Болады

Түсініспеушілік болмас үшін анкерлердің аттарын латын əріптерімен берген

дұрыс. Анкерлердің атының жазылуын қадағалаңыз: көптеген браузерлер үлкен əріптерді кіші əріптерден ажырата алады. Егер анкер атын ААА деп анықтап, ал анкерге сілтемеде ааа немесе АаА деп жазсаңыз, онда құжатыңыз дұрыс ашылса да, ААА анкеріне шыға алмайсыз.

Ресурстардың басқа да түрлеріне сілтеме жасауға болады:

<A HREF="ftp://server/dіrectory/fіle.ext">Файлды ашу</A>

Бұндай сілтеме орындалған жағдайда, файлдарды тасымалдау протоколын

іске қосып, server серверінің dіrectory бумасында орналасқан fіle.ext файлын

тұтынушының экранында көрсете бастайды.

<A HREF="maіlto:user@ mysite.kz"> Хат жіберу </A>

Егер тұтынушы жоғарыдағыдай сілтемеге ауысса, онда экранда пошта

программасының шығу мəліметтерін енгізу терезесі ашылады. Пошта

программасының To: ("Қайда") жолында user@maіl.box адресі көрсетіледі.

Бір анкердің ішіне екіншісін орналастыруға болмайды. Ашылатын жəне жабылатын белгілерді міндетті түрде қойып отыру керек. Анкерлер гипермəтіндік сілтемелерді анықтау үшін қолданылады.

name – анкердің атын анықтайтын жол. Бір құжаттың ішінде анкерлердің

аттары қайталанбау ы тиіс.

href – гипермəтіндік сілтеме бойынша ауысатын ресурстың адресін

білдіреді. Бұл басқа HTML-құжат, PDF-файл немесе сурет болуы мүмкін.

tіtle – сілтеме жасалған ресурстың аты.

EMBED тəгтің басқа атрибуттары <IMG> тəгінің атрибуттарына ұқсас.

Мультимедиялық мүмкіндіктерді сүйемелдей алмайтын басқа броузерлер үшін <NOEMBED> элементі көрсетіледі де, оның ашылу жəне жабылу тəгтері арасында түсініктеме мəтін жазылады.

Мысалдар:

<EMBED SRC=nature.wav>

тəгі nature.wav музыкалық файлын фон ретінде тыңдауға мүмкіндік береді.

Құжатқа PDF (Adobe Portable Document Format) форматындағы JS.PDF

файлын енгізу үшін мынадай жолды жазу керек:

<EMBED SRC=JS.PDF WIDTH=500 BORDER=0 ALIGN=left>

Web-құжатты көру барысында өзіңіз ұнататын əнді тыңдап отырғыңыз

келсе, мұнан басқа да <BGSOUND> тəгін төмендегідей түрде жазып

пайдалануға болады:

<BGSOUND SRC=”əн аты” LOOP= “қайталану саны”>

Егер бір əуен шексіз түрде қайталанып айтылғанын қаласаңыз, соңғы

атрибут LOOP=INFINITE деп жазылуы қажет.

Web-парақ ішіне бейнероликтерді қою жай сурет орналастыру тəрізді

орындалады. Мұны жүзеге асыру тəгінен мысал келтірейік:

<IMG DYNSRC=”FILE1.AVI” START=OPENFILE LOOP=2>

Мұнда DYNSRC атрибуты бейнеролик файлының атын береді, ал START параметрі бейнероликті іске қосу тəсілін тағайындайды. Егер оның мəні OPENFILE болса – бейнеролик бірден жүктеледі, ал MOUSEOVER болса – онда тышқан курсорын сол роликтің бірінші кадрын іске қосатын суретте шерткенде барып жүктеледі. LOOP параметрі бейнероликті қайталану санын береді.

5.Кестелер (HTML тілі)тәгтері.Торларды біріктіру.

Кесте тұрғызу <TABLE> жəне </TABLE> тəгтері көмегімен орындалады,

оның əрбір жолын анықтау – <TR> жəне </TR> тəгтері арқылы, ал сол жолдардағы бағаналар – <TD> жəне </TD> немесе <ТН> жəне </ТН> тəгтері арқылы анықталады. <TD> жəне <ТН> тəгтерінің жұмысы ұқсас, бірақ <ТН> тəгтерімен қоршалған мəтін қарайтылған бағана тақырыптары болып табылады да, <TD> тəгтерімен одан кейінгі қарапайым бағаналар жазылады. Кесте тақырыбы <CAPTION> жəне </CAPTION> тəгтерімен қоршалып жазылады. Жалпы кестені толық анықтау ережесі төмендегі үлгімен беріледі: <TABLE ALIGN="align" BGCOLOR="#rrggbb" BORDER="integer"

BORDERCOLOR="#rrggbb" WIDTH="integer">

</TABLE>

Бірақ кесте тұрғызу кезінде олардың кейбірі қолданылмауы да мүмкін. Енді

осы кесте тəгі атрибуттарының атқаратын жұмысына тоқталайық:

ALIGN атрибуты кестенің шет жақтарға туралануын анықтайды (келісім бойынша сол жақ шетке). ALIGN мəні мына сөздердің біріне сəйкес келуі тиіс:LEFT (сол жақ шетке), CENTER (ортаға), RIGHT (оң жақ шетке).

BGCOLOR кесте торының ішкі фон түсін тағайындайды (он алтылық RGB

форматындағы сан немесе ағылшын тіліндегі белгіленген түс атауы).

BORDER – бүтін сан, кесте жақтаулары сызығының пиксельмен берілген

қалыңдығы. Егер BORDER берілмесе, жақтау сызықтары көрсетілмейді.

BORDERCOLOR жақтау сызықтарының түсін тағайындайды (он алтылық

RGB форматындағы сан немесе ағылшын тіліндегі белгіленген түс атауы);

BORDER атрибутымен бірге қолданылады.

WIDTH – кесте енін анықтайтын бүтін сан, оның мəні пиксельмен немесе

пайызбен (%) беріледі.Кесте тақырыбы <CAPTION> тəгімен беріледі. <CAPTION> тəгінің төмендегідей атрибуттары болады. ALIGN атрибуты кесте тақырыбын шет жақтарға туралайды, оның мəні LEFT, CENTER (келісім б/ша CENTER мəні қабылданады), RIGHT сөздерінің біріне сəйкес келуі тиіс. VALIGN атрибуты кесте тақырыбын вертикаль бағытта туралайды, ол ТОР,MIDDLE, BOTTOM (келісім бойынша BOTTOM мəні қабылданады), BASELINE сөздерінің бірін мəн ретінде қабылдай алады.Кесте жолы <TR> жəне </TR> тəгтерімен қоршалып тұрады, бұлардың алғашқысының мынадай бірсыпыра атрибуттары болуы мүмкін: <TR ALIGN="align" BGCOLOR="#rrggbb"

BORDERCOLOR="#rrggbb"> Кесте жолы… </TR>

Енді <TR> тəгінің атрибуттарына тоқталайық.ALIGN – жол шеттерін туралау. Оның мүмкін мəндері LEFT (келісім бойынша), CENTER, RIGHT.

ALIGN – мəтінді горизонталь бағытта туралау. Оның мүмкін мəндері:


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: