Асырады

Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.06.30 № 297-IV (2011.07.01 бастап

қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі),

2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.06.28 № 22-V (2012.07.01

бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап

қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он

күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін

күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2013.01.08 N 64-V (2013.01.01 бастап

қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 N 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он

күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 № 107-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін

күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми

жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 N 159-V

(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

Заңдарымен.

8-бап. Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері бар

орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық

мемлекеттік органдардың құзыреті

Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері бар орталық атқарушы органдар мен өзге де

орталық мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде:

1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің қызметіне басшылық жасауды жүзеге

асырады;

3) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде әскери-медициналық (медициналық)

қамтамасыз ету тәртібін бекітеді;

4) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің басшыларын лауазымға тағайындайды және

лауазымнан босатады;

5) денсаулық сақтау саласындағы электрондық ақпараттық ресурстардың және ақпараттық

жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілердің құрылуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

6) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде медициналық көмек көрсету тәртібін

бекітеді;

7) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердегі ұйымдар мен бөлімшелердің құрылымын,

олардың қызметі туралы ережелерді, үлгілік штаттарды және штат нормативтерін әзірлейді және

бекітеді;

8) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін

күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

9) уәкілетті органға әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің аумағында шектеу

іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу (оны тоқтату) туралы ұсыныстар енгізеді;

10) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде тиісті контингентке медициналық

тексеріп-қарау жүргізудің тәртібі мен кезеңділігін белгілейді;

11) Әскери-дәрігерлік комиссияның құрамын және ол туралы ережені бекітеді.

Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми

жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

9-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және

астананың жергілікті мемлекеттік басқару

органдарының құзыреті

1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті өкілді

органдары:

1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін

күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

2) ауылдық жерге жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік

қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау

көрсетудің тәртібі мен мөлшерлерін айқындайды;

3) денсаулық сақтау мен медициналық білім берудің жергілікті бюджеттерін және олардың

атқарылуы туралы есептерді бекітеді;

4) азаматтарға емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен

тегін немесе жеңілдікпен жол жүруді ұсыну туралы шешім қабылдайды;

5) азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті

шарттармен дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды

қосымша беру туралы шешім қабылдайды;

6) денсаулық сақтау ұйымдарының дамуы мен жұмыс істеуіне бағытталған іс-шараларды

бекітеді;

7) донорларға қосымша көтермелеу беру туралы шешім қабылдайды;

8) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын уәкілетті орган бекіткен ең төменгі

нормативтерден артық қосымша кадрмен және материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы шешімді

оларды толық көлемінде орындау шартымен қабылдайды;

9) салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыруға жәрдемдеседі;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды

мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы

органдары:

1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты

іске асырады;

2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін

күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

3) уақытша бейімдеу және детоксикациялау жөніндегі медициналық қызметтер көрсетуді қоса

алғанда, азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу құқығын іске

асыруын қамтамасыз етеді;

4) қан мен оның компоненттерінің ерікті өтеусіз донорлығын дамыту жөніндегі шаралардың

іске асырылуын қамтамасыз етеді;

5) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарын құрады;

6) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін бақылауды

ұйымдастырады;

7) денсаулық сақтау ұйымдарының желісін дамыту мен оларды қаржылық және

материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі, оның ішінде дәріханалардың мемлекеттік желісін

дамыту және дәріхана қоймаларын құру жөніндегі шараларды қабылдайды;

8) денсаулық сақтаудың мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларының қызметін

үйлестіреді;

9) төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимін енгізу кезінде тегін медициналық көмек

көрсетуді, дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етеді;

10) денсаулық сақтау саласындағы өңіраралық және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге

асырады;

11) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес медициналық және

фармацевтикалық қызметті, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының,

психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет түрлерін лицензиялауды

жүзеге асырады;

12) медицина және фармацевтика кадрларын даярлауды, олардың біліктілігін арттыру мен

оларды қайта даярлауды қамтамасыз етеді;

13) денсаулықты нығайту, аурулардың профилактикасы, салауатты өмір салтын және дұрыс

тамақтануды қалыптастыру үшін қажетті іс-шараларды жүзеге асырады;

14) белгіленген ұлттық стандарттарды сақтай отырып, халыққа білікті және мамандандырылған

медициналық көмек көрсетуді, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға

қауіп төндіретін аурулардың профилактикасын және олардан емдеуді, оған қоса тегін медициналық

көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрімен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

15) мүмкіндігі шектеулі балаларды ата-анасының немесе өзге заңды өкілдерінің келісімімен

психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жіберуді қамтамасыз етеді;

16) өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

17) уәкілетті органмен денсаулық сақтау саласындағы қызметтің түпкі нәтижелеріне қол

жеткізуге бағытталған меморандум жасасады және оны іске асырады;

18) туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматты мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы сот

шешімін орындауға жәрдемдеседі;

18-1) медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бөлшек саудада өткiзуді

жүзеге асыратын субъектілердің тізілімін жүргізеді;

18-2) медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысу, сондай-ақ денсаулық сақтау

саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты

қызмет түрлері бойынша Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасының сақталуына

бақылауды жүзеге асырады;

19) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен

жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми

жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV

(2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан

кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми

жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 N 102-V

(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң

қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан

кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

10-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және

астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік

басқарудың жергілікті органдарының құзыреті

Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды

мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары өз өкілеттігі шегінде:

1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, білім және ғылым саласындағы заңнамасының

орындалуын қамтамасыз етеді;

3) азаматтарды және оралмандарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі

шеңберінде уақытша бейімдеу және детоксикациялау жөніндегі медициналық қызметтер көрсетуді қоса

алғанда, медициналық көмекпен және дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен

қамтамасыз етеді;

4) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторинг пен бақылауды ұйымдастырады және

жүзеге асырады;

5) денсаулық сақтау бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері функциясын жүзеге асырады;

6) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі медициналық және

фармацевтикалық қызметтер берушіні таңдауды және оның шығындарын өтеуді жүзеге асырады;

7) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету шеңберінде дәрілік

заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы)

препараттарды:

амбулаториялық деңгейде - уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес;

стационарлық деңгейде - дәрілік формулярлар шегінде Қазақстан Республикасының Үкіметі

белгілеген тәртіппен сатып алуды жүзеге асырады;

8) медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, медициналық емес

жабдықтарды, санитариялық көлікті, сондай-ақ мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына күрделі

жөндеу жүргізуге арналған қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастырады;

9) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын кадрмен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

10) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыруды қамтамасыз етеді;

11) денсаулық сақтау саласындағы өңірлік электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық

жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілердің құрылуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

12) жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік денсаулық сақтау

ұйымдарындағы клиникалық базаларды жоғары және орта медициналық оқу орындарына береді;

13) төтенше жағдайлар кезінде тегін медициналық көмек көрсетуді, дәрілік заттармен және

медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

14) медицина және фармацевтика кадрларын даярлау, олардың біліктілігін арттыру мен оларды

қайта даярлау жөніндегі қызметті ұйымдастырады және үйлестіреді;

15) гигиеналық оқытуды, салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды насихаттау мен

қалыптастыруды ұйымдастырады;

16) халықты әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін

аурулардың таралуы туралы хабардар етеді;

17) азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша халықаралық және үкіметтік емес

қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды;

18) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде статистикалық әдіснама талаптарын сақтай

отырып денсаулық сақтау саласындағы ведомстволық статистикалық байқауды жүзеге асырады;

19) ведомстволық бағынысты мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының кәсіптік

құзыреттілігіне аттестаттау жүргізеді.

Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.03.19 № 258-IV, 2010.12.29 N 372-IV

(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi),

2012.06.28 № 22-V (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми

жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

11-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингтің


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: