады. Бұндай жағдай, әсіресе, нәтижесіне өлшеу қателігі мен ескерілмейтін факторлар қателігі орын алатын болса, жағымсыз болып саналады. Осы жағдайда қабылданған гипотезаны растайтын деректің қажетті санын іріктеу, көзге көрінетін ауытқушылықты қателікпен түсіндіру оңай, бірақ ол шындық болмайды. Зерттеуде мұндай жағымсыз жағдайды болдырмас үшін, мүмкіндігінше зерттеудің түрлі кезеңін әртүрлі орындаушыларға тапсырған жөн: мысалы, құралдың көрсеткішін жазуды бір орындаушыға (мәселенің мәнін білмейтін орындаушыға), осы деректер бойынша графикалық тәуелділікті құруды екінші орындаушыға, оларды жинақтауды үшінші орындаушыға тапсыру керек.

Эксперимент кезінде көбінесе оны жүргізуші эксперимент нысанын, эксперимент нәтижесінде не алуы керектігін білмейтіндіктен, зерттеу дағдысын, ғылыми интуиция сезімін меңгермегендіктен қателіктер орын алуы мүмкін. Бұл жағдайда мұндай зерттеушілер зерттеу нысанының маңызды факторларын ескермегендіктен өрескел қателіктерге бой алдырады.

Эксперименттің кез келген нәтижесіне сын тұрғысынан қарап, бірнеше мәрте тексеру керек. Тексеріс ереже бойынша бірнеше уақыт өткен соң және әртүрлі зерттеушілермен жүргізілуі керек.

Зерттеу нәтижесінің дұрыстығына оны жүргізуші адамның жағдайы, оның эмоциясы да әсер етеді. Эксперименталды жұмыстар жетекшісі ең алдымен осыны ескеріп, ғылыми топта дұрыс психологиялық жағдай қалыптастыруы керек.

Сонымен бірге ғылыми ұжымдағы адамдардың психологиялық үйлесуіне де баса назар аударған жөн.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: