Никитинский Евгений Сергеевич

Қазақстан Республикасындағы туризм мен туристік қызметті мемлекеттік басқаруды тұрақты дамыту теориясы мен практикасы

13.00.04 – Дене тәрбиесі, спорттық жаттығулар, сауықтыру және бейімдеу дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі кезде туризмнің ғаламдық әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретіндегі рөлі тұрақты өсіп келеді. Туризмнің дамуының көпсалалық индустриалдық нысаны бар, ұсынылатын қызметтердің катализаторы және әртектігілі ретінде қызмет етеді, жаңа жұмыс орындарын ашады, жергілікті инфрақұрылымның дамуын және халықтың өмір деңгейінің өсуін қамтамасыз етеді.

Зерттеу объектісі. Туризм мен туристік қызметті басқарудың тұрақты дамуының әлемдік және отандық теориясы мен тәжірибесі.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Қазақстан Республикасында туризм мен туристік қызметті мемлекеттік басқаруды тұрақты дамыту жөніндегі теориялық негіздерін және тәжірибелік әрекеттерін негіздеу.

Зерттеу әдістері: әдебиетке теориялық талдау жүргізу, туристік саланы дамыту туралы ақпаратты логикалық-тарихи талдау, озық туристік, педагогикалық және әлеуметтік тәжірибені талдау және жиынтықтау, математикалық статистиканың әдістері, жүйелік талдау.

Зерттеу нәтижелері. Бірінші зерттеушілік міндетті шешімі туристік қызметтің әдістемелік негіздеріне мыналарды: а) адам теориялық және тәжірибелік қызметін ұйымдастырудың тәсілдері туралы ілім ретінде айтылатын “әдістеме” ұғымына сүйеніш; б) туризмнің ғаламдық мақсатына (адам өмірінің ұзақтығын ұзарту және сапасын жақсарту) қол жеткізу үшін туризмнің екі негізгі әлеуметтік функцияларын: сауықтандырушылық және танымдық функцияларын философиялық және технологиялық негіздеу қажеттілігін жатқызу керектігін анықтады.

Екінші зерттеушілік міндеттің шешімі қазақстандық мектеп оқушыларының көпшілігінің денсаулықтарына елеулі ауытқулардың бар екенін және еңбекке қабілеттілігінің төменгі деңгейін анықтап берді. Бірақ олар және ересектер бос уақыттың денсаулыққа пайдалы және қызықты әдістері туралы, соның ішінде туризмнің белсенді түрлерімен айналысу арқылы өткізуге болатыны туралы көбінесе біле бермейді. Мектеп оқушылары мен ересектерге туристік білім беру мынадай принциптерге негізделуге тиіс: а) туризм халықтың ауру-сырқаулығын төмендету бойынша барлық басқа сауықтандырушылық және медициналық құралдарға қарағанда тиімдірек; б) барлық спорттық сауықтандыру бағдарламаларының ішінен тек туризм ғана салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін барлық қажетті құрамдық бөліктерге иелік етеді. Табысты туристік білім беру үшін арнаулы телевизиялық арна ғана емес, сондай-ақ баспалық туристік басылымдардың сапалық мазмұнын да жақсарту қажет.

Үшінші зерттеушілік міндеттің шешімі визалық тіркеу рәсімдерін оңтайландыру, туристерді визасыз тіркеуді кеңейту, сөйтіп келуші туризмді ынталандыру; бәсекеге қабілеттілікті ұдайы жоғарылатуды қамтамасыз ету, маркетингті, туризмнің барлық түрлерін алға бастыру және насихаттау жөніндегі шараларды іске асыруды күшейту, сондай-ақ туризмде көмекші шотты одан әрі жетілдіру қажеттіліктерін көрсетіп берді. Төртінші зерттеушілік міндеттің шешімі туристік өнімдер туралы ақпаратқа он-лайн режимінде тікелей қол жеткізуді кеңейтетін сандық телевизияны ендірудің, тұтынушылар туристік өнімдерге бағаларды өздері белгілей алатын аукциондық сайттарды қалыптастырудың; мемлекеттік тілдегі ұлттық домендік аймақты пайдалануды қамтамасыз етудің қажеттіліктерін анықтады.

Бесінші зерттеушілік міндеттінің шешімі туризмде ЮНВТО жүйесі бойынша көмекші шотты одан әрі ендірудің; ЮНВТО “Ұлы Жібек жолы” жобасы бойынша ҰЖЖ қазақстандық учаскесінің негізгі ТРР туралы бірыңғай деректер банкін жасаудың; «UNWTO-Ted Qual» туристік білім берудің сапа стандарттарын ендіруді жалғастырудың қажеттілігін айқындап берді. Алтыншы зерттеушілік міндеттінің шешімі туризм саласындағы еңбек нарығын перманенттік зерттеулердің және туризм мамандарын жұмыс берушілердің талаптарына және туристік қызметтің даму статистикасының көрсеткіштеріне сәйкес әзірлеу кезінде ГОСО жүйелік жетілдіру қажеттілігін анықтады.

Ендіру дәрежесі. Зерттеу нәтижелерін беру туралы актілерін ҚР Парламенті Сенатының, ҚР Парламенті Мәжілісінің, ҚР Премьер-министрі кеңсесінің, Қазақтың спорт және туризм академиясының ректоратының жауапты қызметкерлері берген.

Ендіру жөніндегі ұсыныстар. ҚР Экономика министрлігіне: туризм саласының табыстарының 20% мөлшерінде туристік саланы дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету. ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігіне: авиапаркті жаңарту, туристік авиатасымалдардың географиясын кеңейту, туристік ағынды ұлғайту мақсатында авиабилеттерге оңтайлы баға саясатын белгілеу. ҚР Білім және ғылым министрлігіне: “Қазақстан Республикасында туристік кадрларды даярлаудың 2030 жылға дейінгі негізгі стратегияларының” жобасын қарастыру және қабылдау; туризм мен сервис саласындағы мамандарды дайындайтын жоғары оқу орындарының санын 20-ға дейін қысқарту, ал арнаулы мамандандырылған оқу орындарының санын 40-қа дейін ұлғайту. Қазақстанға туристік ағынды қалыптастыратын елдердің талаптарына сай келетін ел танушылықтың және тілдік дайындаудың қажетті көлемімен қамтамасыз ету.

Résumé


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: