Салынады

5. Дәрігер психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамға, егер ол жазылған

ақпараттың мәнісін дұрыс қабылдай алатын болса, немесе оның заңды өкіліне психиканың бұзылуының

(ауруының) сипаты, емдеу мақсаттары мен әдістері туралы жазбаша ақпаратты, сондай-ақ ұсынылатын

емдеудің ұзақтығы, ықтимал ауруды сезіну, жанама әсерлер туралы және күтілетін нәтижелер туралы

деректерді психиатриялық куәландыру жүргізілген кезден бастап қырық сегіз сағат ішінде береді.

Медициналық құжаттамада берілген ақпарат туралы жазба жасалады. Қалған жағдайларда бұл ақпарат

осы Кодекстің 95-бабының 4-тармағына сәйкес ұсынылуы мүмкін.

6. Осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, психикасының бұзылуынан

(ауруынан) зардап шегуші адамды емдеу оның немесе оның заңды өкілдерінің келісімі алынғаннан

кейін жүргізіледі.

7. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамның келісімінсіз немесе оның заңды

өкілінің келісімінсіз емдеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер бойынша

медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданған кезде ғана, сондай-ақ осы Кодекстің

94-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша ауруханаға мәжбүрлеп жатқызған кезде

жүргізілуі мүмкін. Ауруханаға шұғыл жатқызылған реттерді қоспағанда, мұндай жағдайларда емдеу

психиатр-дәрігерлер комиссиясының шешімі бойынша жүзеге асырылады. Адамды оның келісімінсіз

ауруханаға жатқызу кезінде оны психиатриялық ұйымға орналастырған кезден бастап қырық сегіз

сағат ішінде психиатр дәрігерлер комиссиясының емдеу тәртібі туралы шешімді қабылдау қамтамасыз


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: