Глоссарий

Адаптация мінез-құлықтың жаңа стериотиптерін туындату жолымен жүзеге асатын этностың ландшафқа икемделуі.

Дала өркениеті – түркі тектес халықтардың, соның ішінде қазақтардың материалдык және рухани құндылықтарының даму сатысы; этномәдени жүйенің қалыптасуындағы табиғи-тарихи тұрпат.

Еуропоцентризм – мәдени аяда басқа халықтар мен өркениеттерден еуропалық халықтар мен батысеуропалық өркениеттің үстемдігін және еуропа халықтарының әлем тарихындағы рөлін жақтайтын ғылыми үдеріс немесе саяси идеология.

Еуропалық одақ (Еуроодақ, ЕО) Еуропаның Еуропалық Одақ туралы келiсiм шарты на қол қойған 27 мемлекетің экономикалық және саяси бірлестігі.

ЕО – халықаралық саяси және экономикалық бірлестік. Жалпы саны 373 млн адамнан асатын халқы бар Еуропа территориясында орналасқан Германия, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланд, Люксембург, Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия, Испания, Португалия, Австрия, Финляндия, Швеция сияқты елдердің (1993) қатысуымен құрылған. Кейіннен бұл Одаққа – Польша, Венгрия, Чехия, Словакия, Словения, Хорватия, Эстония, Латвия, Литва елдері мүше болды. Еуропалық одақ аясындағы интеграциялық ынтымақтастықтың басты мақсаттары Бірегей еуропалық актіде (1987), Маастрихт келісімшартында (1992) және Амстердам келісімінде (1997) көрсетіліп айқындалған.

Еуропалық одақтың жалпы органдары қатарына Еуропалық комиссия, Еуропалық парламент, Еуропалық Одақтың Кеңесі, Еуропалық сот, Аудиторлар палатасы, т.б. жатады.

Идеология ілім, қоғамдық сана (гр. Идса – ой, пікір, идея + логос – сөз). Идеолог – таптың немесе қоғамдық топтастықтың ойын білдіруші, идеялық мүддесін қорғаушы деген түсінік.

Алғаш еет «идеология» деген терминді француз философы және экономисі Де Гресси (1754-1836) қолданды. Ол «Идеологияның элементтері» деген төрт томдық еңбек жазған.

Комплиментарлық -«өзінікі» «өзгенікі» дегенді айқындаушы санадан тыс адамдар қауымдастығының өзара үйлесімі.

Ориенталистика - (лат. Orientalis – шығыстық)– Шығыс елдерінің тарихы, философиясы, өнері, әдебиеті, тілі мен экономикасын зерттеумен айналысатын ғылыми пәндер жиынтығы, шығыстану.

Орталық Азия -Кеңес Одағының ыдырауы нәтижесінде бұрынғы Орта

Азия республикалары мен Қазақстан аумағында пайда болған геосаяси кеңістік. Геоаймақ ресми түрде 1993 жылы 4 қаңтарда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан Республикалары президенттерінің Ташкент қаласында өткен саяси, экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері жөніндегі басқосуында бекітілді. Орталық Азия болып аталуы – жер аумағының Еуразия құрлығының ортасында орналасуына және бұл елдердің тарихы, діні мен тілі, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпы, мәдениеті мен шаруашылығындағы жақындықтар, ұқсастықтардың көп болуына байланысты.

Пассионарлық импульс тұлғалық және түрлі инстинктерге қарама-қарсы бағытталатын мінез-құлық импульсы.

Прототүріктер – түріктерге дейінгі тайпалар (үйсін, қаңлы, ғұн, сақ).

Тәжіктер - этникалық қалыптасу тарихында соғды және бактриялықтар ықпалы үлкен болған.

Тәжіктер таулы және жазықты жер тәжіктері болып бөлінеді. Бұл олардың тілдік және тұрмыстық ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан. Батыс Памир, Пяндждің жоғарғы жағынан Язгулем сағасына дейін памир тәжіктері мекен етеді. Бұлар: язгулем, бартангтар, рушандар, шугнандар, ишкашимдер, вахандар жатады, олар шығыс иран тілінде сөйлейді.

Тәңір (Тенгри) – ежелгі түркілер, оның ішінде қазақтардың табиғат құбылысын, әлем құрылысын мифологиялық сарында түсінуі. Жоғарыда бір ғана құдай – «Тәңір» (Тенгри – аспан) жоғарғы әлем саналды. Тәңір дүние мен адам тағдырын биледі. «Ұмай» – молшылық құдай-анасы болды. Тәңір мен Ұмай туралы аңызда олардың түркі қағанаты үшін табынар құдіреті боп танылғанын айтады. Орта дүние саналатын кездің бас құдайы – «ыдық Иер-су» (киелі жер-су). Төменгі дүние мифологиясы деңгейінде зиян келтіретін күш, сақтаушы кие «құт» (жан-дүниені таныту), мекендер мен кейбір жер – киелі деген ұғым кең тараған. Адам мен дүние арасында «қам» рухы жүрді. Исламдық «қам» сөзін қабылданған «бақсы» сөзі ығыстырды, «албасты» және «пері» рухының бейнесі санаға енді. Көшпелілер үнемі жол үстінде болатындықтан олардың ұғымында жол киесі бірнешеу. Мысалы, Тәңір шабармандары – «Шұбар атты жол ие» және «Қара атты жол ие» т.б.

Түркі тайпалары – Б.з.б. (3 — 1 ғ-ларда, б.з. басындағы 1 — 5 ғ-ларда, б.з. 5 ғ-на дейiн) қазiргi Қазақстан жерiнiң оңтүстігінде, Сырдария, Талас, Шу өзендерiнiң бойында, Жетiсуда, т.б. аумақтарда ежелгi сақ тайпаларының негiзiнде өркендеп, жаңадан бiрлескен тайпалар одағы пайда бола бастады. Олардың iшiнде қуатты мемлекетке айналып, тарихта, мәдениетте, өнерде белгiлi iз қалдырғандары — ғұндар, үйсiндер, қаңлылар, сарматтар. Бұл мемлекеттер, негiзiнен, көшпелi және жартылай көшпелi мал шаруашылығымен, кен қазумен шұғылданып, отырықшылық жағдайда суармалы егiншiлiкпен, балық аулау кәсiбiмен айналысты. Өркениеттi мемлекеттер олармен байланыс жасауға құштар болған. Қазақтардың шығу тегiне сақтардан кейiн ерекше негiз болған, әсiресе ғұндар, үйсiндер, қаңлылар.

Түркі тілдері – Шығыс Еуропадан, Сібір мен Батыс Қытайға дейінгі кең аумақта тұратын 180 млн. адамның ана тілі, 210 млн. адамның екінші тілі болып табылатын, көбі бір біріне өте жақын болған 40 тілден тұратын тілдер тобы. Түркі тілдер тобы Алтай тілдері әулетіне жатады. Қазақ тілі соның бірі боп табылады.

Славянофильдік - орыстың ерекше философиялық-идеологиялық ағымы болып табылады. Славянофильдер Ресейдің әлемдегі ерекше мессиандық (құтқарушылық) идеясын негіздеді. Славянофильдік өкілдері батысшылдарға да, революциялық демократтарға да қарсы шықты. Бұл бағыттан діни орыс философиясы өсіп шықты. Славянофильдіктің негізін қалаушылар А.С. Хомяков, И.В. Киреевский, К.С. Аксаков, Ю.Ф. Самариндер болды. Бұл идеялық позицияға В.И. Даль, А.Н. Островский, В.И. Тютчев сияқты ақын-жазушылар жақын болды. Бүл қоғам қайраткерлерінің шығармашылығы бойынша, философия – Ресей өркениетті елдермен бірқатар болу үшін Батыстан алынған үлгілердің бірі емес, ұлттық дамудың рухани жетістіктері шеңберіндегі қажетті элемент. Олардың жұмысында тарихтың өзінен туындайтын дербес сара жол мен ерекше міндеттерді шешу үшін орыс ойының қажеттілігі туралы ойы бекітіледі.

Этнос – (халық, тайпа, жұрт, ұлт) жалпыға ортақ, сыртқы кескін-кейпі ғана емес, едәуір тұрақтанған ерекше мәдениеті (тілін қоса) мінез-құлқы бар, сол сияқты өзінің бірыңғай екенін және басқа этникалық топтардан бөлектігін түсінетін сана-сезімі бар, оның бұл қасиеті өз атымен (этноним) бекітілген адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты бір тұтастығы. Сондай-ақ территориясы да бірыңғай болуы тиіс.

Этнос ұғымы – халықтың этникалық табиғаты туралы сөз болғанда қолда­ны­лады, мысалы, орыс этносы, қазақ эт­носы, неміс этносы, ұйғыр этносы, корей этносы, т.б. Халық пен этнос бір мәнде де айтылады, сонымен бірге контекстке бай­ланысты бірде халық, бірде этнос мә­нісінде қолданылады. Этнос – халықтың этникалық сипаттамасы. Халық – этностың субстанциясы. Халық ауқымды – ұғым. Халықтың этникалық сипа­т­та­масы болмауы өте сирек кездесетін жағ­дай, мысалы, бұл мәселені шартты түрде американ халқына қатысты айтуға болар. Елдің аталуында тұрғандай, Америка Құрама Штаттардан тұрады. Көптеген нәсіл, этностардан құрылған, этностық жағы біртекті емес. Кезіндегі кеңес халқы деген этностық тарихы жоқ, адамдардың мем­лекеттік-территориялық қауымдас­ты­ғы болатын. Мұндай жағдайда бірыңғай азаматтық басты қағидат болып, этностық іс­тер есепке алына бермейді. Ал Англия, Фра­нция, Германия, Жапония, Ресей т.б. сияқ­ты дәстүрлі елдерде азаматтықпен бірге этностық қасиеттер бірге анық­тал­мақ, себебі, бұл халықтардың ғасырларға ке­тетін этностық тарихы бар.

Этногенез – пайда болу, даму және нәсiлдердiң (этностардың) жоғалуының үрдісі.

Этникалық дәстүр – ортақ территорияны мекендейтін халықтардың дәстүрлер

кешені.

Этникалық жүйе – дүниетанымдары мен мінез-құлық стериотиптеріне қарай біріккен адамдар қауымдастығы.

Дәріс жүйесі. Дәрістің тезистері.

Дәріс 1.

Еуразияшылдық идеясының жағрапиялық және тарихи мәні

Мақсаты: Еуразияшылдық идеясын жағрапиялық және тарихи тұрғыдан айқындау.

1. Еуразия- жағрапиялық кеңістік.

2. Еуразияшылдық идеясы тарихи түсінік ретінде.

Негізгі түсініктер: Еуразия құрлығы, еуразияшылдық, батыстық, славяншылдық, еуропоцентризм.

1. Еуразия – Жер шарындағы халық ең көп тығыз қоныстанған құрлық (бүкіл халықтың ¾ -і). Әсіресе, Батыс Еуропа, Шығыс және Оңтүстік – Шығыс Азияда халық тығыз орналасқан. Муссондық Азияның кейбір аудандарында (Шығыс Бенгалияда және Ява аралында) 1 шақырым² жерге 1000-1500 адамнан келеді. Қиыр Солтүстік Азияда, тропиктік ормандар алып жатқан батпақты ойпаттарда, Орталық Азия және Батыс Азияның шөлді аудандарында, Орталық Азияның кей жерлерінде тұрақты халық жоқ.

Еуразия әлемдегі ежелгі мәдениет орталығы болып табылады. Атап айтқанда, Таяу Шығыстағы Қосөзен (Тигр, Ефрат), Жерорта теңізі жағалауы, сондай-ақ, Қытай мен Үндістан ежелгі мәдениеттері, грек-рим өркениеті т.б. Ұлы Қытай қорғанынан Орталық Еуропаға дейін созылып жатқан Ұлы Дала көшпенділер әлемі үстемдік құрып, Батыс пен Шығыс өркениеттерін өзара байланыстырып тұрды. Қазіргі кезде де Еуразия құрлығы суперконтинент болып есептеледі. Әлем халықтарының 4 млрд-тан астамы осында тұрады, әрі әлемдегі жетекші мемлекеттердің барлығы (АҚШ пен Канададан басқасы) осы құрылықта орналасқан.

2. Еуразиялық кеңістікте жатқан Қазақстан ежелгі уақыттан бері Шығыс пен Батыс, Еуропа мен Азия өркениеттерінің арасын байланыстырушы буын қызметін атқарды. Нәтижесінде тарихи-мәдени байланыстың қазығы болды. Далалық өркениеттің «ортадағы» сипатта болғандығы да шындық. Түрік әлемі қытай, иран, славян, еуропалық мәдениеттермен өзара ықпалдасты.

Еуразия бастамасы – бұл ауқымды аймақтық жоба болғандықтан оның алғышарттарына ХХ ғасырдағы Еуропа, Азия, Америкада әзірленген аймақтық ықпалдасу жобасы кіреді. Қазақстан Президенті: «Бүгінгі әлемде аймақтық одақтардың неше түрі бар, олар сонысымен де мықты болып отыр» деген-ді. Еуразиялық жобаның маңызды халықаралық алғышарты Еуропалық Одақты қалыптастыру үдерісі екендігі де мәлім. Осы үлгі Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы үшін негіз болды.

Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық бастамасының жаңашылдығын айта отырып, оның интеллектуалдық алғышарттарын да көрсетуіміз қажет. Біріншіден, қазіргі еуразиялықтың интеллектуалдық алғышарттары 1920-шы жылдардан басталып, Ресейден Еуропаға қоныс аударған Н.С. Трубецкой, П.Н. Савицкий, Г.В. Вернадский, Э. Хара-Даван, К.А. Чхеидзе және өзге де ойшылдардың арасында қалыптасты. Олар өздерін «еуразиялықтармыз», ал идеяларын «еуразиялық» деп атаған. Бұл дегеніміз «еуропалық» және «азиялық» элементтерді жинақтайтын жаңа әлем жөніндегі түсінік. Алайда, өзінің ауқымды мәдени-танымдық кеңістігіне қарамастан, еуразиялық идея негізінен ресейлік мәселелер төңірегінде қалыптасты. Еуразиялықтардың идеялары кеңестік болмыстың талаптарына сай болу үшін өзгеруге тиіс еді.

Еуразиялық идея еуропоцентризмді, отарлау мен империализмді теріске шығарады. Сондықтан ХІХ-ХХ ғасырларда тарихқа мәдени-өркениеттік көзқарасты ұстанғандар қатарына Н.Я. Данилевский, О. Шпенглер, П. Сорокин, А. Тойнби секілді ойшылдарды жатқызамыз. Мәдениеттану тұрғысынан еуразиялық идея әлемнің өркениетті көпқырлылығын, яғни «өркениеттер қақтығысын» емес, сұхбат, ынтымақтастық қырынан көрсетеді. Қазіргі заманғы тарихшы Р.А. Медведев Шығыс пен Батыс «ешуақытта қосылмайды» деген Д.Р. Киплингтің сөзін бәрі біледі, бірақ та өзінің Еуразиялық жобасымен «Нұрсұлтан Назарбаев бұл тезистің қате екендігін көрсетті» деген.

Үшінші. Түрік-славяндық, шығыс-батыстық ықпалдастықты зерделеу үдерісі арқылы еуразиялықтың өзіндік ерекше бейнесі ХІХ ғ. екінші жартысындағы – ХХ ғасырдың басындағы орыстың қоғамдық зердесінде (К.Н. Леонтьев, В.И. Ламанский, Г.Н. Потанин, В.В. Бартольд), сондай-ақ түріктің қоғамдық зердесінде (Ш. Уәлиханов, И. Гаспринский, Абай, Ә. Бөкейханов, М. Шоқай) қалыптасты. Сөйтіп, Еуропа мен Азияның, Шығыс пен Батыстың өзара оң байланысы тұрғысындағы идея бірте-бірте түрік және орыс ойшылдары мен ғалымдарының еңбектеріне ене бастады.

Төртінші. Кеңестік билік тұсында еуразиялық идеяға қатысты еңбектер қоғамнан аластатылды. Кезінде шетелдерге қоныс аударған еуразияшылдардың еңбектерін оқу қол жетпес арман болатын. Тек қана кейбір ғалымдардың еуразиялық көзқарасты (атын атамай) қолдануға батылдары жетті. Орыс ғалымдарының арасынан көрнекті тарихшы және географ Л.Н. Гумилевті, ал қазақтар арасынан – белгілі ақын және зерттеуші О.О. Сүлейменовті атаймыз. Л.Н. Гумилевтың еңбектері тарихи танымды кеңейтті. Ғылымда жансыз әлеуметтік-экономикалық материализм мен еуропоцентризмнің үстем болуына қарамастан, әлемдік тарихқа этнологиялық көзқарасты батыл қолданды, Еуразиядағы түрік-славян «комплиментарлық» (жинақталған) идеясын дамытты. Л.Н. Гумилев ғылыми айналымға жаңа іргелі өркениеттік ұғым –«Ұлы Даланы енгізді». Оның тұжырымы адамзат тарихының көп қырлылығы, оның желілі емес циклдік дамуы еуропоцентризмнің шектеулі екендігін түсіндірді, мәдени-өркениеттік мәселе қоғамдық санаға қайта оралды. Л.Н. Гумилев 1980-ші жылдардың соңында «соңғы еуразияшыл», шын мәнісінде «тірі классик» - болды (жаңа дәуір үшін – қазіргі еуразияшылдыққа жол ашқан «бірінші» адам). Л.Н. Гумилев 1992 жылы қайтыс болды. Көрнекті ойшылдың Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық жобасын көруге екі жыл өмірі жетпеді. Әйтпегенде, 1994 жылы Қазақстан Президентінің Еуразиялық жобасын қолдаған болар еді.

Егемендік пен сыртқы саясаттағы дербестіктің айқын көрінісі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1994 жылы жоба түрінде ұсынған «Мемлекеттердің Еуразиялық одағы» мен Еуразиялық бастамасы болды.

1993 жылы мамырда Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» еңбегінде: Қазақстанға әлемнің назары ауып отырғандығындығы тілге тиек етіп, еліміздің географиялық жағдайын, этнодемографиялық және басқа дамуын ескере отырып, көп қырлы бағдар ұстану аса маңыздылығын тұжырымдаған еді. Сонымен бірге елбасы ТМД мемлекеттерімен ынтымақтастық қарым – қатынасқа бірінші кезекте көңіл аударатындығын мәлімдеді. Кеңестік билік жүйесі ыдыраған кейін күрделі жағдай қалыптасты. Қазақстан қоғамына бірігу қажет болды. Еуразиялық идея сыртқы саяси, аймақтық бағытына қарамастан Қазақстан халқының іштей бірігуіне мүмкіндік туғызды. 1990-шы жылдың басындағы тарихи оқиғалар саяси ойлардың дамуына түрткі болды. Жаңа еуразиялық бастама заманға сай егеменді мемлекеттердің нығаюына, ынтымақтастықты қалыптастастыруға себеп болды.

Әдістемелік нұсқаулар: Бұлтақырыпты қарастырған кезде еуразияшылдық идеясының жағрапиялық, тарихи-философиялық мәніне ден қою керек.

Негізгі әдебиеттер тізімі:

1. Проблемы евразийства. Астана: издательство Евразийского университета. 1998.

2. Нысанбаев Ә. Еуразия философиясы// Егемен Қазақстан. 2003, 22 сәуір

  1. Орлова Б. Евразийская цивилизация. Социально-историческая ретроспектива и перспектива. Москва: Норма, 1998, 235 с.

Қосымша әдебиеттер тізімі

  1. Назарбаев Н. А. Стратегия трансформации общества и возрождения евразийской цивилизации. Москва: «Экономика». 2000.-544 с.
  2. Назарбаева Д. Н. Содружество Евразия. Москва. 2000. 424 с.

Дәріс 2.

ЕУРАЗИЯ ХАЛЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖАҒРАФИЯЛЫҚ ОРНАЛАСУ ЕРЕКШЕЛІГІ

Мақсаты: Еуразия халықтарының шығу тарихын қарастыру.

1. Еуразия халықтарының шығу тарихы.

2. Орта Азия халықтарының этногенезі.

Негізгі түсініктер: Еуропа, Азия, Кавказ, Орта Азия, Сібір.

1. Шығыс славяндар. Шығыс славяндардың шығу тегі славяндықтың қалыптасуымен байланысты. Ал славяндықтың шығу тегі үндіеуропа халықтары, әсіресе, балтық және летто-литов тайпалармен байланысты. Шығыс славян тайпаларының ежелгі ата-бабалары жөнінде және олардың Днепрдің орта және Днестрдің жоғарғы Донның шығысына дейін жылжып кең тарағанын, б.з.б. II-I ғғ. археологиялық «жерлеу орындарынан» белгілі. Алғаш шығыс славяндар туралы естеліктер б.з.д мың жылдығының ортасына қарай анттардың атауынан тұрады. Сол уақытта шығыс славяндар оңтүстіктен Днепрдің жағалауына дейін қоныс аударуы басталды да, Батыс славяндармен Балқан түбегіне ұмтылды. Шығыс славяндардың қозғалысы шығыс бағыттарда жүрді.Ильмень және Чуд өзендердің бойында, сондай-ақ Валдай қыратына және Волго-Окс.

Солтүстік Шығыс славяндарда қоныс аударуда финно тілді тайпалардың пайда болуымен Отралық Еділ бойынан Балтық маңына дейін ұзақ қоныс аудару мен қақтығысы қалды. Бұл келісімге бейбіт қатынас және жергілікті фин халқының біртіндеп ассимиляцияға ұшырауына әкеп соқтырды. Шығыс славяндардың бірігуіне IX ғасырда құлаған Киев мемлекеті үлкен рөл атқарды. Киев Русьінің құрылуына ерте орыс халқының пайда болуы ықпал етті. Ежелгі орыс халқының қалыптасу процесіне Ұлы Дала көшпенділері себеп болды. Кейін бытыраңқылық басталып татар-монғолдардың шабуылы және Венгрияның және Польшаның жерін басып алуы оның құлауына халықтардың бытыраңқылығына алып келді. IIV ғасырдан бастап туысқан халықтардың- орыстардың украиндардың, белорусьтардың құрылу үдерісі басталды. Орыс халқының Шығыс Еуропаға таралуы және Сібірді игеруі орыс халқының ішінен этнографиялық топтың пайда болуына алып келді. Орыстардың солтүстік және оңтүстік великоросстарға бөлінуі негізінен орыс тілінің оңтүстік және солтүстігінің сөйлеушілерінің арасында айырмашылық анық байқалады. Негізгі этнографиялық топ казак-орыстан тұрады.

Украиндықтар мен белорустар арасында этнографиялық жағынан тұтастық байқалады, тек украиндықтарда карпаттық гарцы-гуцулдар және верховинцы аздап ерекшеленеді.

Еділ бойы халықтары. Финтілдес халықтарға Орал тауларынан Балтық теңізіне дейін таралған эстон, корел, лопар, вепс, комизыряне, коми-пермяк, удмурд, марийц және мордва халықтары жатады. Келесі топты түркі халықтары- чуваштар,еділ бойы татарлары, башқұрттар Орталық Еділ бойы және Орал маңында Еділ бойы татарлары мен башқұрттар, Молдавиядағы гагауздар Украинаның аралас аудандарында тұрады. Мұнда үндіеуропа халықтарынан летто-литовтар, оған жататын литовтар және латыштар сонымен қатар Батыс Монғолиядан XVII ғ. қоныс аударған монғолтілдес қалмақтар өмір сүреді.

Шығыс Еуропаның славян емес халықтарының түп-тамыры еуропоидтық нәсілге жатады. Орталық Еділдің, Орал маңының халықтарында монғолоидтық нәсілдің аралас белгілері байқалады. Бұл ерте кезден бастап еуропеоидтар мен Сібірден келген монғолдардың арасында қатынастың болғанымен түсіндіріледі.

Финтілді халықтардың байланыстары Орал маңы мен Прикамьем олардың б.з.б. II м.ж ата-бабаларының Орталық Еділ бойы мен Батысқа жылжуы, б.з.б I м.ж. олар Балтық теңізі мен Кольск түбегіне жетпегінен басталады. Ұзақ орналасу процесінде жекелеген және араласқан түпкі халықпен қосылып финтілді халық тобы қалыптасты, олардың алғашқысы перм халықтарын құрайды, екіншісі- поволждік финдер және үшіншісі- солтүстік-батыс финдер. Марий тілі перм және мордов тілі арасынан орташа дәрежені құрайды. Мардов тілі балтық маңы финдерінің тілдеріне жақын.

Еділ бойы және Орал маңы бойындағы түркі халықтарының этногенезі қүрделі тарихи жағдайлармен Еділ бойына ұлы халықтардың қоныс аудару кезеңіндегі қиындықтармен байланысты. Ежелгі түріктер Орталық Еділ бойында б.з. бірінші ғасырында пайда болды.

Кейін түрік халықтарының үздіксіз қоныстануы Алтын Орданың құлауына дейін жалғасты. VII-VIII ғғ. Солтүстік Кавказдан жылжып келген бұлғарлар Еділ бойын, оңтүстікте Кама сағасына дейін қоныстанды. Мұнда XIII ғ. татар-монғолдар күйреткен Волж Бұлғар мемлекеті қалыптасты (X ғ). Бұлғарлар Еділ бойындағы түркі халықтарының шығу тарихына үлкен із қалдырды. Чуваш халқының негізін кейін Бұлғар мемлекетінің құрамына кірген ежелгі түріктер, суварлар, суваздар қалады. Бұлғария құлағаннан кейін олар жергілікті марий халқын ығыстыра отырып, қазіргі Еділ бойына қоныс аударды.

Чуваштардың тілі түрік тіл тобының бұлғар-хазар тармағына жатады. Қазан татарларының шығу тегіне бұлғарлармен қатар XV ғ. Қазан хандығының негізін қалаған ноғаймен тайпалары да үлес қосты. Башқұрлардың қалыптасуына түркі тайпаларымен қатар қыпшақтар да үлкен із қалдырды, осылайша, башқұр тілі түркі тіл тобының қыпшақ тармағына жатады. Башқұрлардың ата-бабалары Алдыңғы Орал халқының түркіленген угор тобы деуге негіз бар. Қазақ фольклорында башқұрлар «естек» этнонимімен аталады бұл олардың шығу тегінің угро-фин екенін көрсетеді.

Летто-литов тайпаларының қалыптасуы көршілес ежелгі славяндардың қоныстану үрдісімен қатар жүрді. Летто-литов тілі басқа үндіеуропа тілдерімен салыстырғанда славян тіл тобына жақын. Латыш және литов халықтарының негізін летто-литов тайпалары құрады.

Молдав халқының негізінде Рим патшалығы кезінде романданған дак-фракий тайпалары жатыр. Соңғы уақытта молдавандар мәдениет және тіл жағынан ерекшеленген шығыс славян халықтарының ықпалын сезінді.

Кавказ халықтары. Сыртқы физикалық келбетіне қарай еуропоидтық нәсілге жатады. Қазіргі кезде Кавказда қолданылып жүрген, Кавказ халықтарының көбісі- грузиндер, абхаздар, абазиндер, адыгейлер, черкесстер, кабардиндер, шешендер, ингуштар және Дағыстанның кумыктардан басқа халықтары сөйлейтін тіл-кавказ немесе яфет тілдері. Бұл тілдер бір-бірінен өзгеше және бөлшектенген. Соңғы уақытта кавказ тілдері бір тіл тобына жатпаған деген пікір айтылып жүр.

Келесі тіл тобын иран тармағына жататын үндіеуропалық тілдер құрайды. Кавказдың иран тілдес халықтарының қалыптасу жолы әртүрлі. Солтүстьік Кавказда б.з.б. I м. ж. бастап иран тілдес халықтар көшіп жүрген. Халықтардың ұлы қоныс аудару кезеңінде тауға ығысқан аландар кавказ тілдес халықтармен араласып, осетиндердің қалыпатасуына ықпал еткен.

Армян халқының қалыптасуы Кавказ бойымен байланысты. Армян халқының шығу тегіне б.з.б II м. ж. Балқан жарты аралынан келген үндіеуропа тайпалары ықпал еткен. Шығыста олар армян және халдармен араласа түсті.

Кавказ халықтарының үшінші тіл тобын әзірбайжан, Дағыстандағы кумыктар, балкарлар, қарашайлар және Солтүстік Кавказдағы ноғайлар сөйлейтін түрік тілі құрайды. Бұл халықтардың шығу тарихы түріктердің Солтүстік Кавказға және Кавказдың арғы жағына қоныстануына байланысты. Солтүстік Кавказда әр уақытта келген ғұн, болгар, хазар, қыпшақ тайпалары жергілікті кавказ тілдес халықпен қатынасқа түсті және олардың біраз бөлігі түркіленді. Осылайша тілдері қыпшақ тармағына жататын кумыктар қалыптасты. Қыпшақтар тіл жағынан бір-біріне жақын балкар және қарашайлардың шығу тарихында маңызды орын алады.

Орта Азия халықтары. Орта Азияның түпкі халықтарының негізін түркі тілдес халықтар: қазақ, өзбек, қырғыз, қарақалпақ, түркімен және иран тілдес тәжіктер құрайды.

Ал антропологиялық жағынан араласып кеткен. Сыртқы келбеті бойынша қырғыздар монғолоидтық, тәжік, өзбек және түркімендер-еуропоидтық нәсілге жатады. Қарақалпақтарда екі нәсілдің де белгілері бар.

Орта Азияның ежелгі халықтары арий-тур тілдерінде сөйлеп, еуропоидтық нәсілгге жатты. Б.з.б I м. ж мұнда Соғды, Хорезм, Бактрия және Маргиан сияқты ірі өркениеттер пайда болды. Бұл халықтардың түркіленуі жаңа дәуірден басталды. «Авестада» айтылғандай алғашқы түріктер турлар болған деген болжам бар. Шығыстан келген ғұндар түрік тілдес болған. Түркілену үрдісі Түрік қағанаты кезінде күшейді (VI-VIII ғғ).

Кейінгі орта ғасыр дәуірінде әртүрлі Шығыс монғол және түрік топтарымен араласқан қазіргі Орта Азия халықтары пайда болды. Мысалы, түрікмендердің шығу тегіне және тілдерінің қалыптасуына ықпал еткен оғыздар болды. Ал қарақалпақтардың шығу тегі қыпшақтармен байланысты. Тәжіктер жергілікті иран тілдес халықтың өкілдері. Бадахшанның таулы аудандарында шугнан, вахан, язгулен, ишкашим сынды иран тілдес халықтар мекен етеді.

Сібір халықтары. Антропологиялық белгілері бойынша монғолоидтық нәсілге жатады. Олардың көпшілігі алтай тіл тобының түрік, монғол және тунгус-маньчжур тармақтарында сөйлейді. Сібірлік татар, щорц, хакас, алтай, тува, долган, якут тілдері түрік тобына жатады. Буряттар монғолтілдес халық. Тунгус-маньчжур халықтары Енисейден Охот теңізі және Примор далаларына дейін таралған. Бұлар эвенк, тунгус, эвен, негидальц, нанай, ульчи, орочи, ороки және удэгейцы.

Батыс Сібірде орал тіл тобының самодий және угор тармақтарында сөйлейтін халықтар тұрады. Самодий халықтарына ненц, энц, нганасан, селькуп халықтары жатады. Ал угор халықтары ханта және мансиден тұрады.

Сібірдің солтүстік-шығысында палеоазиат халықтары-чукча, коряк және ительмендер қоныстанған. Палеоазиаттар қатарына Амур мен Сахалин сағаларында тұратын нивхи мен гиляк, Колым өзенінің орта ағысында тұратын юкагирлер жатады.

Сібір халықтарының шығу тегі әлі толық зерттелмеген. Сібірге адамдар соңғы палеолит дәуірінен бастап қоныстана бастаған. Неолитте Сібірдің ірі өзендері Камчатка және Чукотка игеріле бастады.

Шығыс Сібірдің ежелгі халқы Енисейден Охот теңізі мен Амурға дейін таралған палеоазиат халықтары. Палеоазиаттардың шығу тегі бір емес. Сол кезеңде Обь және Жоғарғы Енисей аралығын қазіргі кеттерге туыс тайпалар мекендеген.

Алдыңғы Орал, Орта және Төменгі Обь аралығы орал тіл семьясының қалыптасу аймағына жатады. Самодий тайпаларының ата-бабалары осы аумақтың шығысын, ал угорлардың ата-бабалары батыс жағын алып жатқан.

Оңтүстік Сібірд б.з.б III-II м.ж мұнда оңтүстіктен және батыстан келген келбеті еуропоидтық халық қоныс тепті. Бұлар мал және жер өңдеу шаруашылығымен айналысатын афанась және андронов мәдениетінің өкілдері.

Жаңа дәуірдің кезінде Оңтүстік Сібір және Солтүстік Байкалды түрік, тунгус тайпаларының қоныстануы басталды. Якуттардың ата-бабалары XIII ғ. Орта Ленаға жылжи бастаған. Тунгустар Шығыс Сібірді қамтыған. Сібірде этникалық араласу үрдісі кейін де жалғасын тапты. Эвенктер мен якуттар палеоазиаттардың біраз бөлігін ассимиляцияға ұшыратты. Ал самодий тайпалары Еуразия тундрасын игерді.

Әдістемелік нұсқаулар: Еуразия халықтарының шығу тарихын және тілдік ерекшеліктерін қарастыруда отандық, шетелдік дереккөздерін пайдалану керек.

Негізгі әдебиеттер тізімі:

1. Народы мира. 1988

2.Есназарова Ұ.А., Темірбеков А.Т. Түркі тілдес елдер географиясы. Ахмет Иасауи университетінің Жәрдем Қоры Баспасы. Анкара, 1999.-107 б.

3.Каримуллин А. Тюрки и индейцы Америки – истоки происхождения. Изд. Дом «Кочевники», -Алматы, 2004.

Қосымша әдебиеттер тізімі:

1. Акышев К. Культура кочевников на рубеже веков. - Алматы, 1995.

  1. Зуев Ю.А. Ранние тюрки: очерки истории и идеологии. - Алматы, 2002.

3. Кадырбаев А.Ш.. За пределами Великой Степи. – Алматы, 1997.

Дәріс 3.

ЕУРАЗИЯДАҒЫ КӨНЕ ӨРКЕНИЕТТЕР

Мақсаты: Еуразия кеңістігінде көне заманда қалыптасқан мәдениетаралық байланыстарды жан-жақты қарастыру.

1. Көшпенділер мәдениеті.

2. Көне қытай мәдениеті.

3. Көне үнді мәдениеті.

4. Көне грек мәдениеті.

Негізгі түсініктер: өркениет, мәдениет, «Әлемнің 7 кереметі».

«Мәдениет» деген ұғымның аясы өте кең. Сондықтан да болар, «мөдениет» үғымының көптеген анықтамасы бар. Адам ой-санасы мен өрекетінің нәтижесінде туындаған құндылықтарды біз мәдениет дейміз. Мәдениетті кейде шартты түрде материалдық және рухани деп екіге бөледі. Қолмен ұстап, көзбен көруге болатын дүниелерді материалдық мәдениет үлгілері дейміз. Ал қолмен ұстап, көзбен көруге болмайтын, тек санамен, түйсікпен қабылданатын мәдениет жетістіктерін біз рухани мәдениет дейміз.

Көшпелілердің рухани мәдениетінің өз даму ерекшеліктері бар. Ол көшпелілердің тіршілік қарекетінің, тұрмысының ерекшеліктерінен туындайды. Кейбір батыстық зерттеушілер: «Көшпелілер өз бетінше мәдени кұндылықтар жасауға кабілетсіз, олар тек басып алған отырықшы халықтардың мәдениетін қабылдайды. Ал отырықшы халықтардың мәдениеті оларға өтей мәдениет болып қала береді», — дейді. Бұл — мүлде қате пікір. Көшпелілер өз тұрмыс-әрекетіне лайықты мәдениет қалыптастырған. Көшпелілердің материалдық мәдениеті көші-қонға ыңғайланып жасалған. Мұндай таза көшпелі мәдениет үлгілеріне біз жиналмалы, жығып-тігуі өте жеңіл киіз үйді, ер-тұрман, ат әбзелдерін, теріден, ағаштан жасалған [Ыдыс-аяқ|ыдыс-аяқтарын], бесігін, басқа да тұрмыстық заттарын жатқызамыз. Көшпелілердің рухани мәдениеті тіптен бай. Мал шаруашылығы — егіншілікке карағанда бұқара халықтың барлығы қамтылмайтын, қамтығанның өзінде көшпелі кауымның бос уақыты көбірек болатын шаруашылық түрі. Сонымен қатар көшпелілер отырықшыларға қарағанда табиғатқа жақынырақ, онымен өмір сүрген. Көшпелілерде табигатка негізделген дүниетаным, ақынжандылық, қиялшылдық, түптеп келгенде, шығармашылықпен ойлау жүйесі қатты дамыды.

Көшпелілер мәдениетінің тағы бір ерекшелігі — олардың мәдениетінің көбінесе синкретті (біртекті ғана емес, көпқырлы) болып келуінде. Көне заманда қазақ жерінде өмір сүрген тайпалар (сақ, ғүн, үйсін, сармат, т.б.), одан кейін орта ғасырлардағы түркілер бүкіл Еуразиялық көне және ортағасырлық өркениеттер мен әр түрлі себептер арқылы (миграция, жаулап алу, бейбіт көршілік жағдайында) араласты. Сол аркылы көшпелілер өздеріне түрлі халықтардың жақсы мәдени жетістіктерін қабылдады, өздерінің мәдени үлгілерін басқа халықтарға жұғыстырды. Көшпелілер түрлі мәдениеттердің бірбірімен араласуына, жақындасуына қозғаушы күш болған, дәнекер қызметін атқарған.

Көне жазулар күміс тостағандағы жазу (Есік) Көне түркі әліпбиі Қазақ жерінде жазу-сызу сақ дәуірінен бастап пайда болған сияқты. 1960 жылы Ертіс өзенінің оң қанатынан табылған б.з.д. V—IV ғасырларға жататын сақ дәуірінің марал сүйегінен жасалған түмарда жазу болған. Оны ғалым Алтай Аманжолов оңнан солға қарай «Ақ сықын» — «Ақ марал» деп оқыған. 1970 жылы Есік қаласының түбінен табылған «Алтын адамның» қабірінен жазуы бар күміс тостаған шықты. Тостағанның сыртында екі жолға жазылған 26 таңба бар. Олар бір жағынан, көне түркілердің руникалық жазбаларына үқсас, екіншіден, Жерорта теңізі төңірегіндегі көне алфавиттік таңбаларға, өсіресе грек, арамей өріптеріне ұқсас. Оны да А.Аманжолов көне түркі тілі сияқты оңнан солға қарай оқыған. Жазудың мазмүны мынадай екен: «Аға, саған (бүл) ошақ! Бөтен (жат ел адамы) тізеңді бүк! Халықта азық-түлік (мол болғай!)!» Зерттеушінің пікірінше, бүл сақ дөуірінде түркі тілінде жазылған, яғни бүдан 2500 жыл бұрын түркі тілдес сак тайпалары әліпбиін жазуды білген. Өткен ғасырдың 60-жылдары Іле өзенінің оң жағасындағы Тайғақ шатқалынан көне тибет жазуы, көне грек әліпбиіндегі жазу табылды. Ғалымдардың пікірінше, грек алфавитімен жазылған жазудың сыртынан айналдыра тибет жазуын жазған. Жазуды грек әліпбиін білетін буддалық монах жазған болуы керек. Қарлүқтар заманында (VIII ғ.) Жетісу жеріне келген тибеттіктер тау-тасқа өздерінің буддалык дүғаларын ойып жазған. Әліпби жазу дүниежүзілік мәдениетке косылған үлкен үлес болып есептеледі. Көне түркілер алғашқы әріп жазуының бір түрі — руналық жазуды ойлап тапқан және пайдаланған.

2. Қытайда тарихи кезеңдер ел басқарған әулеттер билік еткен уақытпен бөлінеді. Тарихта аттары қалған әулеттер ретінде: Чжоу, Цинь, Таң және Сұн, Цин белгілі. Чжоу кезеңі- шамамен б.з.б. ХІ-ІІІ ғғ., бұл кезең сауда және экономикалық өркендеумен мәлім. Б.з.б. ҮІІІ ғ. бастап Чжоу әулеті әлсіреп, билікке ұсақ патшалықтар таласа бастаған. Бұдан кейін үлкен мемлекеттер пайда болып, олар өзара билікке таласты 250 жыл бойы жүргізген. Барлығынан билікті Цинь пашалығы жеңіп алады. Император Цинь Шихуанди Қытайды біріктіреді, ол б.з.б. 221-207 жж. дейін билік етті. Елде бұдан соң билікке талас, көтерілістер өтеді.Б.з.б. 202 ж. шаруа Лю Бан өзін император етіп жариялайды. Сөйтіп Хань әулеті пайда болады. Қытайдың нағыз гүлденген уақыты ретінде тарихта ҮІІ ғ. басы мен Х ғ.- Таң және Х-ХІІ ғғ. Сұн әулеттері көрсетіледі.

Ежелгі Қытай тұрғындары әлем екі қарама-қарсы күштердің: Ян (оң-ер адам күші) және Инь (теріс, әйел дам күші) соқтығысынан туындады деп түсінген. Қытайлықтардың дүниетанымы да осы негізде қалыптасқан. Б.з.б. ІІ мыңжылдықта қытайлықтарда табиғатқа табыну: тау, жер, өзен, күн, ай, жаңбыр, жел т.б. табиғат құбылыстары иесіне сыйыну үстем болған. Олар сыйынды, құрбандық шалды, өздеріне олардан жақсылық тіледі. Олардың арасындағы «ең жоғары» құдайшылық болды. Ол - барлық рухтар мен өлгендер рухынан биік тұрды.

Кейіннен патша билігін құдайшылықпен теңестіру пайда болды. Патша аспан баласы, яғни құдайдың жердегі өкілі ретінде есептелді. Б.з.б. ХІІІ ғ. бастап патшаларды белгілеу кезінде «жоғары» құдайшылықты көрсеткен иероглифпен берілген.

Б.з.б. І мыңжылдықтың орта шенінен Қытайда үш негізгі идеологиялық бағыт пайда болып, кейіннен олар діни-фәлсәфәлық жүйеге айналды. Олар: даосизм, Конфуций ілімі және буддизм.

Даосизм негізін салған Лао-Цзы данышпан. Ол б.з.б. ІҮ-ІІІ ғғ. өмір сүрген, «Дао және дэ туралы кітап» деген еңбек жазған. Даосизмнің басты фәлсәфәлық катеогриясы- дао-заң, ереже, жол, мән, тәртіп болып табылады. Бұл бағыт бойынша бүкіл әлем бір заңға- даоға бағынышты. Дао барлық тіршіліктің бастауы, оны анықтаушы белгі- табиғилық.

Дао бойынша табиғат-шынайы өмір даоға тәуелді, басқа ешқандай жоғары күшке бағынбайды. Адам заттардың табиғи ретін өзгертуде әлсіз, сондықтан ол оқиғалардың табиғи барысын күтеді. Дао соңына дейін танылмаған болып, тек адам абыройы- дэ арқылы жүзеге асырылады. Даосизм мәңгілік өмір ілімін уағыздады. Олар мәңгілік өмірді тән өмірін шексіз ұзарту арқылы жету деген сенім ді негізге алды.

Б.з.б. ҮІ ғ. соңы мен Ү ғ. басы Қытайда маңызды діни-дүниетаным жүйесі- конфуцийлік пайда болған. Оның негізін салған Кун-Фу-Цзы (б.з.б. 551-479 жж.) еуропалық транскипцияда Конфуций. Оның ілімі ережелер жиынтығы, мораль қағидаларына негізделген. Онда жасқа, лауазымға байланысты өзара сыйласу, құрметтеу дәстүрі негіз болып табылады. Қоғамдағы барлық тәртіпсіздік пен тұрақсыздықты адамдар адамгершілігінің төмендеуінен болады деп түсіндірген. Конфуций патша және аруақ рухына табынуды насихаттады. Бұл ағым саясаттанған болды десе де болады. Конфуций ілімі- патша билігі- халық тәуелдігі немесе салт-дәстүрлерді сақтау арқылы халықты басқару.

Жазу. Б.з.б. ХҮ ғ. Қытайда 2000 иероглифтен тұратын иероглифтік жазу қалыптасқаны белгілі. Көне қытай әдеби шығармаларына б.з.б. І мыңжылдық басындағы «Әндер кітабы»- «Ицзин», онда 300-ден астам ән мен өлеңдер енген, және «Өзгерістер кітабы» жатады. Қытайлықтар жібек матаға табиғи бояумен жазған, б.з. қарсаңында тушь пен қағазды ойлап шығарды. Бұл кезде иероглиф саны 3000- ға жетті. Иероглифтердің дамуы б.з. байланысты болды: б.з. ІІ ғ. иероглиф саны 10 000, ІІІ ғ.-18 000- ға жеткен. Қазіргі кезде ортақ жазу- путунхуа (хань) жазуы енгізілген. Осы кезде алғашқы сөздіктер пайда болып, император сарайларында кітапханалар ашылған.

Б.з.б. ІІ ғ. қытайлықтар жылды 12 айға, айды- 4 аптаға бөлді. Б.з.б. Ү ғ. аспан денелерін зерттеп, нәтижесінде 28 жұлдыз бөліп көрсетті. Б.з.б. ІҮ ғ. әлемде алғаш рет 800 жұлдыз аттары енген жұлдыз каталогын жасады. Б.з. б. 28 ж. қытайлықтар Күндегі даққа сипаттама берген. Кейін Чжан Хэн деген астроном – ғалым әлемде алғаш рет аспан денелері глобусы жасалған.

3. Үнді көркем мәдениетінің қайнар көздері Инд пен Ганг өзендерінің жағалауларында пайда болған өте ежелгі өркениеттерден басталады. Жоғары дамыған Хараппа өркениеті (б.з.б. 3-мыңжылдықтың ортасынан 2-мыңжылдықтың ортасына дейін) кезеңіне Сангхол мен Лотхал тәрізді ірі қалалар жатады. Оларға бірыңғай жоспарлау, жолға қо-йылған сумен қамтамасыз ету және құбыр жүйесі, күйдірілген кірпіштерден салынған көп қа-батты құрылыстар, шомылуға арналған қоғамдық бассейндер тән. Б.з.б. 2-мыңжылдықтың ортасынан 1-мыңжылдықтың ортасына дейінгі Солтүстік Үндістанмәдениетіне әдеби деректер мен неғұрлым кейінгі кезеңдерге тән мүсіндік және көркемсуретті бейнелер бойынша баға беруге болады. Құрылыстар ағаштан, саз бен құрақтан салынды.

Үндістан халықтары — өте ежелгі, терең өзіндік ерекшеліктері бар музыкалық мәдениеттің мұрагерлері болып табылады. Оның қайнар бұлақтары халықтардың әр салалы еңбек және рухани қызметіне байланысты халықтық және ұжымдық әдет-ғұрыптардан басталады. Театр, музыка мен би өнері жөніндегі “Натья-шастра” (1 ғасыр) трактаты өзі жарық көргенге дейінгі заманда үнділіктерде өзіндік ерекшеліктері мол, қайталанбас, жоғары дамыған музыка жүйенің өмір сүргенін дәлелдейді. Үнді музыкасына суырып салмалық тән. Үндістанға Кіші және Орталық Азиядан келгендер орныққаннан кейін үнді музыка мәдениеті мұсылмандық Шығыстың музыкалық мұрасымен тығыз байланысқа түсті. Нәтижесінде үнділіктер мен мұсылмандардың дәстүрлі өнерін ұштастырған жаңа стиль пайда болды. Көптеген вокалдық стильдердің ішіндегі неғұрлым танымалдары: дхурупад (бастауын ежелгі храмдық ән айтудан алады), кхиял (дхурупадтың парсы музыкасымен бірігуі нәтижесінде кейінірек пайда болды). Сондай-ақ махаббат қуаныштары мен өкініштері жөніндегі әсем лирикалық ән-тхумри, негізін Пенджабтың халық әндері құраған лирикалық шығарма — таппа, Бенгалия халық музыкасының үлгілеріне жақын бхаджан мен киртан да кең тараған. Кәсіпқой музыка өз бастамасын фольклорлық үлгілерден алғанымен де, классик. және халықтық музыка жанрлары бір-бірінен елеулі түрде ерекшеленеді.

Халықтық театр қойылымдары өте ежелгі заманда пайда болып, әр түрлі әдет-ғұрыптар, ойындар мен билер орындаудан құралады. Халықтық театрдың көптеген формалары шамалы ғана өзгерістермен осы уақытқа дейін келіп жетті. “Рамаяна”, “Махабхарата” эпик. поэмаларының мазмұнын сахнада бейнелеу көпшілік халықтық театрлық қойылымдардың негізі болып табылады. 4. Біздің заманымызға дейінгі грек-парсы соғыстары (500—449 жылдар) ежелгі Грекияның тарихындағы бетбұрыс кезең болды, өйткені дәл осы уақыттан бастап грек мәдениетінің классикалық кезеңі басталды. Біздің заманымызға дейінгі V ғасыр Афины, әсіресе Периклдің (біздің заманымызға дейінгі 444-429 жылдар) басшылығы кезінде аса ірі мәдени орталыққа айналды. Афинының рухани өмірінде демократиялық құрылыстың орнығуы — грек театрының гүлденуімен, трагедиялық және комедиялық шығармалары дүниежүзілік әдебиеттің асыл қазынасына енген Эсхилдің, Софоклдың, Еврипид пен Аристофанның шығармашылықтарымен тұспа-тұс келді.

Аполло Олимп. Архаикалық дәуірде әдебиет саласында лирикалық жанр үстемдік етсе, ендігі жерде трагедия мен комедия жанрлары басты орынға шықты. Дәл мағынасында трагедия деген сөз — «ешкілер әні» деген мағына береді. Ол — ешкі терісін жамылып, әзіл-оспақтық сарында хормен өлең айтудан шыққан. Афиныда Дионис құдайдың құрметіне байланысты жалпы мемлекеттік мейрамның бекітілуі — трагедияның мерейін жоғарылата түсті. Мифологиялық кейіпкерлерге толы грек трагедияларының басты мазмұны — халықтың өз теңдігі мен әлеуметтік әділет жолындағы қаһармандық күресінің сан саласына арналған. Грек трагедиясының Гомер дастандары сияқты үлкен тәрбиелік мәні болды.

Посейдон. Классикалық грек трагедиясының негізін қалаушы — ұлы Эсхил (біздің заманымызға дейінгі 525—456 жылдар) болды. Эсхилге дейін бүкіл кейіпкерлерді бір-ақ актер ойнайтын болса, енді сахнаға екінші актер шығарылды, соның арқасында драмалық сахна көріністері жандана түсті. Осы орайда, драмалық қойылымдарда маскалардың, декорациялардың қолданылуы да Эсхилдің есімімен тығыз байланысты екендігін айта кеткен жөн. Эсхил трагедияларында шындық, өділеттілік, діни-этикалық мұра ұғымдары одан әрі айқындалып, азаматтардың рақымшылдығы мен адамгершілігі, өз еліне деген сүйіспеншілігі басты орынға шықты. Мысалы, «Құрсаулы Прометей» трагедиясының басты тақырыбы патриотизм мен рақымшылдық болса, ал «Орестей» трилогиясында адам тағдыры кеңінен көрініс тапқан. Адам тагдыры мөселесі грек трагедиясының дарынды өкілдерінің бірі Софоклдың (біздің заманымызға дейінгі 497—406 жылдар) шығармашылығында өзінің занды жалғасын тапты. Ол өз шығармаларында еркіндікке толы азамат еркінің әділетсіз қатал тағдырға қарсылығын тамаша суреттей білді. Софоклдың «Эдип патша» деп аталатын ұлы трагедиясының күні бүгінге дейін элем сахналарынан түспеуі көп нөрсені аңғартса керек.

Біздің заманымызға дейінгі 480—406 жылдар аралығында өмір сүрген Эврипид психологиялық драманың негізін қалады. Оның «Медея» және «Федра» трагедиялары да адам өліміне өкеліп соғатын шым-шытырық өмірлік уақиғаларға толы болып келеді.

Ежелгі Грекиядағы комедия жанрының тамаша өкілі — Аристофан (біздің заманымызға дейінгі 445—385 жылдар шамасы) болды. Оның комедиялық туындыларында халықтың күнделікті өмірі, тұрмыс-тіршілігі басты орын алды. Сондықтан да болар, оның комедияларындағы кейіпкерлер әдетте халық атынан сөйлеп, халықты қанап, алдап-арбаушыларды өткір сынға алады. Ұрылар сияқты қоғамға жат элементтермен қатар, ақылы мен арын сатқан ел билеуші философтарды да әжуаға ұшыратады. Оның 138 «Салт аттылар», «Бейбітшілік», «Лисистрата» және тағы да басқа комедиялары саяси мазмұндағы шығармалар қатарына жатады. Аристофан грек театрының халықтың дөстүрлеріне сүйене отырып театр сахналарында мималарды (өмірдің күнделікті жағдайларын бейнелейтін шағын көріністер) кеңінен пайдаланды. Дөл осы кезенде пантомима жанрының туындауы комедия жанрын одан әрі түрлендіріп, оның халықтық сипатын айқындай түсті.

Біздің заманымызға дейінгі V ғасыр грек тарихнамасы қарқынды түрде дами бастады. Оған үлкен үлес қосқан сонау көне заманның өзінде-ақ «тарихтың атасы» деген атақ-даңққа ие болған Геродот (біздің заманымызға дейінгі 484— 430 жылдар) болды. Оның тақырыбының негізгі арқауы грек-парсы соғыстары болып табылатын «Тарих» атты еңбегі баға жетпес тарихи мұралардың қатарынан орын алды. Көне заманның ұлы тарихшыларының бірі — Фукидид (біздің заманымызға дейінгі 460—400 жылдар) өзінің «Пелопоннесе соғыстары» атты еңбегінде алғаш рет ғылыми — шыншылдық әдісін кеңінен қолданып, сол кезеңдегі тарихи уақиғалардың өзара байланыстарын ашу арқасында, халықтың саяси білімінің артуына себепкер болды.

Әдістемелік нұсқаулар: Еуразиядағы көне өркениеттер тарихын кешенді түрде және тұтас қарастыру қажет.

Негізгі әдебиеттер тізімі:

1. Акышев К. Культура кочевников на рубеже веков. -Алматы, 1995.

2. Зуев Ю.А. Ранние тюрки: очерки истории и идеологии, -Алматы, 2002.

3. Кадырбаев А.Ш.. За пределами Великой Степи. -Алматы. 1997.

4. Штайн В. Хронология мировой цивилизации. –М: Изд. «Слово», 2003.

Қосымша әдебиеттер тізімі:

1. Кадырбаев А.Ш.. За пределами Великой Степи. -Алматы. 1997.

2. Рене Груссе. Империя степей.- Алматы, ТОО “Санат”, 2003. Штайн В. Хронология мировой цивилизации. –М: Изд. «Слово», 2003, С. 8.

3. Оразбаева А. И. Цивилизация кочевников евразийских степей. Алматы: «Дайк-Пресс», 2005, 310 с.

дәріс 4.

Түркілердің Еуразия тарихындағы өркениетаралық байланыстарды орнықтырудағы рөлі

Мақсаты: Түркілердің Еуразия тарихындағы тарихи орнын анықтау. Өрекниет аралық байланыстағы орның ашып көрсету.

1. Түркі өркениетінің ерекшеліктері.

2. Түркі өркениеті және қазақ мәдениеті.

Негізгі түсініктер: прототүріктер, Ұлы Дала өркениеті.

1. Еуразиялық кеңістік аумағындағы мәдени байланыстардың бірнеше өркениеттік-мәдени сабақтастықты сіңірген әрі бай, әрі көне тарихы бар. Еуразиядағы ашық, әрі байтақ далалар аймағы көшпелі және оты­рық­шы халықтардың түрлі мәдениеттерінің өзара ықпалдастығы мен тоғысуына ұйытқы болды. Қазақстанның қазіргі аумағында сан түрлі тайпалар мен халықтарды


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: