РНР кемшіліктері

РНР бастапқы идеологиясы кішігірм скриптердің жазылуына бағытталуы РНР негізгі кемшілігі болып саналады. РНР жартылай компиляцияланатын тіл болғандықтан С тілімен жылдамдығы арқылы салыстырыла алмайды. Сонымен қатар көптеген кішігірім парақтардан құралған жоба жазғанда, оларды жадыға жүктеу мен С тілінде жазылған CGI программасы шақыру – артық шығындардың пайда болуына әкеп соқтырады.

37. HTML тілінен PHP тіліне кіру тәсілдері.

1.<? echo("қарапайым әдіс");?>

2.<?php echo("құжаттармен жұмыс істеген кезде");?>

3.<script language="php">

echo ("кейбір редакторлар (FrontPage сияқты) осы команданы пайдаланады"); </script>;

4. <% echo("ASP-тәгтерін қалыптастыратын көрнекі тәсілдермен үйлестіруде"); %>

Бұлардың тек екеуін ғана (<?php...?> және <script language="php">...</script>) кез-келген сәтте қолдануға болады;

Көптеген программалау тілдері тәрізді PHP тілі де программаның басын және соңын белгілеп отыратын таңбаларды қолданады, яғни PHP кодының басы мен соңын белгілейді. Олардың мұнда, PHP тілінде төрт нұсқасы қолданылады:

1. стандартты тәгтермен қоршау тәсілі:

бастапқы — <?php

соңғы —?>

Бұл нұсқа жиі қолданылады, кез-келген серверде оның параметрлерінен тәуелсіз осы нұсқа жұмыс істей береді.

2. қысқартылған тәгтерді қолдану:

бастапқы — <?

соңғы —?>

3. тәгтері asp стилінде берілген:

бастапқы — <%

соңғы — %>

Бұл екеуі серверде арнайы параметрлер арқылы рұқсат беруге байланысты жұмыс істейді, егер керекті параметрлер орнатылмаса, сіздің программаңыз іске қосылмайды.

4. бастапқы — <SCRIPT LANGUAGE="php">

соңғы — </SCRIPT>

Бұл нұсқа да әмбебап тәсілдерге жатады, кез-келген серверлерде іске қосылады.

PHP файлдарының кеңейтілуі, яғни типі php немесе phtml болуы тиіс, соңғысы кейде іске қосылмауы да мүмкін. Кейде серверлерге байланысты басқа типтер де қолданылуы мүмкін, оны тек провайдер арқылы білуге болады. Біздің мысалдарда *.php кеңейтілуі қолданылады. Нұсқауышы Си тіліндегідей көрсетіледі – әрбір оператор (;) символымен аяқталады.

Жабылатын тәг (?>) сол сияқты оператордың аяқталғанын білдіреді, сондықтан келесі нұсқалар эквивалентті болып саналады:

<?php echo "Бұл мәтіндік жол";?>

<?php echo " Бұл мәтіндік жол"?>

38. Айнымалылар және олардың типтері. Комментарийлер түрлері

Айнымалылар – әр түрлі мәліметтер типін уақытша сақтайтын қойма. Уақытша деп айтудың себебі, айнымалалыр мәнін программаның жазылуы және орындалуы процесі кезінде өзгертуге болады. PHP тіліндегі кез келген айнымалының аты ($) доллар белгісімен басталып, одан кейін тек латын алфавиттерінен, сандар немесе төменгі сызық белгілерінен құралуы керек, сонымен қатар доллар белгісінен кейін тек қана әріп тұра алады(айнымалының атын кириллицамен немесе санмен немесе төменгі сызық белгілерімен беруге болмайды). Мысалы:

$alfa //Бұл дұрыс жазылған айнымалы

$alfa_romeo5_5 //Бұл да дұрыс жазылған

$54beta_gamma //Бұл айнымалының аты қате

$345 // Бұл айнымалының аты да қате

Сондай-ақ айнымалының бас және кіші әріппен жазылуы үлкен рөл атқарады, яғни $Alfa_Romeo мен $alfa_romeo екеуі екі түрлі болып саналады.

Айнымалыларды әр түрлі типтерде қолдана аласыз, олар сөз тіркестері, жеке символдар, бірнеше символдар тіркесі, сандар,жиымдар, объектілер немесе логикалық мәндер болуы мүмкін. Айнымалының мәнін кез келген уақытта программаның кез келген жерінде өзгертуге болады. Жалпы айнымалы – PHP-дің негізгі құралы. Айнымалыны пайдаланбау мүмкін емес.

Мысалы:

<?php

$txt = "Hello World!";

echo $txt;

$number = 16;

?>


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: