Емделуге жолдамалар беріледі

4. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту

тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Ескерту. 52-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа

енгізіледі) Заңымен.

53-бап. Паллиативтік көмек және мейірбике күтімі

1. Паллиативтік көмек аурудың терминалдық (соңғы) сатысындағы дауасыз науқастарға

мамандандырылған құрылымдық бөлімшелерде, дербес медициналық ұйымдарда (хоспистарда) немесе

үйдегі стационар нысанында дәрігердің басшылығымен көрсетіледі.

2. Мейірбике күтімі дәрігер бақылауы талап етілмейтін жағдайларда мамандандырылған

құрылымдық бөлімшелерде, дербес медициналық ұйымдарда (мейірбике күтімі ауруханаларында) немесе

үйдегі стационар нысанында жүзеге асырылады.

3. Паллиативтік көмекті және мейірбике күтімін көрсету тәртібін Қазақстан Республикасының

Үкіметі белгілейді.

Ескерту. 53-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа

енгізіледі) Заңымен.

54-бап. Дәстүрлі медицина, халық медицинасы (емшілік)

1. Дәстүрлі медицина әдістеріне гомеопатия, гирудотерапия, мануальдық терапия,

рефлекс-терапия, фитотерапия және табиғаттан алынатын құралдармен емдеу жатады.

2. Медициналық білімі бар, тиісті лицензия алған адамдардың дәстүрлі медицина саласындағы

қызметке құқығы бар.

3. Халық медицинасы (емшілік) - халық жинақтаған емшілік құралдар туралы, сондай-ақ емдеу

және гигиена тәсілдері мен дағдылары және оларды денсаулықты сақтау, аурулардың алдын алу мен

оларды емдеу үшін практикада қолдану туралы эмпирикалық мәліметтердің жиынтығы.

4. Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік

он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5. Жаппай емшілік сеанстарын, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып

өткізуге тыйым салынады.

Ескерту. 54-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан

кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

55-бап. Зертханалық диагностика

1. Зертханалық диагностика - ауырудың (жай-күйдің) болу немесе болмау фактісін пациенттен

алынған биоматериалдарды зертханалық зерттеу жолымен анықтауға бағытталған медициналық қызметтер

көрсету кешені.

2. Зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе)

осы ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ережені, сондай-ақ олар жүргізетін

зерттеулердің көлемі мен түрлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Ескерту. 55-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа

енгізіледі) Заңымен.

56-бап. Патологиялық-анатомиялық диагностика

1. Патологиялық-анатомиялық диагностика патологиялық-анатомиялық ашып қарау барысында

мәйіттің тіндері мен ағзаларындағы, сондай-ақ науқастың хирургиялық операция және (немесе)

биопсия жолымен алынған ағзаларындағы (ағзаларының фрагменттеріндегі) және тіндеріндегі

өзгерістердің жиынтығын талдау арқылы диагноз қою мақсатында жүргізіледі және ол тікелей

тексеріп-қараудың (макроскопиялық зерттеулердің), үлкейткіш аспаптарды (микроскопиялық

зерттеулер), өзге де технологияларды пайдалану арқылы зерттеулердің нәтижелеріне, сондай-ақ

клиникалық-анатомиялық салыстыруларға негізделеді.

2. Патологиялық-анатомиялық ашып қарау өлімнің себептерін белгілеу және ауырудың диагнозын

нақтылау мақсатында жүргізіледі.

Ана және сәби өлімі, сондай-ақ аса қауіпті инфекциялардан қайтыс болу жағдайларын

қоспағанда, өлімнің күш қолданудан болғанына күдік болмаған және жұбайының (зайыбының), жақын

туыстарының немесе заңды өкілдерінің жазбаша өтініші не осы адамның тірі кезінде берген жазбаша

ырық білдіруі болған кезде, мәйітті патологиялық-анатомиялық ашып қарау жүргізілместен, өлімнің

болу фактісін куәландыратын уәкілетті орган бекіткен нысандағы құжатты бере отырып, беруге

рұқсат етіледі.

Қайтыс болған адамның жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының немесе заңды өкілінің талап

етуі бойынша патологиялық-анатомиялық ашып қарауды тәуелсіз сарапшы (сарапшылар) Қазақстан

Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізуі мүмкін.

3. Патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының

және (немесе) осы ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ережені, сондай-ақ

патологиялық-анатомиялық ашып қарауды жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: