For (;;) команда

Бұл цикл шексіз орындала береді, яғни аяқталмайды.

Оны тек цикл ішіндегі break командасы көмегімен ғана аяқтауға болады.


29. JavaScript логикалық операциялары.

Шарт ретінде логикалық өрнектер де жазыла береді, ондайда келесі логикалық операциялар қолданылады:

Логикалық қатынас операциялары кез келген типтегі операндқа қолданыла береді.

Операция нəтижесі – салыстыру мəндері дұрыс болса, логикалық true, ал оған кері

жағдайда – false мəні болып табылады.

! (логикалық ЕМЕС) операциясы логикалық типтегі операндтарға қолданылады, егер

операнд мəні true болса, онда!а өрнегінің мəні – false, ал егер операнд мəні false

болса, онда!а = true болады.

А&&В өрнегінің мəні – екі операнд мəндері де ақиқат болғанда ғана ақиқат, қалған

жағдайларда жалған болады. А| |В өрнегінің мəні – кем дегенде, бір операнд ақиқат болса, ақиқат, ал басқа жағдайларда – жалған болып саналады.

Символдар тізбегінен тұратын тіркестік мəндер үшін символдарды конкатенациялау

( біріктіру ) операциясы анықталған. Операция «плюс» белгісімен белгіленеді. Бұл операцияның нəтижесі екі операндтар тізбегінен құралатын жаңа сөз тіркесі болады, мысалы, төмендегі меншіктеу операторының орындалуы нəтижесінде

st = "озат "+"студент"

st айнымалысы "озат студент" мəнін меншіктейді. Тағы бір мысал

қарастырайық. Мынадай екі оператор берілген болсын:

stl = "озат "; st2 = "студент"

Төмендегі операторды орындау нəтижесінде

stl += st2

st1 айнымалысы "озат студент" мəнін меншіктейді.

Операцияның басымдылығы өрнектегі амалдардың орындалу реттілігін анықтайды.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: