Рульдік механизм мен жетеігі

Рульдік механизм беріліс күшін жүргізушіден рульдік жетекке беруді жүзеге асырады. Оны арттыра отырып, рульдік донғалақтардың бұрылысын жетілдіреді. Рульдің механизмі иірмекті, винтті, аралас, рейкалы механизмді рульдік басқару болып бөлінеді.

Иірмекті рульдік механизм, кейбір рульдік басқарудың механикалық күшейткіші бар автомобильдерде қолданылады. Червякті механизмдер червяк – ролик, червяк – сектор, иірмек – иінді берілісті болып келеді. Аунақша екі қатарлы немесе үш қатарлы, сектор – екі немесе көп тістегерішті, иін – бір немесе екі шегелі болады.

Иірмек рульдік механизм ГАЗ – 53- автомобилінің барлық модельдерінде орнатылған. Рульдік механизмінің мұндай түрі үш қатарлы аунақшада 5 және доғаланған(глобоидты) иірмек 1, бұл беріліс қуатты иірмек жұбын құрайды.

Иірмектің ішінде щилиці бар, соның көмегімен ол рульдік біліктің щилиціне орнатылған. Иірмек 1 қуысталған білікке 2 престеліп, картердің 6 қашап кеңейтілген жеріне орналасқан екі конус подшипникке тіреледі. Ролик 5 осьте 3 инелі подшипникте айналып тұрады. Аунақшаның осі сошка білігінің ұшына 4 престелген және цилиндрлі роликті ішпекте айналып тұрады. Ішпектің сыртқы құрсауы ось бағытында қапақпен қысып жабылған. Төменгі қақпақтың фланеці астына ішпектің остік саңылауын реттеу үшін жұқа аралық төсем салынған. Жоғарғы қақпақ рульдік бағананың негізі: оның төменгі шеті қақпақтың қашап кеңейтілген жеріне еніп тұрады.

Бағанының ішінде рульдік белдік орналасқан. Жоғарғы бөлігінде рульдік білік 2 бағанға орнатылған радиалды тіректі шарикті ішпекке тіреледі. Рульдік біліктің жоғарғы конустық шетіне рульдік дөңгелек шпонка мен гайка арқылы бекітілген.

Үш қатарлы аунақша екі инелі ішпекке тіреледі, ол білік сошкасының құйылма тесігіне престелген осіне орналасқан. Сошканың12 білігі 4 сырт жағынан корпусқа престелген втулкаға, ал ішкі жағынан қақпақтың бүйіріне орнатылған цилиндрлі роликті ішпекке тіреледі. Сошка білігінің 4 ішкі шеті сақиналы қырнақ түрінде болып, реттеуіш винттің ойығына енеді. Винт ұшының арғы жағында арнаулы кілт үшін ойық жасалынған. Реттеуіш винт 9 қақпақтың бүйіріне бұрап енгізіледі және сошка 12 білігінің 4 остік ығысуын болдырмайды. Ол шайбамен 7 бекітіліп, мұртшасымен винттің ойығына кіріп тұрады. Винтке қалпақты сомын 8 кигізіледі, ол тығырықты қақпаққа қысып тұрады. Реттеуіш винтпен сошка білігін ось бағытында ауыстырып тұруға, червяк 1 пен ролик 5 аралығындағы саңылауды өзгертуге болады, мұның өзі рульдік доңғалақтың еркін жүрісіне әсерін тигізеді. Сошка білігінің 4 сыртқы шетінде ұсақ жіңішке шлиці бар, оған сошка 12 кигізіледі. Сошканың 12 білікке 4 дұрыс орнату үшін оның ұшына сызат сызықтар белгіленген. Білікке 4 сошканы 12 гайкамен бекітеді және пайдалану кезінде оны керіп тұрады. Рульдік механизмінің корпус бөлшектерін майлау үшін құю тесігінің деңгейіне келтеріп трансмиссиялық май құйып, тығынмен 11 бұрап бекітіледі. Корпустан май ағыуын болдырмау үшін өздігінен қысатын сальник, киіз сақина және картоннан аралық төсем салып бекітеді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: