Енгізу жолы

<input type=... > тәгіндегі type атрибутының text және password мәндері енгізу жолын экранға шығарады:

text – қарапайым енгізу қатары; password – құпия сөз енгізу қатары.

Қосымша атрибуттар:

· value атрибуты үнсіз келісім бойынша орнатылған енгізу өрісін береді (осы мән reset батырмасын шерткенде орнатылады: <INPUT type=reset>);

· size атрибуты өріс енін символмен береді. Егер атрибут көрсетілмесе, ол оның (value) мәні ретінде берілген сөздің ұзындығымен анықталады;

· maxlength атрибуты осы өріске енгізілетін сөздің максималды енін символмен береді. Егер ол атрибут көрсетілмесе, ұзындығы шектелмейді;

· readonly атрибуты «тек оқылатын» сөз тіркесін анықтайды. Мұндай жол түзетілмейді.

<INPUT type=text value="Анар"

size=10 maxlength=30>

password - «құпия сөз» енгізу жолы. Ол енгізу кезінде көрінбей, жұлдызшалармен бейнеленеді. Құпия сөз буферге де көшірілмейді.

<INPUT type=password value="" size=10 maxlength=10>

Оны программалық басқару

Браузердегі <input type=text> (немесе <input type=password>) тәгі үшін тұрғызылған объектінің мынадай қасиеттері болады:

value – енгізу жолының ағымдағы мәні;

defaultValue – value атрибутының соған сәйкес <INPUT> тәгінде көрсетілген мәні.

Формалар (жалаушалар, батырмалар)

Енді интерактивті парақтарда жиі қолданылатын екі интерфейстік элементті қарастырайық, олар:

жалаушалар мен радиобатырмалар.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: