Жатады

2. Тамақ өнімдерін мемлекеттік тіркеу "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан

Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

3. Адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін

мемлекеттік тіркеу:

1) заттар мен жекелеген өнім түрлерінің халық пен мекендеу ортасы үшін қауіптілігін

сараптамалық бағалау;

2) заттар құрамының, өнімдердің жекелеген компоненттерінің халықтың

санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және

гигиеналық нормативтерге сәйкестігін белгілеу;

3) арнаулы шараларды, оның ішінде заттар мен жекелеген өнім түрлерін кәдеге жарату мен жою

жағдайларын, олардың халық пен мекендеу ортасына зиянды әсерінің алдын алу жөніндегі арнаулы

шараларды әзірлеу негізінде жүргізіледі.

4. Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық активті қоспаларды,

генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекциялау, дезинсекциялау және

дератизациялау құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды,

химиялық заттарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін

мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу

тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

5. Тамақ өнімдерін және адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың

жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу кезінде оларға

санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және ғылыми негіздеме жүргізумен байланысты шығыстарды

өтінім берушілер көтереді.

6. Қазақстан Республикасында тіркелген және қолдануға рұқсат етілген заттар мен өнімдердің

тізілімі мерзімді баспа басылымдарында жариялануға жатады.

147-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг

1. Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг халықтың денсаулығы мен мекендеу ортасының

жай-күйіне, оларды талдауға, бағалау мен болжауға, сондай-ақ халықтың денсаулығының жай-күйі мен

мекендеу ортасы факторларының әсері арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды айқындауға байқау

жүргізудің мемлекеттік жүйесі болып табылады.

2. Санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен

мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдары жүзеге асырады.

148-бап. Инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда

болуы мен таралуының, халықтың улануының алдын

Алу

1. Инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуының және таралуының, халықтың

улануының алдын алу мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің

құжаттарында көзделген санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық), оның ішінде Қазақстан

Республикасының аумағын санитариялық қорғауды жүзеге асыру, шектеу іс-шараларын, оның ішінде

карантинді енгізу, өндірістік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі, инфекциялық және паразиттік

аурулармен ауыратын науқастарға қатысты, халықты медициналық тексеріп-қарауды, профилактикалық

егуді, гигиеналық тәрбие беру мен оқытуды жүргізу жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі.

2. Санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) iс-шаралар Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгiзiлуге жатады.

3. Инфекциялық және паразиттік аурулармен ауыратын науқастар, инфекциялық және паразиттік

аурулармен ауырады деп күдік туғызатын адамдар, бактерия таратушылар оқшаулануға және емделуге,

ал олармен қарым-қатынаста болған адамдар - медициналық байқауға алынуға және қажет болған кезде

оқшаулануға және емделуге жатады.

4. Айналасындағылар үшін қауіп төндіретін созылмалы инфекциялық және паразиттік аурулармен

ауыратын науқастар, созылмалы бактерия таратушылар Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына

сәйкес жұмыстан уақытша шеттетілуге жатады.

Ескерту. 148-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми

жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

149-бап. Қазақстан Республикасының аумақтарын санитариялық

қорғау

1. Автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда, кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс

келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде жолаушыларға,

экипаждарға, поезд бригадаларына, көлік құралдарына, халық денсаулығына қауіп төндіретін

жүктерге санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыру үшін санитариялық-карантиндік

пункттер ұйымдастырылады.

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде

(санитариялық-карантиндік пункттерде) санитариялық-карантиндік қадағалауды халықтың

санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық

бөлімшелері жүргізеді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде

санитариялық-карантиндік қадағалауды Қазақстан Республикасының кеден органдары жүргізеді.

3. Әкелінуіне тыйым салынған қауіпті жүктер мен тауарларды, сондай-ақ оларға қатысты

санитариялық-карантиндік қадағалау жүргізген кезде олардың Қазақстан Республикасының аумағына

әкелінуі инфекциялық аурулардың немесе жаппай инфекциялық емес аурулар мен уланулардың пайда

болуы мен таралу қаупін төндіреді деп белгіленген жүктер мен тауарларды Қазақстан

Республикасының аумағына әкелуге жол берілмейді.

Ескерту. 149-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап

қолданысқа енгізіледі), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он

күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

150-бап. Инфекциялық аурулар эпидемиясының пайда болу

қаупі төнген жағдайда шектеу іс-шараларын, оның

ішінде карантин енгізудің шарттары

1. Инфекциялық және паразиттік аурулардың әкеліну және таралу қаупі төнген жағдайда, осы

Кодекске сәйкес уәкілетті орган кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан

Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде және тиісті аумақтарда шектеу

іс-шараларын, оның ішінде кәсіпкерліктің және (немесе) өзге де қызметтің және халықтың

тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен карантин енгізеді.

2. Шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген жағдайда орталық және жергілікті

атқарушы органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметін үйлестіру бойынша оралымды басшылық

жасау төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік

комиссияға және төтенше жағдайлар жөніндегі аумақтық комиссияларға жүктеледі.

3. Жекелеген объектілерде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин тиісті аумақтың

(көліктегі) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің немесе оның орынбасарларының, сондай-ақ

ведомстволық объектілерде - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы

қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелері басшыларының шешімімен енгізіледі

(тоқтатылады).

4. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру тәртібін және пайда болу мен

таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық

аурулардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Ескерту. 150-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.06.30 № 297-IV (2011.07.01 бастап

қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

151-бап. Инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар мен

улану оқиғаларын тіркеу және тексеру

1. Инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар мен уланудың барлық оқиғалары, олардың

анықталған жері бойынша денсаулық сақтау ұйымдарының тіркеуге алуына, мемлекеттік санитариялық-

эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының мемлекеттік есепке алуына және есептілікті

жүргізуіне жатады. Көрсетілген аурулар мен улану оқиғаларын тіркеу, есепке алу тәртібін,

сондай-ақ олар бойынша есептілікті жүргізу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

2. Инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар мен халықтың улану оқиғалары уәкілетті

орган белгілеген тәртіппен санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының тексеру жүргізуіне


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: