Жалпы ережелер

1. Бұл Ереже Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының Президентiнiң "Халық денсаулығы" мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000-2002 жылдардағы iс-қимылдары бағдарламасына сәйкес құрастырылған, Қазақстан Республикасының территориясында мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде жергiлiктi денсаулық сақтау органдарымен келiсiм шарт жасаған емдеу-профилактикалық ұйымдар мен Қазақстан Республикасының жеке медициналық тәжiрибемен айналысатын азаматтары (бұдан әрi - ЖАБДЫҚТАУШЫ) көрсететiн медициналық көмектiң сапасын талдау және баға беру бәрiне ортақ ұйымдастырушылық және тәсiлдiк принциптерiн қалыптастырады.

2. Тегiн медициналық көмектiң сапасын талдау және баға беру жүйесi азаматтардың тегiн медициналық көмектiң кепiлдендiрiлген көлемiн алу құқығын қорғау мақсатымен Қазақстан Республикасының қызметтегi заңдылықтарына сәйкес құрылады.

3. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдендiрiлген көлемiнiң сапасын талдау және баға беру ЖАБДЫҚТАУШЫ-ның ресурстық, кадрлық мүмкiндiктерiн, қолданылатын профилактикалық, диагностикалық және емдеу технологияларын, сонымен қатар ЖАБДЫҚТАУШЫ-ның сапалық көрсеткiштерiн зерттеу арқылы жүргiзiледi.

4. Талдау және баға берудiң объектiсi болып, мемлекеттiк тапсырыс шеңберiндегi және жергiлiктi денсаулық сақтау органдарымен келiсiм негiзiндегi белгiленген технология бойынша, нақты нәтижеге жету мақсатымен жүргiзiлетiн профилактикалық, емдеу-диагностикалық және реабилитациялық шаралар ретiнде қабылданатын ЖАБДЫҚТАУШЫ көрсететiн тегiн медициналық көмектiң көлемi болып табылады.

2. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдендiрiлген көлемiнiң
сапасын талдау және баға берудiң мақсаттары

5. Медициналық көмектiң сапасын талдау және баға берудiң негiзгi мақсаты азаматтардың дұрыс деңгейдегi тегiн медициналық көмектiң кепiлдендiрiлген көлемiн алудағы құқығын қамтамасыз ету мақсатында, өкiлеттiлiк шеңберiнде медициналық сараптау жүргiзу болып табылады.

6. Осы мақсатты жүзеге асыру үшiн:
1) мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде медициналық көмек көрсету жүйесiн талдау және баға беру;
2) медициналық көмек сапасын талдау және баға беру үшiн денсаулық сақтау саласындағы статистикалық мәлiметтер жинау;
3) медициналық көмектiң сапасына баға берудiң нормативтiк-тәсiлдiк құжаттарын жасау;
4) медициналық көмектiң сапасын талдау және баға беру жөнiндегi мамандарды дайындау;
5) азаматтардың денсаулығын сақтау саласына басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкiлеттi орталық атқарушы органы бекiткен қызметтегi нормативтiк актiлер және медициналық стандарттармен көрсетiлетiн медициналық көмектiң сапасын сәйкестендiру;
6) медициналық қызметтердiң сапасын сақтап, жоғарылатқаны үшiн жеңiлдiктер беру жүйесiн дамыту;
7) медициналық көмектiң сапасын жақсарту жөнiндегi қызметтегi заңдылықтарға қарсы келмейтiн басқа да шаралар.

3. Тегiн медициналық көмектiң кепілдендiрiлген көлемiнiң
сапасын талдау және баға берудiң негiзгi бағыттары

7. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдендiрiлген көлемiнiң сапасын талдау және баға берудiң негiзгi бағыттары болып:
1) көрсетiлген медициналық көмектiң медициналық стандарттарға сәйкестiгiн анықтау;
2) медициналық көмектiң сапасын, лицензияда белгiленген медициналық көмек түрлерi бойынша, ЖАБДЫҚТАУШЫ-ның өкiлiнiң қатысуымен жүргiзу;
3) азаматтардың сапалы медициналық көмек алу құқықтарын орындалуын қамтамасыз ету;
4) аурулардың медициналық көмек пен қызмет деңгейiне қанағаттанғандығын зерттеу;
5) көрсетiлген медициналық көмектiң нәтижелерiн компьютерлiк-ақпараттық технологиялар негiзiнде талдау және баға беру;
6) медициналық көмектiң сапасына байланысты проблемаларды анықтап, ұйымдастыруды жетiлдiру және медициналық көмектiң сапасын арттыру жөнiндегi басқарушылық шешiмдер қабылдау үшiн, жергiлiктi медициналық ұйымдарға ұсыныстар беру.

4. Тегiн медициналық көмектiң кепілдендiрiлген көлемiн
талдау мен баға беру талаптары

8. Медициналық көмектiң сапасын талдау және бағалау белгiлi талаптарға сәйкес болып:
1) мамандандырылған, яғни бiр мамандықтағы маман сол мамандықтағы маманды сараптауы қажет;
2) бағыттандырылған, яғни сарапшы-дәрiгерлер медициналық көмектiң сапасын талдау және бағалауды нақты бағытта жүргiзедi;
3) жүйеленген, яғни ЖАБДЫҚТАУШЫ-ның қызметiн талдау мен баға беру статистикалық нұсқаларын, кадрлық қуатын, материалды-техникалық базасын және медициналық қондырғылар мен техникалармен жабдықталғанын талдау негiзiнде өткiзiледi.
Медициналық көмектi талдау мен баға беру ортақ тәсiлдiк принциптерi бойынша қорытынды шығарумен жүргiзiледi.

5. Сарапшы-дәрiгерлердiң құзыры

9. Дәрiгер-сарапшылардың құзырына кiредi:
1) Жабдықтаушы көрсететiн кепiлдендiрiлген тегiн медициналық көмек жүйесiне сәйкес, медициналық көмектiң сапасын сараптау, бағалау және талдау жұмысын жүргiзу мен ұйымдастыру;
2) алынып тасталды;
3) жергiлiктi денсаулық сақтау органдары мен лицензиялық комиссияларына ЖАБДЫҚТАУШЫ-ның қызметiн сараптау барысында белгiлi болған кемшiлiктердi хабарлау;
4) медициналық қызметкерлерге квалификация категория беру аттестациясына қатысу;
5) лицензиялық комиссияға әдеттегi тәртiпке сәйкес лицензияның күшiн жою, немесе тоқтату мәселесiмен ұсыныс беру;
6) жергiлiктi денсаулық сақтау органдарына әдеттегi тәртiпке сәйкес ЖАБДЫҚТАУШЫ-дан медициналық көмек көрсету барысында бiрнеше рет және қатаң табылған кемшiлiктердi атап көрсетiп, келiсiм шартты тоқтатуына ұсыныс беру.
Ескерту: 9-тармақ өзгертілді - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2003 жылғы 12 мамырдағы N 367 бұйрығымен.

6. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдендiрiлген
көлемiн талдау мен баға берудi ұйымдастыру

10. Медициналық көмектiң сапасын талдау мен бағалау тұрғындардың денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкiлеттi орталық атқарушы органы бекiткен нормативтi-құқықтық актiлер мен осы Тұжырымдамаға сәйкес ұйымдастырылады және жүргiзiледi.

11. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдендiрiлген көлемiнiң сапасын сарапшы-дәрiгерлермен талдау мен бағалау әдеттегi тәртiпке сай бiрыңғай технологиялық және методологиялық принциптерге сай жүргiзiледi.

12. Медициналық көмектiң сапасын талдау және бағалау жоспарланған және жоспардан тыс тәртiп бойынша, белгiленген мақсаттарда, комплекстi баға беру және тәуелсiз сараптау түрiнде жүргiзiледi.

13. Медициналық көмек сапасының жоспарлы түрде талдау мен бағалау тегiн медициналық көмектiң кепiлдендiрiлген көлемiн ұсынған тапсырыс шеңберiнде жүргiзiлiп, жылына бiр реттен кем болмай өткiзiледi. Оның негiзi ЖАБДЫҚТАУШЫ-ның мемлекеттiк тапсырыс шеңберiндегi қызметiнiң сапалық көрсеткiштерi болып табылады, себебi олар аумақтық денсаулық сақтау органы мен ЖАБДЫҚТАУШЫ-ның арасындағы келiсiмнiң ажырамайтын бөлiгi. Жоспарлы талдау мен баға беру ЖАБДЫҚТАУШЫ-ға хабарланған, РМҚК жасап және аумақтық денсаулық сақтау органдары бекiткен есеп кестелерiне сәйкес өткiзiледi.

14. Медициналық көмектiң сапасын белгiленген мақсат түрiнде сараптау, тек белгiлi мақсаттарда квартал сайын, не жарты жыл сайын және т.б. өткiзiледi. РМҚК-ның облыстық филиалдары бекiткен жоспар-есеп кестесi бойынша ДДҰ мен ЮНИСЕФ бағдарламаларының, тұрғындардың денсаулығын сақтау саласында басшылықты асыратын Қазақстан Республикасының уәкiлеттi орталық атқарушы органының бұйрықтарының, жеке (операциядан кейiнгi асқыну, ОДА-да жедел медициналық көмектi ұйымдастыру мен көрсету, емдеу және тексерiлу стандарттарының орындалуы) проблемаларының және ЖАБДЫҚТАУШЫ-ның қызметiнiң қорытындысы бойынша қызметiнiң орындалуын анықтау үшiн жүргiзiледi.
ЖАБДЫҚТАУШЫ-ның қызметi тұрғындардың денсаулығын сақтау саласына басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкiлеттi орталық атқарушы органы бекiткен тегiн медициналық көмектiң кепiлдендiрiлген көлемiнiң сапасын талдау және баға беру Ережесiнiң медициналық көмектiң сапасы, емделу мен бақылау сапасының деңгейi Параметрлерiнiң 1,2,3,4,5 қосымшаларына сәйкес бағаланады.

15. Жоспардан тыс тәртiп түрiмен талдау мен баға беру медициналық көмектi көрсетудегi кемшiлiктерге байланысты пайда болған аурулардың сәтсiз аяқталулары, науқастардың шағымы мен хабарлаулары және жедел жоспардан тыс тексерудi талап еткен басқа жағдайлар (аурухананың iшiнен шыққан инфекция, көп адамдардың сапасыз тағамдармен және басқа нәрселермен улануы, ерекше қауіпті аурулардың пайда болуы) бойынша ұйымдастырылып өткiзiледi.

16. Комплекстi талдау мен баға беру ЖАБДЫҚТАУШЫ қызметiнде медициналық көмектiң сапасы жөнiнен кемшiлiктердi тауып, жергiлiктi денсаулық сақтау органдарына медициналық көмектiң сапасын жоғарылату мен ұйымдастыруды жақсарту жөнiнен басқару шешiмдерiн қабылдау үшiн материалдар дайындау және ұсыныс беру мақсатында сарапшы-дәрiгерлер жылына бiр рет жүргiзiледi.

17. РМҚК-ның филиалдарының бекiтiлген план-графигiмен жеке оқиғаларды сараптауды сарапшы-дәрiгерлер үздiксiз жыл бойы жүргiзедi. Оның мақсаты болып, нақтылы науқасқа (жеке оқиға) көрсетiлген медициналық көмектiң, бiр жасқа толмаған балалардың бақылау, жүктi әйелдердi бақылау сапасын, өлген науқасқа немесе науқастарға сапасыз медициналық көмек көрсетiлгенiне түскен арыздарды бағалау болып табылады.
Медициналық көмектiң сапасын сараптау кезiнде, медициналық тиiмдiлiк, таңдап алған медициналық технология зерттенудiң барысына және оның ауырлығына сәйкестiгi бағаланады.
Медициналық тиiмдiлiк дегенiмiз - қойылған мақсаттың ақырына дейiн жету дәрежесi - яғни медициналық көмек сапасының жақсаруы болып табылады.

18. Тәуелсiз сараптау екi жақтың (ЖАБДЫҚТАУШЫ, науқас, жоғарғы органдар және тағы басқалар) сараптау қорытындысымен келiспеген жағдайларда, тұрғындардың денсаулығын сақтау саласына басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкiлеттi орталық атқарушы органы бекiткен тәуелсiз медициналық сараптау Ережесiне сәйкес жүргiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi
Агенттiгiнің 2000 жылғы 14 шілде
N 439 бұйрығымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасында кепiлдендiрiлген тегiн
медициналық көмек көлемiнiң сапасын талдау мен баға беру
тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ

1. Медициналық көмектiң сапасын талдау және бағалау "Денсаулық" Республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының (РМҚК) сарапшы-дәрiгерлерiмен Қазақстан Республикасында кепiлдендiрiлген тегiн медициналық көмек көлемiнiң сапасын талдау мен баға беру тәртiбi туралы Ережесiне сәйкес жүргiзiледi.

2. Медициналық көмектiң сапасын талдау және бағалауды жүргiзу барысында зерттелiп отырған проблема жөнiндегi алғашқы медициналық құжаттар, тексерiлiп отырған кезеңдегi статистикалық мәлiметтер (ай, тоқсан, жарты жылдық, жыл) қолданылады. Тексерiлiп отырған көрсеткiштердi орындау осы емдеу-профилактикалық ұйымының өткен жылғы осындай кезеңдегi көрсеткiштерiмен, сонымен қатар орташа республикалық және орташа облыстық көрсеткiштермен салыстыру арқылы жүргiзiледi.

3. Нақтылы ауруға көрсетiлетiн медициналық көмектiң сапасын талдау және баға беру оның тұрғындардың денсаулығын сақтау саласына басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкiлеттi орталық атқарушы органы бекiткен, ықшамдалған профилактикалық, диагностикалық және емдiк шаралар, сонымен қатар аурулардың нақтылы нозологиялық формалары кезiндегi емдеу нәтижесi мен мерзiм талаптары құрамына енгiзiлген медициналық стандарттарға сәйкестендiрудi көздейдi.

4. Медициналық көмектiң сапасын талдау және бағалауды мамандықтарына сәйкес РМҚК сарапшы-дәрiгерлерiмен жүргiзiледi.

5. Мемлекеттiк тапсырыс шеңберiндегi кепiлдендiрiлген тегiн медициналық көмек көрсетуге жергiлiктi денсаулық сақтау органдарымен келiсiм-шарттағы емдеу-профилактикалық ұйымдар мен Қазақстан Республикасының жеке медициналық тәжiрибемен айналысатын азаматтары (ЖАБДЫҚТАУШЫ) РМҚК-ның сарапшы-дәрiгерлерiне сараптау өткiзуiне қажеттi медициналық құжаттарды тапсыруға мiндеттi.

6. ЖАБДЫҚТАУШЫ-ның келесi көрсеткiштерi толық көлемде, яғни 100 пайыздық түрде ай сайын сараптауға жатады:
1) ана өлiмi;
2) нәресте өлiмi;
3) операциядан кейiнгi өлiм;
4) балалардың, жасөспiрiмдердiң және жұмысқа қабiлеттi жастағы тұлғалардың қатты асқынған формадағы туберкулезы;
5) балалардың, жасөспiрiмдердiң және жұмысқа қабiлеттi жастағы тұлғалардың қатты асқынған формадағы онкоаурулары;
6) жұмысқа қабiлеттi жастағы тұлғалардың алғашқы мүгедектiкке шығуы;
7) балалардың, жасөспiрiмдердiң және жұмысқа қабiлеттi жастағы тұлғалардың жүрек-тамыр аурулардан қайтыс болуы;
8) қантты диабеттен қайтыс болу;
9) аурухана iшiндегi инфекция;
10) аурулардың сапасыз медициналық көмекке, медициналық этика мен деонтологияны сақтамағандыққа жазған шағымы.

7. ЖАБДЫҚТАУШЫ-лардың медициналық көмегiнiң сапасын сараптау қорытындысын жазумен және сараптау профилi бойынша медициналық көмектiң сапасының деңгейiн анықтаумен (бұдан әрi МКСД - 6 қосымша) аяқталады. Ол үшiн емдеу сапасының деңгейi (бұдан әрi ЕСД - 3 қосымша), 1 жасқа дейiнгi балаларды қараудың сапасының деңгейi (бұдан әрi БҚСД - 4 қосымша), жүктi әйелдердi қарау сапасының деңгейi (бұдан әрi ЖҚСД- 5 қосымша) және 1, 2 қосымшаларға сәйкес медициналық көмектiң сапасын талдау мен бағалаудың Параметрлерi бойынша жетiспеушiлiктердiң сараптау пайызы анықталады.
МКСД 30-дан кем емес науқас тарихы немесе амбулаториялық карталарды сараптаумен және таңдау арқылы 1, 2 қосымшаларға сәйкес медициналық көмектiң сапасын талдау мен бағалаудың Параметрлерi бойынша анықталады.

8. Тексерiлiп отырған ұйымның шұғыл (ургенттi) жағдайлардағы жедел медициналық көмек көрсетудiң сапасы мен дер кезiлiгiне баға беру үшiн 30-дан кем емес науқас тарихы сарапталуы қажет.

9. ЖАБДЫҚТАУШЫ-лардың қызметiне сараптаушылық бағасын беру кезiнде жұмыстың түрлi бағыттарындағы проблемаларды анықтау және жергiлiктi денсаулық сақтау органдарына ұйымдастыруды жетiлдiру және медициналық көмектiң сапасын арттыру үшiн, 50-ден кем емес амбулаториялық карталар мен науқас тарихтары сарапталуы қажет.

10. Аурулардың медициналық көмектiң сапасына қанағаттылығы 7, 8 қосымшаларға сәйкес анкеталар беру жолымен тексерiледi. Аурулардың медициналық көмектiң сапасына қанағаттылығын анықтау барысында сарапшы-дәрiгерде тексерiлiп отырған ұйым жөнiндегi бiр кезеңдiк сараптау бойынша толтырылған 20-дан кем емес анкета болуы тиiс.

11. Алғашқы медициналық-санитарлы көмек (АМСК) деңгейiнде салауатты өмiрдi қалыптастыру жөнiндегi жұмыстың сапасын талдау мен баға беру тұрғындардың инфекциялық аурулардың, зиянды әдеттердiң (шылым шегу, маскүнемдiк, есiрткелiк және т.б.) алдын алу, дене шынықтыру, ықшамды тамақтану және т.б. жөнiндегi бiлiмiн анкета арқылы анықтау жолымен жүргiзiледi.

12. Әр сарапшы-дәрiгердiң әр сараптауының мақсатын РМК облыстық, қалалық филиалының медициналық көмектiң сапасын талдау және баға беру бөлiмнiң басшысы план-графикке сәйкес белгiлейдi (бұдан әрi басшы).

13. Медициналық көмектiң сапасын талдап және баға беретiн әрбiр сарапшы-дәрiгерге күнделiктi жұмыс мөлшерiн науқас тарихын сарапталуда мына көлемнен кем емес етiп анықталсын:
- ауруханада емделген науқастардың 7 науқас тарихы;
- немесе өлген науқастардың 4 науқас тарихы;
- немесе емханада емделген науқастардың 25 емханалық картасы.

14. Есеп беру кезеңi бiтiсiмен (ай, тоқсан және т.б.) белгiленген мерзiмде әр сарапшы-дәрiгер атқарылған жұмысының жиналған мәлiметтерiн басшыға тапсыруы тиiс.

15. Басшылар, бекiтiлген жиналған мәлiметтердiң формасы бойынша (11 қосымша) ай сайын облыс бойынша (қала) РМҚК және жергiлiктi денсаулық сақтау органдарына тапсырады. Оларға жазылған талдау қағазы әр тоқсан сайын жасалады. Сонымен қатар, тоқсан сайын барлық мәлiметтер жинағы бар таблицалар мен сараптау профилдерi бойынша (терапиялық, педиатрлық) медициналық көмектiң сапасының талдау қағаздарымен бiрге тапсырылады.

16. Бағытталған жұмыс және қажеттi ақпараттарды РМҚК-ға және жергiлiктi денсаулық сақтау органдарына ұсыну үшiн басшыларға ай сайын әр маманның iстелген сараптамасы (терапевт, педиатр, хирург және т.б.) еркiн және ыңғайлы формада тексерiлген ЖАБДЫҚТАУШЫ жайында келесi мәлiметтер қосылған: тексерiлген күнi, МКСД, ЕСД, ББСД, және ЖҚСД, кесте жасауы (карта, анықтама және б.) қажет.

17. РМҚК-ның медициналық көмектiң сапасын талдау және баға беру басқармасы жалпы есеп және оған қосымша республика бойынша талдау қағаздарын тоқсан сайын жасайды және денсаулық сақтау саласына басқару жүргiзетiн Қазақстан Республикасының уәкiлеттi орталық атқарушы органына тапсырады.

18. Әр тексерiлген жайтқа 2 данада медициналық көмектiң сапасының сараптау актiсi толтырылады (9 қосымша), онда сарапшы-дәрiгердiң, емдеушi дәрiгердiң, ЖАБДЫҚТАУШЫ-ның емдеу-диагностикалық процессiн ұйымдастыруға жауапты басшысының қолы қойылады. Актiнiң бiр данасы ЖАБДЫҚТАУШЫ-да қалады.

19. Сараптау аяқталысымен, сарапшы-дәрiгер медициналық көмектiң сапасын талдау мен баға беру Параметрлерiнiң барлық кодтары бойынша табылған жетiспеушiлiктердiң терең талдауы көрсетiлген ақырғы құжат-медициналық көмектiң сапасының деңгейiн (10 қосымша) толтырады. Актiнi толтыру сарапшы-дәрiгердiң 6 қосымшаға сәйкес МКСД көрсетумен (жоғары деңгей, жеткiлiктi жоғары, орташа, орташадан төмен және төмен деңгей) жасаған қорытындысымен аяқталуы тиiс. Қорытындыда табылған жетiспеушiлiктер мен қателiктердi жоюдың нақты жолдары ұсынылады. Актiге РМҚК филиалының директоры, сарапшы-дәрiгер және ЖАБДЫҚТАУШЫ-ның басшысы қол қояды. Акт 2 данада жазылып, бiреуi ЖАБДЫҚТАУШЫ-да қалады. Актiлер, есептегi жылдан кейiнгi 3 жыл бойы сақталады. ЖАБДЫҚТАУШЫ-ның келiспеушiлiгi қол қоюдан бас тартудың себебi бола алмайды, бұндай жағдайда "Жоқ" деген сөздiң асты сызылады.

20. Медициналық көмектiң сапасын талдау мен баға беру барысында күрделi жетiспеушiлiктер мен қателiктер табылмаған жағдайда ЖАБДЫҚТАУШЫ-ға РМҚК жағынан келiсiм шарттың мезгiлi бiткенше сараптаудан босату түрiндегi жеңiлдiк болу мүмкiндiгi берiледi. Сонымен қатар, осы ЖАБДЫҚТАУШЫ-ға моральдық марапаттама (құрмет қағазы, бұқаралық ақпарат жүйелерiнде және тағы басқа) беру туралы жергiлiктi денсаулық сақтау ұйымдарына ұсыныс беру мүмкiндiгi болады. Аурулардан негiзi бар шағым түскен жағдайда ол ЖАБДЫҚТАУШЫ-ға сараптау жүргiзу қайта басталады.

21. Сараптау қорытындысы туралы келiспеушiлiк туған жағдайда, екi жақ (ЖАБДЫҚТАУШЫ, науқас, денсаулық сақтау саласының басқару органдары және тағы басқалар) он күн iшiнде тәуелсiз медициналық сараптау (облыстық, республикалық) жүргiзу комиссиясына арыздануға мүмкiндiктерi бар. Бұл жағдайда РМҚК-ның құқысын қорғау РМҚК филиалының директорына жүктеледi.

22. Тәуелсiз сараптау комиссиясының жұмыс тәртiбi денсаулығын сақтау саласына басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкiлеттi орталық атқарушы органы бекiткен "Тәуелсiз медициналық сараптау туралы Ережесiмен" қалыптастырылады.

23. Екi жақтың белгiленген тәртiп бойынша, сотқа беру құқығы бар.

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау ісі жөніндегі
Агенттігінің 2000 жылғы 14 шілдедегі
N 439 бұйрығымен бекітілген

Сарапшы-дәрігердің жұмысын ұйымдастыру
туралы Ереже


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: