Бап. Шешім жасау

Іс талқыланғаннан кейін дереу шешім шығарылады. Дәлелді шешім жасау бес күннен аспайтын мерзімге кейінге қалдырылуы мүмкін, бірақ шешімнің қарар бөлігін сот істі талқылау аяқталған отырыста жария етуге тиіс. Шешімнің жарияланған қарар бөлігіне судья қол қоюға және ол іс материалына тіркелуге тиіс.
Ескерту. 229-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

230-бап. Шешімдегі қате жазулар мен айқын арифметикалық
қателерді түзету

1. Іс жөнінде шешім жарияланғаннан кейін шешім шығарған соттың оны жоюға немесе өзгертуге құқығы жоқ.
2. Сот өз бастамашылығымен немесе іске қатысушы адамдардың
арызы бойынша шешімде жіберілген қате жазулар мен айқын арифметикалық қателерді түзете алады. Түзетулер енгізу туралы мәселе сот отырысында шешіледі. Іске қатысушы адамдарға сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарланады, алайда олардың келмеуі түзетулер енгізу туралы мәселені қаруға кедергі болмайды.
3. Шешімге түзетулер енгізу туралы мәселе жөніндегі сот ұйғарымына жеке шағым жасалуы немесе наразылық келтірілуі мүмкін.

231-бап. Қосымша шешім

1. Іс бойынша шешімге қаулы қабылдаған сот іске қатысушы адамдардың өтініші бойынша немесе өз бастамашылығымен мынадай жағдайларда:
1) іске қатысушы адамдар дәлелдемелер ұсынған және түсініктемелер берген қандай да бір талап бойынша шешім шығарылмаса;
2) егер сот құқық туралы мәселені шеше отырып, алып берілген соманың, берілуге тиісті мүліктің мөлшерін немесе жауапкер жасауға тиісті әрекеттерді көрсетпесе;
3) егер сот шығындары туралы мәселені сот шешпесе;
4) егер сот шешiмiнiң орындалуын қайта бұрып атқару туралы мәселенi сот шешпесе, қосымша шешiм шығара алады.
2. Қосымша шешім шығару туралы мәселе шешім орындалатын мерзімнің шегінде қойылуы мүмкін. Мәселе сот отырысында қаралғаннан кейін сот қосымша шешім шығарады және оған шағым жасалуы немесе наразылық келтірілуі мүмкін. Іске қатысушы адамдарға сот отырысының уақыты және орны туралы хабарланады, алайда олардың келмеуі қосымша шешім шығару туралы мәселені қарауға кедергі болмайды.
3. Қосымша шешім шығарудан бас тарту туралы соттың ұйғарымына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін.
Ескерту. 231-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 238 Заңымен.

232-бап. Шешімді түсіндіру

1. Шешім түсініксіз болған жағдайда істі қараған сот іске қатысушы адамдардың өтініші бойынша, сондай-ақ сот орындаушысының өтініші бойынша шешімді оның мазмұнын өзгертпей түсіндіруге құқылы. Шешімді түсіндіруге ол әлі орындалмаған және шешім мәжбүрлі түрде орындалуы мүмкін мерзім өткенге дейін жол беріледі. Сот шешiмдi түсiндiру туралы өтiнiштi, өтінішті өтiнiш қабылданған күннен бастап он күн мерзiмде қарауға мiндеттi.
2. Шешімді түсіндіру туралы мәселе сот отырысында шешіледі. Іске қатысушы адамдарға, сондай-ақ қарау нысанасы оның түсiндiру туралы өтініші болған жағдайларда сот орындаушысына сот отырысының уақыты мен орны хабарланады, алайда олардың келмеуі шешімді түсіндіру туралы мәселені қарауға кедергі болмайды.
3. Соттың шешімді түсіндіру туралы ұйғарымына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін.
Ескерту. 232-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.06.22. N 147 Заңымен.

233-бап. Шешімді орындау мерзімін кейінге қалдыру
және мерзімін ұзарту, шешімді орындаудың әдісі
мен тәртібін өзгерту

1. Істі қараған сот іске қатысушы адамдардың арызы бойынша тараптардың мүліктік жағдайын немесе басқа да мән-жайларды негізге ала отырып, шешімнің орындалу мерзімін кейінге қалдыруға немесе оның мерзімін ұзартуға, сондай-ақ оны орындаудың әдісі мен тәртібін өзгертуге құқылы.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде аталған арыздар сот отырысында қаралады. Іске қатысушы адамдарға отырыстың уақыты мен орны туралы хабарланады, бірақ олардың келмеуі соттың алдына қойылған мәселені шешуіне кедергі болмайды.
3. Шешімді орындау мерзімін кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту туралы, оны орындаудың әдісі мен тәртібін өзгерту туралы мәселе жөніндегі сот ұйғарымына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін.

234-бап. Алып берілген ақша сомаларын индекстеу

1. Сот мүдделі адамның арызы бойынша сот актісімен төлеттірілген ақшалай сомаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сот актісі орындалған күнгі қайта қаржыландырудың ресми ставкасына сүйене отырып, тиісті индекстеу жүргізе алады.
2. Алып берілген сомаларды индекстеу туралы арыз сот отырысында қаралады. Іске қатысушы адамдарға отырыстың уақыты мен орны туралы хабарланады, алайда олардың келмеуі соттың алдына қойған мәселені шешуіне кедергі болмайды.
3. Алып берілген ақша сомаларын индекстеу туралы сот ұйғарымына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін.
Ескерту. 234-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 238 Заңымен.

235-бап. Сот шешімінің заңды күшіне енуі

1. Бірінші сатыдағы соттың шешiмдерi, егер оларға шағым немесе наразылық келтiрiлмесе, оларға апелляциялық шағымдану, наразылық келтiру мерзiмi өткен соң заңды күшiне енедi.
1-1. Мамандандырылған қаржылық соттың қаржы ұйымдарын немесе бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдауды жүргізу туралы шешімдері олар қабылданған күннен бастап заңды күшіне енеді және дереу орындалуға жатады.
1-2. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы сот шешімі оны қабылдаған күнінен бастап заңды күшіне енеді.
2. Алынып тасталды - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Апелляциялық тәртіппен шағым немесе наразылық берілген жағдайда, шешім, егер оның күші жойылмаған болса, апелляциялық сатыдағы сот қаулыны жария еткен кезден бастап заңды күшіне енеді.
4. Шешім заңды күшіне енгенде тараптар және іске қатысушы басқа да адамдар, сондай-ақ олардың құқық мирасқорлары сотта бұрынғы негіздер бойынша бұрынғы талап қою талаптарымен қайтадан арыздана алмайды, сондай-ақ сот анықтаған фактілер мен құқықтық қатынастарды басқа процесте даулай алмайды.
5. Егер жауапкерден мезгіл-мезгіл төлем өндіріп алу шешімі заңды күшіне енгеннен кейін төлемдердің мөлшерін айқындауға немесе олардың ұзақтығына әсер ететін мән-жайлар өзгерсе, тараптардың әрқайсысы жаңа талап қою арқылы төлемдердің мөлшері мен мерзімдерін өзгертуді талап етуге құқылы.
Ескерту. 235-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2001.07.11 N 238, 2009.07.11 N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.03.01 N 414-IV(2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: