Лира полигоны

БҚО (Орал), Ақсай ауданынан 30 км қашықтықта орналасқан.

Сынақтар саны – 6.

Сынақтарды өткізу мерзімі – 1982-1984 жж.

83. Невада – Семей антиядролық қозғалысы.

Невада-Семей, ядролық жарылысқа қарсы халықаралық қозғалыс – қоғамдық-саяси ұйым. 1989 жылы 26 ақпанда құрылып, қазан айында ресми тіркелді. Республика халқынан кеңінен қолдау тапқан қозғалыс ядролық жарылыстарға қарсылық білдіріп, әлемдегі ядролық қауіпті жоюды мақсат етті, Семей ядролық полигонында ядролық сынақтарды тоқтатуға қол жеткізді. Қазақстанның көптеген қалалары мен аймақтарында, сондай-ақ Ресей, АҚШ, Италия, Жапония, Түркия, т.б. елдерде ұйымның бөлімшелері құрылған. Қозғалыстың белсенді қызметінің арқасында БҰҰ БА-ның 53-сессиясы “Қазақстандағы Семей өңірі адамдары денсаулығы мен экологиясын сауықтыру және экономикасын дамыту мақсатындағы халықаралық ынтымақтастық пен іс-қимылды үйлестіру” қарарын қабылдады.

84. Қоршаған орта жағдайын бағалаудың әдістері.

85. Экологиялық мониторинг, оны ұйымдастыру принциптері

Экологиялық мониторинг - қоршаған ортаның жағдайын бақылау және тексеру жүйелері. Ол үш сатыдан тұрады: бақылау, бағалау, болжау.

86. Химиялық, физикалық, биологиялық мониторинг.

Химиялық мониторинг- атмосфера, жер бетіндегі сулар, мұхит пен теңіздің сулары, жауын-шашындар, топырақ, өсімдіктердің химиялық құрамын, сонымен бірге химиялық ластаушы заттардың таралу динамикасын бақылау жүйесі.

Физикалық мониторинг - физикалық процестер мен құбылыстардың қоршаған ортаға әсерін (су басу, цунами, жер сілкіністері)бақылау жүйесі.

Биологиялық мониторинг - биоиндикаторлырдың көмегімен жүргізілетін мониторинг.

87. Қоршаған ортаны қорғау саласында ҚР-ның заңдары.

88. ҚР тұрғындарын экологиялық сауаттандыру және білім беру процесі.

89. ҚР тұрақты дамуын қамтамасыз ету: Қазақстанның тұрақты даму концепциясы және тұрақты дамуға көшудің механизмі.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: