Балалар аурулары_каз

Тесттік тапсырмалар

Құрастырған:

м.ғ.к., №1 балалар аурулар кафедрасының доценті Жупенова Д.Е.,

м.ғ.к., №2 балалар аурулар кафедрасының профессор м.а. Кизатова С.Т.

№1 балалар аурулары кафедрасының меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Скосарев И.А.,

№ 2 балалар аурулары кафедрасының меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тукбекова Б.Т.

Балалар аурулары_каз

$$$001

Рентгенологиялық зерттеу кезінде созылмалы пневмонияға қандай өзгерістер тән:

А) пневмосклероз

В) бронхтың деформациясы

С) пневмосклероз және бронхтың деформациясы

D) перибронхиальді инфильтрация және бронхтың деформациясы

Е) ошқты көленкелер және өкпелік аланның мөлдірлігі жоғарлауы

{Дұрыс жауабы}=С

{Күрделілігі}=1

{Оқулық}= Зосимов, А. Н. Детская пульмонология / А. Н. Зосимов, В. К. Ходзицкая, С. А. Черкасов. - М.:Эксмо, 2008. - 736 с.

{Курс}= 6

{Семестр}= 12

$$$002

Дегидратацияның ІІ дәрежесінде тәулік ішінде салмақ жоғалту деңгейі?

A) 1-2%

B) 3-%

C) 5-8%

D) 10-12%

E) 15%

{Дұрыс жауап}= С

{Күрделілігі}= 1

{Оқулық}= (Б. Түсіпқалиев Балалар аурулары:оқулық-Ақтөбе,2012.-1144б)

{Курс}= 7

{Семестр}= 14

$$$003

Бала 5 айлық. 1,5 айдан бастап жасанды тамақтандыруда. Қазіргі ауру жедел, температураның фебрильді санға дейін көтерілуінен басталды. Жөтел, қиын ысқырықты тыныс ентігу пайда болды. Қарау кезіңде жағдайы ауыр. Кеуде клеткасының тарылуы, мұрын қанатының кеңеюі, периоральді цианоз. ТАЖ-60 минутасына. Перкуторлы: өкпеде өкпелік дыбыс-қорапты. Тыныс алуда және тыныс шығарудың басында ұсақ көпіршікті және крепитацияланған сырылдар, барлық өкпе аланында құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Жүрек тоны күңгірттенген. ЖЖЖ – 140 мин. Кеуде клеткасының рентгені: өкпелік аланның мөлдірлігі жоғарылаған, диафрагманың төмен орналасуы. Қандай диагнозды болжауға болады?

A) жедел обструктивті бронхит

B) жедел бронхиолит

C) жедел ошақты пневмония

D) бронх демікпесі

E) жедел жай бронхит

{Дұрыс жауабы}=B

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}= Зосимов, А. Н. Детская пульмонология / А. Н. Зосимов, В. К. Ходзицкая, С. А. Черкасов. - М.:Эксмо, 2008. - 736 с.

{Курс}= 6

{Семестр}= 12

$$$004

7 жастағы бала шұғыл ауырды. Дене қызуы 39,0 С дейін көтерілді, бас ауырсынуына, құрғақ ауырсыну жөтелге шағымданады. Анамнезінде: өмірінің бірінші жасында 3 рет ЖРВИ мен ауырды. Баланы қарағанда: хал жағдайы ауыр дәрежеде, терісі ылғалды, бозғылт «мәрмәр» тәріздес. Аңқасы гиперемияланған. ТЖ – 32 рет минутына. Өкпе перкуссиясында: оң жақ жауырын астындағы аймағында өкпелік дыбыс тұйықталған. Өкпені тыңдағанда: тыныс қатаң, тұйықталған аймағында тыныстың әлсіреуі байқалады, сырылдар жоқ. ЖЖЖ – 110 рет минутына. Іші жұмсақ. Бауыры қабырға доғасының астында. Жалпы қан анализі: Гем – 105 г/л, эр – 4,0 х 1012 , лейк –18,6 х109, т/я – 10%, с/я – 57%, эоз –1%, моноцит – 9, лимфоцит – 23, ЭТЖ – 28 мм/сағ. Қандай диагнозды болжауға болады?

A) жедел обструктивті бронхит

B) жедел бронхиолит

C) жедел пневмония

D) бронх демікпесі

E) жедел жай бронхит

{Дұрыс жауабы}=C

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}= Зосимов, А. Н. Детская пульмонология / А. Н. Зосимов, В. К. Ходзицкая, С. А. Черкасов. - М.:Эксмо, 2008. - 736 с.

{Курс}= 6

{Семестр}= 12

$$$005

7 айлық балада ЖРВИ фонында аурудың 4 күні жағдайы нашарлады, дене температурасы қайта 37,8 С жоғарылады, экспираторлы сипаттағы ентігу, оральды сырылдар пайда болды. Аускультацияда – дем шығару ұзарған, екі жақта да әр трлі колибрлі ылғалды сырылдар. – Лейк – 5,8х109\л, э – 14%, п\я – 1%, с – 48%, л- 29%, м- 8%, СОЭ – 3 мм\сағ. Науқаста қандай диагноз болуы мүмкін?

А) Бронхиолит

B) Обструктивті бронхит

C) Рецидивті бронхит

D) Пневмония

E) Плеврит

{Дұрыс жауап}= B

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Б. Түсіпқалиев Балалар аурулары:оқулық-Ақтөбе,2012.-1144б)

{Курс}= 7

{Семестр}= 14

$$$006

Балада 6 ай көлемінде жөтел шырышты –іріңді қақырықтың бөлінуімен. Науқасты тексерудегі ең тиімді әдіс?

A) Бронхоскопия

B) Ангиография

C) Томография

D) Бронхография

E) Плевра қуысының пункциясы

{Дұрыс жауап}= A

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Б. Түсіпқалиев Балалар аурулары:оқулық-Ақтөбе,2012.-1144б)

{Курс}= 7

{Семестр}= 14

$$$007

Науқас 7 жаста. Бала осы жақында кенеттен дене температурасы 39,4 С көтерілді. Баланың шағымдары оң жақ бүйірінің ауырсынуы. Қарағанда бала тежелген, тынысы ынқылдаған, терісі бозғылт, бетінің қызаруы, тыныштық жағдайда аралас ентігу. Перкуссия кезінде: оң жақ төменгі бөлігінде перкуторлы дыбыстың қысқаруы, сол жерде тыныстың әлсіреуі, сырылдар жоқ. ТЖ 42 минутына. ЖСЖ 110 минутына.

Жалпы қан анализі: Нв – 134 г/л, эр – 4,8 х 1012 , лейк –23 х109, метамиелоцит – 2%, т/я – 8%, с/я – 64%, м – 2%, л – 24%, ЭТЖ – 22 мм/сағ. Трахельді аспираттың егуі: пневмококк анықталды. Кеуде R-графиясында не анықталу мүмкін?

A) оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің инфильтративті көлеңкесі

B) өкпелік суреттің күшеюі

C) оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті көлеңкесі

D) өкпелік аланың мөлдірлігі жоғарылаған

E) оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде ошақты көлеңке

{Дұрыс жауабы}=A

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}= Зосимов, А. Н. Детская пульмонология / А. Н. Зосимов, В. К. Ходзицкая, С. А. Черкасов. - М.:Эксмо, 2008. - 736 с.

{Курс}= 6

{Семестр}= 12

$$$008

Науқас К., 5 жаста. Шағымдары: дене температурасына 39,4°С жоғарлауы, ентігу, жөтел. Қарағанда: терісі бозғылт, оң жақ бетінің қызаруы, тырнақтары көгерген, ентігу аралас. Перкуторлық дыбыс оң жақта төменгі бөлігінде қысқарған. Сырылдар жоқ. Пульс пен ТЖ қатынасы 2:1. Кеуде R-граммасында: оң жақ өкпенің төменгі жағында, инфильтративті көлеңке көрінеді. Диагноз қойылды: оң жақты крупозды пневмония. Аурудың қандай этиологиясы бойынша ойлауға болады?

A) стафилококк

B) цитомегаловирус

C) пневмококк

D) хламидин

E) микоплазма

{Дұрыс жауабы}=C

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}= Зосимов, А. Н. Детская пульмонология / А. Н. Зосимов, В. К. Ходзицкая, С. А. Черкасов. - М.:Эксмо, 2008. - 736 с.

{Курс}= 6

{Семестр}= 12

$$$009

9 жасар бала. Осындай шағымдармен стационарға түсті: дене температурасының 400С жоғарлауы, жөтел «тот басқан» қақырықпен, бас ауруы, оң жақ кеудесінің ауырсынуы. Қан анализинде айқын нейтрофильді лейкоцитоз, ЭТЖ жылдамдығы. Кеуде R-граммасында: инфильтративті көлеңке, оң жақ өкпенің орта бөлігін алады. Қандай қоздырғыш осы ауруды тудырды деп ойлайсыз?

А) микоплазма

В) көк ірінді таяқша

С) стафилококк

D) стрептококк

Е) пневмококк

{Дұрыс жауабы}=Е

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}= Зосимов, А. Н. Детская пульмонология / А. Н. Зосимов, В. К. Ходзицкая, С. А. Черкасов. - М.:Эксмо, 2008. - 736 с.

{Курс}= 6

{Семестр}= 12

$$$010

Сол жақтан бұғанасты венасын катетеризациялағаннан кейін науқастың жағдайы нашарлады. ТЖ симптомдары пайда болды. Перкуссияда сол жақта тимпанит. Төмендегі асқынулардың қайсысы науқаста болуы мүмкін?

A) Пневмония

B) Плевра қуысына қан құйылу

C) Пневмоторакс

D) Гидроторакс

E) Пиоторакс

{Дұрыс жауап}= С

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Б. Түсіпқалиев Балалар аурулары:оқулық-Ақтөбе,2012.-1144б)

{Курс}= 7

{Семестр}= 14

$$$011

Өмірінің 2 айында балада иегінің треморы, клонико-тоникалық тырысулар пайда болды. Тексергенде: Феллинг сынамасы оң. Берілген жағдайды қалай дұрыс бағалауға болады?

A) Зат алмасудың туа пайда болған ақауы

B) Гипогликемия

C) Ми ісінуі

D) Спазмофилия

E) Инфекцияның қосылуы

{Дұрыс жауап}= A

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Б. Түсіпқалиев Балалар аурулары:оқулық-Ақтөбе,2012.-1144б)

{Курс}= 7

{Семестр}= 14

$$$012

1 жастағы бала стационарға айқын токсикозбен, аралас сипаттағы ентігумен, температурасының 38С дейін көтерілуімен түсті. Перкуссияда қораптық дыбыс анықталады. Жайылған шулар, жауырын бұрышында сол жақта – тұрақты ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Диагнозды нақтылау үшін қандай диагостикалық әдіс көрсетілген?

A) Жалпы қанның анализі

B) Жалпы зәрдің анализі

C) Қанның биохимиялық талдауы

D) Қақырықты флорға егу

E) Кеуде қуысы мүшелерінің R-графиясы

{Дұрыс жауап}= E

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Б. Түсіпқалиев Балалар аурулары:оқулық-Ақтөбе,2012.-1144б)

{Курс}= 7

{Семестр}= 14


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: