Борышы болып табылады

6. Денсаулық сақтау ұйымының ұжымы оның басшысының шешімі бойынша медицина және

фармацевтика қызметкерінің Ар-намыс кодексінің ережелерін сақтамау фактісін қарап, қараудың

нәтижесі бойынша қоғамдық мін таға алады.

7. Денсаулық сақтау ұйымының басшылары Ар-намыс кодексі мәтінінің көрнекі үгіт орындарында

орналастырылуын қамтамасыз етеді.

9-1-бөлім. Ұлттық алдын алу тетігінің негізгі ережелері

Ескерту. Кодекс 9-1-бөліммен толықтырылды - ҚР 02.07.2013 № 111-V Заңымен (алғашқы ресми

жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

31-1-тарау. Ұлттық алдын алу тетігі

184-1-бап. Ұлттық алдын алу тетігі

1. Ұлттық алдын алу тетiгi ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қызметі арқылы жұмыс

істейтін, азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын

iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiнiң алдын алу жүйесі түрінде қолданылады.

2. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары өз қызметі шеңберінде мәжбүрлеп емдеуге

арналған ұйымдарда (мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдарда, мәжбүрлеп емдеуге арналған

наркологиялық ұйымдарда, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануға арналған

психиатриялық стационарларда (мәжбүрлеп емдеу үшін жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда,

мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда, жіті бақылау жасалатын мамандандырылған

үлгідегі психиатриялық стационарда) және осы қатысушылардың болуы (бұдан әрі – алдын ала болу)

үшін Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын өзге де ұйымдарда болады.

3. Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл, сондай-ақ Үйлестіру кеңесі іріктейтін, азаматтардың

құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қоғамдық байқаушы

комиссиялардың және қоғамдық бiрлестiктердiң мүшелерi, заңгерлер, әлеуметтік қызметкерлер,

дәрігерлер ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары болып табылады.

4. Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қызметін

үйлестіреді, ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қажетті әлеуеті мен кәсіптік білімін

қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолданады.

5. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу

Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

184-2-бап. Үйлестіру кеңесі

1. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қызметін тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында Адам

құқықтары жөнiндегi уәкiлдің жанынан Үйлестіру кеңесі құрылады.

Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлді қоспағанда, Үйлестіру кеңесінің мүшелерін Адам құқықтары

жөнiндегi уәкiл құратын комиссия Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан сайлайды.

2. Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл:

Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережені;

ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушыларын іріктеу тәртібін;

алдын ала болу үшін ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушыларынан топтар құру тәртібін;

алдын ала болу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды;

алдын ала болу қорытындылары бойынша жыл сайынғы жинақталған баяндаманы дайындау тәртібін


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: