Есептер

Есеп 1

6 төсектік палатада аумағы 42 метр квадрат, биіктігі 3 метр, желдету әр сағат сайын 10 минутқа ауданы 0,3те 0,4 м форточка арқылы іске асырылады. Ауаның қозғалу жылдамдығы 1,2 м/сек.

1. 1 сағ ауа алмасу қысқалығын есептеңіз

2. гигиеналық нормамен салыстырыңыз

1 есепке мысал:

Фактілі ауа алмасу қысқалығын есептеу үшін (4.1 қара) желдетудің фактілі көлемі мен бөлменің көлемін білу керек. Желдетудің фактілі көлемі мына формула бойынша есептеледі: Q=Sтесік·V·3600. Бірақ, желдету 10 минутта ғана іске а0сырылатынын есепке ала отырып, 3600 орнына формулаға 10·60=600 қоямыз. Сонда Q=0,3·0,4·1,2·600=86,4

(метр куб)болады. Табиғи желдетудің әсерінен арнайы желдетусіз ауаның бір реттік алмасуы іске асырылса, берілген бөлмедегі нақты желдетудің көлемі желдету әсерінен болған желдетудің көлемінің суммасына (86,4) тең болады және онсыз (желдетудің бір реттік көлемі=бөлменің көлеміне= 42·3=126) =86,4+126=212,4 (метр куб)

Ауа алмасудың фактілі көлемі 212,4 = 1.67 тең болады. Палатаға 6 адам сияды,

осыған байланысты, желдету көлемі кестеде келтірілген нормативтерге сәйкес болуы керек: 3:80 метр куб·6=480 метр куб, ал қажетті фактілі ауа алмасу қысқалығы - 480 = 3,54

Фактілі ауа алмасу қысқалығы қажетті мөлшерден 2 есе төмен. Бір науқасқа норма бойынша 25-27 метр кубтан келетін ауа кубы да жеткіліксіз. Яғни, палата көлемі 6 адам емес, 5 адамды орналастыруға ғана жарайды. Науқастар санын азайтып, желдету уақытын созу ұсынылады.

Есеп 2

Ауданы 15метр квадрат, биіктігі 3 метр палатада СО2 концентрациясы 2,4 пайызды құрайды.

1. ауа алмасу қысқалығын есептеңіз

2. 1 сағатта екі науқасқа қажетті ауа санын есептеп шығарыңыз

3. гигиеналық нормалармен салыстырыңыз.

2 есепке мысал:

Ауа алмасу қысқалығын 4.1. тарауда келтірілген формула бойынша анықтаймыз, бұл үшін желдетудің фактілі көлемі мен бөлменің көлемін есептеу қажет. Желдетудің фактілі көлемін есептеу үшін мына формуланы қолданамыз: Q=(22,6·n) / (Cфакт-0,4), (тарау4.3) Q= 22,6·2 = 0,50

2,4-0,4

Бөлменің көлемі 15·3= 45 (метр куб), ал Q=22,6 тең болғандықтан, ауа алмасу қысқалығы

P= 22,6 =0,50.

Гигиеналық талаптарға сәйкес желдетудің қажетті көлемі 1 науқасқа сағатына 80 метр кубты құрауы керек. Сонда 2 науқасқа ол 160 метр кубқа тең болады. Қажетті ауа алмасу қысқалығы P=1 60 = 3,5. Осыған орай, ауа алмасу қысқалығы палатада жеткіліксіз.

Одан басқа, берілген ауа кубы нормативтен аз. Осыған байланысты, бір науқасты басқа палатаға ауыстырып, бөлмені желдету ұсынылады.

Есеп 3

Ауданы 30 метр кв, биіктігі 3 метр 4 төсектік палатада желдету табиғи жолмен ауданы 0,3те 0,4 м форточка арқылы әр сағат сайын 20 минутқа іске асырылады. Ауаның қозғалу жылдамдығы -0,6метр/сек

1. Ауа алмасу қысқалығын есептеңіз.

2. Гигиеналық нормалармен салыстырыңыз

Есеп 4

Ауданы 21 метр кв және биіктігі 3 м бокста 1 науқас жатыр. Желдету түрі алып келетін-әкететін. Ауаның келуі ауданы 0,2х0,3 м 0,8 м/сек жылдамдықта тесіктер арқылы

жүреді, ал ауаның шығарылуы ауданы 0,8 метр кв 1м/сек жылдамдықта тесіктер арқылы іске асырылады.

1. Келетін және кететін ауаның көлемін есептеңіз

2. Ауа алмасу қысқалығын есептеңіз.

3. Гигиеналық нормалармен салыстырыңыз

Есеп 5

Операциядан кейінгі палата кубатурасы-45 метр куб бір науқасқа, СО2 концентрациясы 1,2 промиль. 1 сағаттағы ауа алмасу қысқалығын есептеңіз. Егер, гигииеналық норма бойынша операциядан кейінгі палатада ауа алмасу қысқалығы 10-ға тең болса, онда бөлмеге ауаның қанша санын беру қажет?

Есеп 6

Ауданы 36 метр кв және биіктігі 3 м операциялық палатада 6 адамнан тұратын бригада жұмыс істейді. Желдету түрі әкелетін-әкететін. Ауаның келуі ауланы 0,25 0,4 м/сек жылдамдықта тесіктер арқылы жүреді. Ауаның кетуі ауданы 0,5 метр кв, 0,3м/сек жылдамдықта іске асырылады.

1. Ауа алмасу қысқалығын есептеңіз.

2. Келуі және кетуі бойынша ауаның көлемін есептеңіз

3. Гигиеналық нормалармен салыстырыңыз және желдету жұмысын қалай жақсартуға болатынын көрсетңіз.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: