Глоссарий

Тәрбие – бір мақсатқа бағытталған педагогтың кәсіптік іс-әрекеті, баланың тұлға ретінде дамуына, өз өмірінің субъектісіне айнала отырып, құндылықтарды игеруге әсер ету.

Аксиология – тұлғаның, қоғамның материалдық мәдени, рухани, ізгілік және психологиялық құндылықтарының тарихи – даму процесс кезінде өмір шындығымен байланыстылығы жайындағы философиялық ілім.

Гумандық – адамға сүйіспеншілік. Адам тәрбиесі ме оқытуда қалыптастырылатын негізгі ізгілік құндылық.

Мұғалім беделі – ерекше кәсіптік позиция, оқушыларға ықпал ете отырып, шешім қабылдау, бағалау, кеңес беру.

Педагогикалық ықпал – педагогтық тәрбиеленушінің санасына, жігеріне, эмоциясына әсер етуі және оның өмірі мен іс-әрекетін қойылған мақсатқа сай бағыттау, тұрақты тұлғалық қасиет қалыптастыру.

Мұғалім имиджі – тәрбиеленушінің, әлеуметтік ортаның санасында мұғалімді, адамды эмоциналды қабылдау образ стереотипі.

Карьера – кәсіптік рольдердің, әртүрлі адам өмірінде рет-ретімен ауысып отыруы, еңбек жолында мақсатқа жету.

Өзін-өзі бағалау – адамның жетістіктерін, олқылықтарын, мүмкіндіктерін бағалауы.

Қалыптасу – адамның өз дамуында жаңа формалар мен белгілерге жетуі, яғни мінездің, тұлғаның, ойлаудың қалыптасуы.

Мұғалімнің кәсіби әлеуметтенуі – кәсіптік ортаға ену процесі, педагогикалық тәжірибені игеру, педагогикалық ортаның стандарттары мен құндылықтарын игеру.

Мұғалімнің кәсіби «Мен-концепциясы» - 4-ке бөлінеді:

«Нақты Мен» - мұғалімнің өзін қазіргі еңбек ету жағдайын бағалауы, «Ретроспективті Мен» - жүріп өткен еңбек жолына баға беру;

«Идеал Мен» - идеал бейнеге ұмтылу;

«Рефлексивті Мен» - басқа адамдардың көзімен еңбегін бағалау.

Тар мағынада тәрбие – тұлғаны қалыптастыруға мақсатты түрде бағытталған процесс.

Кең мағынада тәрбие дегеніміз – қоғамдық-тарихи тәжірибені, жоғары моралдық нормаларды, ғылыми дүниетанымды, еңбек ету және тәртіп мәдениетін жаңа ұрпаққа беру процесі.

Тәрбие арқылы тұлғаның дүниеге көзқарасы, мінез-құлқы, жалпы адамдық қасиеттері қалыптасады.

Білім беру - табиғат және қоғам жайында жинақталған білім жүйесін, ойлау амалдарын жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді қолдана білу процесі.

Білім беру ұғымын алғаш рет педагогикаға енгізген ғалым И.Г.Песталоцци.

Оқыту – арнайы ұйымдастырылған, мақсатты, басқарылатын оқушы мен оқытушының оқушылар өзара әрекет ету процесі. Бұл процесс оқушыларға білім, білік, дағдыларды меңгертуге, дүниеге көзқарастарын қалыптастыруға, оқушылардың потенциялдық мүмкіндіктері мен ақыл-ой күштерін дамытуға, алдыға қойған мақсаттарына сай өз білімдерін жетілдіру дағдыларын бекітуге бағытталған. Оқыту екі жақты процесс.

Даму – адам ағзасының сандық және сапалық жағынан өзгеру процесі мен нәтижесі. Тұлғаның дамуы ішкі және сыртқы, басқарылатын және басқарылмайтын, әлеуметтік және табиғи факторлардың ықпалымен жүзеге асады.

Адам тұлғасының психикалық процестерінің, күш-қуаттық, рухани әлеуметтік т.б. дамуын бөліп қарастыруға болады.

Қалыптастыру -әр түрлі (экологиялық, әлеуметтік, экономикалық, идеологиялық, психологиялық, тәрбие, тұқым қуалау т.б.) факторлардың ықпалымен адамның құрылу (даму) барысы (становления) және нәтижесі. Ол адам тұлғасының аятталған, кемеліне келген деңгейін көрсетеді.

Өзін-өзі тәрбиелеу –адамның өзінің жағымды қасиеттерін қалыптастыруға және жетілдіруге, ал жағымсыз жақтарын жоюға саналы әрі мақсатты түрде бағытталған іс-әрекеті. Өзін-өзі тәрбиелеудің негізгі шарты адам өзін-өзі жақсы білуі керек, сондай-ақ өзін-өзі дұрыс бағалай білуі, өзіндік санасы, алдыға қойған анық мақсаты, идеалы болуы қажет.

Ғылымның әдіснамасы дегеніміз – ғылыми танымның құрылу принциптері, түрлері мен тәсілдері туралы ілім.

Педагогика ғылымының әдіснамасы – бұл педагогикалық теориялардың негізі мен құрылымы туралы, педагогикалық құбылыстар мен процестерді зерттеу туралы, білімдерді алу амалдары туралы білімдердің жүйесі.

Педагогикалық зерттеу әдістері дегеніміз – құбылыстарды жан-жақты білуге және ғылыми мәселелерді шешуге бағытталған тәсілдердің жиынтығы.

Педагогикалық процесс дегеніміз -тәрбиеші мен тәрбиеленушінің алдыға қойған мақсатқа жетуіне бағытталған өзара әрекеттесуі немесе әлеуметтік тәжірибенің тұлға бойында қалыптасу процесі.

Жеке адамның дамуы дегеніміз – оның нерв жүйесіндегі функционалдық мүмкіншіліктерінің, психикалық процестерінің, адамгершілік қасиеттерінің білімінің, көзқарастарының, оқу қабілетінің адам баласы жасаған материалдық және рухани байлықты игерудің және сол байлықты келешекте жасаудың даму тарихы.

Акселерация -баланың қарқынды даму құбылысы, яғни баланың ерте жыныстық дамуы және мінезіндегі психофизиологиялық өзгерістер.

Тренинг - интерактивті оқыту формасы. Оның мақсаты тұлғааралық және кәсіптік қатынас тәртібін жетілдіру. Мұғалімдерді кәсіби жағынан даярлаудың бір әдісі болып табылады.

Тьютор (опекун) –қамқоршы.

Индивид –табиғаттағы жеке бір жан ретіндегі адам; адам қоғамының жеке бір өкілі.

Тұлға -адамдар ортасында өзінің позициясын еркін және нақты анықтай алатын, қоғамның өкілі. Адам тұлға болып туылмайды, тек әлеуметтену процесінде тұлға болады. Қоршаған ортамен өзара әрекеттесу, қоғаммен және адамдармен, мәдениетпен қарым-қатынас барысында қалыптасады.

Құндылық бағдар -1) адамның материалдық және рухани құндылықтарға өзіндік қатынасы, оның сенімі мен ұстаным жүйесі. 2) адамның объектілерді оның мәніне қарай саралау амалы.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті   СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2015 3 басылым
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ
Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы Ф.4.09-33
28.05.2015ж.

Педагогика мамандығына кіріспе

Кафедра__ Педагогика және психология ___________________________

Кредит саны__ 1 __________________________________________________

Пән циклі_____ міндетті ___________________________________________

Әдебиет түрі Шифр Әдебиет атауы Бар болуы Ескерту  
Кітапханада %  
Негізгі   Ч31я73 Ә14   Әбиев Ж. Педагогика: Оқу құралы / Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова 2012        
  Ч31я73 Б12   Бабаев С.Б. Жалпы педагогика: Оқулық / С.Б. Бабаев, Ж.Қ. Оңалбек.- Алматы: Заң, 2011        
  Ч31я73 Қ70   Қоянбаев Ж.Б. Педагогика: / Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев.- 3-ші басылымы.- Алматы: Эверо, 2012        
  Ч31я73 А94   Ахметова Г.К. Педагогика: Оқулық / Г.К. Ахметова, З.Ә. Исаева, Н.С. Әлқожаева.- Алматы: Қазақ университетi, 2012.- 220бет.        
  Ч31я73 П23   Педагогика: Оқулық.- Алматы: PRINT-S, 2013.- 430бет. (Общее кол-во-20,Ост.-20)            
Қосымша   Ч31я73 Б12   Бабаев С.Б. Жалпы педагогика: Оқулық / С.Б. Бабаев,Ж.ҚОңалбек. Алматы: Заң әдебиеті, 2005.- 228бет.        
  Ч31я73 Б45   Бержанов К. Педагогика тарихы. Қысқаша курс: / К. Бержанов, С. Мусин.- Өңделіп 2-ші басылуы.- Алматы: Мектеп, 2004.        
  Ч31я73 Д 14   Дайрабаев Е. Педагогика пәнінің негіздері: Оқу құралы / Е. Дайрабаев, А. Дайрабаева.- Алматы: Қазақ университетi, 2005.        
  Я20 Қ17 Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздiгi.- Алматы: РБК, 2005.- 185б        
  Ч31я7 М 85   Мұханбетжанова Ә. Педагогиканың жалпы негіздері: Дәріс құралы / Ә. Мұханбетжанова, Ш. Мұқанбетова.- Орал, 2005.- 70бет.        
Электронды     29. Sanli, H; 106 Issue: 10 Pages: 93-   ANNALS OF OTOLOGY RHINOLOGY AND LARYNGOLOGY Volume: 106 Issue: 10 Pages: 93-96 Published: OCT -2000 79. Baker, A.A;.Visual acuity in preschool children. 7196 Pages: 237-2 Issue: Published: 2001-Jul-29.          
Шығыс материалдары   Ч31я73 П44 Педагогический энциклопедический словарь. М., 2006.        
  Ч31я73 П44 Образование и наука. Энциклопедический словарь. А., 2008.        
  Ч31я73 П86 Психология: Словарь / Под общ. ред. А.Петровского и М.Ярошевского.- 2-е изд. испр. и доп.- Москва: Политиздат, 2000.- 494с.        
                         

Дәрістер кешені

І Модуль. Үздіксіз білім беру контекстіндегі қазіргі білім беру және жеке тұлға

1 дәріс тақырыбы: Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайлардағы білім берудің ролі мен ерекшеліктері

Жоспары:

1Білім берудің жалпы сипаттамасы.

2.Білім беру қоғамдық құбылыс ретінде.

3.Білім беру үдеріс және нәтиже.

4.Қазіргі білім беру парадигмасы.

5.Білім беру саласындағы өзгерістерге әсер ететін факторлар.

6.Қазіргі кездегі орта білім берудің дамуындағы негізгі тенденциялар.

Негізгі ұғымдар: білім беру,білім беру парадигмасы, жаһандық білім беру, дүниежүзілік білім беру кеңістігі, білім беруді дамытудағы тенден-циялар.

Бүгінгі ғылыми – техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына мүлдем жаңа міндет қойып отыр. Ол өз жұмыс орнында және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын орындаушылық тұлғасын қалыптастыру болғандықтан, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Еліміз ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ол жас ұрпақ тағдыры ұстаздардың қолында» деп, жас ұрпақ бағбандарының алдына зор міндет қойды.

Қазіргі кезеңдегі психологиялық педагогикалық әдебиеттер ғылыми-технолгиялық процестің жетістіктері мен білім беру саласына «жаңа компьютерлік технологияларды» енгізумен бірге келген «технология» деген ұғым жиі кездеседі, ғылымда арнаулы технологиялық бағыт пайда болды. Бұл бағыт 20 ғасырдың 60- жалдарында АҚШ және Англияда пайда болды және қазіргі уақытта практика жүзінде барлық дүниежүзі елдеріне тарады.

Барлық жасалған және қазіргі күнде адамның қолданылып жүрген технологияларды екі түрге бөлуге болады: өндірістік және әлеуметтік.

Өндірістік технология табиғат шикізатын қайта өңдей технологиясы. Бұл жағдайда технология деп- бастапқы материалды өнім шығуында белгілі бір алдын-ала берілген қажеттерді бөліп алу мақсатымен қайта өңдеу процесі деп атайды.

Әлеуметтік технологияда соңғы нәтижеге ие болатын адам және бастапқы нәтижеге де ие болатын адам. Негізгі оның көрсеткіші өзгеріп тұратын бір немесе бірнеше оның қсиеттері болады

Әлеуметтік технология бұл өте жоғары деңгейдегі ұйымдастырылған технология деге болады. Себебі: адам әлеуметтік технологияның обьектісі, ал ол өте тым көп жақтылы жүйе. Педагогикалық іс әрекет саласына «техноло-

гия» деген сөздікті енгізу (Ф.Б. Гильбрейт, Ф.У.Тейлор т.б.) есімдерімен байланысты. Білім беру саласындағы педагогикалық технологияның басқа бағыттары мен оқу материалын талдау техникасын, мұғалім мен оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыруды іздестіруде Т.А. Ильинаның есімімен байланысты.

«Технология» деген термин гректің «techne» - өнер, шеберлік, кәсіп және loqos – ғылым, білім деген сөздеріне шыққан. Екі түп тамырдың бірлігі шеберлік туралы ғылым деген сөзді құрайды.

Қазіргі уақытта «педагогикалық технология»ұғымы әртүрлі түсіндіріледі. Көп тараған анықтама В.П. Беспалько ұсынған: ол педагогикалық технология оқу мен тәрбие процестерінің еске түсіру барысында қолданған құралдар мен әдістер жиынтығы, олар біліім мақсатын тиімді жүзеге аысруға мүмкіндік береді. Педагогикалық технология қол жеткен жетістіктерді сатылы өлшеу мен қорытынды бағалаудың мүмкіншілігін жеткілікті дәрежеде сақтайтын мақсаттары мен тапсырылған оларға сәйкес ғылыми жобалардың болуын қалайды.

Дәстүрлі оқыту технологияларының әдістерін екі келесі топтарға жатқызуға болады:Иллютративті- түсіндіру әдістері (лекция, баяндау, әңгімелесу, тәжірибелерді көрсету, еңбек операциялары, экскурциялар және т.б.); Мұғалім түсіндіреді және оқу материалын көрнекті түрде көрсетеді.

Репродуктивтік әдіс: мұғалім білімді, іс-әрекет тәсілдерін, тапсырмаларды шешуді тәжірибелерді елестету үшін тапсырмалар құрастырады, оқып үйренуші оқу материалдарын белсенді еске түсіреді.

Қазіргі жаңа педагогикалық технологияларға компьютерлік оқыту технологиясы, сауаттылыққа ерте оқыту және интенсивті оқыту технологиялары, дамытуды жетілдіретін оқу технологиялары, творчесволықты дамытатын оқыту технологиялары т.б. жатады.

Педагогикалық іс-әрекет – кәсіби іс-әрекет, оның мазмұны оқушыларды оқыту, тәрбиелеу, білім беру, дамыту.

Педагогикалық іс-әрекеттің ең маңызды қасиеттерінің бірі – бұл іс-әрекетте педагогтың өзін-өзі шыңдауы мен оқытуды өзгертуге бағытталған білімділігі, тәртіптілігі, дамытуы.

Қазақстан Республикасында нәтижеге бағытталған білім беру 2015 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасы шеңберінде орта білім берудің мемлекеттік жүйесіне енгізілген үлгі ретінде 2003 жылы пайда болды. Бұл құжатқа сәйкес, бірінші кезеңде нәтижеге бағытталған білім беру үлгісін жасау және сынақтан өткізу мәселесі шешіледі. Онда былай деп атап көрсетілген:

«Мұндай үлгі жасау үшін төмендегідей шаралар қабылданады:

1. Күтілетін нәтиже түріндегі білім беру мақсаттарының жүйесін әзірлеу; ол үш деңгейден тұруы тиіс:

а) ұлттық деңгей: оқыту нәтижесінде қоғам қандай адамды және азаматты қалыптастырып шығарғысы келеді.Қазақстан үшін білім берудің ұлттық мақсаттары бірнеше кең көлемдегі базалық біліктер: үш тілділік, еуразиялық көп мәдениеттілік, қатысымдылық, технократтық және т.б. болуы мүмкін;

ә) кең көлемдегі білім салаларының деңгейі, мұнда ұлттық мақсаттар түйінді біліктер түрінде нақтылануы тиіс;

б) білім беру пәндерінің деңгейі.

2. Сыртқы ағымды және қорытынды бағалау жүйесін құру. Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі кешенді емтихандар арқылы бағалауға, білім алушылар мен білім беру ұйымдарының даму динамикасын қадағалау үшін білім сапасының маниторингін жүргізугі, білім сапасын тұрақты қадағалаудың кешенді жүйелерін құруға мүмкінік береді (олардың түйінді компоненттері оқушылардың оқудағы жетістіктері болып табылады). Алдымызда әлемдегі PISA, TIMSS сияқты білім беру жүйелерінің нақты жетістіктерінің салыстырмалы талдауына ену міндеті тұр.

3. Оқыту ұйымдарының қағидаларын, оқушы рөлін білім, іскерлік,дағдыны енжар «алушыдан» білім үдерісінің белсенді танушы субъектісіне өзгерту.

4. Орта білім берудегікүтілетін нәтижелердіжәне мониторинг мәліметтері негізінде оларға жету жолдарын талдау үрдісіне барша қауымды қатыстыру жүйесін құру».

Екінші кезеңде «мемлкеттік жалпыға міндетті стандарттарды нәтижеге бағытталған ұлттық куррикулумдарға өзгерту» күтілуде.

Білім беру жүйесін дамытудың бұл бағыты Қазақстан Республикасында әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу шеңберінде және әлем тәжірибесін зерделеу негізінде қабылданады. Білім академиясының, мұғалімдер даярлайтын жоғарғы оқу орындарының ғылыми қызметкерлері, білім беру ісін басқару органдарының өкілдері нәтижеге бағыттай оқыту үлгісімен «Сорос - Қазақстан» қорының «Өзгеріп жатқан әлем жағдайында жалпы орта білім берудің ұлттық стандартын дамыту» жобасының семинар – тренингтерінде таныса бастады. Бірқатар дамыған елдердің сарапшылары әлемнің білім беру тәжірибесінде осы үлгінің өріс алуы туралы мәліметтер берді.

Білім беру мазмұнын ұйымдастырудың Қазақстан үшін жаңа тәсілінің дәстүрлерден айырмашылығын сипаттай отырып, Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының вице – президенті, педагогика ғылымдарының докторы М.Ж. Жадрина ең алдымен білім беру мазмұнын құрылымдаудың объектісі бұрынғы оқу материалының құрамы мен көлемінің орынына енді оықту нәтижелері болатынын баса атап көрсетеді. Ұлттық стандарттар әрбір пән әрбір сынып бойынша білім мазмұынын жеке – жеке сипаттау арқылы оған «енуді» емес, күтілетін нәтижелерді сипаттау арқылы «шығуды» реттей бастайды.

2 дәріс тақырыбыс: Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі

Жоспары:

1.Білім беру жүйесі туралы түсінік.

2.ҚР білім беру жүйесінің заңнамалық негіздері.

3. ҚР білім беру жүйесінің саясаты, және құрылымы.

4.12 жылдық орта білім беру моделі.

5. 2011-2020 аралығындағы 12 жылдық орта білім беру моделін жүзеге асыру туралы мемлекеттік бағдарлама.

Негізгі түсініктер: білім беру жүйесі, білім беру жүйесінің құрылымы, жалпы орта білім беру, инклюзивті білім беру, тұлғаның интеллектуалдық әулеті,функционалдық сауаттылық.

Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі.

«Білім беру –бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі»

Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздың ұлттық дәстүр салтына, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады. Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері:

-жеке адамның рухани күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру,әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;

-азаматтықты, үйелменнің, халықтың,қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның құқылары мен міндеттеріін ұғынуды, сондай –ақ Республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және сяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу;

-Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау;

-жеке адамның шығармашылық қабілеттері және эстетеикалық тәрбие беруді дамыту;

-қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып-үйрену үшін жағдайлар жасау.

Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерін жүзеге асыру білім берудің мемлекеттік саясат принциптеріне тәуелді. Қазақстан Республикасының Заңы бойынша мына мемлекеттік принциптер басшылыққа алынады:

1. Қазақстан Республикасы барлық азаматтының білім алу құқықтарының теңдігі.

2. Білім беру мемлекеттік стандарттары шегінде білім беру қызметтерінің теңдігі.

3. Меншік түрлері, қызмет ету бағыттары, тәрбие беру мен оқыту түрлері бойынша білім беру мекемелерінің әртүрлі болуы.

4. Білім беру процесінің осы саладағы сатылардың сабақтастығын қамтамасыз ететін үздіксіздігі.

Қазақстан Республикасындағы орта білімді дамыту концепциясы маңызды нормативтік құжат болып табылады.Онда білім беру саласынның жағдайына сыни тұрғыда баға берілген. Концепция білімберудің басты үш мақсатын: (шығармашылық, дүниеге көзқарас, терең білім) алға қояды.

Концепция еліміздегі білім беру жүйесінің одан ары дамуын қарастырады. Бұл қадамдағы бағытты 2000 жылдың қыркүйегінде еліміздің Президенті бекіткен мемлекеттік «Білім» бағдарламасы көрсетеді. Ұл бағдарлама: оқушы жастардың сапалы білім алуға ұмтылуын; оқу-әдістемелік құралдар мен оқу құралдарды жетілдіру; білім беру саласының қызметкерлері мен оқушы жастарды әлеуметтік қоғауды күшейту; мұғалімдедің жалақысын көтеруарқылы әлеуметтік ролі мен беделін жоғарылату.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ 2011-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың “Жаңа онжылдық –жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндеттерді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарламасының жобасы) әзірледі.

Бұл жоба Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген төрт басым мемлекеттік бағдарламалардың бірі болып табылады.

Мемлекеттік бағдарлама жобасының мақсаты – экономикалық өсім және азаматтардың әл-ауқатының тұрақты дамуын қамтамасыз етуіне білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адами капиталды дамыту үшін оны түбегейлі жаңғырту.

Мектеп – қазіргі жеке тұлғаның, келешек ұрпақтың рухани жаңарып – жандаудың қайнар көзі. Қазақтың кемел ақыны М.Жұмабаев мектеп жайлы кезінде: “Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, сау, берік һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады. Сондай негізде құра алмасақ, Мұхтар Әуезов: “Ұлт пен ұлтты, ел мен елді теңестіретін бір-ақ нәрсе – білім” деген екен. Бұл сөз жалғыз Мұхтардың ғана үні емес, сонау ХІХ ғасырдың басында ұлттың ұстазы болған Ахметтің, жалын мен жігері жанған Міржақып сияқты ел ертеңін ойлаған ерлердің ұлы мұраты еді. Олар осы ізгі мақсат жолында ұлы істер тындырды.

Қазір қазақ мектептерінде ұлттық салт-дәстүр, тәлім-тәрбиені оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану мәселелеріне назар аударыла бастады. Оқыту, білім берудің отандық және шетелдік озық технологияларын игеру мүмкіндіктері қарастырылуда.

12 жылдық білім 3 сатыдан тұрады. Бірінші – бастауыш (1-4 сыныптар) сыныптардың педагогтары олардың оқуға деген ынтасын арттыруға көп көңіл бөледі, екінші – (5-10) сыныптар оқушылардың базалық білімін анықтап, қа-рым-қатынас мәдениетін, ғылыми әдістерді түсінуге баулу, ал үшінші – (11-12 сыныптар) болашақ мамандық таңдауды негізге алады. Бұлардан басқа да то-лықтыратын, өзгертетін проблемалар, 12 жылдық оқуға ауысудың басқа да әдістерін табу мәселелері толып жатыр. Осы іспеттес тапсырма дәл осы мақ-сатта арнайы құрылған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлі-гінің «12-жылдық білім мәселелерінің Республикалық ғылыми - тәжірибелік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның құзырына берілген.

3 дәріс тақырыбы: Қазіргі қоғамдағы болашақ мұғалім тұлғасы және оның проблемалары

Жоспар:

1. Жеке тұлға ғылыми категория ретінде.

2. Жеке тұлға ұғымына педагогика, психология, философия тұрғысынан түсініктеме.

3. Жеке тұлғаның психологиялық-педагогикалық сипаттамасы, жеке тұлға компоненттері.

4. Педагогтық кәсіпке деген қызығушылық, оның кәсіби өзін-өзі жетілдіруіндегі жетекші мотивтер ретінде

5.Тұтас педагогикалық үдерістегі тұлға аралық қатынастар

.

Негізгі ұғымдар: тұлға, индивид, даралық, болашақ мұғалім тұлғасы, тұлға аралық қатынастар, іс-әрекет обьектісі мен субьектісі.

Жеке тұлға-бұл интегративті және жүйе, әлдебір ыдырамайтын тұтастық. Алайда, жеке тұлғаны зерттеумен айналысатын ғалымдар бұл тұтастықтың «өзегі» бар деп мойындайды.Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері-оның саналылығы, жауап-кершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және спецификалық көрініс табуы арқылы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда «адам тұлға» деген ұғымдардың қатары «даралық» деген ұғыммен толықтырылуы қажет.

Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа Концепциясы қабылданып, әлемдік білім беру деңгейіне жетуге бағыт алуда. Әрбір мектеп бітіруші өз білім сапасын мектеп қабырғасында анықтауға мүмкіндік алды,бұл қоғам талабынан туындап, саннан сапаға көшудің философиялық түсінігін айқындайды.Н.Ә.Назарбаевтың тапсырысымен ҚР министрлігі тарапынан өте қырағылық көзқарас, бақылау бар,ол дұрыс. Осы кезге дейін мектепті бітірушілер өздерін танып білмей, өз шамасын анықтамай жоғары оқу орындарында оқуды мақсат етті. Бұл елімізде саны көп, сапасы төмен кадрлардың көбеюіне әкеліп соқты. Сол себепті де, білімі мектепте төмен болған оқушы жоғары оқу орнына оқуға түскенмен де үлгеге алмай жатады. Осындай келеңсіз мәселелер болашақ педагог кадрларды сапалы түрде даярлауға кесірін тигізеді. Осы орайда мектеп жұмысын дамыту және де осы жаңа типті мектептерде жұмыс істейтін педагог кадрларды даярлауды ұйымдастырудың жолдары мен бағыттары ҚР Конституциясында “ Білім туралы “, “ Жоғары білім туралы” заңдарда, білім саласындағы мем-лекеттік саясаттың Концепциясында және де басқа нормативтік құқықтық құжаттарда баянды етілген және “ Қазақстан – 2030 “ даму стратегиясында өте тығыз байланыста көрсетілген.

Тәрбиенің негізгі мақсаты-қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның даму мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп апектілі және әртүрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады.

Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э.Роттердамский, Я.А. Коменский, К.А. Гельвиций, Д.Дидро, А.Дистерверг, Д.Ушинский, В.Г. Белинский, Н.Г. Чернышевский, К.Маркс, Ф.Энгельс, З.Фрейд, Д.Дьюи, Э.Торндайк, Н.К. Крупская, П.П.Блонский, А.С. Макаренко т.б.).

Психологияда «жеке тұлға» деген ұғымның әртүрлі түсіндімелері бар, бірақ олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі; жеке тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі-оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінезқұлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуының деңгейі, қажеттіліктер, мақсат-мүдделер).

«Даралық» ұғым бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны басқа бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық мен қайталанбас қасиет беретін жалпы мен жекеден тұрады.Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым – «индивид».Бұл сөз латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы-«жекелік».Әрбір адам индивид болып табылады.Даму табиғатқа, қоғамға және әрбір жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып танылады. Даму дегеніміз-төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарай қозғалыс; сатылай эволюциялық ауысу немесе революциялық секіріс түрінде жүзеге асатын жоғары сапалы күйге қарай спиральды өрлеу процесі.Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен соң дене жағынан үлкейеді, яғни оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі өседі. Жеке тұлға ретінде дамуындағы ең бастысы-оның бойында болып жатқан өзгерістер.Сондықтан, даму дегеніміз адамның анатомиялық-физиологиялық жетілуіндегі, оның жүйке жүйесі мен пихиканың дамуындағы, сондай-ақ танымдық және шығармашылық іс-әрекетіндегі, оның дүниетанымы, өнегелілігі, қоғамдық-саяси қөзқарасты мен сенімдерінің кеңеюіндегі орын алатын сандық және сапалық өзгерістердің өзара тығыз байланысты процесі деп түсіну дұрыс.

  Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына ықпал етуші факторлар  
  Әлеуметтік орта   Биологиялық фактор   Тәрбие
  Пайыздық мөлшерін көрсетіңіз (100%)  

Тұлғаның жалпы мәдениетінің түп-тамыры – білімділік пен тәрбиеліліктің гормониялық сәйкестігінде. Білімділігі деп отырғанымыз - әлемнің тұтас бейнесін беретін қыры, ал, тәрбиелілігі – еңбекте, күнделікті өмірде қоршаған ортаға гумандық көзқараста болуы.

Педагогиканың жалпы дамуы оның танымдық көрсеткіштерінің деңгейлеріне байланысты: ойлау, көңіл бөлу, қабылдау, еске алу, қиял. Көп жағдайларда кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелілігі эмоционалды ерік күш-жігерінің, сезім байлығының дамуына, яғни, өзін-өзі тежей алу, көңіл-күйіне қарай икемделуі, ішкі дауысына құлақ асуы. Эмоционалды мәдениеттілігі жоғары адамның бойында оқу-тәрбие жағдайында қажет болатын жан-тәні мен эмпатиясына байланысты арнайы зерттеулер мынаны көрсетеді: қимылдағыштық, қарым-қатынас жасағыштық, өз бетінділік, оптимистілік, дидактикалық және тәрбие міндеттерін дұрыс шеше алуға көмегін тигізеді. Керісінше, апатия, тұйықтылық, өмірдегі жағымсыз нәрселерге бой ұрғыштық – педагогикалық іс-әрекетке кәсіби дайын еместігін көрсетеді.

Осылардың бәрін жүзеге асыратын мұғалім, оқытушы, тәрбиеші. Мұғалім мамандығын мәңгілік деп атайды. Адам өзі өмір сүргеннен бері әрдайым оқып-үйренуге, өз тәжірибесін жас ұрпаққа таратуға, өмір тәжірибесін саналы, мақсаткерлікпен меңгеруге талпынады.

Мәдениеттілік туралы сөз еткенде, тоқтап қалатын процесс емес, әрдайым қимыл іс-әрекетте, қозғалыста болатын рухани және ішкі бай құндылықтарды бейнелейтін процесс ретінде көрсетеді және жалпы шығармашыл қабілеттері мен білімдері – интеллектуалдық (ақыл-ой), көркем әдеби, техникалық, әлеуметтік (ұйымдастырушылық, басқарушылық) болуы керек. Ересектерді де, балаларды да бірыңғай пайдалы іске жұмылдыру үшін педагог жеке тұлғалық қасиеттері басым, өмірдегі әртүрлі салалар бойынша дарыны болуы керек.

4 дәріс тақырыбы: Үздіксіз білім беру жеке тұлғаны дамытудың шарты ретінде

Жоспары:

1. «Үздіксіз білім беру» ұғымының мәні.

2. Үздіксіз білім беру-білім алуға қол жетерлікті қамтамасыз ететін үдеріс ретінде.

3. Білім, білік, дағды және танымдық іс-әрекет-жеке тұлғаның үздіксіз білім алуға даярлығының қалыптасуының негізгі шарты ретінде: мотивациялық, когнитивтік, іс-әрекеттік компоненттері.

4.Педагогтың кәсіби іс-әрекетіндегі үздіксіз білім берудің мәні.

5. Үздіксіз білім алуға даярлығын қалыптастыру үдерісіндегі студенттің тұлғалық ұстанымы.

Негізгі ұғымдар: үздіксіз білім беру, тұлғаның үздіксіз білім алуға даярлығы, үздіксіз білім беру жүйесі.

Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа Концепциясы қабылданып, әлемдік білім беру деңгейіне жетуге бағыт алуда. Әрбір мектеп бітіруші өз білім сапасын мектеп қабырғасында анықтауға мүмкіндік алды,бұл қоғам талабынан туындап, саннан сапаға көшудің философиялық түсінігін айқындайды.Н.Ә.Назарбаевтың тапсырысымен ҚР министрлігі тарапынан өте қырағылық көзқарас, бақылау бар,ол дұрыс. Осы кезге дейін мектепті бітірушілер өздерін танып білмей, өз шамасын анықтамай жоғары оқу орындарында оқуды мақсат етті. Бұл елімізде саны көп, сапасы төмен кадрлардың көбеюіне әкеліп соқты. Осы орайда мектеп жұмысын дамыту және де осы жаңа типті мектептерде жұмыс істейтін педагог кадрларды даярлауды ұйымдастырудың жолдары мен бағыттары ҚР Конституциясында “Білім туралы“, “Жоғары білім туралы” заңдарда, білім саласындағы мем-лекеттік саясаттың Концепциясында және де басқа нормативтік құқықтық құжаттарда баянды етілген және “ Қазақстан – 2030 “ даму стратегиясында өте тығыз байланыста көрсетілген.

Мемлекеттік білім стандартын іске асыруда мұғалімдерді кәсіби қызметке даярлау жөніндегі жалпы түсініктерге үңілсек, кәсіби білім беру алдында қашанда мынадай міндеттер тұр: ол, қандай мұғалім керек және ол үшін не істеу керек. Бұл өте маңызды мәселелердің бірі.

Қоғамда болып жатқан түрлі өзгерістер (нарықтық, экономика заңдылықтары, адамдардың осы заманға сай болам дегені, осыған байланысты әр түрлі қызметі т.б.) мұғалімдерді даярлауға қойылатын талаптар – білім мазмұнын өзгерту, жаңа оқу- тәрбие жұмысының технологияларын жаңарту – көкейкесті мәселенің бірі.

Педагогикалық әдебиеттерді зерттеу барысында осы мәселе төңірегінде Ресей оқу орындарында мол тәжірибе жинақталған. Ол белгілі психологтарымыз А.А. Смирнов, А.Н. Леонтьев, А.А. Давыдов, педагог – дидактар Б.П.Есипов, А.Данилов, Л.В.Занков, М.Н. Скаткин т.б. еңбектерінде нақты көрсетілген. Онда педагог кадрларды шығармашылыққа баулу - болашақ мамандарды кәсіби мамандыққа даярлау құралы болып отыр,атап айтсақ, ол, жаңа мектептер құрылысы, жаңа технологияны енгізу, пайдалану, қоғамның сұранысын қанағаттандыру.

Бірыңғай білім кеңістігінің қалыптасуы тек мектептік стандарт қана емес, жоғары мектеп стандартын жасау мен ендіруді талап етеді. Бұл құжат адамға ең аз мөлшерде қажетті мемелекеттік және қоғамдық талаптар ретінде педагогикалық қызметпен кәсіби шұғылдануға мүмкіндік беретін өлкелік шарт ретінде де, нормативті акт ретінде де қажет.

Қазіргі кезде білім бакалавры, мұғалім (педагог), білім магистрі деген мамандық дәрежелеріне сәйкес кәсіби мамандықтың үш деңгейін ұйымдастыру болып түсіндіріледі. Осы оқу жылынан бастап (2002 – 2003ж) Қазақстан Республикасы толығымен осы жүйеге көшу үстінде.

Жоғары мектептерде студент оқу – тәрбие процесінің обьектісі, әрі субьектісі болғандықтан, оның әлеуметтану және психологиялық ерекшеліктерін, талабы мен тілектерін жете білмейінше, қазіргі замандағы маман кадрларды ойдағыдай даярлау мүмкін емес, өйткені, кәсіби маман болу үшін, әр адам өз мүмкіндіктерін толығымен пайдалану керек.

Бұл мәселе білім беру аймағында қарастырылып жатқан әлеуметтік – экономикалық шарттардың бірі. Осы шарттардың, әсіресе, педагог мамандарын даярлау үшін маңызы зор. Өйткені, болашақ ұстаздың бойында мұғалімге тән жоғары адамгершілік қасиеттер мен мінез-құлық студенттік шақтан қалыптасады, сондықтан, алуан білімді, білік пен дағдыға айналдыру керек. Қазіргі кезде Қазақстанда болып жатқан өнді-рістік қатынастардың түбірлі өзгерістері «нарық экономикасы жағда-йында жұмыс істейтін жоғары білікті мамандар» даярлауды қажет етеді, әрі мамандық деңгейін жетілдіруге жаңа, биік талаптар қояды, және де әр маман кіші, орта бизнес иесі.

Педагог кадрлар даярлығы қоғам дамуының кай кезеңінде болса да көкейкесті мәселе болып келді, өйткені дамудың қай сатысында болма-сын әлеуметтік - экономикалық міндеттер өзгеріп,өз кезегінде жас ұр-пақты қоғамдық өмірге дайындау мәселесіне де жаңаша талаптар қойы-лып отырады. Осындай мәселелердің бәрі педагог кадрдың кәсіби білімі жүйесіндегі әртүрлі өзгерістердің қажеттілігін тудырады, осыған орай педагогикалық білім жүйесінде жаңаша көзқарастар пайда болады. Аса маңызды мәселе қоғам талап етіп отырған педагогикалық ықпалдарды педагог кадрдың түсінігінде өз қызметінде еске алып, жаңаша педаго-гикалық, кәсіби тәжірибе жинақтау. Оқушы мен мұғалім, тәрбиеленуші мен тәрбиеші арасындағы өзара педагогикалық іс-әрекеттер, әсерлер,ықпалдар қалыптасқан, жүйелі пікірлер ертеден – ақ озық ойлы ағартушылардың еңбектерінде көрініс тапты, өйткені олардың бәрі озық кәсіби тәжірибенің қалыптасуына, танымдық процестерді арттыруға, негізінен субьекттердің қызметінің деңгейін арттыруға бағытталған. Сондықтан да, біз педагог кадрдың кәсіби даярлығы мәселелерін ағарту-шы, ғалым – педагогтардың көзқарастарын ескере отырып, сабақтастық принциптерінің талабына сай жаңаша бағдарлама құрастырылып, іс-тәжірибеде пайдаланамыз. Тағы да бір айта кететін жағдай, ол болашақ мұғалімдердің ішкі сұраныстарын, көзқарастарын ескеру, мұғалімнің жаңа мектептің талабына сай моделін жасау.

Бәрімізге мәлім, ұлы чех халқының ағартушысы, демократ – педагогы Ян Амос Коменский жаңа заман педагогикасының ерекшелігіне: оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттарын, принциптерін, әдістерін, педагогтың шеберлігіне, жеке тұлғасын, оның іс-әрекеттегі ролін енгізіп, аса зор көңіл бөлді. Ғалымдардың пайымдауынша, педагогтың оқыту мен тәрбиелеудегі шығармашылығы, біліктілігі, шеберлігі- оқушылар бойында оқуға, танымға деген құштарлықты оята алуы, біліктілік пен дағдыны қалыптастыруы өте маңызды мәселе.

Бүгінгі қоғам талабына жүгінсек педагог гуманизация талаптарына сай, балаларды ерекше қасиетімен,қабілетімен, адамгершілік ықыласымен баурап ала алса, онда оның еңбегі нәтиже берері сөзсіз, бірақ бұл қасиет бар-лық педагог маманның қолынан келе ме, осы мәселе біздерді көп толған-дырады, сондықтан әрбір педагог, мұғалім өзін-өзі тәрбиелеуі, өзін-өзі жетілдіруі қажет деп санаймыз.

II Модуль. Педагогикалық мамандық және педагог тұлғасы

5 дәріс тақырыбы: Педагогикалық кәсіптің жалпы сипаттамасы Жоспар:

1. Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және қалыптасуы.

2. Мұғалім еңбегінің профессиограммасы-мұғалім тұлғасының моделі.

3. Педагогикалық іс-әрекеттің кәсіби стандарты педагогтың білімі, білігі, іскерлігі және тұлғалық қасиеттеріне қойылатын талаптар жүйесі.

4.ҚР-ғы педагогикалық білім беруді модернизациялау.

Негізгі ұғымдар: педагогикалық кәсіп,квалификациялық сипаттама, про-фессиограмма, кәсіби стандарт, нормативтік құжаттар.

Мұғалім мамандығын мәңгілік деп атайды. Адам баласы өмір сүріп отырған кезеңдерден бері әр дайым оқып-білуге, өз тәжірибесін жас ұрпаққа таратуға - өмір тәжірибесін саналы, мақсаткерлік тұрғыда меңгертуге талпынады.

Жастар тәлімгері, әдетте, біршама көп білетін, әрі құрметті адамдар болады. Осыдан 300 жыл бұрын өмір сүрген, ғылыми педагогиканың негізін қалаушы, славяндық ұлы педагог Ян Амос Коменский мұғалімдерге “ең тамаша міндет жүктелген, күн астында одан жоғару тұрған ешнәрсе жоқ” деп жазады. Орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский мұғалім мамандығын былайша бағалады: “Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істәң бірі”. В.Г.Белинский былай дейді: “Мұғалімдік мамандықтың тәрбиелік мәртебесі қаншалықты маңызды, ұлы, әрі қастырлі десеңізші: оның қолында адам өмірінің тұтас тағдыры тұр”.

Мұғалім еңбегінің ерекшелігі неде? Бұл ерекшелік сірә, мұғалімнің адам баласымен жұмыс істейтіндігінде болар? Бірақ басқа мамандық иелері де: юристер, дәрігерлер, әртістерде … адамдармен қарым-қатынаста болады. Педагогикалық мамандықтың ерекшелігі мұғалімдердің қоғамдағы орнына қарай анықталады.

Мұғалім – қоғам мен өскелең ұрпақ арасындағы сарапшы. Адамзат көп ғасырлық тарихында өте мол тәжірибе жинақтады. Жас ұрпақ үшін қоғам олардан және бұқаралық информация құралдары арқылы өздеріне қажетті ақпараттарды алады. Ал негізінен мұғалім арқылы оқушы жастардың санасына жеткізіледіг. А.С.Луначарскийдәң айтуынша, мұғалім балаларға өткен ата-бабамыздың ең таңдаулы тәжірибелерін, жақсы қасиеттерін беруі және ескінің сарқыншағын кемістік пен кеселді бермеуі тиіс. Мұғалім жас ұрпаққа білімді ғана емес, ғылыми-материалистік дүниетанымды,азаматтық позицияны қалыптастырады, рухани-адамгершілік тұрғысында тәрбиелейді.

Кәсіп – адамның дене және рухани күшінің шектеулі ғана саласы, еңбек іс-әрекетінің белгілі бір түрі.

Мамандық – берілген кәсіптің бір түрі.

Мысалы, кәсіп – мұғалім, мамандық – физика пәнінің мұғалімі.

Қазір ғылыми тілде мұғалім және педагог деген екі ұғым бар. Соңғы кезде педагог кеңірек ұғым деп жүр.

Профессограмма – мұғалімнің, оқытушының, сынып жетекшісінің, педагогтың идеалды үлгісі, эталоны, моделі.

Жіктеу:

Мұғалімнің атқаратын қызметін жіктеу:

- ақпараттық (ақпарат беру);

- дамытушылық (ойлауы, елестетуі, тілді дамыту);

- мобилдік (мобилизационная) (істің, тапсырманың, жаттығудың орындалуын қадағалау);

- қалыптастырушылық (сабақты, сыныптан тыс іс-әрекетті, әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар, өз бетімен жұмыс, т.б.);

- коммуникативті (ата-аналармен, басқа мұғалімдермен, әкімшілікпен, психологтармен, валеологтармен қарым-қатынас);

- ұйымдастырушылық (оқуышыларды, басқа мұғалімдерді, ата-аналарды, өзін, сабақты, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырады);

- зерттеушілік (жеке тұлға ретінде зерттеу);

Сынып жетекшісі, тәрбиешілердің атқаратын қызметтері:

- ұйымдастырушылық (сынып сағаттарын, сауалнамалар, экскурсия, т.б. ұйымдастыру);

- тәрбиелілік (оқушылардың қабілеттерін кез келген әдіспен тәрбиелеу, қалыптастыру, дамыту);

- ынталандыру (балалардың іс-әрекетін ынталандыру);

- құжаттармен жұмыс.

Мұғалім мамандығы – біздің еліміздегі ең көп тараған мамандықтың бірі. Соңғы жылдарыдың өзінде ғана біздің институтымыздан білім алып, өмірге мұғалімдік мамандық алып шыққан мұғалімдердің саны бірнеше мыңдап саналады. Мамандықтың бұқаралылығы оның маңыздылығын көрсетеді, дегенмен әрбәр мұғалімнен педагогикалық кәсіптің қоғамдық мәртебесін көтеру жөнінде айырықша қамқорлықты қажет етеді.

Мұғалім – бұл болашаққа ұмтылған адам. Оның қызметі адамды қалыптастыруға, солардың алдағы жағдайдың өзгеруіне қарай белсенділігін арттыруға бағытталған. Л.Н.Толстой былай деп жазды: болашаққа жарамды адамды тәрбиелеу үшін, оларды тамаша жетілген азамат етіп тәрбиелеу қажет – тек сонда ғана тәрбиеленуші өз ортасында өмір сүретін ұрпақтың лайықты мүшесі бола алады.

Мұғалім ең күрделі процесс – жеке адамды қалыптастыру процесін басқарады. Бұл процестің күрделілігі тәрбиеленушінің жеке өзінің үнемі өзгеріп тұратындығына байланысты. Бұл яғни оқушыға тек бір өлшеммен ғана қарауға болмайтындығын көрсетеді, жас ерекшеліктері қағидаларын үнемі есте ұстауды қажет етеді. Мұғалім қызметінің ерекшелігі сол, көптеген мамандықтар секілді педагогтің қолында өлшеуіш немесе басқалай проиборлар жоқ. Оның ең басты жұмысы – оқыту мен тәрбиелеу барысында пайда болған қарым-қатынасты басқару. Мұғалім көптеген нақты жағдайда қысқа уақыттың ішінде ең дұрыс педагогикалық шешімді таба білуі тиіс.

Түптеп келгенде қоғам мұғалімге ерекше жауапкершілік жүктейді. Әрбір мұғалім біздің еліміздің экономикасын жандандыру бағдарламасына өз үлесін қосуы тиіс. Оның міндеті шәкірттеріне әлем туралы ғылыми түсінікті айтуы, оқушыларды өз бетіне және творчестволвқпен ойлауға баулу, ғылыми таным тәсілін меңгерту, программалауды және компьютерлік техникамен жұмыс істеуге үйрету. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру мен еңбекшілердің творчестволвқ ынтасы ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге, экономикамызды көтеруге, халықтың тұрмыстық әл-ауқатын жақсатуға ықпал етеді. Оның қай-қайсысының да негізін мұғалім класта, оқу шеберханасында, оқушылардың өндірістік бригадаларында қалайды. Қазіргі таңдағы 12 жылдық білім беру бағдарламасының нәтижелі болуы да, қарапайым ауыл мұғалімнің қолында.

Мұғалім біздің үмітімізді және біздің қоғамымыздың болашағын – үйлесімді жеке басты тәрбиелейді. Мұғалім балаларға әлем мәдениетін таныстыра отырып, шын мәнінде, бақыт негізін қалайды.

6-дәріс тақырыбы: Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеті және оның тұлғасы

Жоспар:

1. Педагогикалық іс-әрекеттің мәні мен оны&


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: