Жасалады

4. Мүмкіндігі шектеулі, сондай-ақ АИТВ инфекциясын жұқтырған, ЖИТС-пен ауыратын балалардың

білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы

заңнамасына сәйкес тегін медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау алуға құқығы бар.

АИТВ инфекциясын жұқтырған балалардың балалар үйлерінде және жалпы мақсаттағы өзге де

медициналық және оқу-тәрбие ұйымдарында болуға құқығы бар.

5. Балаларды балалар үйіне және білім беру ұйымына, жетім балалар мен ата-анасының

қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымға орналастыруға медициналық қарсы айғақтар

тізбесін уәкілетті орган бекітеді.

90-бап. Азаматтардың, дара кәсіпкерлер мен заңды

тұлғалардың міндеттері

1. Азаматтар:

1) өз денсаулығын сақтаудың қамын жасауға;

2) денсаулық сақтау ұйымдарының қолданыстағы режимін сақтауға;

3) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес

профилактикалық медициналық тексеріп-қараудан өтуге;

4) медицина қызметкерлерінің, денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарының жеке және

қоғамдық денсаулыққа қатысты нұсқамаларын орындауға;

5) өз денсаулығын және айналасындағылардың денсаулығын сақтау жөніндегі сақтық шараларын

орындауға, медициналық ұйымдардың талап етуі бойынша зерттеп-қараудан өтуге және емделуге,

инфекциялық аурулар мен айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде өзінің ауруы туралы

медициналық персоналға хабарлауға міндетті.

Айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыратын азаматтар зерттеп-қараудан және

емделуден жалтарған жағдайда, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына

сәйкес куәландырылуға және мәжбүрлеу тәртібімен емделуге тартылады.

Айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардан зардап шегетін азаматтарды мәжбүрлеп

емдеуге жіберудің негіздері мен тәртібі осы Кодекспен реттеледі;

6) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын сақтауға міндетті.

2. Жүкті әйелдер жүктіліктің он екі аптасына дейінгі мерзімде медициналық есепке тұруға


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: