Есеп № 4

Мата шығаратын мақта қағаз комбинатының жұмыс зонасының ауасында мақта шаңы, сонымен қатар шу бөлінеді. Комбинат зертханасы мен СЭҚ жұмыс зонасынан кезеңді түрде ауадан сынама алынып отырады. Бұнда мақта шаңының жоғарғы деңгейі және сонымен қатар шудың жоғарғы деңгейлері байқалып отыр. Шудың деңгейі санитарлық қалыптардан 2 есе жоғары асып отыр. Шаңның концентрациясы ШРЕК 5 есе жоғары. Мақта шаңы жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарының ауруларын, өкпе ауруларын шақырады. Шу есту аппаратына әсер етеді, сонымен қатар ОЖЖ, жүрек қан тамыр жүйелеріне де теріс әсер етеді. Жұмысшыларға медициналық тексерулер жүргізгенде өндірістің жұмысшыларында тыныс алу жолдарының аурулары (риниттер, бронхиттер, пневмокониоздар) және кереңдік байқалған. 5 жыл бұрын осы аурулардың деңгейі біршама төмен еді. Жұмыс зонасының ауасының ластануы жұмыс жабдықтарының ескіруімен, желдетілудің және өндіріс технологиясының нашарлығына байланысты екендігі анықталды. Сонымен қатар осы өндірісте ітейтін жұмысшылардың көпшілігі жеке қорғану киімдерін кимейді. Ғылыми есептеулер көрсеткендей қажетті шараларды қолданбаған кезде ауада шаңның концентрациясы 1 жылдан кейін нормативтен 7 есе жоғарылайды. Шу деңгейі 2 есе жоғары, ал аурушаңдылық 3 есеге жоғарылайды. Санитарлық жағдайды жақсарту үшін және кәсіптік ауруларды төмендету үшін өндірістің технологиясын модернизациялау, желдету жұмысын жақсарту, барлық жұмысшыларды жеке қорғану киімдерімен қамтамасыз ету керек. санитарлық қызметтің есебі бойынша комбинат жұмысшыларының арасында аурушаңдылықтың төмендеуіне әкелу керек.

Сұрақтар:

1. Жұмысшыларға әсер ететін факторлардың табиғаты қандай?

2 Цехта гигиеналық жағдайды анализдеу кезінде гигиенаның қандай міндеті шешіледі?

3. Цехта гигиеналық жағдайларды бағалау кезінде гигиенаның қандай әдістері қолданылды?

4. Әрбір әдіс қандай мәліметтерді алу үшін қолданылды?

5.ШРЕК және ШРЕД дегеніміз не? Оларды дайындау үшін қандай гигиеналық әдістер қолданылды?

6. Шу мен шаңның ағзаға әсері гигиенаның қандай әдістерімен анықталды?

7. Келешекке гигиеналық жағдайға болжам жасалды ма, оның қорытындысы қандай?

8. Есептерде гигиенаның қандай міндеттері шешіледі?

9. Қазіргі уақытта жұмысшыларды медициналық тексерулерден өткізу санитарлық-эпидемиологиялық әдістің қай түріне жатады?

10. Алдыңғы жылдарда жұмысшылардың аурушаңдылығы бойынша мәліметтер санитарлық эпидемиологиялық әдістің қай түрінің көмегі арқылы алынды?

11. Цехта санитарлық бақылаудың қандай түрі жүргізілді, оның мақсаты қандай?

12. Берілген есептегі барлық шаралар мен міндеттер медицинаның қай бағытында берілген?


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: