Міндетті

166-бап. Донорды медициналық зерттеп-қарау

1. Донор қан мен оның компоненттерін тапсыру (донациялау) алдында уәкілетті орган

белгілеген тәртіппен міндетті тегін медициналық зерттеп-қараудан өтеді.

2. Донорлық функцияны жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы туралы анықтамалар мемлекеттік

денсаулық сақтау ұйымдарында тегін беріледі.

167-бап. Донорға берілетін кепілдіктер

1. Донор болып табылатын қызметкерді медициналық зерттеп-қарау және қан мен оның

компоненттерін тапсыру (донациялау) күндері жұмыс беруші орташа айлық жалақысын сақтай отырып,

жұмысынан босатады.

2. Егер донор болып табылатын қызметкер жұмыс берушімен келісім бойынша қан мен оның

компоненттерін тапсыру (донациялау) күндері жұмысқа шықса, оның орташа айлық жалақысы сақтала

отырып, өзінің қалауы бойынша басқа демалыс күні беріледі не бұл күн жыл сайынғы еңбек

демалысына қосылуы мүмкін.

3. Адамды қан мен оның компоненттерін тапсыру (донациялау) күндері түнгі уақыттағы

жұмыстарға, үстеме жұмыстарға, ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және

(немесе) қауіпті жұмыстарға тартуға жол берілмейді.

4. Донор болып табылатын әскери қызметші қан мен оның компоненттерін тапсыру (донациялау)

күндері нарядтарда, вахталарда тұрудан және қызметтің басқа да түрлерін атқарудан босатылады.

5. Донор болып табылатын студенттер, оқушылар қан мен оның компоненттерін тапсыру

(донациялау) күндері оқу-тәрбие процесінен босатылады.

6. Донорларды көтермелеу жүйесін уәкілетті орган бекітеді.

Донорға қан мен оның компоненттерін тапсырудың (донациялаудың) жиынтық санын ескере

отырып, берілетін қосымша көтермелеу шаралары Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық

актілерімен айқындалады.

7. Донорлық функцияны өтеусіз жүзеге асырған донор қан мен оның компоненттерін

тапсырғаннан (донациялағаннан) кейін өз қанының көлемі мен организмінің әл-ауқаты шығындарын

толтыру үшін таңдауы бойынша тегін тамақ не Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін

мөлшердегі оның ақшалай баламасын алады.

8. Донорлық функцияны ақылы негізде атқарған донорға қан мен оның компоненттерін дайындау

саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы Қазақстан Республикасының Үкіметі

белгілейтін тәртіппен және мөлшерде ақы төлейді.

168-бап. Жұмыс берушілер мен ұйымдар басшыларының

донорлықты дамытуды қамтамасыз ететін жағдайлар

жасау жөніндегі міндеттері

1. Жұмыс берушілер мен ұйымдардың басшылары донорлықты дамытуды қамтамасыз ететін

жағдайлар жасау мақсатында:

1) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, мемлекеттік денсаулық

сақтау ұйымдарына азаматтарды донорлар қатарына тартуына жәрдем көрсетуге;

2) қан мен оның компоненттерін алу үшін қажетті үй-жайларды өтеусіз беруге және жағдай

жасауға;

3) донор болып табылатын қызметкерді зерттеп-қарау және қан мен оның компоненттерін

тапсыру (донациялау) күні жұмыстан кедергісіз босатуға;

4) донор болып табылатын қызметкерге осы Кодексте белгіленген кепілдіктерді беруге


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: