Бап. Істі баяндау

Кассациялық сатыдағы сотта істі қарау судьялардың біреуінің баяндамасымен басталады. Баяндамашы істің мән-жайын, бірінші, апелляциялық сатылардағы соттардың шешімінің, қаулысының және ұйғарымының мазмұнын, кассациялық шағымның, наразылықтың уәждерін және оларға келіп түскен пікірлерді баяндайды, сондай-ақ шешімнің дұрыстығын тексеру үшін соттың қарауы қажет болатын өзге де деректерді хабарлайды.
Ескерту. 383-17-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

383-18-бап. Іске қатысушы тұлғалардың түсініктемелері

Сот баяндамадан кейін сот отырысына келген, іске қатысушы тұлғалар мен өкілдердің түсініктемелерін тыңдайды. Кассациялық шағым немесе наразылық берген тұлға және оның өкілі бірінші болып сөз сөйлейді. Шешімге екі тарап шағымданған жағдайда талап қоюшы бірінші болып сөйлейді.

383-19-бап. Соттың іске қатысушы тұлғалардың арыздарын
шешуі

Іске қатысушы тұлғалардың кассациялық сатыда істі талқылауға байланысты барлық мәселелер жөніндегі арыздары мен өтініштерін сот іске қатысушы басқа тұлғалардың пікірін тыңдағаннан кейін шешеді.

383-20-бап. Кассациялық сатыдағы соттың өкілеттіктері

Сот істі кассациялық тәртіппен қарап:
1) бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттардың шешімін, қаулысын және ұйғарымын – өзгеріссіз, ал шағымды немесе наразылықты қанағаттандырусыз қалдыруға;
2) бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттардың шешімінің, қаулысының және ұйғарымының күшін толық немесе бір бөлігінде жоюға және егер іс апелляциялық тәртіппен қаралмаса, бірінші сатыдағы сотқа немесе егер кассациялық саты бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттың жіберген қателіктерін түзете алмаса, апелляциялық сатыдағы, бірақ судьялардың өзге құрамындағы сотқа жаңадан қарауға жіберуге құқылы. Кассациялық сатыдағы сот қандай да бір дәлелдемелердің дұрыстығы немесе дұрыс еместігі туралы, бір дәлелдемелердің басқаларынан артықшылығы туралы мәселелерді, сондай-ақ істі жаңадан қарау кезінде қандай шешімнің шығарылуға тиіс екені туралы алдын ала шешуге құқылы емес;
3) бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттың шешімінің, қаулысының және ұйғарымының толық немесе бір бөлігінде күшін жоюға және осы Кодекстің 247, 249-баптарында көзделген негіздер бойынша іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға не арызды қараусыз қалдыруға;
4) бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдырып, апелляциялық сатыдағы соттың шешімінің, қаулысының және ұйғарымының күшін жоюға;
5) егер іс бойынша дәлелдемелерді жинау немесе қосымша тексеру талап етілмесе, бірінші немесе апелляциялық сатыдағы сот істің мән-жайын дұрыс және толық анықтаса, бірақ материалдық құқық нормаларын қолдануда қателіктерге жол берілсе, істі жаңадан қарауға жіберместен, бірінші сатыдағы соттың шешімінің немесе апелляциялық сатыдағы соттың шешімінің, қаулысының күшін жойып, шешімді қаулыны, ұйғарымды өзгертуге немесе жаңа сот актісін шығаруға құқылы.
Ескерту. 383-20-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

383-21-бап. Бірінші және апелляциялық сатылардағы
соттардың заңды күшіне енген шешімдерінің,
қаулыларының және ұйғарымдарының күшін
кассациялық тәртіппен жоюдың негіздері

Соттардың заңды күшіне енген шешімдерінің, қаулыларының және ұйғарымдарының күші осы Кодекстің 364-бабының бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша кассациялық тәртіппен жойылуға жатады.

383-22-бап. Кассациялық сатыдағы соттың актілері

1. Кассациялық сатыдағы соттың актілері қаулылар нысанында шығарылады.
2. Кассациялық сатыдағы соттың қаулысында:
1) қаулының шығарылған күні мен орны;
2) қаулы шығарған соттың атауы мен құрамы;
3) кассациялық шағым немесе наразылық берген тұлға;
4) шағым жасалған бірінші және/немесе апелляциялық сатылардағы соттың актісінің, кассациялық шағымның немесе наразылықтың және оларға берілген жазбаша пікірлердің, кассациялық сатыда істі қараған кездегі қатысушы тұлғалар түсініктемелерінің қысқаша мазмұны;
5) соттың тұжырымдар жасауына алып келген уәждер және сот басшылыққа алған заңдарға сілтеме;
6) кассациялық шағымды немесе наразылықты қараудың нәтижелері бойынша тұжырымдар көрсетілуге тиіс.
3. Жаңа уәждердің болмауына байланысты шағымды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдырған кезде кассациялық қаулының дәлелдеу бөлігінде сот актісіне өзгерістер енгізу немесе оны жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.
Кассациялық шағымда, наразылықта бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың қарау нысанасы болып табылмайтын жаңа уәждер келтірілген жағдайда, дәлелдеу бөлігінде жаңа уәждерді негізсіз деп танудың негіздері көрсетілуге тиіс.
4. Кассациялық сатының қаулысы бес күннің ішінде түпкілікті нысанда жасалып болуға тиіс. Іс материалдарына қоса тіркелетін қаулының қарар бөлігін жария етуге жол беріледі.
5. Кассациялық сатыдағы сот осы Кодекстiң 230-232-баптарында көзделген жағдайларда және тәртiппен қате жазулар мен анық арифметикалық қателердi түзету туралы мәселенi қарауға, қосымша қаулы шығаруға немесе мәнін өзгертпей, шығарылған қаулыны түсіндiруге құқылы. Кассациялық сатыдағы соттың аталған мәселелер бойынша қаулысы шығарылған күннен бастап күшіне енеді.
Ескерту. 383-22-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

383-23-бап. Кассациялық сатыдағы соттың қаулысының заңды
күші

Кассациялық сатыдағы соттың қаулысы жария етілген кезден бастап заңды күшіне енеді.
Ескерту. 383-23-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

383-24-бап. Іс кассациялық тәртіппен қаралғаннан кейін
келіп түскен кассациялық шағымды қарау тәртібі

1. Белгіленген мерзімде немесе өтіп кеткен мерзім қалпына келтірілгеннен кейін берілген кассациялық шағым кассациялық сатыдағы сотқа істі басқа шағымдар бойынша қарағаннан кейін келіп түскен жағдайда, сот мұндай шағымды өзінің іс жүргізуіне қабылдауға міндетті.
2. Егер мұндай шағымды қараудың нәтижесінде кассациялық сатыдағы сот бұрын шығарылған кассациялық актінің заңсыздығы немесе негізсіздігі туралы тұжырымға келсе, онда оның күші жойылып, жаңа сот актісі шығарылады.

43-тарау. Қадағалау тәртібімен іс жүргізу

384-бап. Сот қадағалауы тәртібімен қайта қаралуға жататын
сот актілері

1. Жергілікті және өзге де соттардың заңды күшіне енген сот актілерін, оларға шағым жасалудың кассациялық тәртібі сақталған жағдайда, іске қатысушы адамдардың өтініштері және Қазақстан Республикасы Бас прокурорының наразылығы бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қадағалау тәртібімен қайта қарауы мүмкін.
Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген айрықша жағдайларда, заңды күшіне енген бірінші сатыдағы соттың шешімі немесе апелляциялық сатыдағы соттың шешімі немесе қаулысы Қазақстан Республикасы Бас прокурорының наразылығы бойынша сот қадағалауы тәртібімен қайта қаралуы мүмкін.
2. Қазақстан Республикасының жергілікті және өзге соттарының заңды күшіне енген, кассациялық тәртіппен шағым берілмеген актілері сот қадағалауы тәртібімен тексеруге жатпайды.
3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалаушы сот алқасының қаулысы, егер қабылданған қаулы адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін айрықша жағдайларда сот қадағалауы тәртібімен тексерілуі мүмкін.
Ескерту. 384-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

385-бап. Заңды күшіне енген сот актілеріне өтініш беруге,
наразылық келтіруге құқығы бар тұлғалар

Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1. Осы Кодекстің 384-бабының бірінші бөлігінде көзделген сот актілеріне дау айту туралы өтініштерді тараптар және олардың өкілдері, іске қатысушы басқа да тұлғалар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау сот алқасына беруі мүмкін.
2. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры заңды күшіне енген сот актісіне Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына наразылық келтіруге құқылы.
3. Наразылық осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдардың өз бастамалары бойынша да, өтініші бойынша да келтірілуі мүмкін. Өтініш наразылыққа қоса тіркеледі.
4. Өтінішті, наразылықты іс қадағалау сатысында қаралғанға дейін оны сотқа тиісінше арыз беру жолымен жүгінген тұлға кері қайтарып алуы мүмкін. Сот іске қатысушы тұлғаға наразылықтың кері қайтарып алынғаны туралы хабарлайды. Өтініш пен наразылықты кері қайтарып алу қадағалау сатысында іс жүргізудің қысқартылуына әкеп соғады.
4-1. Алынып тасталды - ҚР 2005.12.30 N 111 Заңымен.
5. Осы Кодекстiң 393-395-баптарында көзделген ережелер прокурордың наразылықтарына қолданылмайды және тiкелей қадағалау сатысында қаралады. Сот кеңесу бөлмесінде осы Кодекстiң 387-бабында көзделген iстi қадағалау тәртiбiмен қайта қарау негiздерiнiң бар-жоғы туралы мәселенi шешедi, содан кейiн прокурор наразылығын мәнi бойынша қарайды. Аталған негiздер болмаған кезде сот iстi сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қараудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
Ескерту. 385-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2001.07.11 N 238, 2005.12.30 N 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

386-бап. Істі қадағалау тәртібімен қарайтын соттар

1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты кассациялық сатының заңды күшіне енген қаулысына осы Кодекстің 385-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың өтініштері және Қазақстан Республикасы Бас прокурорының наразылықтары бойынша істерді, сондай-ақ осы Кодекстің 384-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың актілерін кемінде бес судья құрамында қарайды.
2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы осы Кодекстің 384-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы немесе Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қаулысына Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша істерді қарайды.
Ескерту. 386-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

387-бап. Істерді талап етудің және заңды күшіне
енген сот актілерін қайта қараудың себептері
мен негіздері

1. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарлары, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары азаматтық істі қадағалау тәртібімен тексеру үшін тиісті соттан талап етіп алдыруы мүмкін.
2. Осы Кодекстің 385-бабының бірінші бөлігінде аталған адамдардың өтініштері, сол сияқты осы Кодекстің осы бабының екінші бөлігінде аталған прокурорлардың өз құзыреті шегіндегі бастамасы істерді талап етуге себеп болып табылады.
2-1. Сот прокурордың істі талап ету туралы сұрау салуын ол сотқа келіп түскен күннен бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей орындайды. Сұрау салулар байланыс арналары пайдаланыла отырып жіберілуі мүмкін.
Істі талап еткен жағдайда қадағалау наразылығын келтіру туралы өтінішті прокурор іс прокуратураға келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарауға тиіс.
3. Заңсыз сот актісін шығаруға әкеп соққан материалдық не іс жүргізу құқығының нормаларын елеулі түрде бұзу заңды күшіне енген шешімдерді, қаулыларды және ұйғарымдарды қадағалау тәртібімен қайта қарауға негіз болады.
4. Соттың заңды күшіне енген шешімдерін, ұйғарымдарын, кассациялық қаулыларын, егер Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі оларды шығаруда негізге алынған акт конституциялық емес деп таныған жағдайда олар қадағалау тәртібімен қайта қаралуы мүмкін.
Ескерту. 387-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.12.29 N 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

388-бап. Заңды күшіне енген сот актілеріне шағым жасау,
наразылық келтіру мерзімдері

1. Соттың шешімі, ұйғарымы, қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап бір жыл ішінде өтініш, наразылық беруге болады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінің ережелері адам мен азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін, осы Кодекстің 387-бабының төртінші бөлігінде көзделген негіз бойынша сот шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын қайта қарау жағдайларында қолданылмайды.
3. Егер қадағалау наразылығын келтіру туралы өтініш прокурорға белгіленген мерзім сақтала отырып берілсе, бірақ ол бойынша шешім қабылданбаса, сот наразылық келтіру мерзімін ұзартады. Наразылықта бұл туралы көрсетілуге тиіс.
Ескерту. 388-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2001.07.11 N 238, 2009.12.10 № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

389-бап. Наразылық келтіру

1. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры себебі мен негіздері болған ретте наразылық келтіріп, оны іспен және өтінішпен бірге Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына жібереді.
2. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы наразылықтың көшірмелерін іске қатысушы тұлғаларға жібереді.
Ескерту. 389-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

390-бап. Наразылықтың мазмұны

Наразылықта:
1) наразылық келтіріп отырған соттың атауы болуға;
2) наразылық келтіріп отырған сот актілері көрсетілуге;
3) сот актілері шығарылған істің мәні баяндалуға;
4) заңсыз сот актісінің шығарылуына әкеп соққан, материалдық не іс жүргізу құқығы нормаларының елеулі бұзылуы неде екені, не сот актісі шығарылғанда негізге алынған нормативтік құқықтық актіні Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі конституциялық емес деп тануы көрсетілуге;
5) наразылық келтірген лауазымды адамның ұсынысы немесе қорытындысы болуға тиіс.
Ескерту. 390-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2001.07.11 N 238, 2009.12.10 № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

391-бап. Сот актісіне дау айту туралы және қадағалау
наразылығын келтіру туралы өтініштердің мазмұны

Ескерту. 391-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына берілетін сот актісіне дау айту және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына қадағалау наразылығын келтіру туралы өтініштер:
1) өтініш жолданатын соттың атауын, өтініш жолданатын лауазымды адамның аты-жөнін;
2) өтініш беруші тұлғаның атауын; оның тұрғылықты жерін немесе тұрған жерін және істегі іс жүргізу жағдайын;
3) сот шешімінің, ұйғарымының, қаулысының мазмұнын көрсетуді, сондай-ақ іске қатысушы тұлғалардың тұрғылықты жерін немесе тұрған жерін көрсете отырып атап тізбеленуін;
4) істі бірінші, апелляциялық және кассациялық сатыларда қарайтын соттардың көрсетілуін және олар қабылдаған шешімдердің мазмұнын;
5) соттың дау айтылатын, наразылық беру ұсынылатын шешімінің, ұйғарымының, қаулысының көрсетілуін;
6) материалдық не іс жүргізу құқығы нормаларының елеулі түрде бұзылуы неде екенінің және өтініш берген тұлғаның өтінуі неден тұратынын көрсетуді қамтуға тиіс.
2. Егер өтінішті іске қатыспаған тұлға берсе, дау айтылатын шешім, ұйғарым, қаулы арқылы осы тұлғаның қандай құқықтарының бұзылғаны көрсетілуге тиіс.
3. Егер дау айтылған сот актісіне тиісті сот сатысына шағым жасалмаған болса, өтініш беруші апелляциялық не кассациялық шағым бермеу себептерін көрсетуге міндетті.
4. Егер өтініш бұрын қадағалау сатысына берілген болса, онда өтініште бұл туралы және шағым бойынша қабылданған сот шешімі туралы көрсетілуге тиіс.
5. Өтінішке оны берген тұлға немесе оның өкілі қол қоюға тиіс. Өкіл берген өтінішке сенімхат немесе өкілдің өкілеттігін куәландыратын басқа да құжат қоса тіркелуге тиіс.
6. Өтінішке іс бойынша шығарылған шешімнің, ұйғарымның, қаулының сот растаған көшірмелері қоса тіркелуге тиіс.
Ескерту. 391-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.10 № 227-IV(2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

392-бап. Өтінішті немесе прокурор наразылығын қайтару

Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1. Өтініш немесе прокурор наразылығы мынадай негiздер бойынша:
1) өтініш немесе прокурор наразылығы осы Кодекстiң 390, 391-баптарының талаптарына сай келмесе;
2) өтініш немесе прокурор наразылығы заңды күшiне енген осы сот актiсiне осы Кодекстiң 385-бабына сәйкес шағым жасауға, наразылық бiлдiруге құқығы жоқ адамдар тарапынан берiлсе;
3) өтініш немесе прокурор наразылығы осы Кодекстiң 388-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн берiлсе және оны қалпына келтiрудiң дәлелдi себептерi болмаса;
4) өтініш немесе прокурор наразылығы оларды мәнi бойынша қарағанға дейiн керi қайтарып алынса;
5) өтініш немесе прокурор наразылығы қадағалау сатысына соттылық ережесiн бұза отырып берiлсе;
6) процестің осы қатысушысының арызы бойынша қадағалау іс жүргізуін қозғаудан бас тарту туралы қаулы болса, олар берген тұлғаларға қайтарылуға тиіс.
2. Өтінішті немесе прокурор наразылығын қайтаруға негiз болған кемшiлiктер жойылған жағдайда оларды жалпы негiзде қайтадан беруге болады.
Ескерту. 392-бап жаңа редакцияда - ҚР 2005.12.30 N 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

393-бап. Өтінішті алдын ала қарау

Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1. Сот актісіне сот қадағалауы тәртібімен дау айту туралы өтінішті үш судья алдын ала зерделейді және қарайды, олардың біреуі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы тағайындаған баяндамашы болып табылады. Қажет болған жағдайда азаматтық іс талап етіліп алынуы мүмкін.
2. Өтініш келiп түскен күннен бастап бiр айдың iшiнде, ал iс сұратылған жағдайда - iс келiп түскен күннен бастап бiр айдың iшiнде қаралады.
3. Өтініш алдын ала қаралатын күн туралы прокурорға, сондай-ақ өтініш берген адамға хабарланады, алайда олардың келмеуi iс бойынша сот қадағалауы тәртiбiмен iс жүргiзудi қозғауға негiз бар немесе жоқ екенi туралы мәселенi шешуге кедергi болмайды.
Ескерту. 393-бап жаңа редакцияда - ҚР 2005.12.30 N 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

394-бап. Өтінішті алдын ала қараудың нәтижелерi бойынша
қабылданатын шешiмдер

Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1. Өтінішті алдын ала қараудың нәтижелері бойынша судьялар:
1) дау айтылған сот актiсiн қайта қарау бойынша қадағалау iс жүргiзуiн қозғау және өтінішті азаматтық iстi сұрата отырып қадағалау сатысында қарау туралы;
2) дау айтылған сот актiсiн қайта қарау бойынша қадағалау iс жүргiзуiн қозғаудан бас тарту туралы;
3) өтінішті қайтару туралы қаулы шығарады.
2. Соттың өтінішті алдын ала қарау нәтижелерi бойынша шығарған қаулысында:
1) қаулының шығарылған күнi мен орны;
2) өтінішті қараған және қаулы шығарған тиiстi сот судьяларының тегi мен аты-жөнi;
3) дау туғызған сот актiсiн көрсете отырып қаулы шығарылған iс;
4) өтініш жасаған тұлғаның атауы;
5) өтініште келтiрiлген дәлелдер;
6) қадағалау iс жүргiзуiн қозғаудың немесе одан бас тартудың не өтінішті оларды берген адамдарға қайтарудың негiздерi көрсетiлуге тиiс;
7) қаулының қарар бөлiгiнде осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген шешiмдердiң бiрi жазылады.
3. Өтінішті алдын ала қараудың нәтижелерi бойынша шығарылған қаулының көшiрмесi өтінішті берген адамға жiберiледi.
Ескерту. 394-бап жаңа редакцияда - ҚР 2005.12.30 N 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

395-бап. Қадағалау сатысы сотының отырысын тағайындау

1. Қадағалау сатысы дау айтылған сот актісін, наразылықты қайта қарау бойынша қадағалау iс жүргiзуiн қозғау туралы сот қаулысын алғаннан кейiн тараптарға өтініштің, қадағалау ісін жүргізуді қозғау туралы қаулының көшiрмелерiн, сот отырысы өткiзiлетiн күндi, уақытын, орнын көрсете отырып iстiң қадағалау сатысында қаралатыны туралы хабарлама жiбередi.
2. Қадағалау сатысындағы iс қадағалау iс жүргiзуiн қозғау туралы қаулымен бiрге қадағалау сатысына берiлген не прокурор наразылығы келiп түскен күннен бастап бiр айдың iшiнде қаралуға тиiс.
Ескерту. 395-бап жаңа редакцияда - ҚР 2005.12.30 N 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

395-1-бап. Сот актісін қайта қарау туралы өтінішке немесе
наразылыққа пікір

1. Іске қатысушы тұлға қайта қарауға қатысты қарсылықты растайтын құжаттарды қоса тіркеп, сот актісін қадағалау тәртібімен қайта қарау туралы өтінішке немесе наразылыққа пікірді іске қатысушы басқа тұлғаларға және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына жіберуге құқылы.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына жіберілетін пікірге іске қатысушы басқа тұлғаларға пікірдің көшірмесі жіберілгенін растайтын құжат қоса тіркеледі.
2. Пікір Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының өтінішті немесе наразылықты қарауды бастағанға дейін пікірмен танысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін, сот белгілеген мерзімде жіберіледі.
3. Пікірге іске қатысушы тұлға немесе оның өкілі қол қояды. Өкілдің қолы қойылған пікірге оның өкілеттігін растайтын сенімхат немесе өзге құжат қоса тіркеледі.
Ескерту. Кодекс 395-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

396-бап. Сот актiсiнiң орындалуын тоқтата тұру

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Бас Прокуроры iстi сұратып алумен бiр мезгiлде қадағалау тәртiбiмен тексеру үшiн сот актiсiнiң орындалуын үш айдан аспайтын мерзiмге тоқтата тұруға құқылы.
Ескерту. 396-бап жаңа редакцияда - ҚР 2002.08.09 N 346, 2005.12.30 N 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

397-бап. Істі қарау шектері

1. Істі қадағалау тәртібімен қарау кезінде сот істе бар материалдар бойынша өтініштің, наразылықтың дәлелдері шегінде бірінші, апелляциялық және кассациялық сатыдағы соттар шығарған сот актілерінің заңдылығын тексереді.
2. Қадағалау сатысындағы сот заңдылық мүдделерін көздеп, өтініштің немесе наразылықтың шегінен шығуға және шағым жасалған, наразылық келтірілген шешімнің заңдылығын толық көлемінде тексеруге құқылы. Сот осы Кодекстің 25-29-тарауларында көзделген істер бойынша бірінші, апелляциялық және кассациялық сатыдағы соттар шығарған қаулылардың заңдылығын толық көлемінде тексереді.
Ескерту. 397-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2001.07.11 N 238, 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

398-бап. Істі қадағалау сатысында қараудың тәртібі,
қадағалау сатысындағы соттың шешімдері

1. Қадағалау сатысындағы сот отырысы төрағалық етушінің қандай сот шешімі және кімнің өтініші (наразылығы) бойынша қайта қаралып отырғанын, сот құрамына кімдердің енетінін және сот отырысы залында іске қатысушы адамдардан кім келіп отырғанын жариялауымен ашылады. Істің қаралатын уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілген, өтініш (наразылық) берген адамның болмауы сот отырысын жалғастыру мүмкіндігін жоққа шығармайды. Iстi қарау кезiнде қадағалау сатысының сотына прокурордың қатысуы мiндеттi.
2. Мәлімделген қарсылықтар мен өтініштер шешілгеннен кейін сот тыңдауды жалғастыру туралы не оны кейінге қалдыру туралы шешім қабылдайды. Сот істі тыңдауды жалғастыру туралы шешім қабылдаған жағдайда төрағалық етуші өтінішті (наразылықты) берген адамға сөз береді. Егер мұндай адамдар бірнешеу болса, олар өздері ұсынатын сөз сөйлеу кезегін сот назарына жеткізеді. Егер олар келісімге келе алмаса, сөз сөйлеу кезегін сот белгілейді.
3. Өтініш (наразылық) беруші адам, өз пікірі бойынша, шағым жасалып отырған шешімнің заңсыз, негізсіз болып табылатынына себептер мен дәлелдерді айтып береді. Содан кейін төрағалық етуші сот белгілеген тәртіппен іске қатысушы басқа адамдарға сөз береді.
Сотқа қатысушы адамдар сөз сөйлегеннен кейiн прокурор iс бойынша қорытынды бередi.
4. Істі қадағалау тәртібімен қараудың нәтижесінде сот кеңесу бөлмесінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) бірінші, апелляциялық немесе кассациялық сатылардағы шешімді өзгеріссіз, ал өтінішті, наразылықты қанағаттандырмай тастайды;
1-1) осы Кодекстiң 387-бабында көзделген негiздердiң болмауына байланысты iстi сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қараудан бас тарту туралы;
2) бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы соттың шешімінің күшін толық немесе бір бөлігінде жояды және істі апелляциялық және кассациялық сатылардағы сотқа немесе, егер іс апелляциялық сатыдағы сотта қаралмаған болса, бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жібереді. Қадағалау сатысындағы сот қаулыда көрсетілмеген не онда жоққа шығарылған мән-жайларды анықтауға немесе оларды дәлелденген деп есептеуге, қандай да бір дәлелдемелердің дұрыстығы немесе дұрыс еместігі, бір дәлелдемелердің басқаларынан артықшылығы туралы, істі жаңадан қарау кезінде материалдық құқықтың қай нормасы қолданылуға тиіс және қандай қаулының қабылдануға тиіс екендігі туралы мәселелерді алдын ала шешуге құқылы емес;
3) бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы сот шешімінің толық не бөлігіндегі күшін жояды және талап-арызын қарамай тастайды не іс бойынша іс жүргізуді қысқартады;
4) іс бойынша шығарылған шешімдердің біреуін күшінде қалдырады;
5) бірінші, апелляциялық немесе кассациялық сатылардағы соттың шешімін өзгертеді не оның күшін жояды, материалдық құқық нормаларын қолдануда және түсіндіруде қате жіберілген болса, істі жаңадан қарауға жібермей, жаңа шешім шығарады.
Ескерту. 398-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2001.07.11 N 238, 2005.12.30 N 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

399-бап. Қадағалау сатысындағы сот қаулысының мазмұны

1. Қадағалау сатысындағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық қаулы үшін белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс. Қадағалау сатысындағы соттың қаулысына іс бойынша шешім қабылдаған барлық судьялар қол қояды.
2. Қадағалау сатысындағы сот осы Кодекстiң 230-232-баптарында көзделген жағдайларда және тәртiппен қате жазылған жазбалар мен анық арифметикалық қателердi түзету туралы мәселенi қарауға, қосымша қаулы шығаруға немесе бұдан бұрын қадағалау сатысы шығарған қаулыны түсіндiруге құқылы.
Ескерту. 399-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2001.07.11 N 238, 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

400-бап. Қадағалау сатысындағы сот қаулысының
заңды күшіне енуі

Қадағалау сатысындағы сот қаулылары олар қабылданған кезден бастап заңды күшіне енеді.

401-бап. Істі қадағалау тәртібімен қарайтын сот
нұсқауларының міндеттілігі

Ескерту. 401-бап алынып тасталды - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

402-бап. <*>

Ескерту. 402-бап алынып тасталды - ҚР 2005.12.30 N 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

403-бап. Сот шешімінің, ұйғарымының, қаулысының
күші жойылғаннан кейін істі қарау

1. Қадағалау тәртібімен сот актілерінің күші жойылғаннан кейін іс жалпы тәртіппен қаралуға тиіс.
2. Бұрын қабылданған сот актілерінің апелляциялық, кассациялық тәртіппен немесе қадағалау тәртібімен күші жойылғаннан кейін шығарылған жаңа сот актілеріне өтініш, наразылық олардың күшін жойған себептерге қарамастан, жалпы негіздерде берілуі, келтірілуі мүмкін.
Ескерту. 403-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

403-1-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы
отырысын тағайындау

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы немесе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы келіп түскеннен кейін Жоғарғы Соттың Төрағасы жалпы отырысты шақырады. Жалпы отырыстың хатшысы жалпы отырыстың мүшелеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына жалпы отырыстың өткізілетін күні, уақыты мен орны туралы хабарлайды.
Ескерту. Кодекс 403-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

403-2-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жалпы
отырысының ұсынуды немесе наразылықты қарауының
тәртібі

1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы ұсынуды немесе наразылықты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьяларының жалпы санының кемінде үштен екісі болған кезде қарайды.
2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы немесе Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры ұсынуды немесе наразылықты енгізудің осы Кодекстің 384-бабының үшінші бөлігінде көзделген негіздері туралы баяндайды.
3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы көрсетілген негіздер болмаған кезде істі қайта қараудан бас тарту туралы қаулы шығарады, ал негіздер болған кезде істі мәні бойынша қарау үшін сот отырысын тағайындайды.
4. Істі мәні бойынша қарау судьяның ұсынудың мән-жайлары мен негіздері туралы баяндамасымен не прокурордың наразылықтың мән-жайлары мен негіздері туралы баяндамасымен басталады. Істі одан әрі қарау осы Кодекстің 398-бабында көзделген қағидалар бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту. Кодекс 403-2-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

44-тарау. Заңды күшіне енген шешімдерді, ұйғарымдар мен
қаулыларды жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта
қарау жөнінде іс жүргізу

404-бап. Қайта қарау негіздері

Заңды күшіне енген шешімдер, ұйғарымдар мен қаулылар жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қаралуы мүмкін. Шешімдерді, ұйғарымдар мен қаулыларды жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау үшін:
1) арыз берушіге белгілі болмаған және белгілі бола алмаған іс үшін елеулі мән-жайлар;
2) заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленген, заңсыз не негізсіз шешім шығаруға әкеп соққан, куәнің көрінеу жалған жауаптары, сарапшының көрінеу жалған қорытындысы, көрінеу дұрыс аудармау, құжаттардың не заттай дәлелдемелердің жалғандығы;
3) заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленген, тараптардың, іске қатысушы басқа адамдардың, не олардың өкілдерінің қылмысты әрекеттері немесе судьялардың сол істі қарау кезінде жасаған қылмысты әрекеттері;
4) белгілі бір шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны шығаруға негіз болған сот шешімінің, үкімінің немесе қаулысының не өзге де орган қаулысының күшін жою;
5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң соттың сот актiсiн шығаруы кезiнде қолданған заңын немесе өзге нормативтiк құқықтық актiсiн конституциялық емес деп тануы негiздер болып табылады.
Ескерту. 404-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.12.30. N 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

405-бап. Сот шешімдерін, ұйғарымдары мен қаулыларын
жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта
қарайтын соттар

1. Бірінші сатыдағы соттың заңды күшіне енген шешімін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша осы шешімді шығарған сот қайта қарайды.
2. Бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгерткен немесе жаңа шешім шығарған апелляциялық, кассациялық немесе қадағалау сатыларындағы ұйғарымдарды, шешімдерді, қаулыларды жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарауды шешімді өзгерткен немесе жаңа шешім шығарған сот жүргізеді.
Ескерту. 405-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2001.07.11 N 238, 2009.12.10 № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: