DNS-сервер

Domain Name System (DNS)- «домендік жүйе аты» болып аударылады. DNS-домендік жүйе аты қолданушыларға интернетте жұмыс істеуді оңайлатады, оған хостың цифрлық адресін сақтайды. Компьютерге цифрлар жиынымен жұмыс істеу оңай, алыстатып машинаның IP-адресінің домендік атын енгізу арқылы жұмыс істейді. DNS стандартында жазылған әлемдік желі ресурстарының адрестері бір-бірінен нүкте арқылы ажыратылған бірнеше құраушылардан тұрады. Бұл элементтер «домендік» деп аталады. Домен интернеттің логикалық деңгейі, яғни өз аты бар желі станцияларымен басқарылатын желі ресурстарының тобы. DNS құраушы адрестері – «бірінші деңгейлі домен» жеке мемлекет территориясының ауқымды географиялық зонасы. Мысалы АҚШ «US», Қазақстан «kz», Ресей «ru» т.с.с..

Екінші деңгейлі доменге (банк, университет, қалалық муниципалды қызмет желілері) еркін ат береді. Үшінші деңгейлі домен екінші деңгейлі доменнің құраушыларының бөлігі, олар кез келген атты қолданады. Хостың IP-адресінен басқа домендік аты болады. Домен аттары нүктемен бөлінген символдық өрістен тұрады. Оң жағынан соңғы өрісі екінші деңгейлі доменді көрсетеді, соңғы сол жақтағы өрісі хостың аты. Мысалы crypt. iae. nsk. Su.

Crypt-хост, iae-домен, nsk ішкі доменде, ол Su доменінде.

DNS қызметі әрбір сервер бөлігі зонаға жауап беретін серверлердің иеархиялық құрылымын құрайды, яғни домендік атау бұтағы өз бөлігіне сәйкес мәліметтер қорымен сұрауларына жауап береді. Бұл кезде жоғары бұтақ серверлері төменгі бұтақ серверлерімен байланысты қамтамасыз етеді. Домен мен зона айырмасын түсіну маңызды болып саналады. Домен домендік атау бұтағының ішкі бұтағы. Зона – DNS-сервер жауап беретін бұтақ бөлігі. Мысалы, vvsv.ru доменінде келесі ішкі домендер бар: cts, admin, labs. DNS сервер әкімшісі vvsu.ru және admin. vvsu.ru,vvsu.ru үш зонаға бөлінеді.

Прокси-сервер клиент-компьютерлер мен серверлер арасында дәнекер болып қызмет атқаратын сервер. Пайдаланушыға ақпараттарды беруден бұрын оның бұл ақпаратқа рұқсаты бар немесе жоқ екенін тексереді.

1.5 WEB-технологиялардың негізі

OSI моделінің қолданбалы деңгейінің хаттамалары

Мәліметтерді тасымалдау ісін стандарттау жұмысы Халықаралық стандарттар институтының (ISO - International Standards Organization) техникалық ұсыныстарына байланысты жүргізіліп, желі параметрлерін сәйкестендіру ісі OSI (ашық жүйелердің әрекеттесу моделі – Model of Open System Interconnections) деп аталған модель негізінде жасалып шықты. Осы ISO/OSI моделіне сәйкес мәлімет алмасу схемасы 7 деңгейге бөлініп қарастырылады:

1-физикалық, 2-каналдық, 3-желілік, 4-транспорттық, 5-сеанстық, 6-мәліметтерді ұсыну деңгейі, 7-қолданбалы деңгей. Бұл деңгейлердің жоғарғысы қолданбалы деңгей, ал ең төменгісі–физикалық деңгей болып саналады.

Қолданбалы – тұтынушының есептеу жүйесімен әрекеттесуін атқаратын ең жоғарғы деңгей. Физикалық – құрылғылар арасында сигналдар алмасуын қамтамасыз ететін ең төменгі деңгей.

ISO/OSI моделінде әр түрлі құрылықтардағы компьютерлер арасындағы байланыстың жеті деңгейі арқылы мәлімет тасымалданады (1.2-сурет).

1.2-сурет. OSIмоделі

1. Қолданбалы деңгейде тұтынушы өз компьютеріндегі программалар көмегімен жіберілетін құжатын дайындайды.

2. Ұсынылу деңгейінде тұтынушы компьютеріндегі операциялық жүйе мәліметтің қайда жазылып тұрғанын анықтап, оның келесі деңгеймен әрекеттесуін қадағалайды.

3. Сеанстық деңгейде тұтынушы компьютері жергілікті немесе ауқымды желімен байланысады.

4. Тасымалдау (транспорт) деңгейінде жөнелтілетін құжат қолданылатын желі хаттамалары талаптарына сәйкес тасымалдауға ыңғайлы форматқа (пакеттерге) түрлендіріледі.

5. Желілік деңгейде мәліметтің тасымалдану маршруты анықталып, пакеттер адреспен толықтырылады. Енді олар бір-бірінен тәуелсіз күйде жеке-жеке жеткізіле береді.

6. Байланысу деңгейінде желілік деңгейден алынған мәлімет модем көмегімен физикалық деңгейге қажет нақты сигналдарға түрлендіріліп, оны модульдеу ісі атқарылады.

7. Мәліметтерді нақты түрде тасымалдау соңғы физикалық деңгейде орындалады. Мұнда мәлімет тек биттер түрінде өрнектеліп тасымалданады. Мәліметті қабылдап алу тағы да екінші тұтынушы компьютерінде осы деңгейлердің кері бағытта жұмыс істеуі арқылы биттерді қайтадан нақты құжатқа түрлендіру жолымен атқарылады.

Әрбір деңгей жоғарғы деңгейдегі модель арқылы анықталған өз қызметтерін (функцияларын) атқарып, мәліметті келесі деңгейге беріп отырады. Осылай компьютерлер әрекеттесуінің әрбір деңгейінің өзіне ғана тән хаттамасы, яғни мәлімет алмасу ережесі болады.

Хаттама – бір деңгей аймағындағы жүйелер арасында мәлімет алмасу әрекеттерін анықтау ережелері.

Интерфейс – төменгі деңгейдің жоғарғы деңгейге бере алатын функциялар жиыны.

Хаттамалар стегі (тізімі) – бұл жүйелерді байланыстыруды ұйымдастыруға қажетті әр түрлі деңгейдегі хаттамалар жиыны.

Сонымен хаттама деп тасымалданатын мәліметтің форматтары мен олармен орындалатын іс-әрекеттерді анықтайтын ережелер жиынын айтады. Ол байланыстың атқарылу тәсілдерін және арналардағы кедергілерді азайту жолдарын анықтап, екі компьютердің арасында мәліметті мүлтіксіз тасымалдау ісін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Желідегі стандарт ұғымы да осы бекітілген хаттамадан немесе солардың жиынынан тұрады.

Қолданбалы деңгейде пайдаланушыларға өңделген ақпаратты беру қажет. Бұл жүйелік және пайдаланушының программалық қамтамасыз етуі арқылы жүзеге асырылады.

Қолданбалы деңгей қосымшалардың жүйеге қатынауына жауап береді. Бұл деңгейдің міндеттері – файлдардың орнын ауыстыру, пошталық хабарламалармен алмасу және желіні басқару.

Жоғарғы үш деңгейдің (қолданбалы, ұсынылу, сеанстық) кеңінен таралған хаттамалары:

· FTP (File Transfer Protocol) файлдарды беру хаттамасы;

· TFTP (Trivial File Transfer Protocol) файлдарды жіберудің қарапайым хаттамасы;

· Х.400 электрондық пошта;

· Telnet қашықтағы терминалмен жұмыс;

· SMTP (Simple Mail Transfer Protocol) пошталық алмасудың қарапайым хаттамасы;

· CMIP (Common Management Information Protocol) ақпаратты басқарудың жалпы хаттамасы;

· SLIP IP (Serial Line IP) тізбекті сызықтар үшін. Деректерді әрбір нысан бойынша жіберудің тізбекті хаттамасы;

· SNMP (Simple Network Management Protocol) желілік басқарудың қарапайым хаттамасы;

· FTAM (File Transfer, Access and Management) файлдарды жіберу, қатынау және басқарудың хаттамасы.

Гипермәтін және Web-парақтар

WWW (World Wide Web) – қызметі гипермәтіндік ақпараттар алмасуына арналған. Жоба 1989 жылы ұсынылған. 1993 жылы алғашқы браузер пайда болды. WWW «клиент-сервер» схемасы бойынша құралған.

Егер WWW-клиент-сервер орнатылмаған болса, онда алыстағы терминал режимінде жұмыс істеуге болады. WWW үшін ең тиімді программалық интерфейсі болып ms explorer, netscape және басқалары болып табылады.

HTML тілінде құжат дайындау үшін кез келген мәтіндік редактор жарайды (UNIX, ME, MS-DOS т.б.)

Гипермәтінді дайындағанда HTML тілін немесе көптеген программалық құралдарды қолдануға болады, ол сіздің құжатты қажетті форматқа түрлендірсе болғаны. Гипермәтіндегі құжаттар бір бірімен сөз жиындарымен байланысады. Қолданушыға ол құжаттың қайда тұрғанын білмесе де болады.

WWW серверіне сілтемелер http: сөзінен басталады. Гипермәтін алыстағы серверде сақталған статьяларға түсініктемелер беруді жүзеге асырады.

Гипермәтін мәтіндік қана емес, графиктік, дыбыстық болғандықтан гиперорта (hupermedia) термині қолданылады. WWW арнайы индекс құжаттарында кілттік сөз бойынша іздеуге болады. WWW әр түрлі форматты қолданады және ақпараттық кеңістікке қол жетімді.

Браузер (Inter Explorer, Opera...) мультихаттамалы клиент және HTML интерпретаторы. Типті интерпретатор секілді клиент (тәг) командаларға тәуілді әр түрлі функцияны орындайды. Бұл функциялар шеңберіне мәтінді экранға орналастыру, сервермен ақпарат алмасу, графиктік мәтін т.б. енеді. НТТР сервері файл алуда клиент сұрауларын өңдейді. Гитермәтін деген не?

Гипермәтін – ASCII символдарынан тұрады. Қашықтық пен қосылған сілтемелерді орындау үшін сөз-белгілер қолданылады. Гипермәтін негізі – НТМL элементтері. Мұндай элементке аты, атрибуты, мәтін және гипермәтін енеді.

НТТР – серверді басқа программалармен әсерлестіру мақсатында үшін құрылған. Гипермәтіндік ақпараттың жүйе идеясы мынадай: қолданушы құжаттарды өз қалауы бойынша көре алады, кітап оқыған сияқты тізбекті түрде емес. Сондықтан Т. Нельсон гипермәтінді сызықтық емес деп анықтады. Мұның бәрі арнайы байланыс механизмін гипермәтіндік сілтемелерге қолдану арқылы, мысалы жай мәтінде «келесі – алдыңғы» типі болса, гипермәтінде өте көп сілтеме жасауға болады. Гипермәтін бойынша мамандардың жақсы көретіні библия, «Help» жүйесі. Алғаш қарағанда қарапайым, бірақ іс жүзінде күрделі статикалық, динамикалық, контексті сілтемелер жасалынады.

HTML идеясы – гипермәтінді жүйені құру мәселелерін арнайы бейнемен басқару құралдарының жүйені құру мәселелерін арнайы бейнемен басқару құралдарының сәтті шешімі болып табылады.

Гипермәтіндік тілді өңдеуге екі фактор әсер етті: гипермәтіндік жүйені интерфейсі саласында зерттеу және үлестірілген желіде гипермәтіндік мәліметтер қорын қарапайым және жылдам әдіспен қамтамасыз ету.

Жай гипермәтіндік жүйелер арнайы программа құралдарымен гипермәтіндік байланыс тұрғызады. Гипермәтіндік сілтемелердің өзі арнайы форматта сақталып немесе арнайы файлдарды құрайды. Мұндай әдіс жергілікті жүйе үшін тиімді, тек үлестірілген түрлі компьютерлік платформа жиынына арналмаған. HTML-да гипермәтіндік сілтемелер құжат денесіне енгізіліп, оның бөлігі ретінде сақталады. WWW құжаттары – бұл қарапайым ASCII-файлдары, оны кез келген мәтіндік редакторда дайындауға болады.

HTTP (Hyper Text Transfer Protocol) хаттамасы гипермәтіндік құжаттарды алмастыруға арналған және оның спецификациясын есепке алады. Өзара әсер процесінде клиент желі қорының жаңа адресін қабылдайды, қосылған графикті сұрайды, параметрлерді қабылдайды және өткізеді. НТТР басқару ASCII командасы түрінде жүргізіледі. Гипермәтіндік мәліметтер қорын өңдеушілер хаттама элементтерімен сыртқы есептеу программаларын қолданғанда немесе сыртқы ақпараттық қорларға қол жетімді болғанда кездеседі.

HTTP сұрақ/жауапқа негізделген. Сұрайтын программалар (клиент) қызмет көрсетуші программалар (сервермен) байланыс орнатады және сұрауды серверге келесі формада жүргізіледі: сұраулар әдісі, URL, хаттама нұсқасы. MIME ұқсас хабарламалар клиент туралы сұрау ақпараттарын басқарады. Сервер статус жолындағы хабарламаларға жауап береді. Бұл программа бір мезгілде клиент те, сервер де бола алатындығын айта кетуге болады.

FTP қызметі

FTP (File Transfer Protocol – файлдарды тасымалдау хаттамасы. Қашықтағы компьютерден екілік және мәтіндік файлдарды алуға болады. Программалаушылардың бір-бірімен программа, сурет, мәтін (Word, Excel құжаттары, программа, т.с.с.) алмасуы үшін өте қажетті қызмет түрі. Бұл қызметті FTР-серверлер атқарады. Олар кез келген форматтағы файлдарды тасымалдай алады.

Интернет серверлерінде файлдар түрінде сақтаулы құжаттар көп. Оларды қабылдап, экранға шақыру үшін FTP қызмет хаттамасы пайдаланылады.

Файлдар барлық компьютер серверлерінде сақтала бермейді. Оларды сақтап, FTP арқылы қызмет көрсететін арнайы компьютерлер (файлдарды сақтау қоймалары) бар. Оларды FTP-серверлер деп атайды.

FTP хаттамасын іске қосу үшін Internet Exploler терезесінің Адрес өрісіне файл серверінің адресін, мысалы, ftp://ftp.relcom.ru/ сияқты адресті енгізу керек. Экранға кәдімгі компьютердегідей каталогтар мен файлдар көрінетін Сервер беті шығады. Каталогты шертіп, ішкі каталогқа өтуге, файлды шертіп, мазмұнын экранға шығаруға болады. Кейбір серверлерде файл архив түрінде көрінеді. Оны ашу үшін архивтеуші программаны пайдаланған дұрыс.

Электрондық пошта хаттамалары

SMTP (Simple Mail Transfer Protocol) – электрондық поштаның арнайы (E-mail) хаттамасы. Электрондық пошта SMTP, POP3 сияқты екі хаттама арқылы жұмыс атқарады. Алғашқысы мәлімет ішінде гиперсілтеме қолдануға мүмкіндік береді, хаттарды жақын жердегі серверге жөнелтеді, ал POP3 – алушы маңындағы серверге келіп түскен мәліметті керекті компьютерге жіберуді қамтамасыз етеді.

Telnet – компьютердің желідегі басқа компьютердің терминалы ретінде тіркелетін қызмет түрі болып табылады. Қашықтағы компьютерден программаларды іске қосып, оқу орындарының кітапхана түбіртегтерін көріп, олармен өз компьютеріміздегідей жұмыс істеуге мүмкіндік береді (өңдеу және түзету әрекеттерімен қоса).

Telnet – интернеттің ең ескі ақпараттық технологиясы. Ол бір жарым мың ресми желі материалдарының ішіндегі RFC (Request For Comments) деп аталатын, үш ондыққа енетін стандарттар санына енеді. Telnet көмегімен кез келген портқа жүгініп және қарауға болады, оның жауабын көруге болады.

Telnet келесі үштіктен тұрады:

1. қолданушының Telnet-интерфейсі;

  1. Telnet үрдісі;
  2. Telnet хаттамасы.

Бұл үштік алыстағы компьютер ресурстарына қол жеткізу үшін желілік терминалды жүргізеді және сипаттауды қамтамасыз етеді.

Telnet хаттамасы. Тelnet хаттама ретінде ТСР транспорт хаттамасының қосымшасы болады.

Telnet-тің негізінде үш іргелі идея жатыр:

1. NVT (Network Virtual Terminal - Желіге виртуалды терминал) концепциясы;

  1. Келісім-шарт опциясы (өзара әсер параметрлерін келістіру);
  2. «терминал -үрдіс» байланыс симметриясы.

Telnet байланыс программасын орнатқанда, ол нақты терминал құрылғыларымен жұмыс істейді және бұл программаға қызмет көрсеткенде спецификация ақпаратының алмасуы үшін терминал құрылғыларының жұмысының ережелері немесе Желілік виртуалды терминал (Network Virtual Terminal) қолданылады. Қысқарту мақсатында мұны NVT спецификациясы дейміз. NVT – бұл нақты физикалық терминал құрылғысының мүмкіндіктерін кеңінен қолданылатын стандартты сипаттау табылады.

USENET жаңалықтар тобы немесе телеконференциялар – кез келген тақырыпта мәлімет жинайтын пікір таластыру топтары болып саналады. Пікір таластар электрондық пошта арқылы жүргізіледі. Usenet – желі бойынша таралып орналасқан пікір таластыру клубы, телеконференциялар, жаңалықтар тобы (News). Бұл қызмет түрі NNTP (Net News Transfer Protocol) хаттамасы арқылы жүргізіледі. Электрондық поштадан айырмашылығы – Usenet клиенті өз мәліметтерін жеке адресатқа емес, өзі білмейтін ортадағы басқа топқа, яғни телеконференция абоненттеріне жібереді. Конференцияның барлық қатысушыларының құқықтары бірдей болып саналады, сондықтан әрқайсысы қойылған мәселе жайында өз пікірін ашық айта алады. Әрбір телеконференция бір тақырыпқа (ғылымға, өнерге, спортқа, демалысқа, т.с.с.) арналады.

IRC (Internet Relay Chat - Интернет арқылы тікелей хабарласу - чат)– мұнда мәлімет алмасу нақты уақытта тікелей жүргізіледі.

IRC қызметі нақты уақыт кезеңінде бірнеше кісінің тікелей хабарласуы үшін қажет. Кейде IRC қызметін чат-конференция немесе жай чат деп атайды. IRC жүйесіне қатынасып сөйлесу тек бір канал аралығында және оған бірнеше адам ғана қатынаса алады. Бір IRC серверіне қосылып бірден әңгіме жүргізуге болады. Әңгіме тікелей пернеден сөздерді теру арқылы жүргізіледі. Чаттын телеконференциядан айырмашылығы жауап бірден келеді.

IP-телефония – бұл Интернетті немесе кез келген IP-желісі арқылы телефонмен сөйлесу технологиясы.

Жұмыс режимі:

• телефон - телефон;

• компьютер - телефон.

IP-телефония ретінде қолданыла алатын көптеген алуан түрлі бағдарламалар бар. IP-телефония Internet арқылы дауысты жеткізуге мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда бұл программалар ішіндегі ең танымалы Skype (http://www.skype.com.) болып табылады. Skype программасын орнату компьютер жөнінде қандайда бір артық білімдерді талап етпейді.

Арнайы бейімдеуіштер көмегімен Skype терминалы ретінде кәдімгі қалалық телефонды пайдалануға немесе кіретін қоңырауларды ұялы телефонға қабылдап алуға болады. Skype программасымен сәйкестендірілетін DECT-телефон да пайда болды. Қарапайым да арзан шешім – неғұрлым ыңғайлырақ болуы үшін USB-портқа арнайы IP-телефонды қосуға болады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: